Қазақ тіліндегі тіркесімдік терминдер, олардың құрылымы

Аннотация: Мақала қазіргі қазақ тіліндегі тіркесімдік терминдер және олардың құрылымы мен жасалуының әдіс-тәсілдері жайлы жазылған. Cонымен қатар, тіркесімдік терминдердің қолданылу аясы және танымдық аспектісі туралы айтылған.
Кілт сөздер: терминдер, тіркесімдік терминдер, тіл, ғылым, қоғам.
Еліміз тәуелсіздік алғалы экономикалық, саяси тұрғыдан ғана емес, мәдени, рухани жағынан да ілгеріледі. Сонымен қатар, Тәуелсіз еліміздің тілі де көптеген өзгерістерді басынан кешіргені анық. Қоғамда үздіксіз болып жататын өзгерістер мен жаңалықтар құралы болатын тіл - қашанда қоғамнан тысқары қалмауы, қоғаммен бірге дамуы табиғи құбылыс. Тілдің кейбір қабаттары ұғымдық атаулармен толығып, өзгеріп отырады. Бұл құбылыс, әсіресе тілдің терминология саласына тән деуге болады. Осы уақыт аралығында тілмен бірге тіл білімі де өзгеріске түсті. Қазақ тілінің басқа салалары сияқты, терминология саласы да қарқынды дамыды. ХХ ғасырдың басында терминологияны лексикологияның бір шағын саласы деп қарастырып келсек, қазіргі кезде терминология өзінің зерттеу әдістері мен тәсілдері қалыптасқан үлкен сала.
Термин дегеніміздің өзі белгілі бір арнаулы қолданыс саласындағы ғылыми лексика деген анықтамаға жүгінер болсақ, қоғамдық өзгерістердің сан алуан тармақтары өзіндік қызметімен, арнаулы лексикалық қолданыстағы ерекшелігімен айқындалады. Филолог мамандар терминдер жүйесін теориялық және тәжірибелік тұрғыда қарастырады. Жалпы терминдер қызметі мен оларға тән ерекшеліктерін айқындау жалпы терминологияның даму бағытын бағдарлау - терминдерді теориялық жағынан зерттеу деген сөз. Ал енді, терминдерді тәжірибелік тұрғыдан зерттеу дегеніміз - салалық терминдер жүйесін қалыптастыру, терминжасам әдісін саралау, жаңа ұғым атауларының жасалу жолдарын айқындап, талдап беру [1, 58].
Ұлт тілінде терминдер жасау - мемлекетіміздің тілге берген мәртебесі арқылы ұлт тілінде терминдер жасауды барынша жан-жақты тереңдету керек деген талап қоюының да белгісі. Ұлт тіліне деген осындай қөзқарас 1920-30 жылдары байқалған болатын. 1920 жылы Қазақстан өз алдына автономиялы ел болып, 1923 жылы қарашада тұнғыш рет Тіл туралы декрет қабылданды. Ал 1930-40 жылдары арасында интернационалдық терминдер мен орыс тіліндегі атаулар өзгеріссіз енгізіле бастады. 1940-70 жылдарға дейін орыстану бағыты жүріп жатты. 1970-90 жылдарда қоғамдық өзгерістер тілдің даму бағытына мейлінше әсер етіп отырды. 1990 жылдарда елімізде Тәуелсіздік туы желбіреп, дербес мемлекет болуы қазақ тілінің қанат жаюына, мемлекеттік тіл мәртебесін алуына игі әсер етті. Дегенмен, соңғы жылдары қазақ терминологиясындағы салалық терминдердің дамуы, терминдер жүйесінің қалыптасуы заман талабына сай деп айта алмаймыз. Салалық терминдерді жасауда, қалыптастыруда бір ізділік байқалмайды, әркім өз бетінше термин жасау бағыты етек алып отыр. Кез келген ғылым мен техника саласындағы ұғымдарды білдіретін атаулар терминдік жүйеге түсу үшін белгілі бір жағдай керек, яғни ең алдымен ғылым саласы, сол ғылым саласын айқындайтын ұғымдар қалыптасу керек. Содан кейін әрбір ұғымды беретін сөздер пайда болады да, олар сол ғылым саласымен, айналысатын ортада қолдау тауып, терминдік жүйе ретінде сараланады [1, 69].
Терминдер - дегеніміз өнеркәсіпке қатысты белгілі ұғымды білдіріп, оны тілде бейнелейтін арнаулы сөздер мен сөз тіркестері. Жалпы қолданыстағы сөздерден жасалған терминдер.
Арнайы кәсіп сферасында қолданылуымен;
Ұғымдарды білдіруімен;
Өзіндік грамматикалық жасалу жүйесімен ерекшеленеді.
Терминдердің жалпы әдеби сөздердегі ұқсастығы олардың да сематикалық категориялардың, көпмағыналылық, мағыналастық, омономия сияқты ортақтығымен сипатталады. Терминдердің лексикалық ерекшеліктеріне талдау жасау аркылы мынадай қорытынды жасауға болады. Олардың ең негізгілері: осы топқа кіретін атаулардың затқа, құбылысқа және солар туралы терминдік ұғымға қатысты ашылады. Терминдер тіліміздегі басқа да сөздер сияқты шындық өмірдегі заттар мен құбылыстар жайындағы ұғымдардың атауы болғандықтан, олардың мағыналары да сол ұғымдардан тұрады. Қазақ тіліндегі кірме терминдер қазақ терминологиясының, лексикасының едәуір бөлігін құрайды.
Терминология ғылымының даму тарихына тоқталатын болсақ, аталмыш саланы алғаш зерттеп бастаған, қазақ тілінде термин жасаудың үлгісін көрсеткен, орасан зор ғылыми еңбектер қалдырған Ахмет Байтұрсынұлы. Ғалымның жазған Әліп-би, Тіл - құрал және Оқу құралында қазақ тіл біліміндегі негізгі терминдерді жасады. А.Байтұрсынұлы жазған кітаптарда зат есім, сын есім, сан есім, етістік, есімдік, шылау, жалғау, жұрнақ сынды терминдерді қолданған. Осы жерде айта кететін жайт - ғалым тек қазақ тіл біліміне тән термин атауларын емес, барлық ғылым салаларына тән терминдер жүйесін жасаған. Әдебиеттанушы ғалым Р.Нұрғалидың пікірінше, Ахмет Байтұрсынұлының Әдебиет танытқыш кітабында ...қазақтың ұлттық әдебиеттануының ғылыми негізі, методологиялық арналары, басты-басты терминдері мен категориялары түп-түгел осы кітапта қалыптастырылған [1, 87].
Термин тек бір сөзден ғана емес, сонымен қатар сөз тіркестері де бола алады. Оларды тіркесімдік терминдер деп атаймыз. Терминге сөз тіркестерінің де кіретіндігі жайлы Л.С. Бархударов, С.В.Гринев, В.И.Кодухов айтып өткен.
Жалпы, тіркесімдік терминдер дегеніміз - семантикалық тұтастықты білдіретін және қосымшалармен, сондай-ақ олардың көмегінсіз жасалған екі немесе одан да көп сөз топтары.
Термин жасаудың ең негізгі және өнімді тәсілдерінің бірі сөз тіркестері арқылы, яғни синтаксистік жолмен термин жасау болып табылады. Терминологияда синтаксистік тәсілмен көптеген тіркесімдік терминдер жасалады. Тіркесімдік терминдер бүтін бір ұғымды білдіріп, әдеби тілдегі еркін тіркестермен салыстырғанда тұрақты болады. В.П. Даниленко тіркесті терминологияның қай саласында болмасын алғашқы орынды алатынын атап көрсетеді. Тіркестіру тәсілі арқылы атау қызметін атқарып жүрген сөздер тілімізде көп кездесетіндігін кез келген салалық терминологиядан көруімізге болады. Профессор Т.Сайрамбаев тілдегі термин жасау процесі сөз тіркесінің күрделенуінің жаңа формаларын, жаңа мағыналық тобы мен құрылымын туғызып отыр, деп атап көрсетеді. Бұл ойлардың растыңына біз қазақ тіліндегі терминдердің құрылымын зерттеу барысында көз жеткіздік.
Қазақ тілінде терминнің басым көпшілігі тіркесімдік терминдер болып келеді. Бұл қазақ тілінде сөзжасамдық тәсілінің өнімді екенін көрсетсе керек. Тіркесімдік терминдердің әрбір үлгісінің негізі зат есім болып келеді. Қазақ тіліндегі тіркесті терминдердегі зат есімнің алдынан сын есім немесе анықтауыш қызметтегі зат есімдер шоғырланады. Қазақ терминологиясындағы тіркесімдік терминдердің саны жай терминдерден екі еседей көп. Бұндай жоғары көрсеткішті салалық терминологияның қайсысынан болмасын кездестіруіміз әбден мүмкін. Қазақ тіліндегі терминдердің басым көпшілігі - тіркесімдік терминдер болғандықтан, олардың табиғаты туралы мәселе өте маңызды. Тіркесімдік терминдердің ерекшелігі - бір - бірімен тығыз байланыста болып, семантикалық бүтінді білдіруінде жатыр. Бұл жағынан тіркесімдік терминдерді фразеологизмге жақындататын пікірлер де жоқ емес. Фразеологизмдер немесе тілдің фразеологиялық бірлігі туралы бір жақты пікірдің жоқтығына байланысты тіркесімдік терминдер фразеологизмге жата ма деген таласты сұрақ тілші ғалымдар арасында күні бүгінге дейін қарастырылып келеді. Тіркесімдік терминдердің фразеологиялығы туралы теорияның жақтаушылары, атап айтқанда,В.В.Виноградов,Л.А.Капанад зе, Е.А.Молдатаев, В.П.Даниленко, В.Н. Прохорова, С.Г.Гаврин олардың құрамынан фразеологизмнің кейбір белгілерін табады. Ал бұл теорияның қарсыластары А.А.Реформатский, А.И.Молотков, С.И.Ожегов, В.П.Жуков, Е.Н.Толикина, А.Н. Кожин тәрізді ғалымдар өз ойларына мынандай дәлелдер келтіреді. Тіркесті терминдерге қарағанда, фразеолгизмдер 1) жүйелілік қатынаста болмайды; 2) заттар мен құбылыстардың атауларын білдірмейді [2, 128].
Ғылым тілінің негізін әдеби тілдегі лексика, сөзжасам жүйесі құрайтыны белгілі. Дегенмен, әрбір салалық терминологияның өзіне тән ерекшеліктері, оларды жалпы әдеби тілден айрықшаландырып тұрады. Бұл сөзімізге қазақ терминологиясының өзіне тән ерекшеліктері, оларды жалпы әдеби тілден айрықшаландырып тұрадытыны дәлел.
Сөз тіркестері ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz