Салық департаментінің құрылымы



МАЗМҰНЫ
бет
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
1. САЛЫҚТЫҚ ҚЫЗМЕТ ОРГАНДАРЫНЫҢ ҰЙЫМДЫҚ ҚҰРЫЛЫМЫ МЕН МАҚСАТТАРЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
1.1 Салықтық қызмет органның ұйымдық құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.2 Салықтық қызмет органдар бөлімшелерінің функционалдық мақсаттары ... .7
2. САЛЫҚТЫҚ ҚЫЗМЕТ ОРГАНДАРЫНЫҢ ЖӘНЕ САЛЫҚ ТӨЛЕУШІНІҢ МІНДЕТТЕРІ МЕН ҚҰҚЫҚТАРЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .13
2.1 Салықтық қызмет органдарының міндеттері мен құқықтары ... ... ... ... ... ... 13
2.2 Салық төлеушілердің міндеттері мен құқықтары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 17
3. САЛЫҚ ТӨЛЕУШІЛЕРДІ МЕМЛЕКЕТТІК ТІРКЕУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...20
3.1 Салық төлеушілерді мемлекеттік тіркеуге алу ережелері ... ... ... ... ... ... ... ...20
3.1.1 Салық төлеушілер ретінде мемлекеттік тіркеуге алынатын тұлғалар..20
3.1.2 Резидент емес тұлғаларды мемлекеттік тіркеуге алу ерекшеліктері ... .22
3.1.3 Мемлекеттік реестерден салық төлеушіні шығару негізі ... ... ... ... ... ...25
3.2 Тіркеу шотын ашқандағы салық төлеушінің міндеті ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...28
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...32
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...34

Пән: Салық
Жұмыс түрі:  Іс-тәжірибеден есеп беру
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
1. САЛЫҚТЫҚ ҚЫЗМЕТ ОРГАНДАРЫНЫҢ ҰЙЫМДЫҚ ҚҰРЫЛЫМЫ МЕН МАҚСАТТАРЫ

1.1 Салықтық қызмет органның ұйымдық құрылымы

Салық қызметі органдары уәкілетті орган мен салық органдарынан тұрады. Салық органдарына уәкілетті органның облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша, аудандар, қалалар және қалалардағы аудандар бойынша аумақтық бөлімшелері, сондай-ақ уәкілетті органның ауданаралық аумақтық бөлімшелері жатады. Арнайы экономикалық аймақтар құрылған жағдайда осы аймақтардың аумағында салық органдары құрылуы мүмкін.
Салық органдары тиісті жоғары тұрған салық қызметі органына сатылы тұрғыда тікелей бағынады және жергілікті атқарушы органдарға жатпайды.
Уәкілетті орган салық органдарына басшылықты жүзеге асырады.
Салық қызметi органдарының рәмiзi болады. Салық қызметi органдары рәмiзiнiң сипаттамасы мен оны пайдалану тәртiбiн уәкiлеттi орган бекiтедi.
Ұйымдық-құқықтық жағынан салықтар - бұл мемлекет біржақты тәртіппен заң жүзінде белгілеген, белгілі бір мөлшерде және мерзімде бюджетке төленетін қайтарусыз және өтеусіз сипаттағы міндетті ақшалай төлемдер.
Салықтардың экономикалық мәні олардың өзінің функциялары мен міндеттерін жүзеге асыру үшін мемлекет жұмылдыратын ұлттық табыстың бір бөлігі болып табылатындығында.
Салықтар каржының бастапқы категориясы болып табылады, олар мемлекетпен бірге пайда болды және мемлекеттің өмір сүріп, дамуының негізі болып саналады.
Салықтар барлық елдерде, олардың қоғамдық-экономикалық кұрылысы мен саяси іс-бағытына қарамастан, ұлттық табысты қайта бөлудің басты қаржылық кұралы, мемлекеттің кірістерін және бюджеттің кірістерін қалыптастырудың шешуші көзі болып табылады. Салықтарда мемлекеттің экономикалық мазмұны нақты түрде көрінеді, ал салықтардың әлеуметтік-экономикалық мәні, олардың түрлері мен рөлі қоғамның экономикалық кұрылысымен, мемлекеттің табиғатымен және функцияларымен айқындалады. Адамзат дамуының бүкіл тарихы бойына салық нысандары мен әдістері өзгерді, жетілдірілді, мемлекеттің кажеттіліктері мен сұрау салуына бейімделді. Салықтар тауар-ақшалай қатынастардың ахуалына әсер ете отырып, олардың дамыған жүйесінде айтарлықтай өрбіді. Бұл Карлл Маркске сол кездегі капиталистік қоғам салықтарының мәнін былайша білдіруге негіздеме берді: Салық - бұл меншікпен, отбасымен, тәртіппен және дінмен қатар бесінші құдай; одан ары: Салықтарда мемлекеттің экономикалық тұрғыдан айтылған өмір сүруі жүзеге асады. Мемлекет құрылымының өзгеруі, өркендеуі әрқашан салық жүйесінің қайта құрылуымен, жаңаруымен қабаттаса жүреді.
Салықтар мемлекеттің қаржылық ресурстарын қалыптастыруда заңы және жеке тұлғалардың қатысу міндеттілігін білдіреді. Белгілі философ Фрэнсис Бэкон салықтарды төлеу - әрбір азаматтың қасиетті борышы деген еді. Қазақстан Республикасы Конституциясының 35-інші бабында: заңды түрде белгіленген салықтарды, алымдарды және өзге міндетті төлемдерді төлеу әркімнің борышы әрі міндеті болып табылады,-деп жазылған. Қайта бөлудің тетігі бола отырып, салықтар бөлу жүйесінде пайда болатын жаңылыстарды өшіруді және экономикалық субъектілер қызметін ынталандыруды немесе тежеуді талап етеді.
Мемлекет қаншама ғасыр өмір сүрсе, салықтар соншама ғасыр өмір сүреді және мемлекет соншама оңтайлы салық салудың кағидаттары мен әдістерін, яғни салық төлеушілер салық төлеу үшін, ал қазына көптен-көп кіріс алу үшін салық жинауды қалай ұйымдастыру керектігін іздестірді. Салықтарда ежелден салық жүктемесін (салық ауыртпалығын) бөлудің екі қағидасы қалыптасқан:
1) пайда (алынған игіліктер) қағидасы;
2) қайыр көрсету (төлем қабілеттілігі) қағидасы.
Бірінші жағдайда салық субъектілері салықтарды мемлекеттен алатын пайдаларға үйлесімді түрде төлеуі тиіс, яғни кімде-кім едәуір пайда алған болса, осы пайданы жасауды қаржыландыруға қажетті салықтар төлеуі тиіс деп топшыланады. Мысалы, кім жақсы жолдарды пайдаланғысы келсе, ол бұл жолдарды қолдап, ұстауға жұмсалынған шығындарды төлеуі тиіс.
Сонымен бірге бұл тұжырымдаманы жалпылама қолдану белгілі бір қиыншылықтармен байланысты: мемлекеттің ұлттық қорғанысқа, ақысыз денсаулыққа, білім беруге және т.б. жұмсаған шығындарынан әрбір салық төлеуші іс жүзінде қандай жеке пайда және қандай мөлшерде алатынын дәл анықтау мүмкін емес. Оның үстіне бұл тұжырымдамаға ілессек, онда тұрмысы төмендерге, жұмыссыздарға олардың жәрдемақыларын төлеуді каржыландыру үшін салық салу қажет болар еді, бұлай етудің мағынасы болмайды.
Екінші қағидатқа сәйкес қайыр көрсету субъектілер үшін қолайлы болатындай етіп оларға салық салынуы тиіс, яғни салық ауыртпалығы нақты табыс пен әл-ауқатка байланысты болуы тиіс. Бұл қағидат мынаны білдіреді: жоғары табыстары бар жекелеген адамдар, кәсіпкерлер және кәсіпорындар табыстары аздарға қарағанда абсолюттік, сондай-ақ салыстырмалы тұлғалауда неғұрлым жоғары салықтар төлейді. Сөйтіп, салықтарға ұшырататын табыстар алу кезіндегі нұқсанды теңгеру үшін алынатын табыстардың мөлшеріне сәйкес салықтардың беліну мүмкіндігі қарастырылады, яғни бұл тұжырымдамаға сәйкес заңи және жеке тұлғалар алынған табыстың тура мөлшеріне қарай салықтар төлеулері тиіс. Сән-салтанат заттарына жұмсалатын кажетті шығыстардан төленетін салық пен ең қажетті заттарға жұмсалатын болжамды шығыстардан ұсталатын салықтың арасында айырма болатындықтан, әрине, бұл тұжырымдама үлкен ұтымдылығымен және әділдігімен ерекшеленеді.
Алайда бұл тұжырымдаманы да енгізгенде іс жүзінде ең алдымен тұлғаның салықтарды төлеу мүмкіндігін өлшеуге катаң ғылыми тәсілдеменің жоқтығына байланысты белгілі бір проблемалар пайда болады. Тек орташа тұтынушы ғана әрқашан ұтымды іс-әрекет ететіндігі анық, яғни бірінші кезекте өзінің табыстарын ең қажетті тауарлар мен кызметтерге, тек сонан кейін онша маңызды емес игіліктерге жұмсайды. Сонымен бірге табыс салығының жоғары мөлшерлемесі кезінде (50%-дан жоғары) жалпы фирмалар мен халықтың іскерлік белсенділігі шұғыл төмендейтіндігі белгілі. Мұны профессор А.Лаффер бас болып америкалық экономистер теория жүзінде дәлелдеуге тырысып бақты. А.Лаффер бюджетке түсетін салықтар сомасының табыс салығының мөлшерлемелеріне тәуелділігін анықтады (Лаффер нәтижесі деп аталады).
Алынған игіліктерге және төлем қабілеттілігіне салық салудың кағидаттарын пайдалану салық мөлшерлемелерін белгілеуге және табыстың өсуіне қарай олардың өзгеруіне саяды. Шотланд экономисі және философы А.Смит кез келген экономикалық жүйеге кажет салық салудың төрт негіз қалаушы (классикалық болған) кағидаттарын тұжырымдаған еді, олар мыналар:
1) салық салу төлеушінің әркайсысының табысына сәйкес алынуы тиіс (әділеттілік қағидаты);
2) салықтың мөлшері мен оны төлеу мерзімі алдын ала және дәл анықталуы керек (анықтылық кағидаты);
3) әрбір салық салық төлеуші үшін неғұрлым қолайлы уақытта және әдіспен алынуы .тиіс (қолайлылық кағидаты);
4) салықты алудың шығындары өте аз болуы тиіс (үнем кағидаты).
Бұдан басқа, салықты төлеудің тәсілі салық телеушінің ұғуы үшін түсінікті болуы тиіс, ал салық объектінің қос салық салудан корғанышы болуы тиіс. Бұл қағидаттарды пайдалану салық салудағы зорлық-зомбылықты жоқ егті, бұл үдеріске регламенттеуді енгізді және А.Смитке ...салықтар оларды төлейтіндерге құлшылықтың нышаны емес, бостандықтың нышаны деп қорытынды жасауға мүмкіндік берді. Салық салудың кейінгі даму барысында кағидаттардын тұжырымдамалары нақтыланды, толықтырылды.

1.2 Салықтық қызмет органдар бөлімшелерінің функционалдық мақсаттары

Департамент Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Салық комитетінің құзыреті шегінде заңнамада белгіленген тәртіпте мынадай қызметтерді жүзеге асырады:
● мемлекет мүдделерін қорғау;
● Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) белгіленген тәртіпте салық төлеушінің салық міндеттемелерін, салық агентінің салықтарды есептеу, ұстау және аудару бойынша міндеттерді орындауына бақылау;
● әлеуметтік аударымдардың толық есептелуін және уақтылы төленуін, міндетті зейнетақы жарналарының уақтылы есептелуін, ұсталуын және аударылуын бақылау;
● нормативтік құқықтық актілерде белгіленген өз құзыреті шегінде салықтық және салықтық емес түсімдерді (мемлекеттік кәсіпорындар пайдасынан үлестерінің, мемлекеттік меншік болып табылатын акциялар пакеттеріне дивидендтердің, Байқоңыр кешенін пайдаланғаны үшін жалға алу төлемақысынан, республикалық мемлекеттік мүліктерді жалға беру мен сатудан, мемлекеттік меншік объектілерін жекешелендіруден түскен түсімдерді, капиталмен жүргізілген операциялардан түсімдерді қоспағанда) бақылау және талдау;
● салық төлеушіге (салық агентіне) қолданыстағы салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы, Қазақстан Республикасының салық заңнамасындағы өзгерістер туралы ақпараттарды беру, салық нысандарын толтыру тәртібін түсіндіру;
● салық төлеушілерге (салық агенттеріне) бекітілген Мемлекеттік қызмет көрсету Стандарттары мен Регламенттерін, белгіленген салықтық өтініштер нысандарының бланкілерін және (немесе) салық есептілігі мен өтінішті электронды түрде табыс ету үшін қажетті бағдарламалық қамтамасыз етуді беру;
● Мемлекеттік қызмет көрсету Стандарттары мен Регламенттеріне сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету;
● салық басқармаларының бекітілген Мемлекеттік қызмет көрсету Стандарттары мен Регламенттерін сақтауын бақылау;
● өз құзыреті шегінде Салық кодексінде белгіленген тәртіпте және мерзімде салықтың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер мен өсімпұлдардың артық төленген сомасын, есепке жатқызылған қосылған құн салығының есептелген салық сомасынан асып кетуін есепке жатқызу және (немесе) қайтару, айыппұлды қайтару;
● салық төлеушілерді, салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді есепке алу;
● есептелген, қоса есептелген және төленген салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді есепке алу;
● есептелген, ұсталған және аударылған міндетті зейнетақы жарналарын, есептелген және ұсталған әлеуметтік аударымдарды есепке алу;
● бюджеттің кіріс бөлігін ағымдағы болжауға қатысу;
өз құзыреті шегінде бюджетке төленетін міндетті төлемдерді дұрыс есептеу, толық өндіріп алу және уақтылы аудару мәселелері бойынша уәкілетті мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдардың қызметіне бақылауды жүзеге асыру;
● салық салу саласындағы заңнаманы қолдану тәжірибесін талдау және қорыту, сондай-ақ осы саладағы заңнаманы жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу;
● өз құзыреті шегінде өтініш берушінің тексерістер жүргізу жолымен этил спиртін, алкоголь өнімдері мен темекі өнімдерін өндіру бойынша қызметке қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігін анықтау;
● Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңнамасына сәйкес ақпараттық жүйелерді қолдану арқылы электрондық қызметтер көрсету;
● халықаралық іскерлік операцияларда трансферттік бағаларды қолдану кезіндегі мемлекеттік бақылау, мәмілелер бағасының тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) нарықтық бағадан ауытқуы мәселесі бойынша тексеру, мәмілелер бағасының нарықтық бағадан ауытқу фактісін анықтау кезінде салық салу объектілерін түзету және трансферттік бағалар қолданылуы мүмкін мәмілелердің мониторингін жүргізу;
● Салық кодексіне сәйкес салық міндеттемелерінің орындалуын және салық төлеушінің (салық агентінің) салық берешегін мәжбүри тәртіпте өндіріп алуды қамтамасыз ету тәсілдерін қолдану бойынша жұмыстарды жүзеге асыру;
● cалық төлеушілердің (салық агенттерінің) салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламаға, сондай-ақ Департаменттің және салық басқармаларының лауазымды адамдарының іс-әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдарын Салық кодексінде белгіленген тәртіппен және мерзімдерде қарау;
● салық төлеушілердің (салық агенттерінің) төмен тұрған салық басқармалары шығарған әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы қаулыларына шағымдарын қарау;
● салық төлеушінің (салық агентінің) салықтық өтініші бойынша Салық кодексінде белгіленген тәртіппен және мерзімде мынадай: салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша берешектің жоқ екендігі туралы; салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша берешектің жоқ екендігі (бар екендігі) туралы; резидент еместің Қазақстан Республикасындағы көздерден алған табыстарының және ұсталған (төленген) салықтардың сомасы туралы анықтама түрлерін беру; Салық кодексінде белгіленген тәртіпте салық есептілігін және салықтық өтініштерді қабылдау; салық төлеушіден (салық агентінен) Қазақстан Республикасы салық заңнамасының анықталған бұзушылықтарын жоюды талап ету және өз құзыреті шегінде осы талаптардың орындалуын бақылау; салық төлеушілерге салық міндеттемелерінің туындауы, орындалуы және тоқтатылуы бойынша түсіндіру және түсінік беру бойынша жұмыстарды жүзеге асыру; салық заңнамасының орындалуына бақылауды жүзеге асыру бойынша жергілікті мемлекеттік органдармен өзара іс-әрекет жасасу; этил спиртінің, алкоголь өнімінің, темекі өнімдерінің және жекелеген мұнай өнімдерінің өндірілуі мен айналымын бақылауды жүзеге асыру бойынша жергілікті мемлекеттік органдармен өзара іс-әрекет жасасу; қолданыстағы заңнамаға сәйкес таңбалануға жататын акцизделетін өнімдер бойынша акциздік таңбаларды сатып алуға, сақтауға және есепке алуға, сондай-ақ есепке алу-бақылау таңбаларын жасауға, сақтауға, сатып алуға және есепке алуға бақылау; мұнай өнімдерінің жекелеген түрлеріне ілеспе жүкқұжаттарының сақталуына, есепке алынуына және берілуіне бақылау; өз құзыреті шегінде мұнай өнімдері нарығы субъектілерінің Қазақстан Республикасының мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiн өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттiк реттеу туралы заңнамасының сақталуын, сондай-ақ бюджетке акциздердің толық және уақытылы түсуін бақылау; мемлекеттің меншігіне айналдырылған мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау, одан әрі пайдалану және өткізу тәртібінің сақталуын, оның Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тиісті уәкілетті мемлекеттік органға толық және уақтылы берілуін, сондай-ақ ол өткізілген жағдайда бюджетке ақшаның толық және уақтылы түсуін бақылау; өз құзыреті шегінде этил спирті мен алкоголь өнімдерін өндіру және олардың айналымы, темекі бұйымдарының өндірісі мен айналымы, мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерінің өндірісі мен айналымы саласында Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасының сақталуын бақылау; халықаралық шарттарды әкімшілендіру және салық салу мәселелері бойынша шетел мемлекеттерінің құзыретті органдары арасындағы келісімдермен көзделген жағдайларда ақпарат алмасуды жүзеге асыру; халықаралық шарт жасаспаған мемлекеттердің резидент еместерінің қызметін әкімшілендіру; сыртқы экономикалық қызметті жүзеге асыратын резиденттердің мәмілелерінің мониторингін жүргізу және оларды әкімшілендіру; Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жоспардан тыс тексерулерді жүзеге асыру; ведомстволық бақылауды жүзеге асыру; салық басқармаларының тақырыптық тексерулерін жүзеге асыру; Қазақстан Республикасы заңнамаларында көзделген өзге де қызметтер.
Өзіне жүктелген функцияларды жүзеге асыру кезінде Департамент: салық бақылауын жүзеге асыруға; заңнамада белгіленген тәртіпте Департаменттің функцияларын іске асыру үшін қажетті ақпараттар мен құжаттарға сұрау салуға және алуға; Қазақстан Республикасының заңнамалық актілермен белгіленген талаптарды сақтай отырып, бухгалтерлік құжаттамаларына, сметаларына, ақшасының, құнды қағаздарының бар, жоқтығына, есеп айырысуларына, декларацияларына және салық міндеттемелерін орындауына байланысты өзге де құжаттарға тексеру жүргізуге; салық төлеуші (салық агенті) осындай бағдарламалық қамтамасыз етілімді және (немесе) ақпараттық жүйені пайдаланған жағдайда, банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын өзге де ұйымдардың өз клиенттерінің банктік шоттары туралы, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес банктік құпия болып табылатын мәліметтер қамтылған бағдарламалық қамтамасыз етілімі мен (немесе) ақпараттық жүйесінің деректерін көруге қол жеткізу құқығын қоспағанда, салық төлеушіден (салық агентінен) бастапқы есепке алу құжаттарының деректері, бухгалтерлік есеп тіркелімдері, салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер туралы ақпарат қамтылған бағдарламалық қамтамасыз етілімнің және (немесе) ақпараттық жүйенің деректерін көруге қол жеткізу құқығын беруді талап етуге; салық төлеушіден (салық агентінен) салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді есептеудің дұрыстығын және төлеудің (ұстаудың және аударудың) уақтылылығын, міндетті зейнетақы жарналарын есептеудің, ұстау мен аударудың және әлеуметтік аударымдарды есептеу мен төлеудің толықтығы мен уақтылылығын растайтын құжаттарды, салық төлеуші (салық агенті) жасаған салықтық нысандар бойынша жазбаша түсіндірмелерді, сондай-ақ салық төлеушінің (салық агентінің) қаржылық есептілігін, оның ішінде резидент салық төлеушінің (салық агентінің) Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде орналасқан еншілес ұйымдарының қаржылық есептілігін қоса алғанда, егер осындай тұлға үшін Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде міндетті түрде аудит жүргізу белгіленген болса, аудиторлық есепті қоса бере отырып, шоғырландырылған қаржылық есептілігін беруін талап етуге; салықтық тексеру барысында Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде айқындалған тәртіппен салық төлеушіден (салық агентінен) әкімшілік құқық бұзушылықтар жасалғаны туралы айғақтайтын құжаттарды алып қоюды жүргізуге; нұсқама негізінде объектінің тұрған жеріне қарамастан, салық салу объектісі және (немесе) салық салуға байланысты объекті болып табылатын мүлікті тексеруге, салық төлеушінің (салық агентінің) мүлкіне (тұрғын үй-жайлардан басқа) түгендеу жүргізуге; банктерден және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардан Салық кодексінің 581-бабының 1) және 4) тармақшаларында табыс етілуі көзделген мәліметтерді алуға; банктерден және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардан коммерциялық, банктік және заңмен қорғалатын өзге де құпия болып табылатын мәліметтерді жария етуге Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген талаптарды сақтай отырып, Салық кодексінің 581-бабының 12) тармақшасында аталған тұлғаларға қатысты банктік шоттардың бар-жоғы және нөмірлері туралы, осы шоттардағы ақша қалдығы және қозғалысы туралы мәліметтер алуға; Салық кодексінде белгіленген тәртіппен салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді жанама әдіспен айқындауға; қолданыстағы заңнамаға сәйкес таңбалануға жататын акцизделетін өнімдер бойынша акциздік таңбаларды сатып алуға, сақтауға және есепке алуға, сондай-ақ есепке алу-бақылау таңбаларын жасауға, сақтауға, сатып алуға және есепке алуға бақылауды жүзеге асыруға; акцизделетін өнімдерді сақтауды және олардың айналымын жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғаларға акцизделетін өнімдердің өндірілуі мен айналымынан акциздердің толық және уақтылы түсуі бөлігінде тексеруді жүзеге асыруға; салықтық тексерулерге мамандарды тартуға; Салық кодексінде белгіленген тәртіпте салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұру туралы немесе салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұрудан бас тарту туралы шешім қабылдауға; Салық кодексінде белгіленген тәртіпте төлем көзінен ұсталған табыс салығын қайтару туралы не қайтарудан бас тарту туралы шешім қабылдауға; арнаулы салық режимін қолдану туралы не қолданудан бас тарту туралы, сондай-ақ арнаулы салық режимін қолдануды тоқтату туралы шешім қабылдауға; Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сотқа талап-арыз, оның ішінде Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 49-бабы 2-тармағының 1), 2) және 4) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша заңды тұлғаларды тарату туралы талап-арыз беруге; уәкілетті және жергілікті атқарушы органдарға салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің дұрыс есептелуі, толық алынуы және уақтылы аударылуы мәселелері бойынша тексеру жүргізуге; өз құзыреті шегінде төмен тұрған салық басқармаларына, сондай-ақ өзге де мемлекеттік органдарға, заңды және жеке тұлғаларға орындауы үшін міндетті нұсқаулар беруге; жергілікті бюджеттерге толық көлемде түсетін салықтарды төлеу бойынша салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту туралы шешім қабылдауға; Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес әкімшілік жазалар қолдануға; қоғамның салық мәдениетін және салық заңнамаларының мәселелері жөнінде ақпараттылығын арттыру бойынша іс-шаралар ұйымдастыруға және өткізуге; кадрлердің біліктілігін арттыру бойынша іс-шаралар жүргізуге құқылы.
Департаменттің Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтары бар.

2. САЛЫҚТЫҚ ҚЫЗМЕТ ОРГАНДАРЫНЫҢ ЖӘНЕ САЛЫҚ ТӨЛЕУШІНІҢ МІНДЕТТЕРІ МЕН ҚҰҚЫҚТАРЫ

2.1 Салықтық қызмет органдарының міндеттері мен құқықтары

Салық қызметі органдарының міндеттері:
1) салық төлеушінің (салық агентінің) құқықтарын сақтауға;
2) мемлекеттің мүдделерін қорғауға;
3) салық төлеушінің - салық міндеттемесін, салық агентінің салықтарды есептеу, ұстау және аудару жөніндегі міндетті осы Кодексте белгіленген тәртіппен орындауына салықтық бақылауды, сондай-ақ әлеуметтік аударымдарды есептеудің толықтығы мен төлеудің уақтылылығын, міндетті зейнетақы жарналарын есептеудің, ұстау мен аударудың уақтылылығын бақылауды жүзеге асыруға;
4) салық төлеушілерді, салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді есепке алуды, есептелген, есепке жазылған және төленген салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, есептелген, ұсталған және аударылған міндетті зейнетақы жарналарын, есептелген және төленген әлеуметтік аударымдарды есепке алуды жүргізуге;
5) өз құзыреті шегінде салық міндеттемесінің туындауы, орындалуы және тоқтатылуы жөнінде түсіндіруді жүзеге асыруға және түсініктемелер беруге;
6) салық төлеушіге (салық агентіне) қолданыстағы салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы, Қазақстан Республикасының салық заңнамасындағы өзгерістер туралы ақпарат беруге, салықтық нысандарды толтыру тәртібін түсіндіруге;
7) салық төлеушіге (салық агентіне) уәкілетті орган бекіткен мемлекеттік қызметтер көрсету стандарттарын, салықтық өтініштердің белгіленген нысандарының бланкілерін және (немесе) электрондық түрдегі салық есептіліктері мен салықтық өтініштерді табыс етуге қажетті бағдарламалық қамтамасыз етілімді тегін беруге;
8) нұсқама бойынша салықтық тексеруді жүргізуге;
9) өз құзыреті шегінде салықтың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер мен өсімпұлдардың артық төленген сомасын, есепке жатқызылған қосылған құнға салықтың есептелген салық сомасынан асып кетуін есепке жатқызуды және (немесе) қайтаруды, осы Кодексте белгіленген тәртіппен және мерзімде айыппұлды қайтаруды жүргізуге;
10) осы Кодекстің ережелеріне сәйкес салықтық құпияны сақтауға;
11) осы Кодексте көзделген мерзімде және жағдайларда салық міндеттемесінің, міндетті зейнетақы жарналарын ұстау мен аудару және әлеуметтік аударымдарды төлеу бойынша міндеттемелердің орындалуы жөнінде салық төлеушіге (салық агентіне) хабарлама және (немесе) осы Кодексте белгiленген жағдайларда оның көшiрмесiн беруге;
12) салық төлеушінің (салық агентінің) салықтық өтініші бойынша осы Кодексте белгіленген тәртіппен және мерзімде мынадай:
:: салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша берешектің жоқ екендігі туралы;
:: салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша берешектің жоқ екендігі (бар екендігі) туралы;
:: резидент еместің Қазақстан Республикасындағы көздерден алған табыстарының және ұсталған (төленген) салықтардың сомасы туралы анықтама түрлерін беруге;
13) осы Кодексте белгіленген тәртіппен салық есептілігін және салықтық өтініштерді қабылдауға;
14) салық төлеушіден (салық агентінен) Қазақстан Республикасы салық заңнамасының анықталған бұзушылықтарын жоюды талап етуге және өз құзыреті шегінде осы талаптардың орындалуын бақылауға;
15) салық төлеушінің (салық агентінің) салықтық өтінішін алған кезден бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмей оның жеке шотынан салық міндеттемесінің, сондай-ақ міндетті зейнетақы жарналарын аудару және әлеуметтік аударымдарды төлеу бойынша міндеттемелердің орындалуы бойынша бюджетпен есеп айырысу жай-күйі туралы үзінді көшірме беруге;
16) көрсетілген ақпарат үшін салық органына өтініш жасалған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде өз құзыреті шегінде салық төлеушіге (салық агентіне) салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, бюджетке төленуге жататын өсімпұлдар мен айыппұлдарды төлеу жөніндегі төлем құжатын толтыру үшін қажетті деректемелер туралы мәліметтер, сондай-ақ салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, бюджетке төленуге жататын өсімпұлдар мен айыппұлдарды, әлеуметтік аударымдарды төлеу және міндетті зейнетақы жарналарын аудару тәртібі туралы ақпарат беруге;
17) салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу фактісін растайтын құжаттардың немесе құжаттар көшірмелерінің бес жыл бойы сақталуын қамтамасыз етуге;
18) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органға салық қызметі органдарының ақпараттық жүйесіне қолжетімділігін беруге;
19) электрондық салық төлеушіге өзінің жеке шотын көру қолжетімділігін беруге;
20) салық төлеушінің талап етуі бойынша - салық міндеттемесінің, сондай-ақ міндетті зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар бойынша міндеттемелердің орындалуы жөніндегі, салық агентінің талап етуі бойынша салықты есептеу және аудару бойынша міндеттің орындалуы жөніндегі есеп-қисапты салыстыруды жүргізуге, жеке шотқа осы Кодексте көзделген тәртіппен түзетулер енгізуге;
21) уәкілетті орган бекіткен мемлекеттік қызметтер көрсету стандарттары мен регламенттеріне сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсетуге;
22) бұқаралық ақпарат құралдарында осы Кодексте белгіленген тәртіппен және жағдайларда салық берешегі бар салық төлеушілердің (салық агенттерінің), сондай-ақ әрекетсіз заңды тұлғалардың және заңды күшіне енген сот үкімінің не қаулысының негізінде жалған кәсіпорындар болып танылған салық төлеушілердің тізімдерін жариялауға;
23) мемлекеттің меншігіне айналған мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау, одан әрі пайдалану және өткізу тәртібінің сақталуын, оның Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тиісті уәкілетті мемлекеттік органға берілуінің толықтығы мен уақтылылығын, сондай-ақ ол өткізілген жағдайда бюджетке ақшаның түсуінің толықтығы мен уақтылылығын бақылауды жүзеге асыруға;
24) уәкілетті мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдардың салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді есептеу дұрыстығы, алу толықтығы және аудару уақтылылығы мәселелері жөніндегі қызметін бақылауды жүзеге асыруға;
25) салық міндеттемесінің орындалуын қамтамасыз ету тәсілдерін қолдануға және салық төлеушінің (салық агентінің) салық берешегін осы Кодекске сәйкес мәжбүрлі тәртіппен өндіріп алуға;
26) салық төлеушінің (салық агентінің) салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламаға шағымын және (немесе) салық қызметінің жоғары тұрған органының хабарламаға жасалған шағымды қарау нәтижелері бойынша шығарған шешіміне, сондай-ақ салық қызметі органдары лауазымды адамдарының іс-әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымын осы Кодексте белгіленген тәртіппен және мерзімдерде қарауға;
27) Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде белгіленген тәртіппен әкімшілік жауапкершілікке тартуға міндетті.
Салықтық тексеру барысында салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуден қасақана жалтару фактілері, сондай-ақ қылмыс белгілерін көрсететін әдейі, жалған банкроттық фактілері анықталған кезде, салық қызметі органдары Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес іс жүргізу шешімін қабылдау үшін тиісті құқық қорғау органдарына олардың тергеуіне жататын материалдарды жібереді.
Салық қызметі органдарының құқықтары:
1) осы Кодексте көзделген нормативтік құқықтық актілерді өз құзыреті шегінде әзірлеуге және бекітуге;
2) салықтық бақылауды жүзеге асыруға;
3) салық салу мәселелері бойынша халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыруға;
4) салық төлеуші (салық агенті) осындай бағдарламалық қамтамасыз етілімді және (немесе) ақпараттық жүйені пайдаланған жағдайда, банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын өзге де ұйымдардың өз клиенттерінің банктік шоттары туралы, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес банктік құпия болып табылатын мәліметтер қамтылған бағдарламалық қамтамасыз етілімі мен (немесе) ақпараттық жүйесінің деректерін көруге қол жеткізу құқығын қоспағанда, салық төлеушіден (салық агентінен) бастапқы есепке алу құжаттарының деректері, бухгалтерлік есеп тіркелімдері, салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер туралы ақпарат қамтылған бухгалтерлiк және салық есептерiн автоматтандыруға арналған бағдарламалық қамтамасыз етілімнің және (немесе) ақпараттық жүйенің деректерін көруге қол жеткізу құқығын беруді талап етуге;
5) салық төлеушіден (салық агентінен) салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді есептеудің дұрыстығын және төлеудің (ұстаудың және аударудың) уақтылылығын, міндетті зейнетақы жарналарын есептеудің, ұстау мен аударудың және әлеуметтік аударымдарды есептеу мен төлеудің толықтығы мен уақтылылығын растайтын құжаттарды, салық төлеуші (салық агенті) жасаған салықтық нысандар бойынша жазбаша түсіндірмелерді, сондай-ақ салық төлеушінің (салық агентінің) қаржылық есептілігін, оның ішінде резидент - салық төлеушінің (салық агентінің) Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде орналасқан еншілес ұйымдарының қаржылық есептілігін қоса алғанда, егер осындай тұлға үшін Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде міндетті түрде аудит жүргізу белгіленген болса, аудиторлық есепті қоса бере отырып, шоғырландырылған қаржылық есептілігін беруін талап етуге;
6) салықтық тексеру барысында Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде айқындалған тәртіппен салық төлеушіден (салық агентінен) әкімшілік құқық бұзушылықтар жасалғаны туралы айғақтайтын құжаттарды алып қоюды жүргізуге;
7) нұсқама негізінде объектінің тұрған жеріне қарамастан, салық салу объектісі және (немесе) салық салуға байланысты объект болып табылатын мүлікті зерттеп-тексеруге, салық төлеушінің (салық агентінің) мүлкіне (тұрғын үй-жайлардан басқа) түгендеу жүргізуге;
8) банктерден және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардан осы Кодекстің 581-бабының 1) және 4) тармақшаларында табыс етілуі көзделген мәліметтерді алуға;
9) банктерден және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардан коммерциялық, банктік және заңмен қорғалатын өзге де құпия болып табылатын мәліметтерді жария етуге Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген талаптарды сақтай отырып, осы Кодекстің 581-бабының 12) тармақшасында аталған тұлғаларға қатысты банктік шоттардың бар-жоғы және нөмірлері туралы, осы шоттардағы ақша қалдығы және қозғалысы туралы мәліметтер алуға;
10) осы Кодексте белгіленген тәртіппен салық салу объектілерін және салық салуға байланысты объектілерді жанама әдіспен айқындауға;
11) салықтық тексерулерге мамандарды тартуға;
12) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес соттарға талаптар қоюға, оның ішінде Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 49-бабы 2-тармағының 1), 2) және 4) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша заңды тұлғаны тарату туралы талаптар қоюға құқылы.
Салық қызметі органдары Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде жүктелген міндеттерді іске асыруды осы Кодексте белгіленген тәртіппен электрондық тәсілмен жүзеге асыруға құқылы.
Салық қызметі органдарының Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтары бар.

2.2 Салық төлеушілердің міндеттері мен құқықтары

Салық төлеушіның құқықтары:
1) салық қызметі органдарынан қолданылып жүрген салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы, Қазақстан Республикасының салық заңнамасындағы өзгерістер туралы ақпарат, салықтық нысандарды толтыру тәртібі бойынша түсіндірмелер алуға;
2) Қазақстан Республикасының салық заңнамасында реттелетін қатынастарда жеке өзі не өзінің өкілі арқылы немесе салық консультантының қатысуымен өзінің мүдделерін білдіруге;
3) осы Кодексте белгіленген жағдайларда салықтық бақылау нәтижелерін алуға;
4) салық органында уәкілетті орган бекіткен мемлекеттік қызметтер көрсету стандарттарын, салықтық өтініштердің белгіленген нысандарының бланкілерін және (немесе) электрондық түрде салық есептіліктері мен өтініштерін беру үшін қажетті бағдарламалық қамтамасыз етілімді тегін алуға;
5) өтініш бойынша салық органында бұрын өзі тапсырған салық есептілігінің көшірмесін алуға;
6) салық қызметі органдарына салықтық бақылау нәтижелері бойынша салықты және бюджетке төленетін басқа ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасында корпоративтік табыс салығын салу әдістерінің кәсіпкерлік субъект мүдделеріне әсері
Ақтөбе облысы бойынша кірістер департаменті РММ
Тәжірибеден өту базасы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің Үржар Ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы
Шымкент қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің негізгі қызметтері
Салық басқармаларының функционалдық міндеттері
Өндірісті басқаруды жетілдіру
Еңбекшілдер ауданы бойынша бюджет кірісін және салық комитетінің жұмысын талдау
Мемлекеттік кірістер басқармасының бөлімдері
Нарық экономикасы жағдайында салықтардың және салық салу элементтерінің алатын орны мен рөліне талдау
Салық салу объектілері
Пәндер