Экономикалық теорияның қалыптасу және даму кезеңдері туралы



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
Экономикалық теорияның қалыптасу және даму кезеңдері
Жоспар:
Кіріспе
1. Экономикалық теорияның мақсаттары, мектептері және әдістері
2. Экономикалық заңдар және экономикалық категориялар
3. Экономикалық теорияның қалыптасуы мен тарихи даму кезеңдері
4. Экономикалық теорияның құрылымы және атқаратын қызметтері
Қорытынды
Әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Әлемде сан алуан халықтар еңбек етіп, қоғамдық өндіріс, өзара байланыс, айырбас жүргізіп, түрліше табиғи жағдайда өмір сүріп келеді. Адам еміріндегі ең қажетті шарт -- аш-жалаңаш, баспанасыз болмауы үшін еңбек ету, еңбек нәтижесін тұтыну, өзара айырбас қатынастарының болуы. Адам жападан-жалғыз күн көре алмақ емес. Алғашқы қауымда адамдардыи табиғи ортада хайуанаттардан белініп шығуының өзі бірлескен еңбекке байланысты. Тарихтағы тұңғыш экономикалық ой-пікір алғашқы адамдардың бірлесіп тағы аңдарды аулауы деуге болады. Экономикалық қатынас өмір қажеттілігінен туады. Ежелгі дүниедегі экономикалық кейбір құбылыстар мен процестер Египет, Қытай, Үндістан, Греция, (Ксенсфэнт, Платон, Аристотель т. б.) ойшылдарының еңбектерінде қарастырылды. Мәселен, Аристотель тауар құны деген ұғымға тоқталып, оның айырбас қатынасьгаан шығатынын байқаған. Бірақ ерте дүниеде, орта ғасырларда экономикалық ой-пікір ғылым болып қалыптаспады. Оның себебі ол заманда тауар-ақша, рынок, сауда дамымады, шаруашылық негізінен тұйық натуралды -- заттай жүргізілді.
Экономикалық ой-пікірлердің ғылыми тұжырымдалып қалыптасуы сауда, өнеркәсіп капиталының дами бастауына байланысты болды. Бұл кезең негізінен Еуропада XVI -- XVII ғасырларды камтиды. Ал Ресейде тауар-ақша қаты-настары 1861 жылғы реформадан сон дамыды. Қазақстани елінде XIX ғасырдың соңы, XX ғасырдың басында сауда капиталы, тауар-ақша айналымы, халықаралық рынок, еңбек бөлінісіне қамту процесі бірте-бірте жанданған. Еліміздің Солтүстік, Батыс аймақтары Ресеймен тауар айналысына басым қатынаста болса, Оңтүстік Шығыс, Орталық аудандарға Орта Азия, Қытай т. б. елдердің саудагерлері жиі келе бастады.
Алғаш рет өз алдына қалыптасқан ой-пікірдің белгілі бағыты -- меркантелистер мектебі. Ол (мерканте -- итальян сөзі сауда, пайда табу) қоғамдық байлықтың негізі ақша, алтын деп біледі. Меркантелистердің талабы тауарды шет елдерге мүмкіндігінше көп сату, олардан мейлінше аз сатып алу, сөйтіп ақша қорын молайту жолдарын іздеуі. Демек, меркантелистер сауда капиталының мүддесін қорғаған. Меркантелистер рынок экономикасы теориясы мен практикасыиың негізін қалаушылар қатарына жатады. Олар ақша неғұрлым кеп болса, қоғамнын байлығы да мол болады деген ұғымды басшылыққа алды. Әрине, сауда капиталы тұрғысынан бұл ұғым дұрыс та шығар. Себебі саудагерлер, көпестер ақшасы көбейген сайын, мал-мүлкі көп байлардын қатарына қосылып, қоғамға қажет тауарларды тасымалдау, сату ісі жанданады. Сауда капиталының қызметі айырбас, айналыс процесін үздіксіз жүргізу арқылы экономиканы ілгері бастыруға көмектеседі. Бірақ сауда капиталы қоғам байлыгын, адамдардың әл-ауқатын көтеретін күш емес. Бұың себебі айналыс, айырбас саласында тек қана құн формасы ауысып тұрады, екінші сөзбен айтқанда, тауар, онын құны бір қолдан екінші колға өткенде ешбір жаңа тауар, жаңа құн жасалмайды. Йбмек меркантелистер теориясы ғылыми дәлелденбеген, ол халық шаруашылыгын толық қамтитын ілім болған жоқ. Меркантелистердің осы осалдығын физиократтар байқады да қоғамдық байлық, саудада емес, өндірісте екенін дәлелдеді. Бірақ физиократтар Ф. Кенэ, А. Тюрго т. б. өндіріс қатарыка тек ауыл шаруашылыгын жатқызды. Олардың гіікірінше, қоғам байлығының бірден бір кезі ауыл шаруашылығы өнімдері, сондықтан өсімтал тап қатарына тек қана шаруалар жатады деген ұғымды дәріптеп, Ф. Кенэ тұнғыш рет ұдайы өндіріс теориясына қатысты Экономикалық кесте жасады. Бұл кестеде бір жыл ішінде өндірілген ауыл шаруашылық өнімдерінің ұдайы өндіріс процесі зерттелінді.
Ф. Кенэнін Экономикалық кестесі қоғамдық өндірістің ұдайы даму процесін зерттеуге арналған, өз заманындағы даналықпен болжалған ғылыми тұжырымдамалар қатарына жатады. Физиократтардың өндіріске кәңіл аударуы экономикалық ой-пікірдегі күрделі жаңалық, алга басу. Бірақ олардың өндірісті тек қана ауыл шаруашылығымен шектеуі халық шаруашылыгының басқа салаларын өнімсіз деп есептеуі дұрыс болмады .Оны буржауазиялық саяси экономиканың көрнекті өкілдері У. Петти, А. Смит, Д. Рикардо, С. Сисмонди еңбектері айқын көрсетті. Қоғам байлыгы жалпы өндіріс салаларында пайда болатындығы дәлелденді. Ауыл шаруашылыгымен қатар өнеркәсіптің материалдық игіліктерді өндіру, өңдеу процестерін жалғастыратын байлакыс, халыққа Хызмет көрсету салаларында да жаңа құн өндіріліп, қоғамдық байлық молаяды деген кағида берік қалыптасты.
Классикалық саяси экономия жаңа дамып келе жатқан капиталистік өндірістік қатьшастарды дәріптеуші, өндіріс капиталының мүддесін қорғайтын экономикалық ой-пікірдің прогрессивті сатысы болды. Классикалық буржу-азиялық саяси экономиянмң басты табысы еңбек құн теориясының негізін қалады.
1. Экономикалық теорияның мақсаттары, мектептері және әдістері
Экономикалық теория - бұл адамдардың шексіз қажеттілігін қанағат-тандыру үшін қоғамдағы шектеулі немесе сирек кездесетін ресурстарды пайдалану арқылы игіліктерді өндіруді зерттейтін ғылым. Ең алғаш рет б.д.д. III- ғасырда грек ойшылдары Аристотель мен Ксенофонт еңбектерінде экономикалық болмыс түсінігі кездеседі. Экономикалық теория дербес ғылым болып XVI-XVII ғасырларда тауар - ақша қатынастары кеңейген капитализм кезеңінде түбегейлі қалыптаса бастады.
Экономикалық теорияның мектептері:
Меркантилизм - Ең алғаш экономикалық ілім XVI-XVII ғасырларда меркантилизм мектебі болды (итальян сөзі мерканте - саудагерлер көпес, сауда, пайда). Бүл ілімнің негізінде қоғам байлығының қайнар көзі материялдық өндіріс емес, тауар ақша қатынастарында болды. Меркантелистердің талабы бойынша тауарды шет елдерге көп сату олардан аз сатып алу, сөйтіп елдегі ақша қорын көбейту. Олар сыртқы сауданы дамыту арқылы елдегі алтын мен күмістің көлемін молайту негізінде халықты байытуға болады деді. Демек меркантелистер тек сауда капиталының мүддесін қорғады. Сондықтан халық шаруашылығын толық қамтитын ілімге айнала алмады. Бұл ілімнің көрнекті өкілдері Т.Мен, А.Монкретьен, І Петр,И.И.Посошков.
Физиократизм - (XVIII) қоғамның байлығы саудада емес өндірісте деген қағида ең бірінші физократтар мектебінің өкілі Франсуа Кэненің еңбегінде пайда болды, бірақ ол ұлттық байлықтың қайнар көзі ауыл шаруашылығының еңбегінде деп есептеді. Физио - табиғат, кратос - үстемдік. Алайда өндірісті тек ауыл шаруашылығымен шектеп халық шаруашылығын басқа салаларын өнімсіз деп есептеу дұрыс болмады. Бұл кезеңнің көрнекті өкілдері Ф.Кенэ, А.Тюрго, Дюпон де Немур.
Классикалық саяси экономия - ХҮІІІ ғасыр (У.Петти, А.Смит, Д.Рикардо, Буагильбер) - өндірістің барлық саласын зерттеп, барлық тауарлардың құндылық өлшемі еңбекте деп дәлелдеген.
ХІХ ғасырдың ІІ жартысы басында саяси экономия екі бағытқа бөлінді: марксизм және маржинализм.
а) Марксизм - (К.Маркс, Ф.Энгельс, В.И.Ленин, Г.В.Плеханов). Зерттеудің негізгі нысаны - капитализмнің экономикалық заңдылықтары. К.Маркстың ашқан басты жаңалығы: қоғамдық-экономикалық формация, капитализмнің даму заңдылықтары, социализмнің жаңа жүйе ретінде пайда болуы, ұдайы өндіріс пен экономикалық дағдарыстар теориясы, тауарға сіңген еңбектің екі табиғаттылығы, қосымша құн туралы ілімдерді, абсолюттік рентаның, жалдамалы еңбектің мәнін қарастырды.
б) Маржинализм - (К.Менгер, У.Джевонс, Л.Вальрос). Маржинализмнің басты категориялары шекті пайдалылық, шекті өнімділік, шекті шығындар. Шаруашылықты тиімді ұйымдастыру үшін шектеулі ресурстарды ең пайдалы бөлудің әдістерін іздестіру жүргізілді. Микроэкономикалық талдауда шекті көрсеткіштер қолданылу әдістері қарастырылды. Маржинализм экономико-математикалық тәсілдер мен үлгілерді кең қолданады. Л.Вальрос математикалық мектептін негізін қалаған. Ол жалпы нарықтық тепе-теңділік үлгісін жасаған, оның негізі сұраныс пен ұсынысты талдау.
Экономикалық теорияның зерттеу әдістері
Жалпы әдістер Жеке әдістер
1. Ғылыми абстракция әдісі - зерттеліп отырған құбылыстардың мардымсыз, өткінші жақтарын дерексіздендіру, олардағы тұрақты қасиеттерді тауып көрсету процесі.
2. Талдау - зерттелінетін құбылыс өзінің құрамды бөліктері мен жақтарына ажыратылады.
3. Жинақтау - құрамды бөліктердің тұтас бір құбылыс болып қалыптасуы.
4. Индукция - жеке фактілерден жалпы қорытынды шығару.
5. Дедукция - жалпыдан жалқыға, бүтіннен бөлшекке көшу.
2)Негізгі экономикалық түсініктер: қажеттіліктер, экономикалық игілік ресурстарының шектеулілігі (сиректігі); экономиканың негізгі үш сұрағы не, қалай, кім үшін өндіру.
Экономикалық қажеттілік - адамдарды өз мұқтаждарын қанағаттандыру мақсатында белсенді қызмет етуге мәжбүр ететін қозғаушы күш болып табылады. Қажеттіліктерді қанағаттандыру деңгейіне қарай жаңа қажеттіліктер туады. Оның құрылымы, саны, сапасы, өзгеріп отырады. Қажеттіліктердің үздіксіз өсуі адамдардың экономикалық эволюциясының көптеген деректерімен дәлелденді. Әр бір 10 жыл сайын тұтыну тауарлары мен қызметтердің түрлері екі есеге өсіп отырады. Мұндай экономикалық заңдылық қжеттіліктердің өсу заңы деп аталады. Қажеттіліктердің түрлері:
Алғашқы (төменгі) - қажеттілік адамдардың өмір сүруіне ең алғаш керек қажеттіліктер. Оларға толық киім, баспана т.б жатады.
Екінші реттік (жоғарғы) қажеттілік - бұл адамның рухани жағдайы, әлеуметтік ортасы, интелектуалдық деңгейіне байланысты пайда болатын қажеттіліктер. Бұл қажеттіліктерді альтернативті (таңдау) қажеттіліктері деп те атайды. Мысалы: кітаптар, сәнді киімдер, қымбат бұйымдар, сондай-ақ білімге мәдениетке қажеттіліктер.
Қанағаттандыру түріне қарай қажеттіліктерді жеке және ұжымдық деп бөлуге болады.
Жеке қажеттіліктер - бұл жеке адамның өзін қанағаттындыра алатын қажеттіліктер. Мысалы: киім, тамақ, мұздатқыш, машина т.б тауарлар сатып алуы.
Ұжымдық қажеттіліктер - өмірде жеке бір адам қанағаттандыруға мүмкін емес,көп шығын қажет ететін қажеттіліктер бар. Оларды көпшілік көмегімен ұжымдық түрде қанағаттандырады. Ұжымдық қажеттіліктерді қанағаттандыру жөнінде шешімдерді басқару органдары қабылдайды.
Экономикалық игіліктер - бұл қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсатындағы нәрселер мен заттар. Олардың біреулері шексіз түрде болады. (Мысалы: ауа). Оларды еркін игіліктер деп атайды, басқалары шектелген оларды экономикалық игіліктер деп атайды.
Не? - мүмкіндікті пайдаланып, қандай тауарлар мен қызметтерді өндіру керектігін таңдау керек.
Қалай?-қандай технологияны қолдану мен, тауарлар мен қызметтердің таңдағанын өндіру керек.
Кім үшін?-таңдалған тауарлар мен қызметтерді кімдер сатып алады,сонын пайдасына өндіруші шешеді.
3)Қоғамдық қатынастар жүйесі: әлеуметтік-экономикалық, техникалық-экономикаық, ұйымдық-экономикалық, экологиялық-экономикалық.
Әлеуметтік-экономикалық - меншік қатынастары және табыстарды бөлу(Мысалы:ресурстар) .
Техникалық-экономикалық-адамның табиғатқа қатынасы. Еңбек процесі және оның көздері.(Мысалы:Еңбек құралдары,еңбек заты,еңбек).
Ұйымдық-экономикалық - өндірістік қандайда бір өнімдерді дайындауға мамандыру.(Мысалы: тәжірибе алмасу,маркетинг,менеджмент және т.б.)
Экологиялық-экономикалық-табиғи ресурстар, адамның физиологиялық мүмкіндіктері және т.б.
4)Экономикалық ғылымның әдістемесі
Экономикалық талдауда әдістеме айқын бейнемен талдау мақсатына жетуге бағытталған, кәіспорын экономикасын зерттеу ережелері мен аналитикалық тәсілдердің жиынтығын білдіреді. Жалпы әдістеме - ұлттық экономиканың түрлі салаларында экономикалық талдаудың түрлі объектілерін зерттеу кезінде бірыңғай қолданылатын зерттеу жүйесі деген түсінікті береді. Жеке әдістеме жалпыны экономиканың арнайы салаларына, өндірістің арнайы түріне немесе зерттеу объектісіне қатысты айқындайды.
5)Игілік, өнім, қызмет. Қажеттіліктердің жіктемесі. Маслоу пирамидасы
Игілік - ырыздықты, рухани және мәдени байлықты білдіретін жалпы ұғым; адамның белгілі бір қажеттерін қанағаттандыратын, оның мүддесіне, мақсаты мен ниетіне сәйкес келетін нәрселер.Игілік табиғи және қоғамдық болып бөлінеді. Табиғи игілік - табиғи процестердің, мысалы, топырақтың құнарлылығы, пайдалы қазбалар. Қоғамдық игілік - адам қызметінің нәтижелері.
Өнім - белгілі бір уақыт аралығында дүние жүзінде, елде, кәсіпорында, т.б. өндірілген өнімдердің бүкіл көлемі; ғылыми-техникалық талдамаларды, өндірістік-техникалық мақсаттағы өнімдерді, халық тұтынатын тауарларды, құрылыс нысандарын, жұмыстарды, қызметтерді қоса қоғамдық және жеке бастың қажеттіліктерін қанағаттандыруға арналған еңбек қызметінің нәтижесі; кәсіпорында дайындалған өнім.
Экономикалық теория бірнеше қызметтер атқарады:
1. Танып - білу қызметі - қоғамдық экономикалық процестер мен құбы-лыстарды терең, әрі жан-жақты зерттеп бөлуі және түсіндіруі тиіс.
2. Дүниетанымдылық көзқарас қызметі - экономикалық құбылыстардың сипаттамасына тіршілік позиция құруына жағдай жасайды.
3. Ғылыми болжам қызметі - ғылыми болжам жасап және қоғамдық дамудың болашағын айқындайды.
4. Практикалық қызметі - нақты принциптерді және шаруашылықтың тиімді әдістерін жасаумен, сондай-ақ мемлекеттің саясатын ғылыми дәлелдеумен түсіндіреді.
Методологиялық қызметі - экономикалық теория барлық экономиканың ғылыми жүйесі үшін методологиялық негіз болып табылады.
Қажеттіліктердің жіктемесі:
Алғашқы (төменгі) - қажеттілік адамдардың өмір сүруіне ең алғаш керек қажеттіліктер. Оларға толық киім, баспана т.б жатады.
Екінші реттік (жоғарғы) қажеттілік - бұл адамның рухани жағдайы, әлеуметтік ортасы, интелектуалдық деңгейіне байланысты пайда болатын қажеттіліктер. Бұл қажеттіліктерді альтернативті (таңдау) қажеттіліктері деп те атайды. Мысалы: кітаптар, сәнді киімдер, қымбат бұйымдар, сондай-ақ білімге мәдениетке қажеттіліктер.
Қанағаттандыру түріне қарай қажеттіліктерді жеке және ұжымдық деп бөлуге болады.
Жеке қажеттіліктер - бұл жеке адамның өзін қанағаттындыра алатын қажеттіліктер. Мысалы: киім, тамақ, мұздатқыш, машина т.б тауарлар сатып алуы.
Ұжымдық қажеттіліктер - өмірде жеке бір адам қанағаттандыруға мүмкін емес,көп шығын қажет ететін қажеттіліктер бар. Оларды көпшілік көмегімен ұжымдық түрде қанағаттандырады. Ұжымдық қажеттіліктерді қанағаттандыру жөнінде шешімдерді басқару органдары қабылдайды.
Қажеттіліктер пирамидасы -- адамның қажеттіліктерін сипаттайтын иерархиялық моделдің жалпы атауы, ол америкалық психолог А. Маслоудың теориясының қарапайым сипаттамасы. Толығырақ оның ой тұжырымдары 1954 жылғы "Құлшыныс пен Тұлға" (Motivation and Personality) атты кітапта берілген. Маслоудың өзі иерархилық қатарға коймай 5 деңгейлік қажеттілік атап көрсетеді :
1)Физиологиялық: тамақ, су,киім, жыныстық қатынасқа талпыныс және т.б.
2)Қауіпсіздік: өмір сүруге қауіпсіздік, комфорт, өмір сүру жағдайларының тұрақтылығы.
3)Әлеуметтік: әлеуметтік байланыс, тілдесу, жақындық, басқаға және өзіне көңіл бөлу, бірге жұмыс істеу.
4)Абыройлық: өзіне құрмет, сырт адамдардан құрметке ие болу, басқалар мойындап абыройлы болу, табысқа жету мен жоғары баға алу, қызметте өсу.
5)Рухани: тану, өзін орнын табу, өзіндік сипаттау, өзін өзі тану.
2. Экономикалық заңдар және экономикалық категориялар
Зерттеліп отырған құбылыстардың мәні экономикалық заңдар мен экономикалық категорияларда нақты көрініс табады.
Экономикалық заңдар - бұл адамдар өмірінде үнемі тұрақты түрде қайталанып отыратын себеп-салдарлық байланыстар мен құбылыстар. Экономикалық заңдар қоғамдық өнімді өндіру, бөлу, айырбастау және тұтыну бойынша экономикалық қатынастардың даму заңдары болып табылады.
Қоғамның даму заңдары - экономикалық заңдар мен табиғат заңдарының ортақ белгілері мен айырмашылықтары болады. Бұларға тән ортақ белгілері болып экономикалық заңдар табиғат заңдары сияқты объективтік заңдар ретінде табылуы, яғни адамдардың еркі мен санасынан тыс тәуелсіз жаратылып, әрекет етеді. Ал айырмашылықтары - экономикалық заңдар адамдардың іс-әрекеті мен қызметін билейтін заңдар. Олар адамдардың еңбек әрекеттерінің үдерісінде туып, осы үдерістер арқылы жүзеге асырылады. Табиғат заңдары (мысалы, бүкіләлемдік тартылыс заңы) болса, адамдар қоғамынан тыс жағдайда да әрекет ете береді.
Экономикалық заңдар (табиғат заңдарынан ерекшелігі) ұзақ мерзім бойы өмір сүретін мәңгілік заңдар емес. Экономикалық заңдар тарихи тұрғыда белгілі бір кезеңде туып, өзгеріп, жойылып кетіп отырады. Экономикалық заңдардың жойылуы адамдар санасынан тәуелсіз, қоғамдағы объективтік экономикалық жағдайлардың өзгерісімен тікелей байланысты болып табылады. Экономикалық заңдар объективтік сипатқа ие болғандықтан, адамдар осындай заңдарды талдап, танып біле алады және өздерінің экономикалық өмірлерінде пайдалана алады. Адамдар экономикалық құбылыстар мен үдерістердің мәніне терең үңіле отырып, олардың даму заңдарын ашып, әрекет ету тетіктерін ұғынып отырады. Қоғам саналы түрде осы заңдардың талабын жүзеге асырады.
Сонымен, экономикалық заңдардың объективтік сипаты - олар жекелеген индивидтердің, фирмалардың немесе мемлекеттің еркінен, санасынан және қалауынан тыс орын алады және әрекет етеді. Мұндай заңдарды экономикалық ғылымның көмегімен танып білуге болады,
бірақ оларды сол экономикалық ғылыммен жасауға болмайды. Экономикалық заңдарды анықтау экономикалық теорияның аса маңызды қызметтеріне жатады және олардың тәжірибелік маңызы зор болып табылады, себебі осындай заңдарды талдаудың негізінде тиімді экономикалық саясатты қалыптастыруға болады.
Экономикалық теория экономикалық заңдармен қатар экономикалық категорияларды да зерттейді.
Экономикалық категориялар - бұл экономикалық құбылыстардың аса маңызды жақтарын және қоғам өмірінің нақты жағдайларын теориялық тұрғыдан сипаттайтын жалпылама ұғымдар мен логикалық түсініктер (мысалы, сұраныс, ұсыныс, тауар, баға, пайда, қаржы, несие, меншік, нарық, жалақы, бәсеке, т.б.).
Экономикалық заңдардың жиынтығы қоғамның даму заңдылықтарын сипаттайтын экономикалық заңдар жүйесін құрайды. Осындай жүйені құрайтын заңдарды негізгі және негізгі емес деп бөлуге болмайды. Қоғам өмірін талдауда экономикалық заңдардың барлығы дерлік маңызды және өзара байланысты болып табылады. Тек бір ғана заңды пайдаланудан болған қателіктер барлық жүйені бүлдіріп, қоғамдық өмірдің тепе-теңдігін жояды.
Қолданылу мерзіміне қарай барлық экономикалық заңдар төмендегідей түрлерге бөлінеді:
1. Арнайы экономикалық заңдар - шаруашылық жүргізудің нақты бір белгілі нысандарын дамытумен байланысты заңдар.
2. Ерекше экономикалық заңдар - олардың іс-әрекет жүргізу жағдайлары сақталатын нақты бір тарихи дәуірлерге тән заңдар.
3. Жалпы экономикалық заңдар - адамзаттың барлық тарихи дәуірлеріне тән заңдар. Олар барлық дәуірлерді біртұтас тарихи үйлесімді үдеріс етіп байланыстырады. Бұған мәселен, қоғамдық еңбек бөлінісі заңы және басқа да заңдар жатады.
Экономикалық заңдар өз алдына жеке дара өмір сүріп әрекет ете алмайды, ал экономикалық прогресс өзімен-өзі алға қарай дами алмайды. Ол үшін адамдардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған іс-әрекеттер қажет.
3. Экономикалық теорияның қалыптасуы мен тарихи даму кезеңдері
Экономикалық ғылымның ұзақ және аса бай тарихы бар. Экономикалық ілімдерді жүйелеудің ең алғашқы белгілі талпыныс12
тары Аристотель (б.з.д. 364-322) мен Платон (б.з.д. 428-348) сияқты ежелгі грек ойшылдарымен байланысты. Олар өз зерттеулерінде экономикалық өмірдің негізгі мәселелерін қарастырған. Аристотель экономиканы байлық туралы ғылым ретінде анықтап, құн, баға және ақша теориясына өте көп үлес қосты.
Жоғарыда атап өткеніміздей, экономика термині ежелгі грек сөзі, оны алғаш рет грек жазушысы және тарихшы Ксенофонт (б.з.д. 430-355) қолданған. Шын мәнінде, бастапқы мағынасында экономия сөзі орын алған, ол үй шаруашылығын жүргізудің өнері туралы ғылым ретінде сипатталды. Алайда, уақыттың өзгеруіне байланысты экономикада жаңа ұғымдар пайда болды. Мемлекеттер қалыптасып, қоғамдық еңбек бөлінісі мен айырбас қатынастары дами бастады. Осыған орай, біртұтас мемлекеттің халық шаруашылығын басқару қажеттілігі туындады. Осы кезде француз экономисі Антуан де Монкретьен (1575-1621) 1615 жылы Саяси экономия трактаты атты еңбегін жариялайды. Онда ол сауда қатынастарын жан-жақты дамыту арқылы экономикалық саясатты жүргізуді ұсынады. Сөйтіп, экономия сөзі саяси экономия деп аталатын сөз тіркесіне айналды. Саяси экономия - бұл кең мағынасында халық шаруашылығын мемлекет тұрғысынан басқару туралы ғылым. Сол уақыттағы осы ғылым тұрғысында экономистер мемлекеттің ұлттық табысын арттыратын шешімдерді және шаруашылық жүргізудің негізгі мәселелерін алға тартты.
МЕРКАНТИЛИЗМ. Экономикалық теориядағы алғашқы мектеп - меркантилизм. Бұл бағыт ұлттық табыстың негізгі көзі деп байлық ретінде саналатын алтын мен күмісті жинау мәселесін қарастырды. Бұлар байлықтың көзі тек саудада деп түсінді, яғни сырттан бағалы металлдарды арзанға сатып алып елге жинай беру және оларды басқа елдерге қымбатқа сату. Меркантилизмнің басты өкілдері болып жоғарыда аталған А. Монкретьен, ағылшын экономисі Томас Мэн (1571-1641), Уильям Стаффорд (1554-1612), француз экономисі Жан Батист Кольбер (1619-1683), орыс экономисі Иван Посошков (1652-1726) саналады. Меркантилистер экономикалық теорияның ғылым болып қалыптасуына айтарлықтай өз үлестерін қосты. Сонымен, меркантилизм - бұл байлықтың сыртқы сауда нәтижесінде жасалатынын түсіндіретін және айналыс аясын зерттейтін экономикалық теорияның бір бағыты.
ФИЗИОКРАТТАР. Бұл мектептің негізін француз ғалымдары Франсуа Кенэ (1694-1774) мен Анн Тюрго (1727-1781) салды.
Физиократтар экономикалық ғылымда айтарлықтай бетбұрыс жасады. Олар бірінші болып өндіріс аясына көңіл бөлді. Олардың ойынша, байлықтың көзі сауда емес, өндіріс. Өндіріс ретінде олар ауыл шаруашылығы саласын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экономикалық теория туралы ақпарат
Экономиканың зерттеу әдістері
Экономика теориясының қоғамда дамуындағы рөлі мен орны, оның пәні мен әдістері
Экономикалық теория жайлы мәлімет
Нарықтық экономикадығы әрекеттер мен табыстар және әлеуметтік негізгі саясат
Экономикалық теорияның турлері
Экономикалық теорияны зерттеу әдістері
Экономикалық теорияның қалыптасуы
Экономикалық теорияның даму кезеңдері және оның қалыптасуындағы көзқарастар
Экономикалық теорияның пәні, ғылыми танымдық әдістері мен қызметтері
Пәндер