Экономикалық теорияның даму және қалыптасу кезеңдеріне жалпы сипаттама
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті
СӨЖ
Тақырыбы: Экономикалық теорияның даму және қалыптасу
кезеңдеріне жалпы сипаттама
Орындаған : Мақұлбек Назерке
Мамандық: Қаржы
Тексерген: Даулиева Ғ.Р.
Экономикалық теория пәнінің дамуында үш кезеңді бөліп көрсетуге болады: экономия, саяси экономия және экономикс.
Экономикалық пікірлердің қалыптасуы ежелгі заманнан басталды. Алғашқы экономикалық ой-пікірлер ертедегі Греция, Рим, Қытай, Индия сияқты елдерде Ксенофонт, Платон, Аристотель және басқа да ойшылдардың еңбектерінде кездеседі.
Экономикалық теория алғашқы антикалық қоғамда Экономия яғни, үй шаруашылығын ұйымдастыру туралы ғылым ретінде қалыптасты. Экономия ұғымын алғаш ұсынған Ксенофонт. Қоғам дамуына байланысты Экономия ғылымы XVI ғасырдың аяғы XVII ғасырдың басында жаңа мәнге ие болып Саяси экономия деген атпен дамыды. Ол грек тілінде полис - мемлекет, ойкос - үй шаруашылығы, номос - заң деген мағынаны білдіреді. Яғни, саяси экономия - бұл қоғамдық шаруашылықтың қызмет ету заңдылықтары туралы ғылым
Саяси экономия ұғымын алғаш ғылымға енгізген француз ғалымы А.Монкретьен. Ғылым ретінде қалыптасқан саяси экономия бірнеше бағытта дамыды. Олар: меркантилизм мектебі, физиократтар мектебі, классикалық саяси экономистер мектебі, марксизм мектебі және бүгінгі таңдағы жаңа экономикалық мектептер (неоклассикалық мектеп, маржинализм мектебі, кейнсиандық мектеп және иниститутционализм мектебі)
Экономика ғылымының қалыптасуына үлестерін қосқан мектептердің алғашқысы - меркантилизм мектебі. Ол италиян сөзінен аударғанда саудагер, көпес ұғымын білдіреді. Бұл мектеп өкілдерінің негізгі көзқарасы бойынша мемлекет байлығының қалыптасу көздері мен нысаны - ақша, алтын, ал оның пайда болу көзі - сауда деп білді. Меркантилистердің көзқарасы бойынша тауарларды шет елден арзанға сатып алып, мейлінше қымбатқа сату арқылы елдегі алтын ақша қорын молайтуға болады. Алтын ақша неғұрлым көп болса, соғұрлым қоғамның байлығы да мол болады деп тұжырымдады.
Меркантилистік мектептен кейін қоғамда физиократтар мектебі пайда болды. (грекше физис-табиғат, ал кратос-билік дегенді білдіреді) Олардың пікірі бойынша қоғамдық байлықтың көзі саудада емес, өндірісте, соның ішінде тек қана ауыл шаруашылығында жасалады. Мектептің негізгі қалаушы Ф.Кенэ және А. Тюрго. Кенэ тұңғыш рет ұдайы өндіріс теориясына қатысты экономикалық кесте жасады. Бұл кестеде бір жылы ішінде өндірілген ауыл шаруашылық өнімдерінің ұдайы өндірістік үрдісі көрсетіледі.
Дегенмен, олардың өндірісті тек қана ауыл шаруашылығымен шектеуі және халық шаруашылығының басқа салаларын өнімсіз деп есептеуі қате пікір болады. Оны классикалық саяси экономиканың көрнекті өкілдері У.Петти, А.Смит, Д.Рикардо С.Сисмонди сынға алды. Классиктер қоғамның байлығы жалпы өндіріс салаларында пайда болатындығын дәлелдеді. Олар ауыл шаруашылығымен қатар өнеркәсіптегі материалдық игіліктерді өндіру, өндеу үрдістерін жалғастыратын байланыс халыққа қызымет көрсету салаларында да жаңа құн өндіріліп қоғамдық байлық молая түседі деген қағиданы қалыптастырды. Классикалық саяси экономистердің басты жағалығы - олар еңбек-құн теориясының негізін қалады.
