Тәрбие үдерісі-тұтас педагогикалық үдерістің құрамды бөлігі



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
Лекция І. Тәрбие үдерісі-тұтас педагогикалық үдерістің құрамды бөлігі
1.Тәрбие үдерісі.Тәрбие - мәдени-тарихи феномен. Тәрбие педагогикалық ғылымдардың категориясы. Тәрбие - қоғамның негізгі қызметтерінің бірі, жеке адамды мақсатты, жүйелі қалыптастыру процесі, аға ұрпақтың тәжірибесін кейінгі буынға меңгертіп, олардың сана-сезімін, жағымды мінез-құлқын дамытушы. Тәрбиенің пайда болуы жөнінде әлемдік ғылымда бірнеше тұжырымдама ұсынылады. Ондай көзқарастың дәстурлі түрлерінің бipінe эволюциялық-биологиялық теорияны (Ш.Летурно, Дж.Симпсон, А.Эспинас) және психологиялық теорияны (П.Монро) жатқызуға болады.Эволюциялық-биологиялық теорияның өкілдері алғашқы қауымдық құрылыс кезіндегі адамдардың тәрбиелік ic-әрекетін жоғары сатыдағы жануарлардың тұқым қалдыру туралы инстинктивті қамқорлығымен байланыстырады.П.Монро негіздеген психологиялық теория бойынша тәрбиенің пайда болуын балалардағы санасыз инстинктің үлкендерге еліктеуінен байқалуы деп түсіндіреді. Eкі теорияда да бip-бipінe ұқсас тұжырым қальштасты: алғашқы тәрбиенің пайда болуы оның ортаға бейімделуі деп түсіндірді.Тәрбие процесі, үдерісі - өзін-өзі дамытуға, өзін-өзі тәрбиелеуге, өзін-өзі көрсетуге бағдарлау мақсатындағы педагог пен баланың өзара әрекеттестігі. Тәрбие үдерісінің ізгілік және гуманитарлық қағидалары: баланы сөзсіз қабылдау, оған тұрақты жағымды қатынас жасау; тұлғаға құрмет көрсету және әрқайсысының өзіндік абыройы сезімін қолдау; тұлғаның өзгеге ұқсамау құқығын саналы түсіну және мойындау; ерікті таңдауға құқық беру; баланың тұлғасын емес, оның іс-әрекеттерін, қылықтарын, ісін және т.б. бағалау. Тәрбие - көпжақты процесс. Жасөспірімдерді азамат етіп тәрбиелеу, қоғамдық пайдалы еңбекке әзірлеу процесі қоғамның барлық азаматтарының міндеті, отбасы, мектеп пен жұртшылықпен бірлесіп атқаратын ортақ мақсаты. Дегенмен де ата - аналар мен жұртшылық әрекетін қадағалап, бағыт - бағдар беріп, олардың бала тәрбиесіндегі жұмыстарын бірыңғай бағытта ұйымдастырып отыратын ол - ұстаздар тобы. Оның орталығы - мектеп.Тәрбие процесін табысты, нәтижелі ұйымдастыру тәрбиешілерге, алдымен тәрбие заңдылықтарын жете түсінуді қажет етеді. Ересек буын қоғамда ,тарихи өмірде жинақталған тәжірибені, білімді жас буынға тәрбие процесі арқылы береді.Тәрбие материалдық игіліктерді өндіруге қабілетті, іскер адамдарды дайындауға бағытталуы қажет. Басты өндіруші күш - жеке тұлға. Адам жүйелі түрде күрделі қатынастарға араласып, қоғамдағы қалыптасқан идеяны, саяси және моральдық көзқарастарды, сенімдерді қоғамдағы адамдардық өмір сүру тәртібін меңгереді.
Тәрбие процесінің мәні - баланың ұжым және қоғаммен қатынастарының жүйесін құру, педагогикалық жағдайлардың, тәрбиелік әсерлердің нәтижесін талдау, жоспарлау жұмысын реттеу; Тәрбие процесінің жобасын құру және жүзеге асыру; тәрбиелік ықпалдарды реттеу және оларға түзетулер енгізу; қорытынды, есепке алу және бақылау.
Тәрбие жұмысының мақсаты, міндеттері және заңдылықтары. Мақсат дегеніміз - бір нерсеге ұмтылу, іске асыру. Бұл тұрғыдан алғанда тәрбие мақсаты -- жастарды өмірге әзірлеу мақсатымен жүргізілетін тәрбие жұмыстарының нәтижесін ерте болжау.Тәрбиенің мақсаты мен жүйесі мемлекеттің саясаты мен экономикасына тәуелді. Тәрбие мен қоғам бір мезгілде пайда болды. Тәрбие қоғамдық құбылыс, онсыз қоғам өмірі ілгері дамымайды. Алғашңы қауымдық құрылыста ересектер балаларды еңбекке дағдыландыру үшін қауымның әдет-ғұрпын, салтын үйретті.Тәрбие диалектикасы сыртқы ықпалдық (объективті) адам санасына (субъективті) етіп, іс-әрекет барысында көрінетін құбылыс. Адамның қоғамдық мәнінің қалыптасуында әлеуметік іс жағдай маңызды рөл атқарады.Тәрбие процесінде адамның қоғамдық мәнінің қалыптасуына сыртқы және ішкі қарама-қайшылықтар ықпал етеді.Сыртқы қарама-қайшылықтар:Қоғамдық ережелер мен адамдардық тәртібі арасындағы сәйкессіздік. Мұғалімнің талабымен оқушының тәртібінің арақатынасы.Ішкі қарама-қайшылықтар:
:: Тәрбиешінің талабы мен тәрбиеленушінің мүмкіндігінің ара- қатынасы.
:: Тәрбиеленушінің қажеттіліктері мен қанағаттандыру тәсілдерінің ара қатынасы.
Тәрбиенің негізгі зандылықтары.Педагогикалық құбылыс пен үрдіс арасындағы байланысты заңдылықтар деп атайды.Тәрбиенің қоғамның әлеуметтік-экономикалық жағдайына, демократиялық принципті іске асыруына, адам құқығын қорғау мәселелеріне тығыз байланыстылығы.Осы заманғы тарихи жағдайларға байланысты халықаралық қауымдастық дүниежүзі тарихында халықаралық стандарт болып табылатын жалпы адамзаттың құндылықтар мен адамның негізгі құқығы, бостандығы ашылып көрсетілген ("БҰҰ адам құқығының жалпыға бірдей декларациясы" "Бала құқығының Конвенциясы") құжаттарын жасады. Олар осы заманғы тәрбие теориясы мен әдістемесіне, тәрбие мұраттары мен рухани құндылықтарға жаңаша бағыт береді. Қазақстан Республикасының "Білім туралы" (1999) Заңына сәйкес бұл құжаттар еліміздің білім саласындағы мемлекеттік саясатының негізі болды.
Лекция ІІ. Мектеп пен сыныптың тәрбиелік жұмысы
Жүйе құраушы маңызды факторлардың бірі, педагогикалық жүйенің қызметінің бастау көзі - оқушы тұлғасының үйлесімді дамуы, оның өзін-өзі айқындауына бағытталған мұғалімдер мен оқушылардың бірлескен әрекетінің мақсаты болып табылады. Мектептің мақсаты - тұлға қасиетінің ақыл-ой, адамгершілік, эстетикалық еңбек, экологиялық, құқықтық және басқа да базаның мәдениетін қалыптастыру. Жалпы мақсаттар оқу-тәрбие процесінің жекелеген бағыттары бойынша нақтыланады. Басқарудың тиімділігін арттырудың ең басты белгісі мектеп басшылығының, мұғалімдердің, оқушылардың өзін-өзі басқару органдарының жекелеген мақсаттарды белгілей алуы және белгілі бір уақыт кезеңінде оны жалпы мақсатпен үйлестіріп, реттеп отыру.
Педагогикалық жүйенің қызмет етуінің әлеуметтік-педагогикалық және уақыттық шарттары. Педагогикалық жүйенің қызмет етуінің әлеуметтік-педагогикалық шарттары деп оның ахуалы мен дамуының тұрақты жағдайын айтамыз. Мектепті басқарудың шарттары жалпы және арнайы деп екі топқа бөлінеді. Жалпы шарттарға әлеуметтік, экономикалық, мәдени, ұлттық, географиялық шартарды жатқызуға болады. Ал арнайы шарттар - оқушылардың әлеуметтік-демографиядық құрамы; мектептің орналасқан жері (қалалық, аудандық); мектептің материалдық мүмкіндігі; қоршаған ортаның тәрбиелік мүмкіндігі сияқты компоненттерден құралады. Педагогикалық процестің тиімділігің маңызды көрсеткіші педагогикалық және оқушылар ұжымдарындағы моральдық психологиялық ахуалдың сипаты, оқушылар ата-аналарының педагогикалық деңгейі болмақ.
Педагогикалық жүйенің уақыттық сипаты балалардың дербес-психологиялық дамуы және жас ерекшеліктеріне сәйкес өзара тығыз байланысты үш кезеңнен тұрады. Ол жалпы ұзақтығы он бір жылды құрайтын жалпы білім беретін мектептің үш сатысын (бастауыш - 1-4; негізгі орта - 5-9; жоғары - 10-11 сыныптар) құрайды. Жалпы білім берудің әр сатысы өзіндік міндеттерді шешуге бағытталғанымен ол бала тұлғасын дамыту деп аталатын ортақ міндетке жұмылдырылады. Оқытудың бір сатысынан екінші сатысына өту дербестігі - тұлғалық дамуда елеулі секіріс болып табылады.
Жүйе құраушы факторлар, әлеуметтік-педагогикалық және уақыттық шарттар құрылымдық бақылау мен функциялық компоненттердің ерекшеліктерін айқындайды.Педагогикалық жүйенің құрылымдық компоненттері.Кез келген әлеуметтік жүйеде басқарудың жеке немесе ұжымдық субъектісі шешуші рол атқарады. Мектептің педагогикалық жүйесінің құрылымдық компоненттері айқындалатын негіз педагогикалық ұжым және оның басшысын немесе жүйені басқарушының әрекеті болмақ. Практикалық істерді талдау және арнайы зерттеулер педагогикалық ұжымның алға қойған мақсатына өз функцияларын кеңейту арқылы ғана емес, сонымен бірге ол функциялардың мүмкіндігін сарқа пайдаланып, оларды үйлестіру арқылы жетуге болатындығын көрсетеді. Осыдан келіп басқару жүйесінің деңгейі проблемасы туындайды. Көптеген мектептердің басқару жүйесінің құрылымы басқарудың төрт деңгейінен тұрады.
Бірінші деңгей - ұжым сайлаған немесе мемлекеттік орган тағайындаған мектеп директоры; мектеп кеңесі, оқушылар комитеті, қоғамдық бірлестік басшылары.
Екінші деңгей - мектеп директорының орынбасарлары, мектеп психология, әлеуметтік педагог, аға тәлімгер, мектеп директорының әкімшілік-шаруашылық істері бойынша көмекшісі, сонымен бірге өзін-өзі басқарушы бірлестіктер мен органдар.
Үшінші деңгей - оқушылар мен ата-аналарға, балалар бірлестіктері, сабақтан тыс үйірмелерге қатысты басқару қызметін атқаратын мұғалімдер, тәрбиешілер, сынып жетекшілері.
Төртінші деңгей - сыныптық және жалпымектептік оқушылардың өзін-өзі басқару жүйесіне басшылық жасайтын оқушылар. Бұл деңгей мұғалім мен оқушы қарым-қатынасының сипатын айқындайды. Оқушы ол қарым-қатынастың объектісі болуымен бірге өз дамуының субъектісі де болады.Бұл келтірілген өзара қарым-қатынастар тізбегінен аңғаратынымыз, әрбір төменгі деңгейдегі басқару объектісі бір мезгілде өзінен жоғары деңгейдегі басқарудың объектісі болады.Тұтас педагогикалық процестің құрылымдық компоненті ретінде мазмұн білім беретін мекеменің (мектеп, лицей т.б.) алдына қойған мақсатымен айқындалады. Ал педагогикалық және оқушылар ұжымының оқу-тәрбие процесі мазмұнының өзгеруі мемлекеттік білім стандарттары негізінде реттеледі.Қазіргі қоғамға тән білім беру процесін ізгілендіру, дербестендіру және дифференциялау, мәдениеттанушылық сипат беру бағыттарын іске асыру балалар мен жасөспірімдерді оқыту мен тәрбиелеудің әдістері мен түрлерін пайдаланудың ерекшеліктерін айқындайды. Бұл бағытта ұжымдық және топтық жұмыс түрлерімен бірге дербес жұмыс түрлеріне де баса мән беріледі.

Лекция ІІІ.Сынып жетекшісінің тәрбиелік іс-әрекетінің жүйесі
Сынып жетекшісі өте маңызды да әрі жауапты міндеттерді атқарады. Ол сыныптағы тәрбие жұмыстарының ұйымдастырушысы және оқушылардың ұстазы болып табылады. Сынып жетекшісін тәрбиелі және беделді мұғалімдерден мектеп директоры тағайындайды. Сынып жетекшісіне негізінен мынындай үш түрлі басты мінде жүктеледі:
1.Өз сынып мұғалімдерінің жұмысын үйлестіріп отыру.
2.Сыныпта оқушылармен бүкіл тәрбие жұмысын ұйымдастырып, жүргізіп, оған бағыт беріп отыру.
3.Мектеппен отбасының байланысын жасау.
Сынып жетекшісі өз жұмысын белгілі бір жүйемен жүзеге асырған жағдайда ғана өзінің мақсатына жетеді және ең жақсы нәтижелерге ие болады. Жан - жақты тәрбиенің мақсаты мен міндеттерінен туындайтын өзара байланысты тәрбие щараларының жиынтығы сынып жетекшісі жұмысының жүйесі деп аталады.Жүйе сынып жетекшісінің оқушылармен жүргізетін барлық жұмысының бағыттарын қамтиды. Яғни саяси идеялық, адамгершілік, дене, эстетикалық, еңбек тәрбиесі т.б.
Сынып жетекшісі өз сабақтарында және басқа сабақтарға қатынасып, сынып жиналыстарында, сыныптан тыс жұмыстарда оқушыларға зер сала бақылау арқылы, оқушылардың өзімен және оның жолдастарымен, ата - аналарымен әңгімелесу арқылы және оқушылар жайлы неғұрлым толық мағлұмат алады.
Сынып жетекшісінің негізгі қызметі мен міндеттері және сынып жетекшісі жұмысының мазмұны.
Басты міндетті шешу үшін, сынып жетекшісі оқушыларды зерттеп, оларды жақсы білуі керек. К.Д. Ушинский "Адам - тәрбие нысанасы " - деген еңбегінде былай деп жазды: "Егер педагогика адамды жан - жақты етіп тәрбиелегісі келсе, онда педагогика ең алдымен сол адамды барлық жағынан білуі керек".
Сынып жетекшісі жеке шәкірттер жайлы мынадай мәліметтерді білуі қажет:
А) баланың денсаулығы;
Ә) отбасындағы баланың өмірі мен тұрмыс жағдайы;
Б) баланың ішкі жан дүниесі, рухани байлығы;
В) мінез - құлқын, темпераментін, қабілетін, қызығушылығын, еркін, зейін т.б. психологиялық ерекшеліктерін;
Д) моральдық бейнесін, адамгершілік қасиеттерін;
Е) еңбекке көзқарасы;
Ж) эстетикалық талғамдарын, қызығуларын, өнерге, әдебиетке дем қоятындығы;
З) интеллектуалдық дамуын;
И) саяси сауаттылығын;
Сынып жетекшісі оқушыларды зеттеп, білуде әр түрлі тәсілдерді қолданады:
А) бақылау тәсілі (сабақта, сенбіліктерде, сыныптан тыс жұмыстарда);
Ә) әңгімелесу тәсілі (пән мұғалімдерімен, дәрігермен, ата - аналармен,кітапханашымен, оқушылардың жолдастарымен, өзімен);
Б) анкеталарды толтыру тәсілі;
В) құжаттармен танысу (оқушының жеке ісімен, күнделігімен, үлгерім журналымен);
Г) оқушының шығармашылық жұмысымен танысу тәсілі (шығарма, сурет);
Д) табиғи эксперимент;
Сынып жетекшісі отбасымен жиі қарым - қатынас жасайды, ол ата - аналарға балалардың оқу - жұмыстары туралы мәлімдеп отырулары керек.
Сынып жетекшісі басқа мұғалімдерге қарағанда оқушыларға тәрбие беруде өте маңызды міндеттер атқарады. Сондықтан оған педагогикалық талаптар қойылады. Сынып жетекшісіне қойылатын талаптар:
а) жоғары идеялық және қоғамдық саналылық;
ә) жоғары моральдық бедел;
б) педагогикалық шеберлік;
в) мәдени өріс;
г) педагогикалық әдептілік;

Лекция IV.Мектепте, сыныпта тәрбие жұмыстарын жоспарлау
Тәрбие жұмысын жоспарлау педагог қызыметінің жалпы жүйесіндегі маңызды буын болып саналады. Ойластырып жоспарлау оны дұрыс ұйымдастыруды қамтамасыз етеді. Жұмыс перспективалармен белгілейді, тәрбие жұмысынын белгілі бір жүйесін жүзеге асыруға кемектеседі.
Форма үшін ғана емес, жақсы жасалған жоспар педагогтың күнбе-күнгі тәрбие жұмысына көмектеседі. Педагог жоспар жасағанда балалармен тәрбие жұмысының негізгі міндеттерін мазмұнын, формалары мен әдістерін іріктеп алу үшін болып табылатын документтерді пайдаланады. Соңғы шыққан қаулы, бұйрықтар, оқу программасы, оқушыларды тәрбиелеудің үлгі мазмұны, "нысанына " жатады. Мұғалім жоспар жасағанда еліміз үстіміздегі жылы атап өтетін маңызды оқиғаларды ескереді.
Мұғалім өз жұмысын жоспарлағанда мектептің жұмыс жоспарын басшылыққа алады. Бүкіл мектептің істері мен жоспарлары мұғалім жұмысының бір бөлігі болып табылады.
Мектептің міндеті әр оқушының жан-жақты дамуына қамқорлық жасау болып табылады. Оны орындау педагогтан жан-жақты күрделі жұмыс жүргізуді талап етеді.
Тәрбие жұмысындағы аса күрделі әр жақтылықты тәрізді белгілі бір схемаға қалай сыйғызуға болады. Бұл педагог үшін онай шаруа емес.
Жоспар жасау дегеніміз -тәрбие жұмысының бүкіл барысын, оны ұйымдастыру үшін жалпылай және ұсақ -түйініне дейін ойластыру және қағаз бетіне түсіру, оның нәтижелерін алдан ала көре білу. Мыс: мұғалім бірінші сынып оқушыларымен жұмыстың алғашқы күндерінде бірден-бір басты міндеті -балаларды мектептен, сыныптағы негізгі мінез - құлық ережелеріне үйрету, оларды осы дәрежелерді орындай білуге баулу, олардың бойында ережелерді тезірек және дұрыс игеруге деген ынта-ықылас тудыру міндеті шешуге күш салды.
Негізгі міндетті орындаған педагог енді келесі бір негізгі міндетті-балалардың бойында кластастарын жақын білуге деген ынта тудырып, оларды өзара табыстыру арқылы класта жолдастық қарым-қатынас жасау міндетін алға қояды.

Мұғалім ата-анамен әңгіме арқылы әрбір бала жөнінде алғашқы мағлұматтарға ие болады. Бұл әңгімелерде шамамен мынадай сұрақтар қойылуы керек.
1.Бала мектепке қуана-қуана кетеді ме ?
2.Мектеп туралы не деп жүр ?
3.Үйге берген тапсырмаларды ықыласпен орындайма ?
4.Үйде қандай міндеттерді тұрақты орындап отырады ?
5.Баланың достары кімдер ?
6.Үйде және аулада не ойнағанды ұнатады ?
7.Қанша уақыт бойы телевизор көреді ?
8.Үйде кандай жануарлар бар ? Бала оларға қалай қарайды ?
9.Бала қандай мінез-құлық байқатып жүр: көппен жақсы араласа ма, әлде бұйығы ма, қайырымды ма, қайырымсыз ба; жолдастарымен бірге болғанды ұнатады ма?
10.Сіз балаңызды жазалайсыз ба? Қалай, жиі ме?
11.Бала үйдегі адамдар мен таныстарының ішіндегі кімді жақсы сыйлайды.
Бұл жекелеген балалардың ата-аналары мен жұмысты жоспарлауға, бүкіл класта ата-аналарымен өткізілетін әңгімелердің тақырыптарын белгілеуге көмектеседі.
Тәрбие жоспарына қойылатын талаптар :
1.Жоспардың қоғам талабына, мақсатына сәйкестігі.
2.Өмірмен тығыз байланыстығы.
3.Жоспардын жан-жақтылығы, тәрбиенің барлық салаларының қамтамасыз етілуі.
4.Тәрбие жұмысы формалары оқушылардың жас және тәрбиелік деңгейіне сәйкестігі.

Лекция V. Оқушылар ұжымын қалыптастырудағы тәрбие жұмысының ерекшеліктері
Ұжым тәрбие құралы. Оқушылар ұжымы - тәрбиенің шешуші факторы және біздің қоғам жағдайында бала өмірін ұйымдастырудың негізгі формасы. Жеке тұлғаның дамуы үшін ұжымда қолайлы жағдайдың болуы қажет. Тұлға жан-жақты даму мүмкіншілігін ұжымынан алатын болғандықтан ұжымда тұлғаның бас бостандығы болуы басты шарт болып табылады. Балалар ұжымын ұйымдастыру қажеттігі қоғамның ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқу-тәрбие үдерісіне инновациялық педагогикалық технологияны ендіру ерекшеліктері
Дене шынықтыру және спорт педагогикасы
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БІЛІМ ИННОВАЦИЯСЫ ПӘНІНІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАРЫ
Педагогикалық үрдістің тұтас құбылыс ретінде қалыптасу тарихы
Бастауыш мектеп мұғалімінің тәрбие жұмысын көрсету
Оқытудың заңдылықтарымен принциптері
Жаңа педагогикалық технологиялар арқылы болашақ мұғалімдердің кәсіби бағыттылығын жетілдіру
Тәрбиенің құндылық тұжырымдамасы
Жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуы
Кезеңдері және оны ұйымдастыру заңдылықтары
Пәндер