ҚОҒАМДАҒЫ ТІЛДІК АХУАЛДЫ ӘЛЕУМЕТТІК ТОПҚА БӨЛІП ЗЕРТТЕУДІҢ МАҢЫЗЫ


2 ТАРАУ. ҚОҒАМДАҒЫ ТІЛДІК АХУАЛДЫ ӘЛЕУМЕТТІК ТОПҚА БӨЛІП ЗЕРТТЕУДІҢ МАҢЫЗЫ
2. 1. Қоғамдағы әлеуметтік топтарды жіктеудің лингвистикалық негізі
Әлеуметтік лингвистиканы макро- және микроәлеуметтік лингвистика деп бөлушілік көбіне әлеуметтануды макро- және микроәлеуметтану деп атауға ұқсатудан шыққан. Макроәлеуметтану бүтіндей қоғамның дамуы мен қызмет етуін қарастыратын жаһандық үдерістермен айналысса, микроәлеуметтану жекелеген адамға, әлеуметтік топ мүшелеріне назар аударады.
Макроәлеуметтік лингвистика тілде өзіндік орын алатын қандай да бір әлеуметтік факторлармен байланысқан ірі көлемдегі процестер мен қатынастарды зерттейді. Бұл үдерістер мен қатынастар бүтіндей қоғамды немесе біршама көлемді адамдар жиынтығын: әлеуметтік жіктерді, этносты, этникалық топтарды т. б. сипаттауы мүмкін.
Қарым-қатынас ортасы бірнеше әлеуметтік топтарға бөліне алады. Қарым-қатынас ортасының «әлеуметтік топ», «әлеуметтік ұжым», «әлеуметтік бірлестік» сияқты бірліктерден ерекшелігі ол қоғам шегінде емес, халық шеңберінде қалыптасады. Бұл терминнің мәні сондай-ақ «этникалық бірлестік» ұғымымен де сәкес келмейді: өйткені қарым-қатынас ортасы этникалық ортамен сәйкес келуі міндетті емес.
Кез келген әлеуметтік топ мынадай бес түрлі белгімен сипатталады:
1. Топтық байланыс типі. Мұнда адамдардың достық немесе туыстық қарым-қатынасымен байланысқан формалды емес тобы мен туыстық немесе достық қатынасы жағынан байланыспайтын формалды (саяси партия, жұмыс ұжымы т. б. ) топтарын айыру керек.
2. Байланыстың ұзақтық дәрежесі. Мұнда белгілі бір мақсатқа жеткеннен кейін тарап кететін уақытша топтар мен жеке адамның өмір бойғы немесе одан да ұзақ тұрақты (ұзақ мерзімді) тобы ажыратылады. Осындай екінші типке этнос (тайпа, халық, ұлт ) жатады.
3. Топ саны. Аз санды әлеуметтік топ деп барлық мүшелері бір-бірімен жекелей байланыс жасау мүмкіндігіне ие болатындарды айтамыз. Үлкен әлеуметтік топ мұндай мүмкіндікке ие емес.
Мұндағы мүшелердің өзара байланысы басқаша (әкімшілік ұжым, жазбаша қатынас, бұқаралық ақпарат құралдары т. б. ) болады.
4. Мүшелік ерекшелігі. Топқа мүше болу кейде автоматты түрде, яғни туа салысымен болуы не белгілі бір топтық ынтымаққа жеткенге дейін ерікті түрде, яғни жеке адам саналы түрде топты таңдап мүше болуы мүмкін.
5. Топтың ынтымақ типі. Әлеуметтік топ мүшелері арасында ортақ мүддеге байланысты белгілі бір қатынас типі белгіленеді. Мұнда туыстық, этникалық, саяси, кәсіби, топтық және тілдік ынтымақ болып бөлінеді [1. 33] .
Жоғарыда санамаланып көрсетілген белгілер негізінде алғашқы (первичный) тілдік қауымдастықты формалды, ұзақ мерзімді, автоматты мүшелікті және ынтымақта болатын үлкен әлеуметтік топ деп анықтауға болады. Тіл бұл жағдайда жеке адамдар мен ұжымның мүдделері арасындағы қарым-қатынасында байланыстырушы звено ретінде көрінеді.
Жастар тілі - бұл көзқарастары, қызығушылықтары, дүниетанымы ұқсас, 13 пен 25 жас аралығындағы тұлғалардың құрдастарымен немесе басқа да адамдармен еркін қатынас шеңберінде қолданатын, жалпыұлттық тілдің құрамындағы ерекше тілдік бірлік. Жастар тілі топ тілі терминімен тікелей байланысты. «Топ тілі - жеке адамдардың өзіндік ерекшеліктері бар қарым-қатынастары тұрақты түрде, ұзақ мерзімге созылған жағдайда қалыптасады. Топ тілі өзара бейімделу, өзара икемділік, мәселені бірдей түсінуге ұмтылыс, мәнмәтінге тәуелділік, жарыспалаудың болмауы немесе оның аздаған көрінісі, стереотипті сөйлестік, калька мен таптаурынның, қысқарған сөздердің көп болуы арқылы сипатталады [2. 237] .
Жаргон - тұрақты жеке әлеуметтік топтың ауызекі қолданыстағы сөйлеу түрі. Бұл топтағы адамдар қызметіне, қоғамдағы орнына, жасына қарай ұйымдасады. Жалпы халық тілінен жаргон айрықша лексикасымен, фразеологизмдерімен және сөзжасамдық тәсілдерімен ерекшеленеді. Жаргондық лексиканың үлкен бөлігі - бұрын өмір сүрген әлеуметтік топтардың «мұрасы». Бір жаргоннан басқа жаргонға өту кезінде сөздің мағынасы өзгеріске ұшырауы мүмкін. Жаргонның лексикалық қоры басқа тілдерден толықтырылып отырады. Мысалы, «чувак» - сыған тілінде - бала, жігіт деген мағынаны береді. Кейде сөздердің көпшілігі тұлғалық өзгеруден пайда болады. Мысалы, «баскет» - баскетбол, «телик» - теледидар.
Сөз мәдениеті тілдік құрылымдық жүйені тілдік емес құрылымдармен тығыз байланысты қарастыруы керек, өйткені тілдік емес мәнділіктер тілдік құралдар мен стильдік, риторикалық амал-тәсілдерді таңдап-талғауға, мәтін түзіліміне мықтап әсер ететін негізгі факторлардың бірі болып саналады.
Тілдік коммуникацияның сапасын қарастыруда сөз мәдениеті ғылыми пән ретінде диалогтік принципті басшылыққа алуға тиіс. Өйткені осы кезге дейін сөз мәдениетін тексеруде монологтік принцип үстем болып келді. Тілдік коммуникация адресанттың/автордың/коммуникатордың/сөйлеушінің позициясы тұрғысынан тексерілді, ал адресаттың/оқырманның/ коммуниканттың/реципиенттің, тыңдаушының позициясы ескерілмеді. Мұндай жағдайда тілдік коммуникацияға баға беру тек авторлық позиция тұрғысынан болса, тілдік қарым-қатынастың сәтті-сәтсіз болуының себептері толық ашылмай қалады.
Жастардың қолданысындағы көптеген сөздер немесе тіркестер көп жағдайда тілдік нормадан ауытқып жатады. Бұл мәселе тілші ғалымдардың назарынан тыс қалмайды. Көркем әдебиетті техниканың түрлі жетістіктеріне алмастырған жастар тілінің жұтаңдығы, қысқа қайырыммен сөйлеуі, ойларын жеткізудегі мәнерлілігінің жоқтығы күн санап, уақыт озған сайын тереңдеп барады. Кезінде ата-анасының әке-шешесінің, оның ата-бабасы, оның арғы бабалары сөйлеген ұлттық нәрлі тілі бүгінгі күнде өңінен айырылып, бейнелігін азайып кетті. Лингвоэкологиялық мониторинг көпшіліктің сөйлеу мәнеріндегі лексикон мен фразеологиялық қордың тым жұтаңдығын айғақтайды. Бұл ересектерге де, жастарға да тән көрініс болғаны айқын.
Студент жастар тілінің сөйлеу мәнері күн өткен сайын шұбарланып, түсініксіз сөйлемдер нормаға айналып барады. Бұл сөйлемдер ішінде бейнелілігі ешбір ақылға сыймайтын «фразеологизмдер» жетерлік. Мысалы, жастар тілінің шұбарланғанын тек орыс тіліндегі сөздерді қосып, жаргондармен сөйлеуі ғана емес, қазақтың сөйлеуіне тән тұрақты тіркестер де сөйлеу тілінде әбден бұзылды.
Кейбір тұрақты тіркестер, мәселен, «поставить на место - орнына қою» - бұл таза калька. Ал «пожирать глазами - көзімен адам жеу» де - калька, алайда бейнелілігін сақтап қалған. Осылардың қатарына лақтырып кету, лапша ілу, құлақтан тебу - алдап кету, сындырып кету, бөшке домалату - жала жабу, фарын сындыру, т. б. тіркестерді жатқызуға болады. Бұл орыс тілінің әсерінен сөйлеу тіліне әбден дендеп кеткен. Жастардың сөйлеу мәдениетінде екінің бірінде осы тіркестер кездеседі. Кейбір тіркестердің пайда болу, жасалу мотивациясы бірден түсінікті. Жастар тілінде «алдап кету» мағынасындағы жиі қолданылатын «қоянның суретін салып кету - бүгінгі ұрпақтың бала кезінде көріп өскен «Қап, бәлем, қоян!» («Ну, погоди!») мультфильміндегі қоянның қасқырды үнемі алдап кетуі, күліп тұруы осы тұрақты тіркестің жасалуына, қалыптасуына уәж болған деуге болады.
Жастар тілінің субъектілері - жастар. Әлеуметтік топтың бұл түрі - халықтың басым бөлігін құрайтын топ. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің мәліметтері бойынша, 2019 жылы 14 пен 28 жас аралығындағы жастардың саны 3 830 536 адамды құрады. Елдегі жастардың үлесі ел халқының төрттен бір бөлігін құрайды. Соңғы жылдары жастар саны 70 мың адамға азайды. Жалпы, жастар санының азаюы соңғы 5-6 жылдағы үрдіс болып табылады, себебі 1980 жылдардың соңында туылған жастар біртіндеп жастар қатарынан кетеді, ал олардың орнын 90-шы жылдардың бірінші жартысында дүниеге келген аз ұрпақ алмастырады. Сонымен, 2014 жылдан бастап 2019 жылға дейін жастар санының 10, 8%-ға төмендеуі байқалды.
Жастар үлесінің азаюы, тек абсолютті түрде ғана емес, сонымен қатар салыстырмалы шамалар бойынша да байқалады. 2014 жылы жастардың үлесі жалпы халықтың 25%-ын құрады, ал 2019 жылдың басында бұл үлес 20, 8% дейін төмендеді. 2014 жыл бастап 2018 жыл аралығындағы жастар санын жас топтары бойынша салыстыру нәтижесі оның айтарлықтай төмендегенін көрсетті (1. 2-сурет) .
Жастардың басым көпшілігін үлкен жастағы топтар құрайды. Мысалы, 2014 жылғы мәліметтер бойынша, ең төменгі жас 14 жасқа келеді, одан кейін 25 жасқа дейін біртіндеп өсу байқалды. 1989 жылғы жастар 25 жасқа 2014 жылы толды, бұл топ тек 2018 жылы жастар қатарынан шыққанын айта кету қажет.
2018 жылы ең көп жастар үлесі - жасы үлкен топтарды қамтыды. Атап айтқанда, ең көп тіркелгендер саны 1990 жылғы туылғандар, жиырма сегіз жастағылар болды. Қазіргі уақытта олар жастар қатарынан шықты, бұл биылғы жастар үлесінің азаюының басты себептерінің бірі болды. Бірте-бірте жастардың қатары кейінгі туылғандар есебіненкеми бастайды, және мәліметтер көрсеткендей, бұл сан жағынан ең үлкен жас топтары. Осылайша,
алдағы төрт-бес жыл ішінде елдегі жастар санының қысқаруы жалғаса береді.
Бұдан бөлек, басқа да тендеция көрініс береді. 2018 жылғы үлестірімге сәйкес ең төменгі үлес он сегіз жастағыларға тиесілі болып отыр, төрт жыл бұрын бұл үлес он төрт жастағыларға тиесілі болған еді. Яғни, біртіндеп жастардың қатарын 2000-шы жылдары туылған көбірек жас топтары толықтыратын болады. Бұл тенденция алдағы бес-алты жыл ішінде жастардың қатарына ең үлкен демографиялық топ болған 1980-ші жылдары туылған адамдардың балалары толықтыра бастайтындығын ескере отырып күшейеді. Осылайша, жастар үлесінің өсуі жиырмасыншы жылдардың ортасына тиесілі екенін ескере отырып, ол 2030 жылы өңірдегі ең жоғарғы деңгейге жетеді.
Дәл осы сәтте Қазақстан демографиялық қысымның ең жоғарғы деңгейіне тап болады.
Қазақстан өңірлерінде жастардың таралуын талдау нәтижелері (1. 3-сурет) оңтүстік өңірлерде солтүстікке қарағанда жастардың сандық үлесі басым екендігін көрсетеді. Осылайша, Алматы, Түркістан облыстары, сондай-ақ Алматы және Шымкент қалалары елдегі жалпы жастар санының 39, 4%-ын құрайды. Егер біз Жамбыл және Қызылорда облыстарын аталған әкімшілік бірліктерге қосатын болсақ, онда олардың үлесі 50% -дан асады. Демек, барлық қазақстандық жастардың жартысынан көбі алты өңірде тұрады. Абсолюттік тұрғыда ең көп саналатыны - 456 мыңнан астам жастар тұратын Түркістан облысы. Одан кейін Алматы қаласы (407 мың) мен Алматы облысы (401 мың) жалғастырады. Барлық жастардың ең аз үлесі Солтүстік Қазақстан (102 мың), Батыс Қазақстан (132 мың) және Атырау (134 мың) облыстарында тұрады.
Өңірлер бойынша жастар үлесін талдау көрсеткендей, сегіз өңірде жастар үлесі республикалық көрсеткіштен асып түсті, олардың арасында Қазақстанның солтүстік бөлігінен бірде-бір өңір жоқ (1. 4-сурет) .
Республикалық орташа көрсеткіштен төмен индикаторлар негізінен солтүстік және шығыс өңірлерден тұрады. Алматы облысы бұлардың қатарында емес. Алматы облысының көрсеткіштері абсолютті түрде өте жоғары (сандар бойынша үшінші позицияда тұр), алайда салыстырмалы мәндерді қарастырғанда, бұл облыс жастар үлесі бойынша төмен өңірлердің қатарына кіретіні анықталды. Керісінше, салыстырмалы түрде батыс өңірлері (Атырау және Маңғыстау облыстары) халықтың ішкі құрылымы бойынша жастардың көптігімен сипатталады.
2019 жылы жастардың қала/ауыл бойынша бөлінуі қала тұрғындарының арасында басым екенін көрсетеді (56, 8%) (1. 5-сурет) . Сонымен қатар, 2014 жылдан бастап 2019 жылға дейінгі уақыт аралығында қала жастары үлесінің өсуін көрсетеді, дегенмен өткен жылы аздап төмендеді (-0, 2%) . Бұл ретте 2014 жылдан бастап 2019 жылға дейінгі кезеңдегі динамика + 1, 9% құрайды.
Тағы бір маңызды аспект - жастарды гендерлік аспект бойынша бөлу. Ер адамдар арасында шамалы басымдық байқалады (1. 6-сурет) .
Республиканың әртүрлі өңірлеріндегі гендерлік тепе-теңдік туралы айтатын болсақ, жағдай төмендегідей. Ерлердің басым көпшілігі бар өңірлер қатарына Түркістан (53, 1%), Солтүстік Қазақстан (52, 5%), Алматы (52, 2%) және Қызылорда (52, 1%) облыстары жатады. Сонымен қатар, әйелдердің басым бөлігі бар өңірлер бар, олардың үшеуі де республикалық маңызы бар қалалар, атап айтқанда Шымкент (48, 5%), Нұр-Сұлтан (48%) және Алматы (46, 4%) . Егер жас әйелдер сандық жағынан басым болса, бұл аймақтарда да пайыздық мөлшері де басым болуы керек. Барлық қалған өңірлер ерлердің шамадан тыс басым болуымен сипатталады.
Егер гендерлік тепе-теңдік бойынша динамиканы қарастыратын болсақ, онда мыналарды атап өтуге болады. Сонымен, 2018 жылы ерлердің үлесі 50, 7%, 2019 жылы бұл көрсеткіш 50, 8% құрады. Динамикалық перспективада ерлер санының өсуі өте баяу, жүреді, бірақ үнемі артып келеді. Сонымен, 1. 7-суретте 50, 2% -дан 50, 8% -ға дейін өсу көрсетілген (өсімнің шамалы, бірақ тұрақты екенін айта кету керек) . Сонымен бірге, бұл өсу күтілетін өзгеріс шегінде.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz