Павлодар қаласының базарларында сатылатын жылқы етінен жасалған ұлттық бұйымдарын санитарлық – микробиологиялық зерттеу туралы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   
Павлодар қаласының базарларында сатылатын жылқы етінен жасалған
ұлттық бұйымдарын санитарлық - микробиологиялық зерттеу

А.Е Сабыржанова, Инновациялық Еуразия Университеті, ВС-501 тобы
Ғылыми жетекшісі - Х.Х Рафикова, тех.ғыл.магистрі, аға оқытушы

Аңдатпа. Осы мақалда Павлодар қаласының базарларында сатылатын жылқы етінен жасалған ұлттық бұйымдардын биологиялық қауіпсіздігінің деңгейі қарастырылған.
Кілт сөздер: микробиологиялық зерттеулер, қауіпсіздік көрсеткіштері, жалпы микробтық сан, сальмонеллез, биологиялық қасиеттер, физико-химиялық зерттеулер.

Ет-адамзат рационындағы ең маңызды компонеттерінің бірі. Құрамы нәрлі заттарға, адам ағзасы қажет ететін барлық витаминдерге толы азық. Оның ішінде қазақ халқының әр шаңырағында, әр дастарханында қойылатын ұлттық тағамның негізгі элементтері - жылқы етінен жасалған ұлттық бұйымдар. Кез келген жаннан сұрасаңыз, бұл бұйымдардың дәмі жайында тамсана айтады.
Бірақ, бұл адамдарға осы тағамның қоректік құндылығымен нәрлі заттарға бай екені ғана мәлім. Шұжық пен қазы айналдыру барысында, құрамына енген бактериялар бар ма? Қарын мен қарта дайындау тәртібі технология ережелеріне сай ма? Осындай сұрақтар әр адамды толғата бермейді.
Кәзіргі заманда адамзатқа азық арқылы қауіпті аурулар қоздырғыштарының ену мүмкіншілігі басты мәселелерінің бірі болып тұр. Мысалға алатын болсақ, жұқпалы анемия. Жануардың ішкі мүшелерін шірітетін ауру. Адамға ет және ет өнімдерін тұтыну кезінде, ағзаға енеді. Барлығымызға белгілі - туберкулез ауруы. Жануарлардың алдымен, тыныс алу мүшелерін, одан әрі ішкі мүшелерін зақымдайтын, емделмейтін күрделі аурулардың бірі.[1]
Азық-түлік шикізаты жəне олардан өңделген өнімдердің сапасы мен қауіпсіздігі мəселесін шешу проблемасы - Қазақстан халқының салауатты тамақтану саласындағы мемлекет саясатының концепциясын іске асыру жөніндегі басым бағыттардың бірі болып табылады.
Ұлттық бұйымдарға халықтың сұранысы жоғары болған сайын, осы өнімдердің қауіпсіздік көрсеткіштерін уақытында зерттеу актуальді проблемаға айналып тұр.
Негізінде жылқы ет өнімдері Павлодар қаласында орналасқан ветеринарлық-санитарлық сараптау зертханаларының бақылауында болып сараптау нәтижелерісіз сатылымға жіберілмейді. Сонымен қатар жылқының етінен жасалған ұлттық бұйымдар көп көлемде қаламызда жұма сайын ұйымдастырылатын ауыл шаруашылық жәрменкелерінде және ет сату бөлімі бар қарапайым дүкендерде сатылады. Осы жағдайға байланысты жылқы ет бұйымдарының сапасын бақылауға ерекше тәртіп қажет болып тұр.
Туындаған проблеманың сұрақтарын шешу мақсатымен біз Павлодар қаласының базарларында және дүкендерінде сатылатын жылқы етінен жасалған ұлттық бұйымдарын санитарлық - микробиологиялық зерттеулерден өткіздік.
Зерттеу материалдары мен əдістері.
Ғылыми - зерттеу жұмыстары Павлодар қаласының Инновациялық Еуразия университетінің Микробиология және биотехнология зертханасында жүргізілді.
Зерттеу материал ретінде №1 кестеде көрсетілген Павлодар қаласының базарларынан және дүкендерінен алынған өнімдер сынамалары болды.

Кесте 1 - Зерттеулерге алынған өнімдер ассортименті

Өнім атауы
Сатылым орны
1
Шұжық
"Затон" базары
2
Шұжық
Ауыл шаруашылық жәрменкесі
3
Қазы
"Затон" базары
4
Қазы
"Раушан" дүкені
5
Қарын
"Затон" базары
6
Қарын
Ауыл шаруашылық жәрменкесі

Зерттеулер барысында органолептикалық, микробиологиялық, физико-химиялық әдістер қолданылды.
Органолептикалық зерттеу кезінде ет және еттен жасалған бұйымдардың балаусалығына, түсіне, дәміне, иісіне, сорпа иісі мен түсіне назар аударылды.
Микробиологиялық зерттеу жұмыстарына келесі қоректік орталарды қолдандық: ет-пептонды агар (ЕПА), Вильсон-Блер ортасы, сарыуызды-тұзды орта, Висмут-Сульфит, Эндо, Кесслер ортасы. Микробиологиялық зерттеу кезінде сынамалардағы жалпы микробтар санын, ішек таяқшалар, сальмонеллалар, стафиллококктар және анаэробтардың бар немесе жоғын анықтадық.
Физико-химиялық зерттеулер өткізу үшін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Павлодар қаласының базарларында сатылатын жылқы етінен жасалған ұлттық бұйымдарын санитарлық – микробиологиялық зерттеу
Жылқы етінің пайдасы
Ветеринариялық санитариялық сараптау
Сауданың сипаты
Орта Азиямен керуен саудасы
Шағын мал сою бекеті Құс өнімін өңдеу кәсіпорындары
ҚАЗАҚ ЖЕРІНДЕ ЖҮРГІЗІЛГЕН ІШКІ САУДА
Кәсіпорындарда құс өнімдерін ветеринариялық санитариялық сараптау
Шұжық дайындау технологиясы
Қоянды жәрменкесінің тарихы
Пәндер