ТІЛДІК СӘЙКЕСТІЛІКТІҢ ӘЛЕУМЕТТІК ЛИНГВИСТИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1-ТАРАУ. ТІЛДІК СӘЙКЕСТІЛІКТІҢ ӘЛЕУМЕТТІК ЛИНГВИСТИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1. Тіл саясаты, мемлекеттік тіл және тілдік сәйкестілік
Қазіргі әлеуметтік лингвистика ғылымы ХХ ғасырдың ортасында, Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі кезеңде зерттеле бастады. Əлеуметтік лингвистика - тілдің құрылымын, дамуы мен қызмет етуін қоғамдық бірлікте қарастыратын, тілдің қоғамға, қоғамның тілге əсер етуін зерттейтін ғылым. Сондай-ақ ол тілдің қоғамдық қызметін, оның түрлері жəне тілдің қызмет етуінің нақтылы тарихи əлеуметтік жағдайда тəуелділігін зерттейтін тіл білімінің дербес саласы. Əлеуметтік-коммуникативтік жүйе, оның компоненттерін нысана етеді. Əлеуметтік лингвистиканың бірден-бір маңызды нысанасы болып табылатын этнолингвистикалық жəне тілдік жағдаят проблемасын, ондағы біртілділік, қостілділік, көптілділік жəне диглоссия мəселелерін зерттейді.
Тілдердің əлеуметтік лингвистикалық классификациясын, яғни тілдердің атқарып отырған қоғамдық қызметі бойынша топтастырылуын, əлемдік тілдер, олардың əлеуметтік қызметі мен құрылымдық мəнін (кең таралымдығы, саналы түрде таңдалып қабылдануы, қызмет ету аясы, өзіндік құрылымдық ерекшелігі, байлығы мен тұжырымдылығы т.б.) болашақ тілі жөніндегі мəселелерді нысана етеді.
Әлеуметтік лингвистикамен шектес жатқан ғылыми пән - бұл демография. Әлеуметтік лингвистикаға көмекші құрал әрі зерттеу әдісінің қайнар көзі болып табылады. Демография мемлекеттің не белгілі бір аймақтың өлім, туу, неке құру, отбасы құрылысы, халық саны мен этникалық топтардың заңдылықтарын қарастырады; халықтың жас, жыныс, этникалық ерекшелігін зерттеп, халық саны мен жанұя саны арасындағы өзгерістерді қарастырып, елдің біртұтас демографиялық өсім не кему сипатын баяндайды. Демография пәні әлеуметтік лингвистиканың қосымша құралы саналады. Өйткені демографиялық деректер әлеуметтік лингвиска ғылымына тілдік ахуал мен жағдайға болжам жасау үшін, белгілі бір аймақтағы тілдік үрдістің заңдылықтарын анықтау үшін қажет.
Қоғамдық-саяси саладағы тілдердің қолданыс заңдылығын анықтаумен айналысатын әлеуметтік лингвистика ғылымында тілдік ахуал, тілдік жағдаят немесе тілдік ситуация, тілдік саясат, мемлекеттік тілдік саясат ұғымдары жиі қолданылады. Қазіргі таңда тілдік ситуация немесе тілдік ахуал түсініктері жеткілікті деңгейде анықталған, сараланған десек болады. А.В.Аврорин тілдік ахуалды тілдер мен олардың формаларының тығыз қарым-қатынасының нақты типтік үлгісі әрі оның аталған тарихи даму кезеңінде халықтың қоғамдық өмірінде қолданыс табуы деп көрсеткен [1.75]. Ал Л.Б.Никольский тілдік ахуал дегенді этникалық қоғамда немесе әкімшілік-территориалдық аймақта қолданылатын тілдер мен функционалды стильдердің жиынтығы деп береді [2].
Тілдік ахуал (лат. situacio - положение, ор. языковая ситуация, ағыл. language situation) - қоғамда тілді (тілдерді) шынайы пайдаланатын ортаның жағдайы; белгілі бір тарихи кезеңде сол бір əкімшілік-аумақтық бірлестікте (этникалық қауымдастықтағы) қолданылатын тілдердің жиынтығы, тілдің, аумақтық жəне əлеуметтік диалектілердің, койненің, жаргондардың тірлігінің формасы [3.102].
Қазақстандағы тілдік ахуалға сипаттама беретін болсақ, Қазақстанның экзоглосты, теңшелмеген, диглосты жəне демографиялық жағынан тең емес сипатқа ие (Э.Сүлейменова). Қазақстан - тегі жағынан жəне құрылымдық типі жағынан əртүрлі тілдерде сөйлейтін жұрты бар көптілді мемлекет болып саналады. Алайда, атқаратын қызметтерінің көлемі жағынан этникалық топтардың тілдерінің шамалары тең емес (Қазақстан Республикасы тілдік саясатының тұжырымдамасы), сондықтан коммуникативтік кеңістіктен тілдердің нақты орын алуы демографиялық жəне жұмсалымдық жағынан қуатты екі тілдің, қазақ жəне орыс тілдерінің, пайдасына шешіліп тұр, өйткені қостілді, үштілді қоғамдастықтардың көбі (ұйғыр, дүнген жəне кейбір басқа топтарды қоспағанда) шашыраңқы қоныстанған жəне олардың ұлттық-аумақтық құрылымдары жоқ.
Ал тілдік саясат арнайы мемлекеттік стратегияның бір бөлігі болып саналады әрі жоспарлы түрде іске асады. Тілдік саясаттың ықпалынан елде тілдік ахуал немесе тілдік жағдаят пайда болады.
Тілдік саясат (грек. politike мемлекет басқару өнері, ор.языковая политика, ағыл. language policy, language politics) - мемлекеттік саясаттың ажырамас бөлігі; тілдік жоспарлаудың белгілі бір субъектілерінің (мемлекеттік билік, әлеуметтік топтар, элиталар, халықаралық ұйымдар, партиялар, таптар т.б.) тілдің қызметіне, тіл дамуына саналы әрі мақсатты түрде ықпал етуінің теориясы мен тәжірибесі; қолданыстағы тілдердің қызмет етуіне мақсатты және ғылыми негізде басшылық ету және тілдік қатынас құралдарының жаңа түрлерін жасау және жетілдіру. Тілдік саясат елдегі тілдік ахуалдың дамуындағы стратегиялық бағытты белгілейді, жүзеге асатын тілдік жоспарларды реттейді, тілдік заңнамада және тілдерді қолдану мен дамытудың мемлекеттік бағдарламаларында бекітіледі [3.107].
Тіл саясаты дегеніміз - мемлекет, қоғамдық ұйымдар тарапынан жүзеге асырылатын қоғамдағы тілдік жағдаятты өзгертуге немесе тұрақтандыруға бағытталған саяси, әлеуметтік және лингвистикалық шаралар жүйесі.
Тіл саясаты - қандай да бір тілдік ортадағы тіл тұтынушылардың бағыт-бағдарын қалыптастыруға және өзгертуге бағытталған сол мемлекетте өмір сүріп отырған халық тілдерін дамыту жөніндегі мемлекеттің саясаты. Қоғамдағы мемлекеттік тілді, этникалық тілдерді дамытуға арналған заңнамалық актілер жиынтығы ұлттық саясаттың тілдік аспектілерін, тілдердің нормалануы мен стандартталуы мен өзіндік дамумен байланысты мәселелерді қамтиды, проблемаларын қарастырады. Тіл саясаты белгілі бір аймақтағы этносаралық қатынастарды реттеуге немесе оны ушықтыруға да себебін тигізуі мүмкін. Ғалымдардың пікірінше, тіл саясатының басты мақсаты тілдердің мәдени құндылық факторы ретіндегі қызмет етуіне жағдай жасау, сол арқылы жалпыұлттық бірлікке сәйкестендіру болуы керек.
Тіл саясатының тиімділігі мен нәтижелігі тіл тұтынушы субьектілер мен тіл саясаты объектілерінің қатынасын реттеуге қатысты болады. Тіл саясатының субьектісіне мемлекет, басқа да ресми органдар жатса, тіл саясатының обьектісіне тілдік топтардың өкілдері, жалпы тіл тұтынушылары жатады [4.37].
Мемлекеттік тіл (ағыл. official, state language) - 1. Конституцияда, Тіл туралы заңда бекітілген ең жоғары саяси-құқықтық (заңды) мəртебесі бар тіл, оны тарату мен қолдану мемлекеттің міндеті болып саналады. 2. Мемлекеттік Ту, Елтаңба, Əнұранымен бірдей рəмізі əрі мемлекетпен бірдейлестіктің рəмізі болып саналатын тіл. 3. Қоғамдық-саяси, экономикалық-əлеуметтік, мəдени өмірінде біріктірушілік қызмет атқаратын тіл. 4. Мемлекеттік жəне қоғамдық өмірде анағұрлым маңызды қызмет атқаратын, қоғамға - мемлекеттік басқаруға, заң шығаруға, сот ісін жүргізуге жəне дипломатиялық өкілдікке (мемлекеттің аумағында жəне одан да тыс жерде) барынша қызмет ететін тіл (ҚР Тіл саясаты тұжы- рымдамасы); мемлекет ішінде əкімшілік-саяси жəне əлеуметтік-экономикалық əрекеттестіктің тілі; мемлекеттің этностық құрамының қандай екеніне қарамай оқытудың барлық сатысында білім беру тілі; БАҚ жəне жаңа ақпараттық технологиялардың тілі [4.83].
Тіл таңдау кез-келген тұлғаның тілге деген көзқарасы негізінде,белгілі жағдайға байланысты тіл таңдауы кезінде анықталады. Тілдік жағдай (ағылшын тілінен Language situation) қоғамда тілдің нақты қолданылуы, тілдің өмір сүру формалары белгілі бір этникалық қауымдастықта аумақтық жəне диалекті, жаргондар, койнелердің жиынтығы. Яғни, бір тарихи кезеңге, мемлекет, əкімшілік саяси құрылымдар немесе аймақтық бірлестіктер, аймақтар шегінде тұратын қоғамға (этнос, саяси-этностық қауымдастық) қызмет ететін тілдер мен тіл варианттарының иерархиясы.
Қоғамдағы тілдік жағдайды қалыптастыратын жəне өзгертетін тіл қызметіне қоғамның əсер ету негізгі əдіс - тəсілдерінің ішінде тілдік саясат ең маңызды фактор болып табылады. Құрылымдық-тілдік саясат тіл қызметінің кеңейуіне, қолдану аяларына, əлеуметтік-коммуникативтік рөлдің жоғарылауына, əдеби тілдерді жасау мен дамытуға бағытталған.
Тілдік саясат түрлері тілдік жағдайлар түрлеріне байланысты өзгеріп отырады: 1. Тілдік саясат монотілдік мемлекет жағдайында. 2. Тілдік саясат полиэтникалык мемлекет жағдайында. 3. Тілдік саясат берілген мемлекет шеңберінен тыс. Мультилингвалды аудандарда тілдік саясатты плюрализм, интеграция, ассимиляция, сегрегация ерекшелетеді.
Егер мемлекеттік саясат мультименгвалды қоғам консолидациясына, ұлтаралық қатынастардың толеранттылығы мен тұрақтылығына, барлық этникалық жəне тілдік топтардың теңдігіне (бұл принцип ҚР тілдер туралы заңда көрсетілген) бағыттала отырып, сонымен қатар тілдік саясаттың нақты бағдарламаларының мақсаты қоғамдық-саяси өмірдің салаларында тілдерді қызмет жағынан бөлінуін өзгерту не сақтау болып табылса, яғни жалпы мемлекеттік жəне ұлтаралық қатынас үшін тіл таңдау құқығы болса, плюрализм мен интеграция бірге жүреді. Сол үшін көпұлтты мемлекеттердегі тілдік саясаттың басты мəселесі-мемлекеттік (ресми) тілді таңдау, сонымен қатар миноритарлы этникалық топтар тілдерінің мəртебесін анықтау.
Тілдің мəртебесі - мемлекет өткізіп жатқан тілдік саясаттың негізін құрайтын белгілі бір тілдің құқықтық қызметін реттеу деп түсінеміз. Мемлекеттік немесе ресми тілді таңдаудағы факторларға тілдік қоғам саны, олардың елдегі саяси жəне экономикалық жағдайы жəне белгілі бір тілдің өмірдің барлық салаларында коммуникативтік құрал ретіндегі даму дəрежесі жатады.
Тілдік жоспарлау кезіндегі тіл таңдауға əсер ететін негізгі факторларды Н.Б.Вахтин мен Е.В.Головко топтастырған:
1. Əлеуметтік-демографиялық факторлар (тіл саны, осы тілдерде сөйлейтін адам саны жəне олардың географиялық таралуы).
2. Тілдің географиялық орналасуы.
3. Тілдік факторлар (тілдердің генетикалық жақындығы, олардың салыстырмалы қарапайымдылығы, модернизация дəрежесі, өйткені қазіргі заман талабына сай келмейтін, тілдер ресми тіл мəртебесіне ие бола алмайды, сонымен қатар ол мемлекет тілдерінің көпшілігінен алыстап кеткен тілдерге жатады).
4. Əлеуметтік-психологиялық факторлар (адамдардың əр тілге қатысы: мысалы 1991 жылға қарай Латвия халқының көпшілігі орыстардан тұрып, орыс тілін 100% меңгерсе де, зерттеушілер айтуынша орыс тілі Латвияның ресми тілі мəртебесіне көтеріле алмаған, өйткені кеңестік жаулаушылыққа қатыстырылған).
5. Саяси факторлар (мысалы, Орта Азия халықтарының бұрыңғы араб графикасының орнына латинизация мен кирилизациялануы).
6. Діни факторлар. Тілдік саясатты жүзеге асыру, əлемдік тəжірибе бойынша, бірнеше кезеңнен тұратын процесс болып табылады. Алғашқы кезеңде тілдік саясаттың мақсаттары мен міндеттері қалыптасады, заң негізінде ұлттық саясат пен тілдік саясаттың мемлекеттік концепциялары дамытылады, тілдік таңдау туралы шешім қабылданады.
Тілдік саясаттың болашағы зор, оның шеңберінде өткізіліп жатқан іс-шаралар тілдік жағдайды өзгертеді. Бірінші кезеңде маңызды болып табылатын нəрсе - тілдік болжам. Тілдік саясаттың екінші кезеңіне белгіленген мақсаттарға дайындау жатады, оған қалыпты лингвистикалық нұсқа таңдау, оны заңдастыру кіреді жəне тілдік жоспарлауды құрайды, яғни белгілі бір субьектілердің тілдік тəртіптеріне тіл қызметін ауыстыру, құрылымын реттеу, қалыпты жағдайлар жасау, саяси, білім беру, экономикалық, қоғамдық жəне лингвистикалық институттар арқылы тілдің мемлекет шекарасынан тыс таралу мақсатында нақты шаралар қолдану. Маңызды ңəрсе, тілдік саясатты ресми мемлекеттік мекемелер ғана емес, тəуелсіз ұйымдар да жасай алады.
Мемлекеттік деңгейде бұл кезең тілдік қызмет саласындағы заңдарды қабылдау мен осы саладағы халықаралық міндеттерге қосуды ұсынады. Биліктік емес деңгейде екінші кезеңде өкіметке қатысты талаптарды қабылдау жəне ғылыми-зерттеу мен мəдени білім беру шаралары өткізіледі. Бұл кезеңмен тілдік бекіту байланысты, ол дегеніміз белгілі бір тілдің пайдалану аяларын сақтау, кеңейту не шектету туралы шешім қабылдау, одан кейін халықаралық міндеттер мен ішкі заңдылық нормаларын тəжірибеге имплементациялау басталады.
Соңғы кезең - тілдік құрылыс мұнда тілдік саясат мүшелер ұсынатын жаңалықтарды бекіту үшін əлеумет мүшелерін көндіруге бағытталған күш жұмсайды. Қоғам мүшелері ұсыныстарға келісім беруі мүмкін не тіпті келіспеуі мүмкін. Ұсыныстардың қабылдану дəрежесі жасалып жатқан тілдік саясаттың əрекеттілігіне баға беруге мүмкіндік жасайды, сонымен қатар ел немесе аймақтың тілдік дамуын болжайды. Осы мəселенің ұлттық-тілдік аспектісін көпұлтты мультилингвалды қоғамды консалидациялау үшін əлеуметтік-экономикалық жəне конфессионалды аспектілермен байланыстыру қажет.
Кез келген мемлекеттің тілдік саясатының негізінде тілдік ортаны реттейтін заң актілерін қабылдау кезеңінде бар қоғамның этнотілдік мінездемесін жəне əкімшілік орта, білім беру жүйесі мен бұқаралық ақпарат құралдарында тілдің пайдалануын анықтайтын мақсаттар мен міндеттерді түсіну керек. Осы жағдай тілдік жағдайды тілдік жоспарлаудың теориясы мен тəжірибесіне керекті өзекті ұғым мен категория етіп бағалауға міндеттейді. Аймақтағы тілдік жағдайды түсіну үшін келесі сипаттар пайдаланады: тілдік саясат ерекшеліктері; тілдік заңдастыру мінездемесі, тілдердің ресми мəртебесі; қалыптасу тарихы мен тілдік жағдайдың сыртқы факторлары, тілдің сандық құрамы (көп жағдайда қала мен ауыл диаспораларында əртүрлі тілдер басым болады, қызметтік тілдер, т.б. ерекшеленеді): тілдердің демографиялық жəне қызметтік қуаты, олардың саны мен қатынасы; тілдік ұстанымдар (тасушылардың тілдік бағыты, жоғарғы дəрежелілігі, үйренуге құштарлығы, т.б.): тілдердің лингвистикалық себептері (функционалдық стильдердің болуы мен тұрақтылығы терминалогиялық жүйелердің дамуы, жазу дəстүрлерінің ұзақтығы, қаржылық жəне институттық қамтылуы (сөздіктер оқу құралдарын, кадрларды дайындау орны мен жүйесінің болуы), т.б.).
Əр елде, кейде əр аймақта тілдік жағдай қалыптасуының жəне пайда болуының өзіндік ерекшеліктері болуы мүмкін, мысалы, Қазақстан халықтары үшін өмірдің əкімшілік, экономикалық, мəдени жəне т.б. салаларында қатынас құралы ретінде орыс тілі үстем болған. Ана тілі тұлғааралық қатынастарда жəне оқытуда пайдаланған. Бір жағынан Кеңес Одағының құлдырауынан кейін орыстардың көп бөлігінің Қазақстаннан кетуі жəне керісінше, шет елдерінен туған жеріне оралмандардың қайтып келуі елдегі тілдік жағдайды күрт өзгертті. Оның бəрі титулды тілдерді қайта өркендеуі мен таралуымен тығыз байланысты. Этникалық жəне мəдени сəйкестендірумен өркендеу арқылы түсіндіріледі. Ақыр аяғы ол тілдік ортаны реттейтін заң актілерінің мінезін анықтайтын елді: барлық жаңа тəуелсіз мемлекеттерде мемлекет құрайтын ұлт тілдеріне мемлекеттік тіл мəртебесі берілген, сонымен қатар бірқатар елдерде орыс тілі ресми тіл жəне ұлтаралық қатынас тілі деп есептеледі.
Қазақстанның Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркменстан сияқты елдермен шекаралас жатуының геосаяси факторы маңызды болып келеді, ол шекаралас аймақтардың тілдік жағдайына əсер етеді. Қазақстан халықтарының тарихи демографиялық, этномəдени байланыстарының болуы, Ресей мен Орта Азия мемлекеттеріндегі соңғы 15 жылда болған өзгерістерге байланысты. Осы елдердегі тілдік заңдылықтарды қайта қарау керек. Алғашында Ресейдің мемлекеттік тілінің əлеуметтік-құқықтық мəртебесі 1991 жылы РСФСР РСФСР халықтарының тілдері туралы заңда анықталған. Осы заңмен мемлекеттік тілге керекті барлық əлеуметтік қызметтер көрсетілген - ресми қатынас, білім беру, ғылыми бұқаралық ақпарат құралдары, соттық іс тағы басқа, бірақ көрсетілген заңда олардың мазмұны көрсетілмеген, орыс тілінің қатынастың əр түрлі салаларында пайдалану ережелері орнатылмаған, осының салдарынан 2005 жылдың 1 маусымында Ресей Федерациясының Ресей Федерациясының мемлекеттік тілі туралы федералды заң қабылданды.
Орта Азиялық елдерде тіл туралы алғашқы заңдар бір уақытта жасалды, бірақ осы елдердегі этнодемографиялық, əлеуметтік-мəдени, құқықтық шарттар ерекшеленеді, ал тіл қарымқатынасының заңдық регламентациясы əр түрлі дəрежеде жасалған.
Қазақстан Республикасының, Ресей Федерациясының жəне Орта Азиялық елдердің тілдік заңдылықтарын салыстырудың көрсетуі бойынша, біріншіден Қазақстан Республикасының тілдік заң базасы бəрінен озып жасалған жəне тілдік жоспарлаудың талаптарына сай болып есептелінеді. Екіншіден, Қазақстан Республикасын заңдастыру мүшесі тілдік жоспарлау шеңберіндегі елдегі тілдік жағдайды өзгертуге бағытталған, үшіншіден, тілдер қабылданатын заң актілері жаңа тілдік саясаттың үш бағытын атап көрсеткен. Мемлекеттік тілдің əлеуметтік-коммуникативтік қызметтерін кеңейту мен бекіту: орыс тілінің жалпымəдени қызметтерін сақтау; қазақстан халықтарының тілдерін дамыту. Олар кез келген тілдің дамуына жағдай жасайды, төртіншіден, Қазақстан Республикасы тіл заңдылығы қазақ тілін жəне оның қызмет салаларын бағалай отырып оның қолданылу кеңістігін ұлғайтуға байланысты бағытталған, оның корпусының дамуы мен бекітілуін жəне кеңейуін көздейді; бесіншіден, орыс тіліне қатысты заң регламентациясының динамикасы ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz