Құдайберген Жұбановтың Абай – қазақ әдебиетінің классигі мақаласы туралы


Құдайберген Жұбановтың «Абай - қазақ әдебиетінің классигі» мақаласына
ХАБАРЛАМА
«Абай - қазақ әдебиетінің классигі» Құдайберген Жұбанов тұжырымы - қазақ өркениетінің тарихында бұрын-соңды ұшыраспаған соны пікір. Керек десеңіз, абайтанудың бұралаңы мол, соқпағы көп қалыптасу жолында, негізсіз даттаулар, жөнсіз күйе жағу басым шақта ешнәрседен қаймықпай, тосын тезисін ұсынуы - батылдық. Батылдық қана емес, сұрқылтай заманның сесінен именбей, қисық саясаттың қаһарына мойынсұнбауы - көзсіз ерлік. Жай ерлік қана емес, қазақ әдебиеттануындағы төңкеріс.
«Еленбеген ерекшелік» бөлімінің алғашқы сөйлемі орасан зор міндетті шешуді мойнына алған. Ол сөйлем мынау: «Қазақ әдебиетінің тарихындағы Абайдың ұстайтын орнын босағаға қарай ысырмалаушылар, оған да місе тұтпай, табалдырықтан шығарып тастаушылар, менің байқауымша, даусыз бір моментті ескермейді; ол - өз тұсында, жалғыз қазақ қана емес, басқа көршілес елдерден де Абайдың әдебиеттегі үздіктігі». Үздіктіктің сыры неде? Оған жауапты бір ғана қазақ әдебиетінің болмысынан іздемейді, шалғайдағы Армения мен Грузия, көршілес Орта Азия халықтарының әдеби мұрасынан нақты мысалдарды сұрыптап, пайымына дәлел қарастырады. Көршілес елдердің ұлттық тіліндегі құбылыстарға сараптама жасау барысында қызғылықты тұжырымдар түйіндеуге жетіседі. Оның ең бастысы ұлы ақынның сөздік қорына, шығармаларының табиғатына, тіл тазалығына байланысты.
Ғалым Абайдың қазақтың өлең үлгілерін жаңартып, әдеби тілді жетілдірудегі рөлін башқұрттың Шайқызада Бабичінен, татардың Маржаниі мен Насириінен жоғары бағалайды. Осының өзінен-ақ профессордың эрудициясының қаншалықты тереңге сілтейтіні байқалады. Тіпті неміс прозасының негізін қалаған. М. Лютердің «Жаңа өсиетті» аударғанын тілге сіңірген еңбек ретінде бағалаған Энгельс шығармаларын шола отырып, Абайдың аударғаны Құран емес, Байрон, Пушкин, Лермонтов, Гете, Крылов туындылары екенін, оның «бейнелі ақын ол кезде қазақты ғана емес, көрші елдерде де болып жарымағанын» тәптіштейді. «Қан сонарда бүркітші шығады аңға» жазылғанда татардың жаңашыл ақыны Абдолла Тоқайдың әлі дүниеге келмегенін де еске ала кетеді. Ол Абайды «жағдайының жағдайсыздығы тудырған» жан ретінде танып, оны өз ортасының Дантесі деп бағалайды. Сөйте тұра, Дантенің ескінің соңы, жаңаның алды екенін, ал «Абайдың алды жоққа жуық та, арты ғана бар; ол- соны дәуірдің басы, жаңалық желісінің шет бұршағы сияқты» деп біледі. «Еленбеген ерекшелік» дегенде Қ. Жұбанов осыларға мән беруді көздеген тәрізді. Абайдың ақындығын философиялық тұрғыдан пайымдаған Құдайберген Қуанұлының пікірлері сонылығымен баурап алды.
Қазақ лингвистикасының көрнекті өкілдері атап көрсеткендей, Абайдың заманындағы әдеби тілді ұстартуға қосқан үлесі мен әдеби тіл нормаларын жаңа сапаға көтерудегі қызметі ерекше. Құдайберген Қуанұлы аталмыш мәселелердің түп төркінін сонау өткен ғасырдың отызыншы жылдары басты нысанасына айналдырған. Қ. Жұбановша айтсақ: «Абайдың ақындығын, басқа қасиеттерін былай қойып, тек әдеби тілімізді жасаудағы еңбегінің өзін ғана алсақ та, ақымыз кететін түгі жоқ».
Екінші бөлім - «Абай және шағатай әдебиеті». Шағатай әдебиетіндегі мистицизм, диуаналық лирика Абайда атымен жоқ екенін саралаған Қ. Жұбанов оның Науаиден де ерекше тұратынын таниды. Ғалым Абайдың шағатай дәуірінде жазылған елеулі өлеңдерін талдай келе, оның «бір аяғы шағатайда тұрса да, бір аяғы шетке аттауға таянған кезі» екенін дәл байқайды. Шынында әуелгі жастық жалын сарынында жазылған екі-үш өлеңінде ғана шағатай әдебиетінің ықпалын танығандай боламыз. Ал бұдан кейінгі өлеңдерінің бәрі де - Қ. Жұбановтың дәлелдеуіндей, асқан шеберлікпен шеңдесіп жататын дүниелер. Осы орайда Қ. Жұбановтың шағатай әдебиетінің дәстүрлі мазмұны мен түрін бақайшағына дейін шаға талдап, Абайдың одан ерекшелігін жеріне жеткізе дәлелдейді:
«1) шағатай әдебиетінің негізгі бағыты - мистицизм; Абайда бұл жоқ;
2) шағатай әдебиеті тілі араб-парсымен шұбарланған шұбар тіл; Абайда бұл - машықтау үшін болмаса, ұшырамайды.
3) шағатай әдебиетінде өлең өлшеуі - араб-парсының ғаруз өлшеуі; Абай мұны ерте тастаған.
4) Абай сияқты төрт аяғы тең жорға ақын шағатайдың ғарузын сүйсінген болса, жазып алып сүйсінбей, басқа да бір қасиеттерін қосып ала жүрген болар еді. Абайдың қылуасында олармен әдеби оты ерелі жанатын халық жоқ. Абай шығыс үлгісін көрмей, білмей аман кеткен ақын емес, белшесінен кешіп барып, батпағына аунап барып одан шығып, тастап кеткен ақын». Қазақтың жаңа жазба әдеби тілін жақсартудағы Абайдың тірек еткені - халықтың сан ғасырлар бойындағы сұрыптап, жетілдіріп келе жатқан халық тілі екенін Қ. Жұбанов дөп таниды.
Кеңестік замандағы шығыстық үлгіні сүмірейтіп, діншілдіктің ұйтқысы ретінде құбыжық етіп көрсететін залалды үрдіс келмеске кетті. Құдайберген Қуанұлының мақаласында шығыстық мотивтер мен шағатай тіліндегі үлгілер жан-жақты талдау объектісіне айналды. Абай поэзиясындағы тырнақалды ізденістерде көрініс тапқан шығыстық дәстүрлерден көп ұзамай безінуін жақсы жағы тұрғысында талдайды. Оның дау туғызатын тұстарының бары сөзсіз.
«Абай және халық әдебиеті» аталатын үшінші бөлімде проф. Қ. Жұбанов Абайдың өсу, қалыптасу жолын қадағалай қаузап, саралай келеді де, қазақ өлеңдерін артық-ауыс дүниелерден, жұртты жалықтырар арзан ақиқаттан арылтқанын дәлелдейді. 13 жасында Науаи, Сағди, Фердоусиге елеңдеген Абай біртіндеп Хафиз, Сағдиларды сүзіп өтіп, Байрон мен Гетеге құлаш ұрады, сосын Нысанбай, Бұхарларды игеріп, Пушкинмен, Лермонтовпен сырласады. Міне - Жұбанов таныған Абайдың өсу, машықтану жолы. Бұл - Абайдың «қазақтың өзге жұрттан сөзі ұзын» екенін таныған тұсы. Ақын жүректі лингвист Абай өлеңдерінің астарлы ой арқалап, терең тебіреніске бөлейтін сипатын ерекше зердемен танып, оның тіл қолданыстағы қабілет қарымын талдайды.
Қ. Жұбанов өз зерттеуінде Абай туындыларына тірек болған қайнар көзін іздейді. Қайнар көзі халық әдебиетінде екенін көреді. Бұл - Құдайберген Жұбанов енгізген терминдік қолданыс. «Ауыз әдебиетінің» орнына «халық әдебиеті» деп қолдансақ та, артық болмас еді. Құдайберген Жұбановтың: «Халық әдебиеті - халықпен құрдас, бірге жасасып келе жатқан кәрі нәрсе . . . Жаңа шығармасы сол ескі тамырға көктеп еседі . . .
Құдайберген Қуанұлы Абайды ескі мәдениет мұрасын дұрыс пайдалана білген ақын ретінде көрсете отырып, оның тындырған нақты істерін былайша санамалап көрсетеді:
1. Абай шағатай әдебиетінің үлгісімен өлең жазып та көрген, бірақ ішінде қалмай, сыртына шығып, соны жол іздеген.
2. Абай қазақтың халық әдебиетінің айдын жолымен жүріп кетуге шамасы келе тұра, оны өзіне баянды жол деп есептемеген, онан да шетке шыққан.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz