Шарттың негізгі міндеті - заң шеңберінде адамдардың әрекетін реттеу



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
14-практикалық жұмыс
Шарт көне құқықтық құрылымның бірі. Шарттың ғасырлар бойы пайдаланылуы күқықтың икемді түрі екендігін көрсетеді, ол арқылы әртүрлі қоғамдық қатынастарды реттеуге болатындығы дәлелденген. Шарттың негізгі міндеті заң шеңберінде адамдардың әрекетін реттеу. Ал оларды бұзу заң талаптарын бүзушылықты білдіреді.
Шартты рим қүқығы үш түрлі мағынада: құқық қатынастарының туындауы ретінде; құқықтық қатынастың өзі ретінде; ең соңында тиісті құқықтық қатынастың нысаны ретінде қарастырады.
Шарт туралы мүндай кезқарастар нақты іс жүзінде Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде және басқа да елдердің азаматтық кодекстеріңде тәртіптелген.
Азаматтық кодекстің 378-бабына сәйкес екі немесе одан көп адамның азаматтық қщықтар мен міндеттерді белігілеу, өзгерту немесе тоқтату туралы келісімі шарт деп танылады.
Мұндай айқындама шарт мәмілені меңзейді. Соңдықтан да, осы баптыц 2-тармағы мәміле нормаларына мынадай сілтеме жасайды: "шартқа екі жақты және көп жақты мәмілелер туралы ережелер қолданылады". Сонымен бірге, "мәміле" ұғымы "шартқа" қарағанда кең, өйткені, мәміле бір жақты болуы мүмкін.
Шарттан туындайтын міндеттемелерге, Азаматтык кодекстің тиісті баптарында шарттардың кейбір түрлеріне арналған ережелерінде өзгеше көзделмегендіктен, міндеттемелер жөніндегі жалпы ережелер қолданылады. Мысалы, шарттлн (бірлескен қызмет туралы шарт, құрылтай шарты, авторлық шарт және басқалар) туындайтьш заттық, авторлық немесе өзге құқықтық қатынастарға, егер заңдардан, шарттан немесе құқықтық қатынастардың мәнінен өзгеше туындамаса, жалпы шарттардың ережелері қодданылады.
Шарт еркіндігі. Азаматтық заңның негізгі бастауларының бірі Азаматтық кодекс айқындаған шарт еркіндігі болып табылады (АК-тің 2-бабының 1-тармағы).
Азаматтық кодекстің 380-бабына сәйкес азаматтық кұкықтың субъектісі шарт жасауда еркін болады. Ол атап айтқанда: 1) шартты жасау не жасамау; 2) шарт бойынша серікті жақты тандау; 3) шартгың түрін тандау; 4) шартқа белгілі бір не басқа жағдайларды өзінін қалауынша енгізу
Тараптар зандарда көзделген шартты да, көзделмеген шартты да жасаса алады. Ең бастысы, ол заңға қайшы келмесе болғаны (АК-тің 380-бабының 2-тармағы).
2.ШАРТТЫҢ МАЗМҰНЫ
Шарттың мазмұны -- жасалған шарт жағдайларының жынтығы Жалпы ереже бойынша, тиісті шарттың мазмұны, заңдармен жазылған жағдайлардан басқасында, шарт ережелері тараптардьщ өз қалауы бойынша белгіленеді (АК-тің 382-бабының 1-тармағы).
Шарттың ережесі зандарға сәйкес қолданылатын нормамен көзделген реттерде, егер тараптардың келісімімен өзгеше (диспозитивтік норма) белгіленбесе, тараптар өздерінің келісімдерімен норманың қолданылуын жоя алады немесе сол нормада көзделгеннен өзгеше жағдайды белгілей алады.
Егер шарттың ережесін тараптар немесе диспозитивтік қалып белгілемеген болса, тиісті жағдайлар тараптардың қатынастарында қолданылатын іскерлік қызметтің өрісіндегі әдеттегі құқықтармен белгіленеді (АК-тің 382-бабының 2- және 3-тармақтары).
Азаматгық кодекстің 393-бабыньщ 1-тармағына сәйкес, тараптар арасында шарттың барлық елеулі ережелері бойынша тиісті жағдайларда талап етілетін нысанда келісімге қол жеткен кезде шарт жасалды деп есептеледі.
Елеулі шарттар болып табылатыңдар:
* шарттың мөні туралы ережелер;
* заң мен басқа нормативтік құжаттарда елеулі ретінде аталғандар;
* осы шарттың түрі үшін қажетті ережелер;
4 бір тарапгың мәлімдеуі бойьшша келісімге кол жеткізуге тиісті барлык ережелер (АК-тің 393-бабы).
3. ШАРТТЫҢ ТҮРЛЕРІ
Шарттың әрқилы болып келуі азаматтық құкықта оларды топтастыруға жол ашады. Шарттарды топтастыру олардың негізгі белгілеріне орай жүргізіледі (өзіне тән шарт белгілері).
Біржақты және екіжақты шарттар. Біржақты шарт деп бір жақта тек құқық, ал екіншісінде тек міндет болатын шартты түсінеміз.
Шарттарды біржақты және көпжақты деп бөлудің тәжірибелік маңызы зор. Азаматтык кодекстің 284-бабында тараптардың өзара міндеттерді орындауы және қарсы талаптары қарастырылған; өз міндетін орындатудан бас тартуға немесе тоқта-туға қарсы талап берген жақтың құқығы бар, оны ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сатып алу - сату шарты туралы
Кәсіпкерлік шарттар
Ұжымдық шарттың ұғымы және қағидалары
Шарттар туралы жалпы ережелер
Сатып алу-сатудың шартының элементтері
Шарттың түрлері
Шарттың елеулі ережелері
Құқық нысаны
Тапсырма шарты консенсуалды шарт
Сатып алу-сату шартының ұығымы және элементтері
Пәндер