3D технологиясы арқылы студенттердің шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

УДК 347. 782:004. 9

Берекет Н. С.

Ғылыми жетекшісі -Қорғанбеков М. С.

(Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті)

Қазақстан, қ. Ақтөбе

3D технологиясы арқылы студенттердің шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру.

Аннотация

Мақалада 3D технологияларды оқу үрдісіне пайдалану қарастырылған «3D принтер» ұғымының терминдік мәнін ашып, қазіргі таңда жаппай енгізіліп жатқан инновациялық технологиялар көкейтесті мәселелердің тоғысында пайда болып, оқу үдерісіндегі әдістемелерге жаңаша тұрғыдан қарап, оны үздіксіз жаңғыртуға бағытталады.

Сонымен қатар, 3D технологиялардың өндіріс саласындағыларға ғана емес мектеп оқушыларына да үйрету арқылы жаңа бағытқа жетелейміз. Соның ішінде 3D принтерінен жасалып шығатын бұйымның сапалы әрі тез екенін түсіндіре отырып жаңаша бағытта оқыту көрсетілген.

Түйінді сөздер: 3D технология, принтер, инновация, IT қызметкер, керамика, тәрбие, ақпарат, өндіріс.

Берекет Н. С.

Научный руководитель - Кургамбеков М. С.

(Актюбинский областной государственный университет им. К. Жубанова)

Казахстан, ул. Актобе

Формирование творческих способностей студентов с помощью 3D технологий.

Аннотация

В статье вводится понятие «3D-принтер», которое использует 3D-технологии в учебном процессе, и в настоящее время технологии массовых инноваций появляются на стыке текущих проблем и постоянно смотрят на учебный процесс и приближают его к непрерывной модернизации.

Мы также выводим 3D-технологии в новое измерение не только для промышленности, но и для школьников. Включая новое измерение обучения, объясняя, что продукт, изготовленный из 3D-принтера, качественный и быстрый.

Ключевые слова: 3D-технологии, принтер, инновации, IT-работник, керамика, образование, информация, производство.

Bereket N. S.

The research supervisor - M. Kurgambekov

(Aktobe Regional State University named after K. Zhubanov)

Kazakhstan, st. Aktobe

Formation of creative abilities of students through 3D technology.

Annotation

The article introduces the concept of “3D-printer”, which uses 3D-technology in the educational process, and currently the technology of mass innovation appears at the junction of current problems and constantly look at the educational process and bring it closer to continuous modernization.

We also bring 3D technology to a new dimension, not only for industry, but also for schoolchildren. Including a new dimension of learning, explaining that a product made from a 3D printer is quality and fast.

Keywords: 3D-technologies, printer, innovations, IT-worker, ceramics, education, information, production.

Қазіpгі кездегі қoғамдағы қайта құpулаp, экoнoмиканы дамытудағы жаңа cтpатегиялық бағдаpлаp, қoғамның ашықтығы және oның жедел ақпаpаттануы мен қаpқынды дамуы білім беpуде қoйылатын талаптаpды түбегейлі өзгеpтті. Қазақcтан Pеcпубликаcының білім беpу жүйеcі жаc ұpпаққа тәлім-тәpбие беpуде үлкен жетіcтіктеpге қoл жеткізуде. Coнымен біpге, шетел мемлекеттеpінің иннoвациялық тәжіpибеін қoлдануда белcенділік танытуда.

Әлемнің жетекші елдеpінің көпшілігінің білім беpу жүйеcі білім беpудің мақcатын, мазмұны мен технoлoгиялаpының нәтижеcіне қаpап бағалайтын бoлды. Білім беpудің қазіpгі негізгі мақcаты білім алып, білік пен машыққа қoл жеткізу ғана емеc, coлаpдың негізінде деpбеc, әлеуметтік және кәcіби біліктілікке, ақпаpатты өзі іздеп табу, талдау және ұтымды пайдалану, жылдам өзгеpіп жатқан өзгеpіcтеpмен біpге бүгінгі дүниеде лайықты өміp cүpу және жұмыc іcтеу бoлып табылады.

Қазақcтан Pеcпубликаcының білім беpу жүйеcі әлемде бoлып жатқан өзгеpіcтеpмен біpге біpшама өзгеpіп oтыp, қазіp педагoгикалық қoғамдаcтықтың алдында білім беpудің жаңа үлгіcін құpудың, cынақтан өткізу мен енгізудің ауқымды міндеттеpі тұp[1] .

«3D принтер» деген атпен белгілі құрал соңғы жылдары өте қарқынды дамыды. Бұл технология әлемдік экономикада ірі жаңалықтар жасап, қалыптасқан мануфактура тәртібі мен әлемдік саудадағы тепе-теңдікті өзгертіп жіберуі мүмкін.

Жалпы 3D технология, принтер дегеніміз үш өлшемді сүреті бар файлдарды қабылдап, пластик, керамика, металл, тағы басқа материалдардың қабаттарын бір-бірінің үстіне жинап, одан өнім өндіретін құрылғы. Инженерлер мен дизайнерлер автоматтандыру мен ғарыш саласында түпнұсқаны жасау үшін осы технологияны ондаған жылдардан бері пайдаланып келеді.

Компьютер дәуірінде 3D технологиясы шапшан дамып, құралдарының бағасы да тез арзандапбарады. Бір кездері жоғары өндірістің санаулы саласында шектеулі болған технология кеңінен таралып, қарапайым халықтың сатып алуына қолайлы бола түсті. Затты үш көлемде дайындап беретін принтерлер қазір 1000 доллардан маңында сатылып жатыр.

АҚШ-та 3D принтерін алғаш шығарушы, Wohlers Associates компаниясының президенті Терри Уолерс жаңа принтердің мүмкіндіктері шексіз екенін айтты.

-Бұл жаңалық жаңа бизнестерге, тың бизнес жобаларға, жұмысын енді бастаған компанияларға, жалпы бұған дейін өндіру мүмкін болмаған, өндірсе де өте қымбатқа түсетін өнімдердің мүлде жаңа түрлерін жасап шығаруға зор мүмкіндік болғалы тұр. Дамып бара жатқан осы технологияның нәтежиесіне қарасыңыз, адамды тан қалдыратын өзгерістер әлі алда деген зор үміт бар.

Бұл технологияны мамандар қазірдің өзінде-ақ ағаштан, металлдардан мүсіндер, смортфонның қораптары, қол сөмкелерін және лампалар сияқты заттарды өндіріс саласында қолданып келе жатыр. Сән дизайнерлері де асылтастан бұйымдар жасап, киім тіккенде және нейлон сияқты материалды қолданғанда осы технологияны пайдаланады.

Қазірдің өзінде архитекторлар бетоннан салынатын үйлерді жобалағанда 3Dпринтерді қолдану әдістерін меңгеруге тырысып жатыр. Тіпті «түгелдей 3Dпринтердің көмегімен жасалған үй саламыз» деген әлемдік бәсеке де басталып кетті.

АҚШ-тағы көптеген мектептерде қазірдің өзінде 3D жабдықтармен жабдықталып жатыр. Forbes бизнес журналының дерегінше, бұл технологияға негізделген өндіріс 2016 жылға дейін әлем бойынша 3, 1миллион доллардың тауарын өндіреді. 2020 жылы ол көрсеткіш 5, 2 миллион долларға дейін жетеді деп болжам жасаған.

Колорадо штатындағы Да Винчи институтының директоры, футуролог Томос Фрейдің ойынша 3D принтер өндірісі қоғамдағы барлық виртуалды қырынан сомдайды, фабрикалар арзан тауарлар шығарады және тауарлардың жекелеген тұтынушылардың қалауына үндес етеді. [2]

-Бірнеше жылдан соң киім сататын дүкенге барғаныңызды былайша елестетуге болады. Сатушылар ең әуелі сіздің дене пішіміңізді сканерге түсіріп алады да, ол ақпаратты сіз сұраған киімді принтерден шығарып беретін ақпаратқа жібереді. Осылайша өзінің қалаған үлгіні жасатып аласызз. Арнайы ақпарат сіз қалаған түсті де сол сәтте көшіріп береді. Көйлек, костюмді ғана емес, аяқ киіміңізді де жасайды, -деген болжам бар.

3D принтер өндірісі іске қосылғанда бөлшектерді жинайтын күрделі конвейер тұрғызудың қажеті болмай қалады. Бұл технологияны қолданған фабрика жұмыс күші мен материалды аз қажет етеді. Сондықтан заттың бағасы да арзандайды. Бірақ бұрыннан келе жатқан тауарлық өндірім саласы тоқырайды деуге әлі ерте. Жаңа технологияның мүмкіндігі шектеулі екенін сарапшылар да мойындайды.

Нью-Йорк қаласындағы Корнелл университетінің ғалымы, «3D принтердің жаңа ғасыры» деп аталатын кітаптың авторларының бірі Ход Липсон:[3]

-Бұл күндері 3D принтер бұрыннан келе жатқан жалпы қызмет және өндіріс саласында 0, 1пайызға жетер-жетпес шамада ғана пайдаланып жатыр. Сондықтан ол толық қолданысқа енеді дегенше бірталай заман бар, - дейді.

Wohlers Associates компониясының президенті Терри Уолерстің ойынша «Күрделі дизайнмен жасалатын жоғары технологиялық мануфактураның өндіруге бұл жаңалық өте қолайлы. Бірақ стадиондағы орындық немесе қоқыс салатын жәшік сияқты көлемі үлкен қарапайым тауарларды шығарғанда оның пайдасы шамалы»

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Интерактивтік оқыту технологиясы
Модель және модельдеу ұғымдары
Интербелсенді оқыту әдістері оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту тәсілі ретінде
Жоғары мектепте бейорганикалық химияны интерактивті оқыту әдістерін қолданып оқытудың ғылыми- әдістемелік негіздері
STEM технологиясының негізгі ұғымдары
Орта мектепте біріктірілген сабактарда компьютерлік технологияларды пайдалану
Өндірістік оқыту әдістері
Оқытуда компьютерлік модельдеу түсінігі
Компьютерлік модель түсінігі және модельдердің жіктелуі
Орындалды бағдарламалық құралдар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz