Қос жарнақтылардың сан алуандылығы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:
1.Қос жарнақты өсімдіктерге тән белгілер мен ерекшеліктер
2.Қос жарнақтылардың сан алуандылығы
3.Өкілдеріне сипаттама.Орамжапырақ тұқымдасы



2

Өсімдіктердің 320 000-ға жуық түрі бар, олардың көпшілігі, яғни 260-290 мыңы тұқым береді.Жасыл өсімдіктер әлемдегі молекулалық оттегінің едәуір бөлігін қамтамасыз етеді және көптеген Жер экожүйесінің негізін құрайды. Дәнді дақылдар, жемістер мен көкөністер өсіретін өсімдіктер сонымен қатар адамдар үшін негізгі азық болып табылады және мыңдаған жылдар бойына үй шаруашылығына айналды. Өсімдіктерде әшекейлер, құрылыс материалдары, жазба материалдары сияқты көптеген мәдени және басқа да мақсаттар бар, және де олар есірткі мен психоактивті заттардың көзі болып табылады. Өсімдіктерді ғылыми зерттеу ботаника, биологияның бір саласы ретінде белгілі.
Қос жарнақтылар класына гүлді өсімдіктердің 75%-ы жатады. Бұлар бір жылдық, екі жылдық, көп жылдық шөптектес өсімдіктер, жартылай бұталар, бұталар, ағаштары да бар.Қос жарнақтылар класына жататын өсімдіктердің өспейтін жері жоқ. Оларды климаты қатал, суық арктикадан бастап экваторға дейінгі, таулардың альпы белдеуінен теңіз жағалауына дейінгі аралықтардың барлығынан кездестіруге болады. Қос жарнақтылар класына жататын өсімдіктердің, дара жарнақтылардан басты айырмасы, олардың ұрығының тұқым жарнағы екеу болады. Сабақтары екінші рет қалыңдап, жуандап өсуге қабілетті келеді. Жапырақтары торлы жүйкеленеді. Негізінен кіндік тамырлы өсімдіктер. Гүлдері 5 мүшелі, сиректеу 4 мүшелі.

1.Қос жарнақты өсімдіктерге тән белгілер мен ерекшеліктері
Тұқымда екі тұқым жарнағы бар өсімдіктер қос жарнақтылар деп аталады.Қос жарнақтыларды (күнбағыс, қауын, қарбыз, асқабақ, қияр және т.б.) ұрыққа қорек болатын заттар жарнақта жиналады. Жарнақты ұзынынан екіге жарса, бір ұшында жабысып тұрған ұрығы болады.Ұрық - алғашқы тамырша, алғашқы сабақша және бүршікшеден тұрады.

3
Гүлді өсімдіктер немесе жабық тұқымды өсімдікте жоғарғы сатыдағы өсімдіктердің бөлімі, басты ерекшелігі - гүлінің, жемісінің болуы, гүлінде аналықтың болуы. Тұқымында екі тұқым жарнағы болатын гүлді өсімдіктер қос жарнақтылар класына жатады. Гүлді өсімдік түрінің 75%-ы қос жарнақтылар болып есептелінеді. Бұлар шөп, бұта, ағаш түрінде барлық жерлерде кездеседі.
Қос жарнақтыларды ажыратуға болатын негізгі белгілер мыналар:
олардың ұрығында 2 жарнақ болады.
тамыр жүйесі кіндік тамырлы болып келеді.
жапырақ тақтасының пішіндері әр түрлі болуы мүмкін.
жапырақ жүйкелері қауырсынды немесе саусақ салалы болады.
күлтесі және тостағанша жапырақшасының саны - 5 немесе 4-тен.
көпшілігінде түзуші ұлпа - камбий болады.
Егер өсімдік ұрығының жарнағы біреу болса, жапырағы параллель немесе доға тәрізді жүйкеленсе, шашақ тамырлы болса, онда ол даражарнактылар класына жатады. Даражарнақтылар класына астық тұқымдастарының, қиякөлеңдердің, лалагүлділердің, т. б. тұқымдастары жатады. Өсімдіктерді олардың тек бір ғана белгісіне карап, қай класқа жататынын анықтау, көп ретте мүмкін бола бермейді. Мәселен, орманда өсетін шөптекті өсімдік қаракөздің жапырағы торлы жүйкеленеді, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қос жарнақтылар классы, магнолия тұқымдасы
Желектілер қатарлар тобы - Corolliflorae
Алғашқы жабық тұқымдылардың шығу тегі және дәлелдері
Дара жарнақтылар класына және өкілдеріне сипаттама беру
Тамырдың анатомиялық құрылысы
Төменгі сатыдағы өсімдіктер систематикасы
Дара жарнақты және қосжарнақты өсімдіктердің құрылысы
Қос жарнақтылар класы
Тамыр оймақшасы
Тамыр және тамырлар жүйесі туралы
Пәндер