Саяси репрессия, басталуы және себептері


Жоспар:
I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
1. саяси репрессия басталуы себептері
2. ұшырағандар ж\е олардың жағдайы
3. репресииядан кейін, қазақстанның саяси жағдайы
III. Қорытынды
Кіріспе
Репрессия - [лат. repressio - басып-жаншу] - бүтіндей жою, басып- жаншу мақсатында жүргізілетін жазалау шаралары (мысалы, реакциялық тәртіптерді) . Үкімет басшыларының заң орындары арқылы өз халқын, оның жекелеген өкілдерін қуғынға ұшыратып, жазалау шаралары.
Қазақстандағы тұнғыш репрессия 1928 жылдан басталды. Өйткені 1925 ж . Қазақстан өлкелік партия комитетінін 1 -хатшысы болып келген Ф. И. Голощекин республиканың саяси-экономикалық және әлеуеттік жағдайымен танысқаннан кейін «Қазақстанға Ұлы Қазан революциясының ешқандай ықпалы болмады, сондықтан мұнда «Кіші Қазан» революциясын жасау керек» деген теріс қорытындыға келіп, республикада репрессиялык шаралар жүргізе бастайды . Ол ең алдымен ескі зиялыларға ауыз салады. Солардын ішінде қазақстандық Ә. Бөкейханов, Ж. Ақбаев, Ә. Ермеков т. б. болды.
Сталиндік геноцидтің қасіретті жылдары туралы сөз болғанда, тарихшылар Қазақстанды сталиндік жүйе «алпауыт əлеуметтік эксперимент» жүргізген полигонмен салыстырады. Кейіннен Қазақстанға «халықтар достығының зертханасы» деген анықтама беріледі.
1931 жылы І Бүкілодақтық социалистік өндіріс жұмыскерлерінің конференциясында И. Сталин: «Біз алдыңғы қатарлы мемлекеттерден 50-100 жылға артта қалып қойдық. Біз осы уақытты 10 жылда басып өтуіміз қажет», - деп мəлімдейді. «Барлық халықтар көсемі» осы «жүгіріп өтуге» қанша адам құнын төлеу керектігін есепке алмайды. Ол бұл мақсатқа жету үшін заңсыздық та, жаппай репрессия да толығымен қолданыла алады деп санайды. И. Сталин өзінің қатігездігімен жəне бірбеткейлігімен партия жəне мемлекет аппараттарын бағындыра отырып, олардың көмегімен өз мақсатына жетеді. 1930 жылдардың аяғында КСРО-да партиялық мемлекеттік бюрократия, жаппай репрессия мен қорқыту, лагерлер мен түрмелер үстемдік еткен сталиндік социализм орнайды. Қазақ ұлты қатігез геноцидке тап болып, ауыр кезеңдерді бастан өткереді.
Қуғын-сүргінді ұйымдастыру кезеңі 1920 жылдардың аяғы мен 1930 жылдардың ортасы болды. Социалистік қоғамды нығайту барысында Сталиннің тап күресін күшейту туралы тұжырымы репрессиялық, яғни қуғын-сүргін бағдарламасының негізіне айналып, «халық жауларын» әшкерелеумен айқындалды. «Партия мен халыққа жат элементтер» ең алдымен партияның өз арасынан және өзгеше ойы бар зиялылар қатарынан іздестірілді.
1936 жылы КСРО конституциясы қабылданды. Бұл конституция әміршіл-әкімшіл жүйені нығайтты. Елде тоталитарлық жүйе, казармалық социализм орнады. Жеке адамның құқығы аяққа басылып, балама пікір айтқан адам «халық жауы» қатарына жатқызылып жазаланды. Ең алдымен жазаға ұлттық демократиялық зиялылар, Алаш қозғалысының қайраткерлері, қазақ елінің біртуар ұлдары тағы басқалар ұшырады.
1937-1938 жж. саяси репрессия бұрынғы КСРО-ғы жеке тұлғаларға қарсы ұйымдастырылған қуғын-сүргін шараларының ең шарықтаған кезеңі болады. Ол бірнеше факторлардың, əсіресе белгілі əлеуметтік-саяси топтардың, соның ішінде Б (б) КП-нің билік үшін күресінің нəтижесі болып табылады. Бұл күресте И. Сталиннің жеке билігін орнату барысында тек шынайы қарсыластарын ғана емес, бəсекелестерін, сталиндік режимнің қарсыластарын да жоюға бағытталған саясат негізгі роль атқарады.
Бұл жерде жасырын экономикалық сыр да болады. КСРО ұлан-байтақ территориясы бар, аграрлық бағыттағы мемлекет болды. Өркениеттік əдістермен экономикаға жаңа бағыт беру ұзақ та- рихи үрдісті талап етіп, ішкі саяси жағдайдың біршама жағымды болғанын қажетсінетін еді. Ал Қазақстан орасан зор кеңістікті алып жатқан, ауа райы қолайлы, табиғи ресурстарға бай, халқы аз болғандықтан, бұл мақсатты жүзеге асыруға өте қолайлы болды. И. Сталин үшін «жетіп алып, озып кету», жедел күшті өнеркəсіп пен қуатты əскери-өнеркəсіптік кешен құру маңызды болды. Ал, репрессиялық саясат қосымша қаражат көмегінсіз елдің халық көп шоғырланған аймақтарына орасан зор көлемдегі адамдарды қоныс аудартып, олардың еңбектерін пайдалануға мүмкіндік беретін еді.
Репрессиялық іс-əрекет бағдарламасының негізі Сталиннің нақты «халық жауларын» табу арқылы социалистік қоғамды нығайту үшін таптық күресті күшейту қағидасына сүйенеді. Халық жауларын «партия мен халыққа бөтен элементтер» арасынан іздеу көзделеді. Мұндай «бөгде элементтер» ең алдымен, партияның өз ішінен, зиялылар қатарынан, елдің «басқаша» ойлайтын азаматтары арасынан іздестіріледі.
1930 жылдардың басына қарай қоғамдық санаға əсер ету құрылымы жасалады. В. Лениннің, К. Маркстің, Ф. Энгельстің ойларын догмалау үрдісі аяқталып, И. Сталиннің жеке басына табыну қалыптасады. «Барлық уақыт пен халықтардың ұлы көсемінің» кез келген сөзі халық пен партия үшін заңға айналады. Ол басқарушы органдардың Б (б) КП (съездер, пленумдар, конференциялар, ОК саяси бюросы) шешімдерінің негізінде республикалық жəне жергілікті партия органдарымен жүзеге асырылады. Партия шешімдерін тек партия мүшелері ғана орындауға тиіс делінгенмен, елдегі барлық халық сонымен өмір сүреді. Партияның қолшоқпары болып табылатын газеттер партия шешімдерін жарыса жазып, талқылап жатады. Кейде И. Сталиннің кейбір бұйрықтары көсемнің атымен беріле алмайтын жағдайда, олар газеттерде мақала түрінде «Халық дауысы» айдарымен жарияланады. Газеттерде жарияланған кез келген сын-пікірдің соңы репрессия түріндегі қуғын-сүргінмен аяқталады.
Жаппай қуғын-сүргін жүргізудің құқықтық базасы да жасалады. 1926 ж. РКФСР Қылмыстық кодексінде 17 контрреволюциялық қылмыстардың 12-не өлім жазасы қарастырылды. 1932 жылы тамызда КСРО Орталық Атқару Комитеті (əрі қарай - ОАК) И. Сталин қол қойған «Социалистік меншікті нығайту туралы» Заңды мақұлдайды. Заңға сəйкес колхоз егістігінен масақ жинаған 12 жастан асқан азаматтар кемінде 10 жылға бас бостандығынан айрылуға тиіс болады. Ал, мұнан кейін шыққан сталиндік заңдар сериясы сталиндік кезеңнің «заңнамалық базасы» болып табылады. 1934 жылдан бастап қылмыстық заңдарға бірқатар өзгерістер енгізіледі. 1934 жылы 8 шілдеде «Отанды сату туралы», 1934 жылы 1 желтоқсанда «Террористік актілер туралы», 1937 жылы 2 қазан-да «Зиянкестік пен диверсия туралы» Заңдар жарияланады. Нəтижесінде, Кеңес үкіметіне қарсы террористік ұйымдар мен террористік актілерді тергеу істеріне 10 күннен аспайтын мерзім белгіленеді; 1937 жылы Ішкі Істер Халық Комиссариатының (əрі қарай - ІІХК) органдарына қамауға алынғандарға «физикалық əсер ету шараларын» қолдануға рұқсат беріледі. Тағайындалған жазаға шағым білдіруге тыйым салынып, өлім жазасы дереу жүзеге асырылып отырады. КСРО ІІХК жүйесінің құрылымына, кадрлық құрамына өзгерістер енгізіліп, Ерекше жиналыс, «Үштік», одан кейін «Екілік» деп аталатын соттан тыс органдар құрылады. Аталған заңдар қабылданғаннан кейін репрессия бірден күшейіп, қарапайым соттық -процессуалдық құқықтар шектеледі.
Партия арасынан «ұлтшылдарды», «халық жауларын» табу үшін барлық партия ұйымдарына əр коммунистің идеологиялық-саяси деңгейін көтеру, еңбекшілер арасындағы саяси үгіт-насихат жұмыстарын арттыру, халық жаулары орналасқан ұяларды аяусыз жою, үнемі большевиктік ұйымдасу жағдайында бəріне дайын болу туралы тапсырмалар беріледі. Сонымен қатар «халық жауларын табу» сияқты төтенше маңызды жəне шешуші жұмыстарды күн сайын барлық партия ұйымдары мен əрбір коммунистердің көмегімен «кез келген жерде жəне кез келген жағдайда» жүргізуге бұйырады.
Қазақстанның партия басшылары жоғарыда аталған пленум шешімдерінің орындалуының қорытындыларын қызу талқылап жатқанда, ІІХК репрессия механизмін іске қосады. Барлық ел ішінде жаулар мен тыңшыларды анықтаудағы кезекті іс-шаралар басталады. Олар елдегі барлық ұлттарды, партия қызметкерлерін, əскери қызметкерлерді, интеллигенция өкілдерін, ірі өнеркəсіп басшыларын да қамтиды. Оларға фашистер мен ұлтшылдардың тыңшылары жəне т. б айыптар тағылып, қуғындалады. Республика аумағында «халық жауын» анықтайтын жиналыстар мен активтер қатары көбейеді.
Зұлмат қуғын-сүргін жылдары халық арасында бір-бірінің сыртынан арыз жазу, өсек айту сияқты кертартпа əрекеттер етек алады. Ел ішінде өсек айту əр заманда да есеп айырысу мен қызмет сатысынан көтерілу құралы болып есептелген болатын. Осы жылдары туыстарының, жақындарының, таныстарының ту сыртынан «өсек айту» мемлекет тарапынан көтермеленіп отырады. Отызыншы жылдары, одан кейін де кейбіреулер қызметін көтеру үшін қуғындалған əке-шешесінен бастартып, тегін өзгертеді, мүмкін болған жағдайда ұлтын да өзгерту фактілері жиілейді. 1926-1937 жж. аралығында КСРО-да украин, еврей жəне т. б ұлттардың санын азайту есебінен 7 млн. орыс пайда болады. «Өсек айту» індеті елдің барлық өңірлеріне таралады. Адамдардың бірін-бірі көрсетуі тұрмыс, отбасы жағдайындағы келіспеушілік, көре алмаушылық, қызғаныш сияқты ұсақ мəселелерден де тұрады. Олар «өсекшіліктің» негізгі сипатына «халық жауларын» ұстау деген саяси астар беріп, жалған ниеттерін жасыруға тырысады. Домалақ арыздар нақты дəлелдері болмаса да, негізгі құжат ретінде қарастырылады. Əрбір саяси істе бірге қызметтес болғандардың, таныстардың, жалған куəгерлердің, өз еркімен немесе əр түрлі қоқан-лоққы шаралардан қорқып, мəжбүр болып жазған құжаттар да болады. Осылайша сан мыңдаған адам қанды құрықтың құрбаны болады.
Жаппай қуғын-сүргін елдегі халыққа қорқыныш ұялатып, ешкім өзін қауіпсіздікте сезінбейді. Əр адамды партия мен мемлекет үшін сіңірген еңбегіне қарамастан, қамауға алып, жалған айыптар тағылады. Бұл əрекеттер адамдарды «жоғарыдан» берілген бұйрықтарды еш қарсылықсыз, үндемей орындауға мəжбүр етеді. Репрессия халықтың барлық қабаты мен саласын қамтиды.
Сталиннің жаппай қырып-жою саясаты бойынша жоспарын жүзеге асыруы 1937 жылғы 2 шілдедегі Б (б) КП ОК шешімінен басталып, ІІХК Ежовтың қолы қойылған № 00447 жедел бұйрығымен жеделдетіледі. Бұл бұйрықта: «Операция 10 тамыздан бастап Өзбек, Түркімен, Тəжік жəне Қырғыз КСР-да, 15 тамыздан бастап Красноярск өлкесі мен Шығыс-Сібір облыстарында басталсын», - деп нақты көрсетіледі. Ал Қазақстандағы репрессия операциясын жүзеге асыруды И. Сталин С. Реденске жүктейді. Ол Алматыға жіберіліп, І дəрежелі Мемлекеттік қауіпсіздік Комиссары болып тағайындалады. С. Реденс «рұқсат» деп қол қойған бұйрық 1938 жылы ақпанда күніне 37-38 адамнан, ал наурызда 53-54 адамнан атуға жол береді. Бұйрыққа сəйкес 4 ай ішінде 268 950 адам қудаланып, бірден оның 75 950-і өлтіріледі. Бірақ бұл сандар ОК-н қанағаттандырмай, жаңа жоспарлар құрылады. 1937 жылдың 3 желтоқсанында Б (б) КП ОК Қ (б) КП ОК-нің Қазақстан бойынша қуғындалған адамдар санын бірінші санат бойынша 600 адамға жəне екінші санат бойынша 1000 адамға көбейту туралы ұсынысын бекітеді. Бірінші санатқа Кеңес үкіметіне қарсы «жау» элементтер, ал екіншісіне лагерлер мен түрмелерде 8 жылдан 10 жылға дейін сотталатын адамдар жатқызылады. Б (б) КП ОК 1937 жылғы 17 қарашадағы Кеңес үкіметіне қарсы элементтер санын көбейту туралы шешіміне сəйкес 1937 жылдың 19 қарашасында отырыс өтеді. Отырыс барысында қабылданған шешімге бюроның 7 мүшесі қол қояды.
КЕСТЕ
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz