Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ кескіндеме және мүсін өнеріндегі Әйтеке би бейнесі


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   

Приложение 1

ФОРМА ЗАЯВКИ НА ПУБЛИКАЦИЮ СТАТЬИ

1
Фамилия Имя Отчество
Аксакалова Жазира Асылбековна
1: 2
Фамилия Имя Отчество: Организация (полное название)
Аксакалова Жазира Асылбековна: ҚРБҒМ ҒК М. О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты
1: 3
Фамилия Имя Отчество: Сокращенное название организации
Аксакалова Жазира Асылбековна: ҚРБҒМ ҒК М. О. Әуезов ат. ӘӨИ
1: 4
Фамилия Имя Отчество: Страна, город
Аксакалова Жазира Асылбековна: Қазақстан, Алматы
1: 5
Фамилия Имя Отчество: Должность
Аксакалова Жазира Асылбековна: Кіші ғылыми қызметкер
1: 6
Фамилия Имя Отчество: Ученое или академическое звание
Аксакалова Жазира Асылбековна: -
1: 7
Фамилия Имя Отчество: Ученая степень
Аксакалова Жазира Асылбековна: -
1: 8
Фамилия Имя Отчество: Служебный адрес (включая почтовый индекс)
Аксакалова Жазира Асылбековна: Алматы қаласы, Медеу ауданы, Құрманғазы көшесі 29.
1: 9
Фамилия Имя Отчество: Домашний адрес (включая почтовый индекс)
Аксакалова Жазира Асылбековна: Алматы қаласы, Еңбекшіқазақ ауданы, Таутүрген ауылы, Қашағанов көшесі 13 үй.
1: 10
Фамилия Имя Отчество: Контактный телефон (с кодом междугородней связи)
Аксакалова Жазира Асылбековна: 87478421361
1: 11
Фамилия Имя Отчество: E-mail
Аксакалова Жазира Асылбековна: nurbinur_86@mail. ru
1: 12
Фамилия Имя Отчество: Тема статьи
Аксакалова Жазира Асылбековна: Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ кескіндеме және мүсін өнеріндегі Әйтеке би бейнесі.
1: 13
Фамилия Имя Отчество: УДК
Аксакалова Жазира Асылбековна: 75(574)

Аксакалова Ж. А.

М. О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты

кіші ғылыми қызметкер, Алматы, Қазақстан

e-mail: nurbinur_86@mail. ru

Аксакалова Ж. А.

Институт Литературы и искусства имени М. О. Ауэзова

младший научный сотрудник, Алматы, Казахстан

e-mail: nurbinur_86@mail. ru

Axakalova Zh. A.

Institute of Literature and art named after M. O. Auezov

junior researcher, Almaty, Kazakhstan

e-mail: nurbinur_86@mail. ru

Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ кескіндеме және мүсін өнеріндегі Әйтеке би бейнесі.

Образ Айтеке би в казахской живописи и скульптуре за годы независимости.

The image of Aiteke bi in Kazakh painting and sculpture during the years of independence.

Түйін

Ж. А. Ақсақалованың «Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ кескіндеме және мүсін өнеріндегі Әйтеке би бейнесі» атты мақаласы, қазіргі таңдағы қазақ бейнелеу өнеріндегі Әйтеке бейнесін айшықтауға арналған. Мақалада кескіндеме және мүсін өнеріндегі билерге арналған негізгі шығармаларға тоқталып, кеңінен талдау жасалынған. Туындыларға формальдық және салыстырмалы талдау жүргізу арқылы суретшілер мен мүсіншілердің өзіндік қолтаңбалық ерекшеліктері, композиция құрудағы және түстік үйлесімділікті сақтаудағы шеберліктері анықталды. Сонымен қатар тәуелсіздік жылдарында қалыптасқан Қазақстан бейнелеу өнеріндегі жаңашыл бағыттар сараланып өтті.

Түйін сөздер: Бейнелеу өнері, тәуелсіздік идеясы, кескіндеме, мүсін өнері, тарихи жанр, этнографизм, декоративизм.

Аннотация

Статья Аксакаловой Ж. А. «Образ Айтеке би в казахской живописи и скульптуре в годы независимости» посвящена раскрытию образа Айтеке би в казахском изобразительном искусстве. В статье рассматриваются и анализируются основные композиции посвященные казахским биям в живописи и скульптуре. Формальный и сравнительный анализ работ позволил выявить особенности почерка художников и скульпторов, умение создавать композиции и сохранять цветовую гармонию. В то же время, были систематизированы оснавные направления в изобразительном искусстве Казахстана, сформировавшиеся за годы независимости.

Ключевые слова: Изобразительное искусство, идея Незовисимости, живопись, скульптура, исторический жанр, этнографизм, декоративизм.

Аnnotation

The article Axakalova Zh. A. “The image of Aiteke bi in the Kazakh painting and sculpture in the years of independence” is devoted to the disclosure of the image of Aiteke bi in the Kazakh art. The article examines and analyzes the main compositions devoted to Kazakh biys in painting and sculpture. Formal and comparative analysis of the works allowed to identify the features of the handwriting of artists and sculptors, the ability to create compositions and maintain color harmony. At the same time, the established areas in the visual arts of Kazakhstan, formed during the years of independence, were systematized.

Keywords: visual arts, the idea of ​​independence, painting, sculpture, historical genre, ethnographic, decorativeism.

Кіріспе.

Тәуелсіздік жылдарында қалыптасқан Қазақстан бейнелеу өнеріндегі жаңашыл бағыт жанрлардың баяндалуы мен сипатталуы негізінде ашылып, дәстүрлі өнерде жанрлық кескіндемеге бой алдыру жаппай көрініс тапты. Бұл жағдайға еркіндікке қол жеткізген халық санасындағы ұлттық нақышты, ерекшелікті, ұлттық идеяны аңсаған суретшілердің ішкі қажеттіліктері жетелеп келген еді. Кеңестік дәуір шеңберінен шығып, өз тарихын, кемеңгерлері мен данышпан бабаларының есімдерін, салт-дәстүрлері мен ғұрыптарын бүгінгі ұрпаққа танытуда дербес ұлт ретінде нақты қалыптасу мақсатына бағытталған кескіндемеде дәстүрлі, ұлттық нақышта кескінделген туындылар пайда бола бастады.

Ұлттық сәйкестікпен, тарихи негізбен байланысты Қазақстан бейнелеу өнеріндегі бұл тенденция дәстүрлі айшықтарды, мәдени мұраларды кескіндемеде қайта жандандыру үшін тарихи жанрда қарқынды дамыды. Жалпы тәуелсіздік кезеңіндегі Қазақстан кескіндемесіндегі тарихи жанр жайлы сөз қозғалғанда, оның негізгі екі түрлі сипатта көрініс тапқанын айта кету керек. Олардың біріншісі портрет жанрында кең қолданысқа ие болды. Яғни, Қазақстандық суретшілер өз кенептерінде тарихи тұлғалардың, белгілі қоғам қайраткерлерінің жеке келбеттерін жиі бейнелей бастады. Екіншісіне өз шығармаларында тарихи тақырыптағы көлемді композицияларды, қазақ басынан кешкен қанды қақтығыстарды қайта жандандыруға тырысқан суретшілер тобы жатады.

Осы аталған екі топтан бөлек тарихи негізді пайдалана отырып, этнографизм мен декоративизм бағытын ұстанған кескіндемешілер де бар. Ол суретшілер өз кенептерінде қазақы киінген кейіпкерлер мен дәстүрлі-тұрмыс салт көріністерін жиі пайдалана отырып, лирикалық, поэтикалық көңіл күйді жеткізуге ұмтылды. Бұл суретшілер композиция құруда қарқынды динамикалық қозғалыс пен қызу әрекеттен бас тартып, бәсең статикалық баяу көріністерге қызықты. Яғни, кейбір кенептер осының салдарынан ұлттық нақыштарды жарнамалау, дәріптеу немесе жариялау сияқты баяндауларға жол беріп, ностальгиялық сипатқа ие болды.

1990 мен 2000 жылдардың тоғысында тарихи сюжет негізінде құрылған композициялық жұмыстарға мемлекеттік тапсырыстар саны молайып, бұған қызығушылық танытқан бірқатар суретшілер тобы жарыққа шықты. Олар М. Муллашев, Ж. Қайрамбаев, А. Дүзелханов, Ө. Жұбаниязов, Д. Қасымов, Д. Әлиев, Ш. Ноғайбаев, М. Қаспақ, Қ. Әжібеков, Б. Мырзахметов. А. Ахмедияров, Т. Тілеужан, Е. Толепбай сынды қылқалам шеберлері еді.

Әдістер.

Мақаланың тақырыптық аясын ашу барысында, тәуелсіздік жылдарындағы кескіндеме және мүсін өнеріндегі билер образына арналған негізгі туындыларға кеңінен тоқталып, формальдық, стилистикалық және салыстырмалы талдау жұмыстары жүргізілді.

Нәтижелер.

Кескіндемеде өнеріндегі жанрлық туындылар мен мүсін өнеріндегі ескерткіштерге талдау жұмыстарын жүргізу арқылы Қазақстан бейнелеу өнеріндегі Тәуелсіздік идеясының бір қыры ашылды. Сонымен қатар Тәуелсіздік кезеңіндегі бейнелеу өнерімізде орын алған негізгі бағыт-бағдарлар жүйеленді. Қазақ бейнелеу өнеріндегі осы кезеңде негізгі орын алған тарихи жанрдың жаппай белең алу себептері анықталды.

Талқылау.

Тәуелсіздікке қол жеткізуімізбен қатар жедел сұранысқа ие болған өзекті мәселелердің бірі бұл өткенді тану, тарихқа қайта үңілу және тарихты тану арқылы ұрпақтар сабақтастығын орнату болатын. Бұл тұрғыда тарихшы және археолог ғалымдары тарихи парақтарды қайта ақтарып, ақтаңдақтардың орнын толтыруға тырысып жатты. Ал өнер, соның ішінде бейнелеу өнері халық санасында тарихи тұлғалардың бейнесін қайта жаңғыртып, жадында мәңгі бекітуге ат салысты. Мемлекеттік бағдарламасы бойынша ұлы тұлғалар бейнесін қайта жаңғыртып халыққа кеңінен насихаттауда тарихи жанрдың, әсіресе тарихи-портрет жанрының алар орны ерекше. Тарихи портреттер галереясының ішінде тарихтың ажырамас бір бөлігіне, суретшілер мен мүсіншілердің көркем туындыларының басты кейіпкеріне айналған тұлғалар - атақты би-шешендер болды.

Әйтеке Байбекұлы - қазақ халқының бірлігін нығайтуға зор үлес қосқан үш бидің бірі, әділ сөздің төрешісі. Деректер көзінен Әйтекенің Кіші жүздің Әлім тайпасының төртқара руынан шыққандығы, Әмір Темірдің бас кеңесшісі Ораз қажының бесінші ұрпағы, Сейітқұл әулиенің - үшінші ұрпағы екендігі белгілі.

Әйтеке бидің нақты қай жылы туылғандығы жайлы мәлімет белгісіз. Осы турасында Н. Төреқұлов пен М. Қазбектің «Қазақтың би-шешендері» атты кітабында былай делінген: «Әйтеке бидің қай ауылда, қай жылы туғаны әзірше анық емес, әркім әр түрлі жазып жүр. Қазақ Совет энциклопедиясының I-томында: «Айтық, Әйтеке (ХVII ғ. аяғы, XVIII ғ. басы) - Әбілхайыр ханға дейін Кіші жүзді басқарған би. Есім ханның тұсында Самарқанды билеген атақты Жалаңтөс батырдың немересі» деп көрсетілген. Ел аузында айтылып жүрген бір шежіре-аңызда Қаражігіт би (халық Әйтекені осылай да атаған) Ташкент шаһарының қасындағы Келес өзені бойында туған. Ташкентті билеген Төле-биден 18-19 жас кіші еді дейді. Бұл дерекке қарасақ Әйтеке би 1681-82 жылдары туылған болып шығады» [1. 126 б. ] . Осы еңбекте Әбіш Кекілбаевтың да бір деректерге сүйене отырып, Әйтеке бидің 1666 жылы туылып 1722 жылы дүниеден озды деп болжағандығы жайлы мысал келтірілген.

Ел арасында «айыр тілді Әйтеке» атанған би жастайынан ел басқару ісіне, басқа елдерден келген қонақтарды қабылдау, халық арасындағы түрлі дау-дамайды шешу, келісім және бітімгерлік істеріне қатынасып, діни сауат алған. Содан бастап Әйтеке би бұл дүниеден өткенше ел билігінде жүреді. Бір жағынан Қытай, бір жағынан жоңғар, енді бір жағынан қазақ-орыс жерін торлап, шекараға әскерлерін шоғырландырған қиын күндерде Әйтеке би Төле бимен, Қазыбек бимен біріге отырып, елді, жерді қорғауға белсене араласады.

Кіші жүздің төре биі болған Әйтеке сөзге өте шешен болған. Бұқараның білгірі айтқан билік, шешендік сөздер, толғаулар, баталар көп сақталған. Төле би, Қазыбек бимен қатар Әйтеке би де, Әз Тәуке хан дәуіріндегі қазақ хандығының саяси ахуалын жеңілдету мақсатында, елдегі бейбітшілік өмірді сақтауға, бітімгерлік дау-дамайларды шешу арқылы зор үлес қосып отырған. Халық ауыз әдебиетінде «Әйтеке би айтқан» деген шешендік сөздері, толғаулары, бітімгерлік әділ шешімдері сақталып, қазіргі таңға дейін ұрпақтан-ұрпаққа жетуде.

Қара сөздің дүлдүлі болған бабамыздың есімі тек әдебиет, тарих салаларында ғана емес, сонымен қатар бейнелеу өнерінде де көрініс тапты. Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ кескіндемесінде Әйтеке би бейнесі негізінен портреттік және тарихи оқиғаларға құрылған ірі композициялық шығармаларда көрініс тапты. Әділ сөздің шешені болған Әйтеке бидің портреттік келбетін суретші Т. Тоғысбаев пен А. Дүзелхановтың аталмыш жанрда орындалған туындыларынан көре аламыз. Бұл шеберлер тек Әйтеке бидің ғана емес, сонымен қатар Төле би мен Қаз дауысты Казыбек бидің де образдарын кенеп бетінде қалдырды.

Т. Тоғысбаевтың жазған портретінде Әйтеке бейнесі тек кеуде тұсына дейін ғана берілген. Бұл туынды көбінде кітаптарда, түрлі безендіруші плакаттарда иллюстрациялық көрнекі-құрал ретінде қолданылып келеді. Суретші «қара сөздің дүлділін» мұнда ақсақалды абыз бейнесінде беріп, оның халық жадында қалған бейнесіне сай негізгі түр-сипатын барынша жеткізуге тырысады. Ал, А. Дүзелхановтың «Әйтекесі» сәл қырынан отырған қалпында жүзі суық, қабағы қатулы, денесі іріленіп, батыр тұлғалы кейіпте беріледі. Қолдарын екі аяғына қойып нық отырған отырысының өзі оның әділдікті жақтаған, батыл да әрі батыр болған, ұлы тұлға екендігін аңғартады.

Ал Қ. Әжібековтың «Қазақ елі», «Құрылтай» (2005 ж. ) атты туындыларында, Е. Төлепбай мен Қ. Әжібековтың жетекшілігімен орындалған «Мәңгілік ел» триптихында (2015 ж), Н. Қарымсақовтың «Бата» (1998 ж. ) атты кескіндемелік шығармасын, жоғарыда айтып өткен ірі композициялық туындылар қатарына жатқызамыз. Бұл композицияларды тарихтың жинақталған келбеті деуге болады.

Кескіндемеші Қ. Әжібеков халқымыздың асыл мұраларын көксеу, аңсау сезімі арқылы ұлттық бастауларымызға қайта оралуға мүмкіндік беретін, қазақ халқының қалыптасуы жолындағы тарихи тақырыптарға қалам сермеген суретшілердің бірі. Оның «Қазақ елі» атты композициясын тарихтың тұтас бір жиынтығы деуге болады. Шығарманы екі бөлікте қарастырсақ, алдыңғы планда басты оқиғаны суреттейтін, автордың жеткізгісі келген идеясын ашатын негізгі көрініс берілсе, артқы планда алыстан көзге шалынған Қожа Ахмет Яссауи кесенесі тұр. Композицияның басты көрінісінде - қазақ халқының дербес ел ретінде қалыптасуында үлесі-салмағы зор ірі тұлғалардың образдары жинақталған. Бейнеленген сұлбаларды екі топқа бөліп қарастыруға болады. Композицияның оң жағындағы төменгі бөлікте қобызымен мұңдасқан Қорқыт бейнесі кескінделген. Мұндағы Қорқыт бейнесінің орналасу сипаты суретшінің «Қорқыт» туындысындағы қобыз атасының бейнесіне қатты ұқсас. Бұдан жоғарғы бөлікте қолындағы кітабын парақтаған ер адам сәл қырынан орналасыпты. Суреттелу пішіні жағынан бұл - ұлы тұлға, аты әлемге әйгілі ғұлама, философ Әбу Насыр Әл-Фараби бейнесі. Одан сәл жоғарыда қазақтың белгілі ханы Абылай отыр. Ханнан кейін артқы бөлікте қазақтың үш жүзінің төре билері мен сұлтандар бейнесі көрінеді. Үш бидің Абылай ханның қасынан орын алуының өзі билердің мемлекеттің ішкі және сыртқы саяси тірліктеріне етене араласқандығын, қазақ халқының бірлігін нығайтуға зор үлес қосқан, әділ сөздің символына айналған ірі тұлғалар болғандығын байқатады. Абылай ханның жоғарғы тұсында қатарласа отырған Төле би бейнесі көрінсе, одан әрі тұрып тұрған қалыпта Әйтеке мен Қаз дауысты Қазыбек би образы орын алған.

Сол жақ тұстағы екінші топта бесік тербетіп, аналық мейірін шашқан Домалақ ана бейнесі дәл Қорқытқа қарама-қарсы орналасқан. Ал, Әл-Фарабиге қазақтың бас ақыны, ұлы кемеңгер Абай бейнесі қарсы қойылған. Аристотельден кейін дүниежүзі білімі мен мәдениетінің екінші ұстазы атанған данышпан, энциклопидист ғалымға халқымыздың ұлы ақыны, композитор, философ, қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаған Абай образының қарсы қойылуы да өте орынды. Ақынның артқы тұсындағы бір қолына найза, енді бір қолына қыран құс ұстаған адам бейнесінен қазақ ерлерінің батырлығының, аңшылыққа деген әуестігінің жинақталған образы бар.

Жалпы Қ. Әжібеков шығармашылығында тарихи көріністер мен кейіпкерлер этнографиялық нақтылықтан гөрі оқиғаның немесе өткен тіршіліктің ішкі рухани жай-күйін жеткізу басым. Кенептеріндегі бояу жағыстарының бұлыңғырлығы, кейіпкерлердің портреттік дәлдіктен гөрі шартты түрде бейнеленуі арқылы автор қолтаңбасында ата-бабаларымыздың өткен тұрмысына көз жүгірту, тарихқа шолу жасау әдісінің тереңдігін байқаймыз.

Тәуелдсіздік жылдарындағы қазақ кескіндеме өнерінде белең алған «тарихқа» шолу жасау әдісін суретші Н. Қарымсақовтың 1998 жылы орындалған «Бата» атты туындысынан көре аламыз. Н. Қарымсақов Қ. Әжібековқа қарағанда тақырып аясы ауқымдырақ келіп, тарихты қазіргі заманғы уақытқа дейін барынша түгел қамтуға тырысқан. Кенеп бетінен Алтын адамды, Томирис ханшайымын, қазақтың хандарын, билері мен батырларын, ұлы ойшыл-ғалымдары мен ақын жазушыларын, Қорқыт ата мен Домалақ ана, Жамбыл мен Дина, жыршы, күйші, сал-серілер, әншілер мен композиторлар, алғашқы президентіміз Н. Назарбаевтың образы бәрі бар. Бұл туындыда да билер образы қазақ хандары мен алғашқы президентиміз Н. Назарбаевтың жоғарғы жағынан орын алып, негізгі композициялық құрылымның орталығына айналған. Қазақтың әділ сөзінің шешендері түйе үстінде отырып, қолдарын көкке жайып, Алладан елі мен жері үшін тілек тілеп, халқына бата беру үстінде. Үш бидің бейнесіне түскен жарық олардың образдарын, негізгі қызметтерін, жасаған еңбектерін және тарихтың айнымас бір бөлшегіне айналған тұлғалық қасиеттерін одан әрі айшықтай түсуде.

Қазақ кескіндеме өнерінде билер образын қамтыған туындының бірі Е. Төлепбаев пен Қ. Әжібековтың жетекшелігімен жазылған «Мәңгілік ел» триптихінің «Тәуке хан» атты бөлімі. 17-ғасырда қазақ хандығының ыдырап кету қаупіне байланысты Тәуке хан елдің ауызбірлігін сақтап, одан әрі арттыру мақсатында шаралар қарастырып, хандық билікті нығайтуға барынша күш салғандығы тарихтан белгілі. Осындай іс-шаралардың арқасында Тәуке ханның бастауымен, би-шешендердің қолдауымен «Жеті жарғы» атты қазақ халқының дәстүрлі әдеп-ғұрып заңдарының жинағы қабылданған болатын. Композицияның негізгі сюжеті осы тарихи оқиғаға негізделген.

Суретшілер Төле би, Қазбек және Әйтеке би бейнелерін композициялық құрылымның дәл ортасына Тәуке ханның тұсына орналастыру арқылы тағы да билердің қазақ халқы үшін атқарған ерен еңбектерін айқындай түсуде.

Жоғарыда аталып өткен үш туындыға да ортақ қасиет - бұл келешек ұрпаққа тарихты дәріптеу. Кейіпкерлердің образында портреттік дәлдіктен гөрі, шартты түрде бейнелеу басымырақ. Яғни, нақты портреттік бейнесін ашудан гөрі, мұнда билердің қазақ халқының дамуына, қоғамның қалыптасуына, бірлігі мен ынтымақтастығының нығайуына тигізген еңбектерін айшықтау маңызды болып табылған.

Ал тәуелсіздік жылдарындағы қазақ мүсін өнері тарихи тұлғалардың портреттік келбеті сомдалған ескерткіштер қатарымен толықты. Әйтеке бидің және үш бидің образын ашуға көптеген мүсіншілер еңбек етіп, Қазақстанның бірнеше облысы үш абызымызға арналған ескерткіштер қатарымен толықты. Атап айтатын болсақ Ақмола, Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе, Қызылорда, Түркістан, Шымкент, облыстарында монументті ескерткіштер тұрғызылған болатын.

Төле, Қазыбек және Әйтеке билерге арналған монументтің бірі Атырау қаласындағы облыстық сот ғимаратының алдында орнатылған. Бұл жоба Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жүзеге асырылды. Ескерткіштің авторы - белгілі мүсінші Бақытбек Мұхамеджанов. Жалпы монументтің биіктігі 4 метрдей. Билерге арналған бұл ескерткіштің негізгі кейіпкерлері қоладан құйылып, мәрмәр тұғырға орнатылған. Үш жүздің төре билері кезекті бір істің әділ шешімін шығарып отырған қалыпта сомдалған. Ортаңғы бөлікте қолында дау-дамайдың шешімін оқып отқан ораулы қағазы бар Төле би орналасса, оның сол жағында оң қолына кітап ұстаған Қаз дауысты Қазбектің, ал оң жағынан қамшысы бар қолын тізесіне тіреп отырған Әйтеке бидің бейнесін көре аламыз Үш би де үстеріне оюлы қазақи ұлттық киім киіп, арқаларына шапан жамылған. Қатулы қабақтары мен ойлы жүздерінен түрлі дау-дамай мен мемлекеттік мәселелерді шешіп, оның әділ шешімін шығару оңай шаруа еместігін байқауға болады. Бір қарағанда Төле мен Қазыбек биді бас киімдері мен сақал қою үлгілерінен бірден тануға болады. Ал Әйтеке өзгеше бейнеленген. Бұған дейінгі Т. Тоғысбаевтың портретіндегі Әйтекенің образына мүлдем ұқсамайды. Осы уақытқа дейін барлық кітаптар мен көркемдік құралдардағы иллюстрациялық материалдарда Әйтекенің бейнесі бізге осы суретші Тоғысбаевтың кескіндемелік портрет арқылы белгілі болып келді. Ескерткіш тұғырының жоғарғы бөлігіндегі әр бидің тұсында есімдері жазып көрсетілген. Ал оның төменгі тұсында кітап пен таразы бейнесін көре аламыз. Таразы - ежелден әділдіктің символы болса, кітап - даналықтың белгісі болып табылады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ХХ ғасырдағы өнердің жаңа бағыттары
Бейнелеу өнеріндегі көркемдік дәстүр жалғастығы мен жаңа бағыттар
Бейнелеу өнері сабақтарында оқушыларды тарихи композиция құрастыруға үйрету (көшпенділер)
Мүсіндеме, мүсін, скульптура
Қазіргі театр өнері
Қазақ әдебиетін дамытудағы еңбектері
Драмадағы тарихи тұлғалар бейнесі
Конкурстың қазылар алқасы
Гуашь бояуы
Қазақстанда көркемөнердің дамуы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz