ЖАСТАР АРАСЫНДАҒЫ КӨПТІЛДІЛІКТІҢ КОММУНИКАТИВТІК ЖАҒДАЯТТАРҒА ӘСЕРІ


3. 2. ЖАСТАР АРАСЫНДАҒЫ КӨПТІЛДІЛІКТІҢ КОММУНИКАТИВТІК ЖАҒДАЯТТАРҒА ӘСЕРІ
Қазіргі Қазақстан жерінде қазақ-орыс, қазақ-ағылшын, қазақ-түрік және т. б. қостілдіктің түрлі қыры даму үстінде. Оған, әрине, еліміздің көптілді мемлекет екендігі тікелей қатысты. Қазақстандық жастардың көбі қостілділіктің ішінде қазақ-орыс тілдерін қатар қолданушылар. Бүгінгі қоғамда жастар ауызекі сөйлеу тілінде орыс сөздерін араластырып сөйлеуді әдетке айналдырған. Бұл құбылыс тіл білімінде интеркаляция құбылысы деп аталады. Интеркаляция мен интерференция ұғымдары үнемі қатар жүреді. Интерференция деп нормадан ауытқуды айтсақ, интеркаляция - екінші тілдің ана тілге әсері.
Жастар тілі қазірде әлеуметтік лингвистика саласының негізгі нысандарының бірі. Себебі жастар - қоғамның негізгі мүшелерінің бірі. Жастар тілінің даму барысы олардың тілдік ортасына тікелей қатысты. Ғылыми еңбектерде тілдік ортаға мынадай анықтама береді: «Тілдік орта дегеніміз - сол тілде сөйлейтін қоғам мүшелерінің тілдік санасының көрінісі, қолданыстағы тілдің жай-күйі, тілдің қоғамдағы орны мен дамуы. Тілдік ортадан қоғамның әлеуметтік-психологиялық, идеологиялық, мәдени, этнопсихологиялық болмысы айқындалады. Адамдардың тіршілік ортасының ерекшеліктері оның қолданыстағы тілінен байқалады. Мұндай ортада ұлттық ұжымның рухани тіршілігі қалыптасады. Тілдік ортасыз адамдар жеке дара өмір сүрмейді» [1] . Мәдениеттанушы С. Ерғали тілдік ортаны тілдік алаң деп көрсете отырып, тілдік орта мен тілдің өміршеңдігі жөнінде «Тілдік орта болмаса, «Мемлекеттік тіл» деген төрден не қайыр?» атты мақаласында тұшымды тұжырымдарын білдірген: « Тілдік орта - тілдің тірлік алаңы. Тілдің тірлігі оның қолдану ортасының бар екендігіне тікелей қатысты. Қатынас ортасы жойылған тіл өзінен өзі өшкен тілге айналады. 2000 жылдай өліге саналған лингвистикалық иврит жүйесі қалай қалпына келтірілді? Бар болғаны - оның тілдік ортасы қайтадан жандандырылды! Осылайша кез келген тілді өлтіруге де, тірілтуге де болады. Тілдік орта - тілдің қолданым аясы; қолданымы жойылған тіл өшкен болып есептеледі. Тілдік ортаның тұтынушылары: жазарман, оқырман, көрермен, тыңдарман, айтарман. Ал, ортаға тілдегі бүкіл жазба ресурс, кітапхана, электрондық кеңіс; оларды қолданушылар, телевидение, радио, алуан түрлі дәрісхана, аурухана, көше, қоғамдық орындар, ойын алаңы, мектеп, балабақша, жанұя, ұжым, мәдениет орындары, сауда орындары т. т . . . жатқызуға болады» [2] . Демек, жастардың тілдік ортасы қазақша болған жағдайда ғана қолданыстағы коммуниканттары қазақ тілінде болмақ. Тілдік орта қазақшалану үшін баланың, жастардың қоршаған ортасын қазақшаландырудан бастаған жөн.Он қазақ баласының ішінде бір шала қазақ жүрсе, сол шала қазақ қалған онның барлығын өзіне ыңғайлап алады. Осы күндері жастар ғана емес, ересектер де орыс тілдік сөздерді қосып сөйлеуге әуес болып кеткен. Мәселен, ремонт, зарплата, аптека, зонтик, магазин, остановка, шашлык, телевизор, пробка, холодильник, шампунь, очки, порошок, стиралка, парковка және т. б. сөздерді қазақ азаматтары күнделікті тұрмыста жиі қолданады. Сонымен қатар қосымша конкретно, всегда, случайно, вообще, именно, срочно, пожалуйста, уже, спокойно, даже, еще, пока, или, и, через, после, в общем, конечно, совсем сияқты интеркаляцияға ұшыраған сөздерді де мысал ретінде көрсетуге болады.
Ғалымдар қостілділердің ауызекі сөйлеу тіліне зерттеулер және сауалнамалар жүргізу арқылы жастар тілінде өзге тіл сөздерінің қолданылу жиілігін анықтаған. Бақылау барысында күнделікті өмірде қостілділер ауызекі сөйлеу кезінде заттық мағынаны білдіретін интеркаляциялық бірліктер мен үстеу және қыстырма сөздерді сөз арасында көп қолданады екен. Мәселен:
Сауалнама жүргізушілердің ойынша, жастардың интеркаляциялық бірліктерді қолдану жиілігі олардың алған тәрбиесі мен мектепте қай тілде білім алғандығына байланысты. Сауалнамада қазақ және орыс сыныптарында білім алған азаматтардың тілі нысанға алынған. Сауалнаманың нәтижесі төменде берілді:
[3]
.
Қазақ тілінде білім алған баланың орыс тілінде білім алғаннан көрсеткіші төменірек болуы - заңдылық. Бірақ, кестеден көріп отырғанымыздай, адам баласының тілге деген құрметі, көзқарасы әр жаста әр түрлі екен. Ана тілін құрметтейтін адам тіліне зиянды әрекеттер жасамайды. Профессор Жантас Жақыпов айтқандай, тілдерін «қоқыс сөздермен» ластамайды. Соған қарағанда адам жасы ұлғайған сайын тілге деген құрметі де арта түсетін сияқты. Жоғарыда айтып кеткен үстеу мен қыстырма сөздерді орысша баламасымен сөйлеу бойынша төмендегі кестеге назар аударсақ:
[3]
.
Біздің түсінігімізде орысша оқығандар қазақ тілін шұбарлауға бейім келеді. Ал сауалнама нәтижесі бойынша керісінше қазақ мектебін бітіргендер қазақ тілін әдеби нормаға сай қолданбайды екен. Бұдан ата-ана мен мұғалімдердің балалардың сөйлеу процесіне тиісінше назар аударылмайтынын байқауға болады. Олай дейтініміз, мектеп бағдарламасында жазбаша тапсырмалардың жанында ауызша тапсырмалардың саны жоқтың қасы. Ал отбасында ата-ана баласымен қажетті деңгейде пікір алмаспайды. Ата-ана баласымен сөйлессе, баласының қазақтың төл дыбыстарын дұрыс айтпайтынын, қазақ сөздерінің мәнін түсінбейтінін, қазақтың салт-дәстүрінен еш хабары жоқтығын аңғарар еді. Соның негізінде бала тілін дұрыс бағытта дамытуға атсалысар еді. Шындығында адамға қатысты қандай да бір мәселе туындаған жағдайда әрбір адамның отбасына үңілу керек. Ол адамның қандай тәрбие алғандығы, қандай ортада өскендігі болашағы үшін өте маңызды. Себебі ол адам ертеңгі күні мемлекеттік жұмыстардың бірінде еңбек ететін болады, ертеңгі күні өзі сияқты ұрпақты тәрбиелейді.
Бүгінгі таңда әлеуметтік ортада интеркаляцияның көрінуі лингвистикалық және экстралингвистикалық факторларға байланысты болып келеді. Біріншіден, ол - қазақ тілінде лайықты баламаның жоқтығы. Бүгінгі таңда қазақ терминологиясының негізі - шеттілдік сөздер. Қазақ терминологиясы өз атына лайықты қазақ терминдерін қорын әзірлеп әлі үлгермеді. Себебі бүгінгі таңда барлығы 333 000 термин бекітілсе, оның 1, 9 пайызы, яғни 6317-сі ғана таза қазақ тілінде екен.
[4]
.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz