Тарихи шынайылықтың әсерінен тұлғаның түрлену процесі


Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі
Алматы Технологиялық Университеті
Эссе
Пәні: Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы
Тақырыбы: Тарихи шынайылықтың әсерінен тұлғаның түрлену үдерісі
Дайындаған: Айдархан Санжар
Тексерген: Утегулова Мадина Алтынбековна
Алматы 2019
Қазақтың өткен ғасырда өмір сүрген ұлы тұлғасы-Мәлік Ғабдуллин. Мәкең дүниеге дүрбелең шақтың алдында, 1915 жылы Көкшетау өңірінде қарапайым отбасында дүниеге келді. Ерекше зерек бала Мәлік Ғабдуллин Көкшетаудағы балалар коммунасының жетінші класын бітіреді. Алматыға келіп жұмысшы факультетін тәмамдады. 16 жасында студент атанып үлгерген шәкірт 1935 жылы Қазақтың Абай атындағы мемлекеттік педагогикалық институтын аяқтады. Үш жыл республикалық «Пионер» газеті редакторының орынбасары болып қызмет етті. Бірақ ғылымға деген құштарлық Мәлік Ғабдуллинді екі жыл әскери қызметін өтеген соң, бүгінгі М. О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтына алып келді. Кіші ғылыми қызметкер бола жүріп, ұлы Мұхтар Әуезовпен ағалы-інілі сырлас дос болды. 1938-1941 жылдары ҚазПИ-дің аспирантурасында оқыды. М. Әуезовтің ықпалымен фольклор ғылымын зерттей бастады. «Қобыланды батыр» жыры өзінің көркемдігімен, әрі тарихилығымен жас ғалымды еліктіріп әкетті. Бірақ осы сәтте Германия мен КСРО арасындағы Екінші дүниежүзілік соғыс басталып кетті де, жас ғалым қаламын қылышқа айырбастап, Отанын қорғауға аттанып кете барды. 1941-1946 жылдары генерал И. В. Панфилов жетекшілік еткен 8гвардия дивизиясының сапында болып, қайталанбас қаһармандықтың үлгісін көрсеткен батырдың ерлік даңқы бүкіл Кеңес одағына әйгілі болды. Оның Отан қорғаудағы ерлігі алғаш рет белгілі жазушы Б. Полевойдың «Правда» бетінде жарық көрген «Эпостың тууы» атты очеркінде баяндалады. Елі үшін от кешкен ердің батырлық тұлғасы көптеген қазақ ақындары поэзиясына да арқау болды. Осы орайда, М. Ғабдуллиннің қазақтың қаһарман қызы Мәншүк Мәметоваға Кеңес Одағының батыры атағының берілуіне де көп еңбек сіңіргенін айта кеткен жөн. Ғалым еңбектерінің ішінде эпистолярлық мұрасы, ғылыми тұрғыдан саралағанда мәдени-әдеби, тарихиғымен құнды. Майдан шебінде тайталасқан жаумен алысып жүрсе де, елді, ғылымды, ұстаз ағаларын естен шығарған жоқ. Ғалымның Мұхтар Әуезовке жазған мына бір хаты еріксіз назар аудартады.
Мәлік Ғабдуллин қазақ солдаттарын патриоттық рухқа шақырды. Заманға үн қосты. Аты Одаққа танымал Мәлік қазақстандық кейбір «қаламгерлерге» жақпайды. Мұның сыры неде? Байыптап қарасақ, сол Мәліктің қазақилығы мен қазақты сүюінде екен. Иә, Отан үшін от кешкен тұста қазақтың ұлы қасиеттері айқын көрінді. Қазақ қыз-жігіттері теңдессіз ерлік жасады. Кеудесімен дзотты жапты, Днепрді өткелдетті, Мәскеуді қорғады. Қазақ ұлтының ержүрек, батыр екенін дәлелдеді. Рейхстагқа ту тікті. Осыны Мәлік Ғабдуллин дәріптеп, кітап етіп шығарғысы келеді. Әрине Мәлік Ғабдуллиннің қазақшыл рухты көтеруі «жоғары жаққа» жақпағанмен қаламгерлер арасында біршама қолдау тапты. Бұл ретте сырбаз жазушы Ғабит Мүсіреповтің Мәлік Ғабдуллинге 1945 жылдың 28 ақпанында жазған хаты дәлел болса керек. Ол: «Бауыржан екеуіңе қатты ризамын. Мемлекет, жалпы жұртшылығымыз да сондай риза. Ешкім еске салмай-ақ, ешкім баспайтынын біле тұра, әділ сөздеріңді айттыңдар. Ұлы да ер, қызы да ер елдің басқа жөндеуге жұпыны көрінетін себеп сөз жоқ өзімізде. Бастау мен қостау ісіндегі топастығымызда. Бұл жөнінде аянбай алысатын істер толып жатыр. Сенің Сәбит, Мұхтар үшеумізге қадай айтқан сөзіңді осы тұрғыдан түсінгім келеді. » Бұдан атақты суреткердің азаматтық көзқарасы айқын көрінбей ме? Мәлік Ғабдуллин ғылымда мол мұра қалдырды. Оның зерттеулерінің негізгі нысаны - халық ауыз әдебиеті болғандықтан, фольклортану саласында іргелі ғылыми еңбектер жазды. Аспирант кезінен бастап жазған мақалаларында фольклортану ғылымының табиғатын жан-жақты түсінген, ауыз әдебиетінің үлгілерін жинау, зерттеу проблемаларын жетік білетін маман екенін танытты. Ол 1946 жылдың көктемінде соғыстан қайтып келгеннен кейін жастайынан өзінің қалауы болған қазақ әдебиеттану ғылымы саласында талмай еңбек етті. Мәлік Ғабдуллин нағыз ғалым болып Тіл және әдебиет институтының қабырғасында қалыптасты. Осында өсу, жетілу мектебінен өтті. Ғалымның 1958 жылы жарияланған ЖОО студенттеріне арналған «Қазақ халқының ауыз әдебиеті» атты монографиялық еңбегі ауыз әдебиетін зерттеудің ғылыми теориялық-методологиялық негізі болумен бірге, күні бүгінге дейін фольклористика саласындағы таптырмайтын құнды еңбек болып табылады. Осы еңбегі үшін филология ғылымының докторы атағын алады. Мәлік сол кездегі кейбір қазақ зиялылары ұсынған көзқарасқа мүлдем қайшы пікірде еді. Мына сөздерге назар салып көрелік: «Қазақ жастарының істерін елге таныстыруды елге еңбек сіңіру деп білем. Сөз сарыны мынадай ғой: қазақ-қазақ болғалы көп ғасыр өтті. Батырлық салты бүгін ғана пайда болған емес. Ол ертеден келе жатыр. Кешегі батыр бабаларымыз батырлықтың тамаша үлгілерін көрсетті ғой. Ал, бүгінгі қазақ жігіттері сол батыр бабаларының дәстүрін ілгері дамытуда. Бұдан былай біз бұрын кедей едік, жарлы-жақыбай едік деп қырту керек емес, бұрын да батыр болғанбыз, қазір де сондаймыз деп айтамыз. Былтыр мен елге барғанда қазақпыз дегенді баса айттым» - деп жалғастырады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz