Несіпбек Айтұлы-ҚР еңбек сіңірген қайраткері



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   
Несіпбек Айтұлы-ҚР еңбек сіңірген қайраткері.
Алаштың белгілі қазақ ақыны, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Несіпбек Айтұлы 1950 жылы 22 қыркүйекте Тарбағатай тауында дүниеге келген. 12 жасында ата-анасымен бірге атамекеніне оралады. Орта мектепті бұрынғы Семей облысына қарасты Баршатас ауылында оқыды. Болашақ жазушының поэзиядағы бастапқы, бірінші үлгісі белгілі бір ақынның туындылары емес, қазақтың қара өлеңі еді. Ол қара өлең үрдісімен құрбы-құрдастарын сықақтайтын.
Семейдің тумасы еңбек жолын өте ерте бастады. 1967 жылы 8 сыныптан кейін мектепті тастап, журналистика саласымен айналысты.
Ол алғашқы қызметін Шұбартау аудандық Жаңа Өмір газетінде әдеби қызметкерден бастайды. Тырнақалды туындылары да, алғашқы Балалық өлеңі де осы газетте жарияланды. Несіпбекті жастай қызметке алған аудандық Жаңа өмір газеті әдебиет әлеміне апаратын баспалдаққа айналды. Таланты жас ақын үшін шынымен де жаңа өмір басталды.
Одан кейін екі жылдай аудандық газетте жұмыс істеп, 1969 жылы қазіргі Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетіне оқуға түсіп, оны 1974 жылы бітіреді. 1972 жылы қазіргі Жас алаш газетінде алғашқы топтамасы жарық көрді.
1973 жылы Балдырған журналының бас редакторы болып жүрген қазақ ақыны, халық жазушысы Мұзафар Әлімбаев студент Айтұлын жұмысқа шақырып, журналдың әдебиет бөлімінің меңгерушісі етіп қызметке алды. Несіпбек Айтұлы осы журналда балалар поэзиясы бөлімін басқарып, балаларға қалай жазу керек екенін үйренді. Сол 10 жылда кітаптар шығарды, өлеңдері бастауыш мектептің оқулықтарына енді. Көпшілігі балалар әдебиеті оңай деп ойлағанымен, негізі олай емес. Жазушы балалар поэзиясын жазу үшін көп үйренді. Ұстазы Мұзафар Әлімбаевтан бастап Қадір Мырзаәлиев, Өтебай Тұрманжанов, Сапарғали Бегалин секілді балалар әдебиетінің майталман қаламгерлерінен көп үйреніп, тәжірибе алды.
Қызметін Балдырған журналынан бастап, балалар әдебиетінде шыңдалған Қадір Мырзаәлі ағасының жолын қуып, Несіпбек те үлкен поэзияға ден қойды. Ондағы әрбір өлеңі оқырмандарға ой салды. Өзі бір көрген жайттың бәрін көркем кестеге көшіргенде керемет жырлар туатын.
Жазушылық өнерін осылай шыңдаған ақын Жар жүрек соға бер және Бас сүйектер поэмалары үшін Қазақ КСР Мемлекеттік комитетінің баспа, полиграфия және кітап саудасы, Қазақстан комсомолы орталық комитеті, Жазушылар одағы және Жалын баспасының сыйлығын иеленді. 1974 жылы Найзағай поэмасы үшін марапатталды.
Кейін 1983-1984 жылдары Жалын баспасында редактор міндетін атқарды. Содан кейін 10 жыл аралықта Қазақстан Жазушылар одағында әдеби кеңесші, Ақын қауымдастығының директоры болып қызмет етті.
Несіпбек Айтұлы Алғашқы жол, Көктем тынысы, Уақыт жаңғырығы, Әке туралы сыр және басқа да кітаптардың авторы. 1988 жылы жазушының бастауыш мектеп оқушыларына арналған Күміс күйме өлеңдер жинағы орыс тілінде жарық көрді.
Айтұлы 1997 жылдан 2001 жылға дейін Қазақ әдебиеті газетінде сын бөлімінің, Жұлдыз журналында поэзия бөлімінің меңгерушісі болып жұмыс істеді.
Ал 2001 жылдан бастап Астана қаласындағы Еуразия ұлттық университетінде, Президенттік Мәдениет орталығында қызмет атқарды. Соңғы жылдары Алтын тамыр журналының бас редакторы болып жүрді.
Несіпбек Айтұлы сонымен қатар Қазақстан Жазушылар одағының Жамбыл мен Мұқағали Мақатаев атындағы сыйлықтардың иегері, Парасат орденімен марапатталған. Аягөз және Табағай аудандарының құрметті азаматы.
Тарбағатайдан шыққан ақындар мен батырлар жеткілікті. Қаракерей Қарабанбай батыр мен Дулат Бабатайұлы ақынның өздері қазақ санасынан өшпес ерліктер мен дастандар қалдырған. Міне, сол ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ақын Несіпбек Айтұлының қазіргі қазақ әдебиеті қоржынына салған поэмаларының орны
Лирикалық проза жайлы ақпарат
Балалар композиторлары
Қазіргі қазақ фалеронимдері: тарихы мен қалыптасуы
Әлішер Науаи (Низамеддин Мір Әлішер)
Қазіргі қазақ лирикасындағы ұлттық дүниетаным
Жүрсін Ерман поэзиясының көркемдік ерекшелігі
Жамбылдың өмір жолы
Ішек қылған, қобызым
ТӘУЕЛСІЗДІК ШЕЖІРЕСІ
Пәндер