Тілдік сәйкестіліктің орнығуындағы ана тілінің маңызы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
1.2.Тілдік сәйкестіліктің орнығуындағы ана тілінің маңызы
Қостілділік дегеніміз - адамзат қоғамына тəн, жалпыға ортақ əлеуметтік- лингвистикалық құбылыс. Яғни қоғамда екі тілдің бірдей көрініс алуы. Оның пайда болуы мен қалыптасу жолдарын сипаттап, болашағын бағдарлау үшін тіл мен қоғамның өзара байланысу заңдылықтарын жақсы түсінуі шарт. Тілсіз қоғам болуы мүмкін емес, қоғамнан тыс тіл деген əсте болмайды. Алайда қазіргі дүниежүзілік практикада екі тілді қатар пайдаланатын қоғамның болатыны сияқты, бірнеше қоғамға қатар қызмет ететін тіл де аз емес.
Жалпы алғанда, қазір бір ғана тілден тұратын қоғам кездесе бермейді. Қостілділіктің байыбына бару үшін осы мəселелер төңірегінде ой қозғау дұрыс. Қостілділік - белгілі бір территория көлеміндегі ұлтаралық (этносаралық) қарым-қатынасқа түсетін белгілі бір этникалық қауымдастық өкілдерінің, бүкіл қоғамның əр түрлі жағдайда екі тілді (əдетте ана тілі мен екінші бір тілді) алма-кезек немесе қатар қолдануы. Адам бір де бір тілді біліп тумайды, ендеше қос-тілділіктің ғажайып əлеуметтік құбылыс екендігіне шүбə жоқ.
Біздің, ана тілімізді жойып бара жатқан, қоғамдағы қостілділік - қазақ-орыс қостілділігі. Қазақ-орыс қостілділігі дегеніміз - қазақтардың көпұлтты қоғамда ана тілі-мен қабат орыс тілін ұлтішілік жəне ұлтаралық қатынаста қатар не алма- кезек қолдануы, екі тілдің əрқайсысын əр түрлі жағдайда керегінше пайдалануы.
Қазақ-орыс қостілділігі - Республикамызда кең тараған құбылыс, тарихи процесс. Бұл процесс қазақ, орыс халықтары өкілдерінің алғаш байланысқа түсе бастаған кезінен, Қазақстанның Ресейге қосылуынан əлдеқайда бұрын, екі халықтың көрші қоныстанған жерлеріндегі күнделікті қарым-қатынаста жеке адамдар арасында басталған. Қазіргі таңда қоғамымыз көпұлтты болғандықтан, қоғамда екі не одан да көп тілде сөйлейтін этникалық қауымдастықтар бар. Бірақ, біздің қоғамды қазақ-орыс қостілділігі аландатып тұр. Дегенмен ешкім тумысынан қостілді болып жаралмайды, өсе келе үйренуі мүмкін.
Бір жолы- белгілі бір тілді арнайы үйренуі болса, екіншіден, тұлғаның қоршаған ортасына байланысты. Қазақстан Республикасының көпұлтты құрамының өзі біздің мемлекетіміздің біртұтас құрылысына ықпал ете алған жоқ. Қазақстанның ұлттық құрамы негізінен алғанда толығымен өздерінің мемлекеттілігі бар, өзге этникалық қауымдастықтар мен топтардың келіп қосылуының есебінен өзгерді. Оған қоса, Қазақстан мемлекеттілігінің шекарасы қандай өзгеріске ұшыраса да, ол ешқашан басқа мемлекеттердің аумақтары есебінен кеңейтілген емес.[32,35-41]
Осы қоғамдағы қостілділік жағдайында ана тілінің алатын орны қандай? Біріншіден, бала дүниеге келгенде,өз ана тілін, ана сүтімен, ана əлдиімен бойына сіңіреді. Екіншіден,ол бала өсе келе отбасында қостілді болып шығуы мүмкін,онын себебі, ата-анасының əр ұлт өкілінен немесе шала қазақ болулары, баланың өз ана тілінде еркін сөйлеуіне əсерін тигізеді.Бұл жағдай, əсіресе, қала тұрғындарының арасында етек алып жүр.Сол себептен, өз ана тілінен гөрі, өзге тілде ,онын ішінде орыс тілінде,сөйлегенді ұнатып тұратын қазақ азаматтары біршама.
Қостілділік деген соң екі тілдің көрініс алып тұрады. Біріншісі - ана тілі де, екіншісі өзінің кейіннен игерген тілі. Егер қостілді адам екі тілдің біреуін ұмытып, түсінбейтін жағдайға тап болса, онда ол көп ұзамай қостілділер қатарынан шығып, біртілділер сапына көшеді. Яғни тұлға бір тілде ғана сөйлесе, ол біртілді болып саналады. Қостілділік, атынан көрінгендей, бір-бірінен ажырамас қос сыңарлы құбылыс. Егер адам, адамдар тобы, қоғам этникалық белгісіне қарай қанша алуан болса да, екі тілде сөйлесе ғана қостілді болып саналады.
Қостілділіктің даму бағдарламасын түзу үшін ана тілдері мен қостілділіктің өміріміздегі алатын орнын, қажеттілігін анықтап алу қажет. Ана тілі дегеніміз - күллі тіл атаулыдан ішкі құрылыс ерекшелігімен дараланатын, белгілі бір халықпен нақты кеңістікте тарихи бірге жасап, оның төл мəдениетін ұрпақтан-ұрпаққа үздіксіз ұластырушы, сол халық адамдарына (жас, жыныс, сенім, кəсіп, əлеуметтік жағдай айырмасына қарамай) түгелдей жəне жан-жақты қызмет ететін ұлтішілік қатынас құралы. Ана тілі ұғымын талқылауда бірнеше ыңғайластықтар бар. Бір жағынан, ана тілі - адамды өз халқамен, алдындағы ұрпақтармен, олардың рухани дүниесімен байланыстыратын ұлт тілі, ата-баба тілі[8,18].
Басқа жағынан қарағанда, бала меңгерген бірінші тіл (тура айтқанда анадан биологиялық ажырау кезінде жəне онымен əлеуметтік қарым- қатынасқа көшу кезінде (басқа да оны қоршаған адамдармен) бала меңгерген ананың тілі. Кейде ана тілі термині - адам терең жəне толық меңгерген тіл деп түсіндіріледі, бұл тілде тұлға жеңіл, тез жəне оңай өз ойларын айтады. Сонымен қатар тілдік қатынаста ыңғайлы болып табылады.
Ана тілі ұғымы ана жəне тіл деген сөздердің тіркесінен тұрады. Бірақ бұл ұғымды тура мағынасында қабылдасақ, түсініксіз болып тұратындай. Неліктен ана сөзін қолданғанына тоқталып кетейік. Өйткені баланың тілінің шығуына ананың орны ерекше. Түптеп келгенде, ана тілі - ата-бабаның тілі. Бұл тілдің анаға байланысты аталуы тілдің ұрпақтан ұрпаққа мұра болып жалғасуындағы, баланың тіл дамытуындағы ананың орны мен айрықша қызметіне байланысты. Шынында да бұл ұғым ананың тілі, ата-бабаның тілі дегеннен де кең мағынада түсінік береді. Демек, ана тілі - тайпа тілі, ұлыс тілі, халық тілі, ұлт тілі деген ұғымдарды бойына жинақтап тұрғандай. Қазіргі көптілді мемлекеттердегі тілдердің барлығы - өз халқы сақтап қалған тілдер. Сондай тілдердің бірі - қазақтың ана тілі. Көптеген ұлт өкілдері мекен ететін елімізде мемлекеттік тіліміздің мəрте-бесін көтеру қоғамымыз үшін аса қажет. Қазақстанда бір ғана ұлт бар - ол қазақ ұлты. Қазақстан Көп ұлтты емес, Көп этносты мемлекет деп айтуға үйренуіміз керек. Қазақ тілін ең бірінші қазақтар, содан кейін басқа ұлт өкілдері ешбір сылтаусыз меңгеріп, орыс тілі-мен нан табатындар мен қазақ тілін меңсінбейтіндердің билікке қол созбаулары тиіс [21,3].
Қостілділік жағдайының біздің еліміздегі көрінісінің бір нышаны - орыс тілі- екінші ана тілі деген ұран - екінші нысаны - ұлттық - орыс қостілділігін еліміздің баламасыз қатынас құралы деп уағыздау. Міне, бұл ұрандар елімізде орыс тілінен өзге тілдің күллісін қоғамдық қызметі мен өміршеңдігі жағынан тығырыққа əкеп тіреді. Соның басты салдары - қазақ атаулының орыс тіліне ойыса бастауы, қала қазағы төрінен ана тілінің ығыса аластатылынып, оның орнын орыс тілінің басуы, қазақ нигилистері мен ата- тек, дəстүр-салттан мақұрым мəңгірттердің көбеюі. Осының кесірінен Тіл туралы заң дүниеге келді.
Тіл туралы заңның 4-бабында: Қазақстан халқын топтастырудың аса маңызды факторы болып табылатын мемлекеттік тілді меңгеру - Қазақстан Республикасының əрбір азаматының парызы, - делінген. Өкінішке орай, осы бір азаматтық міндетті орындамақ түгіл, оны түйсінуге, сезінуге деген ұмты- лыстын байқала қоймауы ащы да болса шындық. Көпшілік қауым тіл үйренуге деген ұмтылысқа дем берер түрткіні күтетін секілді.[21,12]
Белгілі неміс ғалымы В.фон Гумбольдт ана тілді сол тілде сөйлейтін халықтың біріккен рухани энергиясы ретінде, əр ұлттың өзіне тəн ойлары мен сезім-дерінің концентрациясы ретінде қарастырған , ал белгілі орыс жəне украин лингвисті А.А.Потебня ұлттың рухани консолидация тəсілін, сол арқылы халықты танитын жалғыз белгісін тілде көрді. Бірақ дүние жүзінің түрлі елдерінде қоғамның əлеуметтік-саяси дамуындағы айқындаушы фактор екі жəне көп тілділік болып табылады.
Қостілді жəне көптілді бұқара-лық қатынас барысында қолданылады, адамның кіммен сонымен қатар қайда қатынасуына байланысты бір тілден екінші тілге өтеді. Тек қана дүние жүзінің 22 елінде ғана бір тілді халық өмір сүретіні белгілі. Тіл адамның тіршілік əрекетінің қосымшасы емес, ол - адамның өмір сүруін, қарым-қатынасын жүзеге асырудың бірден-бір құралы. Бұл игілікке де, зиянға да қолданылатын құрал. Ана тілі біз үшін, əрине, ең жақын құрал.
Бұл Т.Г.Масариктің ана тілі туралы пікірі ол ұлттық тілді ұлтшылдық дəріптеуден бөтен екенін айқындаған, бірақ ана тілдің адамның эмоционалды жəне өнегелі өміріндегі маңыздылығын толығымен айтқан. Тілді ұлттық рухтың ақиқаты деп санайтын басқа да көзқарас бар, ол словак тілшілеріне ғана тəн көзқарас. Себебі словактардың көп бөлігі өзінің табиғи тілінде ұлттық рухтың қадірлі қазынасының көрінуі деп біледі. Өздерінің словакша сөйлеуге ұлтшылдығы мен қоғамдық жеке қажеттіліктеріне словак тілін дамытуда өздерін репрезентантемен теңестіреді жəне заңды түрде қорғауға алады. Бұл тілді ұлттың ішкі жəне сыртқы ыдырау қауіп-қатерінен сақтап біріктіретін фактор ретінде қарастыратын жағдай. Бұл үрдісте П.Гарвин бойынша, негізгі қозғалыс күші болып келетіндер: а) ұлттық қазына ретінде тілге ерекше эмоционалды көңіл бөлу; б) ұлттық құндылық шкаласындағы жағдайына мақтаныш тудыру. Тіл əрқашан да жеке адамның, бүтін бір бірлестіктің ұлтын айқындаушысы немесе белгісі болып келе бермейді деген көзқарас та бар. Оған мысал, Оңтүстік жəне Солтүстік Америка, Кариб бассейн аралдары, сонымен қатар Анд аймағы халықтарының тілдері. Бұл жердегі тұрғылықты халықтардың тілдері ұлы географиялы басып алушылық соғыстардың кезінен бастап португал, испан, ағылшын, француз отаршылдары салдарынан ой-санасынан шығарылып отырды. Бүгін отаршылдардың тілдері олардың ана тілдері болып келеді: аргентиналықтарға испан тілі, бразильдіктерге португал, гаитиліктерге француз, гренадтылықтарға ағылшын тілі болып келеді.[23,67]
Сонымен, жалпы адамдардың жəне қоғамның ұлттық ой-санасын қалыптастырудағы тілдің ролін анықтауда үш негізгі тəсілді бөліп шығаруға болады: а) тіл ұлттық ой-сананың негізгі өлшеуіші болып келгенімен, ол басылымдылық негізі емес; б) тіл өзінің жеке жəне ұлттық бірлестіктің қызметтік қажеттілік-терін орындай отырып, адамның ұлттық көрінісінің жалғыз репрезентанты болып келеді; в) тарихи жағдайларға байланысты жеке адамның жəне бірлес-тіктің табиғи тілі болып бөтен тіл шығуы да мүмкін, ол өзге тілді ығыстырып немесе басып алып өз тіліне айналдырады жəне өмір сүрудің түрлі формаларында, қолданыста лингвистикалық қайшылықтарды тудырмай қарым-қатынас құралы ретінде қызмет етеді.
Біріншіден, тіл адамдық қоғамда жəне мəдениетте адамдардың əлеуметтенуінің негізгі құралдарының бірі болып келеді. Тілді меңгере отырып, тұлға қоғамның əлеуметтік жəне мəдени нормаларын игереді. Сонымен қатар, көптеген мəдениеттер үшін тіл ең маңызды, кей жағдайда жалғыз, символды компонент болып келеді, осы кезде , тіл мен мəдениет, тіл мен сəйкестік сəйкестіндіріледі. Осылай тіл ұлттық жұмылдырудың өте маңызды құралы болады. Этномəдени көрсеткіш ретінде тілдің маңыздылығы ұлттың тілін көрсетеді.
Екіншіден, тіл əлеуметтік қатынастарды орнату жəне қолдау құралы болып келеді. Айтылғаннан көрінгендей, тіл қалай қарағанда да қозғалыстың бірі, нақтырақ айтқанда, қазіргі өзгертіліп отыратын қоғамдық мəселені зерттеуші- лер қызығатын жаһандану алдында ұлттық қайшылықтардың міндеті өз ана тілдерін түрлі ұлттық саяси, діни жəне басқа да құндылықтармен байланыстыру болып отыр.
Жаһандану бүгін ұлттар тағдырына нақты қауіп төндіруде. Себебі 114 мемлекет пен ұлттық автономияда ағылшын тілі іс-қағаздар мен іскерлік тілге айналып, ұлттық тілдерді ығыстыруда. Жыл сайын екі ұлттың бірі 10 мың, 4 ұлттың бірі 1мың өз тілінде сөйлейтіндерден айырылып жатыр. ХХІ ғасырдың аяғында жаһандану апатынан 600-ге жуық қана ұлт аман қалады деген болжам бар. Тіл мəселесін реттеу халықаралық тəжірибе көрсеткендей, арнайы мемлекеттік инветиция құю, қаржылық қолдауды қажет етеді.
ҚР Конституциясының 33-бабында: Қазақстан Республикасының барлық азаматтары мемлекеттік тілді еркін əрі тегін меңгеру үшін қажетті ұйымдастырушылық, материалдық жəне техникалық жағдайдың бəрін жасауға міндетті делінген [21,7].
Сонымен қатар тіл жеке адамның сана-сезімін білдіру құралы. Бірақ ол сол адамның ана тілі болмауы да мүмкін. Көпұлтты ортада қостілділік тууы əбден мүмкін. Сол себептен ана тілінің ежелгі жауы - көпұлттылық жағдайы. Егер ана тілі арқылы қостілділік пайда болса ,əлеуметтік мəні зор игілікті құбылыс болатын еді. Көптеген қала қазағының отбасында ана тілінің орнын орыс тілі басқан немесе орыс тілі басым қолданылатын қостілділік орныққан.
Кейбір тұлғалар үшін ана тілі негізінен қатынас үшін қолданылады да, білім алу басқа тілдерде жүреді. Оған себепкер адамдардың ана тілінің шет тілін үйренуге ықпалы маңыздырақ. Ана тілінде қарым-қатынас жасағандарына қарамастан, көптегені шет тілінде білім алу тілі ретінде қолданылады. Ал керісінше Қазақстан Республикасының территориясында уақытша тұратын шетелдіктердің белгілі бір бөлігі өз балаларын мемлекеттік тілдегі мектептерге оқуға береді. Сонымен қатар шетелдік оқушылар арасында орыс тілінде білім алу жоғары болып тұр. Сөйтіп, Қазақстан Республикасында мемлекеттік қызметте немесе бизнеске байланысты уақытша тұратын шетелдіктер өз балаларын көбінесе орыс немесе шет тілінде оқытады. Орыс жəне қазақ тілдерінің бəсекелестігі тілдік саясатты ғана емес, жеке адамдардың тілдік бет алысы мен бағытына ықпал етеді. Себебі тіл қоғамда өзімен-өзі емес, күрделі жүйеде тіршілік етеді, яғни ортамен байланыста ғана дамиды. Қазақстанда орыс тілі қазақ тілімен қайшылықтарды, қақтығыстарды, дау-дамайларды туындатып отыр. Алға қойған мақсат ұлттық тіл арқылы ұлттың тəуелсіздігін, дербес мемлекеттілігін нығайту, ұлттық тіл арқылы елдің басын біріктіру. Тілдер қарама-қарсылығы - өмірдегі қайшылықтың айнасы. Қазақ тілі мен орыс тілінің арасындағы бəсекелестік тарихи тұрғыдан отарлаушы ұлт пен отарланған ұлттың көзқарастарының салдары екенін көруге болады. Қазақстан - көп ұлтты мемлекет, 130-ға жуық ұлт өкілдері тұрады. Əр ұлттың өз тілі бар, бірақ мемлекет біреу - ол Қазақстан, мемлекеттік тіл - қазақ тілі. Қазақстан мемлекетінде тұратын əрбір ұлт қазақ тілінің мəртебесін іс жүзінде көтеру үшін бір кісідей атсалысуы қажет. Ұлтаралық келісімнің объектісі - тек қазақтар ғана емес барлық ұлттар мен диаспоралар. Қазақ ұлты республикамыздағы ұлттық топтардың мəдениетін, тілін, дəстүрін қандай сыйласа сондай құрметті олардан күтеміз. Қазақ тілінің мəртебесін көтеру өзге тілдерді ығыстырмайды, қоғамдағы бір тілдің басымдылығына қазақ-орыс қостілділігі туындап отыр. Республикада орыс тілі - орыс ұлтының тілі өзге ұлттың екінші тілі, яғни ұлтаралық қатынас құралы ретінде ерекше қарқынмен даму жолына түсті. Қазақ ұлты өз ана тілінің болашағына күмəн тудырып, орыс тіліне көшті [31,89-92].
Жалпы алғанда, ана тілінің тағдыры əсіресе өмірдің үш саласында - отбасы, əкімшілік пен өндірісте қолданылу, қолданылмауына тікелей байланысты. Бірақ отбасында қолданылудан қалған тілдің болашағынан үміт күтуге болмайды.Сондықтан Қазақстанның Тіл заңына сəйкес, əрбір этностың ұрпағын отбасында ана тілінде тəрбиелей алуы үшін барлық керекті жағдай туғызылуы тиіс. Бұл ретте үйде тəрбиеленетін балаларға арналған мерзімді баспасөз газет, журнал, кітап, радио жəне телехабарлардың орны ерекше. Қостілді қоғамда ана тілінің қолданылу аясы:
1. Қоғамның қоғам болуы үшін ондағы адамдар өзара əлеуметтік байланысты болуы шарт. Бұл үшін əр тілде сөйлейтін адамдар да өзара қарым-қатынасқа түсіп, бір-бірімен түсінісуі керек. Мұндай жағдайда əр тілді адамдар бір- бірінің тілін білуі тиіс.
2. Күнделікті қарым-қатынас үстінде ана тілін білетіндер мен білмейтіндер арасында ұлтішілік қайшылық болуда. Ана тілін білмейтіндер бір кезде өздерін жоғары санап ана тілін білетін, бірақ орыс тілін білмейтіндерді кемітіп, Мəмбет деп атаса, ал олар ана тілін білмейтіндерді Мəңгүрт деп кемсітті.
3. Тіл теңдігі деген ұран сипаты қағиданың заң жүзіндегі мəнін жете түсіне білмеуден туындайды. Əркім үшін өзінің ана тілінен мəртебелі тіл жоқ. Əр тіл өз ұлтына қызмет ету тұрғысынан өзге тіл біткеннің күллісімен тең.
4. Сөйлеушісі көпшілік болып келген не кең тараған тіл өкілдерінің немесе нигилистердің мемлекеттік тілді менсінбеуі жағдайында, оны өмірдің сан- саласында қолдану үшін күреске шыққан жергілікті ұлт өкілдеріне наразылық ретіндегі қайшылығы жəне бар.
5. Аппарат қызметкерлерінің əр түрлі жағдайды (қаражат, қағаз тапшылығын т.б.) сылтауратып, қарапайым халықтың ана тілі жөніндегі тілек-талабын ұдайы елемеуі мен оған немқұрайды қарауы түптің түбінде қайшылық деңгейінен шығып, дағдарысқа алып баратын жағдай.
Ана тілі алдымен қалада құриды екен. Демек, оның соңғы тірегі - ауыл. Қостілділікке əр түрлі анықтама беріп, оны түрліше түсіндірушілер де кездесіп жатыр. Бұл жағынан алғанда да қостілділік - арнайы əңгіме етерлік, күрделі мəселелердің бірі.
Қостілділік деген, біріншіден, ол белгілі бір қоғамның ішкі қарым-қатынасында екі тілді қолдану процессі. Екіншіден, қостілділік - екі тілдің ұзақ уақыт бойғы өзара байланысының нəтижесі. Нақты айтқанда, əр түрлі ұлттан тұратын қоғам ішінде бір ұлт өкілдерінің екі тілді қарым-қатынас құралы ретінде қатар немесе алма-кезек қолдануы қостілділік болып табылады. Осындай қостілді мемлекетте жеке тұлғаның тілдік таңдау мəселесі орын алады. Ол дегеніміз мысалы, қоғамда орыс-қазақ қостілділігі өмір сүрсе, адам отбасында, қызметінде, сонымен қатар күнделікті қарым-қатынаста немесе телерадио саласында бір тілді таңдауы.
Тіл таңдау мен тілдік сəйкестіліктің байланысы.
Тіл таңдау дегеніміз - жеке тұлғаның белгілі бір тілді өзіне немесе əлеу-меттік топпен сəйкестендіруі. Сəйкестікті таңдау - ол жеке таңдау. Жеке тұлға-лар сəйкестікті əлеуметтік жағдайдың талаптарына байланысты таңдайды. Тілдік таңдау əлеуметтік шындықты жасай отырып, адамның таңдауды қайта жаңғырту болып табылады.
Тілдік таңдау - қажетті екі тілдің біреуін жай ғана таңдау емес, сəйкестікті жүзеге асыру. Яғни сəйкестік дегеніміз не? Сəйкестілік термині көптеген саяси, əлеуметтік, этникалық жəне мəдени құбылыстарға қолданылады, оның жалпы мазмұны - объектінің өз ұғымына парапарлығын, оның белгілі бір айқын шекара көлемінде қолданылатынын, болмысының нақтылығын, біршама өзгермейтінін, икемді тұрлаулылығын, тұтастығын білдіреді.
Сəйкестілік объектінің кемелденген жай-күйі ретінде, ал бағалау категориясы тұрғысынан алғанда, қалаулы жай-күйі ретінде де ұғынылуы мүмкін. Объектіні осындай жай-күйге жеткізетін процесстер - сəйкестендіру жəне өзін-өзі сəйкестендіру болып табылады.
Сəйкестілік термині жеке тұлғаға да, əлеуметтік топқа да, этносқа да, мемлекетке де қатысты болуы мүмкін. Негізгі сəйкестендіруші белгісінің не екеніне қарай сəйкестіліктің түрліше ұғынылуы да ықтимал. Айталық, əңгіме этникалық, мəдени, діни, рухани, мемлекеттік сəйкестілік жөнінде болуы мүмкін. Қазіргі ғылымда сəйкестілік деген ұғымның əр түрлі түсініктері бар, бірақ қоршағандардың қылықтары мен ерекшеліктерін жеке адамның өзіне ауыстыру ұғымы басым, бұл жағдайларда маңызды жəне өмірге қажетті мағынасы бар мінез-құлықтарды өзіне сəйкестендіру.
Сəйкестендіру - ұқсау процессінде негіз болып қызмет етеді, яғни зорлап емес өзіне керекті біліктіліктермен құндылықтарды, қылықтарды адам өз еркімен тандайды.
Сəйкестілікке тəн белгілер:
- сəйкестілік құрастырылатын болғандықтан, оны қайта құруға болады;
- сəйкестілік əлеуметтік жағдайлардың өзгеруіне байланысты ұтымды, қайта құрулады, яғни сəйкестілік, ұлтың да ішіне кіреді, тұлғаның жеке қызығушылы-ғына байланысты өзгеріп отырады;
- сəйкестілік таңдап алынғандықтан, сəйкестілік дағдарысы тууы мүмкін, бұл кезде адам керекті айдар тағуы болмағандықтан өзінің тиістілігін оңай жəне жайлы анықтай алмайды ( lavtin , 1998) немесе өзінің сəйкестілігін өзгертуі мүмкін;
- сəйкестілікті ауыстырудың негізгі талабы сəйкестілік спектірінен таңдау мүмкіндігі болып табылады, бұл басқа топтың өкілдерімен қатынас деп түсіндіріледі.
Сондықтан, өзгеру процесінде негізгі жəне объективті индикатор болып келетін сəйкестілікті тіл арқылы зерттеу мүмкіндігі бар. Соңғы он жылдықтарда ғалымдардың зерттеу тəжірибесі нəтижесінде анықталған, сəйкестілік өзгермелі екенін көрсетеді: шын мəнісінде адам əрқашан да өз сəйкестігін нақты айқындап алуы қиынға соғады. (Маргиналды сəйкестілік деген термин бар); бір сəйкестілік екінші сəйкестілікке ауысып отырады (КСРО азаматы болған - Қазақстан азаматына айналды; христиан болып - мұсылманға айналды), сонымен қатар саяси жəне басқа мақсаттарда сəйкестілік арқылы айлы-амалдар жасауға болады. (мысалы, ұлттық бірлікте, азаматтық қоғамның интеграциясы) немесе жаңа сəйкестілікті құру. Примордиализмнің жүзеге аспауы сəйкестілікті зерттеудегі басқа екі тəсілге əкелді: инструментализмге жəне конструктивизмге. Инструментальды тəсіл сəйкестілікке құрал ретінде өкіметті мойындату үшін белгілі бір таңдауды қолданады. Бұл жағдайда саясаткерлер мен ғалымдар ұлттың мəртебесі туралы мифология құрып насихаттайды.