XX ғасырдың басында Батыс елдерінде кең тараған дағдарыстық құбылыстың жиі қайталануы нарықтық механизм арқылы экономиканы дағдарыс жағдайынан алып шығудың мүмкін еместігін дәлелдеді. Осы Ұлы күйзеліс кезеңінен бастап экономиканы қалпына келтіру мақсатындағы көптеген бағыттар өз зертеулерін ұсынады. Солардың бірі-кейнстік бағыт. Оның негізін қалаған ағылшын экономисі - Джон Мейнард Кейнс. Оның Жұмыспен қамту, пайыз және ақшаның жалпы теориясы атты әйгілі еңбегі бар. Осы еңбегінде Дж.М.Кейнс экономиканы дағдарыстан шығару үшін макроэконокалық құралдарды, тиімді сұраныс қағидасын қолданып, жұмыссыздық деңгейін төмендету шараларын ұсынады.
Экономикалық теория адамзат өмірімен тығыз байланысты ғылымдардың бірі. Ол еңбек туралы, қоғамдық қатынастардың шешуші саласы - өндірістік қатынасты зерттейтін ғылым. Экономикалық теорияның пәні - бұл шектеулі ресурстарды тиімді пайдалану арқылы түрлі тауарларды өндіру, бөлу, айырбастау және тұтыну арасындағы экономикалық қатынастарды зерттейді.
Экономикалық теория ғылымы микроэкономика және макроэкономика деген екі негізгі бөлімнен тұрады.
Микроэкономика - жеке өндірушілердің қызмет әрекеттерін, кәсіпкерлік капитал мен бәсекелік ортаның қалыптасу заңдылықтарын зерттейді. Ал макроэкономика - ұлттық экономиканы біртұтас экономика ретінде қарастырады.
Экономика ұғымы үш түрлі көзқарас тұрғысынан қарастырылады:
· экономика - шаруашылық әрекет, адамдар өмірінің ерекше саласы ретінде қарастырылады;
· экономика - шаруашылық жүргізу туралы ғылым деп қарастырылады;
· экономика - шаруашылық жүргізу үрдісінде пайда болатын адамдар арасындағы қарым-қатынас деп қарастырылады.
Экономикалық теория, басқа кез-келген ғылым сияқты танымның әр түрлі формалары мен әдістерін қолданады. Олар:
· Ғылыми абстракция - бұл зерттеу пәнін жеке, кездейсоқ, қысқа мерзімді, дара құбылыстардан біздің түсінігімізді оқшаулап, оның тұрақты, әрдайым қайталанатын мәнін, маңызын ашу. Абстракциялау үрдісінде категориялар тұжырымдалады, құбылыстар мен үрдістердің өзіндік дербес ерекшеліктері анықталады. Тану үрдісіндегі қозғалыс белгілі бір заңдылықтармен тұжырымдалып, жалпыдан жекеге, абстракциядан нақтылыққа жүреді.
· Талдау (анализ) - экономикалық құбылыстарды жеке элементтерге жіктеп, оның әрбір элементін біртұтастықтың құрамдас бөлігі ретінде зерттеу.
· Жинақтау (синтез) - бұл экономикалық құбылыстардың жеке элементтерін біріктіріп, біртұтас зерттеу.
· Индукция - жеке оқиғадан, құбылыстардан логикалық пайымдау арқылы жалпы ортақ қағидалар шығару.
· Дедукция - жалпы қағидалар негізінде экономикалық объектілердің, үрдістердің кейбір жеке көріністері мен ерекшеліктерін сипаттау. Ғылыми жүйенің қалыптасуы индукция және дедукция әдістемелері негізінде жүзеге асырылады.
