Қожа Ахмет Яссауи бабамыздың өмірі


Қожа Ахмет Яссауи бабамыздың өмірі
Онгарбаева Камшат, Болат Мөлдір
М. Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті, Тараз қ.
e-mail:
Аннотация
Тірек сөздер:
Аннотация
Ключевые слова
Annotation
Keywords:
Қожа Ахмет Яссауи бабамыз - Қазақ әдебиетімен қатар барша түркі мәдениетіне өзіндік зор үлесін қосқан дана тұлғалардың бірі, сопылық ілімді насихаттаушы. Қожа Ахмет Яссауи болжам бойынша XI - XII ғасырлар шамасында дүниеге келді деген ақпараттар бар. Алайда, бабамыздың дүние есігін ашқан күні де, өмірден өткен күні де әр деректе әр түрлі болып келеді. Бабамыз жайлы біздің нақты білетініміз, адамзаттың барлығын имандылық пен мәдениеттілікке, жақсылық жасап, жамандықтан аулақ болуға, бір Аллаға сенуге шақырған. Жеке тұлғаның бойынан табылуы тиіс ізгі қасиеттердің барлығын көркем сөзбен суреттеп, жеткізе білген дана да дара түлға.
Бүгінде Қожа Ахмет Яссауи бабамыздың хикметтері мен басқа да даналық тұнып тұрған асыл сөздері халық аузында жүргенімен, бала Ахметтің дана Қожа Ахмет Яссауиге дейінгі өмір тарихын, қуанышы мен мұң-зарын бірі білсе, бірі біле бермейтіні шындық.
Қазақ халқының байырғы мәдениетінің тарихында айырықша орны бар ұлы ақын, сопылық поэзияның негізін салушы, күллі мұсылмандарының рухани ұстазы болған ұлы ойшыл, діни қайраткер - Қожа Ахмет Яссауи бабамыз. Өз аты Ахмет, есімінің алдындағы «қожа» мұсылман дінін таратып, уағыздаушылық қызметіне орай берілген атау, ал соңындағы «Яссауи» ақынның қай жерден шыққандығын көрсетеді. Бірақ нақтылық үшін айтасақ, Йасы қаласы - оның туған жері емес, жастайынан жетім қалып, ағайын-туыстарының қолына келіп, бала кезінен өскен жері. Ақынның туған жері - қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысының Сайрам ауданы.
Көзін ашқаннан діндар отбасында өскені бар, тақуа ұстаздан білім үйренгені бар әрі өзі өмір сүрген заманның ықпалы бар Ахмет те жастайынан өз өмірін ізгілік пен мейірімділікке, адамгершілік пен тақуалыққа арнағанды жөн көреді. Сол себепті ол халыққа рухани-ағарту жұмысын жүргізу керектігін ерте түсінген. Бала Ахметтің басты ұстазы, тәрбиешісі Арыстан баб болды. Бабамыз өз ұстазы Арыстан бабты пір тұтып, өз жырларында Арыстан баб бейнесін ерекше сипаттайды. Сонымен қатар, Қожа Ахмет Яссауи бабамыздың тағы бір ұлы ұстазы Юсуф Хамадани. Осындай ұлы тұлғалардан білім алып, хат таныған Ахмет, сопылық ілімді насихаттаумен қатар, өзі де шәкірттер тәрбиелеуді қалға алады. Байырғы аңыз-әңгіме, деректерге қарасақ бабамыздың шәкірттері өте көп болған деседі. Ал, біз нақты білетін шәкірттері - Арыстан бабтың ұлы Мансұр Ата, Сүлеймен Бақырғани, Сайид Ата Хорезми, Мұхаммед Данышменди, т. б.
Қожа Ахмет 1157 жылдар шамасында алпыс үш жасқа толғаннан кейін «пайғамбар жасына жеттім, бұдан әрі өмір сүруім күпірлік» деген оймен осы күнгі өзінің мүрдесінің үстіне тұрғызылған ғимараттан оңтүстік батысқа қарай жүз метрдей жерде Аллаға құлшылық ететін бір кісілік жер асты жертөле мешітін салдырған. Қожа Ахмет Яссауи бабамыздың 63 жастан асқаннан кейінгі жер астындағы тұрағын қарапайым халық «қылует» деп атап кеткен. Қылует сөзі - біршама өзгеріске түскен араб сөзі болып табылады.
Қожа Ахмет Яссауи бабамыз өз кезеңінде біліктілігі мен шешендігі арқасында барша түркілерге мәлім болды десек, ал бабамыздың хикметтері тарихи-әдеби шығармалар арасынан ойып тұрып орын ала алды. Бабамыз дүниеден өткеннен кейін оған арнап тұрғызылған кішігірім мазар, қазіргі таңда барша әлемді таң қалдырған сәулет өнерінің ерекше туындысы. Бабамыздың кесенесі қазіргі Түркістан қаласында орналасқан. Қазіргі таңда, Қожа Ахмет Яссауи бабамыздың кесенеісіне жыл сайын мыңдаған туристтер келеді.
Ал кесене тарихына үңілер болсақ, кесене құрылысы 1395 жылы Әмір Темір бұйырығымен салына бастаған болатын. Алайда Әмір Темір өмірден өткеннен кейін, бұл істі құрылысшылар жалғастырмауына байланысты, кесене құрылысы аяқталмай қалған еді. Әмір Темір көрегендікпен жаңа біткен ғимарат туралы ешқашан да, қандай болған жағдайда да сатуға, жекеменшік секілді ұрпақтан-ұрпаққа уақытша немесе түбегейлі біреуге беруге болмайтынын қатты ескерткен.
XIV ғасырдың аяғы - XV ғасырдың басында Ахмет Яссауидің кесенесі салынды. Ахмет Яссауи кешені аумағы 46, 5х65, 5 м болатын порталды-күмбезді үлкен ғимарат болып табылады. Үйдің аралық ені 50 м үлкен порталы мен аралығы 18, 2 болатын аркалары бар. Үйдің еденінен орталық залдағы күмбездің ең биік жеріне дейінгі биіктігі 37, 5 метрге тең. Ал күмбездің жалпы диаметрі 18, 2 м [1] .
Ғимараттың кіре беріс есігінің ішкі маңдайшасында қазірге дейін жақсы сақталған жазудан мынадай сөздерді оқуға болады: «Бұл әулие мекен Алла Тағаланың рахымы жауған падиша Әмір-Темір Көрегеннің жарлығы бойынша орнатылды . . . Алла Тағала оның әмірінің ғасырлар жасауына нәсіп етсін!»[4]
Құрылысты салушы сәулеткер жергілікті халықтың тұрмысын, сенімін-нанымын, ою-өрнегін жақсы біліп, сабақтастырған. Кейбір қабырғалардың оюы қазақтың киіз үйінің керегелерін, кілем, текемет сынды қалданыстағы бұйымдарының өрнектеріне ұқсастығы байқалады. Құран аяттарын қабырғаларға әсем оймыштар арқылы сиыстырып, оны жазудан гөрі обға ұқсатып жіберген. Яғни шебер шығыс құрылыс өнерін жергілікті халық өнерімен тамаша ұштастырған.
Халық аңызына қарағанда Сайрамнан басталатын жер асты жолының бір шеті Түркістандағы Қожа Ахметтің осы қылуетінен шығады делінген. Ал, кейбір деректерге қарағанда, Қожа Ахмет осы қылуетте күні бойы құдайға құлшылық етіп, ал ымырт қараңғылығы т. скен соң өзіің жер асты мешітінен әрі қарай қазылған жолмен Йасыдан он үш шақырым ұзап шығып, жусанды даланың жұлдызды түндерінде таза ауамен тыныстайды екен.
Қылуетте ғұмыр кешкен он үш жылдың ішінде Қожа Ахмет өзінің «Хикмет» («Даналық сөздер») деп аталатын циклды өлеңдерін жазған. Даналық сөздер 4 мың 400 жолдан тұрады. Бірақ, өкінішке орай, шайырдың «даналық сөздерінің» түнұсқасы сақталмаған. Ал, бізге жеткен нұсқалары XV және XVII ғасырларда көшірілген нұсқалары ғана.
Қожа Ахмет Ясауи кесенесі талай ғасырдан бері мұсылмадықтың алтын бесігі болып келеді. Оны бүкіл қазақ жұрты, түркі әлемі ерекше қасиет тұтады. Қожа Ахмет Ясауи кесенесі - түркі әлемінің рухани орталығы, екінші Мекке деп те аталады.
Белгілі ғалым М. Е. Массон бұл ескерткіш туралы былай деп жазды: «Жасалған құдіретті кесененің жоспары жағынан да, түпкі ойы жағынан да Орта Азияда ұқсасы жоқ. Ол - бірегей. Бірақ оның көк тіреген зәулім тұрпатындағы ислам өнері жасап шығарған дәстүрлі сипаттың арғы жағынан дәуірге үндес пиғылдың сарыны еріксіз сезіледі, ол сасанилер дәуіріндегі Пресеполдың аса салмақты стилі мен императорлық Византия сәулет өнерінен түйсік арқылы алынған болуы мүмкін. Ктесифон мен Фурузабад сарайлары П әрібі түріндегі жоспардың сипатты тұрпатынан өз көрінісін тапқан; сасанилер патшаларының қабылдау залының алып күмбезі айбынды порталға үлгі болған. Даңқты Шығыстың ғана емес, мұсылмандық Түркияның да сәулет өнеріне, едәуір дәрежеде сан ғасырларға озып кеткен сол дүниежүзілік ескерткішке тәуелділіктің Қожа Ахмет кесенесінде айқын көрінгені сонша, оны «мұсылмандардың Айя-Софиясы деп толық негізбен атауға болады» [1]
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz