Терминологияның жеке дара бөлімдері мен олардың басқа салалармен байланысы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
Терминологияның жеке дара бөлімдері мен олардың басқа салалармен байланысы 15
Тіл тазалығы өзінің мемлекеттілігі мен егемендігін құрметтейтін әр елдің күн тәртібінен түспейтін мәселе. Сол себепті ресми құжаттарда жиі қолданылатын сөздер мен сөз тіркестерін бірізге салу, сөзжасам, терминография мәселелері қашанда мұқият зер салуды қажет ететін мәселелер. Біле білсек, терминология саласы бұл кенже қалған сала емес, ол өткен ғасырдың алғашқы онжылдықтарынан бастау алды. А.Байтұрсынов, Х.Досмұхамедов, Ә.Ермеков, Ж.Аймауытов, М.Дулатов, Қ.Кемеңгерұлы, Ж.Күдерин, М.Жұмабаев, Н.Төреқұлов сияқты ағартушы зиялы қауым өкілдері қазақ тілінде алғашқы оқулықтар шығарып, орыс тілінен кейбір шығармаларды өз тілімізге аудара бастады. Ғылымның кейбір салалары бойынша сол тарихи кезеңнің қажеттіліктеріне сәйкес терминологиялық атаулар жүйесін іріктеуді ғылыми негізде жүргізді.
Терминология саласы қоғамдағы ғылымның барлық салаларымен байланысты. Зерттеу салалық және қолданбалы терминологияны зерттеу пәніне жататын ғылымның барлық салаларына қатысты терминдер болғандықтан, терминдерді құру жолдары мен олардың мағыналық талдауы терминологияны жеке сала ретінде қалыптастырмас бұрын лексикология саласында 5 атау термин ретінде қарастырылды, тек келесі жылдары ғана терминология саласы лексикология саласынан бөлініп, жеке сала ретінде қалыптасты. Бұл біздің тілде пайда болатын, қалыптасатын терминдердің бірізділігін , реттілігін реттейтін саланың қажеттілігінен туындады. Әрине бұл тілімізде терминология саласы ертеректе болмаған деген пікір тудырмауы қажет, 1920 жылдардан бастап-ақ зерттеле бастаған сала. Тек қазіргі уақытта өзекті мәселелердің қатарынан орын алып, жеке сала ретінде қарастыруды талап етіп отыр.
Сонымен бірге терминология саласы тіліміздің жазу-сызуымен тығыз байланысты больп келеді, себебі терминология, негізінен, ғылым тілінде қалыптасатынын айтқан болатынбыз, ал ғылым жазу-сызусыз болмайды, дамымайды және ғылым ретінде қалыптаса алмайды.
Кез келген мәтін әртүрлі стильде жазылатынын білеміз, ал термин ғылым тілінде қолданылады, осы тұрғыдан келгенде терминология стилистика саласымен шектесіп жатса, ұлттық терминдерді тілімізге калыптастыру барысында кірме, халықаралык терминдерді өз тілімізде сөйлету мәселесі туындап жатады, осы тұрғыда аталған сала аударма ғылымымен байланыста зерттеледі. Халықаралык терминдерді терминдік қасиеттерін сақтай отырып, қазақ тіліне барынша aудару керек деп ойлаймыз. Себебі кірме терминдерге толы тіл тусініксіз тілге aйналатыны белгілі және қазақша терминдердің дүниеге келуі қалыптасқан ғылым тілін бұзу емес, қазақ терминологиясын калыптастыру болып саналады. Кірме терминдерді төл тілімізде сөйлету барысында аударманың рөлі ерекше. Аталған терминдерді аудару барысында тілдің шұбарлығы азаяды. төл терминдеріміз пайда болады, сөздік құрамымыз кеңейеді, ұлттық терминологиямыз тұрақталып, ғылым тілі ретінде қалыптасады.
Қазіргі таң - ғылым мен техника қарқынды дамып жатқан кезең . Осының әсерінен қазір тілімізде күн сайын неологизмдер мен терминдер пайда болып жатқандығы белгілі . Бұл - тілдің қоғамдағы жаңалықтармен бірге үздіксіз даму үстінде екендігін дәлелдейтін түрткіжайттардың бірі . Неологизм мәселесі мен термин мәселесі бірге зерттеуді талап етеді. Себебі неологизмдерді зерттейтін неология саласы да , терминмен айналысатын терминология саласы да қоғамдағы кез келген жаңалықтармен байланысты салалар , яғни кез келген жаналык атауы, алдымен, осы салаларда көрініс табады. Қоғам мен тілдегі жаналыктардың барлығы , яғни ғылымилығы, техника мен белгілі бір салаға қатыстылығы жағынан терминология саласымен байланысты болса , жаңалықтың атауы , жаңа сөз ретінде неологизм болып табылады . Сондықтан терминология , неологизм мәселесі ажырамас бір-бірімен тығыз байланысты тіл білімі салалары.
Кез келген халықтың өз тарихы, мәдениеті, әдет-ғұрпы, өзіндік өркениеті бар. Ал бұның бәрі сол халықтың тілінде бейнеленіп оны ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп отырады. Қазіргі таңда халықтың дүниетанымын, мәдениетін тілдік мәселелерімен сабақтастыра зерттеу тіл біліміндегі өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Осындай салалардың бірі - лингвомәдениеттану саласы. Лингвомәдениеттану - халқымыздың тілінде ғасырлар бойы сақталып, оның тұрмыс тіршілігі мен мәдениетінен мәліметтер беретін деректерді тілмен байланыстыра зерттеу. Ұлттың мәдениеті мен тілін байланыстыра зерттеудің қажеттілігі жөнінде ғалым Ж.Манкеева былай дейді: Атап айтқанда , ұлттық тіл ерекшелігінің сырын, табиғатын, сол тілде сөйлеуші ұлт өкілінің рухани, психологиялық, әлеуметтік т.б. сипаттарымен біртұтастықта зерттеу. Солардың ішінде тілді ұлттық сана, дүниетаным, мәдениет, тарих, этностық рухты бейнелейтін таңба ретінде қарастыратын - лингвомәдениеттану саласы. Ұлт тілін бұл бағытта зерттеу терминология саласы үшін де өте қажет. Өйткені қазіргі кезең - ұлттық терминологиямызды қалыптастырып, одан әрі дамыта түсетін кез. Терминология саласына төл терминдерді қалыптастырып, кірме терминдерді барынша азайтып, оларды қазақша сөйлету мәселесі тұрғысынан келгенде терминология саласы мен лингвомәдениеттану саласы тығыз байланысты болып келеді. Ғылым мен техника қарқынды дамыған қазіргі кезең тілімізде әртүрлі терминдердің пайда болуына негіз болып отыр. Осы тұрғыда терминдерді бірізділендіру, яғни, тіл шұбарлығын болдырмау, халыққа түсініксіз терминдерді азайту, терминологияны ұлт тілінде қалыптастыру мәселесі әлі де болса зерттеуді қажет ететін мәселелердің бірі болып табылады. Ал ұлттық терминология қалыптасуы үшін терминдер сол халықтың ұғымы мен дүниетанымына сәйкес қалыптасуы керек. Бұл үшін терминдерді қалыптастыру барысында сол тілдің ішкі мүмкіндігін пайдалануымыз қажет. Сонда ғана тілімізде халқымыздың тарихы мен мәдениеті, бар болмысы бейнеленген, ұлттық нақыштағы терминдер қалыптасып, тілдік қолданысқа түседі. Осы жолмен қалыптасқан терминдер ғана сол халыққа жақын, түсінікті, тілге сіңімді болады, өйткені бұл терминдерде ұлттық менталитет, ұлттық мәдениет, рухани құндылықтар көрініс табады.
Ал терминология саласының бұқаралық ақпарат құралдарымен байланысына келетін болсақ, ұлттық терминологияны қалыптастыруда бұқаралық ақпарат құралдарының орны ерекше. Себебі елімізде болып жатқан жаңалықтардың барлығы халыққа осы бұқара ақпарат құралдары арқылы тарайтындығы белгілі. Сондықтан мемлекеттік терминологиялық комиссия ресми түрде бекіткен , тілімізде қалыптасқан терминдерді халыққа дұрыс, сауатты жеткізу, тарату - баспасөз құралдарыың міндеті. Сондықтан бұқаралық ақпарат құралдары ұлттық терминологиямызды қалыптастыруда белсенді қызмет атқаруы қажет.
Ұлттық терминологияның қалыптасуына, әсіресе нақты ғылыми салалар мен жекелеген пәндерге деген мұқтаждықты қамтамасыз етуге елеулі үлес қосқан ғұлама ғалым Ахмет Байтұрсыновтың еңбегі айрықша маңызға ие болды. Ахаңның кезеңіндегі ұлттық терминологияның ең басты ерекшелігі - ондағы терминдер қазақтың байырғы сөздерін кәдеге жарату мен жалпы халық тілінің сөз байлығын молынан пайдалану еді. Өкінішке қарай, бұл тәжірибе ұзаққа созылмады. Олай дейтін себебіміз, 1940 жылдан бастап идеологиялық қысымның салдарынан терминдерді аудармасыз қолдану, сөздердің орыс тіліндегі нұсқасын өзгеріссіз сақтау тәжірибесі кеңінен қолданыла басталды. Қазақ терминологиясы орыс және шетел терминдерімен талғамсыз толығып, ұлттық терминология ерекшеліктеріне нұқсан келді. Сөйтіп, орыс тілінен енген терминдер мен ол арқылы келген халықаралық терминдер өзгеріссіз қолданылуы тиіс деген сыңаржақ ереже күштеп енгізілді. Нәтижесінде терминология жүйесінде қазақ сөзінің үлес салмағы мүлдем азайып, қазақ терминологиясы өзінің ұлттық келбетін жоғалта бастады. Бұл үрдіс еліміз тәуелсіздік алған кезге дейін жалғасты деуге болады. Дегенмен, сол аумалы-төкпелі заманның өзінде 150-ден астам терминологиялық сөздіктер шығарылған екен. Әрине, бұлардың ұлттық терминологияны қалыптастырудағы маңызын теріске шығара алмаймыз.
Еліміздің егемендік алуына және қазақ тіліне мемлекеттік тіл мәртебесі берілуіне байланысты ұлттық терминология мәселелеріне ерекше көңіл бөліне бастады. 1994 жылы Қазақстан Республикасы Министрлер кабинетінің жанынан терминологиялық комиссия құрылып, ұлттық терминдерді қолданысқа енгізу саласындағы жұмыстар жанданып, жалғасын тапты.
Осы комиссияның алғашқы мүшелері Ә.Қайдаров, Ө.Айтбаев, Т.Әбдіков, М.Қасымбеков сияқты өзге де тілші-әдебиетші мамандар мен қоғам қайраткерлері өтпелі кезеңде ұлттық терминологияны дамытудың келелі міндеттерін шешіп, қазақ терминологиясы саласын реттеуге қомақты үлес қоса білді.
Жалпы алғанда, Қазақстан Республикасы Конституциясының 61 бабына сәйкес заң шығару бастамасы құқығы Республика Президентіне, Парламент депутаттарына, Үкіметке тиесілі. Көп жағдайда заң шығару бастамасы Үкімет тарапынан болады, бұл заңды да. Сондықтан заң жобаларының бастапқы мәтіндері Үкіметке қарасты министрліктер мен агенттіктерде, ведомстволарда әзірленеді. Заң жобасының қазақ және орыс тілдеріндегі мәтіндерінің тең түпнұсқалығына сараптама барысында салалық мамандармен, заң жобасын әзірлеушілермен кеңестер өткізіледі, өйткені әр сала бойынша тек белгілі бір кәсіптерге, бағыттарға тән ұғымдардың мағыналарын білдіретін, жалпы көпшілікке түсінікті бола бермейтін терминдер жетерлік. Мәселен, тек ауылшаруашылығының құрамына кіретін мал шаруашылығы, орман шаруашылығы, егіншілік, балық шаруашылығы, т.б. сияқты салалар бар. Бұл салаларда қолданылатын сөздер мен сөз тіркестерінің табиғаты сол салада жұмыс жасайтын мамандарға ғана белгілі. Мәселен, осы жылы Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне орман шаруашылығы, жануарлар дүниесі және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды. Тек осы заңның өзінде: алаңқай жерлер (прогалина), кеспеағаш аймағы (лесосека), орман орамы (лесной квартал), орман өсіру (лесоразведение), орман соқпағы (просека), орманның қайта түлеуі (возобновление леса), өртең (гарь), өскін (подрост), селдіреу (редина), сөл алу (подсочка) сияқты тілімізде орнығып келе жатқан көптеген терминдер қолданылды.
1996 жылдан бастап 2012 жылдар аралығында қабылданған заңдарды сүзгіден өткізіп, онда қолданылған, қоғам өміріне кіріккен терминдерді, сөздер мен сөз тіркестерін қамтитын, екі кітаптан тұратын Заңнамада жиі қолданылатын сөздер мен сөз тіркестері. Қазақша-орысша және орысша-қазақша сөздікті дайындады.
Сөздікті дайындаудағы мақсатымыз жекелеген терминдердің заңдарда әртүрлі қолданылуын болдырмау, айтпақ ойдың дәл мағынасын бере алатын сөздерді іріктеу, оларды бірізге түсіру еді. 15 жылдан астам уақыт ішінде қабылданған заңдардың, ресми құжаттардың мемлекеттік тілдегі мәтіндерін сараптау барысында әртүрлі және әрқалай пайдаланылған терминдер ұшырасты. Ол заңды да, өйткені уақыттың өзі тиісті түзетуін енгізуді қажет етеді.
Мәселен, Достоверный, недостоверный деген сөздер бұрынғы заңдарда дәйекті, дәйексіз деп алынған, алайда бұл сөздер түп мағынасы бойынша орыс тіліндегі тиісінше последовательный, непоследовательный деген ұғымдарды білдіреді. Сондықтан бұл сөздер кейінгі кездері мағынасын мәнмәтін бойынша дәлірек беретін анық, анық емес деген сөздермен беріле бастады (достоверная информация - анық ақпарат, недостоверная информация - анық емес ақпарат. Жалған ақпарат десек, басқа мағынаны (ложная информация) береді. Последовательный деген сөзді табанды деп алуды ұсынушылар бар, сонда непоследовательный табансыз болуы керек пе? Оның үстіне табанды деген сөздің орыс тіліндегі аудармасы - стойкий).
Нотариально удостоверенные копии бұрынғы заңдарда нотариалды куәландырылған көшірмелер, нотариалдық куәландырылған көшірмелер, нотариатта куәландырылған көшірмелер деп ала-құла алынып келген болса, бүгінде бұл сөздер түпкі мағынасына байланысты кейінгі құжаттарда нотариат куәландырған көшiрмелер деп қолданылуда. Сонымен қатар көптеген құжаттарда соттылыққа қатысты неотбытая, непогашенная және неснятая деген сөздер өтелмеген, жойылмаған деген сөздермен аударылған. Біздің ойымызша олар: неотбытая судимость - өтелмеген соттылық, непогашенная судимость - жойылмаған соттылық, неснятая судимость - алынбаған соттылық болып ара-жігі ажыратылғаны дұрыс.
Тіпті осы представление сөзінің өзі бұрынырақта қабылданған заңдарда беру, ұсыну және кейде табыс ету деген баламалармен берілген. Сөйлемнің мәнмәтініне қарай беру немесе ұсыну деген сөздердің қолданылуы орынды, алайда табыс ету деген сөз көп жағдайда қолма-қол тапсыру деген ұғымды білдіріп, вручение сөзімен астарлас болып кететінін ескеруіміз керек.
Түрлі мекемелердің құжаттарында осмотр, досмотр деген сөздер тексеріп қарау, қарап тексеру деп жаңылтпаш тәрізді беріліп жүр. Әрине, мәтінде іс-қимылға байланысты тексеріп қарау деп алуға болады, бірақ бұл кез келген мәнмәтінде осылай алу керек дегенді білдірмейді. Себебі смотр сөзі сияқты осмотр сөзінің де байқау деген мағынасы бар, мәселен жүргізушілер арасында технический осмотр - техникалық байқау деп сіңісіп кетті, оны өзгертудің қажеті жоқ сияқты. Ал досмотр сөзінің жаңа баламасын қарастыру керек болар.
Кейінгі жылдарға дейін бұқаралық ақпарат құралдарында объект деген сөз де бірде объекті, бірде нысан болып әр - түрлі алынып жүр. Оған қоса, кейбір құжатта форма деген сөз де нысан деп аударылған. Біздіңше, дұрысы - объект - нысан деп аударылуға тиіс, себебі объект немесе цель деген сөздер белгілі бір мәнмәтінде мағынасы жақындау болып тұрады, бұл көздеу, нысанаға алу деген ұғымға қатысты алғанда солай. Цель деген сөздің бір мағынасы - мақсат, екінші мағынасы - нысана. Ал объект осы сөздердің екіншісіне іргелес ұғым, ендеше, нысан объектіні білдіре алады. Форма деген сөзді негізінен қалып деп алудан қашпау керек. Мәнмәтінге байланысты оған қатысты түр, үлгі деген сөздерді қолдануға болады. Ал военная форма әскери киім деп қалыптасып кетті. Жоғарыда аталғандай баламасы түпкілікті орнықпаған терминдерді қайта талқылап, қонымды шешім шығару Мемтерминкомның алдағы отырыстарында қаралмақ.
Тағы бір айта кететін жайт, кейбір сөздердегі лық, лік, тық, тік тағы басқа жалғауларының тілдік нормаға сәйкес қолданылмауы. Мысалы, бұл жалғаулар дербес дамуымыздың бастапқы кезеңінде қабылданған заңдарда санитарлық, ветеринарлық, дипломаттық деп жалғанып келген. Ал бұл сөздердің түбірі санитария, ветеринария, дипломатия. Сондықтан қазіргі заңдарда олар тиісінше санитариялық, ветеринариялық, дипломатиялық деп алынып отыр. Әлбетте, дипломаттық сөзінің де қолданылатын тұстары бар.
Терминдер әрқалай алынған жағдайда нормативтік құқықтық актілерді, ресми құжаттарды әзірлеушілер белгілі бір саланың негізгі заңдарын басшылыққа алғандары дұрыс. Мысалы: нагрудный знак деген сөз тіркесі баспасөзде, түрлі құжаттарда төсбелгі, кеуде белгі деп значок мағынасында ұшырасып қалады. Осы саладағы негізгі заң - Қазақстан Республикасының мемлекеттiк наградалары туралы Заңда Омырауға тағатын белгі деп алынған. Сондықтан осы терминге басымдық беру керек.
Соңғы кездері баламасы термин төркінін толық аша алмай жүрген сөздердің бірі регистр сөзі. Бұл заңдарда, атап айтқанда, Шаруашылық серіктестіктері туралы Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 2 мамырдағы Заңында государственный регистр деген сөз мемлекеттік регистр деп; қайсыбір құжаттарда мемлекеттік тізбе, мемлекеттік тіркелім деп үш түрлі алынған.
Осыған байланысты жалпы тізбе, тізім деген сөздерге қатысты бекітілген терминдерді айтатын болсақ, список - тізім; перечень - тізбе; опись - тізімдеме; реестр - тізілім; прописка - тіркелім; прицеп - тіркеме; приписное свидетельство - тіркеу куәлігі.
Ал регистр деген сөздің шығу тегіне үңілетін болсақ, ол латынның тіркеу деген сөзінен шыққан. Дей тұрғанмен Современный словарь иностранных слов атты сөздік (авторы Т.Федорова) бойынша оның анықтамасы - Список, указатель чего-н., книга для записей делінеді. Орыс тілінің түсіндірме сөздігінде де мағынасы осындай. Яғни бұл тіркейтін емес, жай тізімдейтін кітап. Аталған сөз шет тілінен еніп тұрғандықтан, аудармай қоя салуға да болар еді. Бірақ регистрация - тіркеу, регистратура - тіркеу орны деп алынып, әрі прописка сөзі тіркелім деп бекітіліп кетуіне орай регистр сөзіне балама іздестіру керек сияқты. Оған біздіңше тізгі сөзі мағынасы жағынан осы регистр сөзіне жақынырақ келеді, әрі сөздің мағынасын беріп, оның функциялық жүгін көтеретіндей көрінеді, оның үстіне тізім, тізбе, тізілімдеме, тізілім, тіркелім сөздерін қайталамауға мүмкіндік береді.
Егемен еліміз өзінің дербес дамуында сатылап өрлеп келе жатқан сияқты, терминологиялық жұмыс та осы жылдар ішінде бірте-бірте ілгерілеп келеді. Сондықтан да заңдарда, ресми құжаттарда уақытына қарай кейбір терминдердің әркелкі алынып келуі табиғи нәрсе. Біздің мақсатымыз оларды тізбелеу емес, бүгінге дейін қалыптасқан мол тәжірибені басшылыққа ала отырып, қолданыстағы терминдерді біріздендіруге ұмтылу.
Сөздікте негізінен кең қолданыс тапқан, екіұдай ұғым тудырмайтын терминдер мен сөз тіркестері іріктеліп алынды. Олардың ішінде тиісті ұғымды бере алатын қазақтың байырғы сөздері арқылы жасалған терминдер де, сөзжасам арқылы жаңадан пайда болған терминдер де баршылық (адресат - жолданым иесі, аффилиированный - үлестес, буквальное значение - дәлме-дәл мәні, водораздел - су айрығы, водосброс - су ағызу, водосток - суағар, водоток - суағын, законодательная лазейка - заңнамадағы ілік, игнорация - біліксіздік, т.б.). Бұл екі кітаптан тұратын сөздік қазір Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Тіл комитетіне сараптауға ұсынылып отыр. Мұндағы терминдер негізгі дереккөз - заңдардан алынғандықтан, ол заң жобаларын әзірлеушілердің, ресми құжаттармен жұмыс істейтін мамандардың, жалпы көпшілік қауымның кәдесіне жарайды деген сенімдеміз. Ұлттық медициналық терминологиямыздың кемтігін толтырып, кемістігін жөнге келтіріп және оны байыту тұрғысында өткен жылдарда атқарылған іс сан алуан. Бұл игі іске жоғары оқу орындары, оның ішінде медициналық білім ордалары, әсіресе олардың қазақ бөлімдері жан-жақты атсалысты деп айтуға болады.
Алайда әлі күнге дейін мемлекеттік тілдегі медициналық оқулықтардың жетіспеушілігі мен сол оқу құралдары сапасының сын көтермейтіндігі, орыс тіліндегі көп оқулықтардың бірінен алып, әркімнің өз білгенінше аударма жасағандығынан жарық көріп жатқан сапасыз оқулықтар әлі де көптігі байқалып отыр. Өзге тілдегі оқулықтардағы толған грек-латын, ағылшын және басқа тілдегі термин сөздер мен сөз тіркестерінің қазақша дұрыс аудармасын таппай, әуре-сарсаңға түсіп жүргендері қаншама. Әлі күнге медициналық университеттерде оқып жүрген жоғары курс студенттері мен интерндер кейбір рефераттарын, яғни студенттің өз бетінше орындалатын жұмыстарын орыс тілінде жазуға өтініш білдіреді. Бұл - ащы болса да шындық. Қазіргі бұрын-соңды болмаған ғылыми-техникалық прогресс кезеңін басымыздан өткізіп жатқан шақта зиялы қауымның осы ұлттық терминология, соның ішінде ұлттық медициналық терминология мәселесіне жіті назар салып жүргендері аз.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дипломатиялық құжат тілінің терминдері
Термин және терминология туралы жалпы түсінік. Терминнің жалпы сипаттамасы
Қазақ терминологиясының дамуы мен оның қалыптасуының тарихы
Қазақ тілінің семантикасы
Когнитивтік парадигмадағы терминология
Өлшеу әдістері мен түрлері
Тілдік сана және прагматика
Терминологияның зерттелуінің бастауы
Терминологиялық бірліктердің лексикографиялық сипаты
Қазақ тіліндегі ішкі терминжасам тәсілдері
Пәндер