Сонымен қатар экономикалық теория жалпы ғылымдар жүйесінде мынадай қызметтер атқарады:
- танымдық - бұл экономикалық заңдар, құбылыстарды зерттеу және түсіндіру;
- практикалық - нақты принциптерді және шаруашылықтың тиімді әдістерін жасаумен, сондай-ақ мемлекеттің саясатын ғылыми дәлелдеумен түсіндіріледі;
- сындық - құбылыстарды сын тұрғысынан қарастырып, олардың жетістігі мен артықшылығын, күнделікті өмірде қолдану мақсатында кемшілігін де көрсетеді;
- методологиялық - барлық экономикалық ғылымдар жүйесі үшін теориялық және методикалық негіз болады;
- болжам жасау - экономиканың, жалпы қоғам дамуының ғылыми болжамын жасау.
Экономикалық теорияның зерттейтін құбылыстарының мәні экономикалық категориялар мен заңдарда көрсетіледі.
Экономикалық категориялар дегеніміз - қоғам өмірінің нақты жағдайларын теориялық тұрғыдан сипаттайтын логикалық ұғымдар. Мысалы: ақша, тауар, сұраныс, ұсыныс, капитал, өндіріс, несие, қаржы, жалақы, құн, баға және т.б. Экономикалық категориялар тарихи сипатта болумен қатар, қоғамдық формацияның қалыптасу, даму үрдісін сипаттайды.
Экономикалық заңдар - бұл адамдардың іс-әрекет қызметінің себеп - салдарлы байланыстарын көрсететін заңдар. Олар адамдардың іс-қызметінің нәтижесінде туындап, осы үрдіс арқылы жүзеге асырылады. Экономикалық заңдар әрқашанда объективті сипатта болады, яғни адамның еркі мен санасынан тәуелсіз туындап, әрекет етеді. Бұл заңдар белгілі бір экономикалық жағдайлармен бірге өзгеріп, дамып отырады. Экономикалық заңдар ерекше және жалпы болып бөлінеді.
Ерекше экономикалық заңдар - шаруашылық жүргізудің нақты тарихи нысандарының даму заңдары. Жалпы экономикалық заңдар - барлық тарихи даму кезеңдеріне тән заңдар.
Экономикалық заңдар мәңгі емес олар тарихи сипатта белгілі бір кезеңде туындап өзгеріп немесе жойылып кетеді. Олардың көпшілігі белгілі бір тарихи кезеңде әрекет етеді де кейін жаңа экономикалық заңдарға орын береді. Сондықтан адамдар өз еркімен дербес шешімдер арқылы экономикалық заңды жоққа шығарып оның орнына жаңа заңдарды шығара алмайды. Экономикалық заңдардың күшінің жойылуы адамдар санасынан тәуелсіз қоғамдағы объективті экономикалық үрдістердің өзгерісімен тікелей байланысты.
Алайда экономикалық заңдар өздігінен адамдардың шаруашылық қызметінен тыс және оған байланыссыз жүзеге аспайды. Керісінше олар тек адамдардың іс - әрекеттері негізінде ғана қалыптасып көрініс алады. Демек, экономикалық заңдар адамдардың санасынан тәуелсіз болғанымен, олардың іс - әрекетінен тәуелсіз емес. Адамдар экономикалық заңдарды танып біліп олардың объективті талаптарына сай шешімдер қабылдайтын болса ғана заң жүзеге асады. Бұл талаптарға қайшы келетін кез - келген әрекет сөзсіз шаруашылық жүргізудегі қиындықтарға, орынсыз шығындарға соқтыратыны даусыз. Нарықтық қатынастарға өту мен оларды дамыту жолында айтылғандарды қатаң ескеру қажет.
Экономикалық теория негізінде экономикалық саясат анықталады. Экономикалық саясат - мемлекеттің экономикалық мәселелерді шешудегі және оның механизмін әрекетке келтірудегі қызметі. Экономикалық саясатты жүзеге асыру барысында экономикалық теорияны жаңа сатыға көтеретіндей тұтас экономикалық жүйе дамиды.
Экономикалық саясаттың негізгі міндеттері:
- экономикалық еркіндік - экономикалық субъектілерге шаруашылық
практикасында іс-әрекет түрлерін таңдау мүмкіндігін беру;
- экономикалық өсу - барлық халықтың өмірі мен әл-ауқатын жақсарту;
-жұмыспен қамту және жұмыссыздық -жұмыссыздықты табиғи деңгейде ұстап тұру;
- баға тұрақтылығы - инфляцияны төмендету және қаржы саласындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету;
- қоршаған ортаны қорғау-экономикалық даму талаптарын және экологиялық қауіпсіздік нормаларын сақтау;
- әлеуметтік-экономикалық кепілдік -әлеуметтік қорғалмаған азаматтардың өмірлеріне қалыпты жағдай жасау;
- әділ салық салу-табысы төмен тұрғындар топтары үшін салық жеңілдіктерін енгізу.
Қоғамдық өндіріс мәселесі экономикалық теорияның негізгі мәселелерінің бірі болып табылады. Адамдар қоғамда тіршілік ету үшін өндіріс үрдісі қажет. Ол материалдық игіліктерді өндіру, бөлу, айырбастау және тұтыну үрдістерін қамтиды. Яғни, өндіріс дегеніміз- адам өміріне қажетті игіліктерді өндіру кезіндегі адам мен табиғат арасындағы байланыс. Материалдық игіліктерді өндіру тәсілі - өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастардың диалектикалық бірлігі болып табылады. Бұл кезде, өндіргіш күштер өндіріс тәсілінің материалдық - заттық мазмұнын, ал өндірістік қатынастар - олардың өмір сүруі мен дамуының әлеуметтік-экономикалық нысанын құрайды. Өндіргіш күштерге екі түрлі фактор кіреді.Олар:
· субъективті жеке факторлар немесе жұмыс күші;
· объективті заттық факторлар немесе өндіріс құрал-жабдықтары.
Жұмыс күші дегеніміз- адамның еңбекке деген қабілеттілігі. Ол өндірісте пайдаланылатын ой және еңбек күштерінің бірлігі. Жұмыс күші өндірістің жеке факторы ретінде орын алады.
Өндіріс құрал-жабдықтары- еңбек құралдары мен еңбек затынан тұратын өндірістің заттық факторы. Еңбек құралдары дегеніміз- адамға қажетті игіліктерді жасауға пайдаланылатын заттар жиынтығы. Еңбек заттары - деп еңбек барысында адамдардың тікелей әсер етіп, болашақ өнімнің материалдық негізін құрайтын заттарды айтамыз.
Өндіргіш күштер- бұл қажетті білімі, еңбек тәжірибесі мен іскерлігі бар адамдар мен еңбек барысында пайдаланылатын еңбек құралдары.
Экономикалық игіліктерді өндіру үшін ресурстар, яғни материалдық және рухани игіліктер мен қызметтерді жасау үрдісіне қажетті түрлі өндіріс элементтері пайдаланылады. Ресурстарды бес топқа жіктеуге болады:
- табиғи ресурстар- бұл адамның тіршілік етуінің табиғи жағдайларының жиынтығы, яғни өндіріс үрдісінде пайдаланылатын қоршаған ортаның құрамдас бөліктері (су, топырақ, пайдалы қазбалар);
- еңбек ресурстары- еңбекке жарамды жастағы жұмыс күшіне ие адамдар;
- өндіріс құралдары- жеке өндірістік үрдіс үшін бөлінетін ақшалай қаражат түріндегі капитал;
- ақпараттық ресурстар- автоматтандырылған өндірістің қызмет етуіне және оны кампьютерлік техникамен басқару үшін қажетті мәліметтер;
- кәсіпкерлік қызмет- барлық ресурстарды игіліктер мен қызмет жасау мақсатында ұйымдастыру әрекеті кезінде көрінетін адам капиталы. Ресурстар әрқашанда шектеулі болып келеді.
Ресурстардың абсалютті және салыстырмалы шектеулілігін ажырата білу керек.
Абсалютті шектеулілік- өндіріс ресурстарының қоғам мүшелерінің барлық қажеттіліктерін бір мезгілде қанағаттандыруға жетіспеушілігін айтады. Егер қажеттіліктер шеңберін тарылтса, онда қажеттіліктердің абсалютті шектеулілігі салыстырмалы болады. Өйткені, қажеттіліктердің шектеулі шеңбері үшін ресурстар салыстырмалы түрде шексіз болады.
Өндіріс үрдісінде ресурстар өндіріс факторларына айналады. Өндіріс факторлары адамзат қоғамының даму деңгейіне сәйкес ұдайы дамып жетіліп отырады. Маржинализм теориясының өкілдері өндіріс факторларын төрт топқа бөледі. Олар:
- жер - бұған табиғат байлықтары, пайдалы қазбалар, орман, жыртуға жарамды жер және т.б.;
- капитал - бұл машина, құрал-жабдықтар, қойма, көлік және байланыс құралдары және т.б.;
- еңбек - адамның мақсатты ақыл-ой және дене қызметінің көрінісі;
- кәсіпкерлік қабілет - арнайы өндіріс факторы ретінде өндірісті ұйымдастыруда ынтлылықты, төзімділікті және тәуекелділікті қажет ететін жұмыс күшінің өнім өндіруге мамандануы.
Қоғамдық өндірістің түпкі нәтижесі оның өнімі. Ол қоғамдық сипатта болады. Өйткені, қоғамдық еңбек бөлінісіне сай оны өндіруге өзара байланысты көптеген адамдар қатысады. Әр өнімнің екі қасиеті болады:
· тұтыну құны- (қажеттілікті өтеу қасиеті).
· еңбек шығыны (оны өндірумен байланысты адамның физиологиялық мағынада жұмыс күшін жұмсауы).
Сонымен қатар, өнім өндіруге әрқилы материалдық және материалдық емес игіліктермен қызмет көрсету кіреді. Сондықтан да, қоғамдық өндіріс материалдық және материалдық емес өндіріс саласы болып екіге бөлінеді:
Материалдық өндіріс саласына- материалдық игіліктерді өндіру салалары сонымен қатар, материалдық қызмет көрсету кіреді. Мысалы: өнеркәсіп, ауылшаруашылығы, құрылыс саласы, транспорттық қызмет, коммуналдық қызмет көрсету, киім тігу, тазалау және т.б.
Ал материалдық емес өндіріс саласына- өндірістен тыс игіліктерді (рухани игіліктер) өндіру және өндірістен тыс қызмет (рухани қызмет) көрсету жатады. Мысалы: ғылыми кеңестер беру, денсаулық сақтау, білім беру, кітап жазу, сурет салу және т.б.
Өмір ағымы сияқты қоғамдық өндіріс қозғалысы да үздіксіз болады. Өндірістің өзінен бастап бөлу, айырбас сатыларынан өте отырып, тұтынумен аяқталады. Бұл сатылардың бәрі өзара тығыз байланысты. Және адамдар арасында экономикалық қатынасты қалыптастырады.
Ндіріс- қоғамдық өндірудің бастапқы сатысы, ол қоғамның өмір сүруі және дамуы үшін қажетті игіліктерді өндіру үрдісі. Өндіріс - қоғам өмірінде жетекші рөл атқарады. Ол өндірілген материалдық игіліктер әрқилы әлеуметтік топтардың жеке адамдардың үлесіне қарай бөлінеді.
Айырбас- бір жағынан өндіріспен бөлу, екінші жағынан өндіріс пен тұтыну арасындағы байланысты көрсетеді.
Тұтыну- қоғамдық өнімді адамдардың белгілі бір қажетін қанағаттандыруға пайдалануы. Тұтыну өнім қозғалысының соңғы сатысы.
Экономикалық өрлеу қоғамдық өндірістің дамуына байланысты. Қоғамдық өндіріс үздіксіз дамып отырады. Өндірістің үздіксіз дамып, қайталанып ұлғайып отыруын ұдайы өндіріс дейді. Ұдайы өндіріс жай және ұлғаймалы ұдайы өндіріс болып екіге бөлінеді:
Жай ұдайы өндіріс - бұл өндіріс үрдісінің бұрынғы ауқымда қайталануы, сондықтанда алынған табыстың бәрі жеке тұтынуға жұмсалады.
Ұлғаймалы ұдайы өндіріс- бұл өндірістің ұлғаймалы ауқымды қайталануы, өйткені алынған табыстың бір бөлігіне қосымша ресурстар сатып алынады. Ұлғаймалы ұдайы өндірістің үш негізгі типі бар:
Интенсивті - ең алдымен өндіріс факторларын сапалық жетілдіру, яғни, еңбек құралдарын неғұрлым үнемді пайдалану, жұмыс күшінің біліктілігін арттыру және қордағы өндірістік қуаттарды тиімді пайдалану арқылы өнім өндіру көлемін сапалық жағынан ұлғайту.
Экстенсивті - өндіріс үрдісінің сан жағынан өсуі, яғни, өнімді екі есе көбейту үшін қолда бар өндіріс құрал жабдықтарын, жұмыс күшін екі есе ұлғайту керек.
Аралас- өндіріс қуатында пайдаланылатын өндірістік факторлардың санын ұлғайту және техникамен технологияны жетілдіру нәтижесінде ұлғайту.
Кез-келген қоғамның экономикалық даму сипатын анықтау үшін экономикалық жүйе түсінігі қолданылады.
Экономикалық жүйе (грекше, systema - тұтас, бөлімдерден құралған) өзара байланысқан шаруашылық қатынастар мен белгілі бір тәртіпке келтірілген экономика элементтерінің жиынтығынан тұрады және экономиканы ұйымдастырудың нысаны болып табылады.
Басты міндеті- шектеулі өндірістік ресурстарды тиімді пайдалану жолдары мен әдістерін табу. Экономикалық жүйе өміршеңдігінің басты себебі - ресурстардың салыстырмалы түрде шектеулі болуы. Яғни, барлық қоғамға тән бұл мәселе тиімді шаруашылық жүргізудің әдіс-тәсілдеріне негізделген экономикалық жүйе арқылы өз шешімін табады. Экономикалық жүйенің тиімділігі қойылған мақсаттарға жету деңгейімен анықталады.
Экономикалық жүйенің мақсаты- халықтың әл-ауқатын арттыру, оларды материалдық, рухани, әлеуметтік, ұлттық және басқа да құндылықтармен қамтамасыз етудің тиімді жолдарын енгізу. Сондықтан экономиканың тиімділігін арттыру үшін экономикалық жүйе бір тұрпаттан (типтен) екінші тұрпатқа өзгереді.
Экономиканың жүйелі сипатын ғылыми-теориялық тұрғыда қарастырған ағылшындық классикалық саясиэкономияның негізін салушы - А.Смит Халықтар байлығының табиғаты мен себептері туралы (1776ж.) басты ғылыми еңбегінде ең алғаш рет осы тақырыпқа ашық талдау жасады. Одан кейінгі экономикалық жүйе туралы ғылыми көзқарастар Д.Рикардо, Ф.Лист, Дж.С.Милль, К.Маркс, К.Менгер, А.Маршалл, Дж.М.Кейнс, П.Самуэлсон еңбектерінде орын алды.
Экономикалық жүйеде қызмет ететін шаруашылық субъектісі өз таңдауын жүзеге асыру үшін қажетті ақпараттарға ие болуы тиіс және не өндіру? қалай өндіру? кім үшін өндіру? керек деген экономиканың үш негізгі міндеттерін шешуге ұмтылады. Шаруашылық өмірдің бұл міндеттерін шешу тәсілін кез-келген қоғамға тән ақпараттық жүйе анықтайды. Шаруашылық іс-әрекетте әрбір субъектінің өз жоспары, талғамы, артықшылықтары және өндіріс әдістері туралы көзқарастары болатындықтан, таңдауды үйлестіруді кім және қалай жүзеге асырады деген сұрақ туындайды.
Экономикалық жүйелер әртүрлі белгілеріне қарай бірнеше түрге жіктеледі:
· Меншік нысаны мен экономикалық әрекетті басқару, бағдарлау
тәсіліне байланысты:
- дәстүрлі экономикалық жүйе;
- орталықтан басқарылатын жоспарлы экономикалық жүйе (әміршіл - әкімшілдік немесе тоталитарлық);
- нарықтық (нарықтық) экономикалық жүйе;
- аралас экономикалық жүйе.
· Өркениет типтерінің даму нәтижелері ретінде экономикалық жүйе:
- дәстүрлі - қоғамдағы экономикалық қатынастар әдет-ғұрыптарға негізделеді;
- либералды - қоғамның дамуы үшін тиімділікке жетуге ұмтылыс басым және жеке тұлғаның бастамашылығына ешқандай кедергілердің болмауы (қазіргі индустриалды қоғам);
- аралас - бірінші және екінші типтердің элементтерінен құралады.
:: Сыртқы экономикалық байланыстардың сипатына байланысты:
- жабық экономикалық жүйе - шаруашылық іс-әрекеттер белгілі бір шеңбер көлемінде, тұйықталған күйде жүзеге асырылады (натуралды шаруашылық);
- ашық экономикалық жүйе - басқа елдердің өндірістік бірлестіктерімен экономикалық байланыстар үнемі ұлғайып отырады (нарықтық шаруашылық).
Экономикалық жүйенің негізін құрайтын меншік нысаны мен экономикалық әрекетті басқару, бағдарлау тәсіліне байланысты оның келесідей үлгілері болады:
1. Орталықтан басқарылатын жоспарлы экономикалық жүйе (әміршіл- әкімшіл немесе тоталитарлық).
2. Нарықтық экономикалык жүйе.
3. Аралас экономикалық жүйе.
I. Орталықтан басқарылатын жоспарлы экономикалық жүйе мемлекеттік меншік үстемдік еткен жағдайда қызмет етеді және жеке меншік болмайды.
Бұл жүйеге тән негізгі белгілер:
- елдің материалдық байлығының 90%-ға жуығы қоғамның (мемлекеттің) меншігі болып табылады;
- қоғамның барлық салалары орталықтан жоспарлау арқылы реттеледі;
- өндірісті материалдық-техникалық жабдықтау орталықтандырылған. Барлық ресурстар өндірушілерге бір орталықтан жоспар бойынша қатаң бөлініп беріледі (ресурстар қажет емес болса да);
- экономикалық ынталандыру тек жалақы мен сый-ақы жүйесі арқылы ғана жүзеге асырылады, бірақ оның өзі қатаң бақыланады. Еңбек ақы деңгейінде алшақтық жоқ және еңбек етуге мәжбүрлеу басым;
- экономикалық тепе-тендік қатаң экономикалық-құқықтық және заңдарды қабылдау негізінде қамтамасыз етіледі;
- экономикада тауарлардың тапшылығы орын алады;
- қаржы-несие тетіктері (баға, пайыз, ақша массасы, несие) жаппай жоспардың орындалуына қызмет етеді;
- сыртқы саудада мемлекеттің ғана монополиялық билігі бар. Валютаны еркін айырбастауға тыйым салынады және валюта бағамын мемлекет бекітеді;
- шектеулердің көптігіне байланысты жүйеде көлеңкелі экономиканың үлесі жоғары;
- коммунистік идеологияның үстемдік етуі;
- әлеуметтік мәселелерді (жұмыссыздық, үймен қамтамасыз ету, көп балалы отбасыларға көмек беру және т.б.) шешуге көп көңіл бөлінеді.
ІІ.Нарық қағидаларына негізделген экономикалық жүйе жеке меншіктің классикалық жаңартылған нысандарына негізделеді. Мұнда нақты экономикалық мүдделері бар өндірушілердің іс-әрекеттері мен еркін таңдауларына басты мән беріледі.
Нарықтық экономиканың ерекше белгілері:
- инвестициялық ресурстарға жеке меншік;
- макроэкономикалық ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz