Мазмұндама жұмысы арқылы оқушылардың оқу жетістіктерін бағалауда критериалдық жүйені қолдану



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
№21 ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН ОРТА МЕКТЕБІ КММ

Мазмұндама жұмысы арқылы оқушылардың
оқу жетістіктерін бағалауда критериалдық
жүйені қолдану

Қалалық семинар

Дайындаған: №21 ЖББОМ-нің
қазақ тілі мен әдебиеті
пәнінің мұғалімі
Жунусов Қ. М.

Теміртау 2014 жыл

Жалпы Ереже

Назарбаев Зияткерлік мектептері ДББҰ оқушыларының оқу жетістіктерін критериалды бағалаудың жүйесін енгізу Тұжырымдамасы (бұдан кейін - Тұжырымдама) мақсаттары мен міндеттерін, жүзеге асыру кезеңдерін, күтілетін нәтижесін, қиындықтарын, тәжірибелік маңыздылығын анықтайтын құжат болып табылады.
ДББҰ қызметінің бірден бір стратегиялық бағыты үздік халықаралық практика мен Қазақстандық тәжірибені кіріктіріп, білім берудің жаңа мазмұнын жасау болып табылады.
Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалаудағы әділ және шынайы жүйесі, білім беру мазмұнының ажырамас бөлігі болып саналады.
Осы уақытқа дейін білім мен білікті тексерудің түрлі әдістері қолданылып келді. Алайда тарихи даму процесінде бағалаудың түрлері мен тәсілдері, бақылау-өлшем іс-шаралары, оның мазмұны, оқушыларға әсері, ынталандыру элементтері және басқа факторлар өзгеріп отырды.
Көп жылдар бойы бағалау оқушының жетістіктерін басқа оқушының нәтижесімен салыстыру арқылы жүзеге асырылып отырды, ал бұл бағалаудың бірқатар кемшіліктері бар:
− педагогтарға, ата-аналарға және оқушыларға түсінікті болатын білім беру жетістіктерін бағалайтын нақты өлшеулердің жоқтығы;
− педагог әр оқушының жетістігін алдын-ала айқындалған өлшеулер негізінде емес, жалпы сыныптың орташа білім деңгейіне қарап бағалайды;
− оқушыларға қойылған баға оқу бағдарламасының жекелеген бөлімдері бойынша алынатын нақты білімді, білікті, дағдыны көрсете алмағандықтан, әр оқушының жеке білім алу траекториясын анықтауға мүмкіндіктің болмауы;
− қорытынды баға қоюда ағымдағы бағалар есепке алынады, бірақ ол оқытудың қорытынды нәтижесін әділ бағалау болып табылмайды;
− оқыту процесінде мұғалім мен оқушы арасында тығыз байланыс болмағандықтан, оқушының білім алуға деген белсенділігі төмендейді.
Аталған мәселені шешу үшін Зияткерлік мектептерде оқытудың мақсатына, міндетіне және күтілетін нәтижесіне сәйкес оқушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың жаңа жүйесін жасау және енгізу қажеттілігі туындады.

Негізгі түсініктерінің қолдануы
Критериалды бағалау - оқушылардың оқу-танымдық құзыретін қалыптастыруға жағдай жасайтын, білім беру мақсаты мен мазмұнына сәйкес білім беру процесіне қатысушылардың (оқушылар, мектеп әкімшілігі, ата-аналар, заңды тұлғалар және т.б.) барлығына алдын ала таныс, ұжым талқысынан өткен, нақты анықталған өлшемдер арқылы оқушылардың оқу жетістіктерін салыстыруға негізделген процесс.
Критерий - ұсынылған талаптарға сәйкес бір нәрсені бағалау бойынша шешім қабылдау ережесі, негіздемесі және белгісі. Әр критерийдің дискрипторы болады, онда оқу тапсырмасының орындалу нәтижесінің дұрыстығы туралы нақты түсінік беріледі. Дискрипторға сәйкес бағалау оқушының қойған мақсатына жетуін анықтайды.
Қалыптастырушы (ағымдағы) бағалау - сабақта күнделікті жүзеге асатын, білім мен дағдыны меңгеру деңгейін анықтайтын бағалау. Қалыптастырушы бағалау білім беру процесінде оқушы мен мұғалімнің арасындағы өзара тығыз байланысты жүзеге асырады. Сонымен қатар, оқушыларға жаңа материалды меңгеруде тапсырмаларды қаншалықты дұрыс орындағандығын білуге және оқытудағы мақсаттар мен міндеттерді орындауға мүмкіндік туғызады.
Ішкі жиынтық бағалау - оқу ақпараты блогын оқып болғаннан кейін білім және оқу дағдысының қалыптасу деңгейін анықтау. Ішкі қорытынды бағалауды педагогтар немесе мектеп әкімшілігі жүзеге асырады.
Сыртқы жиынтық бағалау - бастауыш мектепте (5-сынып), негізгі мектепте (10-сынып), жоғарғы мектепте (11-12 сынып) оқу дағдысы мен білімін қалыптастыру деңгейін анықтайды. Қорытынды жұмыстарға қойылған баға, оқытудың есеп беру кезеңінің қорытынды бағасын анықтауға негіз болып табылады.
Оқушылардың жетістіктері туралы есеп - оқушы бойында қандай біліктің қалыптасқандығын, сондай-ақ алған білім-біліктілігін іс жүзінде қалай қолданатындығын көрсететін, белгілі бір кезеңдегі ақпарат.
Портфолио - оқушының білім алудағы белгілі бір кезеңде, бір немесе бірнеше пән бойынша жетістігін, ілгерілеушілігін, оқытудағы нәтижесін көрсететін жеке жетістіктер бағасын тіркеу әдісі. Портфолио критериалды жүйені енгізуде оқушы нәтижелерін шынайы және әділ бағалау мақсатында енгізіледі.
Модерация - шынайылық пен әділдік үшін бағалауды стандарттау мақсатында бір пәннен беретін мұғалімдердің бір сынып оқушыларының қорытынды жұмысын талқылау процесі. Модерация білім беру процесінің нәтижесі мен сапасын айтарлықтай арттыруға мүмкіндік береді.

Бағалаудағы халықаралық тәжірибе
ДББҰ оқушылардың оқудағы жетістіктерін бағалаудың жаңа жүйесін әзірлеуде бағалаудың түрлі жүйелерін қолданудың халықаралық тәжірибесімен бірге Қазақстан Республикасының аумағындағы жеке білім беру ұйымдарының: QSI, Хейлибери, Мирас халықаралық мектептерінің тәжірибесі де зерделенді.
Ресейдегі Халықаралық Бакалавриат мектебіндегі бағалау бойынша жұмыс тәжірибесі де зерделенді.
ДББҰ мамандары Халықаралық Бакалавриат мектептері қауымдастығының Самара қаласында өткен Халықаралық Бакалавриат: 21-ғасырдың білім беру сапасы конференциясына қатысты, онда Халықаралық Бакалавриат мектептеріндегі бастауыш (PrimaryYearsProgramme), негізгі (MiddleYearsProgramme), жоғары (DiplomaProgramme) бағдарламаларындағы оқушылардың жетістіктерін критериалды бағалау кезінде білім беру процесін ұйымдастыру ерекшеліктері зерделенді.
Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдары мен шетелдік білім беру жүйелеріндегі бағалау түрлері, оқытудың жоспарланған жетістіктерін критериалды бағалау ерекшеліктері және артықшылықтары туралы мәселелер University of Cambridge International Examinations (CIE) халықаралық сарапшыларымен кездесуде қарастырылды. Сонымен қатар Халықаралық бакалавриат бағдарламаларының өкілдерімен кеңестік кездесулер өткізілді, кездесу барысында A-level, Pre-U, IB халықаралық бағдарламаларында қолданылатын бағалау жүйесі, бағалаудың критериалды тәсілінің ерекшеліктері қарастырылды.
University of Cambridge International Examinations (CIE) сарапшыларымен жұмыс істеу біздің мамандарымыздың қалыптастырушы бағалау туралы және оны оқушылардың жеке дамуын қамтамасыз ету үшін пайдалануы, апробацияның 1-ші жылында критериалды бағалау жүйесінің жиынтық бағалауын дайындауы туралы түсінігін кеңейтеді.


Ағымдағы жағдайды талдау
Мұғалімдер үшін:
Критериалды бағалау технологиясы бойынша оқу семинарлары ұйымдастырылды.
Критериалды бағалауды енгізуде бірыңғай тәсілдерді талқылау және әзірлеу үшін дөңгелек үстел отырыстары ұйымдастырылды.
Критериалды бағалау жүйесі (пәнді оқыту мақсаты және міндеттері, бағалаудың ортақ критерийлері, бағалаудың критериалды шкаласы, балдарды бағаға ауыстыру шкаласы) бойынша әдістемелік ұсыныстарды, қалыптастырушы және жиынтық бағалау тапсырмаларын әзірлеу мақсатында пәндер бойынша педагогтардың топтары құрылды.
Оқушылар үшін:
Сабақта критериалды бағалауды қолданып мұғалімнің және өзін-өзі оқудағы жетістіктерін бағалау үшін жұмыс ұйымдастырылды.
Ата-аналар үшін:
Критериалды бағалау жүйесін және оқушылардың оқудағы жетістіктерін бағалаудың ерекшеліктерін түсіндіру мақсатында ата-аналар жиналысы, кеңестері өткізілді.

Мақсаты мен міндеттері
Мақсаты:
Оқушылардың оқу жетістігін объективті бағалау және әр оқушының жеке траекториясын анықтауда Назарбаев Зияткерлік мектептерінің оқу процесінде критериалды бағалау жүйесін енгізу.
Негізгі міндеттер:
oo оқу процесінің әр кезеңінде әр оқушының дайындық деңгейін анықтау;
oo оқушының жеке даму траекториясын түзету, алға ілгерілеушілігін бақылау және анықтау;
oo оқытудағы күтілетін нәтижеге қол жеткізу үшін оқушылардың білік дағдыларын дамытуға ынталандыру;
oo түрлі жұмыстарды орындағаны үшін бағалардың дифференцациялануының маңыздылығы;
oo оқу процесін ұйымдастырудағы ерекшеліктер мен оқу материалының сапалы меңгерілуін анықтау үшін мұғалімнің, оқушы және ата-ананың арасындағы кері байланысты қамтамасыз ету.

Күтілетін нәтижелер
Критериалды бағалау жүйесі:
оқушылардың оқудағы жетістіктерін объективті бағалау;
әр оқушының қабілетін ескере отырып даму траекториясын анықтау;
оқытудағы күтілетін нәтижеге қол жеткізу үшін оқушылардың білік дағдыларын дамытуға ынталандыру;
оқыту сапасын жақсарту;
оқу үдерісін ұйымдастырудағы ерекшеліктер мен оқу материалын сапалы меңгеруін анықтау үшін мұғалімнің, оқушы мен ата-ананың арасындағы кері байланысты қамтамасыз ету жүйесін әзірлеу.

Мүмкін болатын қауіп-қатерлер
1. Мұғалімдердің критериалды бағалау мен нәтижені талдау үшін қажетті материалдарды дайындауда формалды түрде қарауы;
2. Критериалды бағалауды енгізуде оқушылардың бейімделу кезеңінің жүруі.
3. Критериалды бағалау жүйесіне байланысты ата-аналар тарапынан түсінбеушіліктердің туындауы.
4. Критериалды бағалау туралы кейбір мұғалімдердің теориялық білімінің жеткіліксіздігі, бұл жүйені енгізудегі тәжірибелік дағдылардың болмауы.
5. Критериалды бағалауды енгізуде әкімшілік тарапынан тиісті қолдау мен бақылаудың болмауы.

Тәжірибелік маңыздылығы
Критериалды бағалаудың тәжірибелік маңызы төмендегі артықшылықтармен белгіленеді:
- жеке тұлға емес, оқушының жұмысы бағаланады;
- оқушы жұмысы алдын- ала белгілі критерийлер бойынша бағаланады;
- бағалау критерийлері нақты оқыту мақсаттарын айқындайды, сондықтан оқушыларға баға оқып- зерделенген материал бойынша ғана қойылады.
- өзінің оқу жетістіктерінің деңгейін анықтау үшін және ата- аналарына осы ақпараттарды жеткізу үшін оқушыға нақты бағалау алгоритімі белгілі.
- оқушының оқуға деген және өзін-өзі бағалауға ынтасы артады.

Критериалды бағалау:
Мұғалімдерге:
1. Сапалы нәтиже алуға бағытталған критерийлер әзірлеуге;
2. Өзінің іс-әрекетін жоспарлауға және талдауға жедел түрде ақпарат алуға;
3. Білім беру сапасын арттыруға;
4. Оқытудың сапасын жақсартуға;
5. Әр оқушының жеке ерекшеліктері мен қабілеттерін ескере отырып, жеке оқыту
траекториясын құруға;
6. Бағалаудың түрлі тәсілдері мен құралдарын қолдануға;
7. Оқу бағдарламасын жетілдіруге ұсыныстар енгізуге мүмкіндік береді

Оқушыларға:
1. Өзінің түсінігі мен қабілетін көрсету үшін оқытудың түрлі стильдерін және ойлау
әректінің типтерін қолдануға;
2. Өз нәтижелерін болжау арқылы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
КРИТЕРИАЛДЫ БАҒАЛАУ – ОҚУШЫНЫҢ ОҚУ-ТАНЫМДЫҚ ҚҰЗЫРЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУШЫ ҮРДІС
Оқу нәтижелерін бағалау түрлері және формалары
Критериалды бағалау жүйесінің ерекшеліктері
Бағалау әрекетіндегі мұғалімдердің құзіреттілігін арттыру
Бaлaның eрeкшe бiлiм aлу қaжeттiлiгiн aнықтaу бoйыншa, пeдaгoг-психoлoг, лoгoпeд- мұғaлiм, дeфeктoлoг әлeумeттiк пeдaгoгтың aтқaрaтын қызмeтi
Бaлaның eрeкшe бiлiм aлу қaжeттiлiгiн aнықтaу бoйыншa, пeдaгoг-психoлoг, лoгoпeд- мұғaлiм, дeфeктoлoг әлeумeттiк пeдaгoгтың aтқaрaтын қызмeтi туралы
Критериалды бағалаудың құрылымы
Критерийлік бағалау жүйесі
Қалыптастырушы бағалау техникасы
Инклюзивті білім беру жағдайында ерекше білім беруде қажеттіліктері бар оқушылардың оқу жетістіктерін критериалдық бағалаудың психологиялық - педагогикалық негіздері
Пәндер