Мемлекеттің дамуы. Тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің қалыптасуы және дамуы
Кіріспе
Мемлекет -- белгілі бір аумаққа иелік етіп, сол жердегі халықтың еркін дамуына мүмкіндік беретін, қоғам табиғатынан туындайтын ортақ істерді атқаруға қажетті басқарудың жоғарғы дәрежеде ұйымдасқан жүйесі, саяси билік ұйымы.
Мыңдаған жылдар бойы адамдар мемлекеттік-құқықтық жағдайда өмір сүруде. Барлық азаматтар белгілі бір мемлекетке жатады, мемлекеттік билікке көтеріледі, өздерінің іс-әрекеттерімен құқықтық жазбаларға және талаптарға әсер етеді.
Ежелгі дәуірде-ақ адамдар мемлекет пен құқықтың пайда болу себептері мен жолдары туралы ойлана бастаған. Әртүрлі жақтармен сипатталған көптеген теориялар жасалған.
Алғашқы қауымдық құрылысқа тән этникалық ортақтық формасы - тайпа болды. Мұның мүшелері ру мүшелері сияқты қандас-туыстық байланыстармен бірікті. Бұл кезеңде өте күрделі құрылым: екі дуальдық-экзогамдық ру жаңа әлеуметтік қауымдық-тайпаның өркенін құрады. Ру - алғашқы тұрмыстық қауымдық демократия принциптері негізінде басқарылды.
Тайпаның әрбір ересек мүшесі рулық кеңесте, сондай-ақ тайпалық кеңесте де өз пікірін еркін айтуға мүмкіндігі болды. Ақсақалдар мен әскери көсемдер өз қызметіне сайлану құқығы бойынша келді.
Осы демократиялық ру-тайпалық өзін-өзі басқару әйелдерге де тиісті болды. Алғашқы қауымдық құрылыста әлеуметтік билік өмір сүрді. Бұл дәуірді потестарлық билік (латын сөзінде potestus-билік,күш) дәуірі деп те атаймыз. Адамдар өз міндеттерін ешкімнің мәжбүрлеуінсіз өздері орындап отырды. Рулық қоғамда негізгі билік ру көсемінің, ақсақалдар кеңесінің және рудың ересек мүшелерінің жалпы жиналысында болды. Мұнда ру өміріндегі маңызды мәселелер шешілді. Сайланған көсемдер рудың беделді мұшелері болды. Біртіндеп, жасы үлкен беделді ақсақалдардың орнына күш-қуаты мол әскери көсемдер келді. Ру ақсақалдары және әскери көсемдер ешқандай жеңілдіктерге ие болмады.
Әскери демократия тұсында халық жиналысы,ақсақалдар кеңесі,тайпалық көсем сақталды. Рулық қоғамның ыдырау формалары қандай да болсын дәуірдің негізгі мазмұны жеке меншіктің, таптың және мемлекеттің тууы болып қала берді.Көптеген тайпаларда құпия одақдар пайда болды. Ол байлығы мол адамдардың одақтары еді. Олар біртіндеп ру-тайпалық билік тұтқаларын өз қолдарына алды. Құпия одақтар ру-тайпалық органдарды билеп қана қоймай, қоғамдық тәртіпті сақтау, сот істерін жүргізу, соғыс пен бейбітшілік мәселелерін шешу істерін де өздері иемденіп, қуатты руаралық және тайпааралық ұйымдарға айналды. Әскери демократияның ашық таптық демократияға айналуы мемлекеттік саяси құрылымның қалыптасуына алып келді. Халықтар территориялық принцип бойынша бөліне бастады. Біртіндеп мемлекет пайда болды. Мемлекеттің пайда болуы ұзаққа созылған процесс болды. Мемлекет ру-тайпалық құрылыс ыдырап, қоғам ішінен көсемдер мен оның айналасындағылар бөлініп шағып, қоғамның әлеуметтік жіктелісі тереңдеп, шаруашылық байланыстар кеңейген кезде пайда болды.
І. Мемлекет пен құқықтың пайда болуы және оның объективтік заңдары
Алғашқы қауымдық қоғамның экономикалық, әлеуметтік, құрылымдық, басқарушылық салаларындағы объективтік даму процестері бір-бірімен тығыз байланыста өзгеріп, жаңарып отырады. Бұл объективтік даму процестің күрделі сатысы әлеуметтік революциялық төңкеріс - б. з. д. 10-15 мыңжылдықтарда болған. Ол төңкеріс кезінде малшылық пен егіншілік қалыптасты, ажарланған тастан жасалған қарулар өмірге келді, адамның тәжірибесі өсіп, молайды. Қоғамдық еңбек төрт күрделі тарауға бөлінді: малшылық, жер игеру, өндірістік және саудагерлер тобы. Бұның бәрі еңбектің өнімділігін арттырды, қоғамның шығысынан кірісін асырды. Сөйтіп, қоғамдық байлық қалыптаса бастады, оны иемденетін топтар, таптар пайда болды. Экономикалық өзгерістер әлеуметтік қайшылықтарды өмірге әкелді. 5-4 мыңжылдықтарда сол қайшылықтарды реттеп, қоғамды басқару үшін құқық пен мемлекет пайда болды. Мемлекет және құқық тарихы қоғамның антогонистік тапқа бөлінуінің нәтижесі болып табылады. Сонымен, құқық пен мемлекеттің өмірге келуінің, қалыптасуының негізгі объективтік заңдары:
- қосымша өнімнің пайда болуы;
- жеке меншіктің қалыптасуы;
- топтар мен топтардың арасында күрестің басталуы;
- қайшылықтарды реттеп, қоғамды басқару үшін қайық пен мемлекеттің өмірге келуі.
1.1 Құқықтың дамуы
Құқықтың дамуы - адам қоғамының дұрыс өмір сүруінің негізгі объективтік заңдылықтарының бірі, әлеуметтік нормалардың калыштасып қоғамдағы қарым-қатынастарды реттеп, басқаруы. Әлеуметтік нормалардың (әдет-ғұрып, салт-дәстүр, мораль, діни нормалары) қоғамның даму процесінде бірте-бірте кұҡықтық нормаларға айналуы, Сондықтан, құқық мемлекеттен аз да болса бұрын қалыптасты деуге болады. Алғашқы қоғамда мемлекеттік кезеңнің басталуынан бері қарай құқық қарым-қатынастардың басым көпшілігін реттеп, басқаратын нормаға айналды. Қоғамда мемлекеттін өзі қабылдаған, бекіткен құқықтың жаңа түрлері пайда болды: заң, заңға тәуелді актілер, шарттық нормалар, заң күші бар соттың шешімдері.
Құқық екі жолмен дамыды. Біріншісі - мемлекеттік қоғамдық меншікті реттеу моральдық-діни нормаларға сүйенді. Мысалы, Индияда Ману заңы, мұсылман елдеріндегі Құран заңы; екіншісі - жеке меншік бағытындағы катынастарды мемлекеттік органның өзі бекіткен нормалар аркылы реттеп-басқару.
Топтық қоғамда, қанаушылық, әділетсіздік басым болған мемлекетте күкық - үстем таптың заңға айналдырған мүддесі болады. Бұл мүддені заңға айналдырушы және заңдардың орындалуын ұдайы қадағалап отырушы - үстем тап қолындағы мемлекеттік аппарат. Құқық үстем таптың мүддесін қорғау мен бірге қоғамдық мақсатты да реттеп-басқарып отырады.
Құқықтың таптық мәні, қоғамдағы рөлі, мазмұны мен нысаны, сайып келгенде қоғамның экономикалық саяси, әлеуметтік сипатына және мәдени өсу дәрежесіне байланысты. Мысалы, К. Маркс "Гота программасына сын" еңбегінде: "Құқық еш уақытта да экономикалық құрылыстан және қоғамның соған сәйкес мәдени дамуынан жоғары бола алмақ емес", - деген.
Құқықтың нормалары қоғам дамуының саяси, әлеуметтік, мәдени т. б. мұқтаждарына неғұрлым сай келсе, соғұрлым пайдалы әсері мол болмақ.
Сонымен, құқық - мемлекет шығарған немесе бекіткен, мемлекеттік аппараттың күшімен қамтамасыз етіліп отыратын жалпыға бірдей қоғамдық қатынастарды реттейтін нормалардың жиынтығы.
1.2 Мемлекеттің даму
Мемлекеттің дамуы - мемлекет қоғамдық еңбек бөлісінің, жеке меншіктің пайда болуы нәтижесінде алғашқы қауымдық құрылыс тапқа бөлінуінің туындысы. Мемлекет жария өкіметтің пайда болуы мен іс-әрекетінің нәтижесі ретінде қалыптасатын, қоғам өмірін ұйымдастырудың нысаны және оның негізгі салаларына басшылық ететін, қажетті жағдайларда өкіметтің күш-қуатына сүйенетін басқару жүйесі.
ІІ. Мемлекеттің пайда болу жолдары
Мемлекеттің пайда болуы және оның қалыптасуы ұзақ уақыт бойы жүретін процесс. Ол әр халыкта әрқилы болып өткен. Адамзат дамуында шығыс және батыс жолдарына бөліну басталды. Шығыста қауымдар сақталып қалды да, жерге қауымдық жекеменшік сақталды, ал батыста, қауымдар ыдырап кетті, жер жекеменшікке түсті.
2.1. Мемлекеттің пайда болуының шығыстық жолы
Шығыс елдерінде (Иран, Индия, Қытай, Араб елдерінде) мемлекеттің қалыптасуы басым түрде қоғамдық меншікі қорғауға байланысты. Себебі, бұл елдерде алғашқы қоғам ыдырау кезінде күрделі құрылыстар болды: ірі су каналдарын жасау, суармалы ирригациялық жүйелер қалыптастыру, құрғақшылық пен күресу. Міне, осы күрделі жұмыстарды жақсы жүргізу үшін қоғамдық мемлекеттік меншік қалыптасты. Сол меншіктің иелері: мемлекеттін басшылары, чиновниктер, ру, тайпа басшылары, король, императорлар болды. Король-императорлар жердегі құдай дәрежесінде болды. Сөйтіп, бұл елдерде, көбінесе мемлекетте деспотизм орнады. Бұл елдердің экономикасы, әлеуметтік жағдайы,демократиясы өте бәсең дамыды. Мемлекеттік биліктің, коғамдық меншіктің басында - абсолюттік монархия болды, одан төменгі - екінші дәрежедегі билік уәзір министрлердің қолында, одан төменгі билік - чиновниктерде. Осы сатылық биліктер - бәрі бірігіп қалың бұқараны қанауда болды. Қоғамдық меншік пен қатар жеке меншік те дамыды.
Шығыс типті (азиятипті) мемлекеттер кейінгі ғасырларда Шығыс Европа, Африка, Оңтүстік Америка елдерінде де қалыптасты.
Сонымен Азия типті мемлекеттердің қылыштасу себептері:
- ірі ирригациялық жүйелерді жасау;
- оны іске асыру үшін кұлдарды, жұмысшыларды жүйелі түрде топтастыру- біріктіру;
- барлық жұмысты бір орталықтан басқару.
Мемлекеттік басқару аппараты бұрынғы ру-тайпаны басқарған аппараттан өсіп қалыптасты. Жаңа аппарат қалың бұқарадан алыстай түсіп әділетсіздікті, қанаушылықты күшейтті. Азия типті мемлекеттер өте бәсең дамып, XIX-XX ғасырларға дейін көп өзгермей сақталып келді (Қытай,Иран т.б.).
2.2. Мемлекеттің пайда болуының батыстық жолы
Европалық елдерде мемлекет жеке меншіктің, күрделі дамуы, қоғамның тапқа бөлінуі арқылы қалыптасты.
Афина мен Римде алғашқы қоғамның ыдырауы кезінде экономикалық күшті топтар мен таптар мемлекетті өз қолдарына алып, өз мүдде-мақсаттарын орындайтын мемлекеттік аппарат орнатты. Бұл мемлекеттер көбінесе демократиялық жүйедегі саяси бірлестік болып қалыптасты. Спарта аристократиялық республика больп қалыптасты. Мұнда құлдардың саны жергілікті халықтан бірнеше есе көп болып, жаңа мемлекеттік басқару аппараты құрылды. Жергілікті халықтың арасында қайшылыққа жол бермеу саясаты қалыптасты. Республикада қатаң заңдылық, құқықтық тәртіп орналды.
Германияда мемлекеттің қалыптасуы басқаша болды. Мұнда құл иелену көп дамымады. Қалың бұқара байларға тәуелді болды, феодалдық қатынастар дами бастады. Рим империясының біраз жерін Германия өзіне қаратып феодалдық мемлекеттің дамуын тездетті. Осы типті мемлекеттер Европаның бірнеше елдерінде, Ресейде, Ирландияда, Азияда, Орта Азия елдерінде қалыптасты.
Мемлекеттің алғашқы қоғамдағы биліктен айырмашылығы:
1. Халықты туысқандығына карамай, территориясына сәйкес біріктіру, басқару.
2. Қоғамдағы басқаратын арнаулы аппараттың құрылуы. Бұл аппарат үстемдік топтың мүдде-мақсатын орындау үшін қалыптасты.
3. Салық жүйесінің болуы. Арнаулы мемлекетті басқаратын аппаратта қызмет жасайтын адамдарды әлеуметтік қамтамасыз ету үшін салық қалыптасты.
Мемлекеттің пайда болу, даму себептері:
- Қоғамды басқаруды, жақсарту, дамыту: қоғамның жұмысының көлемі де, шеңбері де молайып, кеңейіп ескі басқару аппараты тиісті дәрежеде жұмыс жасай алмады. Жаңа мемлекеттік аппарат қажет болды;
- Қалың бұқараның, қаналушы таптың үстемдік тапқа, топқа қарсы
іс-әрекетін әлсірету, жою үшін күшті мемлекеттік аппарат керек болды;
- Қоғамды, экономиканы дамыту үшін, әлеуметтік жағдайды жақ-
сарту үшін басқарушы аппаратты нығайту керек болды;
- Қоғамның қорғанысын күшейту үшін, заңдылықта, құқықтық тәртіпті қатаң сақтау үшін мемлекет керек болды.
Мемлекеттің негізгі белгілері:
1. Басқару органдары мен мекемелерінің ерекше жүйесі білу (армия, полиция, сот, т.б.). Қоғамдық өмірдің дамып, күріелене түсуіне байланысты мемлекеттің механизмі де күрделене түседі.
2. Үстем таптың мүдделері мен мақсаттарына сәйкес қоғамдық қарым-қатынас ережелерін белгілейтін құқықтың болуы.
Мемлекеттің билік жүргізетін белгілі территориясының болуы, халықты руына қарай емес жеріне сәйкес бөлу. Аймақтық ұйым ретінде мемлекет сол көлемде белгілі бір ұлттын, ұлттық мемлекеттің қалыптасуы процесіне әсер етеді. Дамыған қоғамда мемлекеттік органдармен катар әр түрлі партиялар, одақтар, бірлестіктер т.б., бұлардың жиынтығы коғамның жалпы саяси ұжымын құрайды. Таптық қоғамдағы басқа саяси институттардан мемлекеттің ерекшелігі қоғамдағы жоғарғы өкімет билігіне (суверендік құқыққа) иелігі. Мемлекеттік өкімет билігінің күші сол елдегі бүкіл халықты және барлық қоғамдық ұйымдарды қамтиды, Мемлекеттің қоғамдағы бірлестіктерден, ұйымдардан айырмашылық белгілері:
- мемлекет қоғамдық көлемде бірден-бір билік жүргізетін ұйым; басқа бірлестіктердің билігі барлық халықты қамти алмайды, мемлекет қана барлық қоғамға күші бар нормативтік акты кабылдай алады;
- мемлекет қоғамдағы барлық құқықтық нормалардың дұрыс, уақытында іске асуын, орындалуын қадағалап, зандылынты, тәртіпті бақылап отырады:
- мемлекеттің ішкі-сыртқы істердегі тәуелсіздігі, басымдылығы, үстемдігі.
2.3. Мемлекеттің пайда болуы туралы теориялары
Адам қоғамы мыңдаған жылдар өмір сүріп келеді. Жеке адамдар тиісті мемлекеттің азаматы болып, сол мемлекеттің билігіне, құқықтық тәртібіне бағынып, өзінің іс-әрекетін, мінезін, тәртібін қоғамдық мүдде-мақсатты орындауға жұмсап келеді. Көне заманнан адамдар мемлекетпен құқық қашан пайда болды, қалай дамып келеді? - деген мәселелермен шұғылданып, ғылыми зерттеу жасап келді. Енді меміекеттің пайда болуы туралы теориялардың мазмұнына қысқаша тоқталып өтейік.
Теологиялық теория - мемлекет пен құқық Алланың әмірімен қалыптасып, дамып келеді деп түсіндіреді, бұл теория дұрыс-бұрыс деуге болмайды. Мәселені дін мен бірге зерттеу керек. Себебі бұл теория адамдардың сенімі, иманы ретінде қалыптасқан ұғым, көне заманнан дамып, нығайып келеді. Бұл теорияны ғылыми түрде уағыздаған Фома Аквинский, Жак Маритен т. б.
Патриархалдық теория - мемлекет адамдардың отбасы
тәжірибесінен қалыптасқан азаматтардың саналы түрде өздерінің мүдде-
мақсаттарын іске асыру үшін біріккен одақ деп түсіндіреді. Күрделі ірі
патриархалдық отбасы басшысы бірте-бірте мемлекеттің басшысына ай-
налған. Отбасы басшысы әке, мемлекеттің басшысы - монарх. Бұл теорияның өкілі және дамытқан зерттеушісі Аристотель, оны жақтаушылар орта, жаңа ғасырларда болды (Фильмер, Михайловакий т.б.).
Органикалық теория - бұл пікірді Платон көне дәуірде уағыздаған (б.з. IV - III ғ.). Бірақ теория толық түрдje XIX ғасырда қалыптасты. Өкілдері: Блюнчли, Г. Спенсер, Вормс, Прейс т. б.
XIX ғасырдағы ғылымның жетістіктеріне сүйене отырып, бұл теория - адам қоғамы да табиғаттың объективтік даму заңдарына сәйкес эволюциялы жолмен мемлекетті құрады. Мемлекеттің Үкіметі - адамның басы - миы сияқты қоғамды басқарады. Қанаушы тап қоғамның экономикасын дамытады. Ол қоғамды қорғайды деп түсіндіреді.
Табиғи құқықтық теория - XVII - XVIII ғғ. қалыптасқан теория. Өкілдері: Г, Гроцкий, Т. Гоббе, Д. Локк, Ж. Ж Руссо, Б. Спиноза, А. И. Радищев т. б. Теорияның мазмүны: адамдардың өздерінің табиғи құқықтары болады (бостандық, теңдік, енбек жасау т.б.). Оны ешкім жоя алмайды, оған зиян келтіре алмайды. Қоғамның тарихи даму процесінде адамдардың ара катынасында қайшылықтар басталды. Сондақтан, қоғамда бостандықты, әділеттілікті, тендікті сақтау үшін адамдар өзара шарт жасап мемлекетті құрды. Бұл шарттың мазмүны көп елдің Конституциясына кірді деп түсіндіреді.
Психологиялық теория - XIX ғ. бұл теорияны уағыздаған: Ч. Тард, Л. И. Петражицкий. Қоғам мен мемлекетті бұл теория адамдардың психологиялық біріккен көзқарасы, іс-әрекеті, мінезі, тәртібі бәрі келісіп ұжымдық түрде басқаруы. Қоғам мен мемлекет адамдардың табиғи психологиялық даму заңдылық процесінің нәтижесінде пайда болды деп түсіндіреді.
Күштеу теориясы - XIX ғ. қалыптасқан пікір. Өкілдері: Л.Гумплович, К.Каутский, Е. Дюринг т. б. Мазмұны: күшті рулар, тайпалар өздерімен шектес әлсіз руларды, тайпаларда күштеп, зорлық, озбырлық жасап өзіне бағындырып, бақылауды жақсарту үшін мемлекет құрады - деп түсіндіреді.
Материалистік теория - мемлекет пен құқықтың пайда болуын экономикалық тұрғыдан түсіндіреді, себептері: қоғамдық еңбектің бөлінуі, қосымша өнімнің, жеке меншіктің пайда болуы. қоғамның қарама-қарсы екі тапқа бөлінуі, қайшылық күресінің басталуы. Мемлекет пен құқықтың мазмұнының тарихи өзгеріп отыруы қоғамдық мүдде-максатты қорғауы.
Мемлекет қоғамның көп салалы, көп жүйелі құбылыс атына сәйкес дамып, өмірге келген бірлестік. Оның себептерін қоғамдағы болып жатқан объективтік факторлар құрастырады: биологиялық, психологиялық, экономикалық, әлеуметтік, діни, ұлттық т. б. құбылыстар. (ондықтан, бір теорияның көлемінде мемлекет пен құқықтың пайда болуын ғылыми тұрғыдан толық түсінуге болмайды.
Жоғарыда көрсетілген теориялардың бәрінде де кемшіліктер мен жетістіктері бар. Оны ғалымдар пайдаланады. Мемлекет және құқықтың пайда болуы, ғылыми тұрғыдан дұрысырақ түсіндіретін - тарихи материалистік теория. Бұл теория мемлекет және құқық тарихи туынды - қоғамның антагонистік тапқа белінуінің нәтижесі болып табылады деп түсіндіреді. Ол дұрыс.
Кемшілігі - мемлекет пен құқықты тек экономикалық базиспен шектеуі, жалпы теорияның атқаратын жұмысын бір жақты түсінуі (коғамдық маңызын шектеуі) және олардың келешегін болжаудағы жіберген қателіктері.
2.4. Тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің қалыптасуы және дамуы
1991 жылғы 16 -- желтоқсанда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы Конституциялық заңы қабылданды. Тәуелсіздік -- тәңірдің біздің ұрпаққа берген үлкен бақыты, халқымыздың мәңгілік құндылығы. Біз бүгінге дейінгі барлық жетістіктерімізге тәуелсіздіктің арқасында қол жеткіздік. Жиырма жылдан астам уақыт ішінде елдің әл -- ауқатын көтеріп, төл мәдениетіміз бен мемлекеттік тілді жаңғырту ісінде қыруар жұмыстар жасадық. Елімізде білім, ғылым, денсаулық, спорт салалары айрықша даму үстінде. Тәуелсіздік -- біздің ең басты игілігіміз, баға жетпес құндылығымыз. Жас мемлекет тарихындағы жаңа дәуір дәл осы тәуелсіздіктен бастау алады.
Қазақ халқының егемендікке ұмтылған қадамы сәтімен жүзеге асты. Дүниеге жаңа мемлекет -- Тәуелсіз Қазақстан Республикасы, дербес қазақ елі келді. 1991 жылдың 17 -- желтоқсанында Алматыдағы Орталық алаңда Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі жариялануына және 1986 жылғы желтоқсан оқиғасының бес жылдығына арналған митинг болы өтті. Жиналған сан мыңдаған адамның алдына Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев былай деп сөз сөйледі: Дербес мемлекет құру қазақ халқының ғасырлар бойы аңсаған арманы еді. Міне, енді сол күнге де жеттік... Тәуелсіздік табалдырығында тұрған осы жан тебірентер сәтте қазақ елінің еркіндігі, бостандығы жолында бас тіккен азаматтардың, солардың қатарында бұл күнге жете алмай, туған Қазақстанның егеменді ел, тәуелсіз мемлекет болғанын көре алмай өмірден өткен желтоқсан құрбандарының рухына тағзым етіп, еске алуды парыз санаймын... Тәуелсіздіктің біздің бәрімізге артар міндеті мол. Енді еңселі ел болудың жолына шындап түсуіміз керек. Әулетіміздің асуы да, дәулетіміздің тасуы да өз қолымызда. Кең -- байтақ жеріміздің байлығы осы даланың түпкілікті халқына да, тағдыр қосып бірге өмір сүріп жатқан өзге ұлт өкілдеріне де молынан жетеді. Не істесек те ақылмен істейік, арзан ұранға ермейік, ұшпа сезімге ерік бермейік дегім келеді. Әсіресе жастар салқынқандылықтан, үлкенді сыйлаудан, сөзге тоқтаудан айнымаса, қашанда достыққа адал болса, бауырмашыл, кеңпейіл болса, халықтың атына сөз келтіретін ұстамсыздық атаулыдан аулақ жүрсе деп тілейік. Тарих көші ұзақ. Асықсақ та аптықпайық. Қазақстанның көп ұлтты халқының жұлдызы жоғары болатынына, туған елімізде дәулетті де сәулетті өмір орнайтынына кәміл сенемін.
Адам құқықтары мен бостандықтары дегеніміз - дүниежүзілік қоғамдастық игерген, мойындаған және тиісті халықаралық құқықтық актілерде бекітілген, әлеуметтік және зандық жағынан қамтамасыз етілген, әрбір адамның құқы ретінде мойындалған, ешкім де еркін шектеп немесе тыйым сала алмайды. Адам бостандықтары ешқандай жағдайларға байланысты болмайды, ол оның еркінің нәтижесі.
Адам мен азаматтардың қазіргі құқықтары мен бостандықтары толық көлемде Қазақстан Республикасының Конституциясының екінші бөлімінде (10-39 баптарында) бекітілген. Оларды іске асыру бұлжытпай орындау, бақылау Президенттің, Үкіметтің, Конституциялық кеңестің құзыретінде.
В. И. Ленин елдің кәсіпқой мемлекеттік қызметін қалыптастыру мәселесіне ерекше мән берген еді, өкінішке орай елдің келесі басшыларымен жүзеге асырылмаған және ұмытылып кеткен бірқатар теориялық ережелерді дайындағанын атап өткен әділ болар еді. Ол былай деген "Кез келген жұмыс ерекше қасиеттерді талап етеді. Өте күшті революционер және үгітші бола отырып, ештеңеге жарамсыз басқарушы болуға болады. Басқару үшін компетентті және белгілі ғылыми білімі болу керек", - деген. Қазіргі уақытқа келетін болсақ, мемлекеттің барлық белгілерін құру Қазақстан мен ТМД елдерінде мемлекеттік басқару жүйесінің жаңа түрін қалыптастыруды басынан бастауға тура келгенін атап өту қажет. Бюрократияландырылған, орталықтандырылған кеңес жүйесі республикалардың дербестігіне жол берілмеген басқарудың ескірген тоталитарлық нысанын қалдырды. Тәуелсіздік жылдары ішінде осы бағытта ешкімнің көмегінсіз жеке түрде үлкен қадам жасау қажет болды. Ұлттық ерекшеліктер мен дәстүрлер мемлекеттік қызметтің ұйымдастырылуы мен мазмұнына әсер етпей қоймады. Алайда, бұл бағытта шектен тыс елігіп кету көпшілік жағдайда тәуелсіз мемлекеттің әлемдік қауымдастықпен жақындасуына қиындық туғызады. Аталған ситуациядан шығудың жолы - мемлекеттік басқару жүйесінің әлемдік қолданылған стандарттарды зерттеу және бекіту, мемлекеттік қызметті қалыптастырудың халықаралық қағидаларын қолдану, азаматтық қоғамның институттары ретінде жергілікті басқару және өзін-өзі басқару тәжірибесін
дамыту болып табылады.
Қазақстанның Тәуелсіздігін ресми түрде ең алғаш болып мұхиттың арғы жағында жатқан Америка Құрама Штаттары мойындады, екінші болып айдаһардай айбарлы Қытай, сонан соң Ұлыбритания мойындады. Оның артынан Моңғолия, Франция, Жапония, Оңтүстік Корея және Иран Ислам мемлекеті мойындады. Иран -- Қазақстанның тәуелсіздігін мойындаған алғашқы мұсылман мемлекеті. Ал Тәуелсіздігімізді ең алғаш болып бауырлас Түркия мемлекеті мойындады деген сөздің ақиқат еместігін білгеніміз жөн. Түркия алғаш болып Қазақстанда өз елшілін ашты, бірақ тәуелсіздігімізді мойындауда он жетінші болды. Бұл деректі еліміз Тәуелсіздік алғаннан кейін Сыртқы істер министрінің орынбасары қызметін атқарған, елдің сыртқы саясат тұжырымдамасы авторларының бірі болған Вячеслав Ғиззатов келтірген. Алғашықы күндері әлемнің салмақты елдері мойындап, кейіннен басқа да елдер мойындап жатты. Осылайша әлемдік саясат аренасында ҚАЗАҚСТАН деген мемлекет тәй -- тәй басты. Небары бірнеше аптаның ішінде әлемнің көптеген беделді елдері Қазақ елінің тәуелсіздігін мойындап, дипломатиялық қатынастар басталды.
АҚШ, Қытай, Ұлыбритания, Германия, Франция, т.б. ірі -- ірі мемлекеттер Қазақстанның тәуелсіздігін 1991 жылдың соңына дейін мойындады.
Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін дербес мемлекет ретінде халықаралық аренаға шықты. 1992 жылы 2 наурызда БҰҰ -- на кірді. Сонымен қоса Халықаралық валюта қорына, Халықаралық реконструкция және даму банкісіне, Дүниежүзілік банктің, Халықаралық даму ассоциациясының, Инвестицияға кепілдік беретін көп -- жақты агенттіктің, Инвестициялық таластарды шешу жөніндегі халықаралық орталықтың, дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мүшесі болды.
Осыдан жиырма жеті жыл бұрын Қазақстанның мемлекетік тәуелсіздігі туралы заң қабылданғаннан кейін ғана халқымыз өз мемлекеттігін, шынайы тарихы мен мәдениетін қайта түлетуге жігерлене құлшыныспен кірісті, елдің ішкі және сыртқы саясатын, өзіміз бұрын өмір сүрген қоғамнан түбірінен өзгеше жаңа, демократиялық қоғам құру принциптерін дербес айқындады. Әрине, ең алдымен бұрынғы жүйенің құлауының зардаптарын, әлеуметтік -- экономикалақ күйреу мен дағдарысты бастан кешірдік. Соған ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz