Темперамент және мінез туралы теориялар


Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті Философия және саясаттану факультеті
Әлеуметтану және саясаттану кафедрасы
Әлеуметтану мамандығы
Тақырыбы: Темперамент және мінез
Аты-жөні: Астанов Арсен Ержанұлы Қабылдаған: Психология ғылымдарының докторы, профессор Бердібаева Света Қыдырбекызы
Темперамент (лат. temperamentum - бөліктердің қажетті арасалмағы) адамның психикалық іс-әрекетінің динамикасын сипаттайтын тұрақы жеке ерекшеліктердің: психикалық процестер мен күйлер ағысы қарқындығының жылдамдығының ырғағының - жиынтығы. Темперамент дегеніміз психикалық процестердің өтуінің динамикалық ерекшеліктерін және адам мінез-құлқын, олардың күшін, жылдамдығын, пайда болуын, тоқталуы мен өзгерісін сипаттайтын қасиеттер жиынтығы. [1]
Темпераменттер[өңдеу]
- Холерик
- Флегматик
- Сангвиник
- Меланхолик
Холерик Бұл темперамент өкілі тездігімен, шапшаңдығымен, ұстамсыздығымен, тым қозғалғыштығымен ерекшеленеді. Оларда психикалық процестер шапшаң өтеді. Күйгелектік сондай адамдарға тән. Ол жұмыс істеуге жақсы қарқынмен кірісіп, күші таусылғанда оны тастап кете береді. Адамдармен қарым-қатынаста тынымсыз, агрессивті, шамданғыш болып келеді. Сондықтан холерик болған жерде ұрыстар жиі болады. Холерик темпераментінің жағымды жағы - энергия, белсенділік, құштарлық, инициативтік. Жағымсыз жағы - ұстамсыздығы, қаталдық, қатаңдық, шамдану, ыза. Мысалы, кіші холерик оқушыдан талпыныс пен құштарлық ерекше көзге түседі. Тіпті партада мұғалімді тыңдап отырған холериктіанық мимика мен энергетикалық белгілер арқылы ажыратуға болады. Тақтада жауап бергенде, кіші оқушы бір аяқтан екіншісіне ауыстырып тұрады, өте жылдам жауап береді. Ондайлар тез істеуге, үлкен өзгерістерге құлшынып тұрады. Міне, мұғалім кезекшіні бор әкелуге жіберді делік, ол жиналып барғанша, холерик оқушы орнынан тұрып борға өзі жүгіріп кетеді. Бұл оқушы әр нәрсеге құштар, істі бастағанда, оны өте тез және беріліп істейді де, түрлі кедергілерден жеңіл өтеді. Ол өте ұстамсыз, өте қарапайым қиыншылықтар үшін күйіп-піседі, мұғалімдер мен ата-аналарына айқайлап сөйлейді. Бірақ ол агрессиялық күйден қайта қалпына келгенде, олай істеуге болмайтынын түсінеді, сонда да ол өзіне ештеңе істей алмайды. Оның ұстамсыздығы оған көп кедергі жасайды және ол үнемі достарымен ойын үстінде ұрсысып, мұғаліммен сабақ үстінде ұрсысады.
Флегматик Бұл типтің өкілі баяу, байсалды, асықпайды. Істі ойланып, төзімділікпен істейді. Жинақылықты, қалыпты жағдайды ұнатады. Өзгерістерді ұнатпайды. Бастаған ісін аяғына дейін жеткізеді. Психикалық процесстер флегматикте баяу жүреді. Бұл баяулық оған оқу жолында кедергі келтіреді, ең кедергі келтіретін жері:тез есте сақтау, тез ойланып жауап беру. Кейде флегматиктер жамандықты есте сақтап қалады және ұзақ мерзімге. Адамдармен қарым-қатынаста флегматик бірқалыпты, байыпты, керек жерде тіл табысады, ал орынсыз сөйлемейді. Көңіл- күйі тұрақты. Олардың байыптылығы мен байсалдылығы өмірге деген көзқарасынан да көрінеді. Флегматикті ызаландыру немесе эмоционалды әрекет жасау оңай емес, ол ұрыс- керістен аулақ жүреді, оны әртүрлі қиыншылықтар тепе-теңдігінен шығармайды. Флегматикті дұрыс тәрбиелегенде іскерлікті, талапшылдықты орнатуға болады. Бірақ жағымсыз жағдайларда оларда әлсіздік, жалқаулық пайда болады. Мысалы, 2-ші сынып оқушысы - флегматик, ол барлық істі баяу, байыппен, асықпай істейді. Одан сабақ сұраған кезде, ол баяу орнынан тұрып, азғана үндемей тұрады да, сабақты үйден қараған болса, бірқалыпты дауыспен сабақ айта бастайды; ал егер үйде оқымаған болса, мұғалімнің қойған сұрақтарына жауап қайтармай үнсіз тұрады. Кейде ондай оқушылар мұғалімді ызаландырады, ал достары оның баяулығына күледі. Бірақ, флегматик оқушы - жақсы дос, ашық және өте ұстамды, оны ренжітіп алу немесе күлдіру өте қиын.
Сангвиник Бұл тип өкілі- еті тірі, қабілетті, қозғалғыш оқушы. Ондай оқушы ақкөңіл және қызу, жеңіл мінезді, ренжігенде тез қайтып кетеді, сәтсіздігін жеңіл өткізеді. Коллектив арасында жүргенді ұнатады, басқа оқушылармен тез тіл табысады. Қысылып- қымтырылмайды, кісіге қайырымды. Сангвиниктерді оқу үрдісінде бақылаған жақсы, яғни оқу үстінде олар қасиеттерін айқын көрсетеді. Егер оқу материалы қызықты және жас ерекшелініне сай болса, онда кіші оқушы жаңа берілген материалды тез қабылдайды, жеңіл есте сақтайды. Ал егер материал қызықсыз және оны оқу үшін көп уақыт қажет болса, онда оқушы оны есте ұзақ уақытқа сақтай алмайды. Сангвиниктерді дұрыс тәрбиелегенде, оны жоғары дәрежеде жетілген бірлік және қайырымдылық сезімі оқуға деген белсенділігі ерекшелендіріп тұрады. Жағымсыз жағдайларда, жүйелілік пен бірізділік жоқ кезде, сангвиник жеңілтектік, бейбастық, шашыраңқылық байқалады. Осындайда олар кейде оқуға жауапкершіліксіз қарайды. 3-ші сыныпта оқитын сангвиник типінің өкілін алатын болсақ, олар еті тірі, белсенді болып келеді. Сабақ үстінде тынышсыз, жиі алаңдайды, сабақта достарымен көп сөйлеседі. Сыныпта өтіп жатқан барлық жағдайларға мән беріп отырады. Достарының арасында ылғм да сыйлы және оларға көптеген қызық әңгімелер айтады. Осы оқушы жаңа ортаға тез бейімделеді. Егер берілген жұмыс немесе тапсырма жеңіл болса, оқушы оны тез орындайды, ал жұмыс қиын, қытымыр, ұзақ болса, жұмысқа суып кетеді. Егер математика сабағында есеп беріле сала сол оқушы жауабын айтса, және бұл жауабы қате болса, ол арықарай шығарып, дұрыс шешуін іздемейді, келесі жұмысқа көшеді.
Меланхолик Бұл темперамент өкілінде психикалық процесстер өте баяу жүреді. Қатты тітіркендіргіштерге жауап бере алмайды, ұзақ және қатты күш түсірсе, олар жұмыс істей алмайды. Олар өте тез шаршайды. Бірақ қалыпты қоршаған ортада, мысалы, үйде ондай балалар өздерін жақсы ұстап, іс-әрекеттерді жақсы орындайды. Эмоциялары баяу туады, бірақ тереңдігімен және күштілігімен ерекшеленеді. Олар өте сезімтал, реніштерін іште сақтап, оларды көп ойлай береді, бірақ сондай қиыншылықтар бар екенін ешкімге көрсетпейді. Меланхоликтер тұйық, таныс емес адамдармен сөйлеспейді, жаңа ортада қатты қысылады. Жағымсыз жағдайларда ауруға айналған осалдық, қысылу, көңілсіздік, пессимизм пайда болады. Меланхолик кіші оқушы коллектив арасында болуды ұнатпайды. Ал егер оны дұрыс тәрбиелесе, қызығушылығы, эмоция сезімі, қабылдауы арта түседі. Мысалға мен 4-ші сынып оқушысын алайын. Ол тұйық, ұялшақ және ол ешкімге көрінгісі келмейді. Біреуден қорқып жүрген сияқты. Проблемаларды терең сезініп, көп уайымдайды. Сабақ айтып тұрған кезде қызарып кетеді, сабақты біліп тұрса да сасқалақтап жауап бере алмай қалады. Істегісі келмейтін жұмыспен айналысса, тез шаршап кетеді. Достарына көмектесуді ұнатады
Темперамент - 25 ғасырдан бері ғылыми ойды қызықтырған мәселелердің бірі. Оған деген қызығушылықтың төркіні - адамдар бойында болатын дара өзгешеліктер. Әр адамның, баланың жан дүниесі өз алдына бір болмыс. Оның қайталанбастығы, бір жағынан, адам тәнінің биологиялық және физиологиялық құрылымы мен дамуына байланысты болса, екіншіден - әлеуметтік ерекше байланыстар мен қатынастарға негіз бола алуында. Темперамент адамның биологиялық сипатынан көрінеді. Адамдар арасындағы көптеген психикалық айырмашылықтар: эмоция тереңдігі, қарқындылығы, тұрақтылығы, ауыспалы - қозғалғыштығы - бәрі осы темперамент табиғатымен түсіндіріледі. Темперамент көбіне адамға тума берілген әрекет - қылығының ұдайы қозғалыстағы сипатын белгілейді. Темперамент адамдардың ойлауында, сөйлеуінде, қарым-қатынас жасауында көрініс табады.
Сондықтан, темпераменттік қасиеттер басқа психикалық құбылыстарға қарағанда тұрақтанған, өзгеріске келе бермейді. Темперамент түрінің жақсы не жаманы болмайды. Олардың әрқайсысы өзінің ұнамды тараптарына ие, сондықтан басты назар темпераментті реттеп, түзетуге қаратылмай, нақты іс-әрекетте оның тиімді жақтарын саналы әрі өз орнымен пайдаланудың жолдарын табуға бағытталғаны жөн.
Темперамент туралы теориялар
Темперамент жөніндегі ғылымның іргетасын қалаған ежелгі грек дәрігері - Гиппократ. Оның тұжырымы бойынша, адамдар төрт «дене сұйықтықтары» қан, шырын, қара өт, өт обойынша ажыратылады.
Осы психологиялық тағылымды арқау ете отырып, ежелгі дүние дәрігері Клавдий Гален алғашқы рет темперамент түрлеріне ғылымдық сипат берді. Ол біздің заманымызға дейін жеткен темперамент атауларын белгіледі:
- сангвиник (sangius - қан) ;
- флегматик (phlegma - шырын) ;
- холерик (chole - өт) ;
- меланхолик (melaschole - қара өт) .
Осыған орай темпераменттің көп түрлі типологиясы қалыптасты. Бұлардың ішінде назар саларлықтай тип - адамның дене құрылымына байланысты дараланып, тума темперамент қасиеттеріне негізделген - конституциялық типология (Э. Кречмер) . Бұл теорияның мәні: әр адам өз дене құрылымына орай өзіндік психикалық ерекшелікке ие. Осыдан, дене мүшелерінің сырттай өлшемдеріне байланысты төрт конституционалды психикалық тип белгіленген:
1. Лептосоматик - бойшаң, нәзік денелі, тар иықты, қол-аяғы ұзын, сидыйған.
2. Пикник - мығым, сезімшең, кіші не орта бойлы, қарны қампиған, домалақ бас.
3. Атлетик - бұлшықеттері күшті дамыған, денесі мығым, берік, ұзынша не орта бойлы, кең иықты, жамбас сүйектері тартылған.
4. Диспластик - дене бітімі қисынсыз. Бұл адамдар әрқилы мүшелік зақымдарға ұшырағандар.
Жоғарыда баяндалған конституциялық типология теориясының негізін қалаған, неміс психиатры Э. Кречмер. Бұл теория Батыс Европада кең қолдауын тапты. Ал осы теорияны әрі қарай жалғастырған У. Шелдон болды. Сонымен, әр адамның темпераменті әртүрлі, соған байланысты адамдар да әртүрлі.
Темпераменттің физиологиялық негіздерін ғылыми тұрғыдан дәлелдеген орыс физиологы, академик И. П. Павлов болды. Жүйке жүйесінің ми қабығындағы қозу, тежелу үдерістерінің үш негізгі белгісін көрсетті.
Күші (жүйке жасушаларының жұмысына тәуелді) ;
Қозғалғыштығы (бірін-бірі алмастыра алу қабілеттілігі) ;
Тепе-теңдігі (арасындағы) .
Жүйке жүйесінің типтері (И. П. Павловтың ілімі бойынша) :
1) күшті, қозуы мен тежелуі тең, ширақ тип (сангвиник темпераменті) ;
2) күшті, қозуы мен тежелуі тең, инертті тип (флегматик темпераменті) ;
3) күшті, қозуы тежелуінен басым (холерик темпераменті) ;
4) әлсіз тип, қозуы мен тежелуі баяу (меланхолик темпераменті) .
«Темперамент типін анықтау» практикалық тапсырмасы
Темпераментті сыныптастырыңыздың мінез-құлқынан сабақта және үзілісте зерттеуге болады. Олардың әрекеттерінен бірден байқауға болады (біреулері асықпай дұрыс әрекеттер жасаса, ал екіншілер болса тез қимыл қозғалыстар жасайды) .
Тапсырма:
топтағы студенттердің темперамент түрін көрсетіңіз. Дәптеріңізге темпераменттің 4 түрін жазып, тұсына топтағы студенттерді сіздің ойыңызша қай түрге жататынын көрсетіңіз.
Қанеки, қаншалықты дұрыс көрсеткеніңізді тексерейік. Эксперименттік түрде анықтайық.
Топтық өзіндік жұмыс
Әрбір топқа психологиялық тапсырманы шешуге тапсырмалар беріледі.
Дәптерде кестені толтыру (Ағабек А., Жақсыбаева Б., Келменбетова Б., Құралбаева Н., Серіккызы С. )
Темперамент типі Жағымды жақтары Кемшіліктері
Сангвиник
Холерик
Флегматик
Меланхолик
Темперамент қасиеттеріндегі көптүрлілік даралық ерекшеліктер кешенін тұтастай сипаттай алмайды. Адамдар арасындағы айырмашылықтардың көптүрлілігі соншалық, олар өмірдің барлық қырларынан көрінеді. Адамдар тек сырт бейнесімен ғана емес, күллі психикалық құрылымымен, яғни басқа адамдар мен зеттаға қатысты әрекет-қылық мәнерімен, қарым-қатынасқа түсу тәсілдерімен ерешеленеді. Әр адамның психикасы мен тұлғасына қайталанбастық тән. Бұл адамның даралығын көрсетеді. Мінез - даралықтың негізгі құраушы бөлігі.
«Мінез» сөзі өмірде және көркем әдебиетте кеңінен қолданылады. Басқа адамдармен қатынаса отырып әр адам өз мінезі танытады және өзгенікін бағалайды. Күнделікті өмірде қауым мінезді «жақсы», «жаман», «ауыр», «жеңіл» деп сипаттайды. Ара қатынасымыз бұзылған жағдайда, әдетте: «Мінезіміз келіспеді», - деп жауап береміз. Түрліше мінез иелері ұқсас жағдайларда әр-түрлі ірекет етеді, күйзеледі. Егер біз келесі адамның мінезін жетік білетін болсақ, онда бізге оның әрекеттерін түсіну де оңайға соғады, ендеше, ол адаммен қатынасудың тиімді стильін таңдап, белгілі жағдайлардағы әрекет-қылықтарын болжай аламыз.
Мінез ерекшеліктері жайлы білім мамандарды жұмысқа қабылдауда, жауапты қызметке тағайындауда, бірлескен әрекетті орындауды тапсыруға байланысты топтарға біріктіруде маңызды. Сонымен қатар, шиеденістерді шешуде, ұжымда жағымды психолгиялық ахуалды орнатуда, қарым-қатынас тиімділігін арттыруда мінез жайлы түсінік аса қажет.
Мінез туралы алғашқы ғылыми түсініктер ерте заманнан келеді, ол әр адамның өзіндік адамгершілік қасиеттерінің мен ойларының боларын сипаттаған Аристотельдің есімімен байланысты. Оның шәкірті, ежелгі грек философы Теофраст (б. э. д. 372-287) адами ерекшеліктерді жүйелеп, оның 30 қасиетін көрсеткен, мысалы: сайқал, жасапмаз, сөзшең, т. б. Теофраст өзінің «Этические характеры» тракты арқылы ғылымға «мінез» (грек. сharacter - қасиет, сапа) терминін енгізген. Кейіннен, француз жазушысы Ж. Лабрюйер (1645-1696) ұзақ уақыт бойында зиялы қауымның қылықтарын бақылай келе, мінездің мыңнан аса типтік қасиеттірін сипаттаған. Психологияның басты мақсаты тұлға мен мінезді зерттеу деп есептеген А. Ф. Лазурский (1874-1917) мінездің мәнін, құрылымын, типтерін және дамуын қарастыратын психология ғылымының бір саласы - мінезнаманы жасады.
Бүгінгі күні мінез тұлғаның тұтастай көрінісі ретінде, зерттеу пәні адамдар арасындағы даралық ерекшеліктер болыпп табылатын, дифференциалды психологияда қарастырылады. Мінез дегеніміз адамның белгілі жағдаяттарда жасайтын типтік әрекеттерін сипаттайтын тұрақты даралық ерекшеліктердің бірлігі.
Темперамент тума факторларға, анатомо-физиологиялық ерекшеліктерге және, ең бастысы, жүйке жүйесінің қасиеттеріне тәуелді болса, мінез адамның заттық әлем және басқа адамдармен қатынасудың көптүрлі жүйесіне араласуына қарай, әлеуметтенуі мен тәрбиесіне байланысты қалыптасады. Адам мінезі оның шынайы өмірмен қатынасуына тәуелді қалыптасатындығы туралы теорияның негізін В. Н. Мясищев пен Б. Г. Ананьев қалаған. Қатынас, алғашында, тек нақты-эмоциональді деңгейде жүреді. Олар адамның күйзелістерін, шынайы өмірді қабылдау ерекшеліктерін, сыртқы әсерлерге жауап қылықтарын анықтайды. Адамдармен жағымды не жағымсыз қарым-қатынас тәжірибесі тұлғаның сәйкесінше ішкі қатынастар жүйесін орнатады. Қайталанбалы эмоциональді оңтайлы және кері әсерлер біртіндеп бекіп, тұрақты тұлғалық қасиетке, мінез сапасына айналатын әлдеқайда ұзақ мерзімді психикалық күйге ұшыратады.
К. К. Платонов мінез сапаларының үш басты ерекшелігін анықтаған: олар айқын көрінуі керек, басқа қасиеттерімен тығыз байланыста болуы тиіс және әрекеттің әр түрінде жүйелі көрініп отыруы қажет.
«Тұлға сипаты» және «мінез сапалары» ұғымдары, көбінекей синонимдер ретінде қолданыады, алайда оларды айыра білуіміз керек. Психологиялық түсінік ретінде тұлға, өзінің бір ғана құраушы бөлігі болып табылатын, мінезге қарағанда әлдеқайда ауқымды. Тұлғаның өзегі - қажеттілікті-мотивациялық аймақ. Жетекші мотивтер, құндылықтар және мақсаттар тұлға бағыттылығын анықтайды. Тұлға сипатының құрамына оның бағыттылығын анықтайтын қасиеттері енеді. Өзінің басты құндылықтарына қол жеткізу үшін адам түрліше мінез сапаларын таныта не оларды өзгерте алады. Сондықтан, тұлға мінезге қарағанда әлдеқайда жоғары инстанция.
Адам өмірі қарым-қатынасқан адамдарымен, тәрбие алу жағдайларымен ерекшеленеді. Сонымен қатар даралық дамудың табиғи алғышарттары да әр түрлі. Сондықтан, әр адамда тек өзіне ғана тән, қайталанбас мінез бітістері мен сапаларының бірлігі қалыптасады. Алайда, мінез даралық ерекшелік көрсеткіші болуымен қоса, басқа адамдармен ортақ қырларымен танымал. Ұқсас жағдайларда, бір ортада өмір сүретін адамдар үшін типтік мінез бітістері тән. Мәселен, бұрынырақта еліміздегі адамдарға нұсқаумен жүру, енжарлық, тәртіптілік тән болса, қазірде өзбетті, тәуелсіз, бастамашыл адамдар жиі кезігеді. Осыған қоса, қоғамның әр мүшесі басқа нақты бір топтың мүшесі болып табылады, ол: отбасы, оқу тобы, өндіріс ұжымы, түрліше ресми емес топтар. Олардың әрқайсы адамның мінезінде өзіндік рең қалдырады. Мінездің мәні - даралық және типтік ерекшеліктердің бірлігінде. кез келген қатынас мінезқалыптастырушы болмайды, тек өмірлік маңызды қажеттіліктерді қанағаттандырумен байланысты, материалды және рухани қажеттіліктермен байланыстылары ғана. Ең алдымен бұл қоғамға, басқа адамдарға, еңбекке, өзіне, заттарға қатынасы.
Қоғамға және өзге адамдарға қатынас адамгершілік қасиеттерді қалыптастырады. Ізгіліктілік, шыншылдық, әділеттілік - адамгершілік дамудың жоғары сатысын сипаттайды. Өзімшілдік, қатігездік, жалғандық, керісінше, мінездегі адамгершіліктің таяздығына көрсеткіш. Басқа адамдармен қатынаста коммуникативті қатынастар ерекше орын алады: мейірмандық, елгезектік, сезімталдық, ашықтық, шыншылдық, сыпайылық. Мұндай мінез сапаларының иегері түрліше жағдайларда тиімді қарым-қатынаста бола алады: отбасында, жұмыста, әрәптестерімен, достарымен. Олар әлеуметтік-мәдени айырмашылықтарға қатысты туындайтын психологиялық бөгеттерді, не қарым-қатынас барысында пайда болған негативті сезімдерді, мысалы, сенімсіздік, қызғаныш, жаратпаушылықты, оңай жеңеді.
Адамгершілік және коммуникативті мінез сапалары мұғалімдердің кәсіби маңызды қасиеті болып табылады. Мұғалім үшін пәндік білім мен педагогикалық дағдылары игеру қаншалықты маңызды болса, кәсіби мәнді мінез сападарын өз бойында қалыптастыру да саншалықты мәнді. Адамның еңбекке қатынасынан еңбексүйгіштік, жауапкершілік, тәртіптілік қалыптасады. Қарсылықтарды жеңуден тұратын еңбек пен оқу әрекеті ерікті мінез сапаларының дамуын қамтамасыз етеді, ол: мақсатқа бағыттылық, табандылық, өзбеттілік, шыдамдылық.
Адамның өзіне деген қатынасы өзіндік таным құрылымында когнитивті, эмоциональді, бағалаушы компоненті ретінде қалыптасады. Ерте балалық шақтан бастап, бүкіл өмір бойы қоршаған адамдар баланың әрекет-қылықтарын бағалап өтеді. Бұл қатынас адамның өз-өзіне деген ішкі психологиялық қатынасына, мінез сапасына айналады. Балаға деген қатынас типінің басымдылығына қатысты мінезде қарапайымдылық не масаттанушылық, өзіндік сыншылдық не өз-өзіне сенімділік, намысшылдқ не бәсеңдік, өз-өзін бағалау немесе толымсыздық сезімі пайда болады. Адамның заттарға қатынасы да аса маңызды. Нәресте туғанынан басқа адамдардың еңбегімен жасалған заттарды қолданады. Жасы өскен сайын баланың заттарға деген қажеттіліктері арта түседі. Заттар дегеніміз - ойыншықтар, кітаптар, киімдер, ыдыстар, т. б. Бір бала ойыншығын сындырса, оған ұрысады, ал екіншісіне келесіні сатып әпереді. Бір бала жолдасына өз ойыншығын бермесе, келісі бірі өз ойыншықтарын таратып салады. Осыдан біртіндеп балада ұқыптылық, ашықтық не негативті қасиеттер жинақталады.
Мінез-құлық - адамның тұрақты психикалық ерекшеліктерінің жиынтығы. Мінез-құлық тірі организмнің барлығына ортақ қасиет. Оның басты белгісі - тіршілік иесінің қимыл-қозғалысының түрлі деңгейдегі көріністері. Адам бойындағы Мінез-құлықтың бастапқы көрінісі - қылық. Мұнда әр адамның өмірлік бет алысы, бағыт-бағдары, талғам-сенімі, көзқарасы, мақсат-мұраты көрініс береді. Адам өзін-өзі бақылау жасау арқылы мінезіндегі мінін түзеуге, жағымсыз әрекет пен қылықтардан өзін тыйып ұстауға мүмкіндік алады. Мінез-құлық. адамның өзіне, айналасындағы басқа адамдарға қарым-қатынасынан, жүктелген істі қалай орындайтынынан көрінеді. Бұл оның бүкіл тыныс-тіршілігіне әсер етіп, сыртқы ортамен байланыс жасауын қамтамасыз етеді. [1] [2]
Өз қажеттілігін қанағаттандыруда түзілген психикалық және физиологиялық үдерістер жиынтығын мінез-құлық деп атаймыз. Адамның мінез-құлығын және жануарлардың мінез-қылығын зерттейтін ғылымды этология дейді.
Мінез туралы жалпы ұғым
Адамды сипаттағанда алдымен мінезін ескереді. Егерде қасында жақсы мінезді адам болса, өз басында үлкен жеңілдікті сезесің.
А. С. Макаренконың айтуынша “адамның жаман мінезі басқаларға тікенектей қадалып, жаралса, оның
өзін де шөңге кіріп кеткендей сыздатып, қинайды деген болатын. Күнделікті өмірде адам мінезінің қарама-қарсы бітістері көрініс береді: қайырымды - сараң, батыл солқылдақ, жүректі - қорқақ, еңбекқор - жалқау, табанды -тұрақсыз т. б. Психологиялық әдебиетте мінезді характер деп атайды. Бұл гректің сөзі, аудара келгенде баспаға басу, суреттеу, мәнерлеу деген мағынада. Шынында да қоғам тәрбие арқылы адамның мінезін баспаға басқандай қылып, керекті көрінісін жасайды. Мінез дегеніміз адамның іс-әрекетінде пайдаланатын амал-тәсілдерінен көрінетін оның жеке психикалық қасиеттерінің жиынтығы. Мінез адамның өзіне үйреншікті жағдайларда жасалатын мінез-құлқының бағдарламасы іспеттес. Ол өмірлік әсерлердің күрделі жиынтығының бейнесі бола отырып, жеке адамның сыртқы ортамен белсенді қарым-қатынасы ретінде қалыптасады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz