жасушалар мен хромосомалар
Кіріспе
Жасуша - қоршаған ортамен зат алмаса алатын ең қарапайым жүйе. Адам организіміндегі жасушалардың құрылымы, олардың өзіндік әрекетін және өзін - өзі сақтау, яғни жасушалық пулды қолдауды қамтамасыз ете алады. Жасушаның әр органоидындағы бірқатар морфологиялық ерекшеліктер де оның негізін қамтамасыз етуге бағытталған. Олар тыныс алу мен энергия қорын жасауды (митохондриялар), белоктардың түзілуін (рибосома, гранулалы цитоплазмалық тор), липидтер мен глткогенді жинап, тасымалдауды, детоксикациялық әрекетті (тегіс цитоплазмалық тор), түрлі заттарды өндіріп, оларды бөліп шығаруды (табақша кешен), жасушада заттың қорытылуы мен қорғаныс әрекетін де (лизосома) орындайды. Бұл ультрақұрылымдардың тіршілігі қатаң үйлесімде атқарылып, әр жасушаның өзіне тән өнімді түзуінің үйлесімді жасушалық конвейер заңдылығына негізделген. Бұл заңдылық жасушаның құрылымдылық бөліктерінің өзара әрекеттесуі мен ондағы заттардың алмасу барысын өзін өзі реттеу қағидаты негізінде жүзеге асып отырады.
Жай микроскоппен қарағанда организмның ең кіші құрылымы жасуша боп есептеледі. Неміс ғылымдары Шлейден және Шван (1838) барлық тірі организмдер жасушалардан түзілген,жаңа жасушалар тек жасушалардың бөлінуі нәтіжесінде пайда болады,тірі организмдердің өніп-өсуі,дамыуы осы жасушаларға байланысты деген жасушалық теорияның негізін қалаған болатын. Атақты неміс патологы Р.Вирхов (1858) организмның барлық ауруларының негізінде жасуша патологиясы жатады деп есептеген. Р.Вирховтын бұл даналық пікірі осы күнге дейін өз мағынасын жойған жоқ. Бірақ та Р.Вирхов дәуірінде жасушаның өзін жан-жақты ғылыми тексеру мүмкіншілігі жоқ еді.
Жасушада болатын өте күрделі өзгерістер,оның ультра құрылымы көп жылдардан кейін электрондық микроскоп жәрдемімен ғана анықталады. Электрондық микроскоп жасушаны екінші рет қайта ашты деуге толық негіз бар.Организмді біртұтас жүйе деп қарасақ,жасушу-соның бір бөлігі . Организммен жасуша арасында әрдайым өзара қарым-қатынас,өзара әсерлену және қызметтерін реттеу,үздіксіз жүріп жатады.Сол үшін жасушаны организмнің бір бөлігі деп қана емес,оны белгілі бір қызмет атқаратын ең қарапайым тірі жүйе деп қарау керек.Жасуша құрылысын негізінен цитология пәні үйретеді,бірақта жасушаның өте нәзік құрылымдарының әр түрлі патологиялық өзгерістерін білу көптеген аурулардың патогенезін анықтау үшін ауадай қажетдемек патологоанатом жасушаларды ультрақұрылым деңгейінде тексеріпоның нәтижесін ғылыми-зерттеу жүргізуге немесе өзінің күнделікті жұмысында пайдалануға міндетті. Жасушаларды электрондық микроскоппен тексеру әдісі кеңінен қолданылады.Қазіргі таңда жасушаның жалпы патологиясын зерттеуден жасуша құрамындағы өте нәзік құрылымдарды - органеллаларды зерттеуге өту кезеңі басталды деп толық айтуға болады.Ал жасуша мембраналарының құрылысын және патологиясын зерттеу өз алдына мембранология ғылымы болып бөлініп шықты.
Жасуша патологиясы
Жасуша патологиясы ұғымының мәні күрделі. Өйткені, біріншіден, бұл патология - жасушадағы арнайы ультрақұрылымдардың патологиясы бола тұра, белгілі бір ультрақұрылымда әртүрлі әсерден, әдетте қаншалықты стереотипті өзгерісстер орны алса, ол өзгерістер сол ультрақұрылымға соншалықты тән бола тұра, жасушаға қатысты хромосомалық аурулар немесе рецепторлық, лизосомалық, митохондриялық, периксисомалардың тағы басқа да жасушалық аурулар деп ауруларға негіз де бола алады. Екіншіден, жасушалық патология дегеніміз - жасушаның құрамдас бөліктері мен ультрақұрылымдарындағы себеп-салдарлық өзара сабақтастығы өзгерістер, сондықтан жасушаның зақымдалу заңдылықтары мен оның зақымға жауабының арасындағы айырмашылықты ажырату да қажет. Бұған жасушаның патогенді ақпаратты сезінуі (рецепция) мен зақымға жауабы, жасуша мембранасының өткізгіштігі мен жасушада сұйықтық айналымы, жассушадағы метаболизмдік өзгерістер, жасушаның жойылуы (некроз), жасушаның метаплазиясы мен дисплазиясы, гипертрофиясы мен атрофиясы, жасуша қозғалысының патологиясы, оның ядросы мен гендік құрылымдағы өзгерістер мен гендік құрылымындағы өзгерістер мен басқа да мәселелер қатысты.
Жасуша органеллары мен жасуша бір-бірімен тығыз байланысты құрылымдар, олардағы өзгерістер жасушадағы өзгерістер астарласып жатады.
Жасушадағы ең ірі органеллаға митохондры жатады.Митохондриде аденозин үш фасфат қышқылы синтезделеді,яғни АҮФ-тың ыдырауы белсенді тасымалдың бірден бір көзі. Митахондридің өсуі және көбеюі жасушаға тәуелсіз, өз есебінен жүре алады. Дегенмен де толық дербестік болуы мүмкін емес, себебі митохондриге керекті белоктардың көпшілігі ядролық ДНҚ-да белгіленіп, цитоплазмада синтезделеді. Митохондрий құрамында 40-тан астам фермент бар, олар негізінен жасушаның тыныс алу үрдісіне қатысады. Цитохромоксидаза және сукцинатдегидрогеназа ферменттері тек митахондриде топталған. Митахондрий күрделі ішкі және сыртқы мембрана жүйесінен түзілген, оның ішкі мембрана қатпарларынан кристалар түзіледі. Олардың арасындағы кеңістікті матрикс дейді.
Митахондриде кездесетін түрлі патологіялық өзгерістердің негізгілеріне мыналар жатады.
1)Митахондрий санының өзгеруі.Әрбір жасуша үшін митохондрий саны белгілі мөлшерде болады.Митохондрий санының көбеюі жасуша қызметінің күшеюінен хабар берсе,жасуша атрофиясында олардың саны азайып кетеді.Экспериментте тышқандарды аш сақтағанда олардың бауыр жасушасындағы митохондрий саны бірінші күндері көбейіп,кейін азайып кететіндігі анықталған.
2)Митохондрий көлемінің өзгеруі.Тироксин гормонын ұзақ қабылдағанда,зат алмасу үрдісі күшейгенде,құрқұлақ және кейбір жұқпалы ауруларда жасушадағы митохондрий көлемі ұлғайып оларда кристалар саны көбейеді,ісік тінінде әр түрлі пішінді мегамитохондрилер пайда болады,мысалы,ісіктерде,алкогольдік бауырда.
3)Митохондридегі деструктивтік өзгерістер.Осы өзгерістердің ең жиі кездесетін түріне ісіну үрдісі кіреді.Соның нәтижесінде митохондридің көлемі ұлғайып матриксі сұйылады,кристалары қысқарып,олардың саны азаяды.Осы өзгерістерден соң митохондридегі сұйықтық мөлшері көбейіп,ло сыртқы мембранамен оралған қапқа айналып қалады.Кейде митохондрий патологиялық әсерлер нәтижесінде бөлшектеніп кетеді.
4)Митохондриде әр түрлі қоспалардың,әктену ошақтарының,миелинді,филамент тәрізді құрылымдардың пайда болуы жасуша зақымдануының белгісі болып саналады.
Жасуша ядросының патологиясы
Ядросыз жасушалардың тез арада жойылып кететіні мәлім.Ядрода гендік белгілерді анықтайтын дезоксирибонуклеопротеидтер (ДНП) және қүрылымдық белоктар мен ферменттердің синтезін реттейтін рибонуклеопротеидтер (РНП) бар.
Әдетте бір жасушаға бір ядро болады. Ядроның сырт пішіні ламиндар (А,В,С) белоктар әсерінде тұрақты болады.Ядроның сыртында ядролық қабық бар, ол екі қабаттан тұрады. Сыртқы қабаты эндоплазмалық ретикулум мембраналарыменбайланысқан. Сыртқы және ішкі қабаттарының бір-бірімен қосылған жерлерінде өтн майда (көлденеңі 9 нм) тесікшелер болады. Ядро қызметі күшейгенде олардың саны көбейеді.Осы тесікшелерден цитоплазмаға өарап РНК, өарсы бағытта белоктар өтеді.Ядро матриксінде хроматин бар, оның тығыз түрін гетерохроматин деп атайды.Олтранскрипцияланбайтын, бейактив хроматин.Эухроматин деп хроматиннің белсенді, деспирализацияланған транскрипцияланатын, яғни ДНК синтезіне қатынасатын түрін атайды.Демек, ядродағы хроматиннің көрінісі оның белсенділігін көрсетуші морфологиялық белгіге жатады.Пайда болған РНК бөлшектері ядродан нуклеопротеидтер кешені түрінде немесе м РНҚ түзіп цитоплазмаға шығады.
Ядролар санының көбеюі, оның көлемінің ұлғаюы жасушада белок синтезінің күшейгендігінің белгісі. Ісіктер үшін ядролардың ерекше өзгеруі - атипиялар тән. Қалыпты жасушаларда хромосомалар саны 46 болса, ісік жасушаларында олар 200-300 және одан да көп болады.
Ядродағы өзгерістерге ең алдымен митозға байланысты патология кіреді. Митоздың бір неше сатылардан тұратыны мәлім; 1) профаза, 2) метафаза, 3) анафаза, 4) телофаза, 5) интерфаза.
Онан басқа жасуша ядросы амитоз (тікелей бөліну) жолымен де көбейеді. Митоздың және де эндомитоз деген түрі бар. Бұл кезде хромосомалар саны, ядро қабықшалары бұзылмай-ақ, бірнеше есе артады.
Ядро ішінде бір немесе бірнеше ядрошықтар болады. Белокты көп түзуші жасушалардың ядрошықтары ірі және саны көп болады.
Ядролар патологиясының бір түріне ядролық қоспалар (включения) кіреді. Оларға; ядродағы цитоплазмалық, нағыз және вирустарға байланысты қоспалар жатады.
Ядродағы цитоплазмалық қоспалар деп цитоплазманың бір бөлігінің ядро ішіне кіріп қалуын атайды, әдетте бұл құбылыс митоздық бұзылыстармен байланысты.
Нағыз ядролық қоспаларға цитоплазмадан ядроға өткен май,белок және т.б. қоспаларды атайды.бұл заттар ядро тесіктері арқылы немесе ядро қабығы бұзылғанда өтеді.
Вирустарға байланысты қоспалар вирустардың ядро ішінде көбейіп колония түзуіне немесе вирустар әсерінде ядро белоктарының өзгеруі нәтижесінде,кейде цитоплазмада өніп жатқан вирустарға реакция есебінде пайда болады.
Әдетт біз ядроны интерфаза кезеңінде көреміз,осы кезеңнен кейін митоз басталады.И.А.Алов (1972) бойынша митоз патологиясының негізгі түрлеріне мыналар кіреді;
1)Хромосомалардың зақымдануы;жасушалардың профазада кідіріп қалуы;хромосомалардың спирализация және деспирализация үрдісінің бұзылуы;хромосомалардың бөлшектеніп кетуі;анафаза кезеңінде хромосомалар арасындағы көпірлердің пайда болуы;хроматидтердің уақытынан бұрын ажырап кетуі;кинетохордың зақымдануы;
2) Митоздық аппараттың зақымдануына:митоздың метафазада кідіріп қалуы;хромосомалардың метафазада бытырап кетуі;үш топты метафаза;қуысты метафаза;көпполюсті митоздар;асимметриялық митоздар;бір орталықты митоздар;К-митоздар кіреді.
3) Цитотомияның бұзылуы;мерзімінен бұрын болатын цитотомия;цитотомияның болмауы
Әрбір ағза үшін жасушаның бөлініп көбеюі белгілі бір мөлшерде болады.Мысалы,фибробластар 50 рет бөлінуі мүмкін.Тек ракалды үрдістерінде және рак кезінде бұл көрсеткіш өте көп өзгерістерге ұшырайды.Ракалды үрдістерінде митоздық қөрсеткіш күшейіп,жасушалар арасында патологиялық митоздар саны бөліне бастаған жасушалардың 20-30 пайызын қамтиды.
Жасушааралық түйіспелер (контактар) патологиясы
Қалыпты жасушалар бір-біріне жанасқанда, олардың әрекеті тежеліп тоқтайды.Кейін ол жасушалар бір-бірінен алшақтап кетеді немесе бірігіп (адгезия), қосылып жасушалар тобын яки белгілі бір тиінді құрайды.
Бір тиінді түзүші жасушалар жай микроскоппен қарағанда өте тығыз байланысқан сияқты корінгенмен де олардың арасында жасушааралық кеңестік немесе соңылау болуы шарт яғни жасуша шекарасы еш уақытда бір-бірімен қосылып кетпейді.
Жасушалар бір-бірімен әр түрлі жолдармен түйіседі. Жай түйісу (бірігу) - адгезия кезінде көршә жасушалардың цитоплазмалық мембраналары 15-20 нм-ге дейін жақындасады, мембраналар арасында гликокаликс қабаты сақталады.Тістескен түйісу кезінде кәрші жасушалар цитоплазмалық мембранада пайда болатын арнайы тісшелер (выступ) арқылы бірігеді. Жасушалардың осылайша бірігу түрінде десмосалар жатады.Тығыз түйісу цитоплазмалық мембраналардың бір-біріне максималды жақындасуымен және интегралдық ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz