Н. Ә. Назарбаевтың адамзаттың өткені, бүгіні және келешегі туралы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Ресей Медицина
Университеті

Н.Ә.Назарбаевтың адамзаттың өткені, бүгіні және келешегі туралы"

Орындаған: Бимахан Аяжан
Қабылдаған: Гүлжанар Шуланбекова

Н. Назарбаев еңбектері, деректану ғылымы тұрғысынан қарағанда, өзінің пайда болуы жағынан жазба дерек көздерінің жеке адамдық тобына жатады. Ал, жеке адамдық дерек көздерінің басты ерекшелігі, оларда субъективті фактордың айрықша орын алуында. Сондықтан дерек көздерінің осы түрлерімен жұмыс істегенде олардың авторлары, яғни деректі жасаушы субъект туралы объективті мәліметтерді пайдалана білудің маңызы үлкен. Демек, біздің зерттеу жұмысымызда субъективті фактор ретінде, дерек көздерін жасаушы Н. Ә. Назарбаев туралы мәліметтерге сүйенуге тиіс боламыз.
+ Елбасының кітабы Қазақстанның қазіргі тарихының аса күрделі де жарқын сәттерін баяндайды. Тоғыз тараудың әрқайсысы, тәуелсіз жас мемлекетіміздің қалыптасу жолындағы айшықты қадамдарын ашып көрсетеді. Бұл - Қазақстанның 2030 жылға дейінгі Даму стратегиясын жасау жөніндегі жұмыс, қазіргі қолданыстағы ел Конституциясын қабылдау үрдісі, мұнай-газ ресурстарын игеруді бастау, ұлттық валютаны енгізу және табысты банк жүйесін құру туралы жазылған еңбек. Жекелеген тарауларда жекешелендіру мен жер реформасын жүргізу үрдісі әңгімеленеді, елорданы Астанаға көшіру және Қазақстан азаматының тұңғыш ғарышқа ұшуы айтылады. Кітап Президенттің ел жастарына арнаған үндеуі түрінде ойластырылған. Автор бұл кітаптың Қазақстан көшбасшыларының жаңа буыны үшін қолдан түсірмейтін құралға айналар деп сенеді...
+ Елбасының Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуының стратегиясы кітабы - Айқын мақсатсыз адам да, билік жүргізуші құрылым да, қоғам да өмір сүре алмайды. Саналы мұратсыз асқақ армансыз өмір сүретін адамдарды ұсақ, тоғышарлық мүдде, бір сәттік жеке бастың материалдық пайдасын ойлау стихиясы сөзсіз арбап алады. Сөйтып соның салдарынан өоғамдық азғындау басталады. Бүгінде әркімге біздің қозғалысымыздың бағытын көруге, оқиғаны болжап білуге, түпкі мақсатқа қол жеткізуге сенімді болуға мүмкіндік беретін Қазақстан қоғамы дамуының айқын және нақты тұжырымдамасы, міне, соңдықтан да қажет. (Дәуір, 1992)
+ Қазақстан жолы - Елбасының кітабы Қазақстанның қазіргі тарихының аса күрделі де жарқын сәттерін баяндайды. Тоғыз тараудың әрқайсысы, тәуелсіз жас мемлекетіміздің қалыптасу жолындағы айшықты қадамдарын ашып көрсетеді. Бұл - Қазақстанның 2030 жылға дейінгі Даму стратегиясын жасау жөніндегі жұмыс, қазіргі қолданыстағы ел Конституциясын қабылдау үрдісі, мұнай-газ ресурстарын игеруді бастау, ұлттық валютаны енгізу және табысты банк жүйесін құру туралы жазылған еңбек. Жекелеген тарауларда жекешелендіру мен жер реформасын жүргізу үрдісі әңгімеленеді, елорданы Астанаға көшіру және Қазақстан азаматының тұңғыш ғарышқа ұшуы айтылады. Кітап Президенттің ел жастарына арнаған үндеуі түрінде ойластырылған. Автор бұл кітаптың Қазақстан көшбасшыларының жаңа буыны үшін қолдан түсірмейтін құралға айналар деп сенеді.
Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті ретінде Н. Назарбаев туралы, жоғарыда айтқанымыздай, аз айтылып, аз жазылып жүрген жоқ. Соңғы Президенттік сайлау қарсаңында, әсіресе сайлаудан кейін, Н.Ә. Назарбаев туралы, оның айқын жеңісінің себептері туралы баспасөз беттерінде көптеген мақалар жарияланды. Н. Ә. Назарбаевтың өмірбаяны -- өмірі мен атқарған қызметінің негізгі кезеңдері жұртшылыққа жақсы таныс. Сондықтан біз бұл мәселеге, яғни Н. Назарбаевтың өмірі мен қызметіне, әдеттегідей, хранологиялық принципке сай өмірбаяндық тұрғыдан емес, дерек көздерін жасаушы субъект ретінде, деректанулық тұрғыдан қарауымыз қажет болады.
Егер, осы тұрғыдан келсек, Н. Назарбаев еңбектерінің тәуелсіз Қазақстан тарихының дерек көзі ретіндегі маңызы мен ерекшелігі ең алдымен, оның тәуелсіздік қарсаңындағы және тәуелсіздік жылдарындағы ресми лауазымдарына сай атқарған қызметтерімен тығыз байланысты екендігіне ерекше көңіл аударуға тиіс боламыз. Обылыс көлемінде іскерлігімен көзге түскен Н. Назарбаев, өткен ғасырдың 80-ші жылдарынан бастап республикалық деңгейдегі басшылық қызметте болса, тәуелсіздіктің дәл қарсаңында, яғни 80-ші жылдардың соңы мен 90-шы жылдардың басында Қазақстан сияқты үлкен республиканың бірінші басшысы міндетін атқарды.
Ол туралы Н. Назарбаевтың өзі "Әділеттің ақ жолы" атты кітабында: "Өзімнің қызмет жағдайыма орай осы жылдардың барлығында да, әрдайым оқиғалардың қалың ортасында жүріп, оларды талдауға және салыстыруға, қорытындылар жасауға, шешімдер қабылдауға тура келгендіктен де, өзімнің жеке пікірімді айтуға барып отырмын"-деп, жазды . Олай болса, Н. Назарбаев еңбектерінің тәуелсіз Қазақстан тарихының дерек көзі ретіндегі басты маңызы, олардың басқа да тәуелсіз Қазақстан тарихының дерек көздерінен негізгі ерекшелігі, сол жылдарығы қоғамдық құбылыстар мен түбегейлі өзгерістердің "қалың ортасында жүріп", ел тағдырын, ұлт тағдырын шешкен "шешімдер қабылдаған" адамның дүниеге әкелгендігінде. Әрине, талай отандастарымыз, қоғам және мемлекет қайраткерлері тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу тарихының куәгері болды, ол туралы өз естеліктерін жазды, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Талқыланған негізгі мәселелер - 1922 жылғы КСРО құру туралы келісім шартты жою, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығын құру
Н. Ә. Назарбаевтың еңбектеріндегі адамзаттың өткені, бүгіні және келешегі туралы
Ұлт көшбасшысы Н. Ә. Назарбаевтың еңбектеріндегі адамзаттың өткені, бүгіні және келешегі
Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің төрағасы
Қазақстандағы жоғары білім беруді ізгілендіру және беталыстары
ЖАҢА КЕЗЕҢДЕГІ ҰЛТТЫҚ МӘДЕНИЕТ СИПАТЫНЫҢ ЖУРНАЛИСТИКАДАҒЫ КӨРІНІСІ
Қазақстан Республикасының әлеуметтік бағдарламаларын іске асыру тақырыбы бойынша бағдарлама немесе жоспар әзірлеу
Көркем шығарманы бастауыш сыныптардың оқу-тәрбие үрдісінде пайдалану арқылы оқушыларға патриоттық тәрбие берудің ғылыми-теориялық негізін жасау
Білім: перспективтікке арналған стратегия
Экономикалық дамудың қазақстандық үлгісі
Пәндер