Ауыл шаруашылық саласын дамытудағы инвестицияның рөлі және олардың мәні


1. Ауыл шаруашылық саласы бойынша инвестициялық тартымдылығы және оның экономикалық тиімділігін жоғарылатудың теориялық негіздемесі
1. 1 Ауыл шаруашылық саласын дамытудағы инвестицияның рөлі және олардың мәні
Инвестицияның жеткілікті көлемінің бар болуы - агроөнеркәсіптік кешеннің тиімді және тұрақты дамуының қажетті жағдайы болып табылады. Сонымен қатар, ел экономикасының нақты дамуы үшін АӨК саласына инвестиция тартуға қолайлы жағдайлар жасау, инвестициялау деңгейін арттыру маңызды міндет болып табылады [3, 12б. ] .
Инвестиция - Қазақстан экономикасының нарықтық экономикаға өтуі кезінде пайда болған жаңа термин, Нарықтық және жоспарлық жүйелерде инвестицияның мәнін түсінуде айырмашылық бар. Ресурстардың бөлінуі әкімшілік жүйесі жағдайынды меншіктің бір түрімен жүзеге асатындықтан, инвестицияландырудың қаржылық және басқа түрлерінің бар екенін отандық экономикалық ғылым қарастырмады. Жоспарлық экономика жағдайында инвестициялар ағымдағы шығындардан тек бір уақыттық сипатымен ғана айырықшаланатын залал түрінде көрінді. Экономика ғылымы мен тәжірибесі дәлелдеп отырғандай, капиталдық салынымдар инвестицияның синонимі болып табылмайды. Капиталдық салынымға қарағанда инвестиция түсінігі әлдеқайда кең. Батсы әдебеттерінде қор нарығын қарастыруға баса назар аударады, себебі нарықтық экономикасы дамыған елдерде (АҚШ, Канада, Ұлыбритания, Жапония) инвестицияландыру бағалы қағаздар арқылы іске асады. Қазіргі таңда отандық тәжірибеде екі термин де қолданылады [4, 48б. ] .
Өзінің дамуы барысында инвестиция теориясы бірнеше кезеңді басынан өткерген. Бастапқылары ретінде австрия экономикалық мектептің жұмыстарын айтуға болады. Өткен ғасырдың 20-30-жылдары қаржы теориясының ғылым ретінде қалыптасуы кезеңінде И. Фишердің пайыз қойылымы теориясы бойынша жұмыстары жарық көрді. Капиталдық активтерді бағалауға теориялық тәсілдерді қолдану Ф. Вильямстың зерттеулерінде ұсынылған болатын.
1936 жылы Д. Кейнс жинақтардың ақшалай (өтімділік қабілеті бар) нысанда сақтауға ынталандырушы себептерді бөліп қарастырды. Олардың қатарына ол тауарларды, қызметтерді және т. б сатып алуға қажеттілікті анықтайтын - трансакциялық себепті, жинақтарды тиімді орналастыруға бағытталған - спекулятивтік себепті, құнды қағазға салынған капиталды жоғалтып алу тәуекелімен байланысты - қорғаныстық себебін жатқызды. Аталған факторларды анықтай отырып Кейнс экономикалық теорияға тиімді портфель құру мәселелерін енгізді [5, 32б. ] .
80-ші жылдарға дейін отандақ экономикалық әдебиеттерді «инвестиция теориясы» ұдайы өндіріс процесін талдау үшін қолданылмады, көп жағдайда инвестициялар капитал салынымдарымен теңестірілді [5, 38б. ] .
Шетел әдебиеттерінде «инвестиция» терминімен қатар «капиталдық салынымдар» термині де қолданылады.
Капиталдық салынымдар (капиталды инвестициялау) - кәсіпорын активтеріне ұзақ мерзімге, тәуекелдің жоғары болған жағдайда құралдарды салу туралы шешім қабылдау дегенді білдіреді. Капиталдық салынымдардың тиімділігін дұрыс бағалаған кезде ғана инвестиция сапасына кепілдік берілуң мүмкін.
Капиталдық салынымдардың теориялық негізінің дамуына елеулі үлес қосқан «негізгі қорлардың, капиталдық салынымдардың және жаңа техниканың экономикалық тиімділігі» мәселесін зерттеумен айналысатын Т. С. Хачатуров басқарған АН КСРО Ғылыми Кеңесі болды. Т. С. Хачатуров капиталдық салынымдырға келесідей анықтама берген: « Капиталдық салынымдар түсінігі негізгі қорлардың ұдайы өндірісіне, оның ұлғайту мен жетілдіруге кететін шығындарды сипаттайды [5, 42б. ] .
1994 жылы шыққан капиталдық салынымдардың экономикалық тиімділігін анықтаудың Үлгілік әдістемесінде, сондай-ақ басқа да әдістемелік ұсыныстарында инвестициялар тек негізгі қорларға ғана емес, негізгі құралдарға да салынатын салынымдар ретінде қарастырылды.
Осыған байланысты, инвестицияның экономикалық мазмұнын анықтау барысында шығындық және ресурстық тәсілдер қалыптасты. Шығындық тәсіл бойынша инвестициялар негізгі қорлардың жай және кеңейтілген ұдайы өндірісіне кететін шығындар ретінде қарастырылады.
Ресурстық тәсілге сәйкес ресурстардың бөлінуі инвестицияның құрамдас бөлігі болып табылады, яғни оларды ұдайы өндіріске қажетті қаржы құралдары деп қарастыруға болады. Екі тәсілге де тән кемшілік талдау объектісінің статикалық сипатталуы және инвестицияның бүтіндей процесс ретінде жеткілікті дәрежеде зерттелмеуі.
«Инвестиция» термині латынның investire - «жұмылдыру» сөзінен алынған. Бұл термин ғылыми және публицистикалық әдебиеттерде кеңінен қолданылады. Пол Самуэльсон инвестицияландыру туралы былай жазады: «Біз қоғамның нақты капиталының таза өсімін білдіретін нәрселерді (ғимараттар, қондырғылар, өндірістік-материалдық запастар және т. б) «таза инвестицияландыру» немесе капитал қалыптасуы деп айтамыз. Тұрғындар үшін жерді, қолданыста жүрген құнды қағаздарды немесе меншіктің кез-келген түрін сатып алу инвестицияландыру болып табылады. Экономистер үшін бұл тек таза трансферттік операциялар. Яғни біреуі инвестицияландырса, басқа біреуі . Таза инвестицияландыру тек жаңа нақты капитал қалыптасқан кезде ғана орын алады [6, 78б. ] .
Ресей ғалымдарының жұмыстарында инвестицияға және инвестициялық процестерге кең түсініктер берілген. Мысалы, В. Бочаров және Р. Попова инвестициялар - нәтижесінде пайда (табыс) немесе әлеуметтік тиімділікке жеткізетін кәсіпкерлік қызмет объектілеріне салынатын мүліктік және зияткерлік құндылықтардың барлық түрлерін көрсетеді. Бұл анықтамаға тағы жақын анықтаманы А. Городецкий мен А. Воронин берген: «инвестициялар» (лат. Investiо - жұмылдыру, киіндіру) - пайда алу мақсатында кәсіперлік қызмет объектісіне ұзақ мерзімге капиталдық салынымды анықтайды [5, 46б. ] .
Сонымен қатар, инвестицияның кәсіпкерлік қызмет саласымен ғана шектелуі дұрыс емес, себебі капитал әлеуметтік сала, гиманитарлық жобаларға (бұл жерде инвестициялар негізінен мемлекет және жергілікті органдар арқылы жүзеге асырылады) және т. б салынуы мүмкін.
Инвестициялар деп - өнеркәсіпке, құрылысқа, ауыл шаруашылығына және өндірістің басқа да салаларындағы шаруашылық субъектісіне мүліктей, заттай сондай-ақ ақша қаражаты түрінде, яғни капитал түрінде салынып ол шаруашылықты әрі қарай өркендетіп дамыту үшін жұмсалынатын шығындардың жиынтығын айтады, инвестициялар бүгінгі күні қолда бар ақшаны, мүлікті және басқа да заттарды, яғни капиталды қандай да бір өндірісті дамыту үшін жұмсап, сол арқылы келешекте, яғни алдағы уақытта пайыз түрінде немесе басқадай үлкен кәсіпкерлік табыс табу болып табылады [6, 82б. ] .
Бұл жоғарыда айтылған процеспен екі фактор байланысты болып келеді. Оның біріншісі - уақыт, ал екіншісі - тәуекелдік . Сонымен қатар инвестиция экономикалық өсудің негізі бола отырып, елдің әлеуметтік дамуына жағдай жасайды. Осы айтылғандармен қатар инвестиция экономикалық дамудың жоғарғы және тұрақты қарқынын қалыптастырудың, ғылыми- техникалық прогресс жетістіктерін өсірудің, инфрақұрылымды дамытудың маңызды факторы болып саналады.
Инвестициялар дегеніміз - ол пайда (табыс) алу мақсатында экономика салаларына ұзақ мерзімді ақша қаражаттарының (капиталдың) салымы. Олар негізгі құрал жабдықтарды жасауға, ұлғайтуға, қайта құру мен техникалық қайта жарақтандыруға кететін шығындарды сипаттайды. Инвестициялар нәтижесінде табыс (пайда) алынатын немесе әлеуметтік тиімділікке әкелетін кәсіпкерлік қызмет объектісіне салынады.
Аталған салымдар категориясына келесі сипаттамалар сәйкес келеді: инвестициялар кәсіпорындар мен салалардың дамуы үшін қажет; олар әдетте ірі көлемдегі ресуртарды жұмсау мен олардан тиімділік алуды көздейді; ол тиімділік ықтималды, тәуекелді сипатқа ие; ресурстарды жұмсау мен олардан тиімділік алудың арасында белгілі уақыт өтеді. (уақыттық кешеуілдеу деп аталатын - бірнеше жыл) .
Инвестиция теориясын қарастырғанда инвестициялық процестің объектісі мен субъектісі және мемлекеттің инвестициялық саясат жүргізудегі рөлі мәселелерін айқын анықтап алу қажет.
Қазақстан Республикасында инвестициялық қызметтің объектісіне мыналар жатады:
- жаңадан құрылатын және қайта құрастырылатын негізгі қорлар, сондай-ақ халық шаруашылығының барлық салаларындағы айналым құралдары;
- құнды қағаздар (акциялар, облигациялар және т. б. ) ;
- белгілі бір мақсатқа негізделген ақша салымдары;
- ғылыми-техникалық өнім немесе басқа да зияткерлік меншік объектілері; пайда алуга мүкіндік беретін басқа объектіер [7, 91б. ] .
Инвестицияларды келесідей жіктеуге болады:
- Пайда болу көздері бойынша - банктік, бюджеттік, шетелдік, жеке, қарыздық, шаруашылықтың ішкі қаражаты, тартылған;
- мерзімі бойынша - қысқа мерзімдік, орта мерзімдік және ұзақ мерзімдік;
- инвестициялау нысаны бойынша - ақша құралдары, мақсаттық банктік салымдар, пайлар, акциялар, несиелер, қарыздар, лицензиялар және т. б;
- инвестициялау обектісі бойынша - негізгі және айналым құралдарына, өндірістік емес активтерге, құнды қағаздарға, ғылыми-техникалық өнімдерге, мақсаттық банктік салымдар және т. б [7, 103б. ] .
Сонымен қатар, инвестицияларды қаржылық (портфельді) және нақты инвестицияларға бөліп қарастыруға болады.
Қаржылық инвестициялар дегеніміз - мемлекеттің, инвестициялық қорлардың, басқа да ұйымдардың құнды қағаздардан пайда, яғни дивиденд алу мақсатында акциялар мен құнды қағаздарды сатып алуы және үстеме пайыз алу мақсатында ақшаны банктің депозиттік шоттарына салуы. Олар өнеркәсіптегі қандай-да бір өзгерістердің болуын қарастырмайды.
Қаржылық инвестициялар иелену мерзіміне қарай мынадай категорияларға жіктеледі:
- қысқа мерзімдік иелену- иелену мерзімі бір жылға дейін;
- ұзақ мерзімдік - иелену мерзімі бір жылдан артық.
Ал, нақты инвестициялар - капиталдық құрылысқа, өнеркәсіпті кеңейту мен дамытуға, жаңа және қолданыстағы негізгі және айналым құралдарын қайта құру мен техникалық жабдықтауға ақша құралдарын салу. Осылайша, нақты инвестициялар халық шауашылығына бағытталған капитал салымдарын сипаттайды, яғни ұзақ мерзімдік сипаттағы шығыстар. Мұндай шығыстарға өндірістік объектілердің құрылысы, оларды кеңейту, қайта құрастыру мен жаңғырту, құрал-жабдық сатып алу жатады. Капитал салымдары объектіні қолданысқа берген кезден бастап негізігі құралған айналатын нақты инвестицияның құрамдас бөлігі [7, 110б. ] .
Қолдану сипаты бойынша капитал салымдары өндірістік және өндірістік емес болып бөлінеді.
Өндірістік капитал салымдары өндірістік сипаттағы объектілердің құрылысына (ұн тарту, сиыр қора салу) ; техника, құрал-жабдық және т. б. алуға; көпжылдық егістіктерді егу және оларды жеміс беру кезіне дейін өсіруге; өнім беретін және жұмыс малдарының негізгі отарын құруға жұмсалады. Негізгі мал отарының құруға капитал салымдары өнім беретін және жұмыс малдарын сатудан түскен пайда есебінен жүзеге асырылады.
Өндірістік емес капитал салымдарына мәдени, денсаулық сақтау ғимараттарын, тұрғын үй құрылысын салуға бағытталған шығыстар жатады.
Өндірістік емес сипаттағы капитал салымдары кәсіпорынның әлеуметтік инфрақұрылымының дамуымен байланысты негізгі құралдардың ұдайы өндірісіне бағытталады. Олар ауыл шаруашылық өндірісінің соңғы нәтижесіне жанама әсер етеді [7, 116б. ] .
АӨК салаларындағы капиталдық салымдардың негізгі бағыттарына мыналар жатады:
- өндірістік және өндірістік емес сипаттағы объектілердің құрылысы;
- техника (ауыл шаруашылығы мешинасы, тракторлар), құрал-жабдық және транспорт құралдарын стаып алу;
- көпжылдық егістіктерді егу және оларды жеміс беру кезіне дейін өсіру;
- өнім беретін және жұмыс малдарының негізгі отарын құру;
- жерді қалпына келтіру бойынша іс-шаралар [8, 124б. ] .
Капитал салымдарын қолданудың тиімділігі көп жағдайда олардың құрылымына байланысты болып келеді. Капитал салымдарының технологиялық, ұдайы өндірістік, салалық және тарриториялық құрылымдары болады.
Капитал салымдарының технологиялық құрылымы сметаның жалпы құнның жеке шығындық үлесін көрсетеді (құрылыс-монтаждық жұмытар, машина мен құрал жабдықтар сатып алу, жобалық шығындар және басқа да шығындар) . Капитал салымдарының технологиялық құрылымы негізгі өндірістік қорлардың актвті және пассивті бөліктері арасында байланыс құрады.
Капитал салымдарының ұдайы өндірістік құрылымы қолданудың әр түрлі бағыттары бойынша (жаңа құрылыс, өндірісті қайта құру мен техникалық кайта жарақтау, өндірісті одан әрі кеңейту) олардың үлес салмағын сипаттайды. Өндірісті қайта құру мен техникалық кайта жарақтау жаңа құрылысқа қарағанда анағұрлым пайдалы болып есептеледі, себебі, өндіріске өндірістік күштерді енгізу мерзімі қысқарады және капитал шығыстарының үлесі айтарлықтай мөлшерде азаяды.
Капитал салымдарының салалық құрылымы мағынасында АӨК мен жалпы халық шаруашылығы әртүрлі салалары арасындаға қатынасы түсіндіріледі.
Капиталдық салымдардың аумақтық құрылымы олардың Қазақстан Республикасының жекелеген экономикалық аймақтары, облыстары арасындағы қатынастын көрсетеді [8, 132б. ] .
Капитал салымдарының бірнеше түсінігі қалыптасқан. Жиынтық капитал салымдары - белгілі бір кезеңдегі барлық капитал салымдардың қосындысы. Үлестік капитал салымдары - орындалатын жұмыстың 1 бірлігі есебіндегі капитал салымдарының қосындысы.
Капитал салымдарының қаржыландыру көздері әртүрлі болып келеді.
Шаруашылық субъектінің өз қаржы құралдары - ол пайда, амортизациялық қор, жалгерлік төлемдер, сақтандыру органдарының табиғи және басқа да апат салдарын өтеу түрінде төлейтін қаржысы.
Тартылған қаржы құралдары - акциялар мен басқа да құнды қағаздарды шығару мен сату нәтижесінде келіп түседі.
Қарыздық қаржы құралдары - банктік және бюджеттік кредиттер, ұйымдардың қайтарымдылық және жылдам қайтару жағдайымен ұсынатын облигациялық қарыздары.
Мемлекеттік бюджеттен, сондай-ақ жергілікті бюджеттен және бюджеттен тыс қорлардан қаржыландыру - қайтарымсыз негізде берілетін қаржылар.
Шетел инвестициялары (негізінен өңдеуші салаларға) - шетел капиталының Қазақстан Республикасы территориясындағы кәсіпкерлік қызметке салынуы [9, 143б. ] .
Инвестордың белгілі бір елдің экономикасына өз капиталын салу-салмауы сол еллде қалыптасқан инвестициялық климатқа тікелей байланысты болады.
Инвестициялық климат дегеніміз бұл капиталдық салынымдардың тәуекел деңгейі мен олардың тиімді қолданылу мүмкіндігін анықтайтын саяси, экономикалық, заңдық, әлеуметтік, шаруашылық, климаттық, табиғи, инфрақұрылымдық және т. б. факторлардың жиынтығы [9, 152б. ] .
Бүгінде халықаралық сарапшылардың бағалауы бойынша Қазақстан шетелдік инвестицияларды тарту үшін барынша тартымды әлем елдерінің қатарына кіреді.
Қол жеткізген көрсеткіштерге Қазақстандағы жағымды бизнес-ахуалы, жетілген инвестициялық заңнаманың, инвестицияны тартымды шаралармен қолдаудың, сонымен қатар экономикалық және саяси тұрақтылықтың құрылуы себеп болды.
Инвестордың инвестиция салу шешімін қабылдауға әсер ететін негізгі факторларының бірі болып, қолайлы инвестициялық ахуалдың болуынан басқа, тауар өткізетін базардың ауқымы болып табылады.
Көршілес мемлекеттердің энергетикалық ресурстары мен кең тауар айналыстары Қазақстаннан экспортты бағдарлай білу өндірісін дамыту үшін қолайлы негіз жасайды. Біздің бағаларымыз бойынша, Орталық Азия және Қазақстанмен шекаралас Ресей және Батыс Қытайдың тұтынушылар нарығы жарты миллиардтан астам адамды қамти алады.
Инвестициялық потенциал әлеуметтік-экономикалық дамудың динамикасының материалдық негізін қамтамасыз етеді. Оның сандық және саплаық сипаттамасы инвестициялық ресурстардың реттелген жиынтығын көрсетеді. Оған өз кезегінде техникалық, қаржылық және материалдық активтер жатады [9, 187б. ] .
Инвестициялық потенциалды қолданудың заңдық нәтижесі, ең біріншіден әлеуметтік-экономикалық тиімділігінің жоғарғы дәрежеде қайтуын қамтамасыз ететін инновациалық-технологиялық жүйенің құрылуы болып табылады.
Инвестициялық саясат дегеніміз - халық шаруашылығының әр түрлі салаларында пайда табу мақсатымен ұзақ мерзімді капитал жұмсау саясаты. Күрделі қаржыны тиімді пайдаланудың, оларды шешуші бағыттарға шоғырландырудың, қоғамдық өндірісте тепе- теңдікті қамтамасыз етудің жолдарын көрсететін шаруашылық шешімдерінің жиынтығы. Егер инвестициялық саясат дұрыс шешілсе, әрбір шығындалған теңгеге келетін ұлттық табыстың мөлшері өседі, өнім молаяды. Инвестициялық саясат күрделі қаржыны, қорларды өндіретін, өндейтін және ол өнімдерді пайдаланатын салалар арасында дұрыс пайдалануды қамтамасыз етуі керек. Қазіргі кезде күрделі қаржыны жаңа өндіріс орындарын тұрғызудан гөрі оларды техникалық жағынан қайта жарақтандыруға, қайта құруға бағытталып, одан әрі өндіріске жұмсалған күрделі қаржының ара салмағын өсіре беру көзделіп отыр. Нарықты экономикаға көшу кезінде инвестициялық саясат сұранысты қанағаттандыруға бағытталуға тиіс [10, 128б. ] .
Инвестициялық процесстерді талдау нәтижесі таза инвестициялардың артуы ЖҰӨ-нің мультипликаторлық өсуін қамтамасыз ететінін көрсетіп отыр. Басқаша айтқанда, инвестицияланатын ақша - бұл «жоғарғы қуатты» ақшалар. Осындай әсерге мемлекеттік шығындардың артуы да мысал бола алады.
ЖҰӨ-нің өсуіне инвестициялар мен мемлекеттік шығындардың күшті әсер ету құбылысын экономикалық теорияда мультипликаторлық әсер деп аталады. Бұдан көріп отырғанымыз, шығын көзіне байланыссыз, яғни ол жеке инвестициялар немесе мемлекеттік шығындар болуы мүмкін, кәсіпкердің қосымша тұтынушылық шығындары неғұрлым көп болса, соғұрлым мультипликаторлық әсері күштірек болады және де керісінше егер кәсіпкер неғұрлым жинақтауға бейім болса (инвестициялық ағымнан ақшаны алу) соғұрлым бұл әсер әлсіз болады.
Берілген байланыстар мен әсерлер кез-келген елдің экономикасында инвестицияның маңыздылығын көрсетеді және ол елдің экономикалық дамуын көрсететін негізгі көрсеткіштердің бірі болып табылады. Ал өз кезегінде инвестициялық саясат елдің экономикалық саясатының басым саласы болып табылады [10, 126б. ] .
Республикамыздың ауыл шаруашылық саласы экономикамыздың аса маңызды саласы және экономикалық дағдарысты жою, тамақ және жеңіл өнеркәсіптерін дамыту, саяси-әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ету жолында шешуші рөл атқарады. Сондықтан ауыл шаруашылығындағы инвестициялық саясат барлық меншік түріндегі кәсіпорындардың материалдық-техникалық базасының сапалық жақсаруын, өнімді өңдеу және өткізу бағаларының төмендеуін қамтамасыз ету қажет.
Ауыл шаруашылығына тартылған инвестицияның негізгі қайнар көзі сол шаруашылық субъектінің өз қаржы құралдары, яғни пайда мен аммортизациялық қор болып табылады. Алайда, көпшілік агроқұрылымдар пайда алмайтындығынан және аммортизациялық төлемдерінің көлемінің аз болуына байланысты бұл қаржылар тіпті қарапайым ұдайы өндірісті дамытуға да аздық етеді. Шаруашылық операциялары бойынша ақша есептеулерінің аз болуы амортизацияны кәсіпорынның қаржы ресурстарына айналдырмайды, олар бұл қаржыны ағымдық қажеттілік үшін айналым капиталын қаржыландыруға жұмсалуға міндеттейді [10, 141б. ] .
Ауыл шаруашылығының материалдық-техникалық базасын нығайту және оны қажетті деңгейде ұстап тұру үшін экономиканың осы секторын анғұрлым тиімді мемлекеттік қолдау қажет.
Өндіріске салынатын инвестиция көлемі бойынша ауыл шаруашылығы өңдеуші салалармен салыстырғанда айтарлықтай артта қалуда.
Аграрлық секторды дамыту Қазақстанның экономикалық саясатының бірден бір маңызды басымдығы болып табылады. Қазіргі уақытта қоғамдық-экономикалық қатынастарды қалыптастыруда, аймақтардың тұрақты дамуы жағдайын қамтамасыз етуде экономикалық дамуындағы барлық факторларды, соның ішінде инвестициялық процесті қоса алғанда қолданады.
Қазақстан Республикасының аграрлық секторының нарықтық экономикада дамуы нормативтік-құқықтық, экономикалық, ұйымдық негізде АӨК-не инвестиция тарту үшін жағдай туғызумен тікелей байланысты. Қазіргі заманғы транзиттік экономика кезеңінде және ішкі қаржыландырудың мүмкіндіктерінің шектеулі жағдайында үкіметтің іс-әрекет бағдарламасы негізінде құрылымдық қайта қалыптастыруды қамтамасыз ету үшін ауыл шаруашылығына инвестиция тарту және оны пайдалану мәселелері өте маңызды орын алады.
1. 2 Инвестицияларды пайдаланудың экономикалық тиімділігін анықтау әдістемесі
Инвестицияның экономикалық тиімділігі оның барлық жүзеге асырылуға кеткен мерзіміндегі жиынтық шығын құнынан соңғы нәтижесінің құнының артуымен сипатталады. Салынымнан алынған нәтиженің құндық бағалауы есептік мерзім бойынша жылдардың соммасы арқылы анықталады [11, 54б. ] .
Есептік мерзімде анықталған экономикалық әсер келесі формуламен есптеледі:
(1)
Бұл жерде - есептік мерзімге инвестициялық жобаны жүзеге асыру нәтижесінің құндық бағасы; - есептік мерзімге инвестициялық жобаның іс-шараларын жүзеге асыруға кеткен шығындардың құндық бағысы (теңге) .
Талдау мақсатына байланысты салынымдардың жалпы (абсалютті) және салыстырмалы тиімділігін анықтауға болады.
Капиталдық салынымдардың жалпы экономикалық тиімділігі олардың жүзеге асырудың мақсаттылығы жөнінде мәселені шешу барысында есептелінеді.
Жалпы экономикалық тиімділік көрсеткіштеріне
- салынымдардың тиімділік коэффиценті;
- олардың қайтарымдылық мерзімі;
- құрылыстық лаг;
- игерушілік лаг жатады [11, 65б. ] .
Жалпы экономикалық тиімділік коэффиценті (капиталдық қайтарымдылық) - бұл пайданың өсімінің (таза өнім, таза табыс) осы өсімді тудырушы капиталдық салынымдарға қатынасы.
(2)
Мұндағы: - жалпы экономикалық тиімділік коэффиценті; - пайданың өсімі (таза өнім, таза табыс), тг; К - капиталдық салынымдар, тг.
Капиталдық салынымдардың қайтарымдылық мерзімі (Тж) - алдыңғыға кері көрсеткіш. Ол келесі формуламен есептелінеді:
(3)
Шығындық салалар мен кәсіпорындар үшін капиталдық салынымдардың экономикалық тиімділігі:
(4)
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz