М. Бекеевтің тұрмыстық жанрдағы рухани психология ізденістері



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Приложение 1
ФОРМА ЗАЯВКИ НА ПУБЛИКАЦИЮ СТАТЬИ

1
Фамилия Имя Отчество
Аксакалова Жазира Асылбековна
2
Организация (полное название)
ҚРБҒМ ҒК М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты
3
Сокращенное название организации
ҚРБҒМ ҒК М.О.Әуезов ат. ӘӨИ
4
Страна, город
Қазақстан, Алматы
5
Должность
Кіші ғылыми қызметкер
6
Ученое или академическое звание

7
Ученая степень

8
Служебный адрес (включая почтовый индекс)
Алматы қаласы, Медеу ауданы, Құрманғазы көшесі 29.
9
Домашний адрес (включая почтовый индекс)
Алматы қаласы, Еңбекшіқазақ ауданы, Таутүрген ауылы, Қашағанов көшесі 13 үй.
10
Контактный телефон (с кодом междугородней связи)
87478421361
11
E-mail
nurbinur_86@mail.ru
12
Тема статьи
М.Бекеевтің тұрмыстық жанрдағы рухани психология ізденістері

13
УДК
75(574)

Ж.А. Аксакалова
М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты
кіші ғылыми қызметкер, Алматы, Қазақстан
e-mail: nurbinur_86@mail.ru

Ж.А. Аксакалова
Институт Литературы и искусства имени М.О. Ауэзова
младший научный сотрудник, Алматы, Казахстан
e-mail: nurbinur_86@mail.ru

Zh. A. Axakalova
Institute of Literature and art named after M.O. Auezov
junior researcher, Almaty, Kazakhstan
e-mail: nurbinur_86@mail.ru

М.Бекеевтің тұрмыстық жанрдағы рухани психология ізденістері
Поиски духовной психологии М.Бекеева в бытовом жанре
The Search for spiritual psychology of M.Bekeev in the genre of everyday life
Түйін
Ж.А. Ақсақалованың М.Бекеевтің тұрмыстық жанрдағы рухани психология ізденістері атты мақаласы, заманауи қазақ бейнелеу өнерінің дамуына өзіндік үлесін қосып келе жатқан, талантты отандық суретші Марат Бекеев шығармашылығына арналған. Мақалада суретшінің жалпы шығармашылығына тоқталып, балалық шақ тақырыбына қалам тартқан туындыларына кеңінен талдау жасалынған. Туындыларға стилистикалық және салыстырмалы талдау жүргізу арқылы суретшінің өзіндік қолтаңбалық ерекшелігі, композиция құрудағы және түстік үйлесімділікті сақтаудағы шеберлігі анықталды. Сонымен қатар қылқалам шеберінің негізгі тақырып аясын ашу барысындағы, философиялық және психологиялық рухани, идеялық және мазмұндық ізденістері айқындалды.
Түйін сөздер: Бейнелеу өнері, кескіндеме, тұрмыстық жанр, түстік үйлесім, композициялық құрылым.
Аннотация
Статья Аксакаловой Ж.А. Поиски духовной психологии М.Бекеева в бытовом жанре посвящена творчеству талантливого казахстанского художника Марата Бекеева, способствующего развитию современного казахского изобразительного искусства. Статья ориентирована на художественное творчество художника и широко анализирует произведения на тему детство. Путем стилистического и сравнительного анализа произведений были выявлены своеобразные черты художника, возможность создавать композиции и сохранять цветовую гармонию. В то же время было идентифицировано философско-психологическое, духовно-идейное и содержательное поиски основной темы творчество художника.
Ключевые слова: Изобразительное искусство, живопись, бытовой жанр, цветовая гормония, композиционная структура
Annotation
The article by Aksakalova Zh. А. "The Search for spiritual psychology of M.Bekeev in the genre of everyday life" is devoted to the work of the talented Kazakh artist Marat Bekeev, contributing to the development of the modern Kazakh art. The article is focused on the artistic creativity of the artist and widely analyzes the works on the theme of "childhood". Through the stylistic and comparative analysis of the works were identified peculiar features of the artist, the ability to create compositions and maintain color harmony. At the same time, it was identified philosophical, psychological, spiritual, ideological, and meaningful search for the main theme of the artist's work.
Keyword: fine arts, painting, genre painting, color harmony, coposition structure.
Кіріспе.
Қазіргі таңда кескіндеме өнерінің мүмкіншіліктері кеңейіп, суретшілеріміз әлемдік деңгейде өзге елдермен тәжірибе алмасып келеді. Отандық кескіндеме өнерінің даму бағыттары мен көркемдік ерекшеліктеріне өнертанушылар әлем өнерімен салыстырмалы түрде қарап, баға беру мүмкіндігі кеңейді. Егемендік алған жылдардан бастап суретшілер жанрлық кескіндемеге көбірек қалам тартып, өздерінің шеберліктерін шыңдап жүр. Соның ішінде адамның шынайы өмірі мен тұрмыстық жағдайынан хабар беретін элементтері бар көріністерді тұрмыстық жанр тұрғысынан кеңінен қарастыруымызға мүмкіншілік береді. Сол себепті де суретші М.Бекеевтің балалық шақ тақырыбында жазылған шығармаларын аталмыш жанр тұрғысынан қарастыра аламыз.
Әдіс-тәсілдері.
Мақаланың тақырыптық аясын ашу барысында суретшінің балалық шақ тақырыбына арналған шығармашылық кезеңіне кеңінен тоқталып, туындыларына стилистикалық, салыстырмалы талдау жұмыстары жүргізілді.
Нәтижелері
Кескіндемелік композицияларға талдау жүргізу барысында қылқалам шеберінің өзіндік ерекшелігі, композиция құрудағы және түстік үйлесімділікті сақтаудағы шеберлігі анықталды. Тақырып астарындағы философиялық және рухани ізденістері айқындалды.
Талқылау
Марат Бекеев - 1964 жылы Актөбе облысында дүниеге келген. 1979 жылы Актөбедегі мәдени-ағартушылық училищенің табалдырығын аттап, 1983 жылы одан көркем безендіруші мамандығын алып шығады. Ал 1984-1990 жылдар аралығында Минск қаласындағы Белорусь Мемлекеттік театр және көркемсурет институтының қондырғылы кескіндеме факультетінде өз білімін шыңдай түседі. Оқуын аяқтаған соң туған еліне оралып, шығармашылық жұмыспен айналыса бастайды. Шығармашылық жолын дамыту барысында қазақ жерінде және де шет елдерде өткен көптеген көрмелерге қатысады. Міне, осылайша қазақ бейнелеу өнері сахнасында тағы да бір талантты суретші бейнесі бой көтерді.
Суретшінің тұрмыстық жанрда көрініс тапқан туындыларына 2000-шы жылдардан бастап орындалған балалық шақ тақырыбына арналған бір топ еңбектер қатары жатады. Бұл суретшінің өз балалық шағына кішігірім саяхат жасаған шағын өлшемдегі шығармалары. Тіпті, бұл композицияларды кескіндемешінің өз-өзімен сырласу тәсілі десе де болады.
Балалық шақтың ең маңызды сәттерін қалыптастырып, суретшінің жеке естеліктеріне айналған картиналар формаларының қарапайымдылығы мен жылы гаммалы бояу түстерінің нәзік үйлесімі арқылы өзіндік ерекшелігін жоғалтпауда. Адамзат атаулының тұрмысын тек жағымды жағынан көрсетіп, жан сарайыңды жадыратуға тырысады. Суретші шығармаларындағы бояулар ойыны суық түстің өзін жылы көрсетіп, жарқын өмірге есік ашады. Жылы және суық түстердің өзара араласып, жылылық күйіне ортақтасуынан кескіндемедегі жалпы көрініс - көруші қауымды кең тынысымен дем алдыра түседі. Нәзік бояулар ырғағы - барлық шығармаларында өз жалғасын тауып, бірін-бірі толықтыра түсіп, тақырып аясын кеңейте түседі. Әрбір шығармасынан сағыныш пен өткенді еске алу формасы нақты берілген.
Жоғарыда айтылған көріністер мен ойлар Бекеевтің Жеті нан, Шатырда, Бұлттар (2003), Жайлы кеш, Тал түс, Жаңбыр жауғанда, Марат үйге, Достар (2004), Тостаған, Пештің қасында (2005) атты бір топ шығармаларынан анық көрініс табады. Бұл туындылардың барлығының жалпы көріністері ұқсас. Ауылдық жер үй мен шарбақ, күнделікті үй тіршілігімен айналысқан ана мен өз қиялында өмір сүрген бала, аула мен ошақ, сарғыш қоңыр түсте үйлесім тапқан жер мен түрлі түске енген құрақ көрпе бейнесі композицияның негізгі элементеріне айналған. Яғни, туындыда адамзаттың тіршілік ету барысындағы күнделікті іс-әрекеті, тұрмыстық қажеттілікте пайдаланылатын заттары көрініс табуда.
М.Бекеев өз туындыларындағы философиялық ойды көрушіге нақты жеткізу барысында суретші Д.Әлиев қолданған мысал-әңгімелік (притча) әдісті қолданады. Бұл әдіс арқылы өмірдің құндылығы мен негізгі мәнін жеткізуге барынша тырысады. Сол себепті де шығарманың басты оқиғасына адамның естен кетпес жарқын балалық шағын жинақтайды. Балалық шақ көрінісі - идеяның жеңіл қабылдауына септігін тигізуде.
Суретшінің 2004 жылы орындалған Жаңбыр жауғанда атты туындысында аталмыш идея түн мезгілі арқылы көрініс табуда. Бүкіл әлем қараңғылық құшағына енген. Себелеп жауған жаңбыр бірте-бірте өз күшіне енуде. Жауын әсерінен бүткіл ауа тазарып, айнала ерекше хош иіске бөленген. Тамшылап әрі тырсылдып аққан дыбыстар осындай керемет сәтті одан әрі әрлендіріп, көркейте түсуде. Түнгі әлемдегі дәл осы ғажайып мезетті асыға күтіп, жадынан таса қылып алғысы келмеген жас бала далаға жүгіре шыққан. Сол жақ бөліктен көрінген үйдің сыртқы есігі ашулы қалпында тұр. Есіктен жарқырай түскен электр жарығы қараңғылыққа өзінше қыр көрсетіп, тәкаппарлана түскендей. Жалған жарық әлемнен тынысы тарылып қараңғылыққа безе жөнелген бала - далаға шыға салысымен ылғалданған таза ауаны бар жан-тәнімен құшырлана жұта түсуде. Жұтқан сайын танауы жыбырлап, кең сарайы ашыла түскендей.
Аталмыш туындының дәл ортаңғы тұсынан орын алған бала бейнесі қара түнекке бет бұрып, көрерменге арқасын бере орналасқан. Жүзін жасырған қалыпта бір орында қатып қалған. Бойындағы ентігін баса алмаған ол сәл есеңгіреп қалған тәрізді. Өзге әлемге көңілі ала-бұрта ұмтылған қызығушылығы оны бөтен әрі өзіне белгісіз әлемге енгізіп жібергендей. Белгісіздіктен сескенген бала - сәл абыржулы. Дегенмен, бойында бұл әлемнің құпиясын ашуға деген қызығушылық оты да жанып үлгірген. Жалғыздық кемесінен орын алып, ұзақ сапарға аттанғандығын енді ғана ұққандай. Ғаламат тылсым күштің бойын түгелдей өзіне бағындырып билеп алғандығы соншалық, тіпті артына бір бұрылып қарауға да мұрша бермейді. Жас бала бейнесіне бар күшін сала жарқырай түскен жарық, бейне бір оны жібергісі келмеген сыңай танытуда. Ал, адамзат ұрпағы бұл кезде тырсылдап жауған жаңбыр даусын да, жарқырай түскен шам жарығын да сезбейтін халге түскен. Ол қорқыныш атауын бойынан біржолата ада қылып, өзін асыға күткен мынау әлем құшағына енуге белін бекем буған. Бұл қараңғылық өзгеге қара түнек болып көрінгенімен, өзіне жылы сәулесін төккен ерекше жарық әлем тәрізді. Осынау аз ғана уақыт ішінде, ішкі жан дүниесі өзгеге жарық болған шынайы әлемнен ұзақ уақытқа ажырап үлгірген еді. Оның бұл жалған әлемге енді қашан, қандай күйде оралатындығы бізге әзірше белгісіз. Жас баланың өзіне ғана аян болған бұл құбылыстың шын мәнін де құпия болып қалғандығы да бәлкім, дұрыс та шығар.
Кескіндеменің артқы шебіндегі қараңғылық пен алдыңғы шебіндегі жарықтан өзара қарама-қарсылықты байқаймыз. Ал, бала мен түнгі жауған жауын бейнесі осы қарсыласқан екі әлемді байланыстырушы қызметін атқаруда. Өзара қарама-қайшылыққа түскен екі әлем шығармадағы негізгі көріністің мазмұнын ашушы бала бейнесінің маңыздылығын айқындай түседі. Сонымен қатар туындыдағы бұл кейіпкер композициялық құрылымның басты қозғаушы күші. Бала бейнесі үй ішінен түскен жарықты тежеп, қараңғы әлемнің өзіндік қалыпты ерекшелігін сақтап тұр. Ол екі әлемнің өзара астасып кетпеуіне себепкер.
Суретші кенеп бетінде майлы бояу арқылы 3545 см-дегі шағын форматта орындалған бұл шығармасында, бейнелерді шартты қарапайым формалар арқылы жеткізу барысында, шынайылықтан алшақтап, адамның өз фантазиясына ерік беруіне мүмкіншілік береді. Осынау қарапайым ғана (түн, жауған жаңбыр, үйден таза ауа жұтайын деп шыққан балақай) тұрмыстық көріністен өзгеше атмосфера қалыптастырады. Ішкі жан дүниеге жылылық пен әлдебір нәрсеге деген сағыныш отын тұтатады. Сонымен қатар, әр бір адамзаттың ішкі психологиялық, рухани жай-күйі сонау балалық шағымен тығыз байланыста болатындығын дәлелдейді.
Шығармадағы бала бейнесінің орналасу тәсілі - құпияға толы әрі басты көрініс пен көруші арасын байланыстырып тұрған негізгі элемент. 2005 жылы жазылған Түнгі жаңбыр атты картинадағы образға көз салсаң, дір еткізіп арқаңнан ызғар өткен өзіңді көргендей боласың. Алтын шұғыла үстінде жалаңаяқ жер басып тұрған жалғыз сұлба және баланы сиқырлап қойғандай қап-қара түннің алып кеңістігі. Баспана жарығы мен адамның қайсар жүректілігі айқара ашылған ағаш есік - балаға мынау беймәлім әлемге қарсы тұрарлық күш беретін сыңайлы [1.]. Бір сәтте жас бала орнында өзің тұрып, сонау белгісіз әлемге жақындай түскендей боласың. Осы күйді өз басыңнан өткізіп көрген кезде ғана суретшінің бала бейнесі арқылы өзінің өткен өміріне сапар шегіп кеткендігін аңғаруға болады. Қара түске боялған қараңғылықтағы белгісіз әлем суретшінің өз балалық шағынан алыстап, ұзақ сапар шеккен қазіргі әлемі. Ал, артта қалған жарық көрінісі - адамзат өміріндегі ең бақытты да қызықты балалық шағының ыстық ұясы. Сол ұядан ерте қанат қағып, ұшып кеткен балапан қайта оралғысы келгендей. Бірақ енді барлығы да тым кеш. Оралуға жол жоқ. Тек қана сол өз жаныңа ерекше жылылық сыйлаған әлемге сағынышпен ғана қарауға мүмкіншілігің бар.
Міне, осындай қарапайым ғана көрініс астарында күнделікті тұрмыстан сәл дем алып, көңіліңе жадыраңқылық сыйлайтын ерекше көңіл күй бар. Көрушіні сол күйге енгізу үшін суретші түстерді өзара үйлестіріп, кенеп бетінде бояулармен ойнай түседі. Сол жақ бөлік ортаңғы бөліктегі бала бейнесіне дейін жарығын төгіп тұрса, оң жақ бөлігі керісінше қараңғылыққа енуде. Шығарманы сол жақ жоғарғы тұстан оң жақ төменгі тұсқа дейін көлбеу сызықпен бөліп қарастыратын болсақ, осы өзара қарама-қарсылық айқын көрінеді. Ал енді, дәл сол сызықты кері бағытта орналастырсақ, туындыдағы жарық пен қараңғылық арасындағы тепе-теңдікті көре аламыз. Осылайша, бұл композиция өзара контрастыны құрайтын қара мен сары түстің үйлесуінен құралған. Картинаның сол жағынан ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ кескіндеме өнеріндегі тұрмыстық жанр
Ш. Бөкеев пен Ә. Тәңірбергенұлының шығармашылық өмірбаяны. Ш. Құдайбердіұлы шығармашылығының философиялық сипаты. М. Сералиннің өмірбаяны. Жаңа әдеби жанрлардың тууы мен қалыптасуы
Ж.Аймаутов - әдебиет сыншысы
Журналистика қызметін үйлестіру, ілгерілету мәселелері
Қазақ тіліндегі баспасөздің алғашқы басылымдары
ХХ ғасыр басындағы тарихи-әлеуметтік жағдай және оның әдебиеттің дамуына тигізген әсері. Қазақ зиялылары ұлт қамы жолында
Д. Исабеков шығармаларының көркемдік ерекшеліктері
Кино өнері мәдениет саласы ретінде
Суретшілердің жанр саласындағы туындыларының көркемдік бейнелеу тілі мен мазмұндық ерекшеліктері
Мұхтар Әуезов тағылымы
Пәндер