Кәсіпорын экономикасының ішкі жағдайлары



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
КІРІСПЕ
Кәсіпорын - қоғамдағы еңбек бөлінісі жүйесіндегі оқшауланған дербес өндірістік-шаруашылық бірлік, яки заңды тұлға құқығы берілген шаруашылық жүргізуші субъект; өндірістік-шаруашылық қызметті ұйымдастырудың негізгі нысаны. Ол әлеуметтік қажеттіліктерді қанағаттандыру және пайда алу мақсатымен еңбек ұжымын пайдалана отырып, өнім(тауар) өндіреді, жұмыстарды орындайды, қызметтер көрсетеді және өндіріс құрал-жабдығы мен басқа да мүлікке меншік нысандарына қарамастан заңды тұлға ретінде және шаруашылық есеп принципіне сүйеніп әрекет етеді. Кәсіпорын заңнамада тыйым салынбаған және кәсіпорынның жарғысында көзделген мақсаттарға сай келетін кез келген шаруашылық қызметпен айналыса алады. Кәсіпорын өзінің қызметін дербес жүзеге асырады, шығарылатын өнімін, салықтар мен бюджетке басқа да міндетті төлемдерді төлегеннен кейін қалған пайданы иеленеді. Кәсіпорын мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап құрылды деп саналып, заңды тұлға құқығын иеленеді. Тіркеу үшін құрылтайшы оны құру туралы шешімді немесе құрылтайшылардың шартын, кәсіпорынның жарғысын және басқа құжаттарды ұсынады. Кәсіпорынның дербес балансы, банктерде есеп айырысу шоты мен өзге де шоттары, өзінің атауы жазылған мөрі болады. Мүліктік кешен ретінде кәсіпорынның құрамына оның қызметі үшін керекті мүліктің барлық түрлері, бұған қоса жер телімдері, ғимараттар, жабдықтар, шикізат, өнімдер, талап құқықтары, сондай-ақ, кәсіпорынды, оның өнімін, жұмыстары мен көрсететін қызметтерін дараландыратын таңбаларға құқықтар (фирмалық атаулар, тауар белгілері, қызмет көрсету белгілері) және заң мен шартта өзгедей көзделмеген жағдайда басқа да айрықша құқықтар кіреді. Меншік иесінің немесе ол уәкілдік берген органның келісуімен кәсіпорын заңды тұлға құқықтары берілген еншілес шаруашылық жүргізуші субъектілер, сондай-ақ филиалдар, бөлімшелер, банкіде шот ашу құқығы бар басқа да оқшауландырылған бөлімшелер құра алады. Тиісті орган арқылы мемлекет, еңбек ұжымдары, жеке және заңды тұлғалар, соның ішінде шетелдік тұлғалар да, кәсіпорынның құрылтайшылары бола алады. Меншік нысандарына қарай кәсіпорын жеке, мемлекеттік, ұжымдық немесе аралас меншіктегі, сондай-ақ, қоғамдық ұйым меншігіндегі кәсіпорын нысанында құрылуы мүмкін. Олар жекеше кәсіпорын, серіктес (жарнапұлға негізделген серіктестік), акционерлік қоғам, мемлекеттік кәсіпорын, коммуналдық кәсіпорын түрлеріне жіктеледі. Нарықтық экономикаға көшу жағдайында жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың дербестігін кеңейтумен бірге экономикалық бірігудің жаңа нысандарын - серіктестіктер, қауымдастықтар, бірлескен кәсіпорындар, шағын кәсіпорындар, консорциумдар, биржалар, коммерциялық банктер құрудың тиімділігі айқындала бастады.
Рынокта бәсеке барысында сұраным мен ұсыным, баға құралады. Сұраным мен ұсынымның өзара әрекеті нарықтық экономиканың тиімділігін қамтамасыз ететін тетік болып табылады. Баға кәсіпорындар мен тұтынушыларға нарықта қалай әрекет ету керектігін - осы тауарды көп өндіру керек пе, жоқ па оның шығарылымын қысқарту немесе тоқтату керек пе, жоқ па дегенді хабарлайды. Бағаның құралу тетігімен қатар рыноктағы бәсекеге ерекше назар аударуға тура келеді, яғни бір-бірімен бәсекелесуші бірқатар фирмалар (кәсіпорындар) болса және олардың бірде-біреуі баға белгілеу үдерісін басқара алмаса - олар тұтынушылар алғысы келетін және төлей алатын тауарларды өндіруге мәжбүр болады. Алайда тауарлардың белгілі бір санаттары үшін баға тетігі жұмыс істемейді (мыс., қорғаныс), кейде тауар өндіруге жұмсалған барлық шығынды көрсетуге дәрменсіз болады, демек, баға мен шығын оның қоғамдық нәтижесін көрсетпейді. Нарықтың осы және басқа кемшіліктері нақты өмірде ұдайы кездесіп отырады, сондықтан "таза" нарықтық экономика, сұраным мен ұсынымның қандай үлгісінде құрылса да, болмайды. Нарық әрқашанда бірге әрекет етуші кәсіпорындар мен монополиялар, түрлі ұйымдар, саяси өкімет тарапынан араласу - реттеу арқылы толықтырылып, шектеліп отырады. Сонымен бірге нарықтық шаруашылық пен баға белгілеу тетіктерін толық алып тастап, оның орнына экономиканы толық басқару әкімш. және саяси шешімдермен шешілетін болса, онда "таза" жоспарлы экономика дейтін пайда болады.
Кәсіпорын деп - белгілі бір өнім өңдіретін немесе халыққа қызмет көрсететін заңды тұлға. Ал кәсіпорын экономикасы - өндірістік және өндірістен тыс қатынастардың жиынтығы: айналыс қоры, дайын өнім, кәсіпорынның банктегі есеп-шоттары, ақша қаражаты, бағалы қағаздары, меншіктің материалдық емес қорлары (патенттер, лизенция т.б), өнімді өткізуден және әр түрлі көрсетілген қызметтерден түскен табыстар мен пайда. Олардың құндық бағасы - кәсіпорынның экономикалық даму деңгейі мен көлеміне байланысты болады. Сонымен қатар экономика түрлері мен олардың кәсіпорындағы маңыздылықтарын, өндірілген өнімнің саны мен сапасын, өткізу көлемін және өткізуден түскен кіріс пен пайда мәселелерін қарастырамыз.


1. ЖАЛПЫ БӨЛІМ
1.1 Кәсіпорын экономикасы мәні және оның мазмұны
Экономика - бұл тауарлар мен қызмет көрсетулерді өндіру, бөлу, сату және пайдалану жөніндегі қоғамдық ғылым, яғни адам қызметінің саласы болып, адамдардың қажеттілігін қанағаттандыруға қызмет етеді және барлық экономикалық ғылымдардың жалпы обьектісі болып табылады. Шарушылық өміріндегі көкейтесті, ең маңызды процестерді танып білу және реттеу бағытында көптеген экономикалық ғылымдардың ішінде теориялық және қолданбалы экономиканы бөлуге болады. Осылардың жиынтығын қысқаша Қазақстандағы экономика, ал батыста - Экономика деп атайды.
Экономиканың екі түрі бар. Біріншісі - позитивтік (оң) экономика. Ол экономиканың объективтік немесе ғылыми жолдарын іздейді. Позитивтік экономиканың талас мәселелері аз деуге болады. Мысалы, экономисттердің көбі мынаған келіседі - егер үкіметке кейбір тауарларға кейбір салық салатын болса, оның бағасы өседі; ақша қоры жылдам және тұрақты өсетін болса, ол тауар мен қызмет көрсету бағаларының өсуіне әкеледі.
Екіншісі - нормативті экономика. Ол субъективтік, жеке (дербес) баға беру жұмысымен байланысты. Экономиканың біріншісі - бар немесе болу мүмкін принципімен байланысты болса, екіншісі - болуы керек деген бағалаумен байланысты.
Әміршіл экономика. Экономикалық жүйені ұйымдастыру тәсілі, мұндағы материалдық ресурстар - мемлекеттік ресурстарды құрайды, ал экономикалық қызметін бағыттау мен үйлестіру - орталық жоспарлау арқылы жүзеге асырылады. Әміршіл экономикада өндіру мен тұтыну, не, қалай және кім үшін өндіру жайлы барлық шешімдерді мемлекет қабылдайды.
Ашық нарықтық экономика. Осы экономикалық жүйеде, елдің тауарлар мен қызметтер экспорты мен импорты жүзеге асырылады. Сондай- ақ, басқа елдермен де қаржы мәселесі арқылы байланысады. Ашық нарықтық экономикада (free market based economy) кәсіпорта мен үй шаруашылының ресурс туралы барлық шешімдерді мемлекет кіріспейтін өзара әрекеттестік процесінде қабылдайды. Нарықтық экономика - нарықпен қатар тауарлар мен қызметтерді өндіру, тұтыну, бөлу, оны бағдарламалау және реттеу саласын біріктіретін экономика саласы. Онда ресурстарды пайдалану туралы шешімді нарық қабылдайды. Осындай экономиканың тиімділігін қамтамасыз ететін тетік - сұраныс пен ұсыныстың өзара әрекеті болып табылады. Ашық, еркін нарықтық экономикада баға тек қана не және қалай өндіріледі деген мәселелерді анықтамай, оған қоса кім үшін деген шешімді де ашады.
Аралас экономика. Аралас экономика жүйесінде мемлекет те, жеке меншік сектор да тұтас қоғам алдында қойылған не, қалай және кім үшін сұрақтарын шешуде маңызды роль атқарады. Барлық елдердің экономикалық жүйелері аралас болып саналады, бірақ елде экономика әміршіл жағына, ал кейбір елдерде - нарықтық жағына сүйенеді. Қандай экономиканы алмасақ та, мемлекет макроэкономикалық мәселелерді шешуге тиіс.
Теориялық және қолданбалы эконмиканың негізі болып саналатындар:
* экономикалық дамуды зерттеу;
* жалпы халық шаруашылығы саласының жұмыс істеуін және жеклкенген кәсіпорындарды (фирмаларды) зерттеу;
* экономикалық саясаттың негізгі принциптерін алдын ала әзірлеу.
Кәсіпорын - белгілі бір өнім өңдіретін немесе халыққа қызмет көрсететін заңды тұлға.

1.2 Кәсіпорын экономикасының ішкі жағдайлары
Кәсіпорын экономикасы - өндірістік және өндірістен тыс қатынастардың жиынтығы: айналыс қоры, дайын өнім, кәсіпорынның банктегі есеп-шоттары, ақша қаражаты, бағалы қағаздары, меншіктің материалдық емес қорлары (патенттер, лизенция т.б), өнімді өткізуден және әр түрлі көрсетілген қызметтерден түскен табыстар мен пайда. Олардың құндық бағасы - кәсіпорынның экономикалық даму деңгейі мен көлеміне байланысты болады.
Соңғысының әр түрлі себептері бар, атап айтқанда-өндірісті қорлармен қамтамасыз етуде ең оңтайлы үйлесімділікті табу; ;
* өндірілген өнімнің саны мен сапасы;
* өткізу көлемі;
* өткізуден түскен кіріс пен пайда. Осы факторлар негізінде қол жеткізілетін тиімділіктің деңгейі мен сипатын кәсіпорынды дамытуға ықпал ететін ішкі және сыртқы жағдайлар айқындайды.
Ішкі жағдайлар үш топқа бөлінеді:
1. Өндірісті қорлармен қамтамасыз ету. Оған өндірістік факторлар:
* ғимарат, құрылыс,
* құрал-жабдық, аспаптар,
* жер,
* шикізат-материалдар,
* отын,
* жұмыс күші,
* ақпарат және т.б. жатады.
2.Кәсіпорынның экономикалық және техникалық дамуының қажетті деңгейін қамтамасыз ету:
* ғылыми-техникалық прогресс;
* өндіріс пен еңбекті ұйымдастыру;
* кадрлардың біліктілігін жетілдіру;
* инновация мен инвестиция.
3.Кәсіпорынның өндірістік-шаруашылық қызметерінің коммерциялық сапасын қалыптастыру факторлары: тиімді коммерциялық және жабдықтау қызметтері.
Кәсіпорын қызметінің негізгі факторлары:
1. Бұл белгілі бір өлшемдегі пайдалану мүмкіндігі орасан зор табиғи байлық. Күнделікті пайдаланылады. Табиғи байлықтар "орны толатын" және "орны толмайтын" болып бөлінеді.
2. Жұмыс күші - ой және дене еңбегі, еңбекке қатысушылардың тәжірибелік және интеллектуалды құрамы.
3. Еңбек заты және еңбек құралдары. Еңбек заты және еңбек құралдары арқылы өнім өндіріледі, тиісті қызмет керсетіледі.
4. Кәсіпкерлік-меншікке негізделген, несиеге алынған және басқа да мүліктерді пайдалану арқылы қолданылып жүрген заңдарға сәйкес жүзеге асырылатын бастамалық, шаруашылықтық және басқа да қызмет.
5. Капитал-тұтыну заттарының көлеміне қарай шектелген ақша қаражаты.
* Кәсіпкер -- жеке тұлға, ол:
* өндірістік-шаруашылық;
* көтерме сауда
* инновация;
* кеңестер беру;
* коммерциялық делдалдар;
::бағалы қағаз операциялары және тағы да басқа сияқты заңмен тыйым салынбаған кез келген қызмет түрлерімен айналысуына құқылы.

2. НЕГІЗГІ БӨЛІМ

2.1 Нарықтық экономиканы құрудың алғашқы қадамдары. Нарық экономикасының механизмдері
КСРО Жоғарғы Кеңесінің 3-сессиясы нарықтық экономикаға көшу туралы мәселе көтерген болатын. Осыған байланысты республиканың өз ерекшеліктерін ескере отырып, Қазақстанда нарықтық шаруашылыққа көшудің концепциясын жасау қолға алына бастады. Дүниежүзілік экономаканың озық тәжірибелерін ескере отырып шаруашылықтың тиімділігіне қол жеткізу -- экономикалық реформаның мақсаты ретінде қаралды. Бұған жету үшін катардағы көптеген маңызды мәселелерді шешу қажет болды. Атап айтқанда, олар мыналар:
* экономикалық қарым-қатынастарды ырықтандыруды жүзеге асыру;
* мемлекет иелігінен алу мен жекешелендіру негізінде жеке меншікті трансформациялауды жүзеге асыру;
* кәсіпкерлікті дамытуға жағдай жасау;
* республикада инфрақұрылымды өрістетуге мүмкіндік туғызу;
* қаржылық-несиелік саланы реформалау;
* шетел капиталын кеңінен тарту арқылы ашық экономикалық жүйені орнықтыру.
90-жылдардағы Қазақстан экономикасының тоқырау жағдайы аталған мәселелерді жүзеге асыруға кері әсерін тигізді.
Тоқырау жағдайын тоқтату және нарықтық қатынасты орнықтыру мақсатында бірқатар шаралар қолға алынды. Алғашқы әрекет - 1992 жылдың қаңтарындағы ырықтандырудың бірінші кезеңі болып табылады. Нарықтық экономиканың бір қыры -- еркін баға. Ал баға сұраныс пен ұсыныс арқылы анықталады. Ендігі жерде оны мемлекеттік тұрғыдан реттеудің қажеті жоқ. Бағаны ырықтандыру біркелкі жүргізілді, осыған орай мемлекет тауар түрлерін біртіндеп қысқартып отырды. Тұтынушылардың ынта-ықыласын қорғап, қолдап отыру мақсатында баға жөне монополияға қарсы саясат жүргізетін мемлекет дүниеге келді. Еркін бағаны орнықтырудың бірыңғай тәртібі ойластырылды. Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі төуелсіз статусқа ие болды.
Нарықтық экономиканың кідіріссіз дамуын жеделдету үшін заңды базаны әзірлеу жұмыстары үздіксіз жүргізілді.
Қазақстан Республикасының 1993 жылғы бірінші Конституциясы бойынша жеке меншік ресмилендірілді. Бұдан кейін жеке бизнесті дамытуға құқықтық негіз жасалды. Бұл кезеңдегі өндірістің құлдырау себептерін былайша түсіндіруге болады:
* технология мен басқа да құрал-жабдықтардың моральдық және физикалық тұрғыдан ескіруі;
* бағаның ырықтандырылуына байланысты энергия көздеріндегі шығынның көбейіп, өнімнің қымбаттауы;
* KCPO ыдырағаннан кейін іргелес республикалармен арадағы экономикалық байланыстардың үзілуі;
* жеке мүмкіншіліктің жетіспеуі;
* заемдік айналым арқылы тығырықтан шығудың қиындығы.
Қазақстан экономикасын тұрақтандыру мақсатында 1993 жылы маңызды деген екі шешім кабылданды:
I. Республикадағы жеке меншік түрлерін бір қалыпқа түсіру мақсатында 1993 жылдың сөуірінен бастап мемлекет иелігінен алу мен жекешелендірудің Ұлттық бағдарламасы іс жүзіне асырыла бастады.
II. 1993 жылдың 15 қарашасында республиканың өз ұлттық валютасы -- теңге айналымға енді. Бұл елдің өзіндік қаржы жүйесін қалыптастыруға мүмкіндік жасады. Шындығына келгенде, Қазақстан осы күннен бастап экономикалық дербестік жолына түсті.
Нарық экономикасы әрекеттерінің механизмі үш басты принциптерге негізделеді:
* маржиналдық (шекті) талдауға;
* балама тандау шығындарына;
* экономикалық рационалдыққа.
Маржиналдық талдау принциптері негізінде нарық субъектілерінің іс-кимылы жүріп отырады. Олардың әрекеттеріне әсер ететін орташа емес шекті шамалар болады. Осының нәтижесінде нарықты тауарлармен толық қамту, нарықтық бағаның өзгеруі, нарық экономикасының бір жағдайдан басқашаға ауысуы бірте-бірте жүріп отырады. Жаңа шекті субъектінің пайда болуы нарық экономикасына, ондағы ұсыныс пен сұранысқа, мәнді әсер етпейді. Жетілген нарық жағдайында, яғни үлкен және үнемі болатын ұсыныс кезінде, шаруашылық жүргізушілер өте көп болғанда, олардың әрқайсының нарықтағы жеке үлес салмағы шексіз аз шамада болады. Маржиналдық бағыт нарықтық ортаның үзілмей қызмет етуін қамтиды деуге болады; сұраныс пен ұсыныстың күрт тербелуіне жол бермейді; тауар өндірушілер мен тұтынушылар тепе-тендік болмысын қамтамасыз етіп отырады.
Балама таңдау шығындарының припциптері. Балама таңдау шығындарына, тікелей шығындар жөне ресурстарды пайдаланудың, немесе, кәсіпкерлік әрекеттердің осыдан басқа, өзгеше әдістерінен бас тартудың салдарынан түспеген, табыстың және тікелей шығындардың жиынтығы жатады. Нарық экономикасының ерекшелігі мынада: барынша қолданылмаған мүмкіндіктердің варианттарының ішінен, ең ұнамсыз болса да, әйтеуір күмәнсіз табысқа жеткізетін варианты тандап алынады. Балама тандау шығындары принципі өндірушілерді, олардағы бар ресурстарды тиімді қолдануға ынталандырады.
Экономикалық, рационалдық принципі табыс пен шығындарды салыстырып отыруға негізделеді. Рационалдык тандау өзгеріп тұратын варианттардан жасалады. Осы варианттардың ішінен, мүмкін болатын пайда ең аз көлемде болса да, күмәнсіз табысты қамтамасыз ететін вариант алынады. Рационалдықтың критериі -- табыс төтенше құқықтың болуымен байланысты. Фирма неғұрлым өзінің пайдасын көбейтуді көздейді, ал тұтынушылар -- капиталды шектеп пайдалана отырып, барынша өздерінің қал-ахуалын жақсартуды көздейді. Нарық экономикасын осы аталған принциптер негізінде құру, тепе-тендік болмысына жетуді қамтамасыз етеді. Осы болмыс нарық механизмінің орталық проблемасы. Бұл жағдай екі қарама қарсы күштерді қолдануға негізделеді -- бір жақтан, сұраныс пен ұсынысты, екінші жақтан, нарықтағы бағаны.
Сирек кездесу нарық экономикасының өте маңызды шарты болып табылады. Сиректік деген түсінік экономистер үшін өте маңызды методологиялық құрал, әсіресе тауардың пайдалылығын дәлелдеуде қолданылатын. Демек, шекті пайдалылық теориясында сиректік деген түсінік негізгі жөне ешқандай түсіндірме тілемейтін, физикалық ақиқат болып табылады. Сиректік мәселелерін зерттеу, белгілі бір тұрғыда кейбір игіліктердің тапшылығын дәлелдеуге мүмкіндік береді.
Классикалық мектептің өкілдері Д.Рикардо, А.Смит сиректік түсінігін құнмен байланыстырады. Олардын, айтуы бойынша сиректік еңбектің санымен қатар, тауардың құнын белгілейтін маңызды факторларға жатады. Осы замандағы нарықтық қатынастар теориясында сиректіктің түсінігі белгілі трансформацияға ұшырап отыр. Егер бұрын сиректікті табиғи және әлеуметтік факторлармен байланыстырған болса, қазір сиректік нарықтың қызмет ету мерзімімен байланыстырылып отыр. Сұранысы мол жаңа игілік бір мезетте және толығымен қажеттіліктерді қамтамасыз ете алмайды. Бүл үшін белгілі уақыт мерзімі қажет. Осыдан тұжырым: сиректігі мол болған сайын, осы игіліктің қажет санын өндіруге соншама мол уақыт керек.

2.2 Нарықтық экономика үлгілері. Кәсіпорын экономикасы микро және макро экономикамен тығыз байланысы
Қазіргі уакытта Қазақстанда барша шаруашылық жүргізудің экономикалық жүйелік қызметтерінің нарықтық үлгісі жасалуда. Осы жағдайда нарық экономикасы жоғары дамыған елдер қолданып отырған үлгілердің ерекшелігін білу өте қажет. Алдымен назарымызды барлық нарықтық жүйелер жөне олардың даму бағыттары тәуелді болатын жағдайларға көңіл аударайық:
* географиялық орналасу;
* табиғи ресурстардың бар болуы;
* тарихи даму жағдайлары;
* халықтың дәстүрі, әдет-ғұрыпы;
* өндіргіш күштердің даму дәрежесі;
* қоғамның өлеуметтік бағытталуы.
Шаруашылық жүргізудің нарықтық шарттарының әр елдердің өзіне тән ерекшеліктері болады. Сонымен қатар барлық нарықтық үлгілердің ортақ көрсеткіштері болады:
* меншіктің әр алуан формаларының болуы;
* тауарлар мен қызметтерге көбінесе еркін баға болуы;
* еркін бәсекенің дамыған жүйесі;
* кәсіпкерлік әрекеттердің кең тарауы;
* экономиканы мемлекеттік реттеудің белгілі жүйесі.
Қазіргі заманда қолданылатын нарықтық үлгілердің бірнешесін атап өтуге болады.
Американдық үлгі. Бұл үлгі капитализмнің либералдық үлгісі деп аталады. Ерекшеліктері:
* мемлекеттің экономикадағы реттеуші рөлі өте төмен. Мемлекеттің экономикаға кірісуі көбінесе экономикалық дағдарыстармен (XX ғасыр 30 -- 70-ші жылдары), немесе, экономиканың күрт өсуімен (XX ғасыр 60-шы жылдары - кедейлікпен күресу, әлеуметтік бағдарламалардың санының өсуі) байланысты болады.
* көсілкерлікті барынша қоддау (XX ғасыр 80-ші жылдары АҚШ-да кіші кәсіпкерлік жаңа жұмыс орындарының 80% қамтиды);
* халықтың бай, кедей болып әйгілі бөлінуі;
* жалақы айырмашылығының тым алшақтығы. Фирманың бастығының жалақысы жабайы қызметкердің жалақысынан 110 есе артық;
* жетімді түрде қамтамасыз етілмеген топтардың әл-ахуалы жарамды дәрежеде.
Жапониялық үлгі. Осы замандағы шаруашылық жүргізу үлгісі дамудың ерекше жағдайында қалыптасқан. Әскери шығындардан бас тартып, Жапония барлык мүмкіндіктерін бейбіт мақсатқа, яғни, өнеркәсіптің экономикалық потенциалын өсіруге жұмылдырған. Осы мақсатқа жетуге көмек берген жағдайлар: американдық және батысеуропалық патенттер мен лицензияларды еркін сатып алу, дүниежүзілік шикізаттар мен отын нарықтары бағаларының төмендеуі, жапониялық жұмысшы күшінің салыстырмалы арзандығы, елеулі әскери шығындардың болмауы. Жапондык үлгінің негізгі белгілері:
* ұлттық экономиканың негізгі бағыттарына мемлекет әсері өте жоғары. Алдымен мемлекет танкерлер өндіруді қолдады, содан кейін -- аз литражды автомашиналарды, ал XX ғасыр 70-ші жылдарынан бастап -- электроника мен компьютер өндірісін қолдады. Осының нәтижесінде XX ғасыр 70-ші жылдары ортасына дейін Жапония елеулі дағдарыстардан аулақ болды және экономика ұнамды даму алды;
* өзін өзі қорғаудың дамуы мен нығайтылуының 5-жылдық жоспарларын жасау. Қазір 1991-1995 жылдары қамтитын 8-ші бес жылдық жоспар аяқталды. Жапондық кереметтің болар алдында экономиканы дағдарыстан шығарудың және тиімділігі жоғары өндірісті жасаудын, 30 жылдық жоспары жасалған;
* фирмалардың басым көпшілігі жұмысшыларды барлық өмірлік мерзімге жалдайды;
* жұмысшыларды ортақ ынта арқылы біріктіру;
* жұмысшыларды басқаруға жөне шешім кабылдауға тарту;
* жалақы дәрежелерінің айырмашылықтары көп емес -- фирма бастығының жалақысы жабайы жұмысшылардыкінен 17 есе артық;
* үлгінің әлеуметтік бағытталуы. Әлеуметтік мәселелерді шешу көбінесе корпорация мен бірлестіктерге жүктелген.
Неміс үлгісі. Әлеуметтік-экономикалық мазмұны жағынан бұл үлгі Жапониялық үлгіге ұқсас. Әлеуметтік нарық экономикасының бас идеологі Людвиг Эрхард. Ол өз кітабында немістің жаңа экономикасының қызмет етуінің негізгі принциптерін баяндайды. Неміс үлгісінің негізгі ерекшеліктері:
* экономикаға мемлекеттің зор әсер етуі. Бұл жағдай әсіресе әлеуметтік мәселелерді шешуде байқалады. Мемлекет елеулі әлеуметтік міндеттер атқарады: тегін медицина, білім, және т.б.
* XX ғасыр 70-ші жылдардың басында Германияда негізгі макроэкономикалық көрсеткіштерге таргетирование (жоспарлау) принципін қолдану жүзеге асырылған. Осымен қатар жұмысшылар кәсіпорын меншігіне де қатысады;
* Неміс үлгісінде, Жапониялықтай, банктер шешуші рөл атқарады. Орталық банк толық автономия негізінде жұмыс ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіпкерлік құқық субъектілері
Қазақстан Республикасында коммерциялық банктердегі қаржылық менеджменттің мәні мен маңызын анықтау
Ұлттық экономика жүйесіндегі кәсіпорынның орны
Рынок экономикасы
Рекреациялық және іскерлік туризм
Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы
Кәсіпорынның тиімділігін жоғарлату жолдары
Шағын кәсіпкерліктің қызметін басқарудың тиімділігі
ШАРУАШЫЛЫҚ СУБЪЕКТІЛЕРДІҢ ҚАРЖЫ ҚОРЛАРЫ ЖӘНЕ ҚАРЖЫЛЫҚ ЖАҒДАЙДЫ ТАЛДАУ
Экономиканың нақты секторын инвестициялау, жаңа технологияларды игеру және қайта құру
Пәндер