Бүгінгі жастар тіліндегі бірегейлік


2. 3. Бүгінгі жастар тіліндегі бірегейлік
Жастардың сөйлеу мәдениетінде басқа әлеуметтік топтарға қарағанда өзіндік ерекшеліктер бар. Ол ғылыммен де, түрлі әлеуметтік эксперименттермен де дәлелденген. Н. И. Лобачевский атындағы Нижегород мемлекеттік университетінің ғалымы З. Н. Орлова «Молодежная субкультура: особенности и парадоксы» атты мақаласында жастардың субмәдениетінің оң және теріс тұстары жөнінде біршама тұжырымдар жасаған. Төменде ғалымның жастар мәдениетін қалайша жіктегенін көруге болады:
Әр нәрсенің екі ұшы болатынындай, жастар тілінің де екі жақты мәселелері бар. Бірі бүгінде ғалымдар, ересектер тарапынан көп сыналып жүрген жастар сөйлеу мәдениетінің төмендігі болса, екіншісі жастар тіліндегі бірейгейлік, яғни жастар тіліндегі ешкімге ұқсамайтын ерекшелік. Неміс әлеуметтанушысы Карл Маннгеймнің жастар жөнінде айтқан мынандай тұшымды пікірі бар: «Молодёжь является своего рода резервом, выступающим на передний план, когда такое оживление становится необходимым для приспособления к быстро меняющимся или качественно новым обстоятельствам. Динамичные общества рано или поздно должны активизировать и даже организовывать их (ресурсы, которые в традиционном обществе не мобилизуются и не интегрируются, а часто подавляются) » [1] . Ғылым мен техниканың қарқынды дамуы - заман талабы. Жастар да сол талапқа сай өсіп келе жатыр. Бұл үлкен процесс нәтижесінде жастардың тілі жаңа терминдермен толығып, күнделікті өмірде жастар тарапынан көп қолданылып жүр.
Жастар қазіргі тілімізде қаптап жүрген «паразит» сөздерді түрлі мақсатта қолданатыны анық. Ғалым З. Н. Орлова - жастардың «паразит» сөздерді қолдану себептерін ашып көрсеткендердің бірі. Ғалымның пайымынша, жастар қолданатын сөздер бір жағынан жастардың жеке оң қасиеттерін ерекшелеп көрсетсе, екінші жағынан бойындағы кемшіліктерді де танытады. Ғалымның сөзімен айтсақ, «для значительной части молодежи характерны такие качества, как конформизм, эмоциональная сухость, индивидуализм, потребительство, созерцательность, инфантилизм, слепое поклонение отнюдь не всегда достойным кумирам. Не высоко ценят современные подростки такие качества, как скромность, вежливость и интеллигентность, честь и достоинство, аккуратность и точность. Одной из основных причин усиления негативных тенденций социализации молодежи стало противоборство систем ценностей и мировоззрений, противостояние различных (порой диаметрально противоположных) взглядов на сущность и будущее культуры, а следовательно и человека» [2, 103] .
Жоғарыда айтып кеткеніміздей, жастар тілінің қазіргі заманға сай дамуының кері жақтары да бар. Жастар тіліндегі «паразит» сөздер - қазақ халқының ұлттық мәдениетіне, танымы мен талғамына, ұғым-түсініктеріне жат сөздер.
Жастар көбіне басқа адамдардан ерекшелену үшін, үлкендерге өзіндік «менін» дәлелдеу үшін, замандастарына дара екендігін таныту үшін қисынсыз сөздерді қолданып жатады. Орлов университетінің доценті В. В. Чернышенко жастардың «паразит» сөздерді қолдану мақсатына күнделікті тіршілікті, әлеуметтік қиындықтарды, экономикалық және саяси мәселелерді, қоршаған ортаға деген наразылықты, ішкі күйзеліс пен түрлі эмоцияларды жатқызады. Нақтырақ айтсақ: «Для молодого поколения общение в рамках неформальных объединений является реальной возможностью оградить себя от повседневных хлопот, социальных потрясений, экономических и политических проблем, дает возможность выразить свои эмоции и переживания, непонятные и чуждые официальному окружению (родителям, преподавателям, начальству и т. д. ) . Они являются для молодежи экзистенциальным пространством, в котором может быть налажена здоровая межличностная коммуникация, удовлетворены информационные потребности, обеспечен психологический комфорт, получен важный опыт взаимодействия в коллективе, позволяющий адекватно оценивать себя и окружающих» [3, 106] . Жастар тілінің өзгерістерге ұшырауына түрлі факторлардың әсері бар: отбасы мен оқу орнындағы ұрсыстар, ересектерге деген наразылық, ішкі жалғыздықты жеңуге тырысу, еркіндікке деген талпыныс және т. б. Осы тұрғыда ғалымдар сауалнама жүргізіп, мынадай нәтижеге ие болған:
Сонымен қатар 14 пен 20 жас аралығындағы жастар еліктеуге, өзін-өзі көрсетуге, «ерлік» жасауға бейім әрі дайын келеді. Орыс тілінде бұндай ерлікті «юношеский максимализм» деп атайды. Ғалымдар жастар максимализмін өте қауіпті ауруға ұқсатады. Кейбір жастар максимализм арқылы жетістікке жетіп жатса, енді біразы сыртқы бейнелерін өзгертіп, тілдерін шұбарлап, қимылдарын жасанды әрекеттермен алмастырып асыра сілтеп кетті. Десек те, бүгінгі жастар өзінің осындай тілдік бірліктері арқылы басқа әлеуметтік топтардан ерекшеленіп тұрады. Ендігі кезекте жастар тіліндегі ерекше бірліктерге назар аударсақ:
Анашың - ыстық ұя, ақ отауың.
Соңғы рет қашан сүйдің, есіңе алшы,
Аялы ата-анаңның алақанын (М. Әлібек) .
Ата-анаңның хәлі қалай?
Аман-сау жүрсін сенің бағыңа орай?
Болса да қандай жағдай солар үшін,
Мінезің болу керек мамыражай.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz