Аутист балалардың топтары


Ең алғаш аутизм деген терминді 1912 жылы швейцар психиатрі Э. Блэхер ұсынған. Аутизм ауруын бірінші ашып зерттеген америка психиатрі - Лео Каннер. Балалық аутизмі әр түрлі болады және зиятпен сөйлеу дамуының деңгейлері әр түрлі болады.
Л. Каннер бойынша ерте балалық шақтағы аутизм синдромы келесі үш көрсеткішті біріктіреді: аутистикалық уайымдар, стеротипі, үйреншікті, бір қалыпты мінез-құлық, сөйлеу тілінде ерекше сипаттағы кемістіктер.
Аутизм себептері: Қазіргі уақытта аутизмнің нақты себептері анық зерттелмеген. Көп ғалымдардың деректері бойынша аутизммен ауырған балалардың себебі орталық жүйке жүйесінің бұзылуы салдарынан болады. Тұқым қуалаушылық фактордың әсері мол екенін көптеген зерттеушілер мойындайды. Сонымен бірге мидың органикалық зақымдалуы да аутист балаларда жиі кездеседі.
Тұқым қуалаушылық хромосомалық өзгерістер, зат алмасу өзгерістері, анасы жүкті және туу кезінде алған жарақаттар, нейроинфекциялар, т. б. барлығы да жағымсыз әсер ету мүмкіндігі бар.
Кейде аутист бала туған кезде ерекше болады:солғын, тамақ сұрап мазаламайды, жөргек суланса және бір жері ауырса сезбейді, өскен кезде ештеңеге қызықпайды, кейбір сөздерді немесе сөйлемдерді қағып алып, түсінбей қайталай береді. Жақын адамдармен, анасымен байланысты симбиотикалық, сондықтан жақын адамдарды түсіну, аяу, көну деген ұғым жоқ.
Аутист бала - ерке, тәртіпсіз сияқты әсер береді, бірақ диагнозды ерте қойып, ерте емдесе баланы жазып алуға болады. Аутист бала ешкіммен араласпайды, тұйық болады.
Жалпы тұйық мінез әр түрлі себептерге байланысты:
Баланың жеке мінезіне
Көру мен есту кемістігіне
Зияттың жетілмеуіне
Сөйлеу аппаратының бұзылғандығына
Невротикалық өзгерістерге
Ұзақ уақыт қарым-қатынассыз қалғандыққа(госпитализм)
Аутист бала: қоршаған ортаға, қоғамға мүлде қызықпайды. Тұрақты қорқыныштары пайда болып тұрады, өзіне-өзі агрессиялы, қол жұмсағысы келуі де мүкін. Бала өскен сайын сөйлеу мен зият (интеллектісі) дамуы төмендейді. Аутист балалардың назарын адамға, басқа нысанға аудару және бірнәрсе үйрету қиын. Ауру бала өзіне айтқан сөздерге мән бермейді, сұрақтарға және атын атап шақырғанға көңіл аудармайды, естімейтін керең сияқты болып көрінеді.
Л. Каннер аутизмді нақты психикалық дамудың бұзылуы деп тапқан және келесі көрсеткіштерін ажыратқан:
жалғыздықты жақсы көру
ешқашан адаммен көзбе-көз кездеспеу
мимикасының, дауысының, дыбысының ырғағының, жестарының болмауы
бағытының шарттары тұрақты болуына тырысуы бәрі біркелкі болып өзгермеуі керек
эмоциялық тұрғыдан ешкіммен араласпау
біркелкі қимылдарды қайталай береді
Аутист баланың сөйлеу процесі бұзылғандықтан, олардың 50 пайызында мутизм болады және эхолалия жиі болады.
Аутист балалардың топтары
Аутист бала сұрақ қоймайды және жауап та бермейді, мимика, ым-ишарат (жест) арқылы қарым-қатынас жасаудан бас тартады. Аутист балаларды 4 топқа бөлуге болады:
аурудың ауыр көрінісімен сипатталатын топтағы балалар безушілік, ортадан оқшаулау, еш нәрсеге көңіл аудармау ерекшеленеді, көп уақытта түңіледі. Мұндай балалар сөйлемейді, адамдарға, адамның көзіне және бір нәрсеге көзін тікпейді, күлмейді, жыламайды. Атын атап шақырғанда үндемей, дыбыс шығармай, ешқандай реакция білдірмейді. Олар бір жері ауырып жарақаттанса, қарындары ашып, тоңғанды сезбейді. Үй ішінде бағытсыз ары-бері жүреді, жиһаздардың үстіне шығады, терезенің алдында тиәспесең бірнеше сағаттар бойы отыра береді. Үлкен адам мұндай баланың назарын аударайын деп тырысқан жағдайда, бала айқайлайды, жылайды, төбелеседі, түкіреді, тырнайды, яғни қатты қарсылық көрсетеді.
Бұл топтың балалары адамның көзіне тіке қарамайды, басқа нәрселерге де көзін тіке қадап, бағытты түрде қарай алмайды, бірақ нәрселердің өздері, өздерінің түрлері мен дыбысымен сыртқы пішінімен балалардың назарын өздеріне аудартқызады. Мысалы:кілем немес алаша біткенше жүре береді. Бұл балалардың бір қалыптылығы: сағаттар бойы терезеде отырып бір бағытқа қарап отыра береді. Ал бір нәрсе керек болса, олар үлкен адамды ертіп апарып, керекті нәрсеге қолын салады.
Балалар аздап белсенді, олар қоршаған ориадан толық безбеген; бетінде қорқыныш бар, қимылдары еркін емес, сөздері түсініксіз, бір сөзді қайталай береді; күрлмеліпсөйлейді, қимылдары импулсьсивті, яғни отырып-отырып аяқасты жүгіріп кетеді, өзін-өзі жарақаттайды. Бұл топтағы балалар өте дауласқыш, еш өкінбейді, бәрін керісінше жасайды. Бала өзіне ұрысқанды қалайды, тек өзі сөйлейді, ешкімді тыңдамайды, сөйлеткізбейді. Сөйлегені өте жылдам, дыбысы қатты. Сөзі - монолог түрінде. Кейде ересек адам сияқты, күрделі сөздермен сөйлейді, бірақ мағынасын түсінбейді. Сөз қоры жақсы, бірақ та диалог құрастыра алмайды.
Бұл балаларда аутизмнің жеңіл түрі. Балалардың мимикасы шектеулі, алаңдаушы болып келеді, сондықтан сөздері жай, көздеріне қарай алады, бірақ тұрақсыз. Олар ұялшақ, жасқаншақ болып келеді. Олар өтірік айту, алдауды білмейді.
Аутист балаларға арнайы көмек көрсету
Ресей ғалымдарыың мәліметтері бойынша уақытымен түзетушілік көмек көрсетілген жағдайда аутист балалардың 60 пайызы жалпы білім беру бағдарламалар бойынша, 30 пайызы арнайы білім беру бағдарлама бойынша оқуға қабілетті, ал 10 пайызы отбасында әлеуметтенуге мүмкіндіктері бар. Бірақ түзетушілік көмексіз қалған жағдайдағы балалардың 75 пайызы әлеуметтік ортаға бейімделе алмайды, 22 -23 пайызы шамалы бейімделеді, тек 2-3 пайызы әлеуметтік бейімделудің жеткілікті деңгейіне жетеді.
Аутист балаларға арнайы көмек көрсету жүйесі өткен ғасырдың 60 жылдарында алғаш рет АҚШ пер Батыс Еуропа елдерінде қалыптасуын бастаған. Еуропада ең бірінші аутист балаларға арналған мектеп Данияда 1920 жылы ашылған. Кейін кейбір жеке меншік мекемелер аутист балаларға көмек көрсетуді бастаған, бірақ ол кезде, нақты оқыту мен түзетудің әдіснамалық, ғылыми негіздемесі болмаған.
Қазіргі уақытта балалық ерте шақтағы аутизмді түзетудің әдістемелік негіздері әр түрлі. Жиі кездесетін бихевиористік психологияның негізінде операнттық оқыту (мінез-құлықтық емдеу) .
Бұл түзету әдісі АҚШ-та және бсқа да елдерде кеңінен тараған. Әдістің негізі - қажетті қылықты, әрекетті қалыптастыру үшін сыртқы жағдайларды арнайы қамтамсыз ету, әлеуметтік-тұрмыстық бейімделу, сөйлеу тілін дамыту, оқу немесе еңбек ету дағдыларына үйрету. Бұл әдіс бойынша оқытылған балалардың 50-60 пайызы жалпы мектеп бағдарламасын меңгере алады, кейін орта, жоғары оқу орындарында оқуын жалғастыра алады.
Операнттық оқыту әдістен басқа шет елдерде ТЕАССН атты бағдарлама(Э. Шоплер, Р. Райхлебер), холдинг тераия(М. Уелш) күнделікті өмір сүру жағдайын қамтамасыз ету арқылы емдеу(К. Китахара) т. б тәжірибеде жиі пайдаланады.
Ресейлік тәжірибеде ең танымал К. С. Лебединская мен О. С. Никольскаяның аутизмді түзетудің кешенді медициналық-психологиялық-педагогикалық әдістемесі. Бұл әдістеменің негізгі ерекшелігі дәрігер, педагог пен психологтардың бірлесе, тығыз байланыста жұмыс жасау. Өткен ғасырдың ортасынан бастап балалық ерте жастағы аутизмді зерттеулер басталуына қарамастан, қазіргі уақытқа дейін арнайы кешенді көмек көрсету жүйесі құрастырылмаған.
Бұл жерде кейбір балаларды жалпы мектептегі арнайы сыныптарда оқыту тәжірибесі бар екенін айту керек. Бірақ сол балаларға арнайы психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету қажеттілігі негізгі талап.
Қазақстанда аутизм туралы енді біле бастады
Сәуірдің 2-сі - аутизм туралы хабар таратудың халықаралық күні. Аутизм - әлеуметтік қарым-қатынас жетімсіздігіне соқтыратын ми қызметінің бұзылуы. АҚШ-та әрбір 88 баланың бірі осы дертке шалдыққан болса, Қазақстанда аутизммен ауыратын балалардың нақты саны белгісіз. Ондай дертті дәл анықтап, диагноз қоятын мамандар да аз.
Балалардың арасында аутизм дерті кең тарап барады
Алматыдағы республикалық ғылыми-тәжірибелік орталықтың медициналық-педагогикалық-психологиялық кеңес беру бөлімінде ресми тіркелген аутист балалар саны бір жылдың ішінде 241-ге өсіп, қазір 706 балаға дәрігерлік көмек көрсетіліп келеді. Аутизмге шалдыққан балалардың ата-аналары Қазақстанда бұл дерт туралы танымдық мәліметтер жоқтың қасы дейді.
Аутизм дертіне ұшыраған 13 жасар Жарастың анасы Жанат Қаратай бұл ауру туралы осыдан 11 жыл бұрын бірінші рет естіген. Ол екі жастағы баласын Алматыдағы САТР орталығына апарып, ұзақ дәрігерлік тексеруден өткізгеннен кейін, Жарасқа аутизм деген диагноз қойылған.
- Балама аутизм деген диагноз қойылғанға дейін, менде мұндай ауру түрі бар деген еш күдік болмаған еді. Тек «Жаңбыр адамы» деген фильмнен кейін ғана осындай проблеманың бар екенін үстіртін ғана түсіне бастадым, - дейді Жанна Қаратай.
Аутизмге ұшыраған бала негізінен өзімен-өзі қалып, бойын немқұрайлық дендейді де, жан-жағындағы адамдармен араласуы қиындап, қоршаған ортамен қарым-қатынасы үзіледі.
Жанат Қаратай осы дерт туралы жаңадан біле бастағанда, Қазақстанда аутизм туралы ақпараттың тым тапшы болғанын еске алады.
- Бізде қандай ақпарат болуы мүмкін? Біз тек оны [осы мәселемен] айналысып жүрген психолог мамандардан ғана алып тұрдық. Кейін қосымша интернет арқылы іздей бастадық. Қазақстанда шынымен де аутизм туралы ақпараттар өте аз, - дейді ол.
ЕМДЕУДІҢ БАЛАМА ЖОЛДАРЫ
Қазақстанда баласы аутизм дертіне ұшыраған ата-аналар алғаш диагнозды естігенде, тығырыққа тіреледі. Мұндай баламен айналысудан пайда жоқ, жағдайдың өте күрделі болып, баланың сөйлеп кетуі қиын сияқты көрінгенін айтады. Жанат Қаратай психологтармен үздіксіз жұмыс істеудің нәтижесінде баласы бес жасында сөйлей бастағанын айтты.
Жарасты емдеу жолында барлық мүмкіндіктерді қарастырған Жанат Қаратай, биомедициналық жолмен баласының ағзасын токсиндерден арылтам ниетпен осыдан екі жыл бұрын арнайы диета ұстауды бастаған. Ұн мен сүт қосылған тағамдардағы ақуыз аутист балалардың тәуелділігін күшейтіп, бала миының дамуына кері әсер етеді.
Соңғы жылдары батыс диетологтары аутизммен ауыратын балалардың ағзасы бидай, сұлы, арпа ұнында болатын балуыз бен сүт құрамындағы сүт ақуызына қарсы реакция танытатынын айтады. Мамандар ұн мен сүт қосылған тағамдардағы ақуыз аутист балалардың тәуелділігін күшейтіп, бала миының дамуына кері әсер етеді дейді. Бұл жайттардың бала дамуына әсерін байқаған Жанат Қаратай бүкіл отбасымен бірге Жарас үшін диета ұстайды. Диетаның оң нәтижесін көргеннен кейін, оны ертерек бастамағаныма өкініп жүрмін, - дейді Жанат Қаратай.
5-сыныпта оқитын Жарас қатарынан қалмай өсіп келе жатыр. Тіпті қазір жергілікті мамандардың өзі Жарастың бойында қандай да бір проблема бар деп айта алмайды дейді оның анасы.
АУРУДЫҢ ҮШ БЕЛГІСІ
Алматыдағы республикалық ғылыми-тәжірибелік орталық жанындағы психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес беру бөлімінің меңгерушісі Әлия Ерсарина Азаттыққа берген сұхбатында, Қазақстанда аутизм дерті жылдан-жылға көбейіп бара жатқанын айтты.
- Біздің орталықтың статистикасы бойынша, 2003 жылы аутизм балалар саны 77 болған, 2009 жылы ол 326-ға жетті. 2010 жылы 465 болса, міне 2011 жылы ол 706-ға өсті, - дейді Әлия Ерсарина.
Психолог аутизмге шалдыққан балалармен неғұрлым ертерек айналысса, көп нәрсені түзетуге болады деп сенеді. Маман ата-аналарға балаларының қылығында өзгешелік байқалса, бірден арнайы дәрігерлік тексеруден өткізуге кеңес береді.
Сөйлесудегі қиындықтар, көзге қарамау, адамдармен араласа алмау және қайталана беретін қимыл-қозғалыс. Баланың ұзақ уақыт бойы тек бір нәрсемен айналысып отыра беруі, стереотипті әрекет жасауы.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz