Гносеологиялық оптимизм, скептицизм және агностицизм


Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
С Ө Ж
Тақырыбы Гносеологиялық оптимизм, скептицизм және агностицизм
Оқытушы: Кудайбергенова Назгүл
Факультет: Журналистика
Мамандық: PR-маманы
Студент: Шапхатова Әсемай
Алматы 2019-2020ж
«Гносеологиялық оптимизм, скептицизм және агностицизм»: скептицизмнің гносеологиялық стратегия ретінде қазіргі ғылыми және қарапайым дүниетанымдағы маңызы туралы эссе - негіздеме жасау
Философия болмыс, таным, сана, рух, тіл секілді көріп, қолға ұстауға болмайтын бірақ үлкен зерттеуді қажет ететін тақырыптарды қамтиды. Соның бірі - гносеология тақырыбы.
Бірақ ең бірінші таным терминін ашып алайық. Ең бірінші таным бойынша Платон өз ойын білдірді: «Таным - қоршаған орта мен оның құбылыстары туралы білім алу мен оны жетілдіру».
Танымның өзіндік құрылымға бөлінеді:
Субъект - танымын кеңейту жолында көптеген іс тындыратын адам. Мысалы біз бір терминді түсіну үшін оны іздестіріп оқимыз, соның арқасында танымымыз кеңейеді.
Объект - сіз оқыған нәрсе, яғни зат.
Мотив - біздің жасап жатқан нәрсеміз. Бір нәрсені болашақта жемісін алу үшін істеу. Мысалы, тал егу - жемісін жеу үшін, университетте оқу - дұрыс мамандық иесі атанып, өз наныңды табу үшін.
Мақсат - әлем туралы нақты білім алу, түсіну, реалды ойлау
Шешім, нәтиже - бұл құбылыс туралы алып шыққан таным.
Таным кеңею үшін көп оқып, практика жүзінде көріп, ұстап, біліп, зерттеп, сезініп, қимыл жасау керек.
Ал гносеология деген не? Гносеология - танымның бір бөлшегі, яғни бізді қоршаған ортаны тану, адам танымының сипатын, білім формаларын, оны тереңінен зерттейді. Сол себептен философиядағы ауқымды тақырып болып қарастырылады. Көбіне гносеология термині мен эпистемологияны алмастырып, бір ұғым ретінде көреді. Негізінен екеуінен айырмашылығы: гносеология субъект танымының көзқарасына байланысты процессті зерттеуі.
Таным туралы түсінігі жоқ адам ешқашан гносеологияның не екенін түсінбейді. Себебі екеуі мықты біріккен терминдер және гносеология танымның орта категориясы. Таным - адам санасы арқылы көп нәрсені
білуге ұмтылуы, айналасын зерттеуі, білім іздеп, ой - өріс арттыруы. Гносеология одан күрделірек процесс, танымның жоғары деңгейі бойынша зерттейміз. Оның мақсаты - материалды әлем мен сананы ұштастыру арқылы көп оқып, зерттеу. Ол әлемді толық тани алу мүмкін бе деген ең күрделі әрі даулы сұраққа жауап іздейді.
Шешім ретінде гносеология мұны 3 тармақ - бағытқа бөлеміз:
- Гносеологиялық оптимизм
- Гносеологиялық агностицизм
- Гносеологиялық скептицизм
1. Гносеологиялық оптимизм-әлемді толық тануға болады, бірақ бұл процесс өте ұзақ деп пайымдайды. Жалпы аталып тұрғандай оптимизм сөзі жарқын дегенді білдіріп, жақсы ойға ғана жетілдіреді. Бұл жерде адам танымы әлемді тани алатындай өте кең деп сипаттап, білімнің арқасында таным кеңейеді деп есептейді. Гносеологиялық оптимизде ең басты қағидасы бұл адам танымының кеңдігін, адам баласының қабілеті әрі мүмкіндіктері шексіз деп түсіндіретін бағыт. Бұл бағытты екі көзқараста жүрген немістің классикалық философиясының негізін салушысының бірі Г. Гегель мен социолог, экономист, неміс философы және қоғам қайраткері К. Маркстің өзі құптайды. Негізінен олардың бірі материалистік, ал екіншісі идеалистік көзқараста болса да, гносеологиялық оптимизм бағытымен жүрген дұрыс деп санайды. Ежелгі философ Аристотель де өз еңбектерінде адам баласы мүмкін емес деген жетістікке де жетеді, олар дұрыс білім алса, әлемді жаулай алады деген болатын. Ал әлемді жаулай алатын адам баласы үшін, неліктен әлемді тани білу таңғажайып, жарамсыз, адам қолынан келмейтін дүние болады екен?!
Шынымен, бұл бағытқа мен келісемін. Себебі адамда ең үлкен құндылық - сана бар. Адам саналы түрде ойланып, білім қуып, танымын кеңейтіп мүмкін емес деген дүниеге жете алады. Әлемді тану да адам бар ықыласымен өзіне мақсат қойып алатын болса, қолынан келеді. Әрине, ол үшін көп еңбек ету, үлкен тәжірбие, білім керек.
2. Гносеологиялық агностицизм - философиялық тұрғыдан адамның қоршаған ортаны тану мүмкіндігін жоққа шығаратын, шектеуші бағыт және адамдар құдай туралы нақты мәлімет білмейді дейтін пайым. Көбіне агностицизмді атеизммен бірге қолданып та жатады. Мұнда гносеологиялық оптимизмнен керісінше, әлемді толық тану мүмкін емес деп есептейді. Яғни адам танымы бұл қолға ұстай алмайтын, көзге көрінбейтін алдамшы көрініс яғни иллюзия ретінде берілген және әлемді тануда адамның өзін алдауы арқылы жүзеге асады деген оймен көрсетеді.
Агностицизм 18 ғасырдың соңында метафизиялық ойларды субъективті түрде интерпретациялау негізінде әлемді зерттеумен белсенді әрі нақты түрде айналысатын қарсы әрекет ретінде пайда болды. Негізінен агностицизм термині 1869 жылы Гекслидің зерттеуі кезіндегі бір сөзінен шыққан. Оның ең бірінші ұғымы білімнің өзгере беруіне байланысты болған.
Философия тарихында агностицизм Юма жүйесімен бірге жүргізілген және танымның тек бір жолы - тәжірбие екені. Юма тәжірбие мен бүкіл әлемді бір ұғымда қарастыру мүмкін емес деді. Яғни таным бұл өте күрделі нәрсе, сондықтан адам баласының танымын кеңейту үшін үлкен процесстен өту керек, ал әлемді тану болмас дүние деп қарастырды. Сонымен бірінші жағдайда Юма агностицизмді жай ғана объект ретінде көрсе, неміс классикалық философияның негізін салушы Кант танымдық субъект деп тұжырымдады. Канттың позициясын агностицизмнің қисынды қорытынды сызығы ретінде атауға болады.
Агностицизм ұғымын сонымен бірге теология бағытында да пайдаланады. Бұл жерде агностицизм байырғылар ойлап тапқан, адамдарға тәрбие мен қоғамдағы жүріс - тұрысын қадағалап, дұрыс болуы үшін айтылды, ал негізінен олар көзге көрінбейді, сондықтан жоқ деп есептеді.
3. Гносеологиялық скептицизм деген не?. Скептицизм грек тілінен аударғанда - күмәнданамын дегенді білдіреді. Гносеологиялық скептицизм танымдық күмәнға әкеледі. Скептицизм ежелден, көп ғасырлар бұрын келді. Орташа скептицизм барлық гипотезалар мен теориялар жүйесіне қатысты ұстамдылық танытып, фактілер танымымен шектеледі.
Оның ірі өкілі ретінде Секст Эмпирикті ала аламыз. Олар сезім мүшелері бір құбылыс немесе процесс туралы бізге әртүрлі түсінік беру мүмкін деп санады. Сондықтан скептиктердің ойынша философияның мақсаты болып табылатын жан тыныштығына алып келер бақытты пайымдаудан бас тарту жөн.
Секст Эмпириктің «Три книги Пирроновых положений» атты жұмысында скептицизм күдікті принцип ретінде емес, күдікті догматтарға қарсы полемитикалық қару ретінде қарастыратынын айтқан. Яғни, скептицизмнің басты принципі - құбылыс.
Скептицизмге байланысты көптеген көзқарастар бар:
- Кәдімгі / қарапайым скептицизм
- Философиялық скептицизм
- Ғылыми скептицизм
- Діни скептицизм
- Әдіснамалық скептицизм
Кәдімгі скептицизм - бұл сыни көзқарас, толықтыра айтса, біреуге немесе бір нәрсеге деген сенімсіздік, ақиқат пен дұрыстыққа күмәнмен қарауды білдіреді.
Философиялық скептицизм - сенімді білімнің мүмкіндіктеріне күмәнмен қарау;
Франциялық философ, математик, механик, физик, физиолог, аналитикалық геометрия мен қазіргі заманауи алгебраның негізін қалаушы Рене Декарттың әдіснамалық скептицизмі - скептицизмді күмәнмен жоққа шығару әрекеті;
Ғылыми скептицизм - эмпирикалық дәлелі болмайтын ілімдерге нақты бір қарсылық, көбіне ғылыми түр негізінде жүріп отырады;
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz