Қазақстанның өткені мен бүгіні (тарихи жағдайлар, наразылықтар)


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 33 бет
Таңдаулыға:   

1. 1 Целиноград наразылығы - 1979 жылғы 16 - 19 маусымда Целиноград (қазіргі Астана) қаласында болған әміршіл-әкімшіл жүйеге қарсы наразылық қимылдары.

Еділ бойындағы неміс автономиясы таратылғаннан кейін оның мыңдаған азаматтары Қазақстан жеріне көшірілді (қ. Депортация) . КОКП 20-съезінен кейін 2-дүниежүзілік соғыс жылдарында таратылған көптеген автономиялы республикалар қалпына келтірілгенімен Еділ бойынан көшірілген немістер жөніндегі шешім қайта қаралмай қалды. Осыған байланысты жер аударылған немістер арасында тарихи отандары - ГФР-ға көшу мәселесі жиі көтеріле бастады. Бұл процесті тоқтату үшін кеңес өкіметі немістердің тарихи отанына оралуына шек қойды және Қазақстанда неміс автономиялы облысын құру туралы шешім қабылданды. Ол шешім 1979 жылғы көктемде КОКП ОК Саяси Бюросының мәжілісінде республика үкіметі мен Жоғарғы Кеңестің келісімінсіз қабылданды. Бұл шешімнің конституцияға сәйкес келмейтініне қарамастан, Қазақ КСР-і үкіметі мен Қазақстан Коммунистік партиясы ОК елеулі қарсылық көрсете алған жоқ. Бұл автономиялық облысқа Ақмола, Павлодар, Қарағанды және Көкшетау облыстарының біраз аудандары беріліп, Ерейментау қаласы оның орталығы болып белгіленді.

Желтоқсан көтерілісі - 1986 жылы 17 - 18 желтоқсан аралығында Алматыда болған қазақ жастарының КСРО үкіметінің отаршылдық, әміршіл-әкімшіл жүйесіне қарсы наразылық іс-қимылдары. Бостандыққа, тәуелсіздікке ұмтылған қазақ халқы тарихындағы елеулі оқиға болып табылады. Көтерілістің басталуына Мәскеудегі орталықтың республика халқының пікірімен санаспастан Ресейдің Ульянов облысы партия коммитетінің 1-хатшысы Г. В. Колбинді ҚКОК-нің 1-хатшысы етіп тағайындауы түрткі болды. Оқиғаға қатысқандарды саяси тұрғыдан қуғындау басталды. 99 адам сотталды, 264 студент оқудан шығарылды. 1987 ж. жазда КОКП Ок қаулысы шығып, желтоқсан оқиғасы қазақ ұлтшылдығының көрінісі ретінде бағаланды. Желтоқсан оқиғасы қоғамның саяси өмірін демократияландыруға серпін берді.

1. 2 . Олимпиадалық спорт күні шарасы барысында Ұлттық Олимпиадалық комитет өкілдері былтырдан бері жүзеге аса бастаған «Жылдың спорттық сыйлығы» премиясының стелласын музей қорына табыстау рәсімі өтті Бүгін ҚР Тұңғыш Президенті Музейінде Қазақстан Республикасының 25 жылдығына арналған Олимпиадалық спорт күні аталып өтті. Салтанатты шараға Қазақстан Республикасының Ұлттық Олимпиадалық комитетінің басшылары, Атланта олимпиадасының чемпионы Юрий Мельниченко, Қ. Мұңайтпасов атындағы дарынды балаларға арналған республикалық спорт мектеп-интернатының оқушылары, «SOS Детская деревня Астана» тәрбиеленушілері және № 3 мектеп-гимназиясының оқушылары, қала қонақтары қатысты. лимпиадалық спорт күні шарасы барысында Ұлттық Олимпиадалық комитет өкілдері былтырдан бері жүзеге аса бастаған «Жылдың спорттық сыйлығы» премиясының стелласын музей қорына табыстау рәсімі өтті. Алдағы уақытта аталған жәдігер «Қазақстанның спорт даңқы» залындағы бірегей жәдігерлердің қатарынан орын тебетін болды.

1. 3.

2. 1 . Жаңа экономикалық саясаттың мерзімінен бүрын аяқталуы Қазақстан ауыл шаруашылығына да ез зардабын тигізіп, кооперативтік қозғалыс енді күштеп үйымдастырумен алмастырылды. Коммунистік партияның 1927 ж. желтоқсанда өткен XV съезі ауыл шаруашылығын үжымдастыруға бағыт берді. Ұжым­дасты­ру ісіне көмек ретінде ауыл­ды жер­лерге 8000 жұмыс­шы жіберілді. 25 мыңдықшы­лар деп аталған 1204 "ұжым­дасты­рушы" Мәскеу, Ле­нинг­рад сиқты ор­та­лықтар­дан жіберілді. Ауыл ша­ру­ашы­лығының ұжым­дасты­рылуы өте қатал жағдай­да жүргізілді. Ұжым­дасты­ру же­дел және жос­парсыз жүргізіле бас­та­ды. 1928-1931 жыл­дардағы ұжым­дасты­ру ба­рысы: рес­публи­ка ша­ру­ашы­лығының 1928 жы­лы 2% -ы, 1930 жы­лы сәуірде 56, 4%-ы, 1931 жы­лы қазан­да 69%-ы ұжым­дасты­рыл­ды. Ауыл ша­ру­ашы­лық өнімдерін және мал­дарды күшпен ал­ды. Мы­салы, 1931-1932 жыл­да­ры Шұбар­тау ауда­нын­да мал­дың 80%-ы ет­ке өткізілді. Балқаш ауда­нының халқына 297000 малға са­лық са­лын­ды, . Торғай­дағы 1 млн. мал­дың 98 мыңы ғана қал­ды. Ку­лак­тарды жою ісі қатал жүргізілді. Шо­лақ бел­сенділер ор­та­шалар­мен қатар ке­дей ша­ру­аларға да зор­лық жа­сады. Күштеп үйымдастыру салдарынан 1931-1932 жж. аштық кеңінен етек алды. Аштық, індет және басқа жоқшылықтар салдарынан толық емес деректер бойынша 1 млн. 750 мың қазақ қазаға үшырады. Бір миллионнан астам қазақтар республикадан тыс жерге көшіп кетті. Қазақтардың бүрынғы саны 40 жылдай уақыт өткен соң, 1969 ж. ғана қалпына келді.

Ұжым­дасты­ру зар­да­бы

1929-1933 жыл­дар ара­лығын­да Қазақстан­дағы біріккен мем­ле­кеттік са­яси басқар­ма (ОГ­ПУ) 3386 адам­ды ату, 13151 адам­ды түрме­ге қамау ту­ралы үкім шығар­ды. Көпте­ген адам­дар өздерінің мал­да­рынан айырыл­ды.

1930-1932 жыл­да­ры Қазақстан­ды әйгілі ұлы жұт аш­тық жай­ла­ды.

2. 2. 1921-1922 жылдардағы ашаршылық Азамат соғысы аяқталғаннан кейін Кеңестер елін тағы бір ауыр сынақ күтіп тұрды. 1921-1922 жылдардағы ұзаққа созылған қарсыз қыс жауынсыз жазға ұласты. Қыста қардың, көктем мен жазда жауынның болмауы қатты құрғақшылықты, оның салдары ашаршылық нәубетін әкелді. 1921 жылдың жазында ол елдің көптеген өңірлерін, әсіресе Еділ бойы аудандарын жайлады. 1921 жылдың күзіне қарай бүкіл ел бойынша 20 млн астам адам аштыққа ұшырады.

Етек алған ашаршылыққа байланысты РК(б) П Орталық Комитеті 1921жылғы 17 шілдеде партияның барлық мүшелеріне арнайы үндеу жолдады. «Ашаршылық, - делінді үндеуде, - тек құрғақшылықтың нәтижесі емес, оның себебі аграрлық сектордың артта қалуында, ауыл шаруашылық білімі денгейінің төмендігінде, ауыспалы егіс нысандарының ескілігінде, бұл және соғыс пен әскери қоршаудың, сондай-ақ помещиктер мен капиталистердің және олардың итаршыларының бізге қарсы күресінің бәсеңсімей отырғанынын да салдары». [1] . Партия құжаттарында көрсетілген себептермен бірге, жаппай ашаршылық Кеңес өкіметі қатаң жүргізген, халық шаруашылығына, әсіресе ауыл шаруашылығы саласына қатты соққы болып тиген «әскери коммунизм» саясатының нәтижесіндегі төтенше экономикалық жағдайларға да байланысты туындады.

Қазақстанның көпшілік аудандары етек жайған ашаршылық құрсауында қалды. Орал, Орынбор, Қостанай, Бөкей, Ақтөбе губернияларында себілген астық қатты құрғақшылықтан шықпай қалды, шыққандары жазғы ыстықта қурап калды. Мал өсірумен айналысатын көшпелі және жартылай көшпелі аудандардағы жайылымдар мен шабындықтар толықтай күйіп кетті. Оның үстіне 1920-1921 жылдардағы ұзаққа созылған қатал қыс Торғай уезінде малдың жаппай қырылуына әкеп соқты. Шұбалаң, Майқара, Сарықопа және басқа болыстар да зардап шекті. Ашаршылық құрбандарының, аштан өлгендердің саны күн сайын көбейе берді.

2. 3 Семей, Торғай

3. 1. Репрессияның тарихи салдарларының ауқымының көптігі сонша өмірдің барлық салаларында жекелеп қарастыруға болады. Оның саяси өмірге де экономика, әлеуметтік, мәдени салаларға әкелген зардабы орны толмас таңба болып қалды. Сталиндік репрессия зиялыларымыздың ғылыми қызметіне нұқсан келтіріп қана қоймай, олардың шәкірттері мен жанұяларына да қасірет әкелді. Сталиндік қуғын-сүргін қоғамда ауыр із қалдырды. Түрмеге қамау, жер аудару, партия қатарынан шығару және қызметтен босату тәрізді жазалаулар қазақ зиялыларын жалтақ, жасқаншақ, тіптен екі жүзді етіп қалыптастырудың жаңа кезеңіне апарды. Сталин қайтыс болғаннан кейін ғана ол жағдай бәсеңдей бастады.

ХХ ғасырдың 20-30-жылдардағы репрессиялау науқанында назар аударарлық жағдай - сол кезеңдегі қаулы-қарарларды мерзімді баспасөз беттерінде әр түрлі “шылдықтар”. Ф. Голощекин қазақ зиялыларына “сәдуақасовшылдық, ” “қожановшылдық, ” “рысқұловшылдық, ” “сейфуллиншілдік” тағы басқа “шылдықтар” атын туғызды, оның ұлттық билік басындағы бетке шығарларын қуғындау үшін ойлап тапқан амалы екеніне көзіміз жетіп отыр. Сондай-ақ, осы тұстағы баспасөз бетіндегі көптеген авторлардың мақалаларындағы пайымдаулары нақтылы құжаттар емес, олардың ойдан шығарған жасанды тұжырымдары “Ф. Голощекин және оның төңірегіне топтасқан партия белсенділерінің “шылдықтарды” ойлап тауып, жікшілдік ауруын жасанды түрде қоздырудағы мақсаты: ұлт зиялыларының, жалпы ұлттың позициясын әлсірету әрекеті болатын

3. 2. І Тың игеруге жаппай кірісу
1953 жылы тың игеруге қатысты мәселелер талқыланып жатты, ал 1954 жылы тың және тыңайған жерлерді игеру туралы шешім қабылданып, бір жыл ішінде тың игеру есебінен дәнді дақылдар егісі аумағын 13 млн га-ға арттыру, ол жерлерден 1100-1200 млн пұт астық, соның ішінде 800-900 млн пұт тауарлы астық алу көзделді. Тың игерудің алғашқы екі жылында республикаға барлығы 640 мың адам келді. Соның 150 мыңы ауыл шаруашылығының механизаторлары болды. Тың игерушілердің жағдайлары жасалынды. Әр отбасына 500-1000 сом, оның әрбір мүшесіне 150-200 сомнан бір мезеттік көмек көрсетілді. Үй сатып алу үшін ( оның 35%-ын мемлекет өз мойнына алды), мал сатып алу үшін несие берілді. Астық түрінде азық көмегі көрсетілді. Тың игерушілер 2 жылдан 5 жылға дейін салықтардан босатылды.
ІІ Тыңның алғашқы табыстары
Тың игеру республиканың Ақмола, Көкшетау, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Торғай облыстарында жүргізілді. 1954 жылдың көктемінен 1955 жылдың көктеміне дейінгі бір жылдың ішінде тың өлкесінде 337 астық кеңшары құрылды. Олардың 10 млн гектардан астам егіске жарамды жер болды. 1954 жылы тың көтеру жөніндегі жоспар артығымен орындалды. Қазақстанда 6, 5 млн га тың жер жыртылды. Астықтың жалпы түсімінің мөлшері 7650мың т-ға жетті. 1950 жылы Қазақстанда 7854 мың га жерге дән себіліп, одан 4, 7 млн т астық жиналған болатын. 1955 жылы егіс көлемі 1954 жылмен салыстырғанда екі еседен аса көбейіп, 20, 6 млн га жер жыртылғанымен, ауа райының қолайсыздығынан 4750 мың т ғана астық алынды. Салыстырмалы кесте арқылы түсіндірген өте қолайлы. Мысалы:
ІІІ Тың игерудің нәтижелері
Тың игерудің кезіндже еңбекші бұқараның ерен нәтижесінде Қазақстанда астық өндірудің көлемі артты. Тың көтеру экономикасының өзге салаларының дамуына да оңды ықпал етті. 1940-1950 жылдар ішінде Қазақстанда 15 жаңа қала, 86 қала тұрпатты поселке, жүздеген шағын елді мекендер пайда болды. Тұрғын үй құрылысы кең көлемде жүргізілді. Егіншілік мәдениеті, қала салу, экономиканы өркендету тәжиребесі кеңейді. Астық өндіру бұрынғыдай экстенсивті әдістермен жүргізіле берді. Жоғары көрсеткіштерге қол жеткізу үшін орасан мол аумақтар жыртылып, экологиялық тепе-теңдік бұзылды, топырақ эрозиясы күшейді, жердің құнарлы қарашірік қабаты желге ұшты.

4. 1 . Брест қамалын қорғаушылар арасында шекарашылар - Қ. Абдрахманов, В. Лобанов, атқыш Қ. Иманқұлов, пулеметші Е. Качанов, минометші В. Фурсов, зеңбірекші Ғ. Жұматов болған. Қазақстандықтар Лиепая, Перемышль, Сааремаа аралы, Мурманск, Одесса және Севастополь қалалары үшін болған шайқастарға қатысқан.

Сондай-ақ Қазақстаннан майданға аттанғандардың ішінде партизандық күреске белсенді араласқандары да бар. Тек Ленинград облысындағы партизандық қозғалыстың өзінде 220 қазақстандық болған. Смоленск облысында - 270, Украина мен Белорусияда - 3000-нан астам жауынгер партизан болып жауға қарсы шайқасқан. Олардың ішінде И. С. Арыскин, А. Жұмағалиев, К. Ғ. Омаров, З. У. Хұсанов, Г. Акмолинский, Т. Жангелдин, Ж. Саин, У. Оразбаев және т. б. болған. Партизандық топтардың Ғ. Ахмедияров, Қ. Қайсенов, Н. Морогов, А. Олексенко, С. Төлешов, В. Шаруда секілді басшылары болса, А. Егеров, Н. Зебницкий және Ф. Озмительге Кеңес Одағының батыры атағы берілген.

Ұлы Отан соғысының 11600 жауынгері Кеңес Одағының батыры алса, оның 497-і қазақстандық болған. Қазақстандықтар ішінен Кеңес Одағы батыры атағын ең бірінші болып 19-шы танк дивизиясының генерал-майоры К. А. Семенченко алды. Батыр атағын екі мәрте алған 4 қазақстандық бар. Олар: Т. Бигелдинов, Л. Беда, И. Павлов, С. Луганский. Кеңес Одағы батырын алғандар арасында пулеметші М. Мәметова, мерген Ә. Молдағұлова, атқыштар С. Баймағамбетов, И. Новиков, қалқан бұзушы П. Миллер, минометші Қ. Спатаев, кавалерист М. Қатаев, сапер П. Гончар, торпедалы кеменің командирі Б. Ущев, атқыштар дивизиясының басшысы Ғ. Сафиуллин, Бауыржан Момышұлылар бар. Лейтенант Р. Қошқарбаев, Б. Чупрета, взвод командирі К. Метов, минометші А. Бақтыгереев, пулеметші П. Вицько, К. Волочев және т. б. КСРО ордендері мен медальдарының кавалерлері атағын алған.

Соғыстың шарпыған жалынын тоқтату жолында көптеген азаматтар қаза болды. Бірақ олардың алып берген жеңісін кейінгі ұрпақ бағалауда. Аспан әрдайым ашық болу үшін барлық күштерін сарп еткен азаматтарға мың да бір алғыс. Ұлы жеңіс кейінгі ұрпаққа аманат!

4. 2. Бірінші кезең-1991-1995 жылдар аралығын қамтиды. Бұл кезеңді этноұлттық басымдылықтар кезеңі деп атауға болады. Бұл кезеңде мемлекетті құрушы негізгі ұлт ретінде қазақ этносына, оның тіліне, оның мәдениетіне біраз артықшылық берілді. Сондықтан да 1990 жылғы 25 қазанда жарияланған «Қазақ КСР-інің мемлекеттік егемендігі» жөніндегі Мәлімдемесінде қазақ халқы мемлекет құрушы ұлт деп танылды. 1991 жылғы 16 желтоқсанда қабылданған Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі жөніндегі конституциялық заңда қазақ ұлтының өз мемлекеттілігін анықтауға құқы бар екені көрсетілді. 1993 жылы 28 қаңтарда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясында да Қазақстан мемлекеттілігінің ұлттық сипатына ерекше мән берілді. Ол бойынша да Қазақстан өзін-өзі таныған, өз болашағын өзі анықтайтын қазақ ұлтының мемлекеті деп танылды.
Тәуелсіз еліміздің бұл кезеңінде мемлекеттігіміздің формасын ұлттық деп жариялаудың объективті қажеттілігі болды.

4. 3. Қарағанды шахталары, Жезді, Шығыс Қоңырат, Мырғалымсай, Найзатас кеңіштері, бірқатар байыту зауыттары, Ақтөбе ферра қорытпа зауыттары, Текелі және Өскемен қорғасы-мырыш комбинаттары, алматыда машина жасау. Негізгі қалалар Алматы Орал Шымкент Семей Қарағанды Ақтөбе Петропавл

5. 1. "Айқап" - қоғамдық-саяси және әдеби журнал.

1911-1915 жылы Троицк қаласында басында айына бір рет, кейіннен айына екі рет шығып тұрған. 1-2 мың данамен 88 нөмірі жарық көрген. Алғашқы редакторы - М. Сералин.
"Айқап" қазақтың қоғамдық санасының оянуына және ұлттық мәдениеттің дамуына үлкен үлес қосқан. Журналда қазақ ауылдарындағы оқу-ағарту жұмыстары, әйел теңдігі, отырықшылық өмір салтына көшу, сонымен қатар Мемлекеттік Думаға қатысу жөніндегі саяси мәселелер көтерілді. Журналды шығару жұмыстарына Ә . Ғалимов, С. Торайғыров қатысқан. Журналда А. Байтұрсынұлы, Ш. Құдайбердіұлы, Б. Майлин, Б. Өтетілеуов, С. Көбеев, Н. Құлжанов, т. б. сияқты белгілі жазушылар белсенді қызмет атқарған. Абай, Ш. Уәлиханов, Ы. Алтынсарин өлеңдерімен қатар халық ауыз әдебиетінің шығармалары, шығыс, орыс және еуропа әдебиетінің туындылары жарияланған.

5. 2. Алаш партиясы мүшелері Алаш Орда үкіметінің құрамында барынша көпшілігі болған. [2] Тарихты халық жасағанымен, қоғамның тарихи даму заңдылықтарын реттеп отыратын заңдар мен құқықтық құжаттарды, саяси-құқықтық доктриналарды нақты тұлғалар жүзеге асыратыны белгілі, осы салада мемлекеттік тілдің де атқарар қызметі зор. Қазақ жері екі ғасырдан астам Ресей самодержавасының қол астында болған жылдарда, қазақ халқының өз тағдырын өзі билеу құқығынан айырғаны, көк түрік дәуірінен бастау алған бірегей саяси тарихы бар халық, түгелдей империялық заңдардың бұғауына түскені, біздерге тарихтан белгілі. Қазақ қоғамының осы бір қасіретін халықтың озық ойлы, көзі ашық өкілдері аңғара бастады. Олар халықты саяси күрес додасына бастап шықты. Бұған себеп болған 1917 жылғы Ресейдегі қос төңкеріс еді. Патша үкіметінің тақтан құлауы саяси күресті одан әрі қыздыра түсті. Қазақ зиялылары саяси қызметтің қатерлі жолына жалтақтамай, жанқиярлықпен күрескен көрнекті тұлғалар шықты. Олар: Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, М. Дулатов, Ж. Ақбаев, Ә. Ермеков, Х. Досмұхамедов, Ж. Досмұхамедов және т. б. болатын. Олар патша самодержавасының қазақ халқының саяси-сезімінің қалыптасып, оның саяси күреске ұласуына, барынша кедергі келтіріп отырғанын бірден түсінген еді.

5. 3. 930 ж. мамыр айында КСРО ХКК “Қазақстанда еңбекпен түзету лагерін құру (ҚазЕТЛАГ) туралы” қаулы қабылдады. 1931 ж. 19 желтоқсанда шешім шығарылып, “Ги­гант” совхозы ОГПУ-дің Қарағанды жеке еңбекпен түзету лагері болып қайта құрылды, қысқаша “Қарлаг ОГПУ” аталған бұл мекеменің “Долинское” селосында басқармасы орна­ласып, ГУЛАГ-қа тікелей бағындырылды. Қарлагтың солтүстіктен оңтүстікке дейінгі аумағы - 300 км, шығыстан батысқа - 200 км.

Қарлагқа қоныстанушылар 1930 жылдары бұрынғы партия өкілдері, кулактар мен байлар, сондай-ақ, айыпты боп табылған жұмысшылар мен шаруалар болды. Қарлаг өмір сүрген уақытта онда 1 млн. тұтқын тіркелген: тұтқындар құрамы үнемі өзгеріп отырды: жаңадан лек-легімен адамдар әкелініп, этаппен өзге лагерьлерге жөнелтіліп жатты. ГУЛАГ жобасы бойынша Қарлаг 32 мың тұтқынға арналған, ал шын мәнінде мұнда 75 мыңдай адамға дейін ұсталды. Тұтқындар санын арттыру Қарлагқа жүктелген халықшаруашылық міндеттерімен - Қарағанды көмір алабын игеру, Жезқазған және Балқаш металлургия комбинаттарының құрылысымен тығыз байланысты болды. Алайда тұтқындардың негізгі бөлігі ауыл шаруашылығы жұмыстарына тартылды. Лагерь тұрғындарының ауыл шаруа­шылығында 98, 5%-ы, ал өнеркәсіпте - 41, 5%-ы істеді. Қарлаг әкімшілік жағынан 1931 ж. 14 бөлімше, 64 участокке бөлінсе, 1941 ж. - 22 бөлімше, 159 участок болды, ал 1953 ж. - 26 бөлімше, 192 лагерь нүктелері белгіленді.

6. 1. Кеңес өкіметінің алғашқы қүндерінен бастап мәдени құрылыс мәселесімен халық ағарту бөлімдері айналыса бастады. Барлық мәдени революция міндеттерінің ішінде сауатсыздықты жою жөніндегі шаралар ерекше мәнге ие болды. 1919 жылы 26 желтоксанда РКФСР ХКК қабылдаған «РКФСР халықтары арасында сауатсыздықты жою туралы» Декреті бұл мәселе бойынша негізгі міндеттерді белгілеп берді. 1919-1923 жылдары Қазақстанда сауатсыздықты жою науқанын бастау барысында мынадай кедергілердің бар екендігі байқалды: Халықты оқытуға жарайтын маман кадрлардың жетіспеуі; Жаңа окулықтардың жоқтығы және жазу құралдарының жеткіліксіздігі; Қалаларда әсіресе ауылдық жерлерде білім беру органдарының материалдық-техникалық базасының өлсіздігі. 1924 жылдың ақпан айында Қазақстанда Бүкілодақтық «Сауатсыздық жойылсын» қоғамының бөлімшесі құрылды. «Сауаташқыш» газетінің бетінде жекелеген топтар үшін сабак өткізу жоспары жарияланып тұрды, сауатсыздықты жоюшы-мұғалімдер даярлайтын қысқа мерзімдік курстар ашылды. 1930 жылғы 11 акпанда Қаз ОАК-і «Қазақ АКСР-інде халықтың сауатсыздығын міндетті түрде жою туралы» қаулы қабылдады. Жою мерзімі бірінші бесжылдықтың аяғы болып белгіленді. Шараларды жүзеге асырудың жоспары жасалды және сауатсыздықты жоюға арналған қаржы қоры құрылды. 1931 жылы республикада шалғай аудандарға мәдени жорық ұйымдастырылды. Комсомол және пионер ұйымдары оған белсене атсалысты. Алайда елде сауатсыздықты жою ісі тіпті 1935 жылы, мәдениет майданы қызметкерлерінің съезі өткенге дейін аяқталмады. Осы съезден кейін республикадағы сауатсыздықты жою жұмысы өзінің соңғы кезеңіне аяқ басты. қазақ АКСР Ағарту халкомы жанынан ересек халыққа білім беру басқармасы құрылып, оның ішінде сауатсыздар мен шаласауаттылар мектебі бөлімдері ашылды. 1939 жылы Қазақстан халқының жалпы сауаттылығы 76, 3%-ға жетті.

6. 2. Е. Бекмахановтың ғылыми мұрасы оның тақырыптарының алуан түрлі болуымен, тарихи мәселелерді кең қамтуымен және оларды байыпты шешуімен ерекшеленді. Оның еңбегінің бастысы 1947 жылы Алматыда орыс тілінде жарық көрген "XIX ғасырдың 20-40 жылдарындағы Қазақстан" атты монографиясы болды. Осы тақырыпта 1946 жылы Мәскеуде тарих мамандығы бойынша докторлық диссертация қорғаған.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Отанымыздың азаттығы аға ұрпақтың арманы болған
Тәуелсіздік мерекесі
Парсылар
Насролла Мубашшир ат-Таразидің өмірбаяны
Отан қорғаушының жеке басын дамыту
Орал қаласы – Азиядан Еуропаға, Еуропадан Азияға өтетін сауда жолы
Қазақстандағы тәуелсіздік идеясы
Орта ғасыр мәдениеті
Отансүйгіштік- ұлы қасиет
Эссе-шығарма «Саяси идеология»
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz