Ұжымдық қорғаныс және жеке қорғаныс құралдары


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   

Өздік жұмыстарға арналған тақырыптар:

1-тақырып. Ұжымдық қорғаныс құралдары

а) панаханалар;

Панаханалар жан-жақты қымталған құрғылардың және желдеткіш құралдарының болуымен сипатталады Олардың көмегімен адамдар тіпті қираған панахананың өзінде ұзақ уақыт бола алады, олардың қауіпсіздігі бірнеше тәулік бойы қамтамасыз етіледі. Панахананың кіреберісі мен шығаберісі болуға тиіс, ал ол құлаған жағдайда авариялық шығаберіс болуға тиіс.

Панаханалар су баспайтын учаскелерде тереңдетілген топыраққа берік материалдардан салынады. Жамылғының төменгі жағы, әдеттегідей, жердің жоспарлық белгісінен биік орнатылмайды. Панахана еденнің деңгейі жер асты суының деңгейінен барынша биік болуға, 0, 5 м кем болмауға тиіс.

Панаханың қорғау сенімділігіне қоршау құрылғыларының өте беріктігі, сондай-ақ қоршаған өртаның үстіңгі беті радиоактивті улағыш заттармен және бактериалдық құрал-дармен ластанған немесе жаппай өрт қаулаған жағдайда панахананың қауіпсіз тіршілігін қамтамасыз ететін санитарлық-гигиенатіық жағдайларды жасау есебінен қол жеткізіледі.

Панахананың сыйымдылығы отыруға (бірінші яруста) және жатуға арналған (екінші және үшінші ярус), орындардың жиынымен анықталады. Шағын - 300 адамға дейін, өрта - 300-600 адам, үлкен - 600-ден астам адам.

Бейбіт уақытында панахана олардың қорғаныс ерекшеліктерін бұзбай өндірістік және шаруашылық-тұрмыстық мақсаттарға пайдалануы мүмкін.

Панахана онда жасырынған адам үшін қажетті санитарлық гигиеналық жағдаймен қамтамасыз етуге тиіс: ауадағы көмір қышқыл газдың көлемі 1% (шекті жол берілуі - 3%), ылғалдылық 70% (шекті жол берілуі - 80%), температура 23 °С (шекті жол берілуі - 31 °С) аспауға тиіс.

Панахана мына негізгі талаптарды ескере отырып түрғызылуға тиіс. Олар: адамдардың үздіксіз келіп кетуінің қамтамасыз етілуі, су баспайтын жерлерге салынуы, су беру және қысымдық канализация желісінен алые болуы, пана­хана арқылы транзиттік-инженерлік коммуникацияның өткізілуіне жол бермеу.

б) радиациялық қорғау орындары;

Радиациялық қауіпсіздік - ұлттық қауіпсіздіктің маңызды элементі және ол қазіргі және болашақ ұрпақтарды радиациялық ластанудың зиянды әсерінен қорғау жағдайын білдіреді. Тарихи және саяси тұрғыда қалыптасқан себептерге байланысты Қазақстан үшін радиациялық қауіпсіздік мәселесі ерекше мәнге ие. Қазақстан ядролық қарудан өз еркімен бас тартқан алғашқы мемлекеттердің бірі. Дегенмен, ядролық қаруды қолданудың салдары әлі де орын алуда. «Айталық, тек Семей ядролық сынақ полигонында 40 жылдық жоспарлы ядролық қаруды сынақтан өткізу мерзімінде 500 ядролық және термоядролық жарылыстар орын алғаны жақында ғана белгілі болды. Жарылған зарядтардың жалпы қуаты тротил эквивалентінде 18 мегатоннаны құрайды. Бұл аймақтың тек экологиялық жүйесіне ғана зиян келтірілген жоқ, сонымен қатар Семей, Курчатов қалаларында, Знаменка, Қайнар, Саржал, Долан, Қарауыл, Шаған елді мекендерінде тұратын әртүрлі жастағы жарты миллионға жуық адам радиациялық ластанудың құрбанына айналды. Бұл жағдай радиациялық қалдықтардың аэрозольды және диффузды түрде тасымалдануы (мал жайылымдары, жем-шөп даярлау және т. б. ), сондай-ақ жабайы аңдардың түрлі жолдармен тасымалдауы салдарынан орын алуда [1] .

элементтер мен заттардың табиғи радиоактивті деңгейінің (бұл жағдайда радиоактивті ластану физикалық және химиялық ластану түрінде қарастырылуы мүмкін) жоғарылауымен тығыз байланысты

в) қарапайым панахалар.

Панаханалар жан - жақты қымталған құрылғылардың және желдеткіш құралдарының болуымен сипатталады. Олардың көмегімен адамдар тіпті қираған панахананың өзінде ұзақ уақыт бола алады, олардың қауіпсіздігі бірнеше тәулік бойы қамтамасыз етіледі. Панахананың кіреберісі мен шығаберісі болуға тиіс, ал ол құлаған жағдайда авариялық шығаберіс болуға тиіс.

Панаханалар су баспайтын учаскелерде тереңдетілген топыраққа берік материалдардан салынады. Жамылғының төменгі жағы, әдеттегідей, жердің жоспарлық белгісімен биік орнатылмайды. Панахана еденнің деңгейі жер асты суының деңгейінен барынша биік болуға, 0, 5 м кем болмауға тиіс.

Панахананың қорғау сенімділігіне қоршау құрылғыларының өте беріктігі, сондай-ақ қоршаған ортаның үстіңгі беті радиоактивті улағыш заттармен және бактериалдық құралдармен ластанған немесе жаппай өрт қаулаған жағдайда панахананың қауіпсіз тірішілігін қамтамсыз ететін санитарлық-гигиеналық жағдайларды жасау есебімен қол жеткізіледі.

Жылдам тұрғызылатын панаханалар (ЖТП) дер кезінде жеткілікті саны жоқ жағдайда соғыс барысында немесе шабуыл қаупі кезінде қалалар мен өндіріс объектілерінде салынады, олар қысқа мерзімді (бірнеше тәулік бойында ) темір бетон жиналмалы құрылғысынан немесе ағаш материалынан жасалынады. Мұндай панахананың сыйымдылығы (жататын орынды ескергенде) -50-200 адам.

ЖТП дер кезінде салынған панахана сияқты жасырынатындарға арналған бөлмеден сүзгілік желдету қондырғылары, санитарлық тораптар үшін арнайы орындардан тұруға, авариялық су қоры болуы, кіреберістермен авариялық шығаберістерімен қамсыздандырылуға тиіс. Сыйымдылығы шағын панаханада санитарлық торап пен қалдықтарға арналған ыдыс тамбурда, ал су құйылған ыдыстар жасырынатындар бөлмесінде орналасуға тиіс.

ЖТП ішкі қондырғыларына ауа беру құралдары ауаның УЗ мен БҚ-дан тазалауға арналған ыдыстар, ауа жинағыш және сорғыш саңлауларды қорғауға қорғау құралдары, жарық приборлары, сондай-ақ нарлар мен орындықтар кіреді.

2-тақырып. Жеке қорғану құралдары

а) тыныс алу органдарын қорғау құралдары (оқшаулағыш, сүзгілік, өнеркәсіптік, балалар газқағарлары; респираторлар, мақта-мата маскасы) ;

Тыныс органдарын қорғау құралдарына противогаздар, респираторлар және қарапайым қорғау құралдары жатады.

Противогаздар изоляциялық және фильтрлік болып бөлініп, азаматтық, жалпы әскерлік және балаларға арналған түрлерден тұрады. Изоляциялық противогаздар адамдарды ауа құрамындағы зиянды заттардан қорғаса, ал филтрлік противогаздар ауадағы әр түрлі зиянды қоспалардан фильтр арқылы тазалап қорғайды. Фильтрлік противогаздардың ГП-5, ГП-7(азаматтық), РШ-4, ПМГ-2 (жалпвәскерлік), ДП-6, ДП-6М, ПДФ-Ш (балаларға арналған) және т. б. маркалары пайдалануда. Изоляциялық противогаздардың ИП-4, ИП-5, КИП-5, КИП-7 және т. б. маркалары бар. Респераторлар тыныс алу логагын радиоактивті шаңдардан қорғайды. Мата және маталы-дәке таңбалар да тыныс алу жүйесін радиоактивті шаңдардан, бактериялық заттардан қорғайды

62. сүзгіш газқағарлар- Сүзгілік газқағарларда дем алу үшін түскен ауа улағыш, қатты әсер ететін улы заттардан, радиоактивтік шаңнан, бактериалдық аэрозольдан тазартылады. Сүзгілік противогаздардың ГП-5, ГП-7(азаматтық), РШ-4, ПМГ-2 (жалпвәскерлік), ДП-6, ДП-6М, ПДФ-Ш (балаларға арналған) және т. б. маркалары пайдалануда.

63. Оқшаулағыш газқағарлар- адамдарды ауа құрамындағы зиянды заттардан қорғаса, ал филтрлік противогаздар ауадағы әр түрлі зиянды қоспалардан фильтр арқылы тазалап қорғайды. Изоляциялық противогаздардың ИП-4, ИП-5, КИП-5, КИП-7 және т. б. маркалары бар. Респераторлар тыныс алу логагын радиоактивті шаңдардан қорғайды.

б) теріні қорғау құралдары;

Теріні қорғайтын жеке қорғаныс құралдары. Теріні қорғайтын жеке қорғаныс құралдары (ТҚЖҚҚ) қорғау қызметі бойынша оқшаулағыш және сүзгіш болып екі топқа бөлінеді. Оқшаулағыш құралдардың матералдары газ бен сұйықтықтардың өтуіне жол бермейтін арнайы қабатпен (пленкамен) қапталған.

ТҚЖҚҚ - да үздіксіз болудың ең жоғарғы деңгейі тек бейімделуден өткен құтқарушыларға ғана қолданылуы мүмкін.

Көлеңкеде, күн бұлт кезде және желді ауа райында қорғаныс құралдарында жұмыс істеу мерзімі екі есе ұлғайтуға болады. Аталған темперетурада екінші рет қорғаныс киімінде жұмыс істеу 30 мин дем алғаннан кейін ғана жүргізіледі. Үздіксіз жұмыс істеу уақытын ұлғайту үшін қорғаныс құралдарын деміл - деміл суытып отыру қажет. Суық сумен, сондай - ақ қорғаныс киімінің сыртынан мақта - маталы экрандар кию керек. Бұл экрандарды жұмыс барысында деміл - деміл сулап тұру қажет. Қорғаныс киімімен қыс уақытында жұмыс істеген кезде қатып қалмас үшін тиісті шаралар қолдану керек: аяққа жылы шұлғау орау немесе шұлық кию керек, етікке зығыр шашағын, сабан, қағаз және т. б. салу керек, қорғаныс киімінің ішінен мақталы күртеше, шалбар; басына қорғаныс киімінің астына бас киім киюлері керек.

Сүзгіш қорғаныс құралдары ҚӘУЗ буларын залалсыздандыруға арналған, техникалық құраммен сіңірілген, арнайы материалдардан тігілген киім болып табылады. Құтқарушылар арнайы киімдердің ондаған түрлерін пайдаланады. ҚӘУЗ - ден қорғану тұрғысынан алғанда келесі топтағы қорғаныс киімдері жоғарғы сұранысқа ие:

улы заттардан (сұйық, қатты және аэрозольдардан қорғауға арналған) қорғайтын арнайы киім;

қышқыл ерітінділерінен қорғайтын арнайы киім;

сілтілерден қорғайтын арнайы киім.

Ережеге сәйкес, теріні қорғайтын құралдар қайырмалы бас киімі бар күртеше және жартылай комбенезон түрінде дайындалған.

Авария ошағындағы ҚӘУЗ - ден қорғану үшін негізінен оқшаулағыш типтегі ТҚЖҚҚ қолданылады.

в) медициналық қорғану құралдары.

Жеке қорғаныстың медициналық құралдары - медициналық препараттар, материалдар және арнайы құралдар зақымдау құралдарының әсерін және сақтандыру кезіндегі күрделіліктерді төмендету жөне зақымданудан ескерту мақсатында қолданылады.

Жеке қорғаныстың медициналық қүралдарына радиациядан қорғайтын, залалсыздандыратын жене бактериядан қорғайтын препараттар, УЗ (ҚӘУЗ) рецетурасынан бастап таңғыш құралдары жатады.

Табельдік медициналық жеке корғаныс құралдарына мыналар жатады:

АИ-2 жеке дәрі-дермек қобдишасы; радиациялық қауіпті аумақта тұратын халыққа арналған әмбебап тұрмыстық дәрі-дәрмек қобдишасы - ИПП-8, ИПП-10; жеке химиялық әсер-ден қорғайтын пакеттер; ППМ медициналық - таңу пакеті.

Әмбебап турмыстық дәрі-дәрмек қобдишасы мына құралдармен жабдықталған: радиациядан қорғау қүралдары, жалпы терапевтік препараттар (аспирин, седальгин, аммиак, бесалол, валдидол, нитроглицерин, папазол, диазолин, феназе-пам), антисептикалық және таңғыш құралдар (бриллианттық жасыл, калий перманганат, деринат, левоменоль немесе мафенидин ацетат, мақта, бактерицидті жабысқыш, бинт) .

3-тақырып. Зілзала және оның салдарымен күрес

а) жер сілкінісі, цунами, сел;

Жер сілкінісі - жер асты қыртыстарындағы дүмпулер мен жердің жоғарғы бедерінің тербелуі. Жер сілкінісі екі түрлі жолмен іске асады. Алғашқысы, табиғи жолмен (негізінен тектоникалық процестер), екіншісі, жасанды жолмен (жарылғыш заттар, су қоймаларын толтыру және таудағы жерасты қазбаларды опыру) . Тағы бір ерекше жолы бар. Ол - жанартаулардың (вулкан) оянған кезіндегі лаваның көтеріліуі.

Жыл сайын бір миллионға жуық жер сілкінісі болады. Алайда, олардың басым бөлігі елеусіз дүмпулер болғадықтан, адамдар сезе қоймайды. Есесіне, Жер планетасының әр бір жерінде болып жатқан үлкенді-кішілі жер асты дүмпулері мен жер сілкіністерін Халықаралық деңгейдегі жер сілкіністерін бақылаушы мамандар біліп отырады.

Үлкен қауіп тудыратын жер асты дүмпулері орта есеппен алғанда айына екі реттен болып тұрады. Олар мұхиттың тұңғиығында орын алғандықтан адамдар мекендейтін аймақтарға тигізер зияны болмайды. Тіпті, ондай дүмпулердің салдарынан цунами де пайда болмайды.

Жер сілкінісінің басты себептері ретінде жер қыртысы платформаларының қозғалысы мен қимылдауын айтуға болады. Мұндай қозғалыстар орын алған аймақ жер сілкінісінің ошағы деп аталады. Ал жер сілкінісі ошағының жер бетіндегі нүктесі эпицентрі болып саналады.

б) қар көшкіні, опырылмалар, қар басу;

Қар көшкіні

Қар және мұз көшкіні- тау шыңдары мен құлама беткейлеріндегі қозғалысқа түскен және төмен қарай құлаған қар массасы. Қар көшкінінің құлау себебі беткейдің қарға аса толып кетуінен, беткейде жатқан қар алаңының температуралық қысылуынан және қар қайтадан кристалданғанда, қар кабатының ішінде қиыршық горизонттың пайда болуынан туады.

Түрлері

Қар және мұз көшкіні беткейлермен сырғанау сипатына қарай 4 түрге бөлінеді:

беткейдің бетін түгелдей ала арнасыз сырғитын қар сырғымалар;

жыра, жылғалармен қозғалатын астаулы қар және мұз көшкіні;

ақпа, яғни еркін құлайтын қар және мұз көшкіні;

тау беткейінен құлайтын немесе сырғитын, жолында тұрған кез келген нысандарды өзімен бірге ала кететін қар массасы.

Құрамындағы материалдардың сипатына қарай екіге бөлінеді:

ұсақ кристалды шашпа қардан тұратын немесе шаң сипатты қар және мұз көшкіні (әдетте, қыста болады) ;

тығыз әрі ауыр жабысқақ қардан тұратын, тұтас тақта түрінде төмен құлайтын жылбысқы қар және мұз көшкіні (әдетте, көктемде болады) .

Сипаты

Қар және мұз көшкіні қозғалысының орташа жылдамдығы 20-30 м/с.

Қар көшкіні көлемі бірнеше млн. м³-ге, соққы күші 1м²-ге 60- 100 тоннаға жетіп, жойқын апаттарға әкеліп соқтырады.

Құрғақ (қыстағы) қар және мұз көшкінінің жылдамдығы 80-100 м/с.

Ылғал (көктемде) қар және мұз көшкінінің 10-20 м/с.

Зерттеу және қорғану шаралары

Қар және мұз көшкінін бақылайтын арнаулы стансалар жұмыс істейді, онда қар және мұз көшкіні үнемі зерттеледі:

қар және мұз көшкінінің қалыптасу жағдайы мен олардың таралуының негізгі заңдылықтары, қар жамылғысының режимі мен физикалық-механикалық қасиеттерінің құбылу ерекшеліктері анықталады;

қар қатқабаты күйінің алмағайып жағдайлары анықталып, көшкінді болжаудың тәсілдері жасалады;

қар көшкіндерінің гидрологиялық мәнінің есептік сипаттамалары жасалады;

көшкіндердің тасқын сулар мен селдердің қалыптасу режиміне тигізетін әсері анықталады;

қар өлшеу маршруттары бойынша қар және мұз көшкіндері картаға түсіріледі.

Жүргізілген зерттеулер нәтижесінде халық шаруашылық нысандарын қар және мұз көшкіндерінен дер кезінде қорғау шаралары жасалынып, сел мен көшкінге қарсы ғимараттар тұрғызылады.

в) дауыл, су басу, табиғи өрттер;

Экологиялық апат - табиғат пен қоғам арасындағы тепе-теңдіктің күйреуі. Экологиялық апат кезінде төтенше жағдайлар туып, табиғи экожүйелер мен әлеуметтік жағдайлар күрт өзгереді, жалпы тіршілікке, соның ішінде адамның қалыпты өмір сүруіне қауіпті жағдай төнеді. Экологиялық апатқа ұшыраған аумақтардағы табиғат өзгерістерін бастапқы қалпына келтіру мүмкін болмайды. Сондықтан Экологиялық апат қайтымсыз құбылыс болып саналады. Экологиялық апаттың таралу деңгейіне қарай: ғаламдық, аймақтық және аумақтық (жергілікті) деп бөлінеді.

Ғаламдық Экологиялық апат бүкіл биосферадағы табиғи процестерге әсер етіп, барлық адамзатқа қауіп төндіреді. Мысалы, климаттың ғаламдық жылынуы, Әлемдік мұхиттардың ластануы, озон қабатының (озонсфера) жұқаруы, қышқылды жаңбырдың жаууы, т. б. Экологиялық апаттың пайда болуына әсер ететін жағдайларға байланысты табиғи және антропогендік (техногендік) болып бөлінеді. Экологиялық апаттар көбіне кенеттен болатын табиғи жағдайлардың әсерлерінен (жерсілкіну, жанартау атқылау, құйынды борандар, су тасқындары, т. б. ) және ұзақ уақытқа созылған экология дағдарыс зардаптарынан пайда болады. Соңғы кезде адамның іс-әрекеттерінің тікелей немесе жанама әсер етуі де себепші болуда. Табиғи Экологиялық апаттардың ертедегі геология замандарда да оқтын-оқтын болып тұрғаны - ертеде теңіздерде тіршілік еткен жануарлардың қаңқа қалдықтарының көптеп табылуы дәлел болады. Мысалы, палеозойдың ордовик кезеңінің соңында екі рет жойқын Экологиялық апат болған. Оған Әлемдік мұхиттар деңгейінің алғаш күрт төмендеуі және екінші рет оның күрт көтерілуі әсер етіп, бұрынғы тіршілік еткен теңіз жануарларының көптеген түрлері толықтай жойылып кеткені дәлел. Кейде ғылым-технология прогрестің қарқынды дамуының өзі Экологиялық апаттарға әкелетіні белгілі. Мысалы, 1945 жылы атом бомбасының қолданылуы, 1986 жылы Чернобыль АЭС-сындағы техногендік апат, т. б. 20 ғасырда адам қолымен жасалған Экологиялық апатқа Арал теңізінің тартылып қалуы жатады; қ. Арал апаты

г) адамдардың эпидемиялық аурулары;

Жұқпалы аурулар - зардапты вирустардың, микоплазмалардың, хламидийлердің, риккетсиялардың, спирохеталардың организмге еніп, онда өсіп-өну және өмір сүру салдарынан туатын аурулар. Жұқпалы аурулар бактериялардан және басқа организмдерден (жанды денелерден) пайда болады, олар организмге аса зиянды. Олар әр түрлі жолдармен тарайды. Бактериялар, инфекция туғызатын басқа да көптеген организмдердің ұсақтығы соншалықты, оларды микроскопсыз кере алмайсыз - ал арнаулы құралмен қарағанда сол зәредей зат үп-үлкен болып көрінеді. Ал вирус тіпті бактериядан да ұсақ.

Жұқпалы ауруларды кейде тек «инфекция» деп те атайды. Олар:

Ішек аурулары;

Жоғарғы тыныс жолдары аурулары;

Қан немесе трансмиссивті аурулар ;

Сыртқы қабықтардың аурулары болып бөлінеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жеке қорғаныс құралдары ұжымдық қорғаныс құралдары
Жұмысшыларды қорғану құралдары
Медициналық қорғаныс құралдары
Ұжымдық қорғаныс құралдары
Құрылыс нысандарында қолданылатын жеке қорғаныс құралдары
ТЖ тұрғындарын қорғау формалары
Жеке қорғану құралдары
Құрылыс нысандарында қолданылатын қорғаныс құралдары
Медицина қорғаныс құралдары
Жеке қорғаныс құралдары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz