Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттыруда халықтық қолданбалы өнердің мүмкіндіктерін пайдаланудың жолдары


КІРІСПЕ
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Ғасырлар бойы қалыптасқан мұраның бүгінгі күнге жетуіне халық шеберлерінің қосқан үлесі айтарлықтай. Шеберлер қолынан шыққан көз тартарлық өнер туындыларының эстетикалық маңызы, тәрбиелік мәні зор.
Сонымен қатар ол ата-бабаларымыздың тұрмыс тіршілігінің табиғатпен байланысын, салт-дәстүрін көрсетеді. Қолөнер халықтың тұрмыс тіршілігімен тікелей сабақтас болғандықтан, қашан да адамға жақын әрі түсінікті.
Қолөнер туындылары жастарды әдемілікке, сұлулықты көре білуге тәрбиелейді және эстетикалық талғамын ортаға деген көзқарасын қалыптастырады, ұлттық мәдениеттің дамуына ықпал жасайды.
Өзіміздің туған Республикамыздан табылып отырған ежелгі дүние өнерлі ғалымға көп жаңалык әкелді. Қола, темір дәуірлерінде осы аймақты мекендеген біздің ата-бабаларымыздың қолынан шықан өнер шығармалары өзінің бейнелігімен, айтар ойының тереңдігімен ғалымдар мен археологтардың назарын аударып отыр.
Осындай шығарманың бірі - қола дәуірінің шеберлері өмірге келтірген түрлі ою-өрнектер, әр түрлі бұйымдар, ожау, табақ, қасық сияқты олардың сыртқы беті өрнектен безендіріліп қажалып салынған. Сондықтан біз ерте дүние өнерін жай кездейсоқтықтан туған деп қарамай, оған көп көңіл бөліп, оны қастерлеуіміз қажет, тіпті солардан үйренуіміз керек. Өйткені, бұл - өнердің бастау - бұлағы, содан сусындап, содан нәр алып, қарыштадық емес пе?!
Ою-өрнек - адам баласының ақыл-ойларының толып-толқуымен, жүрегінің үлпілінен, өзін айнала қоршаған ортадан туған бейнелер. Гүлдің, жапырақтың, жан-жануардың бейнелері нақгы сол шыны қалпында берілмей, көшірілмей, бейнелер арқылы ою-өрнекке айналып, қолдану аясына ерекше мәнермен, үндестікпен, әуенмен жеткен. Бұл халықтың білімінің, шеберлігінің өсіп, ою-өрнек өнеріне қосқан үлесі, тапқырлығы, даныпшандығы.
Ою-өрнекті зерттеген, қолдарынан сан-қилы өрнектің үлгі- түрлерін жасап көрермендерді паш етіп қуантқан зергер, ұста, шеберлерімізді, ән мен жырға қосқан әнші, ақындарымызды айтпаған күнде оларға талдау жасап тарихқа жазып, сызып кеткен қазақ колөнерінің, оюдың не екенін басқа елдерге жеткізген, көптеген шет елдердің саяхатшыларын, тарихшыларын, этнографтарын, археолог-ғалымдарын айтуға болады. Олардың ішінде В. В. Стасов, Г. Н. Потанин, П. С. Паласс, И. Георги, А. К. Гейнес, С. М. Дудин, В. Н. Чепелевті және т. б. қосып айтуға болады.
Қазақ елінің топырағынан таралып, суын ішіп жоғарғы дәрежелі білім алып, сол білімдерін басқа ел мамандарына таныта білген және қазақ қолөнерін жоғары бағалап, талдау жасап, оның ішіңде ою-өрнекті топтастырып бір жүйеге келтірген этнограф, тарихшы, әдебиетші, өнертанушы ғалымдарымыз да бар. Олар Ш. Уәлиханов, Ә. Марғұлан, Х. Арғынбаев, С. Қасиманов, М. Мұқанов, Ө. Жәнібеков, Т. К. Бөсенов, Е. Масанов, Б. Тұяқбаева, Б. Әлмұхамбетов, Б. Ибраев, К. Ибраева, Т. Жанысбеков, Ж. Шәйкенов, Ұ. М. Әбдіғаппарова және т. б. ғалымдар зерттеген.
Қазақ ғалымы Т. Бәсенов былай дейді: "Қазақ ою-өрнегін зерттеуде әр уақыттың, әр саланың ғалымдары көп еңбек етті. Бірақ бұл зерттеушілер халық ою-өрнегінің жұмбақ тілін жете түсіне, шынайы сырына үңіле алмады. Олар өз ойларын халқымыздың өнер кілтін ашатын тума тілде емес, буржуазиялық жат тілде, өзге халыққа деген астамшылық көзқараспен саралады. Өнерін зерттеп отырған халықтың тілі мен зерттеушінің ойы мен тілінің үндестік таппауы көптеген бұрмалаушылықтарға, тіпті елеулі ағаттықтарға әкеп соқтырды".
Қазақ халқының кемеңгер ғалымы Шоқан Уәлиханов "Тәңірі" атты еңбегінде біздің ата-бабаларымыздың әдеттен тыс табиғат құбылыстарын қасиетті санайтындығын айта келе: "Айдалада дара өскен ағаш . . . тәу етіп, басына түнеуге жарап жатыр. Жанынан өткен әрбір жолаушы оларға ырым етіп, әлем байлап, жанына ыдыс-аяқ тастап кетеді . . . басына құрбандық шалады", - деп жазса, түркі тілдес халықтардың ортақ мұрасы саналатын "Қорқыт Ата кітабында" да тікелей ағашқа бағышталған айшықты сөз бар. Бұл жалғаннан біз ағаштың қазақ тұрмыс-тіршілігіндегі қолданыс орнымен қатар, оның ата-баба таным, түсінігінен алар жүйесін де өте айқын байқай аламыз.
Келе-келе ұлттық қолөнердің дамуында сәулет ғимараттар, мүсін, ағаштардан жасалған қазақтың музыкалық ұлттық аспаптары, күнделікті қажет тұтынатын үй жиһаздары, ыдыс аяқтар өмірге келді. Енді адамдар сәулетті сарайлар, қалалар, ірі қорғаныс құрылыстарын салды, ғажайып ою-өрнектермен безендіре бастады.
Ғылыми жобамызды орындаудағы мақсатымыз, халқымыздың қолынан шыққан қолөнер туындыларының ұлттық ерекшеліктерін, ою-өрнек өнерін жете түсіндіріп, оқушыларды қолөнерге баулу. Халқымыз еңбек пен өнерге егіздеп қараған, қол өнері шеңберлігін жоғары бағалаған. Өнер - өмір бұлағы, ізгілік пен әсемдік бұлағы. Ұлттық қолданбалы өнерді, оның қоғамдағы тәрбиелік мәнін жан - жақты түсіну үшін әсемдік, әдемілік заңдарын жақсы түсінуі шарт.
Сондықтан біз халық өнерін, айнала қоршаған әсемдікті, сұлулықты жете түсініп, сүюіміз қажет, өнердің ғажайып сырларын ашып, оқып үйренуіміз қажет. Өнер - жастарды рухани, эстетикалық тәрбиелеуде қабілетін арттылудың сенімді күшті құрал болып табылады. Ою - өрнек өнері адамға тән ізгі қасиеттерді қастерлей білуге үйретеді. Халық мәдениеті, өнері, дәстүрлі даму тарихы жайлы қанша айтқанмен, әрбір адам немесе халықтар өз қолымен жұмыс істеп, жасаған жұмысының әсемдігін көрсете білсе, халық қолөнерін дамытуға қосар үлесі мол деп шексіз болмау.
Оқушы білімді бар ынтасымен меңгеретін болса ол тек қана білім алмайды, сонымен қатар ол өзінің қарым-қатынасын білдіреді. Білім мөлшеріне қарай көзқарасы, танымы кеңейеді, білім арқылы іс-әрекетке араласу мүмкіндігі артады. Жоғарыда айтылғандай, қазақтың ою-өрнектері арқылы оқушылардың қабілетін арттыруда оқытудың мақсаты:
- оқушының бағдарламада берілген тапсырмаларды жан-жақты меңгеріп оны өз бетімен орындай білуі;
- тапсырманы шығармашылық ізденіспен қазіргі уақыттың жаңа
- талаптарын ескере отырып сапалы дайындау;
- теориялық білімін практикада қолдану;
- технологиялық бірізділікте өңделген үлгілерді қолдана білу;
- жас жеткіншектің бойында эстетикалық талғамды қалыптастыру.
Ғылыми жобамыздың тақырыбына сай оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттыруда халықтық қолданбалы өнердің мүмкіндіктерін пайдаланудың зор екені анықталды.
Ою-өрнек өнерінің қыр-сырын меңгеруге, күнделікті іс-тәжірибеде қолдана білуге дағдылана бастауы байқалады. Жүргізілген ғылыми болжамдарға сүйене отырып, жинақталған теориялық және тәжірибелік мәліметтерді талдай келіп, төмендегідей қорытындыға келдік:
- халық шығармашылығының қайнар көзінің, сәндік қолданбалы өнерінде көп қолданысқа ие болып жүрген ою-өрнек өнерінің қоғамның рухани материалдық өміріндегі маңызын ашу;
- халқымыздың ою-өрнек өнерінен рухани ләззат алып қана қоймай, оқушылардың кәсіппен айналысуға деген қызығушылығын қалыптастыру;
- ою-өрнек жасау өнерімен айналыса отырып жас жеткіншектерді талғампаздыққа тәрбиелеу, әсемдіктің құндылықтарын дарыту;
- сапалы еңбек іс-әрекеттерін жасай білуге үйрету;
- ою-өрнектер арқылы әсемдікті еңбек нәтижесінен көруге үйрете отырып, саналы тәртіп пен мінез- құлыққа тәрбиелеу;
- көкем шығармашылық қабілетін дамыту;
- еңбек мәдениетіне тәрбиелеу.
Сонымен қатар, жоғарыда айтылғандай қазақтың ою-өрнектері арқылы оқушылардың қабілетін арттыру мүмкіндіктері мұғалімнің, оқушылар мен ата-аналардың арасында жүйелі түрде байланыс орнағанда, мәдениет орталықтары мен отбасы арасында тығыз байланыс болғанда ғана жоғары болады. Мектептегі технология сабақтарында ою-өрнек жасауда оқушылардың дүние танымы мен ойлау деңгейін, көркемдік шығармашылық қабілетін, еңбек ете білудегі белсенділігін дамытады, ізгі қасиеттер қалыптастырады.
Халқымыз ою-өрнек арқылы өз тыныс-тіршілігін, мəдениетін, өнерін, мəдени құндылықтарын көрсете білді. Жазу-сызу шыға қоймаған ерте заманда адам өз ойын тасқа, сүйекке, ағашқа ойып түсірген. Бұйым-мүліктерде, аң-құстың, малдың суреттерін өрнектеп салып, қарым-қатынас құралы ретінде белгілі бір ұғым-түсініктерді аңғарып отырғаны деректерден белгілі.
Белгілі бір қажеттіліктерден туындаған ою-өрнек келе-келе сəндік, салтанат белгілеріне айналып, əр түрлі жағдайда дамып, түрленіп отырғаны археологиялық зерттеулер, этнографиялық мол деректер мен көне жазбалардағы мəліметтер арқылы белгілі. Оюлар мен өрнектер - ежелгі көшпелі тайпалардан келе жатқан дəстүр сабақтастығының көрінісі. Cондай-ақ ою-өрнек тарихын Ə. Х. Марғұлан, Ө. Жəнібеков, К. Ақышев, Қ. Байпақов, М. Ш. Өмірбекова, С. Қасиманов, Х. Арғынбаев, Ə. Тəжімұратов сынды белгілі ғалымдар зерттеп, ғылыми еңбектер арнады. Қазақ ою-өрнегін ғылыми тұрғыда түбегейлі зерттеген ғалым-академик Ə. Марғұлан. Ғұлама ғалым ою-өрнек тарихын егжей- тегжейлі зерттей келе, олардың даму тарихына тоқталады. Ал этнограф Х. Арғынбаев Республикамыздың əр өңірлерінде ғылыми экспедиция ұйымдастырып, қазақ халқының қолөнеріне байланысты көптеген деректер жинастырды. Елімізге белгілі этнограф С. Қасиманов жаңа қазақ ою- өрнектері үш түрлі ұғымды білдіреді дейді: біріншіден, мал шаруашылығын, аңшылықты; екіншіден, жер, су, көшіп-қону көріністерін; үшіншіден, күнделікті өмірде кездесетін əр түрлі заттардың сыртқы бейнесін береді дейді [1] . Ою-өрнек өнері көне замандарда қалыптасып, дамып бүгінге дейін өз қасиетін жоғалтпай келе жатқан мəдениет үлгісі ретінде аталады. Өрнек үлгілерінің үй тұрмысында, өнеркəсіпте, архитектурада əлем өмірінің дамуында қолданылмайтын жері жоқ.
Зерттеу мақсаты:
- ұлттық ою-өрнектерді пайдалану мен үйрету шарттарын анықтау;
- халықтық қолданбалы өнер арқылы ұлттық мәдениетке баулу, ою-өрнектерді пайдалана отырып ұлттық тәрбие беру;
Зерттеу объектісі. Колледж, жоғары оқу орны және арнай кәсіптендірілген оқы орныдары.
Зерттеу пәні:
- Оқушылардың шығармашылығын ою-өрнекті үйрету мен шарттары арқылы дамыту;
Зерттеу міндеттері:
- зерттеу проблемалары бойынша педагогикалық-психологиялық әдебиеттерді зерделеу;
- халықтық қолданбалы өнер арқылы ұлттық тәрбие беруде қалыптастырылуы тиіс еңбектік іскерлік пен қабілет әрекеттерінің көрінісін айқындау;
- зерттеу тақырыбына сәйкес әдебиеттерді пайдалана отырып, ұлттық ою-өрнектерді пайдалану мен үйрету шарттарын сипаттау.
Жобаның құрылымы мен көлемі кіріспеден, негізгі бөлімнен, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 КЕРАМИКАЛЫҚ МАТЕРИАЛДАР МЕН БҰЙЫМДАРДА БЕДЕРЛЕНГЕН ОЮ-ӨРНЕКТЕРДІҢ ТҮРЛЕРІ
1. 1Қазақ ою-өрнегінің даму тарихы және қазақ мәдениетіндегі алатын орны
Қазақ ою-өрнегінің өзіне тән даму жолы мен тарихы бар. Тарихи-ғылыми деректерге жүгінсек, қазақ халқының алғашқы ою-өрнектерінің тарихы сонау көне замандардан, сақ, андронов мәдениетінен басталады. Мысал ретінде, қазба жұмыстарынан табылған құмыра мен ыдыстардағы өрнектер, тау-тасқа бейнеленген суреттер, сәулет өнерінде қолданған өрнектерді айтуға болады.
Дәлірек айтқанда, 1960 жылы Талдықорғанда табылған қазанда «ұлу» өрнегі бейнеленген. Алматы облысында табылған құмырада «лотос қауызы» тәріздес өрнектер болған. Бұл өрнектер неолит және қола дәуірінен бастау алған деген болжам бар. Қазақ қолөнерінің ертеректе пайда болғанын Досбай тауларында бейнеленген суреттер мен Ұлытаудан табылған керамикалық ыдыстар да дәлел бола алады. Көне дәуірде өмір сүрген адамдардың кәсіптерінің бірі-саятшылық болғаны белгілі. Оның көріністері ретінде Қаратау жақпаларына салынған суреттерді айтуға болады. Ал орта ғасырларда өрнектер сәулет өнерінде пайдалана бастады. Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Иасауи кесенесінде, Батыс Қазақстандағы құлпытастарында, Тараз қаласының маңында тұрғызылған Айша-Бибі ескерткіштерінде, сонымен қатар қазақтардың баспанасы саналған киіз үйлерінде көп бейнеленген.
Қазба жұмыстары кезінде сақ қорғандарынан алтыннан, ағаштан, қоладан, теріден, зергерлік бұйымдарынан, яғни жалры қолөнер туындыларынан жасалған барлық ескерткіштеріне ою-өрнек бейнеленген. Ол ою-өрнектер жан-жануарлар мен аңдардың, құстардың бейнелері болған. Сақтар зергерлік бұйымдарына (білезік, сақина, жүзік, алтыннан жасалған моншақтар) негізінен ғарыштық және геометриялық ою-өрнектердің қарапайым элементтерін бедерлеген. Олардың алғашқы оюларының бөлшектері ғарыш әлемінен туындаған деседі. Кейін келе, сақтарда сынық, жолақ, жіңішке, жуан сызықтар мен үшбұрыштар пайда бола бастады. Бұл сақтардың тұрмыс-тіршілігін айқындай бастады. Осындай ізденістің арқасында олардың сана сезімінде табиғатқа байланысты бейнелер (күн өрнегі, жапырақ өрнегі, жұлдыз өрнегі, крест бейнелері) туындап, оларда түстерді бояп, композиция жасап қолдана бастады.
Ғұн мәдениетінде сыртқы пішіні пирамидаға ұқсап жасалынған «үшбұрыш» өрнегі әйелдерінің алқасында бейленді. Ғұндар өнерінде киізге, былғарыға, тастарға түрлі бейнелер салды. Бұл ата-бабаларымыздың тұмыс-тіршілігінен көптеген мағлұматтар алуға болады. Зергерлеі бұйымдарда жануарлар мен аңдардың бейнелері кездеседі.
Сақ тайпасының жалғасы болып табылатын үйсіндер мен қаңлылардың мәдениеті сақ мәдениетін одан ары қарай дамытты. Оларда темірден жасалған өрнектер көптеп кезедседі. Үйсіндер мен қаңлыларда бейнеленген ою-өрнектері басым бөлігі геометриялық элементтерден жасалынып отырды.
Түрік қағанаты өмір сүрген жәдігерлерге сүйенсек, қолөнер шеберлері үстем тап өкілдеріне арнап үй-жиһаздарын, ер-тұрман, киім-кешек, ыдыс-аяқ, зергерлік бұйымдарына геометриялық және өсімдік тектес ою-өрнектерді салып отырды.
Қарлұқтар мен қараханидтер кезеңінде қазақ ою-өрнегінің стилі геометриялық және өсімдік тәріздес өрнек болды. Бұл кезеңде ою-өрнектерді әрлеу мен түрлі кескін берудің жаңа кезеңі пайда болды. Ою-өрнек салынған бұйымдарға қосымша фон беріп, көркемдік деңгейі өсіп отырды.
Қазақ ою-өрнек өнерін жан жақты зерттеуде ғалымдар мен өнертанушылар, тарихшылар мен этнографтар ат салысты. Ою-өрнек тарихын қазақ ғалымдарының саралай бастағанына небәрі 50 жылдан енді асыпты. Ғалымдардын пайымдауынша, пайда болуының бірнеше себептері бар. Адамзат ғасырлар бойы әсемдікке, сұлулыққа ұмтылған, сондықтан да ою-өрнектерді тұрмыстық заттарды безендіру үшін пайдаланған. Ою-өрнек өнерінде белгілі бір халыққа ғана тән негізгі көркемдік ерекшеліктері сақталады. Сондықтан ол халықтың бейнелеу, сұлулықты қабылдау мәдениетіліктің жоғарлылығымен, ұлттық қолтаңбамен тікелей сабақтасып жатады. Ғалымдар халықтың өнеріне баға беру кезінде жоғарыда аталған өлшемдерді басшылыққа алады. Қай халықтың мәдиениетіне байыппен көз салсақта, сол халықтың өздеріне тән әсемдік талғамы мен танымына, эстетикалық ұстанымына сәйкес дамып отырғанына көз жеткіземіз. Осы тұрғыдан алғанда, қазақ халқының тұрмыс-тіршілігінде ою-өрнек қатыспайтын саласы жоқ деуге де болады. Сондықтан да қолөнер саласының бәрінде де бұйымдарды көріктендіру үшін, әшекейлеу үшін ою-өрнекті молынан пайдаланған.
Халықтың тарихы, мәдениеті, дүние танымы құрылымы, тыныс-тіршідігі біртұтас дүние. Демек оның қолөнерінде зерттегенде осы тұтастықты аңғару керек. Ою-өрнекті көзбен көріп қана әсерленбей, оның атауларының мазмұнын, шығу тарихын білудің, тұспалды ойын түсінудің маңызы өте зор. Өйткені, ою - өткен заманның хабаршысы, шежіресі болып табылады.
Қазақ халқымыздың көне дәуірлерден өшпес мұрасы болып ұрпақтан ұрпаққа, әкеден балаға сабақтасып, тізгінің ұшында өзіндік тарихынан әдет - ғұрыппен сәндік көркемдік жолмен көшпенді елімізді бүкіл әлемге өзіндік ерекшілігімен таныта білген - қолөнер.
Қолөнердің халықтың әлуметтік, салт-тұрмысында алатын орынының қаншалықтты биік, жоғары екеніне сене алсаң - оның ішінде қол өнерді нақышына келтіріп әдемілік, әсемдік дүниенің ауқымын кеңейткен ол - ою-өрнек.
Ою-өрнек сөздері бір мағынаны білдіреді. Бедері түсірілген үлгіні ойып кесіп, қиып немесе екі затты ою кесіп, қиюластыру ою деп аталады. Ал киім-кешекке, түскиізге, т. б. қолөнер бұйымдарына кестелеп бейнеленетін бедер, сол сияқты тоқылатын алашаға, басқұрға және қоржынға түсірілген түрлі геометриялық бедерлерді өрнек дейді. Өрнекті тасқа, ағашқа күйдіріп қашап бояп түсіруге болады. Сонымен ою және өрнек деген сөзі бірігіп келіп, латынша «Орнамент» деген ұғымды білдіреді. Бұл сөз көп халықтың тіліне сіңген термин, мағынасы - сәндеу, әсемдеу.
Қазақ ою-өрнегі - ғасырлар бойы дамып келе жатқан өнер туындысы. Халқымыздың қай қол өнері саласын алсақ та, ою-өрнектердің өзіндік ерекшелігін сақтай отырып, белгілі бір тәртіппен орналасқанын көреміз. Оюлардың ежелден келе жатқан нұсқаларындағы элементтер құстың, гүлдің, жануарлардың түрін тұспалдап тұратыны белгілі.
Көне түркілердің түсінігі бойынша, құс - көктің, балық - судың, ағаш - жердің белгісі. Сол қазақ ою-өрнегінің мақұлық аты, нәубет аты, ғарыштағы, тіке сызықты, нышандық, танымдық т. б. сарындарының мазмұнын байыта түсті. Халқымыздың ғасырлар бойы мұра болып келе жатқан алпысқа жуық оюлардың мазмұны мен нұсқасын, атауларын жинақтап келеді
Бұйымдарда жан-жануарлардың мүйізі, дене мүшесі, тұяғы, құстың тұмсығы, түлкінің басы, бөрінің құлағы немесе иттің құйрығы т. б. және өсімдіктердің түрлері кеңінен бейнеленген. Ою-өрнек өнері - қазақ халқының ауыз әдебиеті секілді мәдени шежіре. Мақсат, болашақ ұрпақтарымызға ұмыт болып бара жатқан осы өнерді таныстырып қана қоймай, оны қолөнер, сурет, сәулет өнері және өндіріс салаларына өндіре отырып осы өнерді қайта жаңғырту, оған жаңа мазмұн беру .
Қазақ халқының ою-өрнек өнерін жан-жақты зерттеуге ғалымдар мен өнертанушылар, тарихшылар мен этнографтар ат салысты. Ал еуропа, орыс өнертанушы ғалымдары бұл туындыларды XVIII ғасырға дейін зерттеп, көп ғылыми еңбек қалдырды. Төл өнерімізді Зерттеуге В. Вансалов, А. Хедона, саяхатшы Джен-Кинсон, Р. Карутц, С. Дудин, В. Радлов, В. Бартольд, Е. Шнейдер, М. В. Рындин т. б. сол сияқты көптеген орыс және Еуропа ғалымдары мен жиһанкездері елеулі үлес қосты. Олар қазақтың ою-өрнектерін ғылыми тұрғыдан талдап, шығу тегіне сипаттама беруге тырысқанымен, олардың жасаған тұжырымның бәрі де қазақ ою-өрнектерінің ішкі ұлттық табиғатын, мазмұнын аша алмаған еді. Бұл орайда қазақ ою-өрнегін алғашқы рет зерттеген қазақ ғалымы Т. Бәсенов былай дейді: "Қазақ ою-өрнегін зерттеуде әр уақыттың, әр саланың ғалымдары көп еңбек етті. Бірақ бұл зерттеушілер халық ою-өрнегінің жұмбақ тілін жете түсіне, шынайы сырына үңіле алмады. Олар өз ойларын халқымыздың өнер кілтін ашатын тума тілде емес, буржуазиялық жат тілде, өзге халыққа деген астамшылық көзқараспен саралады. Өнерін зерттеп отырған халықтың тілі мен зерттеушінің ойы мен тілінің үндестік таппауы көптеген бұрмалаушылықтарға, тіпті елеулі ағаттықтарға әкеп соқтырды". Көптеген зерттеушілер кеңестік кезеңге дейін. Қазақстанның халықтық өнерін, атап айтқанда, ою-өрнектерін зерттеуге экзотика немесе құрып бара жатқан мәдени мұра ретінде қарады. Мұның астарында жалпы алғанда, дамудың сарқылмас қайнарларын түсінбеу жатқан еді.
Қазақ елінің топырағынан таралып, суын ішіп жоғарғы дәрежелі білім алып, сол білімдерін басқа ел мамандарына таныта білген және қазақ қолөнерін жоғары бағалап, талдау жасап, оның ішіңде ою-өрнекті топтастырып бір жүйеге келтірген этнограф, тарихшы, әдебиетші, өнертанушы ғалымдарымыз да бар. Олар Ш. Уәлиханов, Ә. Марғұлан, Х. Арғынбаев, С. Қасиманов, М. Мұқанов, Ө. Жәнібеков, Т. К. Бөсенов, Е. Масанов, Б. Тұяқбаева, Б. Әлмұхамбетов, Б. Ибраев, К. Ибраева, Т. Жанысбеков, Ж. Шәйкенов, Ұ. М. Әбдіғаппарова және т. б. ғалымдар зерттеген.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz