Ежелгі тарихи мифтер



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Миф сөзінің шығу төркіні көне гректің mythos - әңгіме, әңгімелеу, баянша, аңыз - деген ұғымынан бастау алады; оның латынша аналогы fabula (әңгімелеу, мысал). Жаңа уақытта миф ойдан шығарылған оқиға емес, құдайлар мен аңызға айналған қаһармандар т.б. турасындағы алыс дәуірлердің тарихи құндылығы ретінде басқаша ұғыныла бастады.
Енді соңғы кезде мифтің жаңа мәні ғылыми қолданысқа енді. Мифология ерекше ойлау тегімен байланысты халықтардың өмірінде өшпестей болып қалыптасқан дәуірден үстем, транстарихи саналатын тарихи қоғамдық ойлау формасы болып табылады. Миф біздің өміріміздің бәр жерінен табылатын мәңгілік. Сондықтан, ғалымдар бүкіл әлемдік тарихи мифологиялық процесс турасында орынды сөз етеді.
Мифологияның қоғамдық сананың негізгі формасы ретіндегі қасиеттерін атап өтейік. Біріншіден, миф болмыстың іргелі бастау көздері: табиғатқа тұтастай, халық, ұлт, адамзат және ғарыш өміріне қатысты тақырыптық жалпы маңыздылыққа ие. Мифтегі ең мәндісі хаос пен реттілік (ғарыш) логикалық оппозициясы. Мифология (Ницшелік барлық құндылықтарды қайыра бағалауға дейін) бұлжытпай хаосқа қарағанда ғарыштық реттілікті жөн көретін классикалық әлем келбетін ұстанды.
.
Екіншіден, мифтегі (көрініс беретін идея, концепциялар) мәндер өздерін ұстанатындар тарапынан күмән келтірілмейтін, сараптама жасалмайтын бірден бір ақиқат деп ұғынылады. Мифологиялық түсінік толыққан ақиқат деп ұғынылып; өзінің ақиқаттығына күмән тудырмайды деп тұжырымдады Шеллинг. Логикалық реттелген формаға ие болуы мүмкін болса да, мифология өзінің мәнісі бойынша рационалдылықтан тысқары болып, өзіне шаң жуытпайды. Беделді ғалымының сөзі бойынша, миф әлемі дегеніміз абсолютті реалдылық, сараптама жасалған шақта ол өзімен-өзі болудан қалып, беймифтеніп шыға келеді. Миф өзіне толықтай беріле сенуді талап етеді, өйтпеген жағдайда ол қияли дүниеге айналады. Мифті қабылдаушылар оның миф екендігін біле тұра оны нақты ақиқат деп санайды.
Үшіншіден, мифтік форманың өнер туындысы формасынан өзгешелігі өзгеріске икемділігі мен көнімділігі болып табылады. Бір миф кейде әрі сөздік, әрі әлпеттік (мүсін немесе бейнелеу) формада жүзеге асады. Оның үстіне олар (бізге жақын тән болып келетін) әлдебір образдылықпен байланысын не әлсіретіп алады, не одан мүлдем ажырап қалады да, дәлелдеуді қажет ететін аулақтанған ұғымдарға айналады.
Миф шығармашылығы формасы мен мифтердің тіршілік кешу ауқымы өте кең ол соңғы екі жүз жылдықтарда (романтизм дәуірінен бастап) түбегейлі зерделенді. ХІХ ғасырдағы мифологиялық мектеп басты назарды тарихи ежелгі мифтерге аударды, ХХ ғасырда ғалымдар зерделеу аумағына Жаңа уақыттың, оның ішінде заманалық мифтерді де енгізді. Ең бастысы мифология бүгінде дәуірден үстем әмбебаптық деп пайымдалады. Архетип туралы К.Г.Юнгтің ілімі тап осындай, мифология онда зор рухани мұраны құрайтын ұжымдық санасыздықтың проекциясы (алға талпынысы) болып табылады.
Аксиология аспектісіндегі миф
Мифологияның құндылығы бір мәнділікте болып келмейді, сондықтан (бізге жақын дәуірлерде), табиғаты мен қоғамдық өмірі туралы қып-қызыл айтыс-тартыстың алаңына айналды. Мифологияның мәдениетке қатынасы көбіне танымдық салада әр қилы ұғынылады. Бір-біріне кереғар екі концепция бар. Оның біріншісі XVII-XVIII ғғ. европалық рационализмінен бастау алатын мифтің қоғамдық құбылыс екендігіне сын көзбен қараушылық. Екіншісі бұған керісінше мифті маңызды қоғамдық құбылыс деп санаушылық.
Мифтенген сананы дәйектілікпен қабыл алмаудың жарқын үлгісі - Р.Барттың Мифология кітабы (1958), онда миф идеологиялық өтіріктің артына тығылған жалған ақиқат, олар қалай талқыланып, жинақтала бастаған кезде кейбіреулер оның арбауына түсіп қалады деп сипатталады. Мифтердің мақсаты,- деп есептейді автор,- әлемді қозғалыссыз қалдырып өлтіру; миф қоғамға болмыстың мәңгілік сәйкесімдігі туралы түсінікті сіңіріп, сонымен бірге оны аяқ асты етеді[308]. Бұдан көрініп тұрғаны, Барт мифологияны өмірдің нақтылығын тұтастай бұрмалаушылық пен кедейлендіруші деп ұғынады.
Автордың сөзімен айтқанда Аристотель мен Декарттың ғылыми дәстүріне бағдар ұстаған Ю.М.Лотманның семиотикалық мәдениеттанушылық еңбектерінде де мифтенген сана тап осыған ұқсас тәпсірленеді. Бұл арада миф мәдениеттің шеңберінен шығып, мәдени (рационалды-логикалық ая) және мифологиялық (бейрационалдық) кеңістіктер бір-біріне қарама-қарсы қойылады[309].
Г-Г.Гадамер және Д.С.Лихачев сынды ойшылдар мифологияны басқаша ерек мәдени құндылық ретінде қарастырады. Г-Г.Гадамер өзінің Миф және парасат атты мақаласында ғылыми және мифологиялық әлем келбеті бір-біріне қарама-қарсы емес, миф пен парасат ортақтас болып келіп, тарихтың жалпыға ортақ заңдылығымен өмір сүреді де, бір-бірімен септесіп, бірін-бірі толықтырып отырады. Мифті поптардың алдауы мен әйелдердің бөстекілігі деп шекеден шікірейіп қарамай, оның ғасырлар қойнауынан жеткен ақылмандық үніне құлақ түру керек. Мифтік дуа деп атап өтеді философ,- рационалдықтан тыс, бірақ та, миф ерікті емес фантазия арқылы өмірдің ұлы рухани және әлеуетті күшін қалыптастыратын өзіндік ғылымнан тыс ақиқатты таратушы болып табылады[310]. Осы ыңғайда, Д.С.Лихачев та миф ізгілік пен құндылықтың мәліметтер қорабы болып табылады; біздің тірліктегі өмір сүруімізді жеңілдетеді деп ой толғайды[311]. Сонымен бірге, қолданыстағы мифтер шындық болмысты бұрмалауы да мүмкін. Осылайша, мифологиялық құндылықтардың әр тектілігі айқындалып, халық санасындағы мифтік тұманға қоғамды ақиқатқа жақындатушы атына заты сай мәдени феномен қарсы қойылады.
Келтірілген миф турасындағы түйіндеулер танымға, ақылға, ақиқатқа қатысты болып, дәлелді ой тұжырымдауымызға негіз болады. Сонымен бірге, Г-Г.Гадамердің, әсіресе, Д.С.Лихачевтің пікірлері, біздіңше, нақтылай түсуді керек етеді. Байқайтынымыз, мәліметтер қорабына адамзаттың өзін қоршаған ортадағы тек мифологиялықты ғана емес, тікелей өмірлік, өзіндік ғылыми игергендерінің бәрін де жатқызуға болады. Күнделікті тәжірибе мен ғылыми іс-әрекет талпынысы мәліметтер қорабының біршама айқындықта болғанын қалайды да, феноменді танып білу мен ұғынудың толықтығына, қасиеттерінің көп қырлылығы мен көп мәнділігін сезіне алуымызға септеседі. Миф турасында бұны айта алмаймыз, бұл жерде кестелендіру, жеңілдетілу, бір мәнділік сіңіру байқалады. Ф.А.Степун игерілетін тақырыптың формасын ықшамдаудың екі жолы бар: бірі оның мазмұнын, екіншісі - оның мазмұнының тақырыбын ықшамдау деп тұжырымдайды[312]. Осының соңғысы берілген нәрсенің реңкін, күрделілігін, қарама-қайшылығын керек етпейтін мифке қатысты. Мифтің болмысты кестелендіруі синедохаға және кейбірде гиперболаға ұқсайды. Міне, осы сипат бізге жақын дәуірлердегі айқын емес қораптағы мифологиялық объектілерге тән болып келеді. Мифтер зат, феномен, тіршілік туралы білімнен, яғни, ақиқаттан (бос және жартыкеш түрдегі), болмысты бір жақты, кез келген бұрмалаушылық пен адасушылықтан тұрады. Басқаша айтар болсақ, мифология түйсіктік аяндық пен рационалдық жетімсіздіктің қабысуының ақиқаты. Сапасы сан алуан мифтерден құрылған мифология өзіне әрі құрметпен, әрі сын көзбен қарауды қажет етеді.
Ежелгі тарихи мифтер мен әдебиет
Миф өз тамырымен белгісіз алыс дәуірлерге кетеді. Мифология адамзат мәдениетінің басқа формалардың өз кезегінде бірте-бірте пайда болған феномендік ілкі бастау көзін түзеді. Миф шығармашылығының бірінші кезеңі - архаикалық ру-тайпалық мифтер. Оның сипаты ұжымдық ойдан шығарудың мүлтіксіздігі басымдыққа ие болып, замана адамына тым қарабайыр, кейде тіпті абсурдты болып көрінеді. Бірақ та біздің ежелгі бабаларымыз үшін бұндай қиялдың жемісі еш күмән келтірілмейтін шынайы ақиқат болып саналған. Архаикалық мифтер дегеніміз - ілкі мәдени феномен ретінде айқын басымдыққа ие болып қана қойған жоқ, сонымен бірге қашан дін, өнер, ғылымдар мен философия пайда болғанша адамзат санасының бірден бір формасы саналып келді. Мифология (жоралғымен бірігіп) жеке адамдар мен олардың қауымдастығының тәлімі мен санасын қалыптастырудың ұйымдастырушы және бекемдеуші әлеуетті болып табылды. Шеллинг бұл дәуірлерде мифология бірден бір бағдаршам болды деген ой айтады.
Архаикалық мифологияның басты объектісі - қиялда түрленген кейбірде қорқыныш пен үрей туғызатын, сондай-ақ, тәу ету нысанына (тотемге) айналған тайпаның ілкі бабасы мен жебеушісі саналатын табиғат құбылыстары: орман, дала, су рухтары болды. Кейбір жағдайда табиғи-ғарыштық күштерді (күн, ай, бұлт мифтері) адамдандырды. Архаикалық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ мифтері мен мифтік аңыздары турал
Қазақ халқының мифологиясы мен оның өзіндік табиғаты
Қазақ мифологиялық фольклорындағы ұлттық таным
Қазақ халқы тарихындағы аңыздар мен мифтер
Қазақ халық прозасындағы әпсана-хикаят жанры
Зерттеудің өзектілігі
Миф пен мифологияның функциясы
Философия және дүниетаным жайлы
Грек мифологиясы
Мифология және философия
Пәндер