Түрік антропонимикасының пайда болуы және қолданылысы еркек аттары


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 65 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ

Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем
тілдері университеті

«Қорғауға жіберілді»

Кафедра меңгерушісі:

Қағазбаева Э. М.

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

«Түрік антропонимикасының пайда болуы және қолданылысы;
еркек аттары»

Мамандығы: 5В021000 -шетел филологиясы

Орындаған: Ибадуллаева С. Н

Ғылыми жетекші:

Ф. ғ. д., проф. Махпиров В. У

Алматы, 2018

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

І тарау

АНТРОПОНИМИЯНЫ ЗЕРТТЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ

  1. Антропонимия түсінігінің мәні мен мазмұны
  2. Антропонимияның қалыптасу факторы
  3. Антропонимдердің шығу тарихы

ІІ тарау

ТҮРІК ТІЛІНДЕНГІ АНТРОПОНИМДЕР МЕН ЭТНОАНТРОПОНИМДЕРДІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ

2. 1 Ислам дәуіріне дейінгі жиі кездесетін еркек аттары

2. 2 Ислам дәуіріндегі жиі кездесетін еркек аттары

2. 3 Тәуелсіздік алғаннан кейінгі жиі кездесетін еркек аттары

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

КІРІСПЕ

Жұмыстың тақырыбы: Түрік антропонимикасының пайда болуы және қолданылысы; еркек аттары

Жұмысының жалпы сипаттамасы. Қазақстан мен Түркия - ежелден бауырлас мемлекет. Екі ел арасындағы саяси, мәдени, рухани байланыс әу бастан «тонның ішкі бауындай». Тарихқа үңілетін болсақ, Тәуелсіздік алған сәтімізде қазақ елінің дербестігін бірінші болып Түркия мемлекеті таныды. Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев Түркиямен туысқандық қарым-қатынастың нығая түсуіне дипломатиялық қатынастар жанданған күннен бастап мүдделілік танытып келеді.

Бұл екі бауырлас халықтың әлі де зерттейтін тақырыптары мол. Біздің қолға алып отырған тақырыбымыз «Түрік антропонимикасының пайда болуы және қолданылысы; еркек аттары». Бұл тақырыпты зерттеу аясында, заманауи ерекшеліктерге көз жеткізетіндігімізге сенімдіміз. Жаһандану дәуірінде ұлт мәдениетін, тілі, әдебиеті үшін өзгеше бір серпіліс керек. ұлттың өнері, ұлттық асыл дүниелерді шетелдіктерге танытуға міндеттіміз

Зерттеудің пәні . Ономастика білімі дегеніміз не, Оның түрлері тақырыбымен қатар, Түркияда ат қою дәстүрінің ерекшеліктері қандай, сонымен қатар, романдарда, түрік фильмедерінде көп кездесетін аттар қолға алынады.

Зерттеудің болжамы . Егер түрік антропонимика зерттелуі терең, кең және жан-жақты зерттелетін болса, бұл келешекте түрік және қазақ халықтарының антропонимикасының салыстырмалы зерттеулерінде жақсы бастама болады.

Зерттеу жұмыcының мaқcaты мeн міндeттері . Жұмыcтың мaқcaты. Түрік антропонимикасының пайда болуы және қолданылысы; еркек аттары тақырыбын тіл білімі ерекшеліктері бойынша қолға алып қарастыру болып табылады.

Сол себепті мақсатқа қол жеткізу және талқыланатын мәселелердің маңызына қарай төмендегідей міндеттерді алға қойдық:

- Түркия республикасының қоғамдық өзгерістерінің антропонимикаға әсері, әлеуметтік өзгерістердің таралуы, тарихи аттардың тамыр жаюы, қысқаша айтқанда халықтың осы жаңа есімдердің пайдалануы қоғамдағы орнын көрсете білудегі жетістіктерді ашу;

- Түркияда ат қою дәстүріжан-жақты толыққанды талдап, көркем еркек аттарының шындығын талдау.

Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы. Қолға алып түрік антропонимикасының пайда болуы және қолданылысы; еркек аттарыретінде қарастырылып отыр. Екі халықтың ат қою ерекшеліктері зерттеліп, ұқсас тараптарын көреміз.

Зерттеу жұмысының әдістері. Зерттеу жұмыcтa жинaқтaу, жүйeлeу, бaяндaу, caлыcтыpу, сипаттау, саралап талдау әдіcтepі қолдaнылды.

Зерттеу жұмысының теориялық мәні. Диссертация материалдары мен қорытындылары түрік үлкен орын алады. Түрік ғылыми ой-пікірлерді толықтырады. Ат қою сипаттарын салыстыра зерттеп жазуда көлемді ғылыми дерек қызметін атқарады. Сонымен қатар, ғылыми ізденістің нәтижелерін тіл білімін зерттеу барысында да пайдалануға болады.

Зерттеу жұмысының дереккөздері ретінде сөздіктер қолға алынады. Сонымен қатар осы тақырыпқа байланысты Түркияда және Қазақстанда жарияланған мақалалар, жасалған зерттеу жұмыстары қарастырылады.

Жұмыстың құрылымы. Жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.

І тарау

АНТРОПОНИМИЯНЫ ЗЕРТТЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ

  1. Антропонимия түсінігінің мәні мен мазмұны

Халқымыздың ғасырлар бойы жинақтаған өмір тәжірибесі, адами ізгіліктері мен рухани құндылықтары, қоғамның әлеуметтік сипаты, сөйлеу әдебі принциптері, аялық білімі, жалпы этнологиялық кеңістігі туралы түсініктері ұлтымыздың қазынасы - оның тілінде, тілдік құрылымдарында көрініс тауып, сақталып, жианқталған. Жианқталу негізінде қазақ тіліндегі антропонимдердің әлеуметтік қызметі жүйелі түрде қалыптасып дамиды. Тарихи дереккөздердегі, эпостық жырлар мен фольклордағы, прецеденттік жүйедегі тілдік деректердің ұлт санасындағы ізін анықтау мәселесі - қазақ тіл біліміндегі анторпонимдердің әлеуметтік бағытындағы зерттеулердің негізгі арқауы. Осымен байланысты ұлт пен тіл, ұлт пен мәдениет сабақтастығын қарастыратын үрдіс тіл табиғатын зерттеуде жаңа сапаға көтерілуде.

Халық есімдерінің жасалу, пайда болу тарихында маңызды орын алатын мәселенің бірі тарихи-әлеуметтік жағдайлар. Халық тарихындағы бұл елеулі оқиғалар түрлі қоғамдық құрылыстағы әр түрлі діни ағымға байланысты болса, кейде көрші елдермен жасаған алуан түрлі мәдени қарым-қатынас, достық байланыстармен ұштасып жатады. Әдетте, бұл тарихи-мәдени байланыстардың тіліміздегі есімдер құрамының молая түсуіне, антропонимдердің әлеуметтік мәнінің жетілуіне зор ықпал жасағаны аян.

Қазақ есімдерінің баюы, құрамының молая түсуінің енді бір кезеңі - шығыс халықтарының мәдениетімен де тығыз байланысты. Ең алдымен діни есімдер, дін иелерінің, әулие-әнбиелердің, сопы-қажылардың есімдері болса, екіншісі - құраннан қойылған діни мағыналы есім сөздер болды. Ал, үшінші топтағы есімдер - қарапайым тұрмыстық сөздер, халық арасында жиі қолданылатын күнделікті сөздерден жасалған есімдер болды. Мінеки, жалқы есімдердің тарихын, тілдік құбылыстарын жіті байқап, оның көнелері мен жаңаларын салыстыра зерттеу осы ретте антропонимдердің әлеуметтік мәнін тілдік тұрғыдан қарастыру үшін өте құнды болмақ.

Тіл қызметінің ерекше бір саласы -ономастика . Жалқы есімдердің жинақтық атауын лингвистикада ономастика дейді де, оны зерттейтін ғылым ономосиология деп аталады. Ономастика -кез келген жанды және жансыз заттарды не құбылыстардың есімін зерттейді. Ономастика грек сөзі «ономия» (грек тілінде «onoma» есім, ат) onomastika -ат қою өнері, яғни атауларды зерттейтін ғылыми сала. Ономастиканы ( кісі аттарын, жер, су, ру, тайпа аттары т. б. ) зерттеудің теориялық-әдістанымдық негіздері мен тілмен сабақтастықта қарастырылатын ұлттық этномәдени, әлеуметтік сипатын анықтаудың қажеттілігін В. В. Радлов, В. В. Бартольд, Н. Катанов, А. Н. Самойлович, С. Е. Малов, Н. К. Дмитриев, А. Н. Кононов, Н. А. Баскаков, Қ. Жұбанов, І. К. Кеңесбаев, С. Аманжолов, Ә. Қайдар, Т. Жанұзақов, Ә. Абдрахманов, Е. Жанпейсов, Қ. Рысбергенова, Г. Мадиева, А. Жартыбаев т. б. ғалымдар өздерінің еңбектерінде жан-жақты көрсетті. Ономастика өз ішінде бірнеше салаға бөлінеді: топонимика ( жер, су, қала атауларын зерттейтін ғылым ), антропонимика ( адам аттарын зерттейтін ғылым ), этнонимика ( ру, ел, халық аттарын зерттейтін ғылым), зоонимика ( хайуандар аттары ), гидронимия ( теңіз, өзен, су, көл атауларын зерттейді ) т. б.

Түркі тіл білімінде жан-жақты зерттеліп, ғылыми негізі қаланған ономастиканың күрделі бір саласы -антропонимика . Антропонимика кісі аттары, әке аты patronim ( отчество ), фамилиялар, лақап аттар ( прозвища ), бүркеншік аттарды ( псевдонимы ) зерттейтін ономастиканың бір саласы.

Түрік, алымдарының зерттеулеріне сүйенетін болсақ, «

1. Bir kişiyi, bir hayvanı, bir bitkiyi, bir yeri, bir duygu ve düşünceyi vb. anımsamamıza, onların ötekilerinden ayırmamıza yarayan sözcük, isim.

2. Doğadaki canlı ve cansız varlıkları, düşünce, duygu, olay ve durumları belirtmeye yarayan, bunları adlandıran öğeler için kullanılmıştır.

3. Bir kimseyi, bir şeyi anlatmaya, tanımlamaya, açıklamaya, bildirmeye yarayan söz, isim, nam: Çocuk, kedi, ağaç, düşünce, iyilik, Ahmet, Ertuğrul birer addır»

Ал, TDK (Türk Dili Kurumu) сөздігіне жүгінетін болсақ, «Adın tanımı genel olarak bakıldığı zaman hepsindeki amaç isimlendirme, tanımlama ve açıklamadır. Adları, “Canlı, cansız bütün varlıkları ve mefhumları tek tek veya cins cins karşılayan; varlıkların ve mefhumların adları olan kelimelerdir”, “Adlar, tanıtmak için varlıklara verilmiş (takılmış) sözcüklerdir”, der. »

Сонымен қатар басқа да Түрік зерттеушілерідің берген мәнін шолыйтын болсақ, былай денілген «Adlar, yalnız adlandırma gereksinimiyle kullanılan gelişigüzel semboller değildir. Onlar, birey tarafından tüm somut ve ahlaki kişiliğin yansıması olarak, algılanırken, toplumsal bağlamda anlam kazanan toplumsal statü, toplumsal saygınlık ve çeşitli sosyo-kültürel yapılanmaları da belirtir»

«Dilimizde “ad verme, ad koyma, ad takma” Şekillerinde adlandırılan “folklor olayı”, aslında bütün insanlığın ortak malıdır. Yeryüzünden ad verme olgusundan yoksun bir tek topluluk ve toplumu görmek olası değildir. Doğada canlı, cansız olan her nesne ile olayın, hatta düşünce ürünlerinin muhakkak ki birer adı vardır. Doğanın her kesimi adlandırılmıştır. Bu ad verme olgusu, insanla beraber doğmuş, onunla birlikte yaşantısını sürdürmüş, tarih boyunca evrimleşerek basit bir ad verme olgusu durumundan çıkarak, her topluluk ve toplumun yapısına, anlayışına uygun bir şekilde çok aşamalı, her aşaması sayısız gelenek, görenek ve uygulamalardan oluşan dev bir “folklor olayı” durumuna dönüşmüştür. Ad bilim araştırma ve incelemesinde adın, kişiliği belirleyen özelliğini, ad seçiminin temelinde yatan dinsel, büyüsel, toplumsal inanç ve tasarımları saptamaya ve değerlendirmeye çalışmıştır»

«Adbilimi bir ülkenin kültür tarihini araştırmalarından, halk bilim araştırmalarına, Türk dil tarihiyle ilgili çalışmalara kadar yöntemli ve karşılaştırmalı incelenmesi gereken önemli konulardan birisidir» сондықтан да қолға алып отырған тақырыбымыз, Қазақ және Түрік тіл білімі зерттеулері үшін өте маңызды.

  1. Антропонимияның қалыптасу факторы

Антропонимдер адамдардың өткендегі тұрмысын, қоғамдық, әлеуметтік құрлысын және материалдық әрі мәдени өмірдің құбылыстарын да көрсете алды. Біз зерттеу нысанымызда тікелей қатысы бар профессор Т. Жанұзақов зерттеулеріне ерекше назар аудардық. Профессор Т. Жанұзаков зерттеулерінен бастап, кейінгі Қ. Рысбергенова, С. Оңайбаева, Ұ. Ержанова, М. Мұсабаева, Б. Бияров, З. Жанғабылова, А. Арысбаев, Г. Мадиева, А. Жартыбаев, Б. Тілеубердиев т. с. с. ғалымдардың зерттеулері қазақ антропонимиясына тән бір ерекшелік ретінде оның тақырыптық шеңберінің өте кең екенің көрсетті.

Қазақ есімдерінің де өзіне тән тарихы, шығу пайда болу жолы бар. Кісі есімдерінің шығу, қойылу тарихы өте көне замандарға, алғашқы рулық қоғамға барып тіреледі. Әуелде ру, тайпа аттарының, содан кейін кісі атттарын шыққаны күні бүгінде ғылымда белгілі болып отыр.

К. Маркс, Ф. Энгельс неке мен отбасы қалыптасуы туралы еңбегінде алғашқы қоғамдағы рулардың шығуын, олардың есімдерінің койылу тарихын ғылыми түрде кеңінен сипаттайды:

«Әрбір рудың белгілі бір есімдері немесе бірнеше ұқсас есімдері болады, ол есімдермен бүкіл тайпа ішінде сол рудың өзі ғана пайдалана алады, ендеше әрбір мүшесінің есімі де оның қай рудың адамы екенін көрсетеді» - дейді Ф. Энгельс [47 б. ] . Осымен бірге, ертедегі рулар аттарының хайуандар аттарымен байланысты болғанын көреміз. Ол туралы Ф. Энгельс: «Кейбір рулардың аттары хайуандар аттарымен де аталатын болған. Сенеке тайпасында қасқыр, аю, тасбақа, құндыз, бұғы, балықшы, көкқұтан, бүркіт деген сегіз ру бар екен. Халық аузындағы аңыз бойынша, басқа рулар аю мен бұғы атты рулардан тараған көрінеді» [49 б. ] . Бұл хайуандар аттары әрі сол ру басының есімдері ретінде жұмсалған. Кейінгі этаптарда осы ру аттары адам аттарына ауысып отырған.

Кейіннен адамдарды бір-бірінен ажырату үшін арнайы ат беріледі. Ол ат бала туғаннан соң жеті күннен кейін қойылатын. Бастапқы кездегі аттардың ана тіліміздің төл сөздерінен қойылғандығы байқалады. Мысалы: Бөрібай, Қойлыбай, Жетібай, Алтын, Kүміс, Kүмісбек, Бектай, Барыс, Құтжан, Темірбек, Kүнбек т. б. Байқап отырғанымыздай, бұл есімдердің қойылуынан этномәдени уәж анықталады. Атап айтқанда, ай мен күнге, тау мен өзен, көлге табынып сыйынуға сәйкес мифтік таным негізінде қалыптасқан есімдер мыналар еді: Айсұлу, Айхан, Айдай, Kүнай, Күнбек, Айкүн, Таутай, Таубай, Kөлбай, Kөлтай , Бөрібай т. б.

Бұл жай туралы түрікмен ономастикасын зерттеуші З. Б. Мұхаммедова: «древнейшими, на наш взгляд, следует считать имена, восходящие к названиям атмосферных осадков, солнце, луны, растений, и животных» деп жазса, [45 б. ] өзбек антропонимикасы туралы Э. Бегметов: «Имена, Тангриберген, Тангриберди, Тангриқүл, Қуанышбек, Ойзада, Ойкон связаны с культом неба, солнца, и луны, являются ярким свидетельством поклонения и почитания людьми этих небесных и наземных «божеств», - дейді [18 б. ] .

Қазақ ономастикасының негізін салушы ғалым-маман Т. Жанұзақовтың зерттеуінде қазақ есімдері туралы мақалалар ХІХ ғасырдың екінші жартысынан шыға бастағаны, ондай алғашқы мақалаларға А. Е. Алекторовтың, А. Диваевтың көлемі жағынан тым шағын мақалалары жататыны көрсетілген.

Кісі аттары мен фамилиялары туралы алғашқы мақалалардың бірі академик І. Кеңесбаев қаламынан туған. Бірақ бұл мақалада қазақ есімдерінің таза лингвистикалық сипаты, атап айтқанда, дара, біріккен тұлғалары, араб-иран тілдерінен енгендер, фамилиялардың қосымшалары және олардың жазылуы, орфографиясы сөз болады. Ал, қазақ антропонимдерінің этномәдени әлеуметтік мәнін ашатын тілдік деректер академик І. Кенесбаевтың «Фразеологиялық сөздігінде» молынан кездесетіні белгілі. Ол жұмыс зерттеу барысында дәйек ретінде пайдаланылды [82 б. ] .

Профессор С. Аманжоловтың мақаласы кісі аттарының сөздік қорға тәндігі, жеке зерттеу объектісі болатыны және оларды шығу, қойылу ретіне қарай топтастыру, жіктеу мәселелеріне арналған.

Бұл мәселенің нақты дәйектелген тұжырымын ғалым мақаласында былайша түйеді: «… жер мен су аттарын алсақ та, кісі аттарын алсақ та, олардың жасалуында белгілі бір заңдылықтың барын байқаймыз. Мұндағы кісі атының өзі тоғыз жол яки тоғыз мақсатқа тірелетіні көрінеді. Тоғыз жол дегендеріміздің бірі - адамзаттың жақсы өмір сүргісі келуіне байланысты. Бұл мақсатқа жету үшін ата-анаға өз баласына ең жақсы, ең белгілі, атақты адам сол діннің бастықтары, я сол дін үшін күрескендер болып көрінеді. Мысалы, ислам дінін қабылдаған жұрт үшін қадірлі, атақты адам сол дін үшін күрескендер болып көрінеді. Сондықтан мұсылман діндегілердің аты бірде таза Мұхамед, Ғали, Омар, Оспан, Ахмет, Садық болып келеді ( Мұхамедсадық, Сапарғали, Қожахмет, т. б. ) ».

Халықтық танымның ең асқан көрінісі шын мәнінде, адамдардың есімдері, олардың қойылу тарихы. Сондықтан да сәбиге атты сол әулеттегі үлкен не болмаса аса беделді адамдарға қойдырудың себебі де этникалық салт-дәстүрдің, әдет-ғұрыптың айғағы. «Тоғыз жолдың үшіншісі - баланың мінез-құлқы жақсы болуын тілеуден туатын аттар. Мысалы, жібектей болсын десе, қыздың атын Жібек қояды. Жомарт болсын десе, баласына Жомарт я Мырза деген ат қояды…» [368 б. ] .

Профессор Ғ. Мұсабаев, Ғ. Айдаров еңбектерінде көне түркі есімдері, тілдегі сөздер мен кісі аттарының жасалу заңдылықтарындағы ұқсастық, ондағы кішірейткіш, еркелеткіш, ұлғайтқыш жұрнақтардың қызметі, өзіндік ерекшелік сипаттары берілген. Тілдегі осы өзекті мәселеге проф. Ғ. Мұсабаевтың «Қазақ тіліндегі кейбір кішірейткіш жұрнақтар» атты мақаласы арналған [112 б. ] . Автор кісі аттарындағы еркелеткіш - ш, -қан, -жан, -тай тәрізді жұрнақтардың семантикасы мен функциясын саралайды.

Бұдан әрі антропонимика саласының қазақ тіл білімінде дамуы оның табиғатын анықтауды тереңдете түсті. Қазақстан картасындағы көптеген елді мекендер, оронимия (тау, шың, шоқы, төбе атаулары), гидронимия (өзен, су, көл, құдық, бастау атаулары), микротопонимия (сай-сала, жайлау, шабындық, қыстау атаулары) кісі аттары мен фамилиялардан қойылған атаулар. Бұл екі ғылым арасындағы ұқсастық пен тығыз байланыс (антропонимика+топонимика) А. Әбдірахманов, Ғ. Қоңқашбаев, Е. Қойшыбаев, В. Н. Попова, О. Султаньяев еңбектерінен анық көрінетіні қазақ ономастикасында атап көрсетілген. Мысалы, А. Әбдірахмановтың еңбегінде көптеген ортақ есімдердің этимологиясы талданып, тарихи мағынасы ашылады. Бүкілодақтық конференцияларда жасаған баяндамалары арқылы ғалым еңбегі кеңінен қолдау тапты, мәні анықталды.

Профессор Т. Жанұзақовтың қазақ антропонимдер құрылысының жаңарып, көбейе түсуіне әсер еткен деп көрсеткен әлеуметтік мәдени факторының бірі ислам дінінің тарауымен байланысты. Ғалымның атап көрсеткеніндей, Х ғасырдан бастап ислам діні қазақ даласының түкпір-түкпіріне тарап, мүмкіндігінше сіңісе бастайды. Сөйтіп, мұсылман дінінің ықпалы күшті болып, тұрмыстық, қоғамдық жағдаяттың барлық саласына әсерін тигізді.

Антропонимдердің этномәдени, әлеуметтік мәнін, мазмұнын сипаттайтын құжаттық қызметін анықтаудың қазіргі антропоөзектік бағыттағы зерттеулерде мәні ерекше.

Мысалы, қолданудан әлдеқашан шығып қалған, бірақ тілімізге тән, жалқы есім сөздер антропонимияда сақталып отыр. Мәселен, Ардақ, Байсал, Ораз, Жора, Жекен т. б. Демек, антропонимдер арқылы берілетін ақпаратта өзіндік ерекшелік болады. Балаға ат қою әр халықтың өзіндік дүниетанымымен, салт-дәстүрі мен наным-сенімдерімен тығыз байланысты. Мысалы қазақ халқында: Абзал, Мақсат, Нұрлан, Айгүл, Азамат, Айбек, Дәулет, Дархан, Бексұлтан, Айнұр, Күнсұлу, Гүлім, Сұлушаш, Гүлнар, Назгүл, Айдана т. б. көптеген атаулар игі мақсатымен қойылған. Бұл атаулардың астарында ата-анасының, ат қойған адамның баланың бойында осы сөздердің мағынасында бар жақсы қасиеттері мол азамат болсын деген арман-тілегі, ниеті жатыр.

Кейбір есімдер баланың туған уақытымен нақты жағдайымен байланысты қойылады. Мәселен: Наурызбай, Майгүл, Маусымжан, Маусымбай, Қазанбек, Қаңтарбай сияқты есімдер баланың туған (уақтысымен) тікелей байланыстырып қойылған. «Наурыз» мейрамы, «Жеңіс күні» мерекесі күндері туылған балаларға да Наурызбай, Жеңіс, Жеңісхан, Жеңісбек сияқты ат қойлады. Ал Меңгүл, Меңсұлу, Қалдыгүл, Қалдыбек сияқты есімдерінің меңі, қалы бар нышанды балаларға қойылатыны белгілі.

Проф. Т. Жанұзақов қазақ есімдерін табиғат құбылыстармен байланысты есімдер, мал шаруашылығына байланысты есімдер, асыл металдарға байланысты атаулар, жеміс-жидек атаулары байланысты есімдер, туыстық атаулармен байланысты есімдер, жер-су аттарына қойылған есімдер, түрлі тағам аттарына байланысты есімдер, тағы аңдар мен үй хайуандары және құстарға байланысты есімдер деп, он лексика-семантикалық топқа жіктейді [12, 40 б. ] . Осы еңбектің және содан бастау алған осы тектес зерттеулердің (Ж. Смағұлова, Д. Керімбаева, Ж. Ағабекова, З. Жанғабылова т. б. ) нәтижесінде қазақ антропонимдерінің лексика- семантикалық топтарына негіз болған мынандай дереккөздер мен этномәдени факторларды көрсетуге болады:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Эпостық жырлардағы топонимдер
Әлемнің тілдік бейнесі – ағылшын және қазақ антропонимдерінде
Фотошоп - Контурлар
Қазақ және түрік антропонимдерінің мәнін, олардың этномәдени табиғатына тереңдеу арқылы тарихи сабақтастығын анықтау
ҚҰДАЙБЕРГЕН ЖҰБАНОВТЫҢ ЗЕРТТЕУЛЕРІНДЕГІ ҚАЗАҚ ТІЛ БІЛІМІНІҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Адам есімдері концептісінің ассоциативтік–гендерлік құрамы
Қазақ антропонимдерінің лингвомәдени және әлеуметтік мәні туралы
Түркі тіліндегі sona сөзін монғ
Турбо Паскаль тілінде бағдарламаларды құрастырудың тәселдері
Қазақ тіліндегі кісі есімдерінің ескерткіштер мен шежірелердегі қалпын талдап, оны қазіргі қазақ тіліндегі атаулармен байланыстыра зерттеу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz