Мәдениетті сұхбаттың табиғаты


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

Гуманитарлық факультет Шетел және Орыс филологиясы

Практика

ТАҚЫРЫБЫ:

ХАБАРЛАМА

Мәдениетті сұхбаттытың табиғаты.

Орындаған: Еркинбеков Миржан.

Топ: ДЯ-901.

Тексерген: Сайранбекова. Ұ. С.

Семей 2019.

Жалпы ең біріншіден адамның сөз мәдениетінің сөйлеу принципің қарастырсақ, мәдиниеттер көптүрлі олардың өзіңдік құндылықтары болады. Яғни мәдениеттің бағалалығы және өз ара қатынасы байланысы мәдениеттану негізінде жатыр. Сондықтан мәдениеттер сұхбатында диалогтың да мәдениеттанудың бастауында тұр десек артық айтпаған болар едік. Диалог сөзі грек тілінің ұғымы «сұхбат» дейді. Яғни оның алғашқы мағынасы екі адамның сөйлеуі дейді. Иа, осыдан біз мәдениеттің алып отырған орны ерекше болып тұр. Осы орайда көне грек философы Сократтың өзін қоршаған дос-жарандары, шәкірттері тіпті дұшпандарымен пікірталас ретінде өткізетін әңгімелесу стилін еске алайық. Адамдар қарым-қатынасының құндылығын ашып көрсетіп, сұхбаттың адам игілігіне жарайтын ұлы күш екендігін аңғарган тұңгыш философ Сократ болды. Сұхбат адамның, мәдениеттің «өзіндік» шекарасынан шығу қажеттілігін қамтамасыз етеді, өйткені адам да, мәдениет те өзіне өзі тепе-тең емес, өзімен өзі ғана шектелмеген дүние. Адамның да, мәдениеттің де болу мүмкіншілігі тек «шекаралық жағдайда» жүзеге асады. Адамның басқа адаммен, мәдениеттің басқа мәдениетпен сұхбаты, қарым-қатынасы негізінде ғана бұл әлемдегі бар құндылықтар дүниеге келеді. Әрбір басқа адам, әрбір басқа мәдениет мен үшін маған тепе-тең, пара-пар, сайма-сай ғана емес, сонымен қатар, менің өзіндік болмысымның көкжиегін кеңейтуші күш. «Мәдениетті мәдениеттер сұхбаты ретінде түсіну қажет. Мәдениетті жеке тұлғалар сұхбатының бір түрі ретінде қарастыру керек . . . ». Адам санасы оның өлеуметтік болмысының жемісі ретінде адамның бір-бірімен қарым-қатынас жасауының нәтижесінде қалыптасты. Адамдық қарым-қатынас оны басқа қоршаған табиғи ортадан бөліп-жарып, өзгешелеп алды. Тіпті физиологиялық тұрғыдан осы мәселеге көз тастайтын болсақ, онда да сананың сұхбаттық табиғатына куә боламыз. Адам миының жемісі болып табылатын сана - мидың қос жартышарларының диалогының нәтижесі. Ал мидың қос жартышарларының ақпарат қабылдаудың, сараптаудың қос тәсілінен, қос әдісінен тұратындығы белгілі. Яғни біртұтас мидың өзінің сананы тудыруы үшін екі қарама-қарсы бөлікке бөлінуі қажет болған. Сол өзгешелікке негізделген қос бөліктің қарым-қатынасынан туындайтын сананың өзі де о бастан сұхбатты. Саналы адамның болмысы да диалогты, қоғамдаса өмір сүруі де сол бастапқы диалогтылықтан туындап жатса керек. Сұхбат адамдардың бір-бірімен пікір алысуымен шектелмейді, ол дегеніміз адамдардың қатынасы. Тіпті бір ауыз сөз айтылмаса да, ешбір мағлүмат алынбаса да сұхбаттың болу мүмкіншілігі бар, өйткені сұхбат - ішкі, көрер-көрінбес өрекеттің бір-біріне бағышталғандығы. Әлемдегі болып жатқан оқиғалардың, табиғаттағы орын алған құбылыстардың бөрін де мен өзіме бағышталған, өзімнен жауапты әрекет күтетін нышан деп қарастыруым керек. Тек осындай тұрғыдан ғана сұхбатта болу мүкіншілігім бар. Әлемдегі адамдардың бәрі бірдей емес, сол сияқты олардың сұхбатта болу мүмкіншіліктері де әртүрлі, дүрысырақ айтсақ, өзіне берілген сұхбаттық мүмқінщілікті әркім әрқалай пайдаланады, кейбіреуі тіпті пайдаланбайды десе де болады. Сұхбаттың үш түрі бар: шынайы сұхбат; техникалық сұхбат; сұхбат болып танылуға тырысқан монолог.

Хабарламаны қорытындылай келе қай жерде болсын диалог немесе адамдардың қарым-қатынасы болсын әр кезде мәдениеттілік сұхбатты әлбетте сақтау керекпіз. Бұл біздің тілдік нормаларымыздың дұрыс сақталуын қадағайлайды және де көптүрлілігімен ерекшеленетін құнды бағыттама. Ең бастысы, қай елде болмасын, қай мәдениетте болмасын бір - бірімен тепе-тең сыйластық рухындағы сұхбатқа түссе білуге тиіспіз.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мәдениет ұғымының тарихи қалыптасуы
Сұхбат жанрының енуі
Тілдік санадағы мәдениет ұғымы
Сократ философиясындағы адам мәселесі
Мәдениаралық сұхбат мәдениет динамикасының алғышарты ретінде
Балалардың адамгершілік санасының ерекшеліктері
Адамгершілік санасын қалыптастыру әдістері
Дәстүрлі қазақ мәдениеті. XVIII ғ. орта түсі мен XX ғ бас кезенінің қазақ мәдениеті
Журналистиканың функциялары
«Түркістан» газетіндегі мәдени мәселелердің көрінісі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz