Ұлттың мәдени кодтың сақталуындағы қазақ тілінің рөлі


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

Гуманитарлық факультет Шетел және Орыс филологиясы

Практика

ТАҚЫРЫБЫ:

ЭССЕ

Ұлттың мәдени кодының сақталуындағы қазақ тілінің рөлі.

Орындаған: Еркинбеков Миржан.

Топ: ДЯ-901.

Тексерген: Сайранбекова. Ұ. С.

Семей 2019.

Ұлттық кодтың ең алдымен оның анықтамасымен танысып алсақ, ұлттық код тілде, сосын дәстүріміз бен салтымызды, мінезімізді айқындайтын ділде, ұлттық мәдениетте. Қазақ баласының тағылымы мол тарихында мәдени-рухани болмысы ізгілікпен әдіптеліп, қарапайымдылықпен шыңдалып, парасатпен шырайланған. Ұлттық кодымызда ізгілік, адалдық, перзенттік инабаттылық, адамгершілік, парыз, этикет, ақыл-парасаттылық кеңінен өрістеген, молынан қамтылған. Ұлттық кодта парыз бен әділдік қатар сомдалып, Ж. Баласағұни, М. Қашқари, А. Иасауи, Абай мен Шаһкәрім, Ақымет пен Әлихан, Мағжан мен Міржақып шығармашылығы арқылы халыққа дәріптелген, астары мен арқауы мықты оралымды сөз өрнегімен, ұғынықты тілмен өрілген.

Қазақтың ұлттық кодында әділдік тұжырымдамасы ежелгі дәуірден бастап жинақталып, туыстығы жоқ үлкенге деген сыйластық болып танылған. Сыйластық пен ізгілік, ізеттілік пен имандылық қазір енді этикетке айналған тұста, осы ұлттық кодты дамыта отырып, рухани мәдениетімізді жаңғыртуымыз қажет. Ұлттық кодымызда ұят категориясы бар. Бесіктен белі шықпаған баладан бастап, ұят боладыны айтып өсірген ата-ана баласын жақсылық пен жауыздықтың бөлінетінін айтып, мінезін қалыптастырады. Жауыздықпен күрес пен жақсылықты дәріптеу коды қазіргі мораль мен өнегелік категориясын дамыта түседі. Ұлттық кодқа негізделген ұлттық сананың кемелдене дамуын Елбасымыз үлкен мәселе етіп көтеріп, екі қырын атап көрсетеді: ұлттық сананың көкжиегін кеңейту және ұлттық болмыстың өзегін сақтай отырып, оның бірқатар сипаттарын өзгерту. «Қазір салтанат құрып тұрған жаңғыру үлгілерінің қатерінің» де бар екенін ескертеді. Ол қандай қатер деңіз? Қатер мынада: өзгенің ұлттық даму үлгісі жұрттың бәріне ортақ әмбебап үлгі бола алмайды. Елбасымыздың көрсетуінше, «іс жүзінде әрбір өңір мен әрбір мемлекет өзінің дербес даму үлгісін қалыптастыруда». Дер кезінде және нақты айтылған пікір дер едік. Елбасымыз бұл қатерді неге ескертіп отыр. Демек, өзге ұлттың даму үлгісінің бәрін көшіріп ала беру, өз еліміздің ерекшелігін, халқымыздың ділін, мінезін, рухани және материалдық құндылықтарымызды ескермеу бізде жоқ емес.
Осы тұрғыда, қазіргі уақытта халық көңілінен шықпай, ерекше алаңдатып отырған мәселенің бірі - бірінші сыныптан бастап ағылшын тілін енгізу, жоғарғы сыныптарда жаратылыстану пәндерін ағылшын тілінде оқыту дер едім. Жаратылыстану пәндерін ағылшын тілінде мектепте және жоғары оқу орындарында жаппай оқыту қазақ тілінің ғылым тілі бола алмайтындығының басты кепілі болмақ. Қатер ме? Әрине, қатер. Білім жүйесінде шетелдің бәрі жақсы екен деп, түгел сол жүйені көшіріп әкеле салғанда, жоғары деңгейде дамып кетеміз деу күпірлік қана емес, оның ар жағында ұзаққа шаба алмайтын шабандық та жатады. Елбасымыз ескертіп отырғандай, қазақ білім жүйесінің өзінің дербес даму үлгісі жасалуы қажет. Ол ұлттық сананы, ұлттық рухты асқақтатып, жастардың бойындағы ұлттық сананың кемелденуіне жетелеуі тиіс. Н. Ә. Назарбаевтың «ұлттық код, ұлттық мәдениет сақталмаса, ешқандай жаңғыру болмайды» деуінің мәнісін терең түсіну абзал. Бірінші сыныптан балаларға үш тілді оқытуды немесе жаратылыстану пәндерін тек ағылшын тілінде оқытуды қолдамау үштілділік идеясына қарсылық емес. Ағылшын тілін оқудың, үйренудің бүгінгі таңда еліміздегі жастар үшін мотивациясы да жоғары, мүмкіндігі де мол. Болам деген баласына ата-анасы кез келген тілді ақылы түрде оқыта алады. Бұл біздің ұлттық кодымызда жаңғырған, қажеттілікке айналған, кодталған мінез. Ал оқығысы келгендерге арнап, тегін әрі өз қалауынша оқып үйрену үшін, ағылшын курстарын ашып қою арқылы да көп мәселені шешуге болар еді.

Бірақ қорытындалай келе айтарым, қазақ тіліміздің мәдени коддын рухани байлықпен дұрыс әрі қарай дамыттсақ, еліміздің тілдік жағынан ерекшеліктерін көркетуге әбден мүмкін деп санаймын.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ұлттың мәдени кодының сақталуындағы қазақ тілінің рөлі
Мәдениет морфологиясы туралы
Қазақ халқының мәдени коды
Ұлттық кодтың қалыптасуындағы отбасының ролі
Ұлттық сана ұлттық тілмен қалыптасады
Қазақ халқының тарихи, философиялық мұрасы ретіндегі қазақ мифтерінің мәні мен мазмұны
Мәліметтер қоймаларының басқару жүйелері
ҚАЗАҚ МӘДЕНИЕТІНІҢ ҚҰНДЫЛЫҚТЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Мәдениет түсінігінің қалыптасу тарихы: мәдениеттің мәнін және қызметін анықтау
ҚЫТАЙДАҒЫ ҚАЗАҚТАРДЫҢ ФОЛЬКЛОРЛЫҚ МҰРАЛАРЫНЫҢ ЖИНАЛУЫ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz