1991-2000 жылдардағы Қазақстан-Ресей қарым-қатынастары



Жоспар

І . тарау. 1991.1995 жылдардағы Қазақстан мен Ресейдің өзара байланыстары
1.1. Қазақстан мен Ресейдің саясат саласындағы өзара қарым.қатынастары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.2. Қазақстан мен Ресейдің әскери ынтымақтастығы ... ... ... ... ... .
1.3. Қазақстан мен Ресейдің гуманитарлық саладағы ынтымақтас.тығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

ІІ . тарау 1996.2000 жылдар аралығындағы Қазақстан мен Ресейдің өзара тығыз байланыстары
2.1. Қазақстан мен Ресейдің саясат салалындағы өзара қарым.қатынастары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
2.2. Қазақстан мен Ресейдің әскери ынтымақтастығы ... ... ... ... ...
2.3 Қазақстан мен Ресейдің гуманитарлық саладағы ынтымақтас.тығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
Қазақстан ТМД шеңберінде саяси және экономикалық мәселелерді шешу істерінде егемендік, аумақтық тұтастық, өзге мемлекеттердің ішкі істеріне араласпау негіздерін сақтай отырып, Достастық елдері аумағында егемендік принциптері негізінде өзара қарым-қатынасты нығайтуға кірісті.
Бұл бағытта жұмыстар екі түрлі деңгейде жүргізілуде: екі жақты қарым-қатынастар дамуда, сонымен қатар ТМД шеңберінде көп жақты қарым-қатынастарда дамуда. Яғни ТМД мемлекеттерінің экономикалық қарым-қатынастарының реттелуі тек көп жақты қарым-қатынастар шеңбері негізінде емес, сонымен қатар екі жақты қарым-қатынастардың дамуымен жүзеге асуда. Нәтижесінде Ресеймен және басқа да мемелекеттермен беделді құқықтық-келісімдік қатынастың базасы құрылды.
Қазақстан-Ресей қатынастарын анықтайтын негізгі факторлардың қайнар көзі мынада: әлі де болса сақталып қалған шаруашылық байланыстарын, тарихи-мәдени дәстүрлердің тұтастығы, ақыр аяғында діл болып табылады. Бұл мәселелер жөнінде екі жақты қарым-қатынастарды дамытуда ел басшыларының кездесулері мен келісімдері маңызды орын алады. Сондықтан да Қазақстан мен Ресей өкілдері арасындағы соңғы жылдардағы кездесулердің хронологиясына көңіл аударайық.
1992 жылдың өзінде-ақ әр түрлі дәрежедегі бірнеше кездесулер болды, барсынында Қазақстан мен Ресей мемлекеттері арасындағы қарым-қатынастарды реттеуге ұмтылған нақтылы бірнеше құжаттарға қол қойылды. Соның ішінде айырықша айта кететіні 1992 жылы 17 қаңтардағы Мәскеуде қол қойылған екі ел президенттерінің – Қазақстан мен Ресей арасындағы шаруашылық қызметтерге қойылған шектеулерді алып тастау туралы келісім.
Екіншісі Қазақстан мен Ресей президенттерінің ресми кездеулері 1992 жылы 21 наурызда болды. Осы кездесуде екі ел президенттері экономика саласындағы екі жақты қарым-қатынас, сыртқы саясат істеріне, ТМД болашағына қатысты мәселелерді талқылады. Олар Достастықтың152

Жоспар

1991-2000 жылдардағы Қазақстан-Ресей қарым-қатынастары

І – тарау. 1991-1995 жылдардағы Қазақстан мен Ресейдің өзара байланыстары

1.1. Қазақстан мен Ресейдің саясат саласындағы өзара қарым-
қатынастары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ..

1.2. Қазақстан мен Ресейдің әскери ынтымақтастығы ... ... ... ... ... .

1.3. Қазақстан мен Ресейдің гуманитарлық саладағы ынтымақтас-
тығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ...

ІІ – тарау 1996-2000 жылдар аралығындағы Қазақстан мен Ресейдің өзара тығыз
байланыстары

2.1. Қазақстан мен Ресейдің саясат салалындағы өзара қарым-
қатынастары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ...

2.2. Қазақстан мен Ресейдің әскери ынтымақтастығы ... ... ... ... ...

2.3 Қазақстан мен Ресейдің гуманитарлық саладағы ынтымақтас-
тығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ..

Қазақстан ТМД шеңберінде саяси және экономикалық мәселелерді шешу
істерінде егемендік, аумақтық тұтастық, өзге мемлекеттердің ішкі істеріне
араласпау негіздерін сақтай отырып, Достастық елдері аумағында егемендік
принциптері негізінде өзара қарым-қатынасты нығайтуға кірісті.

Бұл бағытта жұмыстар екі түрлі деңгейде жүргізілуде: екі жақты қарым-
қатынастар дамуда, сонымен қатар ТМД шеңберінде көп жақты қарым-
қатынастарда дамуда. Яғни ТМД мемлекеттерінің экономикалық қарым-
қатынастарының реттелуі тек көп жақты қарым-қатынастар шеңбері негізінде
емес, сонымен қатар екі жақты қарым-қатынастардың дамуымен жүзеге асуда.
Нәтижесінде Ресеймен және басқа да мемелекеттермен беделді құқықтық-
келісімдік қатынастың базасы құрылды.

Қазақстан-Ресей қатынастарын анықтайтын негізгі факторлардың қайнар
көзі мынада: әлі де болса сақталып қалған шаруашылық байланыстарын, тарихи-
мәдени дәстүрлердің тұтастығы, ақыр аяғында діл болып табылады. Бұл
мәселелер жөнінде екі жақты қарым-қатынастарды дамытуда ел басшыларының
кездесулері мен келісімдері маңызды орын алады. Сондықтан да Қазақстан мен
Ресей өкілдері арасындағы соңғы жылдардағы кездесулердің хронологиясына
көңіл аударайық.

1992 жылдың өзінде-ақ әр түрлі дәрежедегі бірнеше кездесулер болды,
барсынында Қазақстан мен Ресей мемлекеттері арасындағы қарым-қатынастарды
реттеуге ұмтылған нақтылы бірнеше құжаттарға қол қойылды. Соның ішінде
айырықша айта кететіні 1992 жылы 17 қаңтардағы Мәскеуде қол қойылған екі ел
президенттерінің – Қазақстан мен Ресей арасындағы шаруашылық қызметтерге
қойылған шектеулерді алып тастау туралы келісім.

Екіншісі Қазақстан мен Ресей президенттерінің ресми кездеулері 1992
жылы 21 наурызда болды. Осы кездесуде екі ел президенттері экономика
саласындағы екі жақты қарым-қатынас, сыртқы саясат істеріне, ТМД
болашағына қатысты мәселелерді талқылады. Олар Достастықтың152 негіздеріне
деген сенімдерін, экономикалық реформалардың радикалды бағыттарының екі
және көп жақты негізінде ынтымақтастыруын бекітті.

1992 жылы 23 наурызда Орал қаласында қазақстан-ресей үкімет
басшыларының кездесуі болды, екі ел арасындағы кезек күттірмейтін
мәселелер, Қазақстан мен Ресей арасындағы саяси және әскери саласындағы
экономикалық қатынастарды сақтау және кеңейту мәселелері талқыланды.152
Кездесу қорытындысында 12 құжатқа қол қойылды. Солардың ішінде: Қазақстан
мен Ресей арасындағы бағаны белгілеу саласындағы саясатты үйлестіру туралы
келісім; көлік саласындағы ынтымақтастық пен өзара қатынастар прнинципі
туралы келісім; ғарыш қызметі саласындағы келісім Хаттамасы және т.б.

Қазақстан мен Ресей арасындағы екі жақты ынтымақтастықтың негізінде БҰҰ-
ның құжаттарында бекітілген жалпы қабылданған қазіргі халықаралық
қатынастар негізделген. Бұл нормалар барлық екі жақты келісімдерде, соның
ішінде 1992 жылы 25 мамырда Н.Ә.Назарбаев пен Б.Н.Ельцин президенттерімен
қол қойылған, елдер арасында достық, ынтымақтастық және өзара көмек туралы
Келісім-шартта көрініс тапты. Онда, атап айтқандай, екі мемлекет арасындағы
қарым-қатынасты құруға ұмтылған, мемлекет тәуелсіздігі мен аумақтың
тұтастығын өзара құрметтеу негіздерін басшылыққа ала отырып, дауларды
бейбіт жолмен шешу, экономикалық және басқадай қысым түрлерімен, күш немесе
күш қаупін қолданбау, құқық теңдігі және ішкі істерге араласпау, адам
құқығы мен негізгі бостандық, өз міндеттерін адал атқару және де
халықаралық құқықтың басқа да жалпы танылған нормалары айқын
көрсетілген153 Бұл келісім-шарт аса ірі өзгерістердің құжат түріндегі
айғағы болды, КСРО тарағаннан кейін екі ел арасындағы қарым-қатынастарды
жаңа өлшемге шығарды. Ол қазақстан-ресей қарым-қатынастарын нығайту
саласында, бірлескен қорғаныс саясатында, жаңа экономикалық кеңістік
құруға, салық және кеден келісімдерін жасауға, тауар алмасу, капитал
салаларын нығайтуға бағытталған. Келісімде екі жаққа да жағымды жағдайлар
қарастырылған, екі жақты келісім құқықты сақтау Қазақстандағы ресей
азаматтарының, орыс тілді ұлт өкілдерінің азаматтық құқықтарын сақтауы
қарастырылған. Келісім-шарт 10 жылғы мерзімде жасалған, қажет болғанда
автоматты түрде тағы 10 жылғы мерзімге ұзартуға болады делінген.

Президент Н.Ә.Назарбаевтың РФ алғашқы ресми сапары 1994 жылы наурызда
болды. Ол екі ел арасындағы жан-жақты интеграциялық қарым-қатынастарды
нығайтуға бағытталды. Екі ел президенттері қазақастан-ресей елдері
арасындағы интеграцияны және саяси әлеуметтік қатынастарды дамыту, басқа да
өзекті мәселелерді бірігіп шешу, екі елде тұратын ұлт өкілдерінің азаматтық
құқығын сақтау жағдайлары жөніндегі Меморандумға, сондай-ақ, әскери
қорғаныс қатынастарын орнату Келісім шартқа Байқоңыр ғарыш айлағын
бірігіп пайдалану жөніндегі келісімге қол қойды.

Қазақстан мен Ресей премьер-министрлері екі ел арасындағы қарым-
қатынастарына байланысты көпетеген ресми құжаттарға, атап айтқанда мәдени
қатынастарда, ғылым-білім саласындағы басқа мәселелер жөніндегі
қатынастарды дамытуға байланысты қол қойды. Министрлер деңгейінде басқа да
тағы бір құжаттарға соның ішінде Қазақстан мен Ресей арасындағы консулдық
конвенцияға, сыртқы істер министрлерінің кеңесі жөніндегі хаттамаға қол
қойылды.

1995 жыл Қазақстан-Ресей қатынастары жақсы қарқынмен жалғаса дамыды.
Соның бірі қаңтар айында болған Н.Ә.Назарбаевпен Б.Н.Ельциннің жұмыс
барысындағы маңызды кездесуі. Президенттер екі ел арасындағы ынтымақтастық
кеңейту мен терең қатынастарды одан әрі нығайту Декларациясын қабылдады.
Мемлекеттерде тұрып жатқан екі ел азаматтардың құқықтық жағдайларын реттеу
туралы келісім шарт екі ел азаматтығын алуды ыңғайластыру жөніндегі
келісімде жасалды. Сондай-ақ Кремльде екі ел арасындағы сыртқы экономикалық
істерді бірыңғай реттеу туралы келісім-шартқа еркін сауда қатынасын орнату
туралы хаттамаға, әскери қорғаныс қатынастары жөніндегі, қаржы саласындағы
бірқатар екі жақты келісімдерге ақырында үш жақты Қазақстан, Ресей,
Белорусь аралық кедендік одақ туралы келісімге қол қойылды.

1995 жылы 14 қарашада Қазақстан мен Ресей президенттері екі жақты
ынтымақтастықты Қазақстанда тұратын орыс тілді ұлт өкілдерінің жағдайларына
байланысты көптеген мәселелерді талқылады. ТМД шеңберінде интеграцияның
болашағы жөнінде халықаралық көптеген мәселелер жөнінде, бірқатар
халықаралық мәселелер, Қазақстан мен Ресей арасындағы қатынастардың жоғарғы
сатыда қарқындап дамып келе жатқандығына, халықаралық және аймақаралық
мәселелердегі өзара түсінушілікпен қанағаттанарлық дәрежелерді атап айтты.
Тараптар ТМД интеграция ісіне болашақта да өзінің үлесін қосу,
мемлекетаралық ынтымақтастықтың тиімділігін арттыру туралы ұмтылыстарын
атап өтті.

1996 жылы 27 сәуірде Ресейде Президенті қысқа жұмыс сапарымен
Қазақстанда болды. Қазақстан Президентімен кездесуінде, екі жақты
ынтымақтастыру болашағы, БҰҰ шеңберіндегі және халықаралық саласында екі
елдің бірлесіп, іс-әрекет мәселелері Қазақстан-Ресей қатынастарының және
байланыстарының басқа да бағыттары талқыланды. Кездесу қорытындысында
дизельді двигательдер шығаратын кәсіпорын құру туралы келісімге Байқоңыр
ғарыш кешені бойынша Ресей-Қазақстан үкіметаралық комиссиясын құру туралы
ережеге, сонымен қатар, Каспий теңізін пайдалану туралы ынтымақтастық
мәлімдемесіне қол қойылды. Тараптар Каспий маңындағы мемлекеттер
әрекеттерін мына негіздерде іске асырылуы қажет: Каспийді тек бейбіт
мақсатында пайдаланып, оны тек бейбітшілік, тату көршілік және достық
аумағы ретінде сақтау туралы тағы да қолдады.

Қазақстан мен Ресей арасындағы егенменді тәуелсіз даму жылдары ішінде
үкімет және мемлекет басшыларының, министрлік ведомстволарының деңгейінде
келісім-шарттар мен келісімдерге қол қойылды.Мемлекет және үкімет
басшыларының жұмыс сапарлары министрлік пен ведомстволардың басшыларының
жалғасулары көптеген салалардағы: экономикалық, әскери, азаматтық
мәселелерде және т.б. бойынша келісімдердің нақты болуына әсер етті.
Тұтасымен алғанда мемлекет аралық құжаттар Қазақстан-Ресей қатынастарының
дамуы жаңа серіктестікте орнықтығын дәледейді, олар бір-бірінің ұлттық
мүддесімен санасып және оны мойындауға негізделеді.

Екі ел үшін 1998 жылдың 6 шілдесі тарихта қалатын күн болды, яғни ол
күнде ұрпақпен уақыт аса зор бағалайтын болады. Сол күні Президенттер
Н.Ә.Назарбаев пен Б.Н.Ельциннің мәңгі достық және бауырлас екі елдің
одақтастық стратегиясын жариялап – ХХІ ғасырға бағытталған, мәңгі достық
пен одақтастық туралы Декларацияны жариялады. Қазақстан мен Ресей өзара
мәңгі достықта болатынын, тату көрші ретінде заңдық мүдделерді ескере
отырып, саяси, экономикалық, әскери және басқа салаларда, сыртқы саясат
шеңберінде тығыз ынтымақтастығын мәлімдеді.158

Мәңгі достық туралы Декларация ынтымақтастық пен қатынастардың жаңа
деңгейлерін топшалайды.

Мәңгі достық – естен шығарылған немесе идеологиялық рәміз емес. Бұл екі
ел арасындағы көптен толғағы жеткен, күнделікті өмірде сезілетін құбылыс.
Бұл мыңдаған адамдар мен іскерлік қатынастардың сабақтастығы, қазақстан мен
ресейліктерді байланыстыратын қатынастар, екі елдің тағдыры. Қазақстан мен
Ресейдің мәңгі достығы үшін мәдени және ғылым қайраткерлерінің
ассоцияциясын құру топшыланды, оған екі елдің беделді және рухани басшылары
кіреді. Еуразияның екі үлкен мемлекеті Қазақстан мен Ресейдің – жан-жақты
өзара тиімді ынтымақтастықтары мен субконтиненттегі ең үлкен осы негізгі
тұрақтылық пен өркендеудегі қазақстандықтармен ресейліктердің досытығына
ешқандай балама жоқ.

1998 жылы 15 қаңтарда Алматығы Ресей Федерациясының Президенті
Б.Н.Ельцин ресми сапармен келді. Бұл сапарда екі ел басшылары екі ел
арасындағы қатынастардың артықшылық сипатта болуын тұжырымдады. Ел
басшылары өзара өткен тар шеңбердегі кездесуде мемлекет аралық қатынастар,
экономикалық ынтымақтастық, өзара мүдделі халықаралық жағдайлар мәселелері
туралы сөз етті. Н.Ә.Назарбаев пен Б.Н.Ельцин 1998-2007 жылдары аралығында
экономикалық ынтымақтастық туралы Келісім-шартқа, ел арасындағы мемлекеттік
шекараны делимитациялау туралы Хаттамаға қол қойысты. Қазақстан-ресей
арасындағы шекараны заңды түрде бекіту екі жақты қатынастарды нығайтады.
ХХІ ғасырға бағдарланған, Қазақстан мен Ресейдің достығы және одақтастығы
жаңа растауды тапты.

1999 жылы қыркүйекте Ресей үкіметі төрағасы Астанаға сапар кезінде,
Қазақстан мен Ресей 2007 жылға дейін шекаралас аймақтардың ынтымақтастығын
қамтитын Бағдарламаға қол қойды, оған сәйкес металлургия өнеркәсібі мен
машинажасау қаржынеркәсіп топтарын құру, трансұлттық мұнай және көмір
компанияларын, әр түрлі экономикалық салада жүзден астам біріккен
мекемелерді құруы, білім, мәдениет, медицина салаларында нақты жобалар
көзделді.159

2000 жыл маусымда Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Ресей
Федерациясына ресми сапары болды, онда мемлекет басшылары Қазақстан
Республикасы мен Ресей Федерциясы арасындағы Байқоңыр ғарыш айлағының бір
қалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз ету мәселелері бойынша ынтымақтастықтың
дамуы туралы, Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы
ынтымақтастықты дамыту туралы Меморандумға және Бірлескен мәлімдемеге қол
қойды.160

2000 жыл қазан айында Ресей Федерациясының Президенті В.В.Путиннің
Қазақстан Республикасына ресми сапарының қорытындысы болып мынадай көптеген
екі жақты құжаттарға қол қойылды: ҚР мен РФ арасындағы Каспий теңізіндегі
ынтымақтастық туралы Декларация ; ҚР мен РФ арасындағы гуманитарлық
ынтымақтастық Меморандум; ҚР мен РФ аралық Астрахань мен Орал қалаларында
Консулдық мекемелер ашу туралы Келісім; ҚР Үкіметі мен РФ Үкіметі аралық
өзара саудадағы жанама салық алу незгіздері туралы Келісім; ҚР Үкіметі мен
РФ Үкіметі аралық жылу-энергетика комплекстері саласындағы ынтымақтастық
туралы Меморандум; ҚР Үкіметі мен РФ Үкіметі аралық ҚР-дағы РФ бұқаралық
ақпарат құралдардың тілшісінің және РФ-дағы ҚР бұқаралық ақпарат
құралдардың тілшісінің мәртебесі туралы Келісім; Қазақстан Республикасында
М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің филиалын ашу
туралы Хаттама.

1998 жылы, 6 шілдеде Мәскеуде екі ел басшылары Каспийдегі
ынтымақтастық саласында Каспий теңізінің солтүстік бөлігінің түбін межелеу
туралы мәлімдемені қолдады. Каспий теңізіндегі ынтымақтастық туралы
Декларация Каспий аймағындағы барлық мемлекеттердің қатысуымен серіктестік
және мәселелердің ақырғы шешімін қамтиды.

1992 жылдан бастап екі ел президенттері қырық рет кездескен.
Нәтижесінде 1992 жылы 25 мамырда достық, ынтымақтастық және өзара көмек
туралы Келісім-шарт жалғасында екі мемлекеттің күшімен 330 астам құжаттан
тұратын келісім-құқықтық базасы құрастырылған, осы құжаттар өзара кең
масштабтағы барлық екі жақты құбылыстарды реттейді.

ҚАЗАҚСТАН-РЕСЕЙ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ

Қазақстан мен Ресей аралық қатынастарды дамытудың маңызды бағыттарының бірі
– экономикалық ынтымақтастық. Дегенмен де, екі жақтың экономикалық
интеграция саласындағы қаншалықты ұмтылыстар болса да, жалпы экономикалық
кеңістіктің құрылуы күрделі қарама-қайшылықта өтуде.

1992 жылы, 25 мамырда достық, ынтымақтастық және өзара көмек туралы
Келісім-шартта екі елдің экономикалық ынтымақтастығы негізделген. Онда
нәтижелі жалпы экономикалық кеңістікті құру үшін барлық деңгейлердегі
шаруа субъектілердің тең құқықтығы мен өзара тиімді экономикалық және
ғылыми-техникалық ынтымақтастығын кеңейту мен тереңдетуге тараптар
жәрдемдесетініне назар аударды. Тараптар экономикалық өзгерістер
саласындағы әрекеттерін, оның ішінде құрылымдық, ақша-несие, валюта, салық
және баға саясатын қоса алғанда, үйлестіреді.

1992 жылы 13 наурызда қабылданған Достастық мемлекеттерінің кеден
саясаты негіздері туралы Келісімге сәйкес Кедендік одақ құрылды, оған
қатыса отырып, тараптар келісілген кеден саясатын өткізеді, тауар, капитал
және олардың арасындағы қызметтердің кедергісіз қозғалуын қамтамасыз етеді.

Тараптар сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және ынтымақтастықтың
басқа түрлерінің дамуы туралы сәйкестендірілген екі жақты Келісімдер,
сонымен қатар әлемдік бағалар бойынша өзара есепке өту шарттары мен
мерзімдерін талқылады.

Тараптар әр түрлі халықаралық, экономикалық, қаржылық және басқа
ұйымдармен институттарда бірігіп әрекет етеді, тараптардың біреуі мүше
болған халықаралық ұйымдарға кіру немесе қатынасу үшін бір-біріне қолдау
көрсетеді.

Басқа тараптың экономикалық жағдайын тұрақсыздандыратын бір жақты
шараларды жүзеге асырудан әрбір тарап бас тартады. Келісім-шарттың 17-
бабында көрсетілгендей, экономикалық және сауда тараптар қатынастары өзара
қолайлы ұлттық тәртіпке негізделіп құрылған.165

Қазақстан мен Ресей кәсіпкерлік пен шаруашылық іс-әрекеттері үшін
тиімді экономикалық, қаржы және құқықтық шарттард, екі елдің азаматтары,
мекемелері, фирмалар мен басқа экономикалық ынтымақтастық субъектілерінің
әртүрлі кооперация түрлері мен тікелей байланыстарын әртүрлі формада жан-
жақты марапаттап, қамтамасыз етуді міндеттейді. 1992 жылы Қазақстан мен
Ресейдің әртүрлі министрліктері мен ведомстволары деңгейінде он келісім
шарттар мен келісімдер қабылданды.166

1993-ші жыл Қазақстан мен Ресейдің ынтымақтастықтың барлық салаларын
қамтитын, екі жақты қабылданған құжаттарымен сүбелі де маңызды жыл
болды.1993 жылы 9 қаңтарда Омбыда өткен екі елдің үкімет делегациялары,
Қазақстан мен Ресей шекара маңыдағы облыс әкімдерінің кездесуінде осы
облыстардың экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтасуы
мәселелер жайында талқыланды, қорытындысында екі ел премьер-министрлері
Хаттама мен Коммюникеге қол қойды. Бұл кездесу екі жақтың облыстық және
аймақтық дәрежеде тығыз байланыста болуға ұмтылғандығын дәлелдеді.

1994 жылы 28 наурызда екі ел президенттері қол қойған Қазақстан мен
Ресей экономикалық ынтымақтастығы мен интеграциясын ары қарай тереңдету
туралы Келісім-шартта былай делінген: ... екі ел экономикалық интеграцияны
қамтамасыз етуді, жалпы экономикалық кеңістікті және жалпы рыногін құру,
экономикалық реформаларды өткізу, шаруашылық заңдарды жақындастыру, Ресей
мен Қазақстанның жекелеген аймағындағы мекемелер, ұйымдармен өзара тиімді
байланыстарды сатау мен дамытуды бірігіп іске асырады.167 Тараптар
өздерінің баға, салық кеден және валюта саясаттарын жақындастыруды,
нарықтық қатынастар негізінде біртіндеп екі мемлекет арасындағы тауар,
қызмет, капитал мен жұмыс күштерін еркін алмасуға көшуді міндеттейді. Олар
жеке және заңды тұлғалардың меншіктерін пайдалануын, оған билік етудің
өзара ортақ заңдылығын мойындайды.168

Ресей мен Қазақстанда екі мемлекеттерде ұлттық валюта енгізілуімен
өзара төлеу-байланыстарды ұйымдастыруды қамтамасыз етеді, конверстация және
өзара алмасу курсының тұрақтылығын қолдау, ұлттық валютаны кедергісіз
айырбастауды ұйымдастыру, Ресей мен Қазақстанның орталық және коммерциялық
банктері арасында өзара есептер құрылысын құруға шаралар қолданады

Тараптар салық жүйелерінің дәйекті үндесуін жүргізуде. Олар құрылымдық,
ғылыми-техникалық және инвестициялық саясаттың кесімділігін, өндірістің
құрылымдық пайда болу салаларында тиімді еңбек бөлуді, экономиканы
құрылымды қайта құру және ғылыми-техникалық даму бойынша мемлекетаралық
кешенді бағдарламаларды өңдеуді қамтамасыз етеді, сонымен қатар тиісті
ақпарат, нормативті және методологиялық іс қағаздармен алмасуды
ұйымдастырады.

Келісім-шартта өзара мамандандыру және өндірісті бірлестіру салаларында
біріккен саясатты өткізу туралы, өнеркәсіп салаларында артықшылықтарды
анықтау, біріккен жобалар мен инвистицияларды құрау және жүзеге асыруға
көмектесу, өндірістің көпжақтылығын үйлестіруді өткізу, соның ішінде
қорғаныс саласындағы конверсияны қосқандағы тараптардың міндеттері
бекітілген.

1995 жылы 20 қаңтарда Қазақстан мен Ресей президенттері қол қойған
қазақстан-ресей ынтымақтастығының кеңеюі мен теңдеуі туралы Декларацияда,
осындай ынтымақтастықтың барлық бағыттарында жүргізілітіндігі
анықталған.169

1996 жылы 27 сәуірде дизельді двигательді жасап шығару бойынша
бірлескен кәсіпорын құру туралы Келісім қабылданды.170 Соған сәйкес
Қостанай дизелть зауыты акционерлік қоғамы – дизельді двигательді
шығаратын қазақстан-ресей бірлескен қазақстан-ресей акционерлік қоғамын
қайта құрды, зауыт тіркеуі және орны Қазақстан Республикасында болып
табылады. Бірлескен кәсіпорынның ресей жағынан құрылтайшысы – Орал
автомобиль зауыты (Миасс қаласы), қазақстан жағынан – Сельхозмаш
акционерлік қоғамы болып табылады. Бірлескен кәсіпорынның жарғысында қаржы
үлестері былай бөлінген: ресей жағының құрылтайшысына – 60%,
қазақстандықтарға – 40%.171

Қазақстан мен Ресей сауда ынтымақтастығы үшін 1996 жылы 18 қазанда
үкіметаралық екі жақты салық салудан босату және кіріс пен капиталға салық
төлеуден бас тартуды болдырмау қабылданған Конвенцияның маңызы зор. Осымен
салық салу саласындағы екі ел арасындағы шаруашылық субъектілерінің құқытық
негізі пайда болды, бұл әрине екі елдің экономикалық ынтымақтастығын
тереңдетеді.

Сонымен қатар, өзара ынтымақтастыққа ұмтылу және жақындасуға қазақстан-
ресей қатынастарын мүлдем мәселелсіз етеді деп есептеу қате пікір болар
еді, дегенмен де олардың мүдделері үнемі немесе барлық жағдайда сәйкес келе
бермеуі мүмкін. Осындай проблемалардың бірі Каспий теңізінің құқықтық
мәртебесін анықтаумен байланысты.

1998 жылы 6 шілдеде Қазақстан мен Ресей президенттері екі ел арасында
жер қойнауын пайдалануда егенменді құқықты жүзеге асыру үшін, Каспий
теңізінің солтүстік бөлігінің түбін межелеу туралы келісімге қол қойылды,
сонымен қатар қаржы мәселелерін реттеу туралы Хаттама қабылданды. Каспий
туралы құжат басқа да елдерді қатынастыра отырып, қазақстан-ресей аралық
өзара тығыз іс-әрекеттердегі барлау мен минералдық ресурстарды
пайдаланудың болашағына жол ашты. Ол Каспий теңізінің солтүстік бөлігінің
құқықтық мәртебесінің қажеттілігін анықтап беруде бұл жалпы Каспий
теңізінің құқықтық мәртебесін белгілеуде үлгі алуға болатын жағдай болды.
Бұл келісім – Каспий маңындағы мемлекеттер үшін Каспий теңізі мәселесін
тездетіп реттеудегі жақсы үлгі және тиісті халықаралық конвенцияға қол
қоюға негіз болды.172

1998 жылы қазанда Қазақстан мен Ресей арасында ресми келіссөзде
экономикалық ынтымақтастықты ары қарай дамыту, екі жақты сауданы жандандыру
мәселелері қарастырылды. 1997 жылы өзара тауар айналым 4,1 млрд. долларға
артты. 1998 жылдың бірінші жартысында 26%-ға өсті. Дегенмен, рубль курсының
құлдырауына байланысты 1998 жылы қыркүйек айында Ресейде қазақстандық
тауарларға деген сұраныс маңызды түрде төмендеді. Қазақстан Республикасы
ұлттық валюта курсын еркін айналымға кіргізуінің және теңгенің
құнсыздануының нәтижесінде қазақстандық тауарларға деген сұраныс арта
түсті. Бірақ өзара есеп айырысу жүйесінде көптеген мәселелердің шешілмеуі,
көмір мен темірдің жеткізілмеуі салдарынан, Ресейге тауар шығару
айтарлықтай өскен жоқ.

2000 жылы ресейлік тауар шығарушылар үшін Қазақстан базаларындағы
жағдайлар өткен жылдармен салыстырғанда нәтижелі болды. Рубльдің
құнсыздануы сыртқы тауар шығару операциясын нәтижелі түрде өсірді, ресей
тауар шығарушыларының қазақстан базарларында үшінші бір елдің тауар
шығарушыларынан қарағанда тауар шығарушы нәтижелі болды. Нәтижесінде
ресейлік тауар шығарушылары қазақстан базарында тұрақтап қалуын қамтамасыз
етіп қана қоймай, кезінде ең көлемді тауар номенклатурасының жоғалтқан
ұстанымын қайтарып алды.

Дегемен Қазақстан ресейлік тауар экспортының кеңейтудің қолайлы
жағдайлары белгілі бір мынадай себептермен толық мөлшерде таратылмай қалды:
ішкі рыноктың таралу салдарынан шетке тауар шығарудың барлық жағынан
нақтылы тауар жеткізу қысқартылғандықтан: ресей басқа бір үшінші бір елмен
республика аймағында инвестициялық жобада бәсең қатынасады, бұл ресей
тауарды экспорттау машинатехникалық өндірісін және тауарлар шығарудың кең
көлемдегі мүмкіндігін төмендетеді. Соған орай 1999 жылы мемлекет тарапынан
импорттық тауарлар әкелуге шектеулер қойылды, бұл бәрінен де Ресейден тауар
жеткізуге әсер етті.

Тұтасымен алғанда 2000 жылы Қазақстанға Ресейден тауар әкелу 1999 жылы
салыстырғанда ширек пайызға төмендеді, бұл 1,5 млрд. АҚШ долларын құрады.
173

Екі елдің интеграцияны дамыту және нығайтуға бағытталған, Қазақстан
Республикасы мен Ресей Федерациясының 1998-2000 жылы арналған экономикалық
ынтымақтастық Бағдарламасына сәйкес, бірлескен инвестициялық жобалар,
әзірлемелері ұсынылған, бірлескен баға саясаттың жүргізу т.б. мәселелер
бойынша әрекеттер шамаланған. Бұл Бағдарламаны жүзеге асыру мәселелері
үкіметаралық комиссияның бірлескен мәжілісінде талқыланған, жоғары дәрежелі
келіссөзде қаралған бұл мәселелерді шешуге мемлекет басшылар мңызды түрде
қарағанын дәлелдейді.

Сол кезде келісімді жүзеге асырудан, мысалы, ауылшаруашылығы
техникаксының өндірісінің ұлттық тасмалдау жүйесін құру, Қазақстан танкер
флотының құрылысын салу қанағаттандырылығысыз болды.

Қазақстан мен Ресей президенттерінің 1999 жылы тамызда Бішкектегі
кездесуде екі мемлекет үкіметтерінің алдында коммерциялық салада тығыз
ынтымақтастықта болу, оның ішіде энергетика, машинақұрылғысы ауылшаруашылық
машинақұрылысы, қорғаныс өнркәсібі салаларындағы ынтымақтастықта болу керек
екендігін атап айтты. Бұл мәселелер ары қарай дамуға әсіресе тауар
қатынастары пәрмеді түрде қарқындауы, өзара газ алмасу, тәсімі түрде
тарату, бірлескен энергетика кәсіпорындарын құру, шекаралас ынтымақтастықты
кеңейту, салық салуды реттеу, тариф мәселелері және т.б. нәтижесінде
мүмкіндік алды.

2001 жылы 15 ақпанда Астанада өткен Үкіметаралық бесінші мәжілісте
қазақстан-ресей ынтымақтастық жөніндегі комиссиясы Қазақстан мен Ресей
аралық интеграциялық процесі табысты түрде өтуде деп атап көрсетті.174

Қазақстан мен Ресей арасындағы мұнайгаз саласы бойынша да үлкен болашақ
ашылуда.

Қазақстан мұнайын сыртқы рыноктарға шығарудың бірнеше жолдары бар екені
белгілі. Жүргізілген зерттеулер мен талдаулар көрсеткендей қазақстан
мұнайын экспортқа шығарудың іске асыру Атырау-Самара арқылы Новороссийскі
бағыты бойынша іс-жүзінде нақтылы және экономикалық тұрғыдан тиімді екенін
көрсетті. Ресей жағы әуел бастан-ақ бұл нұсқаға игілікпен қарады, оны іске
асыруда көптеген істер атқарды. Қазіргі уақытта құбыр жүргізу құрылыстары
жүріп жатыр, ол 2001 жылы аяқталуы тиіс.

Ресей бар құбырларды, басқа да инфрақұрылымдарды пайдалана отырып
негізгі ресейлік қатынасушы КТК-ЛукОйл компаниясына айтарлықтай қаржылай
қосымша салыммен қамтамасыз етеді. Бұл компания өкілдері Қарашығанақ-Атырау
мұнай құбырының құрылысына қатынасуға Меморандумға қол қойды, бұл
Қарашығанақ мұнайы КТК мұнай құбыры арқылы сыртқа шығаруға қолайлы.

Қазақстан мен Ресей арасында Байқоңыр ғарыш айлағын бірігіп
пайдаланудың және ғарыш кеңістігінің бірлесіп зерттеудің көптеген
келісімдері бар. Алғашқы құжат 1992 жылы қол қойылған Қазақстан мен Ресей
үкіметтері ғарыш саласындағы қызметін ұйымдастыру туралы келісімге Хаттама
болатын. Кейбір ғылыми бағдарламалар республиканың тапсырысы бойынша
ғарыштық Мир станциясы арқылы орындалды. Мир станциясынан алынған
геоақпарат жүйелері мәліметтер негізінде Алматы, Каспий, Арал аймақтарының
экологиялық мониторингі жасалды. 1999 жылдан бастап Ресей жағы өзара қаржы
мәселелерін реттеу туралы Келісімге сәйкес Байқоңыр кешенін жалға
пайдаланғаны үшін кіріс салығын құяды ( жыл сайын 115 млн. АҚШ доллар
көлемінде). Қаржы – несие қатынастарын реттеу екі жақтардың да алға қойған
мүдделерінне жетудің, қазақстан-ресей қатынастарын тереңдете дамытудың
тынысы болып тұр.

Қазіргі уақытта Қазақстан сондай-ақ Ямал, Днепр, Достастық жаңа
ғарыш жобаларында өз орнын кеңейтуде. Достастық ғарыштық зымырандық
комплексі мемлекеттік және коммерциялық мәселелерді шешу үшін, Қазақстан,
Ресей, Украина мемлекеттерінің кәсіпорындары мен ұйымдары ресурстарының
әлеуетін іске асыру мақсатына арналды.

Екі елдің жанар-энергетика саласындағы ынтымақтастығының серпінді
көрсеткіштері қазақстан мұнайын ресей мұнай құбыры арқылы шетке тасымалдау
жүйесіне квотаны ұлғайтуға келісім, қазақстан рыногінде екі ірі Ресей
монополистері – РАО ЕЭС Россия мен ОАО Газпром компаниялары жасады.

Екі жақ сауда-экономикалық, іскерлік қатынастардың өзекті мәселелерін,
мүдделерін орынды жақындастыру деген түсінушілікке келді. Бірінші кезекте
салық салу мен тариф саясатында оң нәтижелер бар. Бұл тұрғыда тауар
айналымының серпінділігіне өзгерістер бары байқалады. Қорытындысында 2000
жылы сауда көлемі 4,2 млрд. АҚШ долларын құрады.175

ҚАЗАҚСТАН МЕН РЕСЕЙДІҢ ӘСКЕРИ ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ

Қазақстан қазіргі таңда географиялық жағдайда ядролық қаруланған
мемлекеттермен (Ресей, Қытай, Үндістан, Пәкістан)көршілес, бұл өз
қауіпсіздігін қамтамасыз етуде заңды сұрақтар тудырады. Белгілі болғандай
қырғи-қабақ соғыстың аяқталуымен жан-жақты шиеленістердің төмендеуі,
соғыс қаупінің және қарулы қақтығыстардың болмауын жою болған жоқ. Көптеген
бұрынғы үшінші әлем елдерінің соғысқұмарлықтары күшейіп артуда, ядролық
және ұстамалы (ядролық қару ісін меңгерген) мемлекеттер ТМД шекарасына
таяу орналасқан. Әлі де орталық Европа мен бұрынғы КСРО-ның түкпірлерін
қамтыған қақтығыс аймағы Ауғанстанда әсер етуде, ислам фундаменталистері
тудырып отырған азамат соғысы өріс алды.

Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына жолдаған Еркін, тиімді және қауіпсіз
қоғамға деген Жолдауында: Ғаламдық қарсы тұруға соңғы 10 жыл уақыт кетті
– деп атап көрсетті, - бірақ белгілі бір әлемде жергілікті соғыстар пайда
болды, яғни зорлық салдарынан миллиондаған адамдар қаза тауып жатыр. Бұл
негізінен алғанда жас жаңа тәуелсіздік алған мемлекеттер ішінде діни және
этникалық қақтығыстардың салдарынан болып отыр. Ең қорқыныштысы, әлемнің
сондай бес-алты жарылыс қаупі бар аймағына Орталық Азия жатады, апатты
жағдай бола қалса, біздің халқымызға ешкім де болашақ тыныштығын бере
алмайды.176

Қазақстан Қарулы Күштері басқа да ТМД елдері сияқты жаңадан енді
құрылып жатқандықтан жоғары білікті кадрлар тапшылығы, еліміздің қорғанысын
ұстап тұру мен ұйымдастыруда тәжірибе жетіспеушілігі және мол қаржы керек
екенін талап ететінін ескере отырып, республика Ресей және басқа да ТМД
мемлекеттерінің іс-әрекеттерімен үйлестіруде және қорғаныс пен қауіпсіздік
салаларында мүдделі екенін түсіну маңызды.

Бәрінен бұрын қарулы қақтығыстарды болдырмауға бағытталған бірлескен
шараларды әзірлеуді; әскери саясатты қалыптастыруды біртекті ыңғайлып
анықтау; стратегиялық күштерді қолдану, жүйелер құру, сондай-ақ оларды
аудандарға орналастыруды анықтау; әскери құрылымдарды дамыту; қорғаныс
саласында ғылыми-зерттеу жұмыстарын, тәжірибе-конструкторлық жұмыстар
(НИОКР) өткізіп тұру, әскери техникаларды дамуыту, технология мен ғылымды
дамыту; қорғаныс саласындағы кәсіпорындардың әлеуетін тиімді пайдалану;
әскери қызметкерлердің әлеуметтік құқығын қорғау ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ХХІ ҒАСЫРДЫҢ БАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН-РЕСЕЙ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТАРЫ: МӘСЕЛЕЛЕРІ МЕН КЕЛЕШЕГІ
Қазақстанның Ресей мемлекеті үшін маңыздылығын сараптау жұмысын
Қазақстан мен Ресей арасындағы қарым - қатынасты зерттеу
Қытайдың Орталық Азиядағы саясаты
Қазақстан-Ресей қарым-қатынастары
Қазіргі кездегі халықаралық қатынастарының Орталық Азиядағы жаңа ролі
Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымдармен ынтымақтастығы зерттеу
Қазақстанның халықаралық қатынастардың субъектісі ретінде халықаралық аренаға шығуы
Қазақстан Республикасының сыртқы саяси доктринасыныңкөпвекторлылығының тұжырымдамалық негізін айқындау
Қазақстан - Ресей және ТМД мемлекеттерінің мәдени байланыстары
Пәндер