ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ ҚОҒАМДАҒЫ ДӘСТҮРЛІ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫҢ РӨЛІ ЖАЙЫНДА


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

Студент: Орманбек А.

Топ: И-223-А

20140314130630643.png

№ 9 ТАҚЫРЫП "ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ ҚОҒАМДАҒЫ ДӘСТҮРЛІ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫҢ РӨЛІ"

НЕГІЗГІ СҰРАҚТАР:

1. Адам және оның еркіндігі (Б. Спиноза) .

2. М. Хайдегеррдің шығармаларындағы еркіндік пен ақиқаттың байланысы.

3. Құқықтың дүниетанымдық мәселелері.

4. Сөз және көзқарас еркіндігі.

Әлемдік философияда еркіндік мәселесі көне грек ойшылдарының идеяларында көрініс тапты. Қоғамда адамдардың еркін және еркіндігі жоқтарға бөлінуіне байланысты еркіндік антика философиясында мәселе ретінде қойыла бастады. Бұл мәселені алғаш философия тарихында Сократ көтерген болатын. Әрі қарай өрбіткендер Платон, Эпикур, стоиктер және т. б. болды. Орта ғасырларда болса, ерік бостандығы ретінде философия мен теологияда еркіндік мәселесін шешуге талпыныстар жасалынды. Бұл әсіресе христиан дінінің үстемдік етуімен байланысты. Ондағы негізгі идея адамның «күнә мен күнәдан құтылу» жолдарын таңдауы болды. Бұл мәселеде философтар ғана емес теологтар да бір шешімге келген жоқ. Соңында екі негізгі бағыттағылар арасында күрес басталды. Еркіндіктің алдын ала Құдаймен анықталып қойылатындығын жақтаушылардың ең көрнекті өкілі Августин болды. Орта ғасырдағы ұлы христиан ойшылы ақыл мен еріктің айырмашылығын адамның Құдай алдындағы күнәһарлығы еріктің алғашқы көрсетілген түзу жолдан тайқуынан көреді. Екінші бағытқа ерік бостандығын дәріптеуші Фома Аквинскийдің ілімін жатқызуға болады. Ал қайта өрлеу дәуірінің ойшылдары еркіндікті адамның кедергісіз жан-жақты даму ретінде түсіне отырып, оны жоғарғы адамдық құндылықтық деңгейіне көтерді. Мұндай түсінік Дж. Бруно, Пико делла Мирандола, М. Монтень еңбектерінде байқалады.

Жаңа Заманда капитализмнің орнығуымен еркіндік өзекті мәселеге айналды. Еркіндік мәселесі жайында Декарт пен Спиноза, Гоббс пен Руссо, Локк пен Юм сияқты ойшылдар өз көзқарастарын қалыптастырған болатын. Осы ойшылдардың ізденістерінің өзіндік бір қорытындысындай және батыстық мәдениеттегі еркіндік мәселесін шешуде өзіндік үлгі қалыптастырған неміс классикалық философиясы деуімізге болады. Неміс классикалық философиясының өкілдері И. Кант, Г. В. Ф. Гегель, Л. Фейербах, И. Г. Фихте, В. И. Шеллинг еркіндік мәселесін ерекше деңгейге көтере отырып, оны онтологиялық, этикалық, әлеуметтік-психологиялық тұрғыдан қарастырды.

Еркіндік мәселесін диалектикалық материализм тұрғысынан қарастыру Ф. Энгельстің шығармашылығымен байланысты. Ал кеңестік философияда еркіндік көбінесе тек қажеттілікпен байланысты қарастырылды. Одан кейінгі бұл мәселені талдаудағы маңызды материалдар А. Шопенгауэр, Ф. Ницше, 3. Фрейд, Э. Фромм, М. Хайдеггердің философиясынан табылады.

Адамның бар құндылығы - оның өмірі. Ол адамның мінезі мен темпераменті, мүддесі, көзқарасы, әдеті, тілегі, мәдениеті, тәрбиелік деңгейі, бір-бірімен өзара қарым-қатынасы, кішіпейілдігі, әдептілігі, жеке басының тазалығы, әсемдігі, сөйлеу мәдениеті т. б.

Адамның өмір сүру барысындағы қолданатын тәсілінде оның түрлі қажеттіліктері, ақыл-ойының қалыптасуы, еркіндік жауапкершілігі, қызметін ұйымдастыруы және болжамы анықталады. Оның іс-әрекеті және сол арқылы адамның қалыптасуы мен дамуы өз шешімін табады. Адам- дүниені өзгертуші күш.

Адам ерте замандардан бері тілеп келе жатқан бір арманы -еркіндік. Еркіндік адамға ғана өзге де қасиеттердің қатарында елеулі орын алады. Адам өзіндігін сезіну үшін, тұлғалығын таныту үшін еркін әрекеттер жүзеге асырып отыруы қажет. Сол себепті де еркіндік мәселесі мәңгі қаралып келе жатқандардың есебінде. Еркіндіктің мәнін ашу, оның қаншалықты дәрежеде болатындығын анықтау маңызды. Сондықтан да адам баласы өмір сүретін қай уақытта, қандай кеңістікте болмасын еркіндік мәселесі басты орынға қойылып отырады.

Еркіндік іс- әрекетіне берілген айрықша мүмкіндік, адамның табиғи қабілеттеріне сай өз қалауынша әрекет етуіне сырттан еш кедергінің болмауы, жанның саулығы. Біз еркінбіз, зерделіміз, ақылдымыз, күштіміз, саумыз және ойға да, сөзге де өткірміз, бірақ белгілі бір азырақ мөлшерде. Басқа қабілеттеріміз сияқты, біздің еркіндігіміз әлсіз, шектелген. Сонымен қатар, еркіншіл деген кезде де табиғаттың заңдарына тәуелдімін деп мойындаған шақта қайшылық пайда болады. Философияның басты міндеті осы қайшылықты шешу болып табылады.

«Кеңістік пен уақыт еркесі» болған көпшелі халық ұрпағы қай қазақ баласы үшін де еркіндік мәселесі хақында ой толғау таңсық болмауы белгілі. Керісінше, діндік ерекшеліктерге сәйкес бұл түсінік басты орын алады десек қателеспеген болар едік.
Көшпелілер ешбір үстемдік пен шектеушілікке көне алмаған, олар отырықшылыққа ену өз-өзін жоғалтумен бірдей. Көшпелілер ділін тек санадан шығармай, кеңінен алып қараған жөн. Негізінен ол мағынаға көшпелі халықтардың тұрмыс жағдайын, қоршаған ортасымен туындап, - бірте қалыптасқан мінез - құлқын, әдет - ғұрпын, ойлау жүйесін, салт - санасын бейнелейтін рухани келбетінің сомдалған жиынтығын жатқызуға болады.
Біздің ата - бабаларымыз осы еркіндікті мәңгі көксеген. Оған айғақ ретінде осыншалық үлкен аймақты ешкімнің еншісше бермей сақтап келгендігін айтар едік. Мұның себебі, өздерін ешкімге бағындырмау, өз еркіндіктеріне иелене білу, сонымен қоса, көшіп - қонып жүрген, қалыпты тұрмыстарынан ауытқымау мақсатында кеңістіктерін тарылтпау. Бізге қан төгіссіз, Құдайдың сыйындай болып берілген тәуелсіздіктің мәнін түсіне білу қажет. Еркіндік босып кету еместігін түсіне білу біз үшін аса құнды. Болашаққа баянды ғұмыр кешуге, өркендеп өсуге рухани еріктілікке жету керек. Ерікті адам бәріне байыппен қарайды, науқани нәрсеге асықпайды, өз заманынан сәл алшақ тұрады. Себебі, дәуірдің келбетін жасайтын тек қана саясат емес, ішкі рухани ағымдар. Батыстық көзқарастардың бірқатарын қарастыру арқылы өзімізге қажеттілерін назарға алып, құндыларын қолдануымыз керек. Олар жүріп өткен жолға түскен біздер үшін таңсық болмауға тиіс түсініктермен өз тәжірибемізді толықтыра түскеніміз абзал.

«Еркіндік дегеніміз - адамның арқаланатын жауапкершілік жүгі-Ж. П. Сартр. «Еріктік - танып білінген қажеттілік», Б. Спиноза. Жауапкершілік пен еркіндік өмірлік маңызды экзистенциалдық категориялар ретінде философия тарихында діни, этикалық, заңдық, тарихи тұрғыда әр қырынан қарастырылып келді. Бұл философиялық ұғымдар адам тіршілігінің маңыздылығын сипаттайды. Еркіндік пен жауапкершілік бақылау, сараптама, тәжірибе жасау нәтижесінде адам білімінің артуына көмектеседі. Жауапкершілік - бұл біреуге жүктелген міндет, ол адам өз әрекетіне, өз кінәсіне оның салдарына есеп бере алатын болуы қажет. Біз әрдайым өз өміріміз бен өзгелер үшін де жауапкершіліктеміз, еркіндік қашанда жауапкершіліксіз өмір сүрмейді, сондықтан олар өзара байланысады.

Адам о баста табиғатпен туылса да, оған берілген еркіндік пен жауапкершілік, оны айналадағы болмысты зерттеп, тануға қызықтырады. Сондықтан бұларды иеленгендер қашанда белсенді позицияда тұрады. Таңдау еркіндігі арқылы әрекеттене отырып, адам тәжірибесін байытады, өзін көрсету мүмкіндігіне ие болады. Олар өз еркімен әрекет етіп, ойлай алатын мүмкіндіктен тұрады. Объективті әлемде біз өзімізден басқа бар нәрсені көрмейміз, тек, өзіміздің еркін әрекетіміздің ішкі шектелуін ғана байқаймыз. Еркіндік үшін алғышарт қажет, адам өз әрекетінде еркін, соңғы нәтижесінде қажеттілікке тәуелді. Адам еркіндігі мәселесі қазіргі таңда саяси және рухани өмірдің орталығында тұр, оған жету деңгейі қазіргі қоғаммен, оның жалпы мәдени дамуы демократиялығымен анықталады және өркениеттілігінің негізгі критерийі болып табылады. Еркіндік пен жауапкершілік тұлғаның өмір сүруінің шарттары, адамдар өз әрекетінің мақсатын анықтағанда едәуір еркіндікті иеленеді. Еркіндік те, жауапкершілік те абсолютті үғымдар емес. Еркіндік бізді күреске итермелейді, адамдық қуаныш пен ләззаттан бас тартуға сүйрейді. Қайғыру, тәуекел, жеңіліс арқылы болған еркіндіктің өзі өмірімізді жақсы ете алады, сондықтан оған адам ғана таңдау жасайды. Еркіндік пен жауапкершілік мәселесі өздерінің әлеуметтік мәнінде қоғамдық өмірде, саясатта, заң, басқа да заңды актілерде, өнерде, көркем әдебиетте кең тарағандықтан антропология, саясаттану, заң ғылымдары, психология, мәдениеттану, әлеуметтану, этика, қоғамтану пәндерінің орталық мәселесі.

Бұл категориялар адамзат дамуының әр кезеңінде әр дәуірдің философтары, әлеуметтанушылары болсын, тіпті христиандық, ислам және буддизм дінінің өзі еркіндік мәселесіне өзінше қарап, өздігінше тұжырым жасаған, алайда мәселе күрделілігінің салдарынан толық шешілмеген және бұл ұғымдардың өзара байланысының әлеуметтік-философиялық, діни-этикалық аспектілері жайлы зерттеу жоқ, сондықтан біз осы мәселені көтеріп отырмыз.

Қаншалықты абстрактілі ұғым болса да, еркіндіктің нақты , тарихи және әлеуметтік жағдайда мазмұны бар. Еркіндік пен жауапкершіліктің байланысы адам болмысының әмбебаптық сипаттамасы. Қарапайым түсінікте еркіндік біреудің үстемдігінсіз өмір сүру, қалаған әрекетін іске асыра алу қабілеті болып саналады. Еркін таңдау, ерікті адам, ерікті, ерік, азамат еркіндігі, еркін ойлар, еркін махаббат міне қарап тұрсаңыз, қоғамдық сана мен бұқаралық мәдениетте еркіндіктей анағұрлым қажетті де, лайықты ұғым жоқ та шығар. Сондықтан, адамзат үшін еркіндік пен жауапкершілік - мемлекет қайраткерлерінің, жастар субмәдениетінің риторикалық атрибуты болып саналады. Еркіндік пен жауапкершіліктің философиялық интерпретациясы әртүрлі түсіндірулермен байланысқан. Мұнда орталық мәселе ретінде, еркіндік пен қажеттілік арақатынасын алуға болады. «Краткий словарь философии права» кітабында жауапкершілікке мынадай анықтама берілген: «Жауапкершілік - тұлғаның әлеуметтік ортадан қоғам мен мемлекеттен нормативтік үлгіге сәйкестікті талап ететін этикалық-құқықтық категория». Жауапкершілік ұғымында әлеуметтік нормаларды ұстану үшін моралді-құқықтық санаға шақыратын мәжбүрлік сипат бар. Еркіндік пен жауапкершіліктің өзара байланысы адамзат дамуының ажырамас бөлігі, олар материалды игіліктер мен ақпаратқа өзара айырбас жасаумен байланысты.

Философиялық сөздікте де жауапкершілік пен еркіндік өзінше анықталып жүр: «Жауапкершілік - этика және құқық саласымен байланысқан, ерекше, әлеуметтік және моралді, құқықтық тұлғаның қоғамға, адамзатқа қатынасын білдіреді, ол өнегелік парыз атқарумен сипатталынады». Анықтамада көрсетілгендей, шындығында, қазіргі кезде жауапкершілік этика мен құқық саласында ең көп қолданыс тапқан, өнегелік парыз сезімімен байланысқан. Дегенмен, бұл анықтаманы толық, жан-жақты деп айту қиын, себебі, адам онтологиясының осы мәселеге қатысты келесі маңызды көрінісі - еркіндікпен байланыссыз қарастырған. Жауапкершілік - еркіндіктің керісінше жағы, оның екінші «мені», ол еркіндікпен үздіксіз байланысқан, еркіндіктің имманентті шектеушісі болып табылады.

Философиялық әдебиетте: жауапкершілікке қоғам алдында адамның өз міндеті мен парызын сезінуінің моралдік-психологиялық категориясы. Бұл тұрғыдан қарағанда, жауапкершілік - адамдардың өз әрекетінің нәтижесін көре білу мүмкіндігі, оның қоғамға әкелер пайдасы, не зияны бар ма, осыны анықтау болып табылады. Қалай десек те, бұл екі ұғым философиялық қана емес, антропологиялық, онтологиялық, діни, этикалық, құқықтық ұғымдар ретінде күнделікті тұрмысымызда көп кездеседі. Этикалық тұрғыдан жауапкершілік ұғымына жақын ұғымның бірі әдеп болып табылады, ол туралы саралап көрсек: әдеп - қоғамдағы адамдар мінез-құлқына қойылатын этикалық талаптардың жиынтық атауы. Әдептің қоғамдағы басты қызметі тұлғалық қатынастарды адамгершілік талаптарына сәйкес ретке келтірумен байланысты. Бұл сипатта әдеп мәдениеттің іргелі бір құрамдас бөлігіне жатады.

Еркіндік пен ерік синоним ретінде қолданылады. Ерік өз тілегеніңді алдыңа қойған мақсатыңды жүзеге асыру, саналы ұмтылыс, тілек, талап, билік, мүмкіндік, ал « еркіндік дегеніміз - ерікті күй». Ар-ождан қоршаған орта алдындағы өнегелі жауапкершілік сезімі. Ар «өз қылығы үшін адамдардың қоғам алдындағы моралді жауапкершілікті сезінуі мен сезімі» - деп анықтауға келеді. Егер еркіндік шындықты адекватты түрде тануда болса, онда адам таным объектісіне тәуелдікте, оның еркін ерігі басылып қалған. Объективті қажеттілікті тани отырып, адам өзін қоршаған табиғи ортаға, әлеуметтік үрдістерге, өз табиғатына әсер етуге қабілетті. Еркіндік пен жауапкершіліктің өзара байланысын гносеологиялық тұрғыдан қарастырғанда, мәселе өте күрделенеді. Еркіндік пен жауапкершілік ұғымдарын түсіну диапозоны өте кең. Ол еркін таңдау мүмкіндігін толық терістейтін - бихевиоризм концепциясынан басталып, қазіргі өркениеттік қоғам жағдайындағы Э. Фроммның «Еркіндіктен қашуына» дейін жалғасып жатыр. Еркіндікке келсек, ол адамдардың қылыққа қабілеттілігі, «саналы қажеттілік» арқылы жауапкершілікпен байланысқан. Еркіндікеріктілік ретінде тұлға мен қоршаған орта адамдарының алдында шектеледі. Ол адам болмысының әмбебапты сипаты. Адамдардың жауапкершілігі таңдау еркіндігі арқылы өсіп, немесе төмендеп отырады. Біреулерге еркіндік - рәміз, біреулерге идеал, біреулерге мақсат емес, құрал, енді басқаларға өнегесіз, саяси ойында қалқа болып табылады. Таңдаулылар үшін еркіндікпен жауапкершіліктің элитарлы концепциясы мен ұжымдық теориялары бар. Бұл мәселенің онтологиялық-антропологиялық мәні де бар, қоғамда әлеуметтік өмірге саналы бастама ендіру, қоғамға өз бетімен басқаруды әкелу жеке еркіндік өлшемін арттырады. Бұл сонымен қатар, әлеуметтік және моралдік жауапкершілік тудырады. Жауапкершілі к қашанда - тұлға әрекетінің өзін реттеуші, тұлғаның өнегелі кемелдігін көрсетуші феномен. Жауапкершілік адамдарға ар мен парыз сезімін, өзін басқара білуді жүзеге асыруда көмектеседі. Антропологиялық философияда еркіндік пен жауапкершілікті түсіну қалыптасқан стереотиптермен, теориялық әдетпен ерекшеленеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дін социологиясының қалыптасуы мен дамуы
Дін әлеуметтануының қалыптасуы мен дамуы
Саяси әлеуметтану
Жаһандану процесінің Қазақстандағы саяси мәдениетке тигізетін әсері
Қазіргі отбасы жағдайының әлеуметтік-психологиялық аспектілері
Этика және аксиология
Әлеуметтік философиядағы Ислам құндылықтары
Жастарының саяси құндылықтық бағдарлары
Жастардың саяси құндылықтық бағдары қалыптасуының негізгі жолдары мен әдістері
Жастар мәдениетінің ұлттық құндылықтары және оны дамыту бағыттары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz