Адам өліміне әкеп соғатын жеке тұлғаға қарсы қылмыстың сипаттамасы
Мазмұны
Кірспе
1 Адам өліміне әкеп соғатын жеке тұлғаға қарсы қылмыстың сипаттамасы 6
1 Адам өліміне әкеп соғатын адам ұрлау ретінде қылмысты сипаттайтын белгілері
6
1.2 Адам өлтірумен адам ұрлау бір.біріне байланыстылығымен басқа қылмыстан ажырату
17
1.3 Адам өліміне әкеп соғатын адам ұрлау туралы толық анықтамасы және осы қылмысты жан.жақты сипаттайтын түрлері
20
2
Адам өліміне әкеп соғатын жағдайда жасалған адам өлтіруге заңдық талдау 22
2.1 Адам өліміне әкеп соғатын адам ұрлау туралы өлтірудің объектісі 22
2.2 Адам өліміне әкеп соғатын адам ұрлау туралы өлтірудің объективтік жағы
25
2.3 Адам өліміне әкеп соғатын адам ұрлау өлтірудің туралы субъективтік жағы
28
2.4 Адам өліміне әкеп соғатын адам ұрлау туралы өлтірудің субъектісі 31
3 Қылмыстық саралау мәселелерінің криминологиялық аспектісі ретіндегі сипаттамасы 33
3.1 Қылмысты саралаудың түсінігі және қылмыс құрамының қылмысты саралаудағы маңызы 33
3.2 Адам өлтірудің криминологиялық аспекті ретінде объективтік қасиетін сипаттайтын және ауырлататын мән.жайлар
37
3.3 Адам өлтірудің субъективтік қасиетін және кінәлінің тұлғасын қылмыстық жағынан сипаттайтын және ауырлататын мән.жайлар
46
Қорытынды 53
Пайдаланған әдебиеттер 56
Қосымша А Жеке адамға қарсы қылмыстардың түрлері
58
Қосымша Б Кісі өлтіру
59
Қосымша В Кісі өлтірудің түрлері
60

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 56 бет
Таңдаулыға:
Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 56 бет
Таңдаулыға:
Мазмұны
Кірспе
3
1 Адам өліміне әкеп соғатын жеке тұлғаға қарсы қылмыстың 6
сипаттамасы
1 Адам өліміне әкеп соғатын адам ұрлау ретінде қылмысты
сипаттайтын белгілері 6
1.2 Адам өлтірумен адам ұрлау бір-біріне байланыстылығымен
басқа қылмыстан ажырату 17
1.3 Адам өліміне әкеп соғатын адам ұрлау туралы толық анықтамасы
және осы қылмысты жан-жақты сипаттайтын түрлері 20
2 Адам өліміне әкеп соғатын жағдайда жасалған адам өлтіруге заңдық22
талдау
2.1 Адам өліміне әкеп соғатын адам ұрлау туралы өлтірудің объектісі 22
2.2 Адам өліміне әкеп соғатын адам ұрлау туралы өлтірудің
объективтік жағы 25
2.3 Адам өліміне әкеп соғатын адам ұрлау өлтірудің туралы
субъективтік жағы 28
2.4 Адам өліміне әкеп соғатын адам ұрлау туралы өлтірудің 31
субъектісі
3 Қылмыстық саралау мәселелерінің криминологиялық 33
аспектісі ретіндегі сипаттамасы
3.1 Қылмысты саралаудың түсінігі және қылмыс құрамының қылмысты 33
саралаудағы маңызы
3.2 Адам өлтірудің криминологиялық аспекті ретінде объективтік
қасиетін сипаттайтын және ауырлататын мән-жайлар 37
3.3 Адам өлтірудің субъективтік қасиетін және кінәлінің тұлғасын
қылмыстық жағынан сипаттайтын және ауырлататын мән-жайлар 46
Қорытынды 53
Пайдаланған әдебиеттер 56
Қосымша А Жеке адамға қарсы қылмыстардың түрлері 58
Қосымша Б Кісі өлтіру 59
Қосымша В Кісі өлтірудің түрлері 60
Кіріспе
Диплом жұмысымның зерттеудің өзектілігі: Қазақстан Республикасының
ең қымбат қазынасы болып – адам және адамның өмірі, оның құқықтары,
бостандықтары. Адам және азаматтардың құқықтарын, бостандықтарын, өмірін,
қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті, бейбітшілік пен адамзаттың қауіпсіздігін
қорғау қылмыстардың алдын-алу болып табылады. Яғни осы құндылықтарды
қамтамасыз етіп және оларға қол сұғушылықтар болса, онда олар заң алдында
жауапкершілікке тартылады. Бұл заң Қазақстан Республикасының Қылмыстық
кодексінде көрсетілген. Қылмыстық кодекстің ерекше бөлімі жеке адамға қарсы
қылмыстардан басталады. Онда жеке адамның өміріне және денсаулығына қарсы
қылмыстарға жауаптылық көрсетіліп, оған қол сұққан жағдайда қоғамға қауіпті
екенін саралайды.
Өмір сүру құқығы – бұл ең басты, ең негізгі адам құқықтарының бірі.
Қылмыстық заң қасақана кісі өлтіруді ауырлататын жағдайда жасалған кісі
өлтіруге жатқызып, оған ең ауыр жаза ретінде “Өлім жазасын қолдануды” әділ
жаза ретінде көрсеткені дұрыс. Сондай-ақ қауіпті қылмыс ретінде адам
денсауығына зиян келтіру қылмысы да бар. Қасақана адам өміріне қаза
келтіру мен адам денсаулығына зиян келтіру мына келесі жағдайлардан
көрінеді.
- адам өміріне қарсы қылмыс – бұл, басқа адамның өміріне қасақана
қаза келтіруден орын алса;
- адам денсаулығына зиян келтіру – бұл абайсызда, қажетті қорғану кезінде
немесе аффекті кезінде шектен шығу кезінде қорғануда орын алады. Осы
қылмыс, яғни адам өміріне қарсы қылмыстар өз кезегінде объективтік және
субъективтік белгілерін қамтиды. Бұл адам өміріне қарсы қылмысты саралау
кезінде талап етіледі. Жауаптылыққа тартылған адамның қылмысын дұрыс
сараламайтын болсақ, онда бұл Қылмыстық заң мен Қылмыстық іс жүргізу
заңындағы жалпы қағидаларының бұзылуына әкеліп соғады. Мысалы ретінде
алсақ, қылмыскер яғни кісі өлтіруші берілген жазадан құтылып, ал керісінше
кінәсіз адам қатаң түрде сотталып, оған ешқандай ақталудың жолдары болмай
қалады. Міне өкінішке орай осындай жағдайлар сот тәжірибесінде кездеседі.
Қазіргі кезде Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотында осы
қылмыс категориясы сот тәжірибесінде талдаулар жасап, қылмыстық іс
жүргізуде. Яғни сот тәжірибесінде кісі өлтіруді саралау және олардың
ауырлататын немесе жеңілдететін жағдайлар туралы сұрақтар туындап, оларды
талдау ісі жүргізілуде. Кінәні мойындату субъективтік жақтың құрамынан
табылады. Қылмыс деп тану Қылмыстық Кодекстің 9-бабында былай көрсетілген:
“Осы Кодексте жазалау қатерімен тыйым салынған айыпты қоғамдық қауіпті
әрекет (іс-әрекет немесе әрекетсіздік) қылмыс деп танылады”. Сондай-ақ
Қылмыстық Кодекстің 19-23 баптарында да көрсетілген: “Адам соларға қатысты
өз кінәсі анықталған қоғамдық қауіпті әрекеті (іс-әрекет, әрекетсіздік)
және пайда болған қоғамдық қауіпті зардаптар үшін ғана қылмыстық жауапқа
тартылуға тиіс”. Ал объективті айыптауға, яғни кінәсіз зиян келтіргені үшін
қылмыстық жауаптылыққа жол бермейді. Қылмыскердің кінәсі тек қасақана және
абайсызда жасалғанда ғана кінәлі деп тануға болады.
Біздің мемлекетімізде қылмысқа мәжбүрлеу шаралары мен ескертулер
жасалады. Құқық бұзушылық қатынастарында заңның күшін дұрыс қолдану мен
мазмұнын дұрыс бекіту қылмыспен күресудің басты құралы. Сонымен қатар
мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалар мемлекетіміздегі заңдардың
орындалуын қатаң қадағалаулары керек. Мемлекетімізде азаматтардың жеке
құқықтарын қорғау басты мәселе болып табылады. Конституциясында былай
делінген: “Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес адам құқықтары
мен бостандықтары танылады және оларға кепілдік беріледі, өзінің құқықтары
мен бостандықтарын қажетті қорғау кезінде заңға қайшы келмейтіндей қорғауға
құқылы, заң мен сот алдында бәрі де тең, әркімнің жеке өміріне қол
сұғылмайтыны туралы” көрсетілген. Соттың шешімімен және прокурордың
санкциясынсыз ешкімді қамауға алмайды. Қылмыстық заң азаматтардың жеке
құқықтарын қорғауды қамтамасыз етеді. Соның ішінде адамның өміріне және
денсаулығына көп көңіл аударған. Кісі өлтіру – бұл басқа адамға құқыққа
қарсы қасақана қазақ келтіру. Яғни қасақана кісі өлтіру адам өміріне қарсы
қауіпті қылмыс. Конституцияның 18-бабында былай делінген: “азаматтардың
жеке өмірі заңмен қорғалады” деп.
Сонымен, дипломдық жұмыстың мақсаты “ҚР-ның Қылмыстық кодексі бойынша
адам өліміне әкеп соғатын адам ұрлау қылмыстық саралау мәселелері”
болғандықтан, біз осы тақырыптың мазмұнын ашу үшін көптеген мәселелерді
көтеріп, оларға терең, әрі толық зерттеулерді өз бетімізше жүргіземіз.
Яғни, кісі өлтірудің ең басты мәселесі болып, кісі ұрлаудың қылмыстық
мәселелерінің мазмұнын ашу, оның ұғымын терең ашып көрсету және толық
түрде түсініктеме беру болып табылады. Бұл қылмыс қасақана жасалады. Яғни
кісі өлтіру бұл қасақана басқа адамның өміріне қаза келтіру болып табылады.
Қасақана кісі өлтіру бұл қоғамға да қауіпті әрекеттердің бірі. Жауаптылықты
ауырлататын жағдайда адам өлтіру Қазақстан Республикасының Қылмыстық
кодексінің 96-бабының 2-тармағында түрлері көрсетілген, бұлар аса қауіпті
тудыратын мән-жайлар.
Соттардың жұмысындағы кемшіліктерді жою, олар азаматтардың өмірі мен
денсаулығына қарсы жасалған әрекеттері үшін белгіленген заңдарды біркелкі
қолдануын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Жоғарғы
Сотының Пленумының қаулысы бар. Бұл қаулыда жасалған қылмыстың барлық мән-
жайын жан-жақты, толық, әрі әділ зерттеу жөніндегі заң талаптары қасақана
кісі өлтіргендігі туралы істерді қараған кезде ерекше ескерілуі тиіс
делінеді. Себебі, одан айыптының әрекеті дұрыс бағалануы, ал қылмыстың
ауырлататын жағдайларды жасалғанда заң бойынша өлім жазасы қолданылатындығы
осыған байланысты екенін соттар назар аударуға тиіс. Яғни, Қазақстан
Республикасының Жоғарғы Сот Пленумының қаулысы жеке адамның өмірі мен
денсаулығына қарсы жасалған әрекетті немесе қылмысты саралау үшін үлкен
маңызды роль атқарады. Бұл үшін қылмыстың қылмыс құрамының белгілерін
дұрыс анықтап қылмысты саралау керек.
Қылмысты саралаудың қылмыстық заңнаманы жүзеге асырудағы маңызын
ашып жан-жақты зерттеу; Қылмысты саралаудағы кейбір теоретикалық
мәселелерге терең талдау жасай отырып олардың практикалық қолданысына баға
беру болып табылады. Сонымен қатар қылмысты саралаудағы қылмыс құрамының
маңыздылығын барынша толық ашып көрсету және қылмыстың жекелеген түрлерін
саралау барысында қылмыс құрамының жекелеген элементтерінің, олардың
белгілерінің қандай маңызға ие болатындығына толыққанды зерттеу жүргізу.
Сөйтіп, дипломдық жұмыс тақырыбын 3 тарауға бөліп қарастырамыз. Бұлай
бөлудың себебі, жауаптылықты ауырлататын жағдайда адам өлтіруді терең
зерттеу. Бұл қылмыстар қандай жағдайда, әрекетте, дәрежеде жасалатынын
анықтау. Оның қоғамға қандай қауіпті төндіретінін айқындау және жеке адам
өмірі үшін қандай қауіпті әкелетінін зерттеу, кісі өлтіру қылмысымен күресу
жолдарын іздестіру еді.
Сонымен, бірінші тарауда – адам өліміне әкеп соғатын адам ұрлау
ретінде жеке тұлғаға қарсы қылмысты сипаттайтын белгілерінің түсінігі деп
қарастырып және оны үш тармаққа бөлдік. Бұнда негізінен адам ұрлаумен басқа
қылмыстан ажырату жағдайда жасалған адам өлтірудің түсініктемесін беріп,
анықтамасымен осы қылмысты сипаттайтын белгілері жайында толық мәліметтер
береміз.
Ал екінші тарауда - адам өлтірудің заңдық талдау құрамы деп, оны
төрт тармаққа бөліп, яғни адам өлтірудің объективтік қасиетін сипаттайтын
мән-жайлар мен субъективтік қасиетін және кінәлінің тұлғасын сипаттайтын
ауырлататын мән-жайлар деп зерттеулер жүргіземіз. Өлтіруге заңдық талдаулар
деп және оны төрт тармаққа бөліп оларға да терең зерттеулер жүргіземіз.
Яғни қылмыстық заңға сүйене отырып, оған заңдық талдаулар жасаймыз. Осы
қымысты талдау кезінде оның объектісін, объективтік жағын және субъектісі,
субъективтік жағын қарастырамыз.
Үшінші тарауда – қыллмыстың саралау мәселелерінін криминалогиялық
адам өлтірудің сараланушы құрамы деп, оны үш тармаққа бөліп, яғни адам
өлтірудің криминалогиялық объективтік қасиетін сипаттайтын ауырлататын мән-
жайлар мен криминалогиялық субъективтік қасиетін және кінәлінің тұлғасын
сипаттайтын ауырлататын мән-жайлар деп зерттеулер жүргіземіз. Бұнда мен,
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодекстің 96-бабының 2-бөлігіндегі 13
қылмысты объектвтік және субъективтік қасиетіне байланысты бөліп зерттеу
жүргіземіз. Олардың қылмыстық дәрежеленуін анықтаймыз. Бұл кезде Қазақстан
Республикасының Жоғарғы Сотының қаулысын басшылыққа аламыз. Сонымен қатар
көптеген заң ғалымдарының әдебиеттерін қолданып, заң нормаларын
қарастырамыз.
Мінекей, жұмысты 3 үлкен тарауға бөліп, ондағы басты, әрі ең негізгі
мәселелерді көтереміз.
1 Адам өліміне әкеп соғатын адам ұрлау ретінде жеке тұлғаға
қарсы қылмыстың сипаттамасы
1.1 Адам өліміне әкеп соғатын адам ұрлау ретінде қылмысты
сипаттайтын белгілері
Жеке адамға қарсы қылмыстар қылмыстық құқық пәнінің ерекше
бөліміндегі қарастырылған қылмыстардың ең ауыр түрі болып саналады.
Адамның жеке басының жағдайы қоғам, мемлекет дамуының деңгейін білдіретін
көрсеткіш. Адамның өмірі, жеке басының бостандығы, қадір-қасиеттері
ешкімнің қол сұғуға болмайтын құқығы. Сондықтан, Қазақстан Республикасының
Конституциясы, басқада заңдар азаматтардың жеке басының бостандығын
қамтамасыз етуге ерекше назар аударуда. Әркімнің өмір сүруге құқығы бар,
ешкімнің өз бетінше адам өмірін қиюға қақысы жоқ. Өлім жазасы ерекше ауыр
қылмыс жасағаны үшін ең ауыр жаза ретінде заңмен белгіленеді. Ондай жазаға
кесілген адамға кешірім жасау туралы арыздану құқығыберіледі. Яғни бұл
Қазақстан Республикасы Конституциясының 15 бабында көрсетілген. Бұл
жарғысында азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын тану және мүлтіксіз
сақтау әр мемлекеттің ардақты міндеті екені жарияланған. Осы жарғы
бойынша әр мемлекет өз аймағында тұратын және өзінің қарауына жататын
барлық адамдардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етіп, қандай да
болсын алалаушылыққа жол бермеуі тиіc.[1,б. 9]
1948 ж БҰҰ-ның Бас Ассамблеясында адам құқықтары туралы жалпыға
бірдей Декларациясында адамдардың табиғи және ажырамас құқықтары мен
бостандықтары көрсетілген. Оларға төменде көрсетілген құқықтары мен
бостандықтарын көрсетіп кетуге болады:
Енді адам ұрлау кезінде ауыр дене жарақатының салдарынан абайсыздан
өлімге әкеп соғу қылмысын , абайсызда кісі өлтіруден ажыратайық.
- өмір сүру құқығы;
- бас бостандығы;
- құлшылықтан бостандық алу;
- азаптайтын, қадір-қасиетін қорлайтын немесе қатал іс-әрекеттер
мен жаза қолдануға тыйым салу;
- заң алдында теңдік;
- адамдардың жеке басының өміріне араласуға;
- ар-намысы мен қадір қасиетіне қол сұғуға тыйым салу;
- заңның көмегіне сүйенуге құқылы.
Демек, азаматтардың жеке басының бостандығын, ар-намысын қадірлеу,
құқықтарын қорғау барлық мемлекеттік органдардың, лауазым иелерінің
міндеті. Олар, яғни мемлекеттік органдар мен лауазым иелері азаматтардың
бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғауды мемлекет бекіткен заңдарды
қолдану арқылы жүзеге асырады.[2, б.10]
Қылмыстық заңның ең басты міндеттері болып табылады мына төмендегі
келесілер:
- қоғам мен мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделері;
- адам мен азаматтардың құқықтары, бостандықтары;
- бейбітшілік пен қауіпсіздік;
- меншікті, ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін қылмыстық қол
сұғушылықтан қорғау қылмыстық заңның ең бастысы
болып табылады.[3, б.21]
Сондықтан да, Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің ерекше
бөлімінің 1-тарауы жеке адамға қарсы қылмыстарға арналып отыр. Тікелей
объектісіне байланысты жеке адамға қарсы қылмыстар бірнеше түрге бөлінеді:
- адам өміріне қарсы қылмыстар;
- адам денсаулығына қарсы қылмыстар;
- адамның жыныс бостандығына қарсы қылмыстар;
- адамның бас остандығына қарсы қылмыстар;
- адамның ар-намысына және абыройына қарсы қылмыстар.[4, б.12]
Сөйтіп, адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтары мемлекет
арқылы қорғалады. Жоғарыда айтып өткендей тікелей объектісіне байланысты
жеке адамға қарсы қылмыстардың бірнеше түрлерге бөлінетіндігін айтып өттім.
Енді бұл жерде адам өміріне қарсы қылмыстар жайлы тоқталып өтейік. Жеке
адамның өміріне қарсы қылмыстар өзіндік ретте бірнеше түрге бөлінеді.
Оларға мына келесілер жатады:
- адам өлтіру;
- жаңа туған сәбиді анасының өлтіруі;
- жан күйзелісі жағдайында болған адам өлтіру;
- қажетті қорғаныс шегінен шығу кезінде жасалған адам өлтіру;
- қылмыс жасаған адамды ұстау үшін қажетті шаралардың шегінен
шығу кезінде жасалған адам өтіру;
- абайсызда адам өлтіру;
- өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу.[4, б.17]
Адам өлтіру қылмысының кез-келген түрінің объективтік белгілерін
толық меңгеру үшін, ең алдымен адам өлтірудің жалпы түсінігін және оның
объективтік және субъективтік мазмұнын жан-жақты білу қажет. Қазақстан
Республикасының Қылмыстық Кодексінің 96 бабында адам өлтіру қылмысы үшін
жауаптылық көрсетілген. Осы баптың 1-бөліміне сәйкес: Кісі өлтіру, яғни
басқа адам құқығына қарсы қаза келтіру – алты жылдан он бес жылға дейінгі
мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады - делінген. Қасақана адам
өлтіру–кінәлінің қылмыс жасаудағы әрекеті үшін жауаптылықты ауырлататын
жағдайды көрсететін қылмыс түрі. Осыған байланысты адам өлтіру қылмысын 2
түрге бөлуге болады:
- адам өлтіру қылмысының қарапайым түрі, яғни бұл жауаптылықты ауырлататын
және жеңілдететін жағдайлардың қолданбауы жағдайында адам өлтіру. Бұл
Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 96 бабының 1-бөлігінде
көрсетілген.
- жауаптылықты ауырлататын жағдайда адам өлтіру. Бұл Қазақстан
Республикасының Қылмыстық Кодексінің 96 бабының 2 бөлігінде көрсетілген.
Яғни бұған мына келесі адам өлтіру жатады:
- екі немесе одан да көп адамдарды;
- осы адамның қызметтік іс-әрекетін жүзеге асыруына, не кәсіби немесе
қоғамдық борышын орындауына байланысты адамды немесе оның жақындарын;
- дәрменсіз жағдайда екендігі айыпкерге белгілі адамды, сол сияқты адамды
ұрлаумен, не адамды кепілге алумен ұштасқан;
- жүкті екендігі айыпкерге белгілі әйелді;
- аса қатыгездікпен жасалған;
- көптеген адамдардың өміріне қауіпті тәсілмен жасалған;
- адамдар тобы, алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы немесе ұйымдасқан
топ жүзеге асырған;
- пайда табу мақсатымен, сол сияқты жалданып, не қарақшылықпен, қорқытып
алушылықпен, не бандитизммен ұштасқан;
- бұзақылық ниетпен;
- басқа қылмысты жасыру немесе оны жасауды жеңілдету мақсатымен жасалған,
сол сияқты зорлауға нмесе жыныстық қатынас сипатындағы күш қолдану
әрекеттерімен ұштасқан;
- әлеуметтік, ұлттық, діни өшпенділік немесе арыздық не қандыкек себебі
бойынша;
- жәбірленушінің мүшелерін немесе тінін пайдалану мақсатымен жасаған;
- бұрын адам өлтірген адам жасаған адам өлтіру.
Міне, осы тізбектеліп көрсетілген кісі өлтіру жауаптылықты
ауырлататын жағдайда адам өлтіру болып табылады. Осы жауаптылықты
ауырлататын жағдайда адам өлтіру мүлкін тәркілеу арқылы немесе онсыз он
жылдан жиырма жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға не мүлкін
тәркілеу арқылы немесе онсыз өлім жазасына не мүлкін тәркілеу арқылы немесе
онсыз өмір бойы бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Жауаптылықты жеңілдететін жағдайда адам өлтіру. Бұл Қазақстан
Республикасының Қылмыстық кодексінің 97, 98, 99, 100–баптары. Яғни 97 бап –
жаңа туған сәбиді анасының өтіруі. Бұл анасының өзінің жаңа туған сәбиін
туып жатқан кезде, сол сияқты одан кейінгі кезеңде психикасын бұзатын
жағдайда немесе есінің дұрыстығын жоққа шығармайтын психикасы бұзылуы
жағдайында өлтіруі болып табылады.
Ал 98-бап, бұл жан күйзелісі жағдайында болған адам өлтіру. Яғни
жәбірленушінің күш қолдануынан, қорлауынан немесе ауыр балағаттауынан не
өзге де заңға қарсы немесе моральға жат іс-әрекетінен (әрекетсіздігінен)
болған, кенеттен пайда болған жан күйзелісі (аффекті) жағдайында, сонымен
бірдей жәбірленушінің жүйелі түрдегі заңға қарсы немесе моральға жат мінез-
құлқына байланысты туындаған ұзаққа созылған психиканы бұзатын жай-күйде
адам өлтіру болып табылады.
99-бап, бұл қажетті қорғаныс шегінен шығу кезінде жасалған кісі
өлтіру. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 100 бабы, бұл қылмыс
жасаған адамды ұстау үшін қажетті шаралардың шегінен шығу кезінде жасалған
кісі өлтіру болып табылады.
Міне осы адам өлтіру қылмысының 2 түріне жеке-жеке тоқталып өттік.
Біздің ең негізгі зерттейтін мәселеміз адам өліміне әкеп соғатын адам
жағдайда жасалған адам ұрлаудын түсінігі мен анықтамасын және осы қылмысты
сипаттайтын белгілері туралы зерттеулер жасау.
Кез-келген адам өлтіру қылмысының белгілерін терең зерттеу барысында
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумының 1994 жылғы 23-
желтоқсанындағы №7 Азаматтардың өмірі мен денсаулығына қарсы әрекеттер
үшін жауапкершілікті реттейтін заңдарды соттардың қолданылуы туралы
қаулысын пайдаланудың маңызы зор. Өйткені, бұл қаулы жеке адамдардың адам
өлтіру әрекетінде қылмыс құрамының барын дәл анықтауды, қылмысты дұрыс
саралауды, кінәліге жаза тағайындауды нақты қолданып жүрген қылмыстық заңға
сәйкес қолдануға, кінәлінің жеке тұлғасын, жауаптылықты жеңілдететін және
ауырлататын жайларды ескере отырып қылмысты дәрежелеуге көмектеседі.
Есі дұрыс, қылмыс жасаған кезде қылмыстың заңда көзделген белгілі бір
жасқа толған жеке адам қылмыстық заң бойынша қылмыс субъектісі бола алады.
Қылмыс субъектісінің белгілері қандай ? Егер қылмыс жасаған жеке тұлғаның
бойында, есі дұрыстық, қылмыстың заң тағайындаған жасқа жету сияқты
белгілер болса, ол өзінің жасағаны үшін қылмыстық жауап беруге қабілетті.
Қылмыстың субъектісі тек жеке тұлға ғана бола алатындығы жөніндегі ереже
Қылмыстық кодекстің бірнеше баптарынан туындайды. Мысалы, ҚР ҚК-нің 6, 7,
14 – баптарында Қазақстан Республикасының азаматтары, шетел азаматтары және
азаматтығы жоқ тұлғалар қылмыстық және қылмыстық жауаптылықтың субъектілері
болу мүмкіндігі туралы айтылған.
Қылмыстың субъектісі міндетті түрде есі дұрыс, яғни өзінің әрекетін
(әрекетсіздігін) басқара алатын, оның шын мәніндегі сипаты мен қоғамға
келтіретін қауіптілігін түсінуге қабілеті жететін жеке тұлға болуы керек.
Ал, психикасыың бұзылуына байланысты мұндай қабілеттен айырылған есі дұрыс
емес (ҚР ҚК 16 - бабы) тұлғалар қылмыстың субъектілері бола алмайды. Тіпті
психикасы сау адамның да сана мен еркінің қабілеті белгілі бір жасқа
толғанында ғана пісіп жетіледі. Осыған байланысты – қылмыстық заң қылмыс
жасаған тұлғаны қылмыстық жауаптылыққа тартуға болатын жас мөлшерін
тағайындаған (ҚР ҚК 15 – б.).
Бұл көрсетілген үш белгі қылмыс субъектісінің ортақ заңды белгілері
болып табылады. Олар қылмыстың кез-келген құрамының міндетті белгілер болып
табылады және бұлардың біреуінің болмауы іс-әрекетте қылмыс құрамының
жоқтығын білдіреді.
Сонымен қатар, ҚР ҚК-нің Ерекше бөлімінде кейбір жағдайларда тиісті
қылмыстың субъектісін сипаттайтын жалпы ғана емес қосымша да белгілері бар
тұлғалардың жауаптылығы қарастырылады. Мысалы, әскери қызметке қарсы
қылмыстардың субъектісі болып әскерге шақырылып, міндетін өтеп жүрген
немесе ҚР Қарулы күштерінің, басқа әскерлердің және әскери құрамалардың
қатарында келісіп шартпен жүрген әскери қызметкерлер ғана сол сияқты
запастағы азаматтар әскери жиында жүрген кездерінде және де кейбір басқа
тұлғалар табылады. Бұл қосымша белгілер тиісті тұлғаны қылмыстың арнайы
субъектісіне айналдырады.
ҚР Қылмыстық кодексінің 15 – б. 2 – т. сәйкес адамды кепілге алу
қылмысының субъектісі – 14 жасқа толған, ақыл есі дұрыс жеке тұлға.
Қылмыстың субъективтік жағы дегеніміз адамның өзі жасаған қылмыстық
іс-әрекетке және оның салдарына (зардабына психикалық қатынасы).
Сыртқы көріністі білдіретін қылмыстың объективті жағына қарағанда
субъективтік жағы қылмыстың ішкі мәнін білдіреді. Сонымен қатар, қылмыстың
объективтік және субъективтік жақтары өзара тығыз байланысты және олар
қандай да бір тұтастықты құрайды. Сондықтан да, қылмыстың субъективті жағын
зерттеу қылмыстың тиісті құрамының объективті жағына талдау жасаумен тығыз
байланыста жүргізіледі1.
Қылмыстың субъективтік жағына мыналар жатады: кінә, қылмыс жасаудағы ниет
(себеп) және мақсат.
Бұл белгілердің барлығы өз жиынтығында қылмыс жасаған адамның
психикасында пайда болатын ішкі процесті сипаттайды, адамның санасы мен
еркінің жасалған әрекетпен байланысын бейнелейді.
Бұл белгілердің әрқайсысының мәні әртүрлі.
Кінә - қылмыстың кез-келген құрамының субъективтік жағының міндетті
белгісі. Кінәсіз қылмыстың құрамы да болмайды, сәйкесінше қылмыстық
жауаптылық та орын алмайды.
Қылмыстық заңға сәйкес, кінә бұл әрқашан не қасақаналық, не абайсыздық ҚР
ҚК-нің 19 – б. 3 – б. бойынша қасақана немесе абайсызда іс-әрекет жасаған
адам ғана қылмысқа кінәлі деп танылады. Қасақаналық та, абайсыздық та
жасалған іс-әрекет пен оның салдарына кінәлі психикалық қатынастың
нысандары болып табылады. Бұл – олардың ұқсастығы. Ал, айырмашылығы –
қасақана және абайсыз кінәні құрайтын интеллектуалдық және еркіне қарай
сәттердің ерекше, өзіне ғана тән мазмұны мен ара қатынасында.
Қылмыстың субъективтік жағына оның міндетті белгісі болып табылатын кінәмен
бірге қылмыстың ниеті және мақсаты кіреді,
Егер қылмыстық кодекстің Ерекше бөліміндегі нақты қылмыс құрамында
ниет пен мақсат оның белгісі ретінде көрсетілсе, онда ол осы құрамның
субъективті жағының міндетті, қажетті белгісі болып, ал басқа жағдайларда
құрамның факультативті белгісі болып саналады.
Қылмыстық ниет деп белгілі бір қажеттіліктер мен мүдделердің іштей
түрткі болуына байланысты адамның соларды басшылыққа ала отырып саналы
түрде қылмыс істеуге бел бууын айтамыз. Қылмыстық мақсат деп адамның қылмыс
істеу арқылы болашақта белгілі бір нәтижеге жетуін айтамыз.
Сонымен, қылмыстың мақсаты қылмыстық ниетке негізделіп пайда болады, ал
қылмыстық ниет мақсатпен бірге белгілі бір іс-әрекетті жүзеге асыру арқылы
түпкілікті нәтижеге жетуге итермелейді.
Қылмыстық ниет пен мақсат өзара тығыз байланысты ұғым. Адамның
мақсатының қалыптасуы ниетке байланысты болса, ал мақсат пайда болған
ниеттің қандай әдіспен, ниетпен жүзеге асырылатынын анықтайды.
Қылмыс жасаудағы ниет пен мақсаттың кінәдан айырмашылығы, олар бір құрамдар
үшін міндетті болып табылса, екіншілері үшін – субъективті жақтың
факультативтік белгілері болып табылады.
Қылмыстың субъективтік жақтарын – кінәнің нысандарын, қылмыс
жасаудағы ниет пен мақсатты дұрыс анықтаудың маңызы зор; ол қылмыстық іс-
әрекетті қылмыстық емес әрекеттен айырып алуға, қылмысты дәл саралауға,
объективті жағы бойынша өте ұқсас қылмыс құрамдарын бірбірімен ажыратуға,
қылмыстық әрекет жасаған адамның қауіптілік дәрежесін анықтауға, жазаны
жеке даралауға мүмкіндік береді.
Қылмыстың субъективтік жағының мазмұнын мұқият зерттеу қажеттігі
Қазақстан Республикасы жоғарғы соты Пленумының 1993 жылғы 24 маусымдағы
жаза тағайындағанда соттардың заңдылықты сақтауы туралы қаулысында
көрсетілген: жасалған қылмыстың қоғамдық қауіптілік деңгейін анықтағанда
сол нақты қылмыстық іс-әрекет жасалған барлық мән-жайлардың (кінәнің
нысаны, қылмыс жасау себебі, әдісі, мән-жайы, кезеңі, келген зардаптың
ауырлығы, әрбір қатысушының қылмысқа қатысу дәрежесі және сипаты,
т.б.)жиынтығына сүйену қажет1.
Адамды кепілге алу қылмысының субъективтік жағы тікелей қасақаналық
түріндегі к!нә нысанымен сипатталады. Тұлғаның кепілге алғанын не ұстап
отырғанын айыпты өз түсінеді және осылай болуын қалайды. Пайдакүнемдік, өш
алу немесе басқа опасыз ниеттер қылмыстың себебі болуы мүмкін, олар
қылмыстың бағалануына әсер етпейді, бірақ жеке жаза тағайындауда
ескеріледі.
Бұл құрамның субъективті жағының міндетті белгісі – кінәлілер көздейтін
арнайы мақсаттың болуы1. Ол – айыптының кепілдікке алған адамды босатудың
шарты ретінде қандай да болса бір әрекетті жасауға немесе қандай да болса
бір келісім жасаудан бас тарту, қамауға алынғанды немесе сотатталғанды
босату, айыптыны құралмен, ақшамен, көлік құралдарымен т.б. қамтамасыз ету.
ҚР Қылмыстық кодексінің 234 – бабының 2 – тармағы адамды кепілге алу
қылмысының сараланған түрін көздейді. Саралаушы белгілер ретінде заң
шығарушы келесілерді көздеді:
А. Адамдар тобының алдын-ала сөз байласуы бойынша. Егер адамды
кепілге алуды бірлесіп жасау туралы күні бұрын уағдаласқан адамдар қатысса,
ол адамдар тобы алдын-ала сөз байлаысып жасаған қылмыс деп танылады.
Б. Бірнеше рет. Бұл қылмыстың бірнеше рет жасалуы дегеніміз адамды
кепілге алуды екі немесе одан да көп рет жасау, егер адам бұрын жасалған
қылмысы үшін заңмен белгіленген тәртіп бойынша қылмыстық жауаптылықтан
босатылған болмаса не адамның бұрын жасалған қылмыс үшін соттылығы жойылған
немесе онысыалынған болмаса немесе мұндай қылмыс үшін қылмыстық жауапқа
тарту мерзімі өтіп кетпесе.
В. Өмірге немесе денсаулыққа қауіпті күш қолдана отырып. Өмірге және
денсаулыққа қауіпті күш ұғымы денсаулыққа жеңіл, орташа ауырлықтағы немесе
ауыр зиян келтірудегі, азаптауды қамтиды.
Г. қаруды немесе қару ретінде пайдаланылатын заттарды қолдана отырып.
Қолдану дегеніміз қаруды немесе адамның өмірі мен денсаулығына зиян келтіру
үшін қару ретінде пайдаланылатын заттарды іс жүзіне қолдану.
Қару ретінде пайдаланылатын өзге де заттар дегеніміз олармен адамның
денсаулығына ауыр зиян келтіруге болатын кез-келген заттар. Оларға
шаруашылық – тұрмыстық қызмет атқаратын заттарды жатқызуға болады, мысалы,
балта, айыр, шалғы, пышақ, таяқтар және т.б. олардың дене жарақаттарын
түсіруге алдын-ала дайындалуы қажет етілмейді.
Д. Көрінеу кәмелетке толмаған адамға қатысты, яғни 18 жасқа толмаған
адамға қатысты.
Е. Айыптыға жүктілік жағдайы көрінеу мәлім әйелге қатысты (жүктілік
мерзімі ұзақтылығының маңызы жоқ).
Іс көпе – көрінеу дәрменсіз күндегі адамға қатысты.
Жасалған әрекетті ҚР Қылмыстық кодексінің 234 – бабының 2 – бөлімінің д,
е, ж тармақтары бойынша бағалау үшін кепілдікке алынған адамның
кәмелетке толмағандығын, жүкті әйел екендігін немесе оның дәрменсіз күйде
екендігін айыптының алдын-ала түсінгендігін анықтау қажет.
З. Екі немесе одан да көп адамға қатысты жасалған кепілге алу әрекеті
біртұтас қылмыстық ниетпен және бірнеше жәбірленушіге қарсы қиянат жасаудың
бір мерзімде орын алатындығымен сипатталады. Бұл жерде, екі не одан да көп
тұлғаларды кепілге алу туралы ниет тұтас болып табылады. Ал, егер аталған
қылмысты жасау жөніндегі ниет әр жолы жаңадан пайда болып отырса, онда
мұндай әрекет бірнеше мәрте жасалған адамды кепілге алуды құрайды.
И. пайдакүнемдікпен немесе жалдау арқылы адамды кепілге алу айыптының
өзі үшін немесе басқа тұлғалар үшін қаражаттық пайда алуға (ақша, мүлік,
мүлікке құқық т.б.) немесе қаражат шығынынан құтылуға (мүлікті қайтару,
мүлікке қатысты міндеттемелерді орындау т.б.) ұмтылумен сипатталады.
ҚР Қылмыстық кодексінің 234 – бабының 2 – бөлімінің И тармағы
бойынша, сонымен қатар, адамды кепілге алудың жалдау арқылы жасалғандығы,
яғни айыптының үшінші тұлғалардан алынатын ақу үшін адамды кепілге алуы
немесе ұстауы да бааланады. Ескеретін жағдай: ақы алу мерзімінің адамды
кепілге алуды іске асыруға дейін немесе одан кейін екендігінің маңыздылығы
жоқ.
ҚР ҚК-нің 234 – б. 3 – т. заң шығарушы адамды кепілге алудың сараланған
белгілерін көздеді. Адамды кепілге алудың ерекше сараланған белгілері
ретінде, оны ұйымдасқан топтың жасауын, не абайсызда адам өліміне немесе
өзге де ауыр зардаптарға әкеп соғуын ажырату аталған салдардың ерекше
әлеуметтік мәнімен негізделеді. Заңшығарушының ҚР ҚК-нің 234 – б. 3 – т.
конструкциясына аталған салдарды енгізуі абайсызда адам өліміне немесе өзге
де ауыр зардаптарға әкеп соққан адамды кепілге алу материалдық құрам болып
табылатындығын және ол орын алуы үшін нақты осы салдар туындауы қажет
екендігін көрсетеді.
1959 ж. Қазақ ССР ҚК 115 – 1 – б. 2 – т. заң шығарушы адамды кепілге алудың
міндетті сандары ретінде ауыр зардаптарды ажыратты. Мұндай салдардың
қатарына заңшығарушы арнайы атап өтпесе де абайсызда адам өміріне әкеп соғу
да жатқызылды. Мұндай салдардың адамды кепілге алу кезінде салыстырмалы
түрде кең таралғандығы абайсызда адам өліміне әкеп соғуды ауыр салдардың
қатарынан заңдық деңгейде оқшаулаудың негізі болып табылады.
Адамды кепілге алудың ерекше сараланған түрі ретіндегі өзге де ауыр
зардаптар ұғымы әрекет етуші қылмыстық заңдылықта ашылмайды, сондықтан да,
ол бағалаушы ұғым ретінде әрбір нақты жағдайда істің барлық мән-жайларын
ескере отырып құқыққолданушылармен субъективті талқылануы тиіс. Алайда, бұл
зардаптардың негізгі мазмұны аталған белгі мазмұндалған барлық қылмыс
құрамдары үшін бірдей болуы керек. Дегенмен, заңгер ғалымдар аталған
белгіні әр түрлі анықтайды. Мысалы, М.Лысов ауыр зардаптарға дене
жарақаттарының әртүрлі түрлерін, оның ішінде денсаулықтың қысқа мерзімге
бұзылуына немесе елеулі емес тұрақты еңбек қабілеттілігінен айырылуға әкеп
соққан, жеңіл дене жарақаттарын да жатқызады. В.Мальцевтің пікірі бойынша
терроризм, адамды кепілге алу кезінде ауыр зардаптар ұғымына адамды
өлтіруді, денсаулыққа ауыр зиян келтіруді, орман массивтерінің елеулі
бүлінуін немесе жойылуын жатқызу қажет.
А.Е.Беляевтің пікірі бойынша терроризмнің, адамды кепілге алудың ауыр
зардаптарына бірнеше немесе көптеген адамдардың өлуін, олардың денсаулығына
ауыр зиян келтіруді, жаппай улануды, экологиялық апаттарды, ірі материалдық
залалды, тарих және мәдениет ескерткіштерінің жойылуын және т.б. жатқызу
қажет.
И.Ш.Борчашвилидің пікірі бойынша терроризм, адамды кепілге алу кезінде ауыр
зардаптарға бірнеше адамның денсаулығына ауыр зиян келтіру немесе көптеген
тұлғалардың денсаулығына орташа ауырлықтағы зиян келтіру, сонымен қатар аса
ірі мөлшердегі материалдық залал келтіру жатады4.
Аталған саралаушы белгіле түсінік беретін заңгер ғалымдар арасында
денсаулыққа орташа ауыртпалықтағы зиян келтіруді адамды кепілге алудың ауыр
зардабына жатқызу туралы сұрақ бойынша ауызбірлік жоқ.
Адамды кепілге алудың объектісі, сонымен қатар, оның мазмұны жәбірленушінің
денсаулығына орташа ауыртпалықтағы зиян келтіруге қарағанда қоғамдық
қауіптіліктің жоғары деңгейін көздейді. Заңшығарушы бұл қылмысты орташа
ауыртпалықтағы қылмыстарға, ал адамды кепілге алуды ерекше ауыр қылмыстарға
жатқызады.
Адамды кепілге алудың ерекше сараланған түрі үшін (ҚР ҚК-нің 234 – б. 3 –
т.) заңшығарушы он жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан
айыру түріндегі жаза көздеді.
Абайсызда адам өміріне немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соғу іс-
әрекетті ҚР ҚК-нің 234 – б. 3 – т. бойынша саралау үшін қажетті шарт болып
табылады. Бұл жағдайда адамды кепілге алудың ерекше сараланған элементтері
ҚР ҚК-нің 234 – б. Көзделген негізгі құрамның міндетті белгілерімен қатар
бірқатар өзге белгілермен сипатталады. Мұндай мән – жайларға келесілерді
жатқызу қажет: біріншіден, қарастырылып отырған қылмыстың объективтік жағын
сипаттайтын, яғни ҚР ҚК-нің 234 – б. 3 – т. көзделген сандар, сонымен
қатар, қоғамдық қауіпті іс-әрекет пен осы салдар арасындағы себептік
байланыс, екіншіден, субъективтік жағын сипаттайтын, атап айтқанда
субъектінің адамды кепілге алуға немесе кепілдік ретінде ұстауға және
туындаған қоғамдық қауіпті салдарға әртүрлі психикалық қатынасы.
Абайсызда адам өліміне немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соққан адамды
кепілге алу ҚР ҚК-нің 234 – б. 3 – т. бойынша біріншіден, адамды кепілге
алу немесе ұстау мен осы салдар арасында себептік байланыс болса,
екіншіден, аталған салдар абайсызда туындаса сараланады.
Себептік байланыс қажеттілікпен, заңдылықпен садарды туындатады.
Іс-әрекет пен салдар арасында себептік байланыстың бар екендігін келесілер
анықтайды: біріншіден, қоғамдық қауіпті іс-әрекеттің қоғамдық қауіпті
салдардан бұрын орын алуы; екіншіден, қоғамдық қауіпті салдарды туындатады,
яғни, себеп салдардың пайда болуы үшін қажетті және жеткілікті болуы қажет.
Осылайша, іс-әрекетті ҚР ҚК-нің 234 – б. 3 – т. бойынша саралау үшін
нақты адамды кепілге алу немесе кепілдік ретінде ұстау объективті түрде
адамның өміріне немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соққанын анықтау
қажет.
Ауыр зардаптың туындайы және адамды кепілге алу мен ауыр зардаптар
арасындағы себептік байланыс іс-әрекетті ҚР ҚК-нің 234 – б. 3 – т. бойынша
саралау үшін қажетті жалғыз шарт емес. Бұл норманың диспозициясынан мұндай
салдардың абайсызда келтірілуі тиіс екендігі туындайды, яғни, іс-әрекетті
аабйсызда адам өліміне немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп сққан адамды
кепілге алу деп тану үшін кінәлінің адамды кепілге алуға және туындаған
зардаптарға әртүрлі психикалық қатынасы болғанын анықтау қажет.
ҚР ҚК-нің 234 – б. 3 – т., бойынша сараланатын адамды кепілге алуды жүзеге
асыратын тұлғаға оның ниетінің ауыр зардаптар келтірілуінің қамтылмауы тән.
Оның адам өліміне немесе өзге де ауыр зардаптарға психикалық қатынасы
менменді немесе немқұрайлы болуы мүмкін.
Бірінші жағдайда кінәлі адамды кепілге алу кезінде аамның өлуі немесе
өзге де ауыр зардаптардың туындауы мүмкін екенін алдын-ала біледі, бірақ
бұл зардаптарды жеткілікті негіздерсіз жеңілтектікпен болғызу мүмкіндігіне
сенеді. Бұл жерде ҚР ҚК-нің 234 – б. 3 – т., көзделген салдарлардың
туындауы мүмкін екенін алдын-ала білу және жеңілтектікпен болғызбау мүмкін
екендігіне сену қылмыстық менмендіктің интеллектуалдық сәттерін, ал мұндай
салдарлардың туындауын қаламауы қылмыстық менмендіктің еркітік сәттерін
сипаттайды1.
Екінші жағдайда, яғни, қылмыстық немқұрайлықта кінәлі қажетті ұқыптылық пен
сақтық болғанда ол зардаптарды болжап білуге тиіс және болжап біле алатын
бола тұра адамды кепілге алу кезінде адамның өлуі немесе өзге де ауыр
зардаптардың туындауы мүмкін екенін болжап білмейді. Бұл жерде қылмыскер
ауыр зардаптардың туындауын болжап білмейді, оларды абстрактылы түрде
мүмкін деп қарастырмайды. Қылмыстық немқұрайлыққа қатысты қылмыстық құқық
теориясында оның екі критериін – объективті және субъективті ажыратады1.
Бірінші критерий бойынша тұлға күнәлінің лауазымдық мәртебесіне, оның
кәсібіне, заңдық ұйғарымдарға, т.б. негізделуі мүмкін қоғамды қауіпті
салдардың туындау мүмкіндігін болжап білуге міндетті; екінші критерий
–тұлға оның физикалық және интеллектуалдық қабілеттеріне сәйкес мұндай
салдардың туындау мүмкіндігін алдын-ала болжап білу мүмкіндігінің болуы.
Абайсызда адам өліміне немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соққан
адамды кепілге алу кезінде кінәнің екі нысанымен жасалған қылмыс орын
алғанымен заңшығарушы ҚР ҚК-нің 22 – б., Тұтас алғанда мұндай қылмыс
қасақана жасалған деп танылады деп бекітті.
Жоғарыда аталғандардың негізінде келесі қорытынды жасауға болады: ҚР
ҚК-нің 234 – б. 3 – т. көзделген адамды кепілге алудың ерекше сараланған
түрі адамды кепілге алудың қоғамдық қауіптілігі жоғары түрі болып табылады,
ол орын алу үшін қарастырылып отырған қылмыстың жалпы белгілерімен қатар
арнайы белгілерін де анықтауды қажет етеді.
ҚР ҚК-нің 234 – б., 3 – т. заңшығарушы абайсызда бір адамның да,
бірнеше адамның да өліміне әкеп соғуды қарастырады. Егер адамды кепілге алу
немесе кепілдік ретінде ұстау кезінде кепілге алынған адамға немесе өзге де
кез-келген тұлғаларға қасақана өлім келтірілсе, бұл іс-әрекетті жиынтық
бойынша, яғни, ҚР ҚК-нің 234 – бабы мен 96 – баптың 2-бөлігінің В тармағы
бойынша саралау қажет.
Н.И.Загородников әділ атап кеткендей Қасақана кісі өлтіру
спецификалық, ауыр және заңдық анықталған іс-әрекет болғандықтан, саралау
кезінде ол міндетті түрде қылмыстар жиынтығы ережелеріне қатысты көрініс
табуы тиіс.
Заңшығарушы қасақана кісі өлтірудің ееркше қоғамдық қауіптілігін
ескереді және қасақана қаза келтірудің барлық жағдайында, егер іс-әрекет
тікелей адам өміріне қарсы бағытталмаса, немесе қылмыс құрамының
субъективтік жағының міндетті белгісі блып табылмаса, іс-әрекетті ҚР ҚК-нің
96 – б. 2 – бөлігі В тармағымен жиынтықты адамды өліміне қолсұғушылық
ретінде саралануды көздейді.
Егер қолсұғушылықтың объектісі адамның өмірі емес, ал, мысалы, адамды
кепілге алу кезіндегі қоғамдық қауіпсіздік болса, бірақ абайсызда адам
өліміне немесе өзге де ауыр зардаптарға бұл іс-әрекетті ҚР ҚК-нің 234 – б.,
3 – т. бойынша саралау қажет.
ҚР ҚК-нің 234 – бабының ескертуіне сәйкес кепілге алынған адамды өз еркімен
немесе үкіметтің талап етуі бойынша босатқан адам, егер оның іс-
әрекеттерінде өзге қылмыс құрамы болмаса, қылмыстық жауапшылықтан
босатылады.
Отандық заңдылықта адамды кепілге алу қылмысына қатысты мұндай норма
ең алғашқы рет 1997 жылы жаңа Қылмыстық Кодекс қабылданғанда енгізілді. Бұл
норма кінәліге адамды кепілге алғаннан кейін ойлануға және жәбірленушіні
босатуға мүмкіндік береді, сонымен қатар, жәбірленушіге қатысты өзге е
күштеу әрекеттерінен тартынуға ықпал етеді деп көзделді. Сонымен қатар,
кейбір заңгерлер жаңа Қылмыстық кодекс күшіне енгізілген кездің өзінде
қарастырылып отырған новелла іс жүзінде жәбірленушілердің мүдделеріне
қарағанда қылмыскерлердің мүдделерін көздейді деген пікір айтып, оны
нақтылауды (өзгерістер мен толықтырулар енгізілді) немесе заңның мәтіннен
толығымен алып тастауды ұсынды.
Кінәлі адамды кедергісіз кепіл ретінде ұстай алатынын түсінуі (мысалы,
кепілге алынған адамның қай жерде ұсталып отырғаны ешкімге белгісіз болуына
байланысты) және оның өз еркімен немесе өкіметтің талап етуі бойынша
босатуы қажет.
Егер кінәлі заңда билік өкілдеріне қарсыласу барысында кепілге
алынған адамдарды босатуға мәжбүр болса, немесе, одан әрі қарсыласуды
сенімсіз деп санаса кепілге алынған адамды босату ерікті деп саналмайды.
Адамды кепілге алуға кінәлі тұлғаны қылмыстық жауаптылықтан босату
оның іс-әрекеттерінде өзге қылмыс құрамы болмаса ғана орын алуы мүмкін.
Егер кінәлі кепіле алынған адамдарды босатқанымен оның іс-
әрекеттерінде өзге қылмыстың құрамы (қаруды, жарылғыш заттарды ұрлау,
адамдарды кепілге алу барысында оның денсаулығына зиян келтіру, кісі
өлтіру, т.б.) бар екендігі анықталса, онда кінәлі осы қылмыс үшін қылмыстық
жауапкершілікке тартылады.
Әдебиеттерде кепілге алынған адамды босату егер кінәлі жәбірленушіні
заңсыз ұстауды жалғастыра алғанымен оны босатса, және егер де босату
жәбірленуші немесе өзге тұлға қылмыскердің талаптарын орындағанға дейін
жүзеге асырылса, немесе егер де босатудың шарты ретінде қандай да бір
талаптар мүлдем қойылмаса, ерікті болып табылады деген пікір басым.
Сонымен, жоғарыда аталған жәбірленушіні босатудың еріктілігі
критерийі ҚР ҚК-нің 234 – бабының ескертуіне сәйкес екі шартты қамтиды:
Біріншісі – кінәлінің жәбірленушіні заңсыз ұстауды жалғастыруға
объективті және субъективті мүмкіндігінің болуы. Бұл шарт қажетті
(міндетті) болып табылғанымен жеткілікті емес. Егер бұл шарт болса,
жәбірленушіні босату ерікті болуы да, болмауы да мүмкін, ал егер бұл шарт
болмаса босату ерікті болмайды.
Екіншісі – шарт бойынша босату жәбірленуші немесе өзге тұлға
қылмыскердің талаптарын орындағанға дейін жүзеге асырылуы немесе босатудың
шарты ретінде қандай да бір талаптар мүлдем қойылмауы орын алуы қажет.
Бірінші шарт орын алған жағдайда екінші шарттың бар-жоқтығын анықтау
жәбірленушіні босату ерікті болғанын, я болмағанын түпкілікті шешуге
мүмкіндік береді.
Сонымен, төмендегі жағдайлар адамды кепілге алу қылмыстық
жауаптылықтан босатудың шарттары болып есептеледі:
а) кепілге алынғандарды өз еркімен босататын – еріктілік немесе өкіметтің
талап етуі бойынша босату;
б) айыптының іс-әрекеттерінде қылмыстың өзге құрамының болмауы.
1.2 Адам өліміне әкеп соғатын адам ұрлау бір-біріне байланысты
басқа да қылмыстан ажырату
Адам өліміне әкеп соғатын адам ұрлау қылмысы жасалған, адам өлтіруді
денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіруден және басқалай ұқсас құрамдардан
ажыратуға болады. Адамды ұрлау барысында оған ауыр дене жарақатын салудың
ауырлататын бір түрі адам өліміне әкеліп соғатын ауыр дене жарақатын
келтіру болып табылады. Бұл тұрғыдағы қылмыстың объектісі өте күрделі,
өйткені мұндай ретте қылмыстық қол сұғу бірден екі бірдей объектіге – адам
өміріне және денсаулығына қарсы бағытталады. Осы қылмыс құрамдары
өздерінің объективтік белгілері жөнінен өзара ұқсас. Соған байланысты болу
керек, осы құрамдарды бір-бірінен жіктеу қылмыстық құқық теориясында да,
тергеу, сот тәжірибесінде де, едәуір қиындықтар туғызады. Осыған байланысты
кезінде криминалист ғалымдар Кодекстің осы бабынан адам өліміне әкеп
соқтыратын ауыр дене жарақаты деген түсінікті алып, жеке құрам етіп көрсету
қажет деген ұсынысты айтқан болатын. Қылмыстық кодекстің 96 бабымен, 125
баптың 2-бөлігінде көрсетілген адам ұрлау кезінде және ауыр дене жарақатын
келтіру нәтижесінде адам өлтіру, құрамдардың жігін ажырату қиындығы сол
ауыр дене жарақатын келтіру нәтижесінде болған адам өлімі, сондай-ақ адам
өлтірудің де объектісі адам өмірі болып табылады. Бұл құрамдарды объектісі
бойынша ажырату өте қиын. Объективтік жағынан екі құрамда белсенді әрекет
кейде әрекетсіздікпен көп жағдайларда қолданған қаруы, тәсілі бірдей болуы
арқылы жүзеге асырылады. Мұндай құрамдар субъективтік белгілері бойынша да
бір-біріне ұқсас болып келеді. Мысалы, бұлар ұқсас қылмыстық ниеттерімен,
яғни бұзақылық, кек алу, қызғаныш немесе басқалай зұлымдық пиғылдармен
жүзеге асырылуы мүмкін. [6, б.9]
Міне, осылардың барлығы жиылып келіп, тергеу, сот тәжірибесінде
қылмысты саралауға белгілі бір әсерін тигізеді. Осыған орай осы көрсетілген
ұқсас құрамдарды бір-бірінен дұрыс қатесіз бөліп ажырату үшін, осы қылмыс
құрамының субъективтік жақтары белгілеріне аса назар аударған жөн. Яғни,
қылмыс субъектісі ниетінің бағытын дұрыс анықтай білген дұрыс. Адам ұрлау
кезінде ауыр дене жарақатының салдарынан жәбірленушінің өлімге әкеп соғатын
кінәлінің ниеті тікелей басқа адамның денсаулығына қол сұғуға бағытталады,
сондықтан да жалпы кінәлінің әрекеттері адам денсаулығына қарсы қылмыстарға
жатады. Кінәлі әрекетінің субъективтік жағын қарастырсақ, кінәлі қасақана
түрде жәбірленушінің денсаулығына зиян келтіре отырып, осы әрекеттерді ол
іштей тілеп және де саналы түрде оған жол беріп істейді, бірақ осы
әрекеттерден келетін зардап жәбірленушінің өлуін тілемейді. Егер адамның
денсаулығына абайсызда ауыр дене жарақаты келтірілсе, осының салдарынан
жәбірленуші өлетін болса, бұл жағдай абайсызда кісі өлтіру қылмыс құрамын
құрайды. Сонымен денеге ауыр жарақат салдыру салдарынан жәбірленуші қаза
болған жағдайға байланысты заң бойынша мынадай екі түрлі қорытынды
шығаруға болады:
- егер кінәлі тікелей немесе жанама ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz