Жас ұрпақтың Қазақстанның халықаралық деңгейдегі имиджін арттырудағы рөлі


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Павлодар қаласы

Химия-биология бағытындағы

Назарбаев Зияткерлік мектебі

Қазіргі әлемдегі Қазақстан

Оқу бағдарламаға сәйкес тақырыптың бағыты: Жаһандану және Қазақстан

Тақырып: Жас ұрпақтың Қазақстанның халықаралық деңгейдегі имиджін арттырудағы рөлі

Орындаған оқушы: Бақтияр Алтынсара

Жетекші: Тулебаева. Б. Б

Павлодар, 2020

Мазмұны

  1. Кіріспе
  2. Негізгі бөлімЗерттеу сұрақтарыЗерттеу әдісіЗерттеу қорытындысыБағалау
  3. Қорытынды
  4. Қолданылған әдебиеттер
  1. Кіріспе

Қазақстан жан-жақты жедел дамып келе жатқан мемлекеттердің арасында орналасқан дамушы ел екені белгілі. Сонымен қатар, халықаралық аренада Қазақстанның имиджінің орны нақты түрде әлі белгісіз. Осыған сәйкес, имидж-бұл қисынды модельденген құрылым, жағымсыз немесе жағымды бейнені және шындықты бұрмалайтын құрал. Имидждің объектісі мемлекет, аудан, ұйым, тауарлар, қызмет және жеке адамдар тобы бола алады [1] . Нақтылай түссек, бұл жеке адамдардың құрамына Қазақстан Республикасының жастар тобы жатады . Сәйкесінше, қазіргі таңда, Қазақстан халықаралық рейтингіде оң нәтиже көрсетіп келеді.

Сонымен қатар, білім ұзақ мерзімдік «Қазақстан-2050» Стратегиясының аса маңызды басым міндеттерінің бірі деп танылады. ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев атап өткендей, “Қазақстанның алдына мақсат етіп қойған әлемдегі 30 дамыған елдің қатарына кіру міндетін жүзеге асыру ісінде білім саласы елеулі рөл атқарады” [2] . Осы орайда , Қазақстан сауаттылық деңгейі бойынша әлемнің 177 елі арасында 14-орынды иелінгенін атап өткен жөн [5] . Сонымен қатар, 12 қаңтарда 2019 жылы Vouchercloud порталы құрастырған жастардың білім деңгейі бойынша Қазақстан рейтингінің 9-шы орында бастап тұрғаны мәлімделді [3] . 2017 жылы жоғары оқу орындарына 2 495 студентті шетелге оқытуға жіберілді және бұл 2016 жылғы көрсеткіштен 2, 6 есеге жоғары. Оның ішінде 1 763 адам бюджеттен тыс қорлар есебінен шетелге шықса (71 %), қалған 732 адам (29 %) бюджет қаражаты есебінен оқуға барған. Көптеген студенттер (73, 3 %) Еуропаның, жоғары оқу орындарында оқуда, ал ТМД және Азия елдерінде 24, 1 %-ы [4] .

Бұл жағдайды ескере отыра, халықаралық рөлдің маңыздылығы мен өзектілігі, көрінеді. Тоқтала кетсек, Қазақстан нық сеніммен ілгері басуы үшін міндетті түрде оның жаһандық орны және де ықпалы сөз етіліп кетуі тиіс. Сонымен қатар, 23 қаңтарда Нұрсұлтан Назарбаев 2019 жылын Жастар жылын деп сайланды. Жастар жылының ашылу салтанатында: "Жастар -еліміздің бәсекеге қабілеттілігінің басты факторы. Біз бәсекеге қабілеттілік туралы айтып, әлемнің осындай 50 мемлекетіне ендік. Бірақ бұл аз. Бүгінде тек мемлекеттер ғана емес, сонымен қатар адам мен адам бәсекелестігі жүріп жатыр. Және ғылымды, білімді көтеретін және артта қалмайтын креативті ұрпақ болатын ел жеңеді. Мен бүгін оны көремін. Қазақстанның болашағы сіздерге, сіздің күш-қуатыңызға, білімдеріңізге, патриотизмге байланысты. Мен мұны барлық қазақстандық жастарды айтамын", - деп, Н. Назарбаев атап өтті [6] .

Тұңғыш президенттің сөзіне байланысты, жобаның мақсаты бұл жаһандану дәуірінің гүлденген шағында халықаралық имидждің беделін жастар арқылы қалай сақтап алу екенін, және жас ұрпақтың халықаралық имиджге тигізген әсерін анықтап алу. Мақсатты негізге ала отырып, келесі зерттеу сұрақтары тақырыптың қарастырылуына жол ашады :

  1. Қазақстанның халықаралық имиджін арттырудағы жастардың қазіргі рөлі қандай?
  2. Қазақстанның халықаралық имиджіне қандай қауіп-қатерлер туғызып жатыр?
  3. Жастардың қатысуымен қандай нақты шаралар Қазақстан Республикасының халықаралық имиджін көтеруі мүмкін?

Жоба мақсатын іске асыру үшін берілген тақырып бойынша әдебиеттерді зерттеу, сауалнама өткізу және алынған мәліметтерді SWOT әдісі арқылы талдау әдістері қолданылды.

Қолданылған әдебиеттер:

  1. Россия в современной системе обеспечения глобальной стабильности: политика и восприятие / Т. А. Алексеева [и др. ] ; отв. ред. А. А. Кокошин. М., 2008. С. 179. https://studme. org/60409/sotsiologiya/mezhdunarodnyy_imidzh
  2. Назарбаев Н. Ә. «Қазақстандық жол-2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауы. - Астана, 2014 жылғы 17 қаңтар. https://e-history. kz/kz/publications/view/
  3. https://www. vouchercloud. com/resources/worlds-smartest-countries
  4. "Қазақстан жастары - 2017" ұлттық баяндамасы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің тапсырысыhttp://eljastary. kz/articles/14/2
  5. inform. kz https://www. inform. kz/kz/kazakstan-sauattylyk-dengeyi-boyynsha-alemnin-177-eli-arasynda-14-orynda-bgm_a2495326
  6. inform. kz https://www. inform. kz/ru/nursultan-nazarbaev-molodezh-eto-klyuchevoy-faktor-konkurentosposobnosti-nashey-strany_a3491036
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚАБІЛЕТТІЛІГІН АРТТЫРУ ЖОЛДАРЫ
Тұңғыш президент образын қалыптастырудағы PR рөлі
Елбасы еңбектерінің жастарды отансүйгіштікке баулудағы рөлі мен маңызы
Мектеп кітапханасы және оның мақсаттары мен міндеттері
Туристік қызметке сұраныс
Кәсіпорын бәсекелестікке қабілеттілігн жоғарылатудағы маркетингтің рөлі
Қазақстан Республикасының имиджін қалыптастырудағы БАҚ-тың рөлі
Имидж танытудағы геобрендингтің рөлі
Экономиканың бәсекеге қабілеттілік ерекшеліктері
Балаларына әкеңнің киімін аттама
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz