Пауэрлифтинг жайлы

Пауэрлифтинг «күштік үш сайыс» деген мағына беретін ауыр атлетикаға жататын спорт түрі. Бұл нағыз батырлардың бәсекесі. Өз салмағыңнан бірнеше есе ауыр зілтемірді көтеру екінің бірінің қолынан келмейді.
Бұл спорт соңғы кезде жылдам дамып келе жатыр. Аталмыш спорт түрімен айналысушылар: штангыны жүрелеп отырып көтеру (Squat), штангыны жатып алып сығымдап көтеру (Bench press), штангыны тарту (Deadlift) сияқты үш түрден үш рет көтеру арқылы сайысады. Ең ауыр салмақты бағындырған адам жеңімпаз атанады.
Дүниежүзілік ірі жарыстар АҚШ, Канада, Ұлыбритания, Ресей, Украина қатарлы елдерде ұйымдастырылып жүр. Ерлер: 59, 66, 74, 83, 93, 105, 120 келі және 120 келіден жоғары салмақтар бойынша сайысса, ал әйелдер: 47, 52, 57, 63, 72, 84 келі және 84 келіден жоғары салмақтарда күштерін сынайды.
Пауэрлифтинг спортының тарихы мен дамуы жайлы
Бұл спорттың түп-тамыры ауыр атлеттер дайындық барысында негізгі қимыл-қозғалыстарды дамыту үшін қолданатын жаттығулардан келіп шыққан. Бастапқыда жаттығулар жиынтығы мен ішкі тәртіптерінде қазіргіден айырмашылығы болған. Осылайша, XX ғасырдың 40-50 жылдары Еуропада ауыр атлетиканың сыналған жаттығу түрлерінен жарыстар өткізіле бастаған.
Уақыт өткен сайын сайыс түрі жаңаланып, ғылыми негізі қаланып, әдіс-тәсілі жетіліп, яғни, өткен ғасырдың 60-шы жылдарынан заманауи түрде қалыптасуын бастады. Тіпті үлкен жарыстарды өткізу ережелері анықталып, әрдайым ұлттық деңгейдегі чемпионаттар өткізілетін болды.
1950 жылдардың соңында ағылшындар бицепске көтерілуден, жатып сығымдап көтеру және жүрелеу көтеруден ресми жарыстар өткізуді бастады. Ал, алғашқы әлемдік бейресми чемпионат 1964 жылы АҚШ-тың Пенсильвания штатында өтті.
1972 жылдың қарашасында Пауэрлифтингтің Халықаралық Федерациясы құрылды (IPF) . Бір жыл өткен соң ресми түрде бірінші әлем чемпионаты өткізілді. 1980 жылы Лоуелледа өткен біріншілікте әйелдер алғаш рет әлем чемпионатына қатысты. 1989 жылы IPF ерлер және әйелдер чемпионаттарын біріктірді. 1986 жылы Пауэрлифтингтің Бүкіләлемдік Конгресі (WPC) құрылды. Кейінірек басқада халықаралық альтернативтік ұйымдар пайда болды. Қазірге дейін IPF халықаралық спорттық федерациялардың бас ассамблеясының мүшесі болып табылатын халықаралық жалғыз ұйым.
1963 жылдан бастап пауэрлифтинг «ауыр атлетика» спорт түрі ретінде Паралимпиадалық ойындар бағдарламасына қосылды. 1992 жылдан бастап пауэрлифтинг ретінде жеке қабылданды. Паралимпиадалық ойындары кезінде пауэрлифтингке 115 елден спортшылар келіп қатысатын дәрежеге жетті.
Штангыны желкеге қойып отырып тұру:
Штангыны жатып алып сығымдап көтеру:
Штангыны жерден үзу:
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz