Негізгі құралдардың түсінігі, топтастырылуы және бағалануы


Қарағанды экономикалық университеті Қазтұтынуодағы
Жоспар:
КІРІСПЕ
1. Негізгі құралдардың түсінігі, топтастырылуы және бағалануы
2. Негізгі құралдардың кіріске алынуын құжаттау
3. Негізгі құралдардың кірістелуін синтетикалық есепке алу
4. Негізгі құралдардың кірістелуін аналитикалық есепке алу
5. Негізгі құралдардың кірістелуін есепке алуды жетілдіру
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Қазіргі нарықтық экономикаға түбегейлі көшу кезеңінде бухгалтерлік
есепке жүктелетін міндеттер қай кездегіден болмасын күрделі, ауқымды болып отыр. Өйткені қазіргі қоғамдық дамудың жаңа кезеңінде өндірістік құрал - жабдықтарының мемлекеттік меншіктен ұжымдық және жеке меншіктерге ауысты.
Осыған орай қазіргі кезде мемлекет, субъекті және жеке тұлғалар арасындағы
экономикалық және қоғамдық қарым - қатынастар саясаты жаңа сипат алды. Бұл бойынша еліміздегі халық шаруашылығының қай саласындағы субъектілер болмасын олардың өндірістік және қаржылық іс - әрекеті өз шығындарын өзі
өтеу, өзін - өзі қаржыландыру қағидаларына негізделуі тиіс.
Нарықтық қатынастары жағдайында шаруашылық жүргізуші субъектілерде
бухгалтерлік есептің маңызы ерекше зор. Шаруашылық субъектілерде
бухгалтерлік есеп жұмысы Бухгалтерлік есеп туралы, Салық және бюджетке
төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы Қазақстан Республикасы
заңдарына сәйкес жасалған Бухгалтерлік есеп стандарттары мен қаржы -
шаруашылық қызметі бухгалтерлік есебінің бас шоттар жоспарына сай
бекітілген ортақ қағидалар мен ережелерге және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің бухгалтерлік есеп жөнінде шығарған нұсқаулары мен
ережелері, сондай-ақ ұсыныстары негізінде ұйымдастырылады.
Бухгалтерлік есеп және есеп беру мәліметтері шаруашылық жүргізуші
субъектілерінің және олардық құрылымдық бөлімшелерінің қызметін жедел
басқару үшін, экономикалық жоспар жасап, оның орындалуын бақылау үшін
қолданылады.
1995 жылдың 26 желтоқсанында Қазақстан Республикасының президентінің “Бухгалтерлік есеп туралы” заң күші бар №2732 Жарлығы қабылданды. Бұл заңға сәйкес 1996 жылдың 18 қарашасынан қаржы - шаруашылық қызметі бухгалтерлік есептің бас шоттар жоспары бекітіліп, 1997 жылдың 1 қаңтарынан бастап
Қазақстан Республикасының барлық шаруашылық жүргізуші субъектілері жаңа БЕС
бойынша өз жұмыстарын жүзеге асыра бастады.
Бүгінде бухгалтерлік есеп басқару жүйесінде басты орындардың бірін
алады. Ол кәсіпорынның қаржылық жағдайын сипаттап және басқарушылық шешімді қабылдау үшін негіз бола отырып, тұтынуды, таратуды, айналысты және басқа да өндіріс процесін шынайы көрсетіп береді. Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есебі бекітілген номативтік - құқықтық актілердің жалпы
қағидалары мен ережелерінің негізінде құрылады және ол бүкіл алынған
ақпараттарды пайдаланушылардың талабына, қызметтің құрылымына, ұйымның нысанына, айрықша ерекшелігіне есептің сәйкес келуін қамтамасыз етеді.
Шаруашылық жүргізудің қазіргі жағдайында шаруашылық жүргізуші
субъектінің күрделі экономикалық тетігін нақты, жақсы жолға қоймайынша,
сондай-ақ толық, сенімді ақпаратсыз басқару жүйесін іс жүзінде жүзеге асыру мүмкін емес.
Экономиканың барлық саласындағы кәсіпорындардың иелері мен еңбек
ұжымдары шикізат пен материалдарды ұқыпты жұмсауға, өндіріс қалдықтарын азайтуға, ысырапты жоюға, бәсекеге жарамды өнімдерін өндіруге (ұлғайтуға), оның сапасын көтеруге, өзіндік құнын төмендетуге, қоршаған ортаны сақтауға мүдделі. Бұл орайда шаруаға қырсыздыққа, кәсіпорынның материалдық құндылықтарын, ақша қаражаттарын және басқа да ресурстарын заңсыз және
тиімділігін жұмсауға және тонауға қарсы күресте бухгалтерлік есептің маңызы мен мәнін айрықша бағаламауға болмайды.
Есепке алынған ақпараттың көмегімен шаруашылық жүргізуші
субъектілердің және олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін жедел
басқару үшін, экономикалық болжамдар мен ағымдық жоспарлар жасау үшін, сөйтіп ел экономикасының даму заңдылықтарын зерделеу және зерттеу
экономикалық тетіктің бірі ретінде пайдаланылады.
Қазақстан экономикасының дамуында, оның стратегиялық маңызды
салаларында қызмет ететін ірі және орта кәсіпорындар ерекше орын алады.
Олардың балансында мемелекеттің ұлттық байлығының маңызды бөлігін құрайтын негізгі құралдардың басым бөлігі шоғырланған. Ал кәсіпорын өз алдына олардың есебін жүргізуі тиіс. Негізгі құралдар әр уақытта кез - келген кәсіпорынның негізі болып табылғандықтан және онысыз ешбір кәсіпорын өз
қызметін жүзеге асыра алмайтындықтан, олардың есебін жүргізу де әрқашан
көкейкесті мәселелердің бірі болып қала береді.
Негізгі құралдардың түсінігі
Әрқилы меншік фомасындағағы және түрлі салада қызмет ететін
кәсіпорынның айналымнан тыс активтерді негізгі капиталды құрайды, оның
құрамына: материалдық емес активтер, негізгі құралдар және ұзақ мерзімді
инвестициялар кіреді.
Кез-келген өндіріс өз қызметіне кұрал-жабдықтарын тартса ғана жұреді,
ал ол еңбек заттары (шикізат, материалдар, сатып алынған жартылай
фабрикаттар) және еңбек құралды (машина, станок) болып бөлінеді. Бұл арада
еңбек құралдарының құрамы сыртқы белгісімен емес, олардың өндіріс
процесінде атқаратын рөліне қарап анықталады. Мысалы: автокөлік сатумен
айналысатын фирма үшін жеңіл автокөлік - ТМҚ, ал оны сатып алып, мақсатты
пайдаланушы үшін осы автокөлік - еңбек құралы болып саналады. Сол сияқты жылжымайтын мүлік сатумен айналысатын фирма үшін жер - ТМҚ қатарына, ал құрылыс салынған жер - негізгі құралдар қатарына енеді. Егерде сатып алынған жер учаскелері мен ғимараттарды шаруашылық субъект өзі пайдаланбай, ұзақ мерзімдік қаржылық салым ретінде салса, ол қаржылық инвестиция болып есептеледі.
Бухгалтерлік есепте негізгі ќұралдар деп - өндірістік үдерісінде
үзақ уақыт бойы, яғни бір жылдан артық уақыт пайдаланатын, өзінің бастапқы түрін, көлемін сақтай отырып, құнын шығарылған өнімге, орындалған жұмысқа, көрсетілген қызметке есептелген амортизациялық аударым мөлшері шегінде
біртіндеп аударып отыратын еңбек құралдарын, яғни материалдық активтерді айтады.
Өндірістік процесіне қатысу сипатына байланысты негізгі құралдар:
•өндірістік
•өндірістік емес болып екіге бөлінеді.
Өндірістік негізгі құралдарға жататын еңбек құралдары өндірістік
процестерге тікелей қатысады, болмаса оның жүзеге асуына мүмкіндік
туғыдады (өндірістік ғимарат, құрылыстар, көлік құралдары, құрал-жабдықтар және басқалары) .
Негізгі құралдарың өндірістік емес түрлеріне өндіріс процесіне
қатыспайтын және өндірістік емес тұтыну мақсаттарына арналған қорлар
жатады. Мысалы, тұрғын үйлер, амбулаториялар, демалыс үйлері.
Иелігіне қарай негізгі құралдар:
•Меншікті;
•Жалға алынған болып бөлінеді.
Меншікті дегеніміз - субъектіге тиесілі және оның балансында көрініс
табатын негізгі құралдар.
Белгіленген мерзімге шарт бойынша басқа субъектіден алынған негізгі
құралдар-жалға алынған құралдар болып саналады.
Пайдалану сатысында қарай негізгі құралдар:
•жұмыс істеп тұрған;
•істемей түрған (тоқтатылып қойған) және қор ретінде тұрған болып
бөлінеді. Қолданыстағы жұмыс істеп тұрған негізгі құралдар, әрекет етіп
тұрғандар болып саналады.
Жұмыс істемей тұрғандар бұл жұмысы тоқтатылған немесе басқа
жағдайларға байланасты уақытша пайдаланатын негізгі құралдар.
Қорда тұрғандар болып жұмыс істеп тұрған құрал жабдықтарды жоспарлы
түрде олардың запас бөлшектерін ауыстыру үшін тоқтатылған объектілер
есептеледі.
Заттық құрамына қарай негізгі құралдар:
•Мүліктік;
•Мүліктік емес болып бөлінеді.
Мүліктікке (заттай) көрінісі бар, яғни санауға және өлшеуге
болатындар (үйлер, ғимараттар, машиналар, жабдықтар) жатады.
Мүліктік еместерге пайдаланылатын жер, орман алқабы, су ресурстары
(ғимараттардан басқа) күрделі қаржы салымы, яғни заттық нысаны жоқ шығындар (жер учаскелерін, егістік үшін пайдаланылатын жерді өндеу, жолға алынған негізгі құралдарға күрделі қаржы жұмсау, т. б. ) жатады.
Негізгі құралдардың жіктелуі
Негізгі құралдардың ғылыми негізделген жіктемесі олардың есебін дұрыс
жүргізудің маңызды шарты болып табылады.
Әр субъектіде негізгі құралдар пайдалану мақсатына және атқаратын
қызметтеріне қарай мынадай түрлерге (топтарға) бөлінеді: жер; үйлер;
ғимараттар; өткізгіш тетіктер; машиналар және құрал - жабдықтар (соның
ішінде автоматты машиналар және құрал - жабдық) ; күш беретін машиналар және жабдықтар; жұмысшы машиналар және жабдықтар; өлшеу және реттеу аспаптары және қондырғылар мен лабораториялық жабдықтар; есептеу техникасы; басқа машиналар мен құрал - жабдық; көлік құралдары, құрал - сайман; өндірістік мүлік және жабдықтар; шаруашылық мүлкі; жұмысшы және өнім беретін мал; көп жылдық екпе ағаштар; жерді жақсартуға (ғимаратсыз) шыққан күрделі шығын; басқа да негізгі құралдар.
Келтірілген негізгі құралдардың әрқайсысының құрамына енетіндер:
Жер - субъект меншігіне сатып алған жердің көлемі мен құны. Жерге
меншік құқығы бар болса, онда олар құқық актісімен расталуы керек. Ондай
актісі берілген болса, онда ондай жер учаскілері мүліктік болып саналады;
Үйлер - халыққа еңбек етуге, тұруға, әлеуметтік-мәдени қызмет
көрсетуге жағдай жасауға және материалдық құндылықтарды сатуға арналған әлеуметтік құрылыс объектілері. Әрбір тұрғын үй мүліктік объект болып табылады.
Ғимараттар - еңбек заттарын өзгертуге қатысы жоқ белгілі бір
қызметтері орындау жолымен өндіріс процесін жүзеге асыруға арналған
инженерлік - құрылыс объектілері (шахта ұнғысы, мұндай мұнарасы, бөгет,
көпір, автомобиль жолы) . Барлық жағдайлары бар әрбір жеке ғимарат мүліктік объект болып табылады.
Өткізгіш тетіктер (қондырылған) - электр, жылу немесе механикалық
энергияны өткізу қондырғылары (электр өткізу желілері, трансмиссиялар,
құрбылар) . Электр желілері бойынша, мысалы электр станциясы бөлу
қондырғыларының желісі немесе генератор клеммаларынан бөлу қондырғыларына дейін, қабылдау подстанцияларынаң және подстанциялардан трансформатор
жайына дейін мүліктік объекті бола алады.
Машиналар мен жабдықтар - күш беретін машиналар және жабдықтар;
жұмысшы машиналар және жабдықтар; өлшеу және реттеу аспаптары және
қондырғандар мен лабороториялық жабдықтар; әрбір машина, егер ол басқа
мүліктік объектісінің бөлшігі болмаса, оған кіретін бейімделген құралдарды,
соған тиісті заттарды, аспаптарды, қоршауды, фундаментті қоса алғанда,
мүліктік объекті болып саналады. Негізгі құралдардың бұл тобы 5 топтан
тұрады:
Күш беретін машиналар және жабдықтар - жылу және электр энергиясын өндіретін генератор-машиналары; түрлі энергияны механикалық энергияға, яғни қозғалыс энергиясына айналдыратын двигатель - машиналары (тракторлар мен
өздігінен жүретін шассилер, бу двигательдері, турбиналар, іштей жану
двигательдері, электірлік двигательдер)
Жұмыс машиналары мен жабдықтар - еңбек өнімдерін жасау процесіне
еңбек затына механикалық, жылу және химиялық єсер етуге арналған машиналар, аппараттар және құрал-жабдық (токарлық бұранда кесетін станоктар, ағаш кесетін аралар) .
Өлшеу және реттеу приборлары, қондырғылар және лабороториялық
жабдықтар - өлшеуге, өндірістік процестерде реттеуге арналған аспаптар мен
қондырғылар, сондай-ақ лабараторияларда пайдаланылатын приборлар мен
аппаратуралар (дозаторлар, амперметрлер, микроскоптар) ;
Есептеу техникасы - процестерді жылдамдату және автоматтандыруға
арналған машиналар, кондырғылар, аспаптар (компьютерлер, басқарушы және басқа есептеу машиналары) ;
Басқадай машиналар мен жабдықтар - машиналар, аппараттар және басқа
құрал - жабдық (телефон станцияларының, радио тораптарының жабдығы, өрт сөндіргіш машиналар) ;
Көлік құралдары - адамдар мен жүктерді тасымалдауға арналған қозғалыс
құрамдары (автомобиль, темір жол және су көлігінің қозғалмалы құрамы, жегін көлігі) Әрбір объект өзіне тиісті барлық бейімделгіш құралдары мен заттарын қоса алғанда мүліктік объект болып табылады.
Құрал-сайман - қол еңбегінің механикалындырылған немесе
механикалындырылмаған құралдары немесе металдарды, ағашты және т. б. өндеу үшін машиналарға бекітілген заттар (кесетін, соғатын және нығыздайтын еңбек
құралдары) . Басқа мүліктік объектінің құрамына кірмейтін заттар ғана
мүліктік объект болып табылады;
Өндірістік мүлік және соған жататын заттар - өндірістік операцияларды
орындау немесе жеңілдету үшін қызмет ететін өндірістік заттар; еңбекті
қорғауға көмектесетін жабдықтар; сұйық, сусымалы жән басқа материалдарды сақтауға арналған сыйымды заттар; өндірістік арналымы бар басқа да заттар.
Басқа мүліктік объектінің бөлшегі болып табылмайтын және дербес мәні бар заттарда мүліктік объекті болалады.
Шаруашылық мүлік - кеңсе және шаруашылық мекемелерінің заттары
(орындықтар, шкафтар, кілемдер) . Дербес мәні бар әрбір объекті - мүліктік
объект бола алады.
Жұмысқа пайдаланылатын және өнім беретін мал - ат, өгіз, түйе және
басқа жұмысқа пайдаланылатын малдар, өнім беретін мал - мүйізді ірі қара
мал; асыл тұқымды айғырлар мен биелер, буралар мен інгендер; бұғылар,
маралдар, еркек шошқалар мен мегежіндер, ешкілер, саулық қой мен қошқарлар.
Әрбір ересек мал мүліктік объект болып табылады.
Көп жылдық өсімдіктер - қолдан егілген, көп жылдық өсімдіктер (жеміс
және жидек ағаштары, жүзімдіктер, гүлдерің көп жылдық түрлері, роза
плантацялары, өсімдіктен жасалған қоршаулар, жерді қорғайтын өсімдіктер) .
Жас өсімдіктер даму деңгейі толық жетілген (жеміс - жидек бере бастаған) өсімдіктерден бөлек есепке алынады;
Жерді жақсартуға байланысты күрделі шығындар (ғимаратсыз) - ауыл
шаруашылық мақсатта пайдалану үшін ауыл шаруашылығында пайдалану үшін жер қыртысын жақсартудың шараларына жұмсалған мүліктік емес сипаттағы шығындар (жер учаскілерін жоспарлау, жерді егін егу үшін өндеу, егін егу үшін өндеу, егіс даласын тастардан тазарту) ; Басқа да негізгі құралдар - кітапхана қорлары, спорт мүлкі және басқа да салымдар.
Жіктемелік топтарға өндірістік - техникалық мақсаты бойынша, тозу
қарқыны, қызмет мерзімі, жөндеудің ерекшелігі, икемділігі мен техникалық
жаңалығының дәрежесі бойынша өте жақын негізгі құралдар енгізіледі.
2. Негізгі құралдардың кіріске алынуын құжаттау
Негізгі құралдарды алу бойынша операциялар оларды капиталды салымдар, қолданысқа енгізу, негізгі құралдарды өтеусіз алу, жалдау, лизинг, инвентаризация кезінде анықталған бұрын тіркелмеген негізгі құралдарды капиталдандыру нәтижесінде жүзеге асыруды қамтиды.
Кіріске енгізілген негізгі құралдарды ұйым басшысы тағайындайтын комиссия қабылдайды. Тіркеуді қабылдау үшін комиссия бір данада әр объектіге негізгі құралдарды қабылдау-тапсыру актісін жасайды. Егер бірнеше типтегі объектілер бірдей мәнге ие болса және бірдей мәнге ие болса және сол уақытта сол адамның жауапкершілігімен қабылданса ғана бірнеше объектілер туралы жалпы актіні жасауға болады. Қоймада алынған қондырғы жабдықты қабылдау актісімен ресімделеді.
Жабдықтарды монтаждау ұйымдарына беру қондырғыларды қабылдау-тапсыру актісімен ресімделеді, онда қондырғы ұйымы, берілген жабдықтың атауы мен құны, оның толықтығы және жабдықты сыртқы тексеру кезінде анықталған кемшіліктер көрсетіледі. Жабдықты тексеру, орнату немесе сынау кезінде анықталған ақаулар үшін жабдықтың анықталған ақаулары туралы акт жасалады. Актіге тапсырыс беруші, мердігер және орындаушы ұйым өкілдері қол қояды.
Нысанды аяқталған жөндеуге, қайта құруға және модернизациялауға қабылдау, жөнделген, қайта жаңғыртылған және жаңартылған объектілерді қабылдау актісімен ресімделеді.
Негізгі құралдарды бір шеберханадан екіншісіне ауыстыру, сондай-ақ оларды қоймадан пайдалануға беру негізгі құралдарды қабылдау-беру актісімен рәсімделеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz