Елдің экономикалық өсу ерекшеліктері


Орындаған:МЭ- 242 студенті Сауяева Әсел Ертуғанқызы
Елдің экономикалық өсу ерекшеліктері
Әлемде болып жатқан түрлі дағдарыстар мен құлдырауларға қарамастан, ұзақ мерзімді экономикалық өсу бүкіл әлем экономикасының ұмтылысы болып табылады. Экономикалық өсу дегеніміз- бұл нақты жалпы ұлттық өнімнің өсуін сипаттайтын экономиканың салыстырмалы түріндегі ұзақ мерзімді ұлғаюы. Белгілі бір жылдан келесі бір жылға нақты экономикалық өсудің қарқынын есептеу үшін екі әдіс қолданылады:1) Біріншіәдіс: Экономикалық өсу қарқыны-(2-жылдағы нақты жалпы ішкі өнім- 1-базалық жылдағы жалпы ішкі өнім) / (1-базалық жылдағы жалпы ішкі өнім) х 100%. 1-жылдағы ЖІӨ базалық болып саналады. Мысалы, 1-жылдағы ЖІӨ=1000ш. б., Ал 2-жылдағы 1015 ш. б, болса, онда экономикалық өсудің қарқыны 1, 5% болады, бұл дегенміз -(1015-1000) /1000=0, 015. Одан кейін шыққан нәтижесін пайызбен есептеу үшін, соңында шыққан санды 100-ге көбейту арқылы есептеуге болады. Екінші әдісте тұрғындардың жан басына шаққандағы нақты ЖІӨ мөлшерін анықтау арқылы табамыз. 1жылды табу үшін: Тұрғындардың жан басына шаққандағы нақты ЖІӨ=берілген жылдағы нақты ЖІӨ/берілген жылдағы елдің тұрғындарының санын мысалға, 1028 ақша бірлігі деп алып, соны бөлеміз мысалға 105 млн. адам делік=сонда щыққан мән 9, 8 акша бірлігі. Біздің мысалымызда көрсетілгендей, елдің нақты ЖІӨ мөлшері бір жылда азайып, экономикалық өсудің қарқыны 2% төмендеген.
Экономикалық өсуді анықтайтын негізгі факторларға осылар жатады: *Жекеменшік құқығы *Нақты капитал (өндірілген құрал-жабдықтар, көлік) *Адамдық капитал (тәжірибе, дағды, білім) *Инфрақұрылым (байланыс, көлік жүйесі, каржылық, білім беру, денсаулық сақтау жүйесі және т. б. ) *Инвестициялар (жаңа тауарлар мен қызметтермен қамтамасыз ету, өнімділіктің өсуі) *Технологиялық жаңару, ауқымнан үнемдеу және тағы солай сияқты.
Экономиканы дамытудың екі незгі стратегиясы бар
*Импортты орындарымен алмастыру *Сыртқы экономиканың дамуына бағытталған Импортты алмастыру стратегиясы квоталарды белгілеу арқылы импортты шектеп, өз елдерінде шыққан тауарларды бас елдердің бәсекелестігінен қорғап, импорттың орнына қолданалатын тауарлар өндіріс. Сыртқы экономикаға, яғни экспортқа тауарды өндірушілер үшін өндірістің қолайлы жағдайына жету және басқа шетелдік өндірістің тиімділігін көбейту жолын қарастырады. Жаңа индустриялды елдердің, мысалға айтсақ Тайвань, Сингапур, Малайзия, Индонезия, Оңтүстік Корея осы елдердің экономикасының жылдам дамуы, экономикалық өсудің осы стратегиясын қабылдауға шешім болды. Осы елдердің экономикалық өнімдердің экпортын тез көбейтудің арқасында 70-жылдардан бастап өте қарқынды әрі жылдам дамудың үстінде. Осы стратегияларды басқа елдер қолданса, осы дамушы елдер сияқты экономиканық өсуінің жолында үлкен жетістіктерге жетуі мүмкін. Әрбір мемлекет экономиканың өсуін қадағаласа және экономикалық өсуді қамтамасыз ету үшін, адамдардың іскерлік қасиетін арттырып, тұрақты құқықтық және макроэкономикалық жағдайларды, мәселелерді туғызуы керек.
Экономикалық өсудің бастапқы факторы-әрине ресурстардың жеткілікті болуы болып табылады. Қазақстанның табиғи-экономикалық байлықтарын пайдалану табиғи-экономикалық рента әкеледі. Осы байлықтардан алынатын табыстар экономиканың тұрақты өсуін қамтамасыз етеді. Қазақстан Республикасының соңғы жылдарында экономиканың өсуі тұрақты тенденциясы байқалды. 2000 жылдан бастап нақты ЖІӨ өсуі 9-11 % құрады. Бұны біз макроэкономикалық көрсеткіштерінің өсуінен көруімізге болады. Кедейшілік және жұмыссыздық деңгейі түсіп, тұрғындардың табысы артуда. Орта бизнестің дамуы, шикізаттық емес салаларының көтерілуінің арқасында осындай дәрежеге жетіп отырмыз.
Сонымен қатар, сыртқы экономикалық тауар айналымының өсуі жылдан жылға қарай даму үстінде. Бұны біз тауар экспортынан және импортынан көре аламыз. Инфляцияның күрт жоғарылауын 2007 жылдың екінші жартысынан бастап, тым тез әрі күрт жоғарылауының себебінен, экономикалық өсу деңгейі төмендеді. 2009 жылы Қазақстан Республикасында экономиканық өсу деңгейі ең төменгі деңгейіне түсіп, 1% мөлшерінде жүрді.
ҚР Статистика агентінің мәліметтерінен алынған. www. stat. gov. kz
Осы кестеден көріп тұрғанымыздай, 2000 жылдан бастап 2007 жылға дейінгі өсу қарқыны орташа есеппен 9, 7%-ды құрады. Бірақ, 2008-2010 жылдарда әртүрлі қауіпті жағдайлардың себебтерінен өсу қарқыны төмен деңгейге түсті. Дүниежүзін жаулап алған, қаржылық дағдарысқа қарсы бекітілген шаралардың (Бизнестің жол картасы және Индустрияландыру картасы) арқасында 2010 жылдан бастап еліміздің экономикалық өсу деңгейі қайтадан жоғарылап, экономикалық белсенділік арта бастады. Қазақстан Республикасына келетін қаражаттардың көлемі жылдан жылға артып, жеріміз жетекші елдердің қатарына енді.
Қазақстан Республикасының экономикасының өсуі арнайы стратегиялардан тұрады. Бұл стратегиялар экономикалық өсудің қоршаған ортаның өздігінен тұрақты қалпына келтірілуін ойластырды. Тұрақты өсу дегеніміз, бұл ұзақ мерзімді дамуы мен өсуі кезінде қазіргі жастардың, болашақ жастардың тыныштығына, көркендеуіне және ары қарай дамуына, елдің экономикасына қауіпсіздікті қамтамасыз етуді, мақсат қоюды жоспарлап, болжауы. Бұл дегеніміз, болашақ үшін қосымша ресурстарды қалыптастыру, өнеркәсіп құрылымындарын, энергиялық ресурстардың қалпына келетін түрлерін қолдану және ауқымды түрде енгізу.
Қазақстанның бірінші президенті Нұрсылтан Ә. Н. үкіметке 2011-2015 жылдар аралығындағы өсу қарқынын есептеуге тапсырыс берді.
Осы графикте көрсетілгендей, өсу қарқыны орт. есеппен 7% құрап, ал ЖІӨ 15000$ жетуі тиіс дегн болжам айтылған.
Дерек көзі www. minplan. kz
Дүниежүзілік банк қызметкерлерінің тұжырымдамасы бойынша, Қазақстанның экономикалық өсу қозғалысын тоқтатпау үшін, қолданылған ресурстардың мөлшеріне бөлінген көлемін арттыру керек.
Қазіргі кезде Қазақстанның өнеркәсіп құрылымдары жақсы нәтижеге жетіп отыр. Бұның ішіндегі, мұнай өңдеу зауыттарын жақсарту. Бізде біршама мұнай зауыттары болса да, бірақ біз әлі басқа елдерден жанармай сатып аламыз. Сондықтан, мұнайға деген сұранысты арттыруымыз қажет. Және де машина жасау кәсіпорындарының мұнай-газ өндіретін кәсіпорындармен қатынасын дамыту. Жоғары сапалы өнімдерді шығару, жүк көліктерінің жинақтауын игеру.
Қазақстанның мұнай-газ қоры бойынша басқа ТМД елдердің арасындағы 2013 жылдың аяғындағы көрінісі
Елдің экономикасның өсуінің ең бастысы ауыл шаруашылығы, мал шаруашылығы және агроөнеркәсптік кешенін дамыту болып саналады. Еліміздің көркем далалық шөлейт аймақтарында дәнді дақылдардың әртүрлісін өсіруге көңіл аудару керекпіз. Мал, өсімдік шаруашылығының өнімдері мен дәнді дақылдардың дамуы, еліміздің экономикалық өсуінің факторы болып табылады.
Агроөнеркәсіптікті дамыту аясында ел үшін екі міндет бар: *Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету *экспортты жанжақтыландыруды шешу керек.
Бес маңызды институционалдық реформаға кіруіндегі өзгерістер қазіргі таңдағы, заңның үстемдігін қамтамасыз етуге мен экономикалық өсуге, халықтардың бірыңғай болашақты ұлтқа айналуына және мемлекеттің есеп беруін қамтамасыз етуге бағытталған. Қазақстан 2050 жылға дейінгі дамуында 30 елдің қатарына кіру стратегиясы қолға алынды. Алдағы жыладардағы басты міндеті-елдің дамуының принциптері бар мақсат құрау. Экономикалық өсудің негізі мақсаты жаңа технологияларын дамыту, одан әрі жетілдіру, қазіргі экономиканы қалыптастыру, табыстың жоғары деңгейлі әрі сапалы болуын қадағалау. Экономиканың өсуінің қамтамасыз етілуі жеке инвестициялар мен еңбек өнімділігің өсуіне байланысты. Жаңа экономикалық моделін орнықтыру бүкіл бөлімдердің өзгерістерін қарастырды. Мемлекеттік секторда саясаттың оңай жолын табуы мен мемлекеттің экономикаға қатысуы ЭЫДҰ негіздері бойынша ЖІӨ-ің біршама пайызға дейін кемуін қолға аламыз. Экономиканың секторында біздің басты мақсатымыз-бәсекелестікті дамыту және іскерлік негізді жетілдіру. Қоғамдық салада біз капиталды оңтайландыруды, белсенді салымдар салуды жалғастырамыз, бұл ретте мемлекеттің және азаматтардың құндылығын айқын ажырату.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz