Қазақтың зиялылары өкілдерінің Жалпы ресейлік мұсылман съездеріне қатысуы туралы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Комерциялық емес ашық акционерлік қоғам
АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС УНИВЕРСИТЕТІ
Әлеуметтану кафедрасы

№1 СЕМЕСТІРЛІК ЖҰМЫС
Қазақстанның қазіргі заман тарихы пәні
Тақырып: Қазақтың зиялылары өкілдерінің Жалпы ресейлік мұсылман съездеріне қатысуы
Мамандығы: _____________Аспап жасау________________Тобы 19-1_______
Орындаған_____________________Мусаб аев Азамат______________________
(Аты-жөні)
Тексерген______________________Радж апов А.Ө.________________________
(Аты-жөні, атағығ қызметі)
____________ ____________ __________________________ 2019ж
(бағасы) (қолы)

Алматы, 2019
Кіріспе
Тақырыптың қзектілігі:
Тақырыптың ерттел деңейі:
Жұмыстың мақсаты:
Жұмыстың міндеттері:

Бүкілресейлік мұсылмандық съезіне қазақ даласынан барған дін иелерінің ішінде Атбасардан Ә.Дауылбаев, Сырдария облысынан Ғ.Төлебаев, Гурьев уезінен Х.Нұрмұхамедов, Ішкі Ордадан Ғ.Қарашев, Шалқардан Х.Ахмеджанов, Өскеменнен А.Ранғұлов және т.б. болды.
Съездің алғашқы күні құрамында А.Топчибашев, Ф.Каримов, Х.Досмұхамедов, Ғ.Ходжаев, А.Салихов, Г.Исхаки бар төралқа сайланды. Съезге жиналған делегаттар маңызды мәселелердің мынандай үлкен тобын талқылады: Ресейдің мемлкеттік құрылысы: жер, дін, әйел, жұмысшы және әскери мәселелер; соғысқа көзқарас, оқу-ағарту, жергілікті басқару, мұсылмандардың орталық органы туралы, мұсылмандарға үндеу, Құрылтай сайлауы кезіндегі мұсылмандар тактикасы, Бүкілресейлік мұсылмандар кеңесін құру.
Сегіз секция бойынша жұмыс істеген съезде барлық дискуссиялы мәселелер қарастырылды. Делегаттар мемлекеттік құрылыс мәселесін жан-жақты талқылап, Ресейдің 30 миллион мұсылмандары федеративтік негіздегі демократиялық республиканы жақтайтындықтарын білдірді. Бірақ делегаттардың айтарлықтай бөлігі Ресей мұсылмандарының Уақытша орталық бюросының төрағасы А.Салиховтың пікірін бөлісті. А.Салихов съез ашылғанға дейінгі мемлекеттік құрылыс туралы көзқарасын алға тартты. Ол өз ойларын ортаға сала отырып, Ресей федеративтік негіздегі мемлекеттік құрылым болса, онда жер мәселесін шеше алмайды, себебі жер мәселесі жалпымемлекеттік деңгейде ғана шешіле алады, ұлттық аймақтардағы жерлер тек орыс шаруаларына ғана емес, мұсылман шаруаларына қажет, деп көрсеті. Мұсылман жұмысшылары федерациялық мемлекеттік құрылым жағдайында жалпыресейлік игіліктерді пайдалана алмай қалады. Территориялық федерализм мұсылмандардың бытырап кетуіне соғады, сондай-ақ саяси күштерінің әлсіреуіне, әйелдер мәселесінің шешілмеуіне әкеледі. Ұлттық мәселеде шешілмейді. Өйткені бір мемлекетте бірнеше автономия пайда болды. Мұндай жағдай жүз мыңдаған мұсылмандардың орыс жерінде қалып, ақыры орыстанып кетуіне соқтырды. Территориялық федерализм еркіндікті кеңінен пайдалануға әзір емес қалың бұқараны қанайтын үстем тап өкілдеріне ғана қажет дейді. Сондықтан А.салихо Ресей мұсылмандарының мәдени-ұлттық автономиясы конституция арқылы құқылы институт танылуы керек, - деген ұсыныс жасады.
Съезде Ресейдің федеративтік негіздегі демократиялық республика болуын жақтап М.Расул-Заде, Ж.Досмұхамедов, Ғ.Ходжаев сөз алды. Ақыры, мемлекеттік құрылыс мәселесін дауысқа салғанда А.Салиховтың ұсынысы өтпей қалды. (оны 271 делегат қолдады, 490 адам қарсы дауыс берді). Сөйтіп съезд тек белгілі территориясы жоқтарға ұлттық-мәдени автономияберілсін, ал негізінен барлық мұсылмандарда ұлттық-территориялқ автономия болсын деген шешім қабылданды.
Соғысқа көзқарас мәселесі бойынша съезд А.Салихов ұсынған қарарды қабылдады. Онда соғыс империялистік, әділетсіз соғыс деп айыпталып, мұсылмандардың европалық империялизмнің құрбандығы болып отырғандығы мәлімделді.
Жер мәселесін түпкілікті шешуді съезд Құрылтай жиналысына қалдырды. Эсерлер партиясының мүшесі Ш.Мұхамедияровтың жобас бойынша съез делегаттары жерге жеке меншік жойылуын жақтады. Бұл шешім съездегі қазақ делегаттарын қанағаттандырмады. Олар облыстық қазақ съездері қабылдаған жергілікті халықтың өз жеріне өздері ие болулары жөніндегі қарарларын қолдайтындықтарын баса көрсетті. Жер мәселесі бойынша қабылдаған қарарда: Құрылтай жиналысында жер мәселесі шешілгенге дейін қазақтардың монастырьларға, курорттарға деп заңсыз алынған жерлері һәм игеруге жарамсыз болу себепті қоныс аударушылар қалдырған жерлер, мал асырау үшін ұзақ мерзімге арендаға берілген жерлер кері өздеріне қайтарылсын. Қазақ даласына қоныс аударушылардың келуі тоқтатылсын. Қазақ даласы, Түркістанда жер кесу жұмыстары жүргізілмесін. Қазақтарды отырған жерлерінен көшіру әрекеттеріне тиым салынсын. ...Қазақтардың мал асырап, егін егуіне мүмкіндіктер берілсін, - деп көрсетілді.
Түркістан делегаттары съездің 6 мамырдағы мәжілісінде Түркістан өлкесіне аштық апатының төніп тұрғанын мәлімдеді. Съезде бұл мәселе бойынша орталық үкімет орындарынан Түркістанға тез арада азық-түлік жіберуін өтіну керек деген шешім қабылданып, Министрлер Кеңесінің төрағасы атына жеделхат жөнелтілді [1].
Съезге Уақытша үкімет ретінде шет діндер Департаментінің комиссары С.А.Котляровский қатысып, баяндама жасады. Ол өз баяндамасында мұсылман халықтарына ескі өкімет тарапынан жасалған түрлі қысымшылықтарға тоқталып, ендігі жерде мұндай қысымшылықтарға жол берілмейтіндігін мәлімдеді. Ол өзінің мұсылмандарға қатысты жобасын әзірлеп жатқандығын және оны әзірлеу барысында съездің шешімдерін басшылыққа алатындығын айтты.
Діни істер мәселесін қарағанда секция Торғай, Орал, Ақмола және Семей облыстарының делегаттарының өтініші бойынша бұл облыстардың діни істері Орынбор муфтилігіне қаратылсын деген шешім қабылдады. Сонымен бірге Орынбор діни басқармасының муфтиі мен қазылары сайланды. Мифтилікке Ғ.Баруди, ал қазыналыққа құрамында Ғ.Қарашев бар 6 адам сайланды.
Съезде мұсылман әйелдері ерлермен тең құқықта болсын. Түркістан, Кавказ және Қазақстанда 16 жасқа толмаған қыздарды күйеуге беру тоқтатылсын, қазақ қыздарыжас кезінде атастырып, қалың малға беруге тиым салынсын деген қарар қабылданды.
Оқу-ағарту ісі бойынша съез 23 тармақтан тұратын қарар қабылдады. Онда оқу-ағарту ісі әр ұлттың өз қолында болсын, бастауыш мектептерде оқу ана тілінде жүрсін, барлық мұсылман мектептерінде ортақ түркі тілі оқытылсын, жалпыға бірдей оқу міндетті және тегін болсын деген сияқты талап-тілектер айтылды.
Жұмысшылар 8 сағаттық жұмыс күні белгіленсін, мұсылман жұмысшылары көп өндіріс орындарында мұсылман мектептері, мешіттерісалынсын, діни мейрамдарды өткізуне құқық берілсін деген қарар қабылданды.
Әскери ұйымдар туралы қаулыны әскери секция атынан полковник Алиев ұсынды. Онда соғыс сөзсіз жойылуы тиіс, егерде қандай да бір миситаризммен күрес жүргізу қажет болса, ұлттық негіздегі әскер құрылсын, егер тұрақты әскер қажет бола қалған жағдайда мұсылман әскери бөлімдері құрылып, оның офицерлері мұсылмандардан болсын және жауынгерлер өздері шақырылған жер қызмет етсін делінді.
Құрылтай сайлауын өткізу мәселесі съезде қызу талқыланды. Съез мұсылмандарға сайлау алдында бір демократиялық блок қажет және мұсылмандардың ұлттық ұйымдарына трудовиктерден оңшыл емес барлық партияларымен тактикалық келісімге келуге болады деп шешті.

1917ж, 12 маусымда Бүкілресейлік мұсылмандар кеңесі атқару комитеті жалпыресейлік мұсылман съезінің соғыс туралы қабылдаған қарарын сыртқы істер министріне тапсырды. Бұл құжатқа А.Салихов бастаған 8 адам қол қойған болатын. Оның құрамында Ж.Досмұхамедов, Ж.Ақбаев, У.Танашев та бар еді.
Бүкілресейлік мұсылмандар кеңесі атқару комитеті құрамында қызметте жүрген қазақ өкілдері мемлекеттік мекемелердің де қызметіне қатысты. Мәселен, Ж.Досмұхамедов Құрылтай жиналысын дайындайтын кеңесте, Бас жер комитетінде және земстволық мекемелері жоқ губерниялардағы жергілікті басқаруды реформалау жөніндегі комиссия құрамында сарапшы болып қызмет етті [2]. Ж.Ақбаев та Құрылтай жиналысына әзірлік жұмыстарын жүргізетін комиссия құрамында болды.

Бүкілресейлік мұсылмандар кеңесіне байланысты съез мынадай қаулы қабылдады:
1. Бүкіл Русия мұсылмандарының Шуросында қазақ өкілдері болуы тиіс;
2. Шуро-и-ислам ағзалары түрлі мұсылмандардың һәр қайсысынан санына қарай болсын;
3. Қазақ халқының уақытша Шуро-и-исламға жіберетін өкілдерінің жалпы саны мұсылман съезі лайықтанғанша болсын. Қазақ өкілдерінің санын көбейту мәселесін Шуро-и-ислам тез арада шешсін.
4. Шуро-и-исламға қазақтан съез сайланған кісілер: 1) Ақмоладан Айдархан Тұрлыбаев, 2) Семейден Әбікей Сәтбаев, 3) Торғайдан Әлжан Байбөрин, 4) Оралдан Жаһанша Досмұхамедов, 5) Бөкейліктен Уалиджан Танашев, 6) Жетісудан Базарбай Мәмбетов, 7) Сырдариядан Мұстафа Шоқаев, 8) Ферғанадан Ғабдолрахмон Оразаев;
5. Бұл аталғандардың Шуроға бара алмайтындар болса, олардың орынбасарларын областной комитет сайлайды.
6. Шуроға сайланған кісілердің расходын қазақ ұйымдары, комитеттері көтереді;
7. Һәр облыстың өкілдері Петроградқа қазірден баруы керек һәм Шуро-и-ислам қызметіне кірісу керек;
8. Қазақ өкілдерінің жиылысы Шуроның іс басқаратын комитетіне қазақ ағзаларын өздері сайлайды;
9. Уақытша басқа облыстардың өкілдері жиналғанша Шуроның басқаратын комитетіне съез Жаһанша Досмұхамедовты һәм Уәлидхан Танашевты лайықтады.
Съезд Бүкілресейлік мұсылмандар кеңесіне сайланған өкілдерге қазақ партиясының бағдарламасын әзірлуді де жүктеген еді.
Жалпықазақ сьезі осылайша қазақ қоғамының Бүкілресейлік мұсылман кеңесімен байланысын нығайта беруге ынталы екендігін көрсетіп берді.
Бүкілресейлік мұсылмандар кеңесінің атқару комитеті шешіміне орай 1917ж. 21 шілдеде Қазан қаласында өз жұмысын бастаған екінші жалпыресейлік мұсылман съезімен бірге тура осы мезгілде, сондай-ақ дәл осы қалада мұсылман дін иелері мен мұсылман әскери съезі өтті. Бұл съездерге Түркістан мен Қазақтаннан, сондай-ақ Кавказ өңірінен делегаттар қатысқан жоқ. Оған негізінен Ресейдің ішкі аудандарының мұсылмандары қатынасты.
Екінші жалпыресейлік мұсылман съезінде Құрылтай жиналысына сайлау мәселесі арнайы қаралып, Құрылтай жиналысына сайланып барған өкілдер мұсылман фракциясын құрып, бірлесе әрекет ету қажеттігі ұсынылды. Егер біз мұсылмандардан сайланған өкілдер, - деп мәлімдеді Бүкілресейлік мұсылмандар кеңесінің атқару комитеті төрағасы А.Салихов, - Құрылтай жиналысында өзіміздің мұсылман фракциясын жасамаса, онда басқа фракцияларға кіріп істеген біздің даусымыз естілмес, қуатымыз да көрінбес, съездерде шығарылған қарарларымыз жеріне жетпес.
Жалпыресейлік екінші мұсылман сьезі ішкі Ресей және Сібір мұсылмандары үшін мынандай мазмұндағы платформаны қабылдауға қаулы қылды:
1. Ішкі Ресей және Сібір мұсылмандары үшін ұлттық-мәдени автономия берілсін;
2. Түркістан, Қазақстан, Кавказ және Қырымдағы басқару формасы туралы мәселені осы аймақтардағы халықтың өз еркіне берілсін. Бұл мәселені шешу барысында ішкі Ресей және Сібір мұсылмандары аталған шеткі аймақтардың өкілдерінің ұсыныстарын қолдасын;
3. Удельдік, кабинеттік, шіркеулік және жеке меншіктегі жерлер еңбекші халықтың қолына сатусыз өтсін;
4. ...жұмысшы мәселесі бойынша социалистік партиялардың минимум бағдарламасы жүзеге асырылсын;
5. Осы платформаны қуаттайтындар мұсылман фракциясы құрамына енсін.
Ал мұсылман әскери съезі мұсылман әскерлерінің жоғарғы органы болып табылатын әскери шуроны (кеңесті) құру қажет деп жариялады.
Қазан қаласында 22 шілдеде жоғарыда аталған үш мұсылман съезінің өкілдері басқосқан жиналыс өтіп, Құрылтай жиналысына қарамастан ішкі Ресей және Сібір мұсылмандарының ұлттық-мәдени автономиясын жүзеге асыруға кірісу қажет деп шешті.
Мұндай шешім қабылдауға елдің орталық аудандарында саяси күштердің ара салмағын күрт өзгерткен оқиғалар себепкер ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақтың зиялылары өкілдерінің Жалпы ресейлік мұсылман съездеріне қатысуы
Алаш қозғалысы жайында
Түркістан және Алаш автономияларының әлсіреуі
Алғашқы жалпықазақ съездері және олардың саяси мазмұны.
Түркістан және Алаш автономияларының мақсаты, мәні, күйреуі
Бірінші орыс революциясы
Алаш қозғалысының тарихнамасы
Бірінші орыс революциясының қазақ халқына тигізген ықпалы
Алашорданың құрылуы
Бірінші орыс революциясының қазақ өлкесіндегі қоғамдық-саяси өмірге әсері және Қарқаралы петициясы
Пәндер