Әлеуметтік лингвистика ғылымында үштілділік мәселесі арнайы сөз болмайды. Ол билингвизм терминімен беріліп, көптілділік ретінде қарастырылады. Адамдардың бір не екі немесе одан көп тілдік ретімен қарастырар болсақ, ол социолингвистикалық әдебиеттерде былайша сипатталады:
Біртілділік (одноязычие). Қостілділікке қарама-қарсы құбылыс біртілділік (орысша- одноязычие) және монолингвизм (гректің monos - monos - бір, жалғыз және латынның lingua-тіл деген сөздерінен) деп аталатын кейіпсіз көрініс пайда болады. Олай дейтін себебіміз: мұндайда әдетте қолданыстан шығып қалатын - кең ауқымда қолданылатын тіл емес, керісінше, қолданылу ауқымы тарылған ана тілі болып келеді. Біртілділік - әдеттегі әлеуметтік-этникалық құбылыс
Қостілділік (двухязычие). Қостілділік - белгілі бір аумақ тіліндегі ұлтаралық (этносаралық) қарым-қатынасқа түсетін белгілі бір этикалық қауымдастық өкілдерінің немесе бүкіл қоғамның (социумның) әртүрлі жағдайда екі тілді (әдетте ана тілі мен екінші тілді) алма-кезек немесе қатар қолдануы, - деген анықтама береді. Соның негізінде елімізде кеңінен тарап отырған қазақ-орыс қостілділігін былайша сипаттайды: Қазақ-орыс қостілділігі дегеніміз - қазақтардың көпұлтты қоғамда ана тілімен қатар орыс тілін ұлтішілік және ұлтаралық қатынаста қатар не алма кезек қолдануы, екі тілдің әрқайсысын әртүрлі жағдайда керегінше пайдалану. Қостілділік, дербес екі тілде бірдей ойлап, жаза білетін өнер адамдарының психологиясын зерттейтін тіл білімінің әлеуметтік саласы.
Қостілділіктің сипаттамасы, сондай-ақ оның компонеттерін құрайтын тілдердің лингвистикалық мәртебесі жайында әртүрлі пікірлер бар. Қостілділік туралы ғалымдардың көзқарастары мен пікірлері туралы сыни талдау Б.Хасановтың еңбегінде берілген. О.С.Ахманова қостілділікті: Екі тілді бірдей еркін меңгеру; қарым-қатынастың әртүрлі жағдайларында екі тілді алма-кезек қолдану, мысалы, жақын диалекті мен әдеби тілді қолдану... - деп жазады.
М.М.Михайлов билингвизм мен диглоссияны ажыратып, билингвизим - тілдік қарым-қатынастың екі түрлі генетикалық формаларын меңгеру деп санайды. Меңгеру терминін пайдалану емес, қабілеттілік ретінде түсіну керек; тілді меңгеру терминінің астарында мәтінді құру және түсіну дағдысы деген меңзеу бар .
Қостілділік компонеттерінің бірін - ана тілі, екіншісін - үйренген екінші тіл болып саналатын тілдер ғана құрайды. Ана тілі - әлеуметтік-этникалық немесе социолингвистикалық категория. Бірақ мұндай түсінікті барлық зерттеулерден кездестіре бермейміз.
Қостілділіктің аталған компоненттерін ғалымдар әртүрлі тұрғыдан қарайды. Айталық, М.Н.Губогло ана тілін психологиялық категорияға жатқызады, өйткені ол қанша, қашан, кіммен, не жайында, қаншалықты жиі, не себепті және адам қаншалықты ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тілдік қасиеттеріне байланысты студенттердің өзін - өзі сәйкестендіруі
Телерадио саласындағы тілдік сәйкестіліктің көрінісі: социолингвистикалық талдау
Мектепке дейінгі ұйымдарда балалардың этностық-мәдени сәйкестілігін қалыптастыру
Мектепке дейінгі мекемелерде балалардың этностық-мәдени сәйкестілігін қалыптастыру
Мектепке дейінгі ұйымдарда балалардың этностық - мәдени дүниетанымын қалыптастыру
Қазақстан Республикасындағы тілдік жағдаят
Тіл таңдау және оның қолдану салалары: социолингвистикалық талдау
Республикасының Заңы тілі
ТІЛДІК СӘЙКЕСТІЛІКТІҢ ӘЛЕУМЕТТІК ЛИНГВИСТИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Мектепке дейінгі ұйымдарда балалардың этностық мәдениетін калыптастырудың педагогикалық бағыттарын теориялык тұрғыда негіздеу
Пәндер