Баланың өмірін ұйымдастыру және күн тәртібімен дербестігін қалыптастыру


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министірлігі Семей қаласы Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

СӨЖ

Тақырыбы: Баланың өмірін ұйымдастыру және күн тәртібімен дербестігін қалыптастыру

Орындаған: Берікқызы А

Тексерген: Секенова Ә. С

Жоспары:

1. Баланың күн тәртібін ұйымдастыру.

2. Балалардың тіршілік әрекетін ұйымдастыру

3. Балаларды гигиеналық және музыкалық дағдыларға тәрбиелеу

Туғаннан бастап үш жасқа дейінгі баланың күн тәртібі дұрыс ұйымдастырылған жағдайда: - ішкі ағзалардың жұмысы реттеледі; - сыртқы ортаның ықпалына төзімділігі артады; - сыртқы және ішкі факторлардың өзара байланысын ескере отырып мектепке дейінгі ұйымға баруға баланы ерте жастан дайындау жеңілдеу болады, бала тәртіпке үйренеді. Күн тәртібін сақтамау неліктен қауіпті: - ішкі ағзалардың жұмысы бұзылады, иммунитет төмендейді; - ағзасы шаршайды және жүйке жүйесінің дамуы бұзылады; - мәдени-гигиеналық және басқа дағдылары мен біліктері баяу қалыптасады. Үш жасқа дейінгі баланың күн тәртібі - бұл тәрбиенің негізі. Күн тәртібін жүйке жүйесіндегі жұмыс қабілетінің үш жыл бойындағы өзгерістерін есепке алып сәйкесінше өзгертуге болады. Ұсынылып отырған балаларға арналған күн тәртібі, бұл жастың алғашқы айларынан бастап мұқият зерттелген және тәжірибеде кеңінен қолданып, тексерілген. Баланы ерте жастан дамыту мына жағдайларды сақтағанда: - ерте жастағы баланы жалпы дамытуды көздейтін заттық-кеңістіктік дамытушы ортаны ұйымдастырғанда; баланы дамытуға бағытталған логикалық тәсілдер бойынша жинақталған ойындарды кеңірек қолданғанда; ойын тапсырмаларын орындау кезінде балаларға мүмкіндігінше дербестік бергенде табысты жүзеге асады. Ерте жастағы балалармен жүргізілетін тәрбиелеу-оқыту үдерістеріндегі жұмыстар мынадай талаптарға жауап беруі тиіс: - әрбір баланы дамытуды мақсат ететін дамыта оқыту ұстанымдарына; - ерте жастағы баланың жас және даму ерекшеліктеріне сәйкес тәрбие салаларын кіріктіру ұстанымдарына; - баланы ерте жастан дамытуға тікелей ықпал ететін білім, білік және дағды (құзыреттілік) қалыптастыратын тәрбиелік, дамытушылық және оқыту мақсаттары мен міндеттерінің бірлігін қамтамасыз етуге; - жоспарланған шаралар мазмұны мен түрлері мектепке дейінгі педагогиканың баланы ерте жастан дамытудың жас және психологиялық, педагогикалық негіздеріне сәйкес құрылады. Туғаннан бастап үш жасқа дейінгі кезеңде бала айтарлықтай өзгереді, адам өміріндегі тұлға ретінде қалыптасатын, неғұрлым жедел дамитын кезеңі.

Күн тәртібінде кіші жастағы балалар үшін бір рет 2 сағаттық және үлкен жастағы балалар үшін 1, 5 сағаттық күндізгі ұйқы қарастырылады. Мектепке дейінгі жастағы балалардың белсенді сергу уақыты 10-12 сағатқа дейін ұлғаяды, ол, барған сайын түрлері көбейетін, ойындармен, оқу сабақтары және серуендеумен, қарапайым еңбек міндеттерімен толықтырылады.

Үлкен топтарда сабақтың саны мен ұзақтығы ұлғаяды. Аптасына 4 рет, күніне жалпы ұзақтығы 1 сағат 25 минуттан, 3 сабақ өткізіледі, ал, аптаның аяқталатын күнінде, жалпы ұзақтығы 1 сағаттан, 2 сабақ өткізіледі. Дайындық тобында үлкен топтағы сабақ санына аптаның әрбір күнінде 1 сабақ қосылып отырады, ал жалпы ұзақтығы 1 сағат 50 минутқа дейін үзілісті қоса ұзартылады. Қиын сабақтар (математика, сөйлеудің дамуы, сауаттану, табиғаттану күн бойына жеңіл сурет салу, құрастыру, мүсіндеу және динамикалық дене шынықтыру, музыка сабақтармен кезектестірілуі қажет. Балалар тәрбиесі мен олардың өмірін дұрыс ұйымдастыру тамақтандыру мен ұйықтайтын уақытын қатаң сақтауды талап етеді. Сәби өмірінің алғашқы жылында күн тәртібіндегі сәл ғана өзгеріске сезімтал келеді. Тамақтандыруды немесе ұйқының уақытын сәл кешіктіру жүйке жүйесіне әсер етеді, яғни баланы шаршатады. Күн тәртібіндегі аз ғана ауытқушылықтың өзі қосымша қиындықтар туғызады. Орталық жүйке жүйесінің жұмыс қабілеті шапшаң арта бастайды. Сондықтан да, белсенді сергіту жаңа туған сәбиде 20-30 минуттан болса, бір жасқа келгенде 3 сағатқа дейін жететін болады. Күн тәртібі дәл орындалуы үшін қызметкерлер арасындағы міндеттемелер дұрыс бөлінуі қажет. Тәрбиешінің көмекшісі күн тәртібіндегі барлық үдерістерде тәрбиешіге көмектеседі. Мысалы, педагог тамақтандыруды бастайды, күтуші аяқтайды, сол кезде тәрбиеші балаларды сергітуді ұйымдастырады, тамақтанған балалармен ойын-әрекеттерін жүргізеді. Тәрбиелеу - оқыту үдерісі бірінші топта баламен негізінен жеке жүргізіледі, ал 5-6 айдан 1 жасқа дейін жеке де, 5-6 айдан бастап шағын топпен 5-7 балаға дейін айналысуға болады. Дұрыс ұйымдастырылған ұйқы мен сергіту балалардың бұл жас кезеңіндегі тәрбиелеу мен дамыту үшін қолайлы жағдай. Бала өмірінің алғашқы жылында біліктер баяу пайда бола бастайды және олардың қалыптасуы үшін жиі жаттығулар қажет болғандықтан, ойындарды күн сайын және күніне бірнеше рет жүргізу қажет болады. Ойын әрекеттері бірнеше рет қайталанатын, қысқа мерзімді 4-5 мин. аспайтындай сипатта болады.

Туғаннан бастап 2, 5-3 айға дейінгі кезеңде көруі және естуі қалыптасып дамиды, эмоциялық жағымды көзқарасы: жымиюы, айтарлықтай байқалады. Сәбидің көру және есту арқылы қабылдауының уақытылы дамуы қимылы мен тілінің дамуына ықпал етеді. Көз тоқтатуы мен естуі негізінде сәбидің белсенді сергуін қамтамасыз ететін жағымды эмоция пайда болады. Баланың көруі және естуі, эмоциялық жауап беруін дамыту мақсатында, мейіріммен сөйлесе отырып, түрлі-түсті ойыншық көрсету арқылы баяу жылжытып, заттың қозғалысын сәби көз тоқтатып қадағалайтындай дәрежеге қол жеткізу. Біртіндеп бала жылы сөзге жымия бастайды, бас кезінде жымиюы сирек, ал 2-2, 5 айлығында ересектерді, ойыншықтарды көргенде жиірек күлетін болады. Аталған біліктердің барлығы жеке ойын-әрекеттерінде, баламен жеке жұмыстар барысында қалыптасады. Бұл біліктерді бекіту үшін баланы белсенді сергітуге жағдайлар жасауды талап етеді. Манежге немесе кереуетке ілінетін әдемі ойыншықтар баланың көзінен 50-70 см қашықтықта болуы тиіс. Өте төмен ілінген ойыншықтар көру қабілетін нашарлатады. 2, 5-3 айдан 5-6 айға дейінгі кезеңде көруі, естуі, эмоциялық, дыбыстап жауап қайтару жетіле түседі. Қолдарымен ұстап алу қимылы, еңбектеуге дайындық қимылдары пайда болады және дамиды. Мақсаты: тыңдап - естуін, дыбыс шыққан тұсты табу білігін дамыту. Жабдықтары. Дыбыстайтын заттар: сылдырмақтар, қоңыраулар, ерін сырнайы. Ойын-әрекеттерінің барысы Бала манежде болады. Тәрбиеші дыбыс шығаратын ойыншықты алып, бірде оң жағынан, бірде сол жағынан дыбысын шығарады. Баланың дыбысқа бұрылуына, іздеуіне мүмкіндік береді. 4 айлығында тәрбиеші дыбыс шығаратын ойыншықты сылдырлатып манеждің айналасында жүреді, баланы дыбыстың қозғалысын, шыққан тұсын іздеуге баулиды. 5-6 айдан 9-10 айға дейінгі кезеңде бала еңбектеуге үйрене бастайды, былдырлайды, гуілдеуі жетіле түседі, айналасындағы тілдесулерді түсінуі дамиды. 9-10 айдан 12 айға дейінгі кезеңге тән сипаты негізінен баланың (белсенді, пассивті) тілі дамиды, заттармен мақсатты әрекеттері, өзбетімен жүру дағдыларын меңгеруі қалыптасады.

Гигиеналық дағдыларға тәрбиелеу

Ерте жас кезеңінен бастап тазалыққа дағдыландыру керек. Ол үшін дымқыл және лас киімдер жедел түрде ауыстырылуы қажет. Баланың киініп, шешінуге жағымды қарым-қатынасты дамытудың да маңызы зор. Тәрбиеші мен тәрбиешінің көмекшісі баланы киіндіріп, шешіндіргенде, жағымды дауыспен абайлап сөйлескені дұрыс. Алғашқы жарты жылдықта тәрбиеші баламен сөйлесу арқылы, оның дыбыстап жауап беруіне, тілді түсінуіне мүмкіндік береді. 9-10 айлығында сәби айтқанды түсініп, орындайтын болады. Ересектің ауызша ұсынысымен аяғын көтереді, отырады, жатады, қолын созады. Баланы өзінің физиологиялық әрекеттерін қадағалауға үйрету өте маңызды. Бұл дағды 4-5 айдан бастап қалыптасады. Ұйқыдан тұрған егер құрғақ болып оянса соң және тамақтанған соң 15-20 минуттан соң түбекке отырғызу керек. Ал, 8-8, 5 айдан бастап балалар түбекке еркін отыра бастайды. Түбектің салқын болмауы, 3-4 минуттан артық отырмауы қадағаланады, қажеттілігіне қарай қайталанады.

Заттық әрекеттерді дамыту 9-12 айлық балалармен ойын-әрекеттері жеке өткізіледі. Заттық әрекеттерге баулу бірнеше кезеңге бөлінеді: 1. Жаңа әрекеттер ересектің айтуымен және оны баламен бірге, оның қолымен пассивті қимыл әдісі орындалады. Мысалы, «Қуыршақты жап» деп айтады да баланың қолымен жабады. 2. Тәрбиеші баланың көз алдында, ауызша ықпал ете отырып, қуыршақты ашады және жабады.

Қимылды дамыту 9-10 айлық балалар кедергіден асып түседі, төбешікке шыға алады. 11 ай болғанда өз бетімен тұрады, жүреді, ересектердің бір қолынан жетектеуімен жүреді. Сондықтанда сергіту сәттерінде балаларға қолайлы жағдайлар жасалады. Балаларды тұруға икемдеу үшін манеждің немесе қоршаудың жиегіне әдемі ойыншықтар қойылады. Бала өз бетімен алғашқы қадамын жасау үшін тәрбиеші әдемі ойыншықты көрсете отырып шақырады. Жүруін тежейтін қорқынышын болдырмау үшін, құлап қалмауын қадағалайды. Сергітуді ұйымдастыру және балаларды тәрбиелеу Ыңғайлы ұйымдастырылған сергіту тәрбиелеуге қолайлы жағдай туғызады. Туғаннан бастап алғашқы айлардың өзінде сергіту манежде, 7-8 айлығынан бастап едендегі қоршаудың ішінде жүргізіледі. Манежде жасына, дамуына сәйкес ойыншықтар болады, олар жүйелі түрде алмастырылып 10 отырады. Ойыншықтар баланың сенсорлық және қарапайым заттық (әртүрлі пішіндегі сылдырмақтар, доптар, шарлар, сақиналар, дыбыстайтын резинка ойыншықтар) әрекеттерінің дамуына ықпал етуі тиіс. Сәби ойыншықты қарап қоймай, қолмен ұстап алатындай болып ілінуі қажет.

Музыкалық тәрбие

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқыту процесінде сынып жетекшісінің мұғалім және ата-аналармен бірлесіп жүргізетін жұмыстары
Мемлекет құқық негіздері
Жанұяның әлеуметтік - философиялық сипаты
Мектеп жасына дейінгі баланың сезімі мен эмоциясының өзгеруі
Жеке тұлғаны қалыптастыру – басты мақсаты
Бастауыш сынып математика сабағында оқушылар мен муғалім жұмысының ерекшеліктерін анықтай отырып олардың шығармашылығын дамыту
Бастауыш сыныптарда математика сабақтарында ойын технологиясын қолдану
Шығармашылық туралы ұғым
Мектепке дейінгі білім беретін жалпы бағдарлама - мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мазмұнын анықтайтын мемлекеттік құжат
Стандарт үлгі, білім мазмұнының негізі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz