Қоғамның типтері және атқаратын қызметтері


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар:

1. Қоғамның анықтамасы, белгілері және құрылымы.

2. Қоғамның даму сатылары.

3. Қоғамның типтері және атқаратын қызметтері.

Қоғамның анықтамасы, белгілері және құрылымы. Қоғам дегеніміз не, оның адам ӛміріндегі орны мен ролі қандай деген сұрақ әлеуметтану ғылымы үшін ең маңызды мәселе болып табылады.

Адам - қоғамдық қатынастардың жиынтығы, қоғамның тікелей жемісі. Адам - биоәлеуметтік жан.

Сонымен, қоғам дегеніміз не? Ең жалпылама мағынасында алғанда қоғам дегеніміз - адамдардың бірлестігі, жиынтығы. Қоғам - санасы, ақыл-ойы бар адамдардың жиынтығы. Қоғам адамдардың қалай болса солай жинала салуы емес, ол адамдардың арасында айтарлықтай тұрақты және жеткілікті дәрежеде қарым-қатынас орнаған бірлестік. Яғни, қоғам - бұл белгілі бір аумақпен және мәдениетпен біріккен адамдардың тобы.

Әлеуметтануда қоғам деп мынандай сипаттамалары бар жиынтықты атайды:

1. Өмір сүретін террриториялық бірлігінің болуы;

2. Өзара байланысы тұрақты және біртұтас адамдар жиынтығының болуы;

3. Өзін-өзі қамтамасыз етуі, өзін-өзі басқарып отыруы және тб.

4. Әлеуметтік байланыстардың негізін құрайтын мінез-құлық нормалары мен әдет-ғұрыптар жүйесін құрайтын дамыған мәдени дәрежесінің болуы.

Жалпы әлеуметтану ғылымы тұрғысынан алғанда қоғамға мынандай анықтама беруге болады. Қоғам дегеніміз кең мағынасында алғанда - адамдардың өздерінің қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатындағы өзара байланыстары мен өзара әрекеттерінің қалыптасқан формаларының тарихи бірлестігі. Яғни, ол өзін-өзі реттеумен, өзін-өзі дамытумен сипатталатын, мәдени деңгейі жоғары бірлестік. Ал, тар мағынасында алғанда қоғам деп тарихи, әлеуметтік-мәдени және басқа да ерекшеліктерімен көрінетін нақты қоғам түсіндіріледі. Әлеуметтану ғылымында қоғам әлеуметтік құрылым, адамдардың өзара әрекет ететін кеңістігі болып табылады.

Қоғам адамдардың өзара әрекетінің жемісі екендігін өткен заманның әлеуметтанушылары да, қазіргі заманғы әлеуметтанушылар да мойындайды. Дегенмен, оларға адамдардың қоғамға бірігуінің себептерін түрліше анықтайды. Мәселен, Огюст Конт қоғамға мынандай анықтама береді: «Қоғам - бұл өзара келісіммен байланысқан, оның құрылымдық элементтерінің барлығының функциялары келісімділікпен сипатталатын, бүкіл адамзаттың органикалық бірлігі». Карл Маркс: «Қоғам - бұл бірлескен қызмет процесінде қалыптасатын, адамдардың арасындағы тарихи тұрғыдан дамушы қатынастардың жиынтығы», - деп анаықтама береді. Макс Якорь Вебер: «Қоғам - бұл әлеуметтік, яғни басқа адамдарға бағытталған әрекеттердің өнімі болып табылатын, адамдардың өзара әрекеті». Толкотт Парсонс: «Қоғам - бұл әлеуметтік жүйенің типі, ол жүйе ретінде қоршаған ортаға қатысты алғанда өзін-өзі жетілдірудің неғұрлым жоғары деңгейіне қол жеткізе алады». Осы берілген анықтамалардың бәрін жинақтай келе мынандай қорытынды жасауға болады:

Қоғам - адамдарды қалай болса солай емес, белгілі бір ережелер бойынша байланыстыратын өзара әрекеттер жүйесі.

Тұрақты әлеуметтік байланыстар мен қатынастар орнатудағы өзара әркеттердің жүйесі.

Оның құрамдас элементтері мыналар: адамдар, олардың арасындағы әлеуметтік байланыстар, әлеуметтік институттар мен ұйымдар, әлеуметтік топтар мен қауымдастықтар, әлеуметтік нормалар және әдет-ғұрыптар. Әлеуметтану ғылымының басты міндеті - қоғамның осындай құрылысын ашып көрсетіп, оның аса маңызды элементтерінің ғылыми классификациясын жасау болып табылады.

Сонымен әлеуметтік жүйе күйіндегі қоғам деп бір-бірімен тығыз байланысқан және өзара әрекеттегі және әлеуметтік тұтастықты құрайтын, үлкен реттілікпен жинақталған әлеуметтік құбылыстар мен процестер түсіндіріледі. Қоғамның даму формалары мен қозғаушы күштері жайлы көптеген теориялар бар. Бірақ олардың бәрін қарастыруға біздің мүмкіндігіміз жоқ. Атап айтар болсақ, күштеу теориясы, қажеттілік өсу теориясы, географиялық материализм теориясы, демографиялық теория және т. б. Бұл теориялардың бәріне ортақ бір нәрсе - олар қоғамның қозғаушы идеядан, адамның санасынан іздейді. Ал, марксизм ілімі болса басқаша қарастырады. Марксизм ілімі бойынша қоғамның жалпы даму заңына сәйкес, қоғам дамуы өндіріс дамуының нәтижесі, ал өндіріс негізгі әлеуметтік процесс болып табылады.

Қоғамның даму сатылары:

Бірінші саты. Аңшылықпен және терімшілікпен айналысқан аңшылармен терімшілер қоғамы.
Екінші саты. Бау-бақшамен айналысушы көсемшілік қоғам. Үшінші саты. Мал шаруашылығымен және жер шаруашылығымен айналысушы қоғам.
Төртінші саты - неолиттік революция. Бесінші саты - ерте мемлекеттердің пайда болуы. Алтыншы саты - аграрлық қоғам.
Жетінші саты - қазіргі заманғы қоғам.

Қоғамның негізгі ерекшелігі - ұйымдардың сабақтастығын, реттелуін және басқарылуын қамтамасыз ету.

Басқару - қоғамды реттеу мен жетілдіру мақсатымен оған қатысты ерекше іс-әрекет. Басқару келесі кезеңдерден тұрады: ақпаратты өңдеу және талдау, оны жүйелендіру, талдау және оған диагноз қою, мұның нәтижесінде болжамдар жасалады және мақсаттар анықталады. Содан соң, іс-әрекетті жоспарлау, ұйымдастыру және оны бақылау, мамандарды таңдау мен пайдалану арқылы шешімдерді қалыптастыру және оны нақтылау жүзеге асырылады. Осылайша, басқару жүйесі қалыптасады.

Қоғамды сипаттаудағы ерекше орынды «әлеуметтік институттар» алады. Әлеуметтік институттар - бұл әлеуметтік шындықтың белгілі бір салаларының ұйымдастырушылық формалары, кәсіби топтардың жалпы рөльдері. Осы арқылы бүкіл жүйенің тұрақтылығы қамтамасыз етіледі.

Әлеуметтік институттар - бұл басқарудың белгілі бір құралдарына ие, оларды әлеуметтік функцияларды жүзеге асыру үшін пайдаланатын (мысалы, білім беру институты) мекемелердегі тұлғалар жиынтығы.

Әлеуметтік институтты біздің түсінуімізге батыс социологтарының анықтамалары қайшы келмейді. Әлеуметтік институттың социологиялық сипаттамасы американдық А. және Дж. Теодорсондардың «Қазіргі социологиялық сөздігінде» берілген. Онда ол маңызды әлеуметтік қажеттіліктер мен функцияларды қамтамасыз ету үшін қалыптастырылған және қызмет ететін әлеуметтік рөльдер мен нормалардың өзара байланысты жүйесі ретінде қарастырылады. Әлеуметтану бойынша ағылшын сөздігінде «институт» термині әлеуметтік нормалар арқылы тұрақты қайталанатын және санкцияланатын әлеуметтік тәжірибені бейнелеу үшін пайдаланатындығы аталып өтілген. Ол әлеуметтік құрылымда маңызды орынға ие болады.

Қоғам деген не, оның адам өміріндегі ролі мен орны қандай деген сұрақ барлық социологиялық ағымдар үшін басты сұрақ болып келгенін жоғарыда келтірілген тарихи шолудан көрдік. Қоғам ұғымына анықтама бермес бұрын «табиғат», «қоғам» деген жалпы ұғымдардың мазмұнын, арақатынасын қарастырып көрейiк.

Белгілі югославиялық социолог Д. Маркович адамның мынадай үш негізгі ерекшелігін - жасампаздығын, еркіндік-бостандығын және әлеуметтік жан екендігін атап көрсетеді де мынадай анықтаманы ұсынады: «адам дегеніміз - өзінің табиғатқа деген жасампаздық қатынасында өзін еркін, әрекетшіл және басқа адамдармен бірігіп әрекет етіп, сөйтіп өзінің биологиялық және әлеуметтік болмысын қамтамасыз ететін субъект ретінде көрсететін қоғамдық жануар». Демек, «табиғат» және «қоғам» деген екі ұғымды тепе-тең қарауға да, сондай-ақ бір-біріне қарама-қарсы қойып, мүлдем бөліп тастауға да болмайды. Олар біртұтас шындық дүниенің сапа жағынан айырмасы бар екі формасы болады. Ал бұл адам мен қоғамның біртұтас екі негізін - табиғи-әлеуметтік (биоәлеуметтік) негізін дұрыс түсінуге мүмкіндік береді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
«жанұя» және «неке» ұғымдары
Отбасы әлеуметтануы
Мемлекет туралы қалыптасқан теориялар
Отбасының құрылымы мен қызметтері
Отбасы және қазіргі заман
Саяси партиялар ұғымы мен мәнісі
Жанұя құрамы, түрлері
Мемлекеттің пайда болуының негіздері
Нарықтық экономикадығы әрекеттер мен табыстар және әлеуметтік негізгі саясат
Экономикалық жүйе және, оның экономикалық заңдылықтары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz