ХYI ғасырдың басындағы Қазақ хандығы және көрші мемлекеттер
Алмасбек Алтынбек , 3-курс студенті
Тарих мамандығы, Абай Мырзахметов
атындағы Көкшетау университеті
Ғылыми жетекшісі - Бекишев К.О.
Халықаралық қатынастар,
тарих және әлеуметтану
кафедрасының аға оқытушысы
ХYI ғасырдың басындағы Қазақ хандығы және көрші мемлекеттер
1465-1466 жылдары Қазақ хандығының негізін салған хандардың бірі Жәнібектің ұлы Қасым хан, шамамен, 1445 жылы дүниеге келген; 1513 жылы Моғолстан мемелкетінің билеушісі Саид ханмен кездесу кезінде Моғостанның атақты тарихшысы Мұхаммед Хайдар Дулатидің дерегінде келесі мәліметтер келтірілген: Қасым ханның жасы алпыстан асып, жетпіске жақындаған еді [1]. Қасым ханның анасы Жаһан бегім Мұхаммед Шайбанидің інісі Махмұд сұлтанның шешесінің туған қарындасы еді. М.Х. Дулатидің мәліметтеріне қарағанда Қасым бастапқыда әкесі Жәнібек ханның нұсқауымен, сондай-ақ қазақ халқының дәстүріне сәйкес ханның жасын ескере отырып, 1480 жылы хандықтың тағына отырған Бұрындықтың (Мұрындық) билігін толығымен мойындаған. Ол Дешті Қыпшақ жерінің ең беделді сұлтандары мен атақты батырларының қатарында болып, хандықтың әскери қолбасшысы қызметін атқарған. Алайда уақыт өте келе Қасымның ықпалы хандықтар бірте-бірте арта бастайды. Оны бірнеше себеппен түсіндіруге болады. Ең алдымен, сұлтанның қарапайып халық пен әскер алдындағы беделінің жоғары болуы. Екіншіден, Бұрындық хан беделінің төмендеуі мен сәтсіздіктері. Сонымен қатар Жәнікбек хан әулетінің ішінде ең үлкені саналатын Әдік сұлтанның 1503 жылы қайтыс болуымен байланыстыруға болады. Дегенмен тарихи деректерде Қасым сұлтанның күшеюінің нақты себептері айқындалмаған. Соған қарамастан Бахр әл-асрардың авторы Махмұд иб Уәли бұл жағдай туралы біршама маңызды ақпарат қалдырып кетті. Ол Мұхаммед Шайбани ханның 1504 жылғы Әндіжанға жорығын сипаттай отырып, қазақ даласындағы жағдайға тоқталып өтті. Оның айтуынша осы уақытта Қасым ноғайлардың әскери көмегі арқасында бүкіл Дешті Қыпшаққа билігін таратқан және Түркістан мен Ташкент бағытына шабуыл жасауға жағдай жасаған [2].
Осылайша Қазақ хандығының билігі мен бастамашылық Жәнібек ханның ұлының қолына өтеді. Қасым сұлтанның хан атағын алуға асықпағанына қарағанда сол кезде даладағы жағдай тұрақсыз болғанға ұқсайды. Саяси жағдай шыдамдылық пен төзімділікті талап етті. 1510 жылы қазақ даласына басып кірген Шайбани ханның әскерлеріне қарсы күшті Қасым сұлтанның басқарғанына қарағанда оның билігі далада толық жүрді. Осы кезден бастап Бұрындықтың есімі деректерде кездеспейді.
Бұрындық хан билігінің соңғы жылдары Қасым сұлтан одан алшақ жүруге ұмтылған. Себебі ол ханның жанында жүрсе, оған құрмет көрсетуі тиіс болатын, ал Қасымның беделі одан анағұрлық жоғары болғандықтан Бұрындыққа бағынуды қаламады. Сол себепті ол Бұрындық ханнан аулақ жүруді дұрыс деп тапты.
Екі туысқан ханның өзара күресі Бұрындық үшін қайғылы аяқталды. Ауызша деректерге қарағанда халық ханын тастап, 1511 жылдың күз айларында Қасым сұлтанды таққа отырғызады. Осылайша Қазақ хандығындағы билік Жәнібектің ұрпақтарына ауысады. Бұрындық хан, кейбір деректер бойынша, бір топ адамдарымен Маураннахр жеріне кетіп, сол жақта қайтыс болған.
Бұрындықтың ұрпақтары хан тағынан шеттетілгенімен, олар Орта Азияның саяси өмірінде елеулі орынға ие болған. Оның Санжар-Жаһан, Кімсін, Жаһан-Бақты және Шайхым деген ұлдары мен бірнеше қызы болды. Оның қыздарының бірі - Дәдім ханым Жәнібек ханның немересі Шығай сұлтанға ұзатылған. Сондай-ақ үш қызы Шайбани әулетінің билеушілерімен некелескен: біреуі - Мұхаммед Шайбани ханға, екіншісі - Шайбани ханның інісі Сұлтан Махмұдқа, үшіншісі Шайбани ханның ұлы Темір сұлтанға күйеуге берілді. Михр Сұлтан ханым деген соңғысы Самарқанда тұрған және сақталып қалған вакфтық құжаттарынан көрінгеніндей, ірі меншік иесі болған. Бодандары безген Бұрындық хан міне соған барған.
1510 жылы Мұхаммед Шайбани қазақ жеріне соңғы жорығын ұйымдастырды. Шайқас Сығанақ түбінде болып, Қасым ханның толық жеңісімен аяқталды. Атақты хан аман қалған әскерлерімен Маураннахрға шегініп кетті. Осы соғыстан кейін аймақтағы жағдай түбірімен өзгерді. Қазақ әскері солтүстіктен шайбаниліктердің иеліктеріне үнемі қауіп төндіріп тұрды. Сондықтан шекарада олардың ірі әскери қосындары үнемі күзет қызметін атқарды. Қасым ханның тарапынан туындаған қауіп М. Шайбаниді өзбек жеріне басып кірген парсы қолбасшысы Исмаил шахқа қарсы бүкіл күшті жұмылдыруға кедергі келтірді. Шайбаниліктер елдің түкпір-түкпіріне жаушылар жіберіп, әскер жинады. Шайбаниліктердің әскері Мерв түбіне топтасты. Махмұд ибн Уәли Бұйрыққа сәйкес әрқайсысы өз иқталарынан аттанып кетті. Бұған Көшім хан қосылған жоқ, ол қазақ Қасым ханның шабуыл жасау қаупін төндіруі себепті Түркістанда қалып қойды деген мағлұмат береді [3].
1510 жылы қарашада Мерв шайқасы өтті. Иран шахы Исмаил Шайбани ханның әскерлерін қақпанға түсірді. Хан әскерлерімен бірге майдан даласында қаза тапты. Осыдан кейін Бұхара, Самарқан және Түркістанның қалаларында Исмаилдің одақтасы, Әмір Темірдің ұрпағы Бабырдың уақытша билігі орнады. Ал Әбілқайырдың ұрпақтары Ясы бағытына ығысты.
Қалыптасқан жағдай Қазақ хандығы үшін өте тиімді болып шықты. Қасым хан Сырдария қалаларын хандықтың құрамына қосуды аяқтап, Ташкент пен Түркістанды бағындыруға әрекеттенді.
1512 жылы Мұхаммед Шайбанидің немересі Убайдолла сұлтан Құл-Мелік түбінде Бабырды талқандады. Шайқастан кейін Бабыр Кабулға оралып, Үндістанға шапқыншылық ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz