М. Хайдаггер онтологиясының негізгі ұғымдары


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
М. ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
СӨЖ
Тақырыбы: М. Хайдаггер онтологиясының негізгі ұғымдары
Дайындаған: Нурахмет А
Тобы: ЭФ-18-8К2
Қабылдаған:Балтабаев Н
Шымкент 2019
М. Хайдаггер онтологиясының негізгі ұғымдары
Мартин Хайдеггер (нем. Martin Heidegger, 1889 жылы 26 қыркүйек-1976 жылы 26 мамыр) - неміс ойшылы, қазіргі заман батыс философиясында ең ықпалды философтардың бірі, экзистенциализм, Феноменология, деконструкция, герменевтика, постмодернизм, саясаттану теориясы, психология и теология салаларына айтарлықтай үлес қосқан ғұлама. Мартин Хайдеггер 1889 жылы 26 қыркүйекте Баден - Вюртембергтегі қарапайым католик отбасында дүниеге келген. Әкесі Фридрих Хайдеггер Месскирх қыстағындағы католик шіркеуінде төмен діни қызметкер болған. 1892 жылы қарындасы Мария, 1894 жылы бауыры туылды. Мартин Хайдеггер бала кезінде шіркеу мектебінде оқиды. 17 жасында ол шіркеу әкейінен Брентано жазған «Аристотель бойынша болмыстың түрлі мән-мағынасы» атты кітапты алып оқып, болмыс мәні мәселесіне айырықша назары ауады. 1990 жылы Фрайбург университетінде алғашында теология мамандығы бойынша екі жыл оқып, кейін философия мамандығына ауысады, гуманитарлық және жаратылыстану пәндеріне ден қояды.
Ол ұлы құрлық философиясы дәстүріне мұрагерлік етіп, өз ғұмырында таңдаулы, әрі таласқа толы еңбектер жазды. Әсіресе оның «Болмыс және уақыт» (1927) еңбегі ХХ ғасырдағы танымал бірегей туындылардың бірі есептеледі. Мартин Хайдеггер бойынша айтқанда, батыс философтары Платоннан бастап болмыстың (Being) мәнін қате түсінумен болды. Олар болмыстың өзін тіке, арнайы зерттеуден адасып, кейбір болмысқа қатысты мәселелерді төңіректеуден шыға алмады. Болмысты танудың түйіні болушы ретіндегі жеке затты - субстанцияны және оның қасиетін танумен ғана шектелді. Ал, бірақ болмысты танудың сенімді жолы - танылған болушының негізін тану, яғни болушыны нақты шындық өресіне көтерген артқы тиянақты тану болатын. Бірақ, философтар бұл болмыстық алғышартты ескермей, болмысты, әсіресе адам болмысын тануда шатасумен болды. Хайдеггердің ойынша, бұл қателікті түзету үшін жаңа әдіснама керек, яғни, философия өзінің әр қадамын қайта айқындап, болмысқа қайта назар аударуға тиіс. ХХ ғасырдың 30 жылдарынан бастап, Хайдеггер батыстың философия тарихына жүйелі түрде қайта түсіндіру жасады. Ол феноменологиялық, герменевтикалық, экзистенциялизмдік тұрғылардан әйгілі философиялық кітаптарды ой таразыға салып, бұл кітаптардағы айқындалмаған алғышарттар мен шатасқан тұстарды көрсетіп берді. Хайдеггердің айтуынша, бүгінге дейінгі философия кестесі дүниені жалаң жағынан жалқы түсінуге негізделген, тоғыспалы толықтық пен жан-жақты қамту кем, яғни, философиялық жалаңдық метафизиканың негізгі белгісі болды.
Хайдеггер философтардың метафизика мен эпистемология мәселелерінен құтылып, таза онтологиялық мәселеге беттеуінің әдіснамасын сынақ етті. Оның ойынша таза онтология мәселесі дәл "Болмыстың мәні" мәселесі есептеледі. Хайдеггер көптеген ойшылдарға ықпал етті. Олардың арасында Ганс Гадамер, Ханс Йонас, Эммануил Левинас, Ханна Арендт, Ксавье Зубири, Карл Левит, Мишель Фуко, Жан Люк Нанси, Филипп Лаку-Лабарт атарлылар Хайдеггер шығармаларын зерттеумен арнайы шұғылданған болатын. Хайдаггер адамды дүниенің орталық тұлғасы деп есептемейді, ол төрткіл дүниемен байланыстар тізбегінде тұрған буын деп есептейді. Адам осынау төрткіл дүниедегі уақыттық байыздаушы қонақ ретінде жер шарын тізгіндеуге берілмей, оны аялауға мән беруі керек.
Хайдеггер философиясының жалпы сипаты. «Болмыс және уақыт» кітабында пайымдалған идея жүйесі. .
Хайдеггердің ойынша, философияның ең басты мәселесі болмысты түсіну. Егер грек антикасы заманында философтар болмысқа жақындау болса, кейінгі замандарда одан ауытқып, мүлде басқа жаққа, жасанды философиялық жүйелер жасау жағына кетіп қалған. Ал философтың бір-ақ қана міндеті бар, ол болмысқа құлақ түру. Болмыс деген сөз болу етістігінен шыққан. Грек философиясына зер сала үңілген Хайдеггер «Дүние неге жоқ емес, бар?» деген сауалдан бастайды. Сөйтіп ол шынайы дүниенің қасиеті жоқ болу емес, бар болу деген түйінге келеді. Алайда бар болудың да түрлі түрлері бар ғой, мақұлық түрі, адамдық түрі, данышпандық үлгілері. Осыған қарап неміс философы бар болу аз дейді, әрбір бар нәрсенің өзінің болмысы болуға тиіс, ол адамның бар тірлігіне мән беретін нәрсе, сөйтіп ол тірлікті бар болу және мәнісі, болмысы бар бар болуға бөледі. Хайдеггер философияны аспаннан жерге түсіріп, ол тек адамның өмір сүруіне, сол сүрген өмірін өзінің жеке санасымен сезінуіне байланысты дейді. Демек, Гегельдің пайымындағыдай ешқандай Абсолютті Рух жоқ, тек қана болмыстың мәнін түрлі түсінуші жеке адамның жеке санасы бар. Міне, осы жеке адамды Хайдеггер мындағы болмыс дейді. Осылай айтқанда ол бір жағынан болмысты жекелесе, екінші жағынан, жеке адамды жалпы болмысқа, космологияға сіңіріп жібергендей. Бұл тұрғыдан да ол біздің дала ойшылдарымызға жақын. Мысалы, Қорқыт туралы аңызды алсақ, ол Хайдеггердің ойларына тура иллюстрация сияқты. Аңыз бойынша, Қорқыт біраз жыл қамсыз жүреді, тек 40-қа толғасын ғана оған Әзірейлі келіп, оның жақында өлетінін айтады. Содан Қорқыт қамдана бастайды. Дүниенің төрт бұрышына қашады. Бірақ қайда барса да оны Қорқыттың көрі күтіп тұрады. Бұл Хайдеггердің адамның өмірі өлімге дайындық деген қағидасына келеді. Осындай қамсыздануы арқасында Қорқыт, адамның тек рухы ғана мәңгі екенін түсініп, қобызды ойлап табады. Ал қобыз деген өнер ғой, поэзия ғой. Бұл тұрғыда да екі ойшыл бірінің сөзін бірі сөйлегендей. Өйткені Хайдеггер кей тұрғыда поэзияны философиядан биік санаған. Себебі, ақынға болмысқа құлақ түру үшін, философиялық система жасаудың қажеті жоқ, не сезсе, соны жаза салады. Сосын философтар тіл жәй ғана инструмент, мен оны пайдаланам деп ойлайды, ал ақын өз-өзін тіл құралы ретінде сезінуге тиіс . Хайдеггер нақты заттың болу өлшемі мен алғышартын нақты белгілеуге тырысады. Егер болмыс түсінілсе, онда болмыстың мәні, немесе болмыс сезінісі де айқындалады. "Сезініс" сөзін Хайдеггер "зат
